Оқу процесінің қызметтері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ОРАЛ ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ:
"ОҚУ ЕҢБЕГІНІҢ МӘДЕНИЕТІНЕ ТӘРБИЕЛЕУ"

Орындаған:Альжанова Назлы

Тексерген:Сралиева Ардақ Амангелдивна

Орал-2023ж
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I тарау.Оқу Теориясы

Оқу процесінің мәні және дидактика жөнінде түсінік ... ... ... ... ..
Оқу-дидактикалық процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Оқу процесінің қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..

II тарау.Оқу әдістері және құрал жабдықтары
2.1 Оқу,әдіс, тәсіл және ережелері түсінігі мен мәні
Оқу әдістерін топтастыру
Оқу құрал-жабдықтары

III тарау.Оқу формалары
Оқу формасы түсінігі
Оқу процесін ұйымдастыру формалары
3.3 Оқу түрлері

Қортынды ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ..

Кіріспе
Жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын жақсарту және білім мазмұнын жаңарту жайлы Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мен Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім проблемалары институты жасаған тұжырымдамаларының маңызы өте зор.Олардың бірі-Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің тұжырымдамасы (13мамыр,1992ж.),екіншісі Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасы (17 ақпан 1994ж.)Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес бекіткен "Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы"(7 шілде 1994ж.)Оқу тәрбие жұмысына тікелей байланысты осындай мемлекеттік құжаттар оқу құралын құрастыруда,толық,пайдаланылды,негі згі.тәрбиенің мақсаты,мазмұны,негіздері,тәрбие,пр оцесінің. заңдылықтары,принциптері,өзі-өзі тәрбиелеу олардың бір-бірімен сабақтастығы,оқушылардың ғылыми дүние танымы.Осы бөлім бойынша тәрбиенің құрамды бөліктері құлық тәрбиесі,ақыл-ой және еңбек тәрбиесі,құқық,экономикалық және экологиялық тәрбие,эстетикалық мектеп пен үйелмен ынтымақтастығы мазмұндалды.Жалпы айтқанда , ақыл-ой тәрбиесін ақыл ойдың дамуын қамтамасыз етуде тапсырмаларды түрлендіріп, үйлестіріп берудің маңызы зор. Мұғалім осы талап тұрғысынан оқушы тұрғысын қалыптастырғысы келсе,өзі бұл тұрғыдан жоғары болуы тиіс.Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерін шешу мұғалімнің біліміне, жалпы және әдістемелік мәдениетіне, оның өзінің танымдық күшінің дамуына байланысты екендігі сөзсіз. Барлық оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке тарту, түрлі тапсырмаларды пайдалану, оқытуды лұрыс ұйымдастыру, олардың жалпы дамуын және рухани қажеттерінің өсуін қамтамасыз етеді.Жалпы айтқанда ақыл ой тәрбиесінің ең басты құралы - оқыту. Ақыл - ой күштерін оқыту барысында дамыту оқу материалының мазмұнын игеру, зиялылық біліктерді қалыптастыруға көмектесетін ойлау операцияларына қатыстыратын, оқу әрекеттерін орындататын танымдық іс - әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүретін процесс.
Зерттеу міндеті:Оқушылардың қазіргі заманғы жаңа техникаларды меңгере білуге,дағдыландыру оны оқу үрдісінде кеңінен қолдану
Зерттеудің мақсаты:Оқушылардың ақыл ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процессінде тәрбие барысындағы балалардың қызығушылықтары мен дарындылықтары дамиды.

Зерттеу өзектілігі:Оқу тәрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс.
Зерттеу объектісі:Жеке тұлғаны дамытуда оқу-тәрбие үрдісі

I тарау.Оқу теориясы
Оқу процесінің мәні және дидактика жөнінде түсінік

Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі оқу процесі.Бұл процесс өте күрделі,сипаты жағынан ол тек тәрбие және даму процестерінен кейін тұруы мүмкін.Сондықтан оған толықтай жан-жақты анықтама беру қиынға соғады.Оқу процесі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды.Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.Кейінгі жылдары "Оқу" ұғымы оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-әректін де,мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-әрекетін де аңдататын болды.Мұғалім мен оқушының бірлікті болған оқу процесінің мәні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады.Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады:
1)Екі тараптылық; 2)мұғалім мен оқушының бірлікті әрекеті; 3)басқарым мұғалім тарапынан; 4)жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5)біртұтастық және бірлік; 7)оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.
Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі."Дидактика" термині грек тілінен енген,аудармасы "үйретуші" дегенді білдіреді.Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып,оқыту өнері мәнін аңдатқан.Ал Я.А.Коменский дидактиканы "баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнері"деп түсіндірген XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдында тұтас және қайшылықсыз теориясы ретінде таныған.Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай бірде өзгерместен келе жатыр.Дидактика өз пәні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді,оқу процесінің барысы мен нәтижесіне негіз болар тәуелділіктерді талдайды,жоспарланған мақсаттар мен міндетткрдің орындалуын қамтамасыз етуші әдістер,ұйымдастыру формалары мен құрал-жабдықтарын белгілейді.Осының арқасында ол екі басты функцияны атқарады:1)теориялық (диагнастика және болжастыру);2)практикалық (қалыпты іс-әркет,құралдар дайындау).Дидактика барша пәндер бойынша және оқу іс-әрекетінің барлық деңгейіне орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді.Зерттелуші болмысты қамту шеңберіне байланысты дидактика жалпы және жекеленген болып бөлінеді.Жалпы дидактиканың зерттейтін пәні:оқыту мен оқып үйренуді,оларды туындатқан жағдаяттары мен оларды орындау шарттары және соның арқасында жетілетін нәтижелерімен бірге анықтау.Жекеленген (нақты)дидактика оқыту әдістемесі деп аталады.Ол әртүрлі оқу пәндерінің желісін,мазмұнын,оқыту формалары мен әдістерін қарастырады.Әр оқу пәні өзі әдістемесіне ие.

1.2 Оқу-дидактикалық процесс
Дидактикалық процесс мәнін түсіну үшін "Оқу"және "оқу процесі"түсініктерінің мән-мағынасын ажыратып алған жөн.Кейде бұл категориялар теңдестірле қарастырылады.Іс жүзінде олай емес."Оқу" түсінігі құбылысты дамуы,оның кезеңдерінің бірізді ауысып баруы.
Ұзақ уақыттар желісінде оқу процесі негізінен оқыту қызметі ретінде қарастырылады,Яғни мұғалім жұмысы деп есептелінді.Уақыт өтумен бұл түсінікке кең мағына беріліп,оқушы іс-әрекеттеріне ерекше назар аударылатын болды.Оқу процесі-шынайы болмыстағы қиын да қыстаулы,күрделі процесс.Ол өз ішіне көптеген құрылымы,деңгейі әр текті және табиғаты бір-біріне ұқсамаған жағдаяттардың сан қилы байланыстары мен қатынастарын қамтиды.Сондықтан да "Оқу процесі"түсінігіне толық және жан-жақты анықтама беру қиындау.Солай да болса,қазіргі педагогика ғылымында "оқу процесі"ұғымына орай келесідей анықтама қабылданған:"оқу процесі-бұл барысында білім беру,игеру,тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс-әрекет"Оқу процесі екі тарапты сипатқа ие.Оның құрамы өзара табиғи байланыстығы екі түрлі әрекеттен тұрады:Оқыту мұғалімнің оқу материалын меңгеруге орай ұйымдастыратын оқу-үйрету іс-әрекеттері.Бұл екеуі арасындағы байланыстырушы тетік-бірлікті іс-әрекеттерді жанамаластыратын оқу мазмұны.Оқу негізінде мұғалім үшін осы процесс мазмұнының базалық бірліктері болып есептелетін,әрі оқушылар тарапынан игерілуі тиіс өнім ретінде білімдер,ептіліктер және дағдылар жатады.Оқып-үйренудің аса маңызды элементі-сеп-түрткілерді басшылыққа алады.Оқуға қызықтыратын мотивтер түрі көп,әрі сан қилы.Олардың әрқайсысы өз алдына дербес ықпал жасамай,бір-бірімен тығыз ықпалдастық байланыста оқушының білім игеруіне себепші болады.Ақыл-ой әрекеттеріне ынталандырушы сеп-түрткілер қатарында танымдық қызығулар мен қажеттердің маңызы ерекше.Бұлардың жоғары деңгейде дамуы үшін шынайы ғылыми мазмұн және педагогикалық мақсат бағдарында ұйымдастырылған белсенді дербес таным қажет.

1.3Оқу процесінің қызметтері

Оқу процесі бірнеше қызметтерді - білімдендіру, дамыту, тəрбиелеу, ынталандыру жəне ұйымдастыру - атқарады. Бұлардың бəрі кешенді іске қосылады, алайда, тəжірибелік іс-əрекетті дұрыс ұйымдастыру, оқу міндеттерін тиімді жоспарлау үшін олардың əрбірін өз алдына қарастырған жөн.
Оқу процесінің білімдендіру қызметі ең алдымен білім, ептілік, дағдыларды, шығармашылық іс-əрекет тəжірибесін қалыптастыруға бағытталады.
Білім (знание) - бұл деректер, мəлімет, ұғымдар, ережелер, заңдар, теориялар, формулалар мен сипаттамаларды , т.с.с. түсіну, есте қалдырып, қажеттікке орай қайта жаңғырту.
Оқу барысында ғылыми білімдер тұлға меншігіне айналып, оның тəжірибелік қорына енуі қажет. Бұл қызметтің іске асырылуынан білім толықтығы, жүйелілігі жəне саналылығы, оның бекімі мен əрекетшеңдігі қамтамасыз етіледі. Оқушы ғылым негіздері мен іс- əрекет түрлері бойынша мəліметтер жинақтайды, игерілген білімдерді саналы пайдалана білу негіздері қаланып, оларды тұрмыстық міндеттерді шешуге қолдануға үйренеді.
Білімдендіру қызметі сонымен бірге оқушыға тек білім игертіп қана шектелмей, олардың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыруға арқау болады.
Ептіліктер - бұл адамның ережелерге сүйене отырып, қандай да нақты əрекеттерді орындау қабілеті. Дəлірек айтсақ, ептілік дегеніміз - білімді практикамен байланыстыра қолдану тəсілдерін, жолдарын меңгеру.
Дағды - бұл саналы іс-əрекеттің автоматтастырылған бірлігі. Басқаша айтсақ, дағды - ойланбай орындалатын, жоғары дəрежеде жетілген ептілік.
Ептілік жаттығулар нəтижесінде қалыптасады. Дағды қалануы үшін көп санды қайталаулар қажет.
Ептіліктер мен дағдылар жалпы оқулық жəне арнайы оқулық болып ажыралады.
Арнайы оқу ептіліктері мен дағдылары нақты оқу пəні мен белгілі ғылым саласына байланысты қалыптастырылады. Мысалы, физика, химия пəндері бойынша - зертханалық тəжірибелер өткізу, заттай көрнекіліктер пайдалану; географиядан - картамен жұмыс, масштабты өлшемдер, компас не басқа құралдарды қолдану; математикадан - логарифмдік сызғышпен, есептеу машиналарымен, əрқилы модельдермен жəне т.б. жұмыс алып бару ептіліктері мен дағдылары орнығады.

Арнайылардан тыс оқу процесінде оқушылар барша пəндерге қатысы бар жалпы оқу ептіліктері мен дағдыларын да игереді. Мысалы, оқу жəне жазу дағдылары; өзіндік таным жұмыстарын тиімді ұйымдастыру ептіліктері; оқулық, анықтамалар, библиографиялық тізімдермен жұмыс.
Оқу процесі білім беру қызметімен бір уақытта тəрбиелік міндеттерді де іске асырып барады. Оқудың тəрбиелік қызметтері осы əлеуметтік процестің өз табиғатына орай орындалады. Осыдан оқу процесінде оқушыларда көзқарастар, ғылыми дүниетаным, табиғат, қоғам жəне ойлау заңдылықтарын пайымдау, қоғамдық талап, тəртіп нормаларын мойындау əрі оған байланысты заңдарға бойсыну қабілеттері қалыптасады. Тұлғаның қажетсіну сезімі, іс-əрекеттік, əлеуметтік мінез-құлық, құндылық жəне құндылықты бағыт-бағдарлар да осы оқу процесінде пайда болып, жетіліп отырады.
Тəрбие мүмкіндіктері тікелей білім мазмұнынан келіп шығады. Əр оқу пəнінің өзіндік тəрбие мүмкіндігі бар. Оқушылардың тұлғалық сапа-қасиеттерін қалыптастыруда гуманитар жəне əлеуметтік- экономикалық пəндердің тəрбиелік маңызы басқа кəсіби пəндермен салыстырғанда өте жоғары.
Оқу барысындағы тəрбиелік ықпал мұғалім мен оқушы, оқушылардың өзара қатынасына жəне ұжымдағы психологиялық жағдайға байланысты. Педагогикалық процесс қатысушыларының арасындағы қарым-қатынас, тілдесу стильдері əрқилы болуы мүмкін: əміршіл-əкімшіл, демократиялық, либералдық. Бұл орайда қазіргі заман педагогикасының ұстанымы-мұғалімнің оқушыға деген ізгілікті (гуманистік), сыйластық қатынас жасауы, шəкірттерге белгілі шамада дербес, өз бетінше жұмыс алып бару мүмкіндігін беру жəне оларды оқу процесін ұйымдастыруға тартып, сенім білдіруі. Осылардың бəрі біріге оқушыға білім беру процесінің тең құқықты субъекті болатынын танытып, оның белсенділігін көтеруге жəрдемін тигізеді. Оқу адамды барлық уақытта тəрбиелейтіні белгілі, алайда ол тəрбие кейде қисынсыз бағытқа да бұрылып кетуі ықтимал, сондықтан оқудың тəрбиелік қызметін іске асыруда оқу процесін ұйымдастыруға, оның мазмұнын іріктеу мен əдіс, формаларын таңдауға байланысты тəрбие міндеттерін дұрыс түсініп алған жөн.
Білім беру жəне тəрбиелеу қызметтерімен бір қатар оқу процесі балаға дамыту ықпалын да жасайды. Оқып, білім игере отырып, оқушы жан-жақты дамуы тиіс, яғни тұлғаның сөйлеу тілі, ой толғауы, сезімдік жəне қозғалыс ептіліктері көңіл-күй-еріктік, қажетсіну қабілет- қасиеттері ілгерілі даму өзгерістеріне келеді. "Даму басы - оқу"(Л.С.Выготский)- бұл аса маңызды психологиялық заңдылық. Сабақ барысында мұғалім қаруы болған білім мазмұны, ол қолданған

оқу формалары мен əдістері, сондай-ақ оқушылардың белсенді, саналы да əрқилы іс-əрекеттері - бəрі де даму өзегі.
Дұрыс ұйымдастырылған оқу əрқашан дамыту қызметін атқаратыны сөзсіз, дегенмен оның нəтижелі іске асуы арнайы бағыт- бағдардың болуына тəуелді. Педагогика теориясы мен тəжірибесінде дамыту мақсатына орай ерекше оқу технологиялары нақтыланған:
- ақыл-ой əрекеттерін кезеңмен дамыту бағыты (И.Я.Талызина);
- теориялық материалдар көлемін арттыра беру (Л.В.Занков);
- жоғары қарқын жəне қиыншылық деңгейінде оқыту (Л.В.Занков); -оқушылардың өз оқу əрекеттерін сезінуін қамтамасыз ету
(Л.В.Занков);
- проблемді оқыту (А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов);
-оқудың дамытушы əдістер жүйесін қолдану (И.Я. Лернер,
М.Н.Скаткин);
- оқудағы мазмұндық қорытындылау тұжырымы (В.В.Давыдов,
Д.Б.Эльконин);
- оқушылардың танымдық іс-əрекеттерінің белсенділігін көтеру
əдістерін қолдану (Г.И.Щукин);
- төңіректері қоғам, адам, өнермен қатынастардан болатын
толғаныс, көңіл-күй, сезімталдық дамыту жолдары пайдалану арқылы оқу тиімділігін арттыру бағыты (Д.Кабалевский, И.Волков).
Бүгінгі таңда оқудың дамытушылық қызметін жүзеге келтіретін талай технологияларын мұғалімдер табысты қолданып жүр (11- дəрісбаянда).
Білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту қызметтерімен қатар педагогика ғылымында оқудың ынталандыру жəне ұйымдасу қызметтері де өз алдына қарастырылуда. Оқу процесін шəкірттерді алдағы оқу- танымдық жұмыстарға еріксіз тартатындай, келер сабаққа ынтық болып күтетіндей дəрежеде құрастыру, оқушыны жаңаны білуге ынталандыратындай етіп ұйымдастыру қажет.
Оқу процесінің жоғары да аталған барша қызметтері бір-бірінен оқшауланған құбылыстар емес, олардың бəрі өзара шартты байланыста əрі сабақ бөліктері мен кезеңдерінің бəрінде бірдей орындалып барады.

II тарау Оқу әдістері және құрал жабдықтары
2.1 Оқу әдіс,тәсіл және ережелері түсінігі мен мәні
Білімдену процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу əдістеріне тəуелді.
Оқу əдісі - білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс -əрекеттік қимыл - тəсілдері. Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шəкірттің оқып- үйрену əрекеттерінің өзара байланыстылығы жəне анайылығы осы оқу əдісінен көрінеді.
Дидактикада кең қолданым тауып жүрген жəне бір түсініктер легі - бұл "оқу тəсілі" жəне "оқу ережелері".
Оқу тəсілдері- оқу əдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы "əдіс" түсінігіне байланысты жалқы ұғым. Бұл екі ұғымды өз алдына шектеп болмайды, олардың ара қатынасы ауыспалы, өзгермелі. Кей жағдайларда əдіс педагогикалық міндетті шешудің дербес жолы есептелсе жəне бір ықшам оқу-тəрбие мəселесіне орай- тəсіл болуы мүмкін. Мысалы, егер мұғалім жаңа білімдерді сөздік, ауызша əдіспен (түсіндіру, əңгімелеу, сұхбат) ұсыну барысында көрнекі құралдарды пайдаланса, онда бұл көрнекілік - тəсіл ретінде қабылданады. Егер де көрнекіліктер білім игертудің негізгі құралы болып, солар негізінде оқушылар жаңа білім ақпараттарын қабылдаса, онда көрнекілік - əдіс, ал мұғалімнің қалған оқу іс-əрекеттерінің бəрі тəсіл болып есептеледі.
Сонымен, əдіс көптеген тəсілдерден құралады, бірақ олардың жəй жиынтығын білдірмейді. Тəсілдер арқылы оқытушы мен оқушының оқу жұмыстарын орындаудағы өзіндік ерекшелігі көрініп, оқу субъекттері іс-əрекеттеріне даралық сипат береді.
Оқу ережелері (дидиактикалық ережелер) - оқу процесінің қалыпты педагогикалық жағдайларында қандай жəне қайтіп əрекет жасау қажеттігін көрсететін нақты ұсыныс.
Ереже əрқандай тəсілдің сипаттамасы, норматив моделі есебінде қолданылады. Нақты міндет шешіміне пайдаланатын ережелер жүйесі - əдістің норматив-сипаттама моделін құрайды.
Оқу əдістері - тарихи категория. Өндіріс күштерінің деңгейі мен өндірістік қатынастар сипаты педагогикалық процестің мақсаттарына,
мазмұнына, құрал жабдықтарына өз ықпалын тигізеді. Олардың ауысуымен оқу əдістері де өзгеріске келеді.
Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде өскелең əулетке тəжірибе өткізу ересектер мен балалардың бірлікті іс-əркеттік процесінде орындалып жатты. Бұл дəуірлердегі басты оқу əдісі еліктіру, еліктеу жолымен іске асты. Ересектер қалай əрекетке келсе, балалар соны қайталап, қорек табу, от жағу, киім-кешек дайындау ж.т.б. үйренді. Негізгі оқуды өзгертпей, қайта жасау (репроедуктив), ("мендей етіп істе") əдісі алынды. Кейінгі ізамандардағы барша əдістер осы қайталай жасау əдісінен өз бастауларын алды.
Мектептердің ресми формаларының ұйымдастырылуы заманынан оқудың сөздік (ауызша) əдістері пайда болды. Мұғалім дайын ақпаратты сөзбен жеткізіп отырды, оқушылар оны есіте отырып, игерумен болады. Қоғамға жазудың келуі, кітап баспасының өркендеуі, білімді жария етуде, жинақтауда жəне əулеттен əулетке жеткізуде (код) таңбаны пайдалануға мүмкіндік берді. Енді сөз негізгі ақпарат ұсыну құралына айналып, ал кітап бойынша оқыту мұғалім мен оқушының ең көп тараған өзара ықпал жасау əдісі болды

2.2 Оқу әдістерін топтастыру
Осы заманғы педагогикалық процесте қолданылатын əдістер саны, түрі орасан көп. Осыдан, оларды ғылыми топтастыру қажеттігі туындайды. Бұл оқу əдістеріндегі жалпылық пен жалқылықты мəнділік пен кездейсоқтықты анықтауға жəрдемдеседі, оларды мақсатқа орай əрі тиімді пайдалануға себін тигізеді.
Қазіргі күнде педагогикада əдістерді топтастырудың үш жолы кең танылған.
1. Оқу əдістерін дидактикалық мақсаттарға орай топтастыру.
Мұндай топтастыруға байланысты əдістерді бөлу ең алдымен оқу мақсатын назарға алады. Бұл жағдайда оқу мақсатына қол жеткізуге бағытталған мұғалім əрекетіне көп көңіл бөлінеді. Мақсатты көздеген əдістер тобына енетіндер:
- білім жинақтау əдісі;
- ептілік жəне дағды қалыптастыру əдісі;
- білімді қолдану, пайдалану əдісі;
- білім, ептілік, дағдыларды бекіту мен тексеру (бақылау) əдістері. 2. Оқу əдістерін білім көзі бойынша топтастыру.
Тəжірибеде негізгі үш білім көзі нақты танылған: сөз, көрнекілік,
іс-əрекеттік (практика). Осыған орай ажырататынымыз: сөздік əдістер (білім көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді); көрнекі əдістер (білім көзі- бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) жəне іс-əрекеттік əдістер (білім жəне ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер процесінде қалыптасады).
Оқу əдістері жүйесінде басты орын сөздік əдістерге беріледі. Олар- əңгімелеу, түсіндіру, сұхбат, сөз-жарыс, пікір-талас, дəрісбаян (лекция), кітаппен жұмыс.
Əңгімелеу - оқу материалын тыңдарманға сипаттама не баян формасында монологты, бірізді сөйлеп жеткізу.
Түсіндіру - бұл игеруге қажет обьект, құбылыс, кейбір ұғымдар заңдылықтары мен мəнді қасиеттерін талқы, талдау, мысал келтіру жолымен дəлелдеп, оқушы санасына енгізу. Сұхбат - оқудың диалогтық əдісі: педагог бірізді сұрақтар қоя отырып, оқушыны жаңа материалды түсіну, ұғу деңгейіне көтереді не ұсынылған материалдың қаншалықты меңгерілгенін тексереді.
Дəрісбаян (лекция) - көлемді материалды монологтық жолмен баяндау. Дəрісбаянның басқа сөздік əдістерден өзгешелігі - қатаң
құрылымды, мол ақпаратты, баяндалуы қисынды, білім мəнін ашу жүйелікке негізделеді.
Дəрісбаян ғылыми-көпшілік жəне академиялық болып ажыралады. Өткен материалды қорытындылауға, қайталауға шолу дəрісбаяндары қолданылады.
Қазіргі кезеңде дəрісбаян əдісін қолданудың көкейкестілігі ірі бөлімдер мен жеке тақырыптарды игеруде оқу материалын топтап ұсыну (блок) тəсілін пайдалану қажетттігінен туындап отыр.
Оқу сөз-жарысы (дискуссия) əдіс ретінде нақты проблема бойынша пікір алмасуға, жекеленген көзқарастар білдіруге негізделеді. Сөз-жарыс барысындағы оқушының ой-пікірі өзінің меншікті шешімі не басқа тұлғалардың ғылыми - теориялық ұсыныстары болуы мүмкін. Оқу сөз - жарысының басты қызметі - шəкірттердің танымдық ұмтылыстарына дем беру.
Сөз жарыс жəрдемімен оған қатысушылар жаңа білімдерді игереді, өз пікірлерінің дұрыстығына не қателігіне көзін жеткізеді, өз көзқарастарын қорғап қалуға үйренеді, басқалар ой топшылауларымен есептесу қажеттігін түсінеді.
Кітаппен (оқулықпен) жұмыс - кітап оқу сөздік əдісінің аса маңызды түрлерінің бірі. Бұл əдістің тиімділігі - оқушы өзіне қолайлы жағдайда, өз түсініміне орай оқу материалын қалауынша қайталап игеруге мүмкіндік алады.
Баспа көздерімен оқу жұмысын атқарудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқудың педагогикалық технологияларына сипаттама
Дидактикалық жүйенің сипаттамасы
Тарау Қазіргі дидактикадағы оқыту процесінің мәні және оқытудың жалпы теориялық мәселелері
Оқу процесінің мəн-мағынасы
Педагогиканың адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны
Оқу – дидактикалық процесс
Педагогика ғылымы туралы түсініктеме
Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері
Оқу - дидактикалық процесс туралы ақпарат
Дидактика пәні, міндеттері. Дидактиканың дамуына үлес қосқан ағартушылар
Пәндер