Франчайзингтік қатынастарды қолданудың шетелдік тәжірибесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

Рекреациялық география және туризм кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

кафедра меңгерушісі

Ақтымбаева А. С.

«Франчайзинг қонақ үй индустриясындағы жаһандану

процестерінің көрінісі ретінде» тақырыбына

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

6B11101-Туризм мамандығы бойынша

Орындаған: Әлсейтова Қ. Н.

Ғылыми жетекші: Баяндинова С. М.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ: 1
3: ФРАНЧАЙЗИНГ ЖҮЙЕЛЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
5
КІРІСПЕ: 1. 1
3: Франчайзингтік қатынастарды қалыптастырудың негізгі түсініктері мен алғышарттары
5
КІРІСПЕ: 1. 2
3: Франчайзинг жүйелерінің құрылысы мен типологиясының принциптері
11
КІРІСПЕ: 1. 3
3: Франчайзингтік қатынастарды қолданудың шетелдік тәжірибесі
16
КІРІСПЕ: 2
3: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОНАҚ ҮЙ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ ФРАНЧАЙЗИНГТІК ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУ
21
КІРІСПЕ: 2. 1
3: Қазақстанның қонақ үй индустриясы саласындағы франчайзингтің қазіргі жағдайы
21
КІРІСПЕ: 2. 2
3: Франчайзингке негізделген қонақ үй бизнесінің кірістілігін талдау
24
КІРІСПЕ: 2. 3
3: Қазақстандағы франчайзинг негізінде қонақ үй бизнесін дамытудың мәселелері мен перспективалары
26
КІРІСПЕ: 3
3: ФРАНЧАЙЗИНГ RIXOS ҚОНАҚ ҮЙІН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСІ РЕТІНДЕ
38
КІРІСПЕ: 3. 1
3: «Rixos» қонақ үйінің қазіргі жағдайын талдау
38
КІРІСПЕ: 3. 2
3:

Франчайзинг негізінде «Rixos» қонақ үйінің жұмыс істеу тиімділігін

арттыру

42
КІРІСПЕ: 3. 3
3: Адам ресурстарын азайтуда франчайзингті қолдану стратегиясын әзірлеу
45
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 48
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 50

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан экономикасы дамуының қазіргі заманғы кезеңі стратегиялық тұрақты инновациялық дамуға көшумен, елдің жаһандық кеңістікте жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге арналған экономика мен қоғамдағы терең құрылымдық және институционалдық қайта құрулармен сипатталады. Дәл, сондықтан нарықтық ортаның жоғары өрлеген кезіндегі экономикалық үдерістердің жаһандану жағдайында қызметтің табысты нысандарын таңдау және отандық кәсіпорындарды дамыту ерекше өзекті болмақ. Республикадағы бизнесті дамытудың болашағы бар нысандарының бірі франчайзинг болып табылады.

Ол тәуекелдің төменгі деңгейімен сипаттала ды, тұрақты табыс алуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ шағын және ірі бизнестің артықшылықтарын біріктіруге мүмкіндік береді. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанжолы - 2050» Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында әлемнің «отыз» дамыған ел дерінің қатарына кіру жолындағы негізгі бағыт ретінде қазақстандық шағын және орта бизнесті дамытуды белгіледі. Шағын және орта бизнесті дамыту - ХХІ ғасырда Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы [1] .

Жұмыстың мақсаты: Франчайзинг қонақ үй индустриясындағы жаһандану процестерінің көрінісі ретінде екендігін негіздеу.

Жұмыстың міндеттері:

1. Франчайзинг жүйелерін дамытудың теориялық әдістемелерін зерттеу.

2. Қазақстанның қонақ үй индустриясындағы франчайзингтік қызметтерін талдау.

3. Франчайзинг Rixos қонақ үйін дамытудың тиімділігін қарастыру.

Зepттeу пәнi: Франчайзингтің қонақ үй индустриясындағы жаһандану процестері.

Зерттеу нысаны: Қонақ үй индустриясындағы франчайзинг.

Зерттеу әдісі. Зерттеу барысында қонақ үй саласындағы франчайзингті зерттеу жұмыстары, әдебиет, ғылыми мақалалар, Swot-талдау және интернет-материалдар талданды. Осы материалдарды сараптау барысында жүйелік-құрылымдық талдау тәсілдері, салыстыру әдісі, статистикалық әдістер пайдаланылды.

Жұмыcтың құpылымы: Жұмыc кipicпeдeн, екі тapaудaн, қopытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep, 3 кecтe жәнe ciлтeмeлepдeн тұpaды.

1. ФРАНЧАЙЗИНГ ЖҮЙЕЛЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Франчайзингтік қатынастарды қалыптастырудың негізгі түсініктері мен алғышарттары.

Франчайзинг - бұл табысқа жеткен және жоғары бәсекелестік экономикада кеңею стратегиясын жүзеге асыратын фирмалар үшін бизнесті дамытудың тиімді әдістерінің бірі. Сонымен бірге шетелдік кәсіпкерлік ортада оның кеңінен таралуы франчайзингтің бизнесін жаңа бастаған кәсіпкер үшін өзінің сенімді ісін ұйымдастырудың барынша тиімді мүмкіндігі және қоғамның түрлі тауарлар мен қызметтерге деген қажеттігін қамтамасыз ету құралы болуымен байланысты. Соңғы 50 жылда франчайзинг кеңінен танымал болғаны соншалықты АҚШ-та бөлшек тауар айналымындағы оның көлемі 40%-дан асады, ал Еуропа елдерінде - 60%-ға дейін [2] .

Ғылыми экономикалық әдебиетте франчайзинг сипаттамасының мәніне және жалпы оның категориялық аппараттағы мазмұнына, оның пайда болу уақыты мен орнына, сондай-ақ отандық жағдайларда франчайзингтік қатынастарды құқықтық реттеуге қатысты қарама-қайшы пікірлер кездеседі. Жалпы алғанда франчайзингтік жүйе бизнес саласындағы ұйымдық құрылым болып табылады, ол құрылымды басқаратын франчайзер-компаниядан және оның бақылауында болатын франшиз алық кәсіпорындар желісінен тұрады. «Франчайзинг» термині француздік «franchise» сөзінен туындай отырып, «жеңілдік, ерекшелік, қатысу құқығы» мағынасын білдіреді, бұл өзін-өзі ақтаған, сыналған технологияларды игеру, əйгілі, атақты тауар маркасын қолдану, жаңа істі жүргізу бойынша оқудан өту жəне сол қызмет ету барысында қажетті кеңестер алу мүмкіншілігін меңгеру. Яғни, сапалы əрі инновациялық сипатта өнім не қызмет өндіретін əйгілі кəсіпорын (франчайзер) өздерінің тауарларын, қызметтерін өткізу нарықтарын кеңейту жəне басқа да нарықтарды жаулап алу арқылы жалпы табыстылық мөлшерін ұлғайту үшін «бизнес-жобаның» үлгісін- франшизаны əзірлеп, оны пайдалану құқығын нарықта жылдам танымалдылық пен табыстылыққа қол жеткізуді көздеген, басқа бір кəсіпкерге (франчайзиға) белгілі бір төлемдік негізде ұсынуын қарастырады. Осы екі кəсіпкерлік субъектінің (кəсіпорынның, компанияның, шаруашылық субъектілердің) арасындағы қатынастық жағдайдың түпкі мақсаты - екі жақтың да белгілі бір пайда алуын көздеуден туындап отыр.

Сондықтан франчайзингтік қатынастардың жиынтығы, негізгі мақсаттары пайда алу болып саналатын кəсіпкерлік қызметті сипаттайды. Осы сипат франчайзингтік қызмет арқылы өз кəсіптерін құрушы шаруашылық субъектілердің іс-əрекеттерімен байланысты болғандықтан, «франчайзингтік бизнес» ұғымын қалыптастырады. Франчайзингтік бизнес кəсіпкерліктің бір саласы тұрғысында, өзіне франчайзингтік қатынастарға тиесілі барлық белгілерді, ерекшеліктерді енгізеді.

«Франчайзер» - тауар белгісі бар компанияөзінің тауарлық белгісін, атауын белгілі бір анықталған шартта басқа бір кәсіпорынға қолдану құқығын ақылы түрде береді.

«Франчайзи» - компания немесе жеке тұлғо болып табылады, ол франчайзердің саудалық белгісі мен атауын анықталған келісім шартта ақылы түрде қолданады.

«Франчайзинг» қандайда бір кәсіпорынның өз өнімін сату нарығын шұғыл кеңейтуде, сол кәсіпорында жоқ болуы мүмкін, елеулі қаржылық салымдарсыз мүмкіндік береді.

Франчайзер мен франчайзи арасында қарым қатынас франшиза деп аталатын лицензиямен реттеледі.

  • Біріншіден, франчайзерге тиесілі тауарлар мен қызметтердің айрықша атауын пайдалана отырып, франчайзиге келісілген кезең ішінде белгілі бір бизнес пен айналысуға рұқсат етеді немесе міндеттейді;
  • Екіншіден, франчайзерге бизнесті жүргізуді бақылауға құқық береді;
  • Үшіншіден, франчайзерге кәсіпорынды ұйымдастыру, персоналды оқыту, сатуды басқару бойынша франчайзиге көмектесу міндетін жүктейді;
  • Төртіншіден, франчайзерге франшиза үшін бастапқы жарна мен жүйелі аударымдарды (рояльти) төлеу франчайзидің міндеті болып табылады.

Түрлі әдебиеттерде «франчайзинг» термині әр түрлі түсіндіріледі. Аталған терминнің шетелдік тәжірибедегі классикалық анықтамалары берілген. Шетелдік және отандық әдебиеттерді ғылыми тұрғыда зерттей отырып, франчайзингтің келесідей авторлық анықтамасын ұсынамын: «Франчайзинг -келісім-шарт негізінде франчайзердің (құқық иесі) франчайзиге (құқық алушы) өз атынан өнімдерін, бизнесті жүргізу технологияларын немесе басқа коммерциялық ақпараттарын белгілі бір аумақта сатуға (таратуға) эксклюзивті құқық беретін кәсіпкерліктің инновациялық нысаны».

Жалпы франчайзингтің мазмұнын анықтайтын түсініктер жөнінде шетел жəне ресей, отандық ғалымдардың, мамандардың қарастырған жан-жақты зерттеулерін топтастырсақ, оның тізбегі төмендегі 1-кестедегідей сипатта болады.

Кесте-1

Франчайзинг түсінігінің анықтамалар тізбегі

Анықтама
Автор
№: 1
Анықтама:

Франчайзинг - қаржыландыру жүйесі…

Қазіргі заманғы франчайзинг екі негізгі үлгіде кездеседі: өнімділік - саудалық және бизнес франчайзинг.

Автор: Дж. Стенворт

Кесте 1 жалғасы

2
Франчайзинг ірі және шағын кәсіпкерліктің аралас үлгісін сипаттайды. Ірі компаниялар ұсақ кәсіпорындармен, бизнесмендермен франчайзер атынан артықшылықты игеру құқығының негізінде қызмет атқаруды қарастыратын өзара шарт жасасады.
Ю. М. Яновская
2: 3
Франчайзинг ірі және шағын кәсіпкерліктің аралас үлгісін сипаттайды. Ірі компаниялар ұсақ кәсіпорындармен, бизнесмендермен франчайзер атынан артықшылықты игеру құқығының негізінде қызмет атқаруды қарастыратын өзара шарт жасасады.: Бір фирманың екінші фирмаға келісілген нарық шегінде белгілі бір тауар белгісін, технологияны, ноу-хауды пайдалану құқығын беруді көздейтін екі фирма арасындағы көпжылдық келісім.
Ю. М. Яновская: А. Н. Азрилияна
2: 4
Франчайзинг ірі және шағын кәсіпкерліктің аралас үлгісін сипаттайды. Ірі компаниялар ұсақ кәсіпорындармен, бизнесмендермен франчайзер атынан артықшылықты игеру құқығының негізінде қызмет атқаруды қарастыратын өзара шарт жасасады.: Франчайзинг - бір ұйым (франчайзер, франчайзер) жеке тұлғаға немесе басқа ұйымға (франчайзи, франчайзи) бірінші ұйымның тауарлары мен қызметтерін сату құқығын беретін іскерлік операция схемасы. Франчайзи шартқа қол қояды, оған сәйкес ол осы тауарларды және/немесе қызметтерді қатаң белгіленген ережелерге - бағаға, бас ұйым белгілеген шарттарға сәйкес сатуы керек.
Ю. М. Яновская: Кац Р. Б.
2: 5
Франчайзинг ірі және шағын кәсіпкерліктің аралас үлгісін сипаттайды. Ірі компаниялар ұсақ кәсіпорындармен, бизнесмендермен франчайзер атынан артықшылықты игеру құқығының негізінде қызмет атқаруды қарастыратын өзара шарт жасасады.: Business format franchising (кәсіпкерлік үлгідегі Франчайзинг) - Франчайзинг нысаны, онда франчайзер франчайзиге өзінің сауда маркасын және әдеттегідей өндіретін тауарларын ғана емес, сонымен қатар өзінің өндірістік жоспарларын, соның ішінде нарықтық стратегияны, экономикалық қызмет жөніндегі нұсқаулықтарды, сапаны бақылау қызметтерін және екіжақты байланыс және істерді жүргізу үшін қажетті көмектің басқа түрлерін үсынады.
Ю. М. Яновская:

Э. Дж. Долан

Б. И. Домненко,

М. Лазурь

2: 6
Франчайзинг ірі және шағын кәсіпкерліктің аралас үлгісін сипаттайды. Ірі компаниялар ұсақ кәсіпорындармен, бизнесмендермен франчайзер атынан артықшылықты игеру құқығының негізінде қызмет атқаруды қарастыратын өзара шарт жасасады.: Франчайзинг-бұл сала емес, тауарлар мен қызметтерді сату әдісі, оны қолдану шексіз.
Ю. М. Яновская: М. Мендельсон
2: 7
Франчайзинг ірі және шағын кәсіпкерліктің аралас үлгісін сипаттайды. Ірі компаниялар ұсақ кәсіпорындармен, бизнесмендермен франчайзер атынан артықшылықты игеру құқығының негізінде қызмет атқаруды қарастыратын өзара шарт жасасады.: Франчайзинг-бұл бір тараптың (франчайзидің) өз кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру үшін екінші тараптың (франчайзердің) іскерлік беделін пайдалануға мүмкіндік беретін экономикалық қатынастар.
Ю. М. Яновская: Е. С. Лысенко
2: 8
Франчайзинг ірі және шағын кәсіпкерліктің аралас үлгісін сипаттайды. Ірі компаниялар ұсақ кәсіпорындармен, бизнесмендермен франчайзер атынан артықшылықты игеру құқығының негізінде қызмет атқаруды қарастыратын өзара шарт жасасады.: Франчайзинг-бұл дайын бизнесті сату емес, оны жүргізу технологиясын беру, белгілі бір ережелерге сәйкес іскерлік операцияларды жүзеге асыру
Ю. М. Яновская: И. В. Рыкова
2: 9
Франчайзинг ірі және шағын кәсіпкерліктің аралас үлгісін сипаттайды. Ірі компаниялар ұсақ кәсіпорындармен, бизнесмендермен франчайзер атынан артықшылықты игеру құқығының негізінде қызмет атқаруды қарастыратын өзара шарт жасасады.: Франчайзинг нақты экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін өзара байланысты құқықтық құралдар кешені арқылы оның қатысушылары жүзеге асыратын бизнес-модель (жоба) ретінде қарастырылуы керек.
Ю. М. Яновская: М. Н. Титова

Кесте 1 жалғасы

10
Франчайзинг-ірі өндірушілердің (сатушылардың) шағын фирмалармен шарттық қатынастарының жүйесі, онда тауарларды жылжыту бойынша міндеттемелер лицензия негізінде фирмалық атауды немесе бас фирманың тауар белгісін пайдаланумен, сондай-ақ оның өндіріс технологиялары мен тауарларды өткізу стратегиясын сақтаумен сүйемелденеді.
Б. И. Путинский
10: Анықтама
Франчайзинг-ірі өндірушілердің (сатушылардың) шағын фирмалармен шарттық қатынастарының жүйесі, онда тауарларды жылжыту бойынша міндеттемелер лицензия негізінде фирмалық атауды немесе бас фирманың тауар белгісін пайдаланумен, сондай-ақ оның өндіріс технологиялары мен тауарларды өткізу стратегиясын сақтаумен сүйемелденеді.: Франчайзинг бұл ірі компанияның нарықтағы тауарлары мен қызметтерін сату құқығын жеке тұлғаға немесе басқа ұйымға пайдалануға беретін екі фирма арасындағы шарттық қатынастардың жүйесі

Осы кестедегі түсініктемелерге көз жүгіртсек Дж. Стенвортың, Бр. Смиттің анықтамасы франчайзингті тар көлемде қарастырғандай бейнені танытады, қазіргі уақытта франчайзинг тек қана қаржыландыру жүйесі емес, сонымен бірге оның бірнеше түрі барын ескерсек, бұл анықтама толықтықты танытпайтын секілді.

Ю. Яновскаяның түсініктемесіне назар аударсақ, франчайзингтік бизнесте айрықша құқықтарды ұсынушы кəсіпорынның ірі болуы, ал сол құқықтарды қабылдаушы кəсіпорындардың шағын болуы міндетті сияқты. Ең негізгісі франчайзердің айрықша құқықтары халықаралық стандарттарға сай, əрі сапа жағынан өте жоғары болып, тұтынушы мен оны өткізушіге табыстылықты қамтамасыз етуі керек. Əлемдік тəжірибе көрсеткендей, мұндай кəсіпорындардың қатарына шағын, орта шаруашылық субъектілер тиесілі болуы мүмкін.

А. Н. Азрилияна сипаттамасы бойынша:Франчайзинг - белгілі бір тауар белгісінің, технологияның, ноу-хаудың келісілген нарығының келісілген нарығы шегінде бір фирманың екінші фирмаға пайдалану құқығын беруді көздейтін екі фирма арасындағы көп жылдық келісім.

Кац Р. Б берген анықтамасы бойынша: Франчайзинг-бұл бір ұйым (франчайзер, франчайзер) жеке тұлғаға немесе басқа ұйымға (франчайзи, франчайзер) бірінші ұйымның тауарлары мен қызметтерін сату құқығын беретін Бизнестің жұмыс істеу схемасы. Франчайзи келісімшартқа қол қояды, оған сәйкес ол осы тауарларды және/немесе қызметтердіалдын - ала белгіленген ережелерге-бағаға, бас ұйым белгілейтін шарттарға сәйкес сатуы керек.

Э. Дж. Долан, Б. И. Домненко, М. Лазурь берген анықтамалары бойынша: Business format franchising (кәсіпкерлік үлгідегі Франчайзинг) - Франчайзинг нысаны, онда франчайзер франчайзиге өзінің сауда маркасын және әдеттегідей өндіретін тауарларын ғана емес, сонымен қатар нарықтық стратегияны, Экономикалық қызмет жөніндегі нұсқаулықтарды, сапаны бақылау қызметтерін және екіжақты байланыстарды қоса алғанда, өзінің өндірістік жоспарларын ұсынады.

М. Мендельсон: Франчайзинг - бұл сала емес, тауарлар мен қызметтерді сату әдісі, оны қолдану шексіз деп сипаттайды.

Е. С. Лысенко анықтамасы: Франчайзинг-бұл бір тараптың (франчайзидің) өз кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру үшін екінші тараптың (Франчайзердің) іскерлік беделін пайдалануға мүмкіндік беретін экономикалық қатынастар.

И. В. Рыкова былай дейді: Франчайзинг-бұл дайын бизнесті сату емес, оны жүргізу технологиясын беру, белгілі бір ережелерге сәйкес іскерлік операцияларды жүзеге асыру.

М. Н. Титова анықтамасында былай делінеді: "Франчайзинг нақты экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін өзара байланысты құқықтық құралдар кешені арқылы оның қатысушылары жүзеге асыратын бизнес-модель (жоба) ретінде қарастырылуы керек".

Б. И. Путинский сиппамасы бойынша: Франчайзинг-ірі өндірушілердің (сатушылардың) шағын фирмалармен шарттық қатынастарының жүйесі, онда тауарларды жылжыту бойынша міндеттемелер лицензия негізінде фирмалық атауды немесе бас фирманың тауар белгісін пайдаланумен, сондай-ақ оның өндіріс технологиялары мен тауарларды өткізу стратегиясын сақтаумен сүйемелденеді.

Қарастырылған анықтамалар бойынша (1 кесте) франчайзинг түсінігіне тоқталып өтсем, Франчайзинг - бұл ірі компанияның нарықтағы тауарлары мен қызметтерін сату құқығын жеке тұлғаға немесе басқа ұйымға пайдалануға беретін екі фирма арасындағы шарттық қатынастардың жүйесі деген тұжырымға келуге болады.

Франчайзингтік бизнес - модельдің Америка Құрама Штаттарында көп тарихы бар. Бұл тұжырымдама 19 ғасырдың ортасында пайда болды, екі компания - McCormick Harvesting Machine Company және IM Singer Company - франчайзингтің бастаушылары ретінде танылған ұйымдастырушылық, маркетингтік және дистрибьютерлік жүйелерді дамытты. Алғашқы тамақтану және қонақжайлық франчайзингтері 1920-1930 жылдары дамыған. A&W Root Beer франчайзингтік операцияларды 1925 жылы бастады. Ховард Джонсон мейрамханалары 1935 жылы өзінің алғашқы сауда нүктесін ашты, ол тез кеңейіп, американдық фастфуд индустриясын анықтайтын мейрамханалар мен франчайзингтерге жол ашты. АҚШ-та 785000-нан астам франчайзингтік мекемелер бар, олар экономикаға шамамен 500 млрд. Азық-түлік саласында франчайзингтерге McDonald’s, Taco Bell, Dairy Queen, Denny’s, Jimmy John’s Gourmet Sandwiches және Dunkin ‘Donuts сияқты танымал брендтер кірді. Басқа танымал франчайзингтерге Hampton by Hilton және Day’s Inn, сондай-ақ 7-Eleven және Anytime Fitness кіреді. Франчайзингтіі сатып алмас бұрын, инвесторлар франчайзерлер ұсынуы қажет франчайзинг туралы ақпаратты ашу құжатымен мұқият танысуы керек. Бұл құжат франчайзингтік төлемдер, шығыстар, қызмет нәтижелері туралы күту және басқа негізгі операциялық мәліметтер туралы ақпаратты қамтиды [3] .

Франчайзингтің негіздері және ережелері: Франчайзингтік келісімшарттар күрделі және әр франчайзер үшін әр түрлі. Әдетте, франчайзингтік келісім франчайзерге төлемнің үш санатын қамтиды. Біріншіден, франчайзи бақыланатын құқықтарды немесе тауарлық белгіні франчайзерден аванстық төлем түрінде сатып алуы керек. Екіншіден, франчайзер көбінесе оқыту, жабдықтау немесе бизнес-кеңес беру қызметі үшін төлем алады. Соңында, франчайзер тұрақты роялтиді немесе операцияның сатылымының пайызын алады. Франчайзинг шарты уақытша болып табылады, бұл бизнесті жалға беру немесе жалға беру сияқты. Бұл франчайзидің кәсіпкерлікке меншігін білдірмейді. Шартқа байланысты, франчайзинг келісімдері, әдетте, бес жылдан 30 жылға дейін созылады, егер франчайзи келісімшартты бұзса немесе мерзімінен бұрын бұзса, оған ауыр айыппұлдар салынады. АҚШ-та франчайзингтер мемлекеттік деңгейде реттеледі. Алайда, Федералды Сауда Комиссиясы (FTC) 1979 жылы бір федералды ережені құрды. Франчайзинг ережесі - франчайзер болашақ сатып алушыларға беруі керек заңды ақпарат. Франчайзер кез-келген тәуекелді, артықшылықты немесе франчайзингтік инвестицияға қатысты шектеулерді толығымен ашып көрсетуі керек. Бұл ақпарат төлемдер мен шығыстарды, сот ісін жүргізу тарихын, бекітілген кәсіпкерлерді немесе жеткізушілерді, қаржылық нәтижелер туралы болжамдарды және басқа да негізгі мәліметтерді қамтиды.

Франчайзингтің артықшылықтары мен кемшіліктері: Франчайзингке ақша салудың көптеген артықшылықтары бар, сонымен қатар кемшіліктері де бар. Кеңінен танылған артықшылықтарға дайын бизнес формуласы жатады. Франчайзинг нарықта тексерілген өнімдермен және қызмет көрсетулермен, көптеген жағдайларда брендтің танылуымен байланысты. Кейбір франчайзерлер оқытуды және қаржылық жоспарлауды немесе бекітілген жеткізушілердің тізімдерін ұсынады. Кемшіліктерге бастапқы іске қосу шығындары, сондай-ақ роялтиге арналған тұрақты шығындар жатады. McDonald’s мысалын әрі қарай алып қарасақ, McDonald’s франшизасын бастауға жұмсалатын ақшаның жалпы сомасы 1 миллионнан 2, 25 миллион долларға дейін жетеді.

Жаңадан бастаған кәсіпкерге қажет ең құнды және пайдалы артықшылық-бұл бұрыннан қалыптасқан және өзін-өзі ақтаған технологияларды, бұрыннан белгілі және танымал брендті пайдалану мүмкіндігі, оқу және іс барысында қажетті кеңестер алу мүмкіндігі. Бұл мүмкіндіктердің барлығын тәжірибесі, білімі бар, кәсіпкерлердің технологиялық құпиялары бар, яғни капиталы материалдық емес, бірақ дұрыс пайдаланылса, өте құнды және тиімді адамдар қамтамасыз ете алады. «Франчайзинг» бизнесті жүргізу жүйесі осындай іске асыру үшін қажетті алғышарттар жасайды. Франчайзинг жалдау, сату, келісім-шарт, өкілдік элементтерін біріктіреді, бірақ тұтастай алғанда бұл тәуелсіз шаруашылық субъектілері арасындағы шарттық қатынастардың дербес нысаны болып табылады. Франчайзингтік қатынастар екі тарап үшін де тиімді болуы мүмкін. Осылайша, қызмет көрсету саласында Франчайзингті пайдаланудың теориялық платформасын екі деңгейде қалыптастыру орынды болып көрінеді:

• Макродеңгей (халық шаруашылығының жекелеген жүйелері мен ішкі жүйелерінің деңгейі) .

• Микродеңгей (жекелеген кәсіпорындардың деңгейі, қызмет түрлері, нысандары және бизнесті жүргізу тетіктері) .

Кәсіпорындардың франчайзингтік қатынастарының қалыптасуы мен дамуы, кез-келген басқа экономикалық процесс сияқты, оның ерекшеліктері мен сипатын анықтайтын факторлардың әсерінен болады. Кәсіпорындардың франчайзингтік қатынастарын қалыптастыру және дамыту факторлары деп кәсіпкерлік субъектілері арасындағы франчайзингтік қатынастарды қалыптастыру және жүзеге асыру процесіне әсер ететін қозғаушы күштер түсініледі. Кәсіпорындардыңң франчайзингтік қатынастарын қалыптастыру және дамыту процесінің ерекшеліктерін анықтайтын факторлар әсер ету ортасына қарай жіктеледі:

- Сыртқы (франчайзингтік жүйенің жұмыс істеуінің сыртқы ортасының сипатымен анықталады) ;

- Ішкі (франчайзингтік қатынастар тараптарының әрекеттерімен, табиғатымен, мінез-құлқымен анықталады) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франчайзингтік қатынастар жүйесі талдау
Франчайзингтың теориялық аспектілері
Франчайзинг жүйесі
Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Франчайзингтік келісім - шарт
Шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы франчайзинг дамуы
Қазақстандағы франчайзинг
Шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы франчайзинг дамуын талдау
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдауы
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz