Жер ресурстарын басқарудың теориялық негіздері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қорабаева Асель
ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ЖЕРЛЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
6B07303 -«жерге орналастыру»
Алматы, 2023
Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: «Қарасай ауданының жерлерін тиімді пайдалану»
6B07303 -«жерге орналастыру»
Орындаған:
(қолы)
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы
(қолы)
Кафедра меңгерушісі
(қолы және мөрі)
Норма бақылаушы
(қолы)
Aлмaты, 2023 ж.
РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыстың көлемі 68 бет, 4 сурет, 4 кесте, 36 дереккөзден тұрады.
ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ, ЕСЕПКЕ АЛУ, ЖЕР РЕСУРСТАРЫ, ЭРОЗИЯ, ТАЛДАУ, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ.
Мақсаты: Алматы облысы Қарасай ауданы жерлерін ұтымды пайдалану мәселелерін талдау
Объект - Қарасай ауданының жерлері, жер пайдаланушылары мен иеленушілері.
Пәні - жерді ұтымды және тиімді пайдалану. Қазіргі уақытта, халықтың ұлттық шаруашылығы нарықтық қарым-қатынастарға өту барысында, жер ресурстарын ұтымды пайдалану, соның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлерді тиімді пайдалану, мониторинг жұмыстарын жүргізу, т. б іс-шаралар маңызды мәселеге айналуда. Сонымен қатар, жер мониторингі жерді ұтымды пайдалану мен қорғаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Алматы облысы Қарасай ауданының жер ресурстарын соның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне мониторинг жұмыстарын жүргізу мәселелерін қарастыру. Бұл аудан Алматы қаласымен шекаралас орналасқандықтан, жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану күрделі мәселе болып келеді.
Нәтижелері:
1. Жерді тиімді пайдалану теориясы, әдістемесі зерттелді.
2. Қарасай ауданының жер ресурстарының жағдайын талдау жүргізілді.
3. Шаруашылықты зерттеу және пайдаланудың тиімді жолдары ұсынылды.
РЕФЕРАТ
Объем дипломной работы состоит из 68 страниц, 4 рисунков, 4 таблиц, 36 источников.
ЭФФЕКТИВНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ, УЧЕТ, ЗЕМЕЛЬНЫЕ РЕСУРСЫ, ЭРОЗИЯ, АНАЛИЗ, ВОССТАНОВЛЕНИЕ.
Цель: анализ вопросов рационального использования земель Карасайского района Алматинской области
Объект-Земли, землепользователи и собственники Карасайского района.
Предмет-рациональное и эффективное использование земли. В настоящее время, в ходе перехода национального хозяйства населения к рыночным отношениям, важным вопросом становятся мероприятия по рациональному использованию земельных ресурсов, в том числе рациональному использованию земель сельскохозяйственного назначения, проведению мониторинговых работ и др. Кроме того, мониторинг земель является важной составляющей рационального использования и охраны земель. Рассмотрение вопросов проведения мониторинга земельных ресурсов Карасайского района Алматинской области, в том числе земель сельскохозяйственного назначения. Поскольку этот район граничит с городом Алматы, эффективное и рациональное использование земельных ресурсов становится серьезной проблемой.
Результаты:
1. исследована теория, методика эффективного землепользования.
2. проведен анализ состояния земельных ресурсов Карасайского района.
3. предложены эффективные способы изучения и использования хозяйства.
REPORT
The volume of the thesis consists of 68 pages, 4 Figures, 4 tables, 36 sources.
EFFECTIVE USE, ACCOUNTING, LAND RESOURCES, EROSION, ANALYSIS, RECOVERY.
Purpose: to analyze the issues of rational use of land in Karasay District of Almaty region
The object is land, land users and owners of Karasai district.
Subject-rational and efficient use of land. Currently, in the course of the transition of the national economy of the population to market relations, rational use of land resources, including effective use of land for agricultural purposes, monitoring work, etc., is becoming an important issue. In addition, land monitoring is an important component of the rational use and protection of land. Consideration of issues of monitoring of land resources of Karasay District of Almaty region, including agricultural land. Since this district is located on the border with the city of Almaty, the effective and rational use of land resources is a serious problem.
Results:
1. The Theory and methodology of effective land use were studied.
2. an analysis of the state of land resources of Karasai district was carried out.
3. Effective Ways of studying and using the farm were proposed.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Жер - адамзат үшін тіршіліктің, байлықтың көзі, ол еңбек заты, су және биоклиматтық ресурстармен бірге өндіріс құралы болып табылады. Жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану - еліміздің шаруашылығында маңызды рөль атқарады.
ҚР жер кодексінде жерді ұтымды пайдалану мен қорғау жайында: «Қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға, жерді ұтымды пайдалануға, жерді ауыл шаруашылығы орман шаруашылығы айналымынан негізсіз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологялық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды» деп айтылған.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Жер ресурстары әлеуетін тиімді пайдалану мен кері әсерден қорғаудың негізгі стратегиялық бағыттарын белгілеу айрықша өзекті болып отыр. Сондықтан халықаралық бағдарламаға сәйкес ғылыми әдістер қолданылуы мүмкін.
Дипломдық жұмыс тақырыбының негіздемесі: Қазіргі уақытта, халықтың ұлттық шаруашылығы нарықтық қарым-қатынастарға өту барысында, жер ресурстарын ұтымды пайдалану, соның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлерді тиімді пайдалану, мониторинг жұмыстарын жүргізу, т. б іс-шаралар маңызды мәселеге айналуда. Сонымен қатар, жер мониторингі жерді ұтымды пайдалану мен қорғаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Алматы облысы Қарасай ауданының жер ресурстарын соның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне мониторинг жұмыстарын жүргізу мәселелерін қарастыру. Бұл аудан Алматы қаласымен шекаралас орналасқандықтан, жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану күрделі мәселе болып келеді.
Дипломдық жұмыстың міндеті: Жер ресурстарын тиімді пайдалану бойынша және жер мониторингі туралы теориялық мәселелерді зерттей отырып, Алматы облысы Қарасай ауданының жер ресурстарына жалпылама сипаттама бере отырып, ауыл шаруашылық жерлеріне, сонымен қатар Алматы облысы Қарасай ауданында эрозияға ұшыраған жерлерге, алдын алу, қалпына келтіру сияқты әдістерді ұсыну бойынша экономикалық негіз қарастырылады. Жел және су эрозиясының мониторингісі барлық топырақ туралы алынған мәліметтерге қарай Республикада бекітілген инструкция бойынша жасалынады. Жел және су эрозиясы даму мониторингісін алыстан басқару немесе маршрутты зерттеу жүргізу арқылы өткізеді. 1-ші аэрофотосьемка немесе космоссьемка аркылы арттыру, аз қаражат жұмсау арқылы, 2-ші жол әрине көп қаражат қажет етеді. Ал аралас жүргізілсе тіпті ыңғайлы болып табылады
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмысты орындау барысында автор бірнеше зерттеу әдістерін пайдаланады. Диплом жұмысында статистикалық мәліметтер талданады, сондықтан, статистикалық әдістер негізгі әдіс негізгі әдістердің бірі болып табылады.
Сонымен бірге, дипломдық жұмысты орындау кезінде картографиялық әдіс маңызды рөль атқарады. Аэроғарыштық түсірістерден алынған карталардан жер бедерін, жердің жағдайын, объектілердің орналасуын анықтауға, оларға талдау жүргізуге болады.
Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілгі, зерттеу негіздемесі, зерттеу жұмысының мақсат пен міндеттері және зерттеу жұмысының нәтижесі, ғылыми әдістер мен ұсыныстар көрсетілген.
Диплом жұмысының бірінші тарауында жер ресурстарын тиімді пайдалану және жер мониторингі бойынша теориялық мәселелері жан-жақты қарастырылып, негізгі түсініктеріне, заңдылықтарына, арнайы халықаралық бағдарламаларға сәйкес жалпы сипаттама берілген.
Екінші тарауында Алматы облысы Қарасай ауданының жалпы сипаттамасы көрсетілген. Сонымен қатар, Қарасай ауданының табиғи-географиялық жағдайы мен климаты, жер бедері мен геологиялық құрылымы, топырақ жамылғысы мен гидрографиясы және Қарасай ауданының экологиялық жағдайы көрсетілген. Бұл тарауда жер ресурстарының жай-күйі, жер ресурстарын пайдалану мақсатына қарай жылдық есеп қорытындыларына талдау жасалып көрсетілген.
Дипломның ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысының үшінші тарауында Алматы облысы Қарасай ауданында жер ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері экономикалық және экологиялық тұрғыда талдау жасалынған. Эконимикалық және экологиялық тұрғыда жер ресурстарын бақылау жұмыстарында компьютерлік технология кеңінен қолданылып келеді. Бұл тарауда жел эрозиясы мен су эрозиясына жалпы сипаттама беріліп, онымен күресу бойынша іс-әрекеттер анықталып негізделеді, сонымен қатар, Қарасай ауданының ауыл шаруашылық жерлерінің жел, су эрозиясына ұшырауының алдын алу, эрозияға қарсы іс-шаралар жүйесі бойынша Ресей Федерациясы ғалымдарының ойлап тапқан ғылыми әдісін елімізге пайдалануды іске асыру бойынша ұсыныстар көрсетіледі.
Диплом жұмысының қорытындысында жер ресурстарының жай-күйінің өзгеруін уақытымен анықтау мақсатында, жер күйін бақылау, осы өзгерістерді болжау, бағалау және кері процестерді алдын алу, жою, болдырмау жайында ұсыныстарды әзірлеу, шет елдегі ғылыми әдістерді елімізге қолданысқа енгізу, жер кадастрын жүргізу мен жерді пайдаланудың мемлекеттік бақылау және қорғауды жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың сонымен қатар, азаматтарды қоршаған орта, оның ішінде жердің күйі жайында ақпаратпен қамтамасыз ету шараларын қолдану ұсынылады.
1 ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ТЕОРИЯСЫ, ӘДІСТЕМЕСІ
1. 1 Жер ресурстарын басқарудың теориялық негіздері
Жер қоры кез келген мемлекеттің ұлттық байлығы болып табылады, сондықтан оны ұтымды пайдалану басқару жүйесінсіз мүмкін емес. Оның қажеттігі әсіресе қазіргі жер қатынасынның қайта құрылып, барлық жерде жерді қайта бөліп, оны жеке меншікке беріп, жер қатынасы объектілерінің қайта құрылуында аса қажет.
Қазіргі қалыптасқан жер ресурсын басқару жүйесі мемлекет пен қоғамның құқықтық, саяси, ұйымдастырушылық, экономикалық, экологиялық және әлуеметтік жағдайын ескергенімен, жер ресурсының экономикалық-географиялық және геоэкологиялық жағдайлары аз ескерілуде.
Жер ресурсын пайдаланудың географиялық негіздері адамзат іс-әрекетінің өзекті мәселелерінің бірі. Жер ресурсын пайдалануда аймақтық және тіпті локалды табиғи, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, тарихи сияқты географиялық жағдайлармен байланысты мәселелерді қарастырудың маңызы зор.
Қазақстан Республикасында саяси және экономикалық кұрылысты реформалау процестері жер қатынастарын түбегейлі өзгерту мен мемлекеттің тікелей басқаруымен және бақылауымен жер реформасын жүргізу кажеттілігін туғызды [2] .
Нарықтық экономикаға көшу жерге әр түрлі меншік нысандарын енгізу, жер пайдаланудың ақылы болуын, жердің, оның өндіріс құралы, кеңістіктік базис және шектелген маңызды табиғи ресурс сияқты басты функцияларын сақтай отырып, жылжымайтын мүлік және құқықтық реттеу нысанасы ретінде заң тұрғысынан танудың объективті кажеттілігін туғызады.
Осыған байланысты елдің жер ресурстары әлеуетін тиімді пайдалану мен қорғаудың негізгі стратегиялық бағыттарын белгілеу айрықша өзекті болып отыр.
Қоршаған ортаға техногенді әсер етудің күшеюі табиғи-территориялық кешеннің көптеген жылдар бойы қалыптасқан морфологиялық, құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін анропогендік өзгерістерге әкеліп соқты. Әртүрлі географиялық жағдайлардағы мұндай өзгерістердің салдары көбінде жер ресурсын пайдаланудың экономикалық тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігінің төмендеуіне әкеледі. Соның салдарынан өмір сүрудің әлеуметтік жағдайы мен адамзат іс-әрекетінің нашарлауына әкеледі.
Қазақстан Республикасы территориясында көптеген жылдар бойы аймақтық жер ресурстары «табиғи ресурстарды эктесенсификациялау» жолымен жүріп, ресурс үнемдейтін технологияларды пайдаланбай, алынатын экономикалық нәтижелер салым құралдарымен сәйкес келмеді. Мұның негізгі себептерінің бірі бүкіл жер ресурсының мемлекет қарамығында болып, адамдардың санасында жер ресурсын «ешкімдікі емес немесе жалпы» деген түсінік қалыптасты [1] .
Жер қатынастарын орталықтандырылған басқару жүйесі жергілікті дәстүрлерді, аймақтық және локалды географиялық жағдайларды ескермей, аумақтың жеке учаскілері мен нақты шаруашылық объектілерін пайдалану формалары бойынша нұсқау беріп отырды.
Бірақ Қазақстанның жер ресурсының сарқылмауы туралы түсінігі өзгеріп, жер қатынастарын мемлекеттік бақылау жүйесі «аймақтық дербестікпен», «іскерлік . . . » объектісімен сипатталды.
Қазақстан Республикасындағы экономикалық қайта құрулар жер ресурсын басқарудың маңызын айқындап берді. Бұл жер ресурсының дәстүрлі (өндіріс құралы, территориялық базис, табиғи дене және т. б) қасиеттерімен бірге құқықтық қатынас пен жылжымайтын мүлік объектісі болуымен байланысты.
Сондықтан бюджеттік кірісті, салық салынатын базаны көбейту, аймақтардың дамуына инвестиция тарту мен жер қатынасы субъектілерінің құқығын қатамасыз етудің тиімді жүйесін құру мүмкіндігін арттыратын жер ресурсын басқарудың теориялық және әдістемелік жағдайын жетілдіру қажеттігі туындады.
Жер ресурсын басқарудың жерге орналастырушылық, мемлекеттік жер кадастры, жер мониторингі және т. б. сияқты функционалды іс-әрекеттері бар. Сондықтан жер ресурсын басқару жүйесі жерге қатысты жеке меншік формасына байланысты мемлекеттік және шаруашылықішілік болуы мүмкін.
Жерді пайдалану мәселесі ежелгі кезден бастап зерттелген. «Физиократтар» кез келген байлықты жермен байланыстырған. Жерге меншік әлеуметтік-экономикалық жүйенің ауысуында негізгі мәселе болды. Жер рентасы мен жерді бағалау мәселелері әлемнің белгілі экономист ғалымдарының еңбектерінде қарастырылған. Жерді тиімді пайдаланудың экономикалық механизмі - ренталық теорияның классикалық концепцисының негізін қалаушы экономомистер К. Маркс, А. Маршал, У. Петити, Д. Рикардо, А. Смит, А. Тюрго және басқалар болды. Ал табиғатты пайдалану экономикасының мәселелерін А. М. Бронштейн, А. А. Варламов, А. А., С. Н. Волков, Е. Б. Допир, К. Г. Гофман, А. А. Жученко, В. Я. Заплетин, М. Я. Лемешев, А. Л. Новоселов, Н. В. Пахомова, К. К. Рихьтер, М. А. Гендельман, П. Н. Першин, А. А. Семёнов, С. А. Ткачук, Ф. Г. Некрасов, Е. Б. Струкова, М. А. Сулин, Т. А. Щербатова, В. И. Шиян, Н. Н. Прокуронов, К. Н. Сазонов, Л. С. Семин, М. Д. Спектор, В. П. Троицкий, С. А. Удачин, О. А. Хауке, В. Н. Хлыстун, В. С. Шаманаев и др. және т. б. экономистер қарастырды. Жер ресурсын басқару мәселелерін зерттеуге А. П. Асташкин, А. М. Гатаули., П. В. Дегтярев, А. Кирьякова, Н. В. Комаров, А. Корнеева, В. Кузнецова, П. В. Никифоров, П. С. Семин, В. Н. Хлыстун. Д. А. Шишов және т. б. үлкен үлестерін қосса, А. В. Чаянов сияқты ғалым-экономистердің ғылыми іс-әрекеті толығымен ауыл шаруашлығы мен жер ресурстарын басқару мәселелеріне арналған [2] .
Табиғи жағдайды, шаруашылықты, және халықтың өмір сүру жағдайын кешенді түрде қарастыру қажеттігілігі туралы ізденістерді Л. С. Берг, Н. И. Вавилов, В. В. Винер, Г. Н. Высоцкий, В. В., В. В. Докучаев, А. Г. Дояренко, К. А. Костычев, С. С. Неустроев, Л. И. Прасолов, Л. Г. Раменский, П. П. Семенов-Тяньшанский, Н. М. Сибирцев, В. К. Скорцов, Г. И. Танфильев, А. А. Ярилов және т. б. географтар дамытты [11] .
Бұл принциптер әсіресе табиғатты пайдалану түрінің кеңісітіктік-уақыттық аспектісінде күрделі ұйымдастырлған, адамзаттың өмір сүруінің негізгі базасы болып табылатын ауыл шаруаышылық жерлерін пайдалану сипатында айқын байқалады.
Жер ресурстарын басқару саласындағы өзара тығыз байланыстағы экономикалық, техникалық, ұйымдастыру шаруашылық және құқықтық іс-шараларын жетілдіру негізінде барша қоғам мен жекелеген жер пайдаланушылардың мүддесі үшін жерді тиімді пайдалану мен оларды қорғауды ұйымдастыру мен қамтамасыз етудің жана сапасына өту үшін жер ресурсын басқарудың жаңа ғылыми негіздерінің қажеттігі туындап отыр.
Қазақстан Республикасындағы экономикалық қайта құрылулар нәтижесінде жоспарлы экономикадан шаруашылықтың мемлекеттік және нарықтық формаларына көшуі жер ресурсын басқарудың мәселелерін экономика және география ғылымдарының алдыңғы және негізгі мәселелері қатарына қойып отыр.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер басқа санаттарға қарағанда «географиялық» болып келеді. Мемлекеттің басты байлығы-оның жер ресурсы. Қазақстанның ұлан байтақ жер ресурсына ие бола тұрып, жер ресурсы потенциалын пайдалану мен әлемдік концептуалды жағдайлар мен жер қатынастарын түбегейлі қайта өзгерту жер ресурсын қорғау мен тиімді пайдаланудың стратегиясын құрастыру керек [20] .
Жаңа жер құрылымы жер ресурсын басқарудың принциптері мен әдістерін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Нарықтық экономика жағдайында жер қатынастары жүйесінің социалистик моделінен мүлдем ерекше. Кеңес үкіметі кезінде жер мемлекеттің қарамағында болды. Жер қатынастарының бір ғана формасы- жерді пайдалану болды. Жер жерді пайдаланушыларға тегін беріліп, салық алынбады, оған жылжымайтын мүлік дәрежесі берілмеді, жерді жалға беруге тиым салынды. Сонымен, жерге жеке меншіктің құқықытық мәселелері, жерді пайдаланудың ақылылығы, азаматтық және нарықтық жер айналымы социалистік жер туралы заңдарда дамуы мүмкін емес еді.
Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу жер ресурсын ұтымды пайдаланып, жер реформасының дамуына, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында Қазақстан Республикасы Президентімен және жақын арадағы жылдарға Қазақстан Республикасы Үкіметі Бағдарламасымен анықталған ұзақ уақыттық приоритеттерге қатысты аграрлық сасяатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді [19] .
Жер қатынастарының дамуы
Еліміздегі жер қатынастарын алға қойған стратегиялық мақсаттарға сәйкестендіру, оның заманға сай жүйесін құру, осыған сәйкес заңдық базасын қалыптастырып, жетілдіру ісі кезең-кезеңмен шешілуде.
Қазақстан Республикасының жер заңына сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану және сапалық жай-күйін жақсарту еліміздің аграрлық секторын тұрақты дамыту мен тиімді қызмет етуінің, инвестициялық тартымдылығының негізі болып табылады.
Нарықтық экономикаға көшу жерге әртүрлі меншік нысандарын енгізу, жер пайдаланудың ақылы болуын, жердің өндіріс құралы және шектелген табиғи ресурс сияқты басты функцияларын сақтай отырып, жылжымайтын мүлік ретінде заң тұрғысынан танудың объективті қажеттілігін туғызды.
Аграрлық сектордағы жер қатынастарын реттеу және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімді пайдалану мен бастапқы жер пайдаланушығы инвестициялар салу мақсатында 2003 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасының Жер кодексі қабылданды [24] .
Жер қатынастарындағы негізгі мәселе: жерге мемлекеттік монополияны жою және жердің кей санаттарына жеке меншік енгізу; ақылы жер пайдалануға көшу, жерге төлемдер енгізу; жерде шаруашылық жүргізудің барлық нысандарының тең дамуы үшін жағдайлар жасау; жылжымайтын мүлік нарығын құру болды.
Президент Н. Назарбаевтың 2008 жылдың 6 ақпанындағы Қазақстан халқына Жолдауында экономикалық саясаттың басым бағыттарымен қатар, жер қатынастары мен аграрлық кешеннің алдына жаңа міндеттер қойды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz