Жамбыл - айтыс өнерінің шебері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Ф.7.04 -01
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жамбыл-айтыс өнерінің шебері________
Пәні: ________ Қазіргі қазақ әдебиеті ___________________

БББ: 6В01710 - қазақ тілі мен әдебиеті_________________________

Орындаған: Қыдырбай Әсем Тобы: Фи-19-1к1______
(студенттің аты-жөні)

Жетекші: ф.ғ.к., доцент А.Б.Қалшабеков

Жұмыс ____________
(бағасы)
бағасына қорғалды
_____ ________ 2022 ж.

Норма бақылау:
______________ аға оқыт. Елтаева Ж.
Комиссия:
ф.ғ.к., аға оқытушы
Тұрдалиеева Р.С.________________
ф.ғ.к., доцент
Әділбекова Ж.Қ. _______________
философия докторы (PhD), аға оқыт.
Таджиев Х.Х.____________________

Шымкент 2022 ж.
Ф.7.05 - 03
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Бекітемін
Каф. меңгерушісі ф.ғ.к.,
доцент Б.Т. Тасполатов
________________________
________________ 2022 ж.

№____ ТАПСЫРМАСЫ
Қазіргі қазақ әдебиеті пәні бойынша курстық жұмысты орындауға:
Студент: Қыдырбай Әсем топ: ФИ-19-1к1_
Жұмыс тақырыбы: Жамбыл-айтыс өнерінің шебері
Берілген мәліметтер:

Курстық жұмыстыың мазмұны

Бөлімдер бойынша парақтардың шамамен саны
Орындау мерзімі

Кіріспе
1
05-26.09.2022
1
Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
23
26.09 -04.11.2022
1.1
Шаң жұқпайтын шын жүйрік
17
26.09 -28.10.2022
1.2
Жамбыл-айтыс өнерінің шебері
6
28.10 -06.11.2022

Қорытынды
2
06-24.11.2022

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1
24-25.11.2022
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Ж. Аймауытов. Шығармалары. II том: Алматы, 2005. - 254 б.
2. С. Қирабаев. Жүсіпбек Аймауытов. Алматы, 2015. - 120 б.
3. Г. Қазыбек. Аударма тәжірибесі. Алматы, 2006. - 182 б.

Тапсырманың берілген күні: 05.09.2022ж.

Жұмысты қорғау күні: 14.12.2022ж.

Жұмыстың жетекшісі: ___ф.ғ.к., доцент А.Б.Қалшабеков _____________________
(лауазымы, Т.А.Ә.) (қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдады: _________________________
(студенттің қолы)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1 Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
1.1 Шаң жұқпайтын шын жүйрік ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Жамбыл-айтыс өнерінің шебері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақ халқының көп ғасырлық тарихи - қоғамдық дамуына байланысты туған ақындық өнердің аса бір қиын және өте бір қызықты түрі -- қынаптан қылыш суырып салма ақындық өнер еді. Осы бір таңғажайып, тамаша, өнер ғасыр бойы атадан балаға мұра болып, күні бүгінге дейін сақталып келеді.
Қазақ ақындарының осындай өнерпаздық мектебінің қайталанбас дәстүрін еске алғанда, туғанына 125 жыл толып отырған Жамбылдың аты ерекше құрметпен аталмауы мүмкін емес.
Жамбыл Жабаев айтыстың

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Ж.Жабаевтың айтыстық өнеріне жан-жақты зерттеу жүргізіп,саралау. Ақынның басқада ұлы тұлғалармен айтысын талдап, айтыстарындағы сол кездегі әлеуметтік мәселелерді көтеріп суырып салма ақындығын дамытуы туралы зерттеу жүргізіп,шеберлігін айқындау.
Бұл мақсаттан көптеген міндеттер туындайды.
- Ж. Жабаевтың ақындық өнерін тану.
-Айтыстағы шеберлігін талдап, ізденімпаздықтық қасиетін дамыту.
- Жамбыл айтыстары туралы білімдерін шығармашылыққа, зерттеушілікке ұштастыру, жинақтау, асыл сөз айшықтары арқылы ойлау қабілетін, тіл байлығын жетілдіру.
Зерттеу нысандары мен әдістері. Түпнұсқа мәтіні мен аударма мәтіндері алынды. Әр жылдары жарық көрген аударма шығармалары мен зерттеу еңбектері, Джек Лондонның шығармалары алынды.
Сипаттамалық әдіс, салыстырмалы, құрылымдық талдау, атауларды топтастырып жіктеу сияқты әдіс-тәсілдер жүргізілді.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Салыстырмалы әдебиеттану ғылымдарының зерттеу еңбектеріндегі ой пікірі, тұжырымдары құрайды.
Курстық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі бір тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілген.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Ж.Аймауытов аудармаларына талдау жасалып, шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері мен көркемдік ерекшеліктері айқындалды.

1 Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
1.1. Шаң жұқпайтын шын жүйрік
Ақын деген қасиетті атты халық нағыз өнерпазға, табанына шаң жұқпайтын шын жүйріктерге ғана берген. Жамбыл -- осы құрметті атаққа жастай ие болған ақын. Ол бұл өнердің халық бағалаған шын мағынасында майталман шебері болды.
Жүз жыл ғұмыр кешкен қарт ақын XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында ел басындағы, халық - өміріндегі әр алуан оқиғаларды, ұлы өзгерістерді көріп, жырына өзек еткен. Табан аузында, таудан құлап аққан бұлақтай, төгілте айтатын ақын ғасыр бойы домбырасын қолдан түсірмей жырлағанын еске алғанда, оның қаншама өлең, жыр, дастандар селін ағытқанын шамалау қиын емес! Ақынның революцияға дейінгі шығармаларының көбі бізге толық, жеткен жоқ. Ал, жеткендеріне назар аударсақ, шебер ақынның кер замандағы теңсіздікті күйіне жыр еткенін байқаймыз. Еңбекші халықтың ауыр тұрмысына аяныш білдірді. Әділдікті, адалдықты, адамдықты, оған қоса ерлікті, бірлікті уағыздады. Жалғандық пен опасыздықты, халық мүддесіне жат нәрсенің қандайын болсын ащы әжуа, алмастай кесіп түсетін мысқылмен аяусыз шенеп отырды. Сөйтіп, ол демократиялық идеяны, озат гуманизмді жыр туы етіп ұстады.
Ұлы Октябрь социалистік революциясының алтын шапақты күні еңбекші халыққа, сол халықтың абзал перзенті Жамбылға да бақыт нұрын төкті.
Ежелгі арманы шындыққа айналғанын көрген ақын қырандай қайта сілкініп, қанатын жайып, бұрын шыға алмаған биігіне қайтадан самғады.
Кәрі жолдасы -- домбырасының босап кеткен құлағын қайта бұраған Жамбыл содан бері Советтік Қазақстанның бұрын-соңды болмаған ұлы өзгерістерінің барлығын да көріп, соларға шаршамай, шалдықпай жалынды жырымен үн қосып отырды. Жамбыл жырының өзегі -- жаңа заманның жаңа дәстүрі, советтік патриотизм, халықтар достығы. Ұлы Отан, Коммунистік партия, данышпан көсеміміз В. И. Ленин, Еңбек Ерлері мен Отан қорғаған батырлар бейнесін жасауда да Жамбыл поэзиясының орны өзгеше. Әсіресе, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жалынды жырларының өлеңдік қуаты, тәрбиелік мәнінің қандайлық күшті болғанын бүкіл совет халқы жақсы біледі.

Сөйтіп, ол өзі тұстас ақындардың ішінде советтік шындықты, коммунистік идеалды барынша мол, ерекше шеберлікпен жырлай алған жыр алыбына айналды. Оны халқымыздың поэтикалық энциклопедиясы десе де болады.

Алатаудың өркешті ақбас шыңдарына көз жіберсек, өзі қатарлас өнерлі, дарынды ақындар арасында сол Алатаудың ең биік, ең еңселі шыңындай болып Жамбыл тұрады.

Тау мүжіледі, темір тозады, бірақ, халық мұңын мүңдаған, халық, қуанышын жырлаған шынайы, көркем жыр мүжілмек те, тозбақ та емес. Жамбыл жыры -- осындай жыр.
Жайқалған орман мен аласа дөңдер арасында, жазық даланың ағысы баяу өзендерінің көктемгі жағалауларында Россияның данышпан ақынына бір ауыздан және әр тілде қошемет көрсетілген бәрімізге қымбат А. С.Пушкин жерлерінен бүкіл халықтық достық пен поэзияның эстафетасы бейнебір Қазақстанның ұлан - байтақ жеріне, шыңдары мәңгі қар жамылған, өзендерінің қатты ағысы гүрілдеген асқар таулардың етегіне жеткендей болды. Үлкен карталарда белгіленбеген -- елеңді ауылға және Алматыға жеткендей болды. Мұнда біз туыстарымызбен, достарымызбен бірге ұлы Жамбыл алдында перзенттік парызымызды өтеп отырамыз.

Біздің бүгінгі мерекеміз -- поэзия мерекесі. Бірақ, біз поэзияны қаншалықты сүйгенімізбен, оған, жүрек әміршісіне, қаншалықты аса зор мән бергенімізбен, бұл атаулы күндердің мәнін тек бір поэзиямен, тек бір өнермен және тіпті бір ғана мәдениетпен айтып болмайды. Біздің мерекеміз -- республикамыздың гүлденіп көркеюінің мерекесі. Советтік Қазақстан терезесі тең бауырлардың тату семьясында қазір металымен, машиналарымен, рудасымен, көмірімен, құнарлы жерімен, жас қалаларымен, жаппай сауаттылығымен Ғылым академиясымен, орынды мақтан етіп отырған азаматтарының жоғары мәдениетімен, білім мен творчествоның барлық салаларындағы көптеген таланттарымен даңқты. Біздің мерекеміз -- халықтардың лениндік достығының гүлдену мерекесі, биылғы жылдағы ең үлкен салтанаттың -- Советтік Социалистік Республикалар Одағының елу жылдығының, көп ұлтты қуатты держава мерекесі алдындағы сәтті мереке. Жамбылдың аса ғажап халық ақыны болумен қатар, еңбек жыршысы, туысқандық пен достықтың жыршысы, Совет Одағының жыршысы, сүйікті Коммунистік партияның жыршысы болғаны тамаша емес пе!

Біздің көп ұлттық семьямыздың жыршыларына деген өзара құрмет пен сүйіспеншілік мотивтері Жамбыл творчествосында өте күшті. Оның Фирдоусидің социалистік мұрагері Ғасем Лахутимен шабытты үндесуі, оның Дағыстанның қанатты ашугі Сулейман Стальскийге арнаған өлеңі еске түседі. Жамбылдың Тарас Шевченко туралы өлеңі бейне бір бүгінгі таңда жазылғандай естіледі.

Біздің ақын Пушкинге тірі жандай екі рет үн қатты. Совет заманының теңдесі жоқ ақынының жүрек нәзіктігі мен керек ойы осы үннен айқын көрінеді. Оның қарапайым және, сонымен бірге, оңтүстіктің ыстық күні сияқты азаматтық әуенге толы өлендері, халықтардың туысқандығы туралы толғаулары бүгінгі таңда да біздің жасампаздық творчествомыздың шеруіндегі аңындың ұран болып естіледі.

Жамбыл отызыншы және қырқыншы жылдардың да, біздің уақытымыздың -- жетпісінші жылдарының да, ақыны. Өңменнен өтетін өткір, бірақ мейрімді және сәл мысқылшыл көзді, ақ сақалды дана шалдың бейнесінен, оның сабырлы және тапқыр сөздерінен, оның жас адамдарға деген әкелік ықыласынан, еңбек сүйгішгінен, өткендегіні өте жақсы білетіндігінен және сезімталдырынан халықтың таңдаулы қасиеттері айқын көрінеді. Бұл қасиеттер атақты күріш өсіруші Еңбек Ері Жақаевтан, тарыдан рекордты мол өнім алған шебер Шығанақ Берсиевтен де табылады. Бұл қасиеттер біздің ер жүрек диқандарымыз бен малшы-ларымыздан, шахтерлеріміз бен металлургтерімізден, ғалымдарымыз бен жауынгерлерімізден де табылады. Белгілі бір аймаққа ғана мәлім болған ауыл ақынының даңқы Қазақстаннан және бүкіл елімізден тысқары жерлерге тараған бүкіл халықтың ақынға айналғаны -- оның Совет дәуіріндегі өмірбаянының кереметі. Бұл -- халықтың алып таланттары оянған, ұлттың өнері, ұлттың әдебиеті қалыптасқан жылдар болды. Бұлардың өсуін халық творчествосының нәрлі бұлағынсыз көз алдыңа елестетуге де болмайды. Жамбыл даңқының осылайша тез һәм кенет тарауын осы тұрғыдан түсіндіруге және түсінуге болады.

Иә, ақын біздің заманымыздікі, әйткенмен оның түпкілікті өмірбаяны сонау XIX ғасырға үңілдіреді.

Кәне, қымбатты жолдастар, қысқаша болса да Жамбыл өмірінің елеулі беттерін ақтарып көрейікші.

Абай мен Жамбылды құрдас деуге болады. Тек өткен жылы ғана біз қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ақын Абайдың 125 жылдығын атап өттік. Олар біри - бірімен кездесер де, достасар да, кейіннен жеке творчестволарымен танысар еді, бірақ олардың өмір тағдырлары мүлде басқаша болды. Абай бала кезінен тек фольклормен, Шығыс поэзиясымен шектелмей, орыстың классикалық әдебиетімен кеңінен танысты. Ол бала шағынан сауда һәм әскери-әкімшілік қаласы ғана емес, Ертіс бойындағы орыстың демократиялық мәдениетінің орталығы -- Семейде болып жүрді.

Ал, Жамбылдың балалығы мен жігіттік дәурені көшпенділікпен өтті. ның шапырашты руы Жетісудың басқа қазақтары сияқты Қоқан хандығының қарауында болып, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының екінші жартысында ғана Россияның қарамағына кірді. Сол жылдары пайда болған Верный қаласы көп уақыт бойы патшалық Россияның кішігірім соғыс қамалы ретінде қала берді.

Ақынның ертедегі өлеңдеріне қарағанда, тіпті молданың өзі тек көк шыбықпен дәріс берген, ал, бала Жамбыл оның сабақтарынан қашып жүргенде, Абай Ахмет Ризаның көне медресесінде парсы поэзиясының классикалық үлгілерімен кеңінен танысқан.

Бірақ, Жамбыл бала кезінен халың творчествосының кәусар бұлағынан сусындап өсті. Ол дала жыршылары мен әңгімешілерін, ертегішілерін, ертедегі аңыздарын қызыға тыңдады. Ол Ұландай шешесінің ағасы, атақты музыкант һэм композитор. Қанаданның жолын қуды. Домбыра тартуды үйренді. Бала Жамбыл әкесінің рұқсатынсыз халықтың көне өнері - айтыс өнерін үйрену үшін өткен ғасырдың атақты ақыны Сүйінбайға барды. Сүйінбай өз шәкіртіне өткен замандардағы айтыстарды игермей тұрып, нағыз ақын болмайтындығын әрдайым айтып отырған.

Атақты ақын Жамбылға халық эпосын жаттатты. Жамбыл ен дүниенің ең қымбаты деп поэзияны сүйді.

Сапарың сәтті болсын, балам, халың қуана-қуана жаттап, мәңгі есінде сақтайтын өлең тудыр, сенің өлеңіңе жекелеген адамдар ғана емес, бүкіл халық сүйсінсін. Сенің өлеңің жүректен шығып, жүректен төгілсін. Шындықты айта отырып, теңдікті жырла, біреулер жүріп өткен жолмен жүрмей, өз соқпағыңды тап, айналаңда болып жатқан уақиғаға әділ баға бер. Сенің жаның ханның қазынасынан да бай болсын.

Жамбылдың есінде, ең озық шәкірті ретінде өз домбырасын берген Сүйінбай бейнесі осылайша қалды.

Менің пірім - Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сыйынбай.

Сырлы, сұлу сөздері,
Маған тартқан сыйыңдай.

Сүйінбай деп сөйлесем,

Сөз келеді бұрқырап,

Қара дауыл құйындай.

Өлеңдерін Жамбыл Сүйінбай есімімен бастайтын. Ол өз ұстазын ойша болса да айтысқа шақыратын, өйткені бұл кезде Жетісуға белгілі ақынның шеберлігі осы айтыстарда өсіп, жетілген еді. Жамбылдың бар кезінде фольклорымыздың бақытына қарай, сол поэтикалық сөз жарысының бірнеше текстері, атап айтқанда, ақын қыздар - Айкүміс пен Бөлек қатысқан екі айтыс қалпына келтірілді. Осы бірнеше поэтикалык, сөз жарысының ішінде Жамбылдың оған дейін ешкімнен жеңіліп көрмеген ақын құлан аяқ Құлмамбетпен айтысы ерекше орын алады. Арада жүз жылдай уақыт өтсе де, біз айтыстың поэтикалық шыншылдығына, өткір де шымыр сөз таласына, мінездемелердің образдылығы мен дәлдігіне сүйсінеміз.
Айтысушылар бір-бірін аямайды, тіпті айтыстың қызған кезінде дауласып та қалады. Бірақ, мәселе басқада -- айтыстан кейін ақындар өзара сыйластығын сақтайды.

Құлмамбет жас әріптесінен жеңілді, бірақ онымен бірігіп ауылдарды аралады. Жамбыл қазақ эпосын үйренумен болды, Құлмамбеттің шабытты өлеңін де ыждаһатпен тыңдады. Кейіннен де ол дарынды Сарыбаймен, керемет білімдар Досмағамбетпен, қызыл сөздің шебері Шашубаймен кездесіп, сөз жарыстырды. Және осы айтыстарда Жамбыл үнемі жеңіп шығып отырады.

Жамбыл сөз сайысында жеңімпаз болып қана қойған жоқ. Өз әріптестерін айтылған теңеулермен таңдандырып қана қойған жок, ол айтыстың бұрынғы дәстүрінде кездесетін адамның дене мүшесіндегі кем-шілікті де күлкі-әжуа ететін бір қақпай эпиграммаларды да қолданған жоқ, біздің шыншыл да, данышпан Жәкең одан биік тұрады. Айтыстарда ол әрдайым өз халқының жақсы ңасиеттерін, батырлар мен халық бақыты үшін күрескерлерді мадақтады. Айтыс тыңдаушылардың көз алдында үйреншікті арнасынан өзгеріп отырады. Жаңадан эпикалық поэма туады, тек осылайша Сұраншы батыр, осылайша Өтеген батыр дүниеге келген болар-ау. Осыған орай Қазақстанның филолог-ғалымдары алдында Жамбыл творчествосында эпикалық поэма жанрының қалыптасу негіздерін зерттеу проблемасы тұрғанын айта кеткім келеді. Осылай, күресте халықпен қоян-қолтық араласа жүріп Жамбыл өсе береді. Ол бүкіл Қазақстанға кеңінен тараған 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысынан ңалыс ңалған жоқ. Жамбылдың бауыр-лары, Жамбылдың достары, Жамбылдың өлеңдері Бекболат батыр бастаған көтерілісшілермен бір сапта болды. Дәл осы кезде патшалық озбыр әкімшілік -- басы Жамбыл болған тоғыз ақынды түрмеге жапты.

Түрме, өмірдің қиыншылықтары және жақындап қалған кәрілік өз дегенін істеді. Жамбыл төсек тартып, көзі бұлдырады, өзін енді ешқашан да жаңа өлең тудыра алмайтын, қаусаган шалмын деп ойлады. Бірақ, керемет өзгеріс болды. Бұл керемет қазақ даласындағы Ұлы Октябрьдің жеңісімен ұштасты. Жамбылдың өмірбаянынан қысқаша үзінді келтірейік: Мен 75 жасқа шыққанда, -- деп есіне алған еді ол, -- бойыма жаңа күш қосылғанын сездім. Мен төсектен тұрдым, таяқты тастап, қолыма домбыра алдым, жанарым ашылып, көзім оттай жанды, дауысым қатайып, күшім қайнады. Маған жастық жігер қайтып оралғанын сезіп, мен өлең айттым. Айнала төңірекке көз тастап, өз даламды танымай қалдым. Сол кезден бастап мен қайтадан атқа мініп, ауыл-ауылды араладым, жаңа өмірді жырладым. Мен халықпен бірге болдым.

Бүкіл Қазақстан, содан кейін бүкіл совет елі ақ сақалды Жамбылды білді. Оның домбырасы барған сайын әсем күмбірлеп, қарт ақынның поэзиясы батыл түрде ұлт шеңберінен асты. 1936 жылғы май айында Пранданың беттерінде Жамбылдың Туған елім деген поэмасы жарияланып, бұл поэма ақынның есімін сан миллиондаған оқушыға мәлім етті. Ақынды бүкіл халық таныды.

Жамбылдың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы сіңірген еңбегі мүлдем ерекше. Оның соғыс тақырыбына жазған өлеңдері бүкіл халық, жүрегінің тынысы, ақ сақалды дана әкенің сөзі ретінде естіледі. Ақынның майданға жолдаған хаттарының арасында Москва, Сталинград, Воронеж қаһармандарына, совет гвардияшы-марына, шын мәнінде, бүкіл халықтық ұранға айналған Лнинградтық өрендерім! деген өлеңі ерекше орын алды.

Жауынгер жазушы, Қызыл Флот теңізшісі Всеволод Вишневский Жамбылдың нақ осы өлеңі туралы шабыттана былай дейді: Ленинградтың ең ауыр күндсрінде -- 1941 жылғы күзде қадірменді Жамбыл бізге, қаланы қорғаушыларға арнап: Ленинградтық өрендерім, -- деп шабытты үндеу айтты. Біз бұл хатты көзімізге жас алмай, қуанышты толғаныс сезімінсіз оқи алмадық. Біз хаттың күшті, қосымша резервтей бағалы екенін сездік. Қазақстанның халқы бізге туысқандық сәлем, сүйіспеншілік пен достық жолдады, біз еселеген күшпен шайқасқа аттандық.

Ақынның жасы жүзге жақындап қалған еді, бірақ ол совет елінің бүкіл ерлік тылындай жұмыс істеді. Бәрі де -- Қарағанды шахтерлерінің үздіксіз вахтасы да, Қазақстан малшыларының қажымас еңбегі де, әкелік қамқорлық та, ана қайғысы да оның назарынан тыс қалған емес. Ол сталинградтық жауынгерлерге өлеңдерін жіберіп қана қойған жоқ, оның баласы -- Алғадай Волга қамалын қорғап, шайқаста қаза тапты.
1.2. Жамбыл - халық поэзиясының алыбы

Қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл туралы жеңіл де оңай және сөйте тұра - күрделі де қиын. Оның айтуға жеңіл себебі, Жамбыл - әлеуметтік, ақындық, тұрмыс - тіршілік жақтарынан алып қарағанда өмірде сирек кездесетін тұтас сом тұлға. Оның алып тұлғасын мүсінші өмір - бүтін бір жақпар граниттен қашап шығарғандай, суретші өмір - оның табиғи көркін бір түсті қалың бояумен айнытпай түсіргендей, ал композитор өмір - оған пәрменді үн беріп, симфониялық әуенге бөлегендей.

Жамбыл туралы айтудың қиындығы мен күрделілігі - оның өмірі мен творчествосы түгелдей қазақ халқының болмыс, тұрмысының диалектикалық өзгерісімен тығыз тұтастығында. Жүз жыл ғұмыр кешкен ақын қалайда туған халқының ең бір ірі тарихи асуын бейнелеуі керек болды. Өйткені, Жамбыл XIX ғасырда туып өсті де, XX ғасырда қайта туып, қайта жасағандай, өзінің дархан талантының тамаша қырларын ашты. Жамбыл Абай мен Некрасовтың, Маяковский мен Сейфуллиннің тұрғылас замандасы болды. Ұлы жыршыны зерттеудің күрделілігі мен қиындығының тағы бір себебі мынада: оның творчествосынан бүкіл халық тағдырының өзгерістері мен құбылыстары айнадай ақын көрнісі тапты. Сонымен қатар екі ғасырдың жартысы болған қарт ақын Россияның үш императоры тұсындағы халықтың тұрмысы мен аянышты халдерін бейнеледі. Ақырында ол отыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ж.Жабаевтың өмірі мен өнер жолы
Жамбыл айтыс шебері
Жабаев Жамбыл– қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Сүйінбай Аронұлы туралы
Жабаев Жамбыл (1846-1945)
Қырғыз бенен қазақтар
Жамбыл Жабаев туралы мәліметтер
Бейнелеу өнерін оқытудың негізі
Айтыс – сөз барымтасы
Жамбыл Жабаев өлеңдерін мектепте оқыту
Пәндер