Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Көркем еңбек пәні кафедрасы

“Көркем еңбек” пәнінен

Курстық жұмыс

Тақырыбы: “Фанера материалдарынан қобдиша жасау”

Орындаған: ҚанатовС. С

Ғылыми жетекші: Жалдыбеков Е. А

Орал - 2023 ж.

Мазмұны

Кіріспе3

1. Қобдиша. 4

1. 1 Қобдиша жасау үшін қажетті құрал- саймандар. 5

2. Ағаштың тарихы . 6

2. 1 Ағаштың физикалық және механикалық қасиеттері… . . . 12

2. 2 Ағашқа ою салу өнерi15

3. Бұйымды әрлеу. . 17

3. 1Өндіру технологиясы20

Қорытынды23

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 26

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Халқымыздың өмір-тіршілігінде ағаштан жасалатын бұйымдар өте кең таралған. Сонымен бірге, қазақтың тұрмыстық тұтынуындағы бүтін аспаптың түгелдерлігінің заты ағаш.

Себебі, ертеде қазақтың баспанасы киіз үйінен бастап, қарапайым қасығына дейін ағаштан жасалып отырған.

Неге десеңіз, ағаш бұйымдар ыңғайлы, пайдалануға тиімді, сонымен бірге ол тұрмыстық зат есебінде ғана емес, сән үшін де қолданылып, биік өнер дәрежесіне жеткізілген. "Алтынмен аптап, күміспен қаптап" дегендей, әр әулеттің жағдайына қарай зерлеп, әшекейлеп жасалған дүниені тұтынып келген. Ерте кездері бұл өнердің иесін ұста, он саусағынан өнер тамған шебер деп құрмет тұтқан. Қазіргі күні бұл кәсіп қолданбалы сәндік өнер деп айтылады.

Ерте заманда темір ыдыстардың қат кезінде даладағы малшы алдындағы қойын сауып жіберіп, отқа тасты қыздырып, ағаш тостағандағы сүтке қызып тұрған тасты салып жіберіп пісіреді екен. Мұны "қорықтық" болмаса "тас қорық" деп атаған.

Қазақтың ет тартатын астау-табағы, құрт езетін астауы, сүт, қымыз құятын шарасы, шөміш, саптыаяқ секілді барлық ыдыс-аяғы ағаштан жасалған. Оның ішінде сыйлы, қадірлі қонағына ұсынатын ыдыс-аяқтың жөні тіптен бөлек. Кейінгі кездері ел ішінде осы дәстүрді ұстанатын отбасылардың қатары көбейіп, ағаш бұйымдарды күнделікті тұрмысына қолдана бастады. Қазір қазақтың өз өнерін, байлығын өзіне көрсететін заман. Дегенмен, ағаш бұйымдары табиғи зат болғаннан кейін таза ұстап, орнымен қолдансаңыз ұзақ жылға шыдайды.

Ата-бабаларымыз ағаштың түрін, жай-күйін өте жақсы білген. Сондықтан, ыдыс-аяқты көбінесе ағаштың безінен, қатты жерінен жасап отырған. Ағаш ыдыс жарылып кетпеуі үшін оны майлап, май сіңіру керек. Сонда оның ішіне су сіңбейді. Екінші әдіс - оны құрсаулау. Күбінің, үлкен шара ыдыстың сыртын темірмен құрсаулап тастайды. Бұл да жарылып кетпеуден сақтайды және ыдыстың сырты, түбі әр затқа соғылып мүжіліп кетпесін дегеннен туған. Ағаш ұсталарының өздерінің арнайы құрал-сайманы бар. Олар ағаш шабатын шот, қашаудың түр-түрі, ыңғыру, үскі секілді құралдар. Бұрынғы уақытта ағашты иіу, жұмсартудың тәсілдері болған. Әкемнен естуімше, ертеде ағашты малдың қиымен араластырып, су құйып жерге көміп тастайды екен. Сол кезде ол қызады да, белгілі бір күйге жеткенде ағаш жұмсарады. Дәл осы сәтте қазып алып, тезге салып, өзіне қажетті қалыпқа иіп жасап алады. Міне, осындай күрделі әдіс-тәсілдердің арқасында бүгінгі күні адам баласының ойы жетпейтін дүниелерді жарыққа шығарып отырған.

Осындай ағаш бұйымдарының ішінде қобдишада елеулі орын алады. Қазақ халқының тұрмыс- тіршілігінде сандық, сандықша, қобдиша секілді атаулар керекті заттар мен тағамдарды, ұсақ- түйек заттарды салу үшін пайдаланылған бұйымдарға берілген. Қобдиша көбінесе қыз балалардың тұрмысқа қажетті ұсақ- түйек заттарын салуға арналған. Осы ретте қазіргі кезде қобдишаның пайдалану өрісі мен жасалу жолы бұзылғанымен, оны қайта жаңғырту біздің міндетіміз.

Зерттеудің мақсаты: Ағаштан жасалатын бұйымдарды зерттеу және насихаттау

Зерттеудің міндеттері:

- Ағашты өңдеу тарихын зерттей отырып, сәндік қобдиша жасау;

- Технология сабағында ағаштан бұйымдар жасап, оқушылардың шығармашылық қабілетін жандандыру әдістерін көрсету.

- ағаштан бұйымдар жасау барысында туындайтын қиындықтарды сараптау мен оларды шешу мүмкіндіктерін зерттеу.

Зерттеудің теориялық маңызы: технология пәнінде ағаш бұйымдарын жасаудың теориялық және әдіснамалық негіздері басшылыққа алынды;

Зерттеудің әдістемелік маңызы: технология пәнінде ағаш бұйымдарын жасау арқылы балаларды шығармашылыққа баулу басшылыққа алынды;

Зерттеу әдістері: педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі ағаштан жасалатын бұйымдар туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау, эксперименталды-диагностикалау әдістемелері.

Зерттеу көздері: педагогика, технология ғылымдарының классиктерінің еңбектері, жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Қобдиша

Қобди- ұсақ-түйек салатын кішкене сандықша. Бітеу ағаштың ішін текшелеп немесе сопақшалап қобылап, ойып алады. Бетіне қайыс топсалы немесе суырмалы қақпақ орнатады.

Құрастыру әдістері

1. Шегелеу

2. Бұрандалы шеге

3. Ағаш сынасы арқылы

4. Желімдеу

5. Ойма қиыстыру арқылы

Қобди жасау технологиясы

1. Сызғыш 6. Бұрандалар

2. Ағаш балға 7. Топса

3. Сүргі 8. Ілмектер

4. Ағаш арасы 9. Ою-өрнек ою әдістері

5. Темір арасы 10. Дайын бұйымды құрастыру

Сый кәделік қобдишаның жасалу технологиясы

1. Сандықтың негізі

2. Қақпағы

3. Құлып тілшесі

4. Топсалар

5. Екіжаны

6. Сандықтыңасты

Жағадансандығы

Жұқа ағаштан жасалынатын сырты терімен қаптанылады, тек бет жағы ғана әр-түрлі өрнектермен безендіріледі.

Фанерадан жасалатын қобдиша түрлері:

Музыкалық қобдиша, ақша сақтауға, хат жинауға, кеңсе тауарларына арналған қобдиша, сәндік қобдишалары.

1. 1 Қобдиша жасау үшін қажетті құрал- саймандар (ағаш өңдеу құралдары)

Ағаш өңдеу жабдықтары

Ағаш - қатты бағаны бар және ол бағаннан ұшар басын қалыптастыратын бұтақтары бар көп жылдық өсімдік.

Ағаш бұйымдары мен құрылыс жұмыстарын жасауға арналғн жабдықтар- араланған материалдарды дайындамаларға пішіндейтін тізбектер, өлшеп-кесетін және шетжақтайтын білдектер, кесектерді ұзындығы бойынша тұтастыратын тізбектер.

Ағаш жаңқаларынан жасалған тақтайлар- мочевинді және фенол формальдегидті шайырлармен байланыстырып ыссы күйде қысымдау арқылы ағаштың ағаштың жаңқаларынан жасалған материалдар.

Ағаш кесетін құралдар- ағашты механикалық кесіп өңдеуге арналған құралдар. Олардың түрлері: аралар (қол ара, механизацияланған, машиналық арнайыланндырылған) ; беттерді өңдеуге арналған құралдар (балталар, қашаулар, сүргілер, электрсүргілер, электржоңғыштар, ағаш өңдейтін білдектердің құрама бөлшектері пышақтар мен жоңғылар) ; ағаш бұйымдарда тесіктер жасайтын құралдар (қашаулар, бұрғылар, электрбұрғылағыштар) ; ойықтарды қашайтын шынжырлы құрылғылар т. б. ) .

Ағаш кесу өндірісінің жабдықтары- бөренелерді сұрыптап қажетті қималы араланған материалдар мен дайындамалар жасау үшін әртүрлі механикалық кесіп өңдеу жұмыстарын жасайтын құрылғылар.

Ағаш қоспасы- сумен араластырылған жаңқаларын диірменде ұнтақтау арқылы жасалған талшықты масса. Бұл зат қағаздарды, картондарды және ағаш талшықты тақталарды өңдіргенде жартылай өнім ретінде қолданылады.

Ағаш құрылымдары- толығымен немесе көбіне ағаш материалдарынан жасалған құрылыс құрылымдары (арқалықтар, фермалар, арқалар, жақтаулар, күмбездер т. б. ) . Ағаш құрылымдары өндіріс, тұрмыс, ауылшаруашылық т. б. ғимараттарды жабуға қолданылады. Сонымен қатар олар көпірлерде, эстакадаларда, электр энергиясын беретін желілерді тіреуде т. б. құрылыстарда қолданылады. Ашық ауада қолданылатын ағаш құрылымдар шіруден сақтайтын заттармен қанықтырылады. Ағаш құрылымдардан жасалған тетіктер, өзара қашалған кертіктер, кілтектер, шегелер, бұрандалар, металдан жасалған бекіткіштерді енгізу арқылы және желімдеу арқылы байланыстырылады.

Ағаш материалдарды тілетін екі қабатты жақтау - механизацияланған ағаш аралайтын ағындарда ұзындықтары 3 . . . 7 м келетін бөренелер мен сырықтарды бойлай тілуге арналған құрылғы. Тілінетін бөренелердің диаметрлері мен сырықтардың қалыңдықтарының ең үлкен өлшемдері 240 . . . 700 мм.

Ағаш материалдары - табиғи сүректі байланыстырғыш заттармен (мысалы, синтетикалық шайырлармен) қанықтырылып, желімдеп жапсырып, жоғары температурада қысымдап жасалған құрылымдық және әртүрлі жөндеу жұмыстарын жасайтын материалдар.

Ағаш материалдары, ағаш түржиындары- табиғи құрылымы мен химиялық құрамын сақтаған ағаштан істелген материал.

Ағаш шеберлік-ұсталық құралдар

Құрылыс материалдарды өңдеу үшін қолданылатын қолмен атқаратын немесе механизацияланған құралдар. Бұларға кесетін, өлшеп белгілейтін және қосымша құралдар жатады. Қолмен кесіп жұмыс істеуге балталар, аралар, сүргілер, қашаулар, бұрғылар т. б., ал механизацияланған, қолмен жұмыс істеткізетін пневматикалық және электрлік жетектері бар машиналар (шынжырлы, дискілі және таспалы аралар сүргілер), қашаулар, бұрғылаушы машиналар т. б. ) жатады. Өлшеп белгілейтін құралдарға метрлер, сызғыштар, бұрыштамалар рулеткалар, тіктеуіштер, кронциркульдер, ішөлшегіштер, сызыққұралдар т. б. жатады. Қосымша құралдарға балғалар, бұрауыштар, сомын кілттері, тістеуіктер, атауыздар, қысқаштар т. б. жатады.

Ағаш шеберханасы- ағаш материалдарынан бұйымдар жасайтын шеберхана.

Ағаш шебері- сүрек материалдарынан әртүрлі бұйымдар (терезе жақтаулары, ірге бастырғылары, жақтау маңдайшалары, бөлмелердің немесе ғимараттардың ішкі жабдықтарының элементтері, жиһаздар т. б. ) жасайтын ұста.

Ағаш шебері (Ағашшы ) - ағаштан түрлі тұтыну бұйымдары мен үй жиһаздарын жасайтын маман. Ағаштан түйін түйетін шеберлерді төрт топқа бөліп қарастыруға болады: балташылар - үй құрау, арба, шана, есік, терезе жақтауларын тағы басқа жасаушылар; үйшілер - киіз үйдің кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, адалбақан, асадал сынды тағы басқа бұйымдарын жасаушылар; оймашылар - жүкаяқ, кереует, кебеже, абдыра, саз аспаптарын оюлап жасаушылар; тоқушылар - себет, ергенек, қорап тағы басқа тұрмыстық бұйымдарын тоқушылар.

Ағашшы күнделікті тұтынатын ас-су жабдықтарын: тостаған, аяқ-табақ, сапты аяқ, ожау, қалақ, иіелек, күбі, астау, ат әбзелдері (ердің қаңқасы, ашамай), үй жиһаздарын: жүкаяқ, кебеже, сандық, асадал, адалбақан, аша, бақан, тіреуіш, төсек, бесік тағы басқа дүйім дүниені жаcaп, мәнерлейді. Ағаштан жасалған бұйымдар төзімді, әрі жеңіл болғандықтан, қазақ көшпелі тұрмысында қолдануға ыңғайлы болды.

Ағаш тасуға ыңғайлы болғандықтан ағашшы үйін орманға жақын жерге салған. Ағашшы кәсібімен айналысатындар қайың, арша, қарағай, тораңғы сияқты ағаштарды таңдап алып, көлеңке, әрі кұрғақ жерде кептіріп, жонып сүргілейді. Ағашты кесу, тесу, ою, ыңғырулау, өңдеу, дайын болған соң, бояу, оюлау, бедер салу сияқты істерге кіріседі. Ағаш үйдің уығын морлап ию, керегені қырып көктеу, шаңырақ ию, есік үйлестіру сияқты тәсілдер де кең қолданылды.

Ағаш шебері өздері өмір сүрген табиғи ортадан керегін тауып, таңдап, қажетті бұйымдар жасай білген. Ағаш желімін де қолдан қайнатып дайындаған. Сөйтіп, ағашшылар өздері жасаған бұйымдарды сатып немесе малға, тағамға айырбастап, кәсіпшілігімен күн көрген.

Ағаш шеберлік аспаптары - ағаш ұқсату, өңдеу жұмыстарына қажетті саймандар. Кез келген жұмысты бастар алдында ағаш шебері кұрал-саймандарын сайлап алады.

Ағаш ұсталары кұрал-саймандарын кесу, шабу, қию, жону, керту, ою, оймыштау, қырнау, қыру, тесу, сургілеу, тілу, қару, бояу, жылтырату, сырлау, шегелеу, желімдеу және тағы басқа жұмыстарда қолданды.

Ағаш шеберінің негізгі құралдары мыналар: балта, балға, ара, шот, сүргі, бұрғы, түрпі, тез, қашау, шапқы, қырғыш, ұңғы, ыңғыру, сыдырғы, егеу, тістеуік, үскі, пышақ түрлері және тағы басқа ағаш шеберінің аспаптар қатарына ағаш балға, шот, атауыз (қысқы), аталғы, пышақ, пәрмі, қолшығыр, балға, ағаш балға, ұртоқпақ (қолағаш), қырғыш, сүмсуір, қаламдықтемір (көзеуіш), ақсақтемір, қайрақ, білеу, қылау, жануыш, сүргі, зімпара, бұлғауыш, қылқалам, қуысқұлақ, белтемір, інкенже, жаңғырық, сына жатады. Бұлардың кейбірі сайманды ұруға (ағаш балға, ұртоқпақ (қолағаш), екіншісі - өлшеуге (ақсақтемір) немесе кұрал-сайманды қайрау немесе астына тосып салу (жаңғырық, сына) сияқты жұмыстарға пайдаланылады.

Ағашты аршу- аршылау білдектерінде немесе қол құралмен ағаштың діңінен қабығын ажырату. Бұл сүректі химиялық немесе механикалық өңдеуге дайындық ретінде жасайтын негізгі операцияның бірі. Аршудың үш түрі болады: тұрпайы, таза аршылау және жарым-жартылай. Тұрпай аршылау кезінде бөрененің тек қана қабығы ажыратылады да, ал жарым-жыртылай (бетінің 95 пайызына дейін) талшығы тарамдалып тұратын қабығы алынады.

1. Ара - Ағаш кесу үшін қолданылатын құрал.
2. Аталғы - Екі қолмен ұстап, ағаштың қабығын аршитын қисық пышақ.
3. Байтесе - Шаңырақ ағашын беттеп шауып, белгілі қалыпқа келтіретін құрал.
4. Балта - Өткір жүзді, ағаш шабатын сабы бар құрал.
5. Жоңғы - Ағаш жонатын құрал.
6. Қобы - Ағаштың бетін оюлап, өрнек салуға арналған аспап.
7. Қолағаш. - Қазық, қада қағуға арналған құрал, тоқпақ.
8. Қуысқұлақ - Ағашты үңгіп шабу үшін, екі шетін ішіне қарай иілдіре жасайтын шот
9. Мор - Үйшілердің ағашты қыздырып, ию үшін қойдың қиын тұтатып,
бықсытып жаққан оты бар шұңқыр жер.
10. Пышқы - Араның ағаш кесетін кішірек түрі.
11. Сарнақ - Киіз үй сүйегіне (уық, кереге) сыздық салатын, әр жерінде тісі бар құрал
12. Сүргі - Ағашты өңдеу, тегістеу үшін қолданылатын құрал.
13. Сықауырын - Тезге салған ағашты қатты қысып, басып тұрып, түзейтін не бүгетін ағаш
құрал
14. Тез - Киіз үй сүйегін: уық, кереге т. б. жасалатын ағаштарды морланғаннан
кейін, түзейтін не бүгетін ағаш құрал.
15. Ұңғуыр - Ағашты ұңғып, белгілі қалыпқа келтіретін құрал.
16. Үскі - Ағашты тесетін іші қуыс біз.
17. Шапашот - Имек ағашқа сапталған, ағаш шабатын құрал.
18. Шот - Ағаш шабатын құрал шапашот

2. Ағаш тарихы

Ағаш ежелден маңызды құрылыс материалы болып табылады, оның кең пайдалануын тығыздығы аз ғана болғанмен, беріктігі жоғарлығы, жылу өткізгіштігінің төмендігі, өндеуінің жеңілдігімен түсіндіруге болады. Сонымен қатар ағаштың айтарлықтай кемшілігі бар. Олар: әртүрлі бағыттағы қасиеттерінің әркелкілігі, оңай шіруі, жоғары сусорғыштығы, санқила ауруларының болуы.

Ағаш - көп жылдық өсімдік. Ол діңнен, бұтақтар мен тамырлардан тұрады. Ағаштың діңі басты және барынша құнды бөлігі, діңнің құрылымына ағаш құрылыс материалы ретіндегі сапасы тәуелді. Діңнің ағашы әр бағытта әртүрлі құрылымда болады. Тегінде ағашты үш түрлі тілік бойынша қарайды. Олар: көлдеңен, радиалды ұзын бойына (диаметрі немесе радиусы бойынша) және тангентальды ұзын бойына (хорда бойынша) .

Ағаш құрылымын жай көзбен немесе микроскоппен зерттеуге болады.

Жай көзбен макроқұрылымын, микроскоппен микроқұрылымын білуге болады.

Макроқұрылымы; қабық, ағаш, камбий және өзек.

Микроқұрылымы: әртүрлі мөлшердегі және түрдегі көптеген тірі және өлі клеткалар. Тірі клетка қабық, протоплазма мен өзек. Атқаратын қызметіне қарай ағаш клеткалары өткізуші, механикалық, кор жинаушы болып бөлінеді.

Ағаш өңдеу технологиясы

Технология - қоғамғақажетті заттарды дайындау барысында техникалық әдістерді және еңбек түрлерін қолдану туралы ғылым. Мақсаты- адам еңбегімен құралдар қызметін аз мөлшерд е қолдану және шыққан шығынды қысқа мерзімде қайтару.

Технологиялық процесс - өндірістік процесстің бір бөлігі, өндірістік заттың өзгеру стаысын білдіруші.

Ал технологиялық жүйе, жалпы айтқанда, технологиялық машинаның, жабдықтардың, құралдардың және өңделмелі нәрсенің бірігіп жұмыс істеуінен тұрады.

Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу

Ағаш өңдейтін тәсілдердің екі түрі бар, олар: кесу және қысу. Ағаш материалдарын кесу арқылы өңдейтін машинаны станок деп, ал қысу арқылы механикалық тәсілмен өңдейтін машинаны пресс деп атайды.

Кез келген станок қозғаушы, жеткізуші және атқарушы механизмдердің, сондай ақ басқару реттеу мен бақылау механизмдерінің кешенді жиынтығы болып табылады. Қозғаушы механизм (қозғаушы тетік) қуаттың өзге түрлерін (электр, химия) қозғалыстың механикалық қуатын айналдыру үшін қажет. Станоктар электрлік, гидравликалық, механикалық, пневматикалық және басқа жетек түрлерімен іске қосылады. Жеке электр жетегі бар станоктар неғұрлым кеңінен тараған. Жеткізуші механизм қозғалыс параметрлерін қозғаушы тетіктен (қозғалтқыштан) атқарушы механизмдерге жеткізу және өзгерту үшін қызмет етеді. Станоктың атқарушы механизм кесу мен беріліс жөніндегі жұмысшы қозғалысын қамтамасыз етеді. Кесудің басты қозғалысын жеткізуші механизм (басты жетек) жұмысшы біліктің айналысын іске қосуға арналған. Механизм қозғалысының екі түрлі сұлбасы бар. Бірінші жағдайда, қозғалыс қорғаушы тетіктен (қозғалтқыштан) жұмысшы білікке бірден жеткізіледі. Мұндай кезде кескіш аспап қозғаушы тетік білігінің айналу шапшандығына тең шапшандықпен айналады. Сондықтан оның айналу шапшаңдығын өзгерту мүмкін емес. Ал екінші жағдайда, қозғалыс қозғаушы тетіктен (қозғалтқыштан) жұмысшы білікке жеткізуші механизм арқылы беріледі. Бұл механизмнің көмегімен қозғалыстың өлшемдерін өзгертуге болады. Беріліс механизмі дайындалған ағаш материалдарын немесе аспапты өңдеу кезінде бір орыннан екінші орынға жеткізіп беруді қамтамасыз етеді. Беріліс механизмі қозғалысының қуат алатын қайнар көзі жеке немесе басты қозғаушы тетік болуы мүмкін, ал қозғалысты жеткізіп беріп, іске қосу жеткізуші механизмдердің көмегімен жүзеге асырылады. Қозғалысты жеткізуші механизмдер құрылымы жағынан белдікті, шынжырлы, тісті жеткізушілер деп бөлінеді. Қозғалысты беріліс механизміне жеткізу үшін көбіне бұрандалы, білтелі және басқа механизмдер қолданылады. Беріліс механизмі құрылым жағынан айналмалы біліктер, конвейрлі таспалар, шынжырлар, шынжыр табанды болып жасалуы мүмкін.

Басқару және реттеу механизмдері кесу мен беру шапшаңдығы, кесу тереңдігі сияқты негізгі көрсеткіштерді жөнге келтіруді, реттеп отыруды қамтамасыз ету үшін қажет. Бақылау механизмдері өңдеу ісінің мөлшері үлгісін, сапасын өлшеу мен бақылау қызметтерін, сондай ақ бұйымдардың санын есептеу, салмағын анықтау, түр түрін іріктеп, сұрыптау сияқты қызметтерді атқарады.

Әр станоктың құрамында мынадай негізгі құрылымдық бөлшектер бар: станок орнатылатын негізгі жұмыс үстелі, жұмыс білік, кескіш аспап. Ал қосалқы құрылғыға мыналар жатады: қоршау, бағыттаумен және қысып ұстайтын құрылғылар, тоқтату жүргізу тетіктері, май жағуға арналған тетіктер т. б.

Станок орнатылатын тіректі негіз көбінесе шойыннан құйылып жасалады. Оған станоктың барлық бөлшектері орнатылып, тұрақты, берік, тұруы қамтамасыз етеді.

Жұмыс үстелі дайындалған ағаш материалдарын өңдеу үшін қажет. Құрылымдық жағынан ондай үстемдер бір орыннан қозғалмайтын тұрақты, жазылмалы т. б. болып келеді. Жұмыс үстелі көбінесе беті тегістеліп дәл өлшенген, жылтыр тақта түрінде шойыннан жасалады. Жұмысшы біліктер жанып жону тәсілмен болаттан жасалады. Олар өзінің құрылым жағынан алуан түрлі болып келеді.

Ағашты механикалық тәсілмен өңдеудің технологиялық процесі

Технологиялық процесс өндірістік процестің бір бөлігі болып табылады. Ол өндірістік шикізат пен материалдың мөлшерін, түрін немесе қасиетін өзгертумен тікелей байланысты жүргізіледі. Ағаштан түрлі бұйымдар жасаудың технологиялық процесс бірнеше кезеңге бөлінеді. Олар: материалдарды кептіріп құрғату, дайындауға арналған ағаш материалдарын өлшеп кесу, дайындалған ағаш материалдарын дұрыс үлгі мен дәл өлшемдерге келтіру үшін механикалық тәсілмен өңдеу, дайындалған құрамдас ағаш материалдарын бір-біріне желімдеп жапсыру мен шебіктеу, тазартылған ағаш материалдарын ақтық үлгіге келтіруге үшін механикалық тәсілмен өңдеу, бөлшектерді бір тұтас құрастырылған бірлік өлшеміне жинақтау, оларды механикалық тәсілмен өңдеу, дайын болған тұтас бұйымды біржола өңдеп бітіру.

Технологиялық процестің бұл сатының кезеңдерінің реттілігі бұл сатының кезеңдерінің реттілігі бұйымның құрылымына, шикізаттың түріне, өңдеу жұмыстарының тәсілдеріне, өндірісті ұйымдастыру ісіне, механикаландыру құралдарына байланысты жағдайларға қарай өзгеріп тұрады. Технологиялық процестің әрбір сатылық кезеңінде жұмыстың белгілі бір түрлері мен технологиялық операциялар атқарылады.

Операциялар өңдеу жұмыстарының сипатына және станоктың түрлеріне қарай өтпелі немесе позициялы болады. Өтпелі операциялар кезінде дайындалған бөлшекті өңдеу процесі станоктың бір шетінен екінші шетіне дейін өтеді. Ал позициялы операциялар кезінде бөлшек станокқа тапжылмай етіп мықтап бекітіледі де, кескіш аспап іске кіріседі.

Технологиялық операцияларды атқару тәсілдерінің құрылымы жұмыстың түріне, станоктың түріне, бөлшектердің құрылымына және басқа жағдайларға қарай өзгеріп отырады. Мысалы қондырғылар мен позициялар тек қана позициялы операциялар кезінде, ал өткелдер мен өтпелілік тен өтпелі операциялар кезінде орын алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүректі механикалық өңдеу тәсілі
Ағаш конструкциялары және материалдары
Ағаш өңдеу токарь станогын оқытудың әдістері мен формалары
Ұлттық ою – өрнектердіқолдануарқылы бесік жасау технологиясы
Ағаш діңінен жасалатын әсемдік бұйымдар
Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Білім туралы заңы
5-7 сынып оқушыларына технология сабақтарында ағашты өңдеудің әдістемесі
Жоғары сынып оқушыларына ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы технологиямен өңдеуге үйрету әдістемесі
Қос қолды пышақ
Мектеп оқушыларының ептіліктері мен іскерлік қабілеттерін қалыптастырудың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz