Адам өлтірудің қылмыстық құқықтық ұғымы
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі, жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтан бұрын, криминология ғылымының зерттеу саласы болып табылатын қылмыстылық ұғымының мәнін ашу маңызды болып табылады. Қылмыстылықтың анықтамасын көптеген ғалымдар берген және ол өте көп десек болады. Олар көбіне ғалымдардың фәлсафалық көзқарастарының жиынтығынан және де әлеуметтік мектептер мен бағыттарынан, құқықтық көзқарастарымен кейбір жағдайларда діни көзқарастарының ұстанымдарына сәйкес келіп жатады.
Криминология ғылымының барлық әдебиеттерін де, курстарында және де монографияларда қылмыстылықты әлеуметтік құбылыс деп санап, оның шығу тарихына, таптың бөлінуіне және де қылмыстылықтың сандық және сапалық тұрғыда зерттелуіне көп мән берілген.
Зерттей келе, қылмыстылық ол ең біріншіден адамдардың әлеуметтегі теріс пиғылды жүріс-тұрыс ережесі және де оның қалыпты қоғамдық қатынастарға тигізер зияны туралы ұғым екендігін жеткізгім келеді.
Осы ретте, статистикаға көзжүгіртсек Қазақстанда қылмыс азайып келеді, немесе, ең болмағанда, оның көрінетін бөлігі -- құқық қорғау органдары қылмыс фактілері бойынша қылмыстық іс қозғай отырып, қоғамға көрсетіп және де қанша қылмыстық құқық бұзушылық болғанын тіркейді.
Алматыда кісі өлтірудің ең төменгі деңгейі байқалды және де адам өлтіру қылмыстарының тек 76,9% ғана ашылған, бұл дегеніміз адам өлтіру қылмыстарының ашылу деңгейінің төмендегенін білеміз. Салдарынан көптеген адам өлтіру қылмыстары латентті қылмыстарға айналған.
Сонымен ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша елімізде 537 кісі өлтіру және кісі өлтіру әрекеті тіркелді - бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,4% - ға артық. Оның ішінде кісі өлтіру бойынша 356 адам өлтіру жағдайы тіркелді, адам өлтіруге дайындық пен қастандық жасау саны бойнша - 181 жағдай тіркелді. Ranking.kz. сайтына сілтеме жасалып жазылды.
Өткен жылмен салыстыратын болсақ, яғни 2021 жылмен елде 491 адам өлтіру қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген болатын, 2022 жылмен салыстырғанда минус 5,8% аз тіркелген. Бұл жақсы статистика деп айтсақ болады.
Солардың ішінде, жаңа туған нәрестелерді аналардың өлтіруінің төрт жағдайы, қажетті қорғаныс шегінен асқан кезде жасалған кісі өлтірудің бес жағдайы, абайсызда 28 өлім, 858 өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу жағдайлары тіркелген болатын. Бұл жағдай қоғамда әлеуметтік қайшылықтың басым болып тұрғанын, халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасының төмен екенін білдіреді.
Айтар болсақ, 2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында барлығы 124 383 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 105 847 -- қылмыс, аса ауыр -- 1 828, ауыр -- 30 079, орташа және онша ауыр емес-73 930.
Ал 2022 жылдың 10 айының ішінде 140592 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8% - ға артық (138093), оның ішінде 86,0% немесе 120985 - қылмыс, 14,0% немесе 19607 - қылмыстық теріс қылық жасалған болатын.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көбі еліміздің келесі өңірлерінде тіркелген болатын:
Алматы қ. (30697), Астана қ. (15703), Шымкент қ. (8603), Алматы (11243), Қарағанды (8823) және Шығыс Қазақстан (7343) облыстары.
Қылмыс ауырлық дәрежесі бойынша келесі динамикамен тіркелген болатын:
* Аса ауыр қылмыстар бойынша 0,2% - ға төмендеу (1962 жылдан 1965 жылға дейін);
* Ауыр қылмыстар бойынша өсім 14,8% - ға (33408-ден 38361-ге дейін);
* Орташа ауырлығы бойынша 2,7% - ға төмендеу (61668-ден 60017-ге дейін);
* Ауырлығы төмен өсім 1,8% - ға (20288-ден 20645-ке дейін);
Қылмыстардың жекелеген құрамы бойынша динамика тіркелді:
* Кісі өлтіру (ҚР ҚК 99 - бабы) - 6,7% - ға төмендеу (491-ден 458-ге дейін);
* Ұрлық (ҚР ҚК 188, 188-1 - баптары) - 5,7% - ға өсу (50498-ден 53386-ға дейін) байқалады;
:: Алаяқтық (ҚК 190 - бабы) - 7,1% - ға өсу (37286-дан 34803-ке дейін);
* Тонау (ҚК 191-бабы) - 3,0% - ға төмендеу (2201-ден 2134-ке дейін);
* Қарақшылық (ҚК 192 - бабы) - 22,4% - ға төмендеу (192-ден 149-ға дейін);
* Бұзақылық (ҚК 293 - бабы) - 7,8% - ға төмендеу (2218-ден 2044-ке дейін);
* Бопсалау (ҚК 194-бабы) - 20,1% - ға өсу (268-ден 322-ге дейін);
:: Зорлау (ҚК 120 - бабы) - 28,2% - ға төмендеу (581-ден 417-ге дейін);
* Есірткіге байланысты қылмыстар (ҚК 296-303 - бабы) - 6,8% - ға төмендеу (6510-дан 6069-ға дейін).
2021 жылы Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан өз позициясын 37 балл жинап, 180-ден 102-ші орынға жоғарылады, яғни жемқорлық қылмыстарында байқалады.
Салыстырып қарасақ, қылмыстың ең жоғары деңгейі елдің экономикалық белсенді аймақтарында тіркелген. Криминогендік қалалар мен облыстардың бестігіне Алматы, Астана, Алматы және Қарағанды облыстары, ШҚО кіретіні мені қатты мазалайды. Бір Алматы қаласының өзінде жылына шамамен 50 000 (елу мың) қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелуі, Алматы халқының экономикасына қатты соққы.
Қазақстан Республикасындағы 2020 жылғы 2-тоқсандағы қылмыстың жай-күйіне тоқталсақ.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректері бойынша 2020 жылдың 2 тоқсанында 87 984 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34,0% - ға аз. Дегенмен кримоногологиялық қылмыстық детерминацияның төмендегенін байқауға болады.
Аталған статистиканы арыда қарастырсақ, Республикада қылмыс деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда 94 тіркелген қылмысты құрады. Облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде қылмыстың 10 мың тұрғынға шаққандағы неғұрлым жоғары деңгейі Алматы, Шымкент, Нұр-сұлтан қалаларында, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында, ең төмені-Түркістан облысында байқалды.
Осы статистиканы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 76,9% - ға артты. Қылмыстар құрылымында олардың үлесі тиісінше 27,2% (2019 жылғы 2 тоқсанда - 10,2%), орташа және онша ауыр емес - 43,7% (65,2%) және 14,9% (13,6%) құрағанын байқаймыз.
Статистикалық зерттеуді ары қарастырсам, 2020 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша тіркелген қылмыстардың ішінде ең көп үлес салмақты меншікке қарсы қылмыстар алады - 72,8% (2019 жылдың 2 тоқсанында - 78,8%), олардың басым бөлігін бөтен мүлікті ұрлау құрайды - 36,9 мың жағдай (74,8 мың жағдай). Айта кететін тағы бір жәйт, қылмыстардың осы тобында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Қылмыстық жолмен көрінеу табылған мүлікті сатып алумен немесе өткізумен байланысты жағдайлардың 91,9% - ға өсуі байқалады, яғни жемқорлық қылмыстарының өсуін көреуге болады.
Басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтарды алып қарасақ, жеке тұлғаға қарсы қылмыстар саны 5 368 жағдайды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8% - ға аз. Зорлау - 32,9% - ға, адам саудасы - 16,6% - ға, адам ұрлау-10,7% - ға, қауіп-қатер-6,3% - ға төмендегені байқауға болады. Қылмыс детерминациясы немесе динамикасы бір жерде төмендесе бір жердежоғарылағанын байқауға болады.
Сонымен қоса, өз-өзіне қол жұмсауға байланысты қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,7% - ға артқанын байқаймыз.
Ал енді, адам өлтіру қылмыстарына тоқталсам, Республикада адам өлтіру деңгейі 100 мың адамға шаққанда 2,4-ті құрайды. Облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде 100 мың тұрғынға шаққанда кісі өлтірудің ең жоғары деңгейі Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Ақмола облыстарында байқалады, бұл дегенімізосы өңірлерде қылмыстық алдын алу шараларын нығайта түсуді талап етеді, превентивтік әдістерді, шараларды көбейту керек, ең төменгісі - Шымкент қаласында байқалды, бұл дегеніміз жақсы көрсеткіш, адам тығыз олрналасқан өңірлерде адам өлтіру қылмыстарының азаюуы жалпы қылмыстылықтың төмендегенін байқата ды және де қылмыс динамикасның төмендегенін көре аламыз. Ол дегенміз халықтың әлеуметтік жағдайының жоғарылағанын байқатады. Себебі, қылмыс дегеніміз ол ең біріншіден әлеуметтік құбылысы.
Келесі статистиканың бір бөлімімен таныссақ, Республиканың құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 40,6 мың адамды анықтады (2019 жылғы 2 тоқсанға қарағанда 20,6% - ға аз), 19,2 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды (2,1% - ға көп). Қылмыс жасаған барлық анықталған тұлғалардың басым бөлігін жұмыссыздар құрайды - 83,0% (2019 жылғы 2 тоқсанда - 83,1%), бұл дегеніміз жұмыспен қамту саласындағы кемшіліктердің көп екеніндігін байқаймыз. Азаматтарды жұмыспен қамти алмауымыз олардан потенциалды қылмыскерлерді шығарып жатқанымыз көңілге қаяу тудырады. Осындай шұғыл даму заманында тұрғанда, өз азаматтарымыздың жұмыссыз қалып, әлеуметтік тұрғыда қорғай алмауымыз сол азаматтар алдында барлығымыздың жауапты екенімізді айтқым келеді. Яғни, қоғам болып моральдық тұрғыда кінәміздің бар екенін білуіміз керек.
Жалпы алғанда, орта есеппен Қазақстан бойынша қылмыс жасаған әрбір жетінші адам алкогольдік масаң күйде, ал әрбір сегізінші адам қылмыстық топ құрамында қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көреміз. Бұдан шығаратын түйін, қылмыстық топтардың ұйымдасуына қолайлы жағдайдың туындағанын байқап отырмыз, сол себепті ұйымдасқан қылмыстық топтардың алдын алуда құқық қорғау органдарының қызметінің нәтижелі қызметіне байланысты екенін қоғам біліп отыр. Сонымен қоса, Қазақстан Республикасы алкогольдік ішімдіктер пайдаланудан да алдыңғы елдер қатарында тұрмыз, оның да қылмыс динамикасына әсерін статистикадан байқап отырсыздар, әрбір жетінші адам қылмысты мас күйде жасайтыны анықталып отыр. Осы салада да ел азаматтарының салауатты өмір салтын ұстануға баулуда көп кемшіл тұстарды байқасақ болады. Мысалға, жаппай спортпен айналысуға көп азаматтардың қаражаты жетпейді, соның ішінде жас өспірімдер мен жастарды спортқа баулу ақсақтап тұр. Соның нәтижесі елімізде ішімдік ішетіндер саны артып, ол өз кезегінде қоғамға теріс әсерін тигізіп қылмыс динамикасына кері әсерін беруде.
Осы сәтте, қылмыс жасаған адамдардың жалпы санынан 965 адам немесе 2,4% - кәмелетке толмағандар екенін атап кеткен дұрыс, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,4% - ға аз екенін де байқауға болады.
Сәйкесінше, олардың ішінде жас кезінде қылмыс жасағандар:
14-15 жас - 172 (2019 жылғы 2 тоқсанда - 326) тұлғалар немесе кәмелетке толмаған құқық бұзушылар санынан 17,8% (21,8%) ;
16-17 жас-793 (1 167) тұлға немесе тиісінше 82,2% (78,2%).
Зерттеудің тәжірибелік маңызы ретінде адам өлтіру қылмыстылығының детерминациясын өсуін тоқтату, адам өлтіру қылмысының алдын алудағы жаңа ұсыныстарым және де адам өлтіру қылмыстарымен күресуде өз ұсыныстарым жаңалық өзегі бола алады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты -- оның тақырыбына байланысты мәселе жөніндегі ғылыми жетістіктер мен тәлімді тәжірибелерді іс жүзінде жүзеге асыру.
Негізгі мақсаты ретінде адам өлтіру қылмысының сараланған құрамының қылмыстық-құқықтық мәселелерін толықтай ашып, оған құқықтық баға беру. Сәйкесінше осы мақсатты жүзеге асыру жолында мынандай міндеттерді алдыма қойыдым:
Адам өлтірудің заңдыұғымын ашы;
Адам өлтіру қылымыстық құқық бұзушылығының құрамын және элементтерін нақтылау;
Адам өлтіру қылмыстық құқық бұзушылығының жіктеу және ауырлататын жағдайда адам өлтіру оқиғаларын дұрыс саралау;
Зерттеу обьектісі. Дипломдық проектіде зерттеудің объектісі --
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес адам өлтірудің теориялық және тәжірибелік тұрғыдағы зерделену маңыздылығы.
Зерттеудің пәні -- адам өлтіру соның ішін де жәй адам өлтіру және ауырлататын жағдай да адам өлтірудің ара жігін анықтау.
Зерттеудің теориялық негізін. Дипломдық зерттеудің теориялық негізін: Кудрявцева В.Н., Эминова В.Е. Криминология, Андреева Л.А. Квалификация умышленных убийств, совершенных при отягчающих обстоятельствах. Ленинград, 1989, Аниянц М.К.Ответственность за преступления против жизни. Москва, 1964, Беляев В.Г., Свидлов Н.М. Вопросы квалификации убийств. Москва. 1984 және басқа да ғалымдардың еңбектері құрайды.
Дипломдық жұмыста зерттеудің әдістемелік негізін жалпы ғылыми (талдау, синтез, жүйелі-құрылымдық және т. б.), жеке ғылыми (нақты-әлеуметтік, қи- сынды заңдылық, тарихи-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық) зерттеулер мен әдістер құрайды.
Кудрявцева В.Н., Эминова В.Е. Криминология, Андреева Л.А. Квалификация умышленных убийств, совершенных при отягчающих обстоятельствах. Ленинград, 1989, Аниянц М.К.Ответственность за преступления против жизни. Москва, 1964, Беляев В.Г., Свидлов Н.М. Вопросы квалификации убийств. Москва. 1984 және басқа да ғалымдардың еңбектері құрайды.
Құқытық нормалардан Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қылмыстық кодекске комментарий редакциясы И.Борчашвили, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының нормативтік қаулыларынан тұрады.
Тақырыпты жан-жақты зертеп, адам өлтіру қылмыстарының алдын алуда стаистикаға жүгініп, оған анализ жасадым деп білем. Зерттеу барысында қайсы өңірлерде адам өлтіру қылмыстарының көбейгенін, 100 мың адамға шаққанда қанша пайыздан келетінін жұмысымда атап көрсеттім. Және де бұндай қылмыстармен күресте құқық қорғау органдарының рөлін баяндай келе, бұл қылмыстардың мемлекеттік деңгейде превентивті әдістерді қолдану керектігінің мазмұнын ашып көрсеттім. Соның ішінде қылмыстардың әлеуметтік құбылыс екенін түсініп, қылмыспен күресте елдің экономикалық әл-ауқатына тікелей байланысты екенін ұқтым. Дамыған кейбір батыс елдерінде түрмелер жабылып жатқанын көріп, бізде де сондай жетістіктер болатынына сенемін.
oo Зерттеудің әдістемелік негіздері болып, зерттеу жұмысымда қоғамдық ғылымдарға ортақ жалпы танымдық және арнайы ғылыми әдістер осы жұмыстың әдістемелік негізін білдіреді. Зерттеу барысында талдау мен синтез әдістері, тарихи, формалды-логикалық, жүйелі-құрылымдық және жүйелі-функционалдық әдістерді, статистика мен жинақтау әдістері кеңінен пайдаланылды. Қазақстан Республикасы қылмыстық заңдарын зерттеу салыстырмалы-құқықтық әдіспен айқындалды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық зерттеудің құрылымы мен көлемі оның мақсаттарымен және міндеттерімен анықталған. Дипломдық проекті кіріспеден, жиынтығы алты бөлімшеден тұратын екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыс ұсынылған талаптарға сәйкес рәсімделді.
1. АДАМ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Адам өлтірудің қылмыстық құқықтық ұғымы
Жалпы өмірге қатысты қылмыстардың сипаттамасын айтқанда, адам өлтіру, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99 бабына және де адам өлтірумен ұштасатын басқада қылмыс құрамдарына сілтеме жасаймыз. Тарихқа үңілсек адам өлтіру туралы норма Қазақ ССР-нің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде анықтама берілмеген еді, ал тәуелсіз Қазақстанның 1997 жылғы қабылдаған қылмыстық кодексінде, адам өлтіруге заңды түсінік берлген болатын. Яғни, Қылмыстық кодекстің 96 бабы Кісі өлтіру деген ұғыммен анықталған болатын. Ол түсінік бойынша, кісі өлтіру - басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру,- деген түсінікпен редакцияланған.
Осы анықтамаға сәйкес, абайсызда адам өлтіру заң бойынша қазіргі қолданыстағы қылмыстық кодекске сәйкес Адам өлтіру, яғни Қылмыстық кодекстің 99 бабындағы құрамды құрамайды, сәйкесінше адам өлтіру болып танылма ды деп түсіну шарт.[1, 15-бет].
Жалпы алғанда адамның өмірі биологиялық көзқарасы жағынан, заттар, тағам және бөлінудің тікелей алмасуынан тұратын биологиялық құбылыс.
Медициналық тәжірибе бойынша адамды өлді деп биологиялық өлімнің орын алуымен ба йланыстырады, ғылыми тұрғыдан ол дұрыс болып келеді, яғни, өлімді анықтауға адам миының ыдрауы кезеңін жатқызады.
Ал өлімнің екінші бір түрін клиникалық өлім деп есептейді, ондай өлім 5-7 минутқа созылуы мүмкін. Бұндай жағдайда адам жүрегінің белгілі бір уақытқа пульсінің жоғалуын жатқызады және адам қайта жүректің соғуымен қалыпты өмірге келеді.
Сонымен функциялардың тоқтауымен адамның өмірінің тоқтауы да басталдыдеп түсіндіріледі. Адам өмірі дегенде, осы сөздің биологиялық ұғымы адамның өмірінің шегін анықтау үшін маңызы бар құндылық. Соған сәйкес өмірдің пайда болуы туу процессінің басталуымен байланысты деп қарастырылады. Соған орай өмірдің аяқталуының табиғи және заңды құбылысы болып ағзаның қартаюының салдарынан адамның физиологиялық өлуі болып табылады.
Көптеген ғылыми жұмыстарда соның ішінде медицина әдебиеттерінде адам өлуінің орын алуы мәселесі даулы мәселе болып саналады. Сәйкесінше кейбір авторлар, адамның өлуі демалу және жүректің соғуының тоқтау сәтінен туындайды дейді. Ал басқалар болса жүректің соғуын өмірдің абсолюті емес дәлелдемесі деп санайды.
Алайда бас миында және орталық нерв жүйесіндегі органикалық өзгерістердің пайда болуы өлімнің туындауына алып келетіні белгілі және ғалымдармен бұл расталады. Осы жағдайлардың орын алуына дейінгі сәт клиникалық өлім деп түсіндіріледі.
Келесідей жағдайларда кездесуі мүмкін, клиникалық өлім туындаған кезден кейін тыныс алу және жүректің соғуын қалпына келтіре отырып адамның өмірін сақтап қалуға болады. Ондай мысалдар өмірде көп кездеседі. Қазіргі заманауи заманда, технологиялық серпініс заманында клиникалық өлімге ұшыраған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндіктер зор.
Сонымен адам өлімінің расталуын тек биологиялық өлім ғана куәландырады, яғни ағзаның біртұтастық қызметі бұзылады немесе ми ыдрап кетеді. Сәйкесінше адам бойында орналасқан нерв жүйелері қызметін тоқтатып, адам қорашаған ортасына ешқандайда тіршіліктің белгісін бере алмайды.
Абайсызда адам өлтіру, бақытсыздық жағдайы салдарынан өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізуді қарағанда, адам өлтіру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінде көзделген құқыққа қайшы, қасақана жасалған іс-әрекет ретінде танылады. Іс - әрекетте кінәсінің болмауына байланысты құқыққа аясында немесе қажетті қорғану барысында адам өмірін айыру және өзін-өзі өлтіруді адам өлтіруге жатқызбас үшін С.В. Бородин былай деп санайды: адам өлтіру фактылері бойынша баса назарды қылмыскердің сол адамды құқыққа қайшы, қасақана өмірін қиюға бағытталған іс-әрекетін жатқызуға болады. Өзін-өзі өлтіруге дейін жағдайлардан кінәсінің нысанына сәйкес ажырату керек.
Меніңше сондықтан, адам өлтіру фактілерін тергеу барысында ең бірінші қылмыскердің сол адам өлтіруге бағытталған ниетінің, ойының болғанын анықтап алу қажет. Сол кезде құқық қорғау органдары адам өлтіру фактілерін басқа адам өлтірумен ұштасқан қылмыстардан қатесіз ажырата алатын болады.
Сонымен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігінде адам өлтіру ұғымының анықтамасы берілген, онда осы бап бойынша, адам өлтіру деп құқыққа қайшы қасақана басқа адамға қаза келтіруді айтады және қылмыстың ұғымын ашық түсіндіреді. Құрам бойынша айтқанда, жазбаша қылмыс құрамының диспозициясы десек болады. Сөйтіп үғымнан мынаны анықтауға болады, адам өлтіру деп басқа адамға қасақана қаза келтіруді айтамыз. Яғни адам өлтіру тек қасақаналықпен жасалынады, ал абайсыздықта адамға өлім келтіру зерттеудің басқа объектісін құрайды, оны төменде көрсетіп кетемін.
Мысалға тағы бір ғалым, М.Д. Шаргородский өз монографиясында адам өлтіруге тек басқа адамға қасақана қаза келтіруді жатқызады, абайсызда адам өлтіруді ол осы ұғымның арнасында емес, керісінше адам өлтіруден тыс қарайды. Меніңше, ол да дұрыс, себебі адам өлтірудің басты шарты болып қасақана, яғни адам өлтірушінің тікелей сол жағдайдың орын алуын тікелей немесе жана пиғылда орын алын тілеуінде.
Дегенмен бірқатар авторлар адам өлтірудің ұғымын толық емес деп санайды. Солардың бірі С.В. Бородин былай деп жазады: Адам өлтірудің заң анықтамасында, біздің қөзқарасымызда іс-әрекетті құқыққа қайшы және кінәлігіне нұсқауы жетпейді деп атайды. Бұндай көзқараспен келісуге де келіспеуге де болады [2, 85-бет].
Алайда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабында айтылғандай адам өлтіру- басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру деп түсініктеме береді. Яғни, 99 бапта түсіндірме адам өлтірудің негізгі шартын ашып көрсетеді, сондықтан да бұндай істерде қателесу орын алмайды. Саралау барысында қате саралаулар болмайды деп білемін. Сондықтанда адам өліру қылмысы қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа қарсы әрекет болып табылады. Қылмыстық құқық бұзушылық түрлеріндегі ең ауыр қылмыс, яғни санаты бойынша аса ауыр қылмыс түріне жатады. Жалпы адам өлтіру ол қылмыстар ішіндегі ең қауіпті қылмысқа жатады. Себебі жасалу жолыда, себепті байланыста, келген қоғамға зардаптар да қалпына келмейтін болып табылады. Неге, деген сұрақ туындаса, адам өлтіру адам өмірінің мәңгіге қиылғанын білдіреді. Яғни, адам өлтіру зардаптары орны толмайтын, қалпына келмейтін құндылықтар болып табылады. Халықаралық шарттарға да мән берсек адам өмірі ол адамға тумысынан беріліп абсолютті құқықтарына кіреді. Сол себепті Қазақстан Республикасының Конституциясынд жазылған, басқа адамның екінші бір адамның өмірін қиюға хақысы жоқ деп. Осыдан - ақ көп нәрсені түйіндеуге болады. Адам өмірі негізгі заңмен ең алғашқы құндылықтарымыз екенін баяндайды. Сондықтанда Конституцияда жазылған Қазақстан Республикасның ең басты қазынасы болып адам, адамның өмірі мен денсаулығы, құқықтары мен бостандықтары деп баяндалады.
Сонымен қоғамға қауіпті дегеніміз демократиялық қоғамдық қатынасқа қауіпті болуын айтамыз. Сол себепті кез - келген басқа адамға қасақана қаза келтіру жауаптылық көздейтін қоғамға қауіпті және қылмыстық құқыққа қарсы болып табыла бермейді. Мысалға, әскерей соғыс уақытында, қажетті қорғану жағдайында, өлім жазасына кесілген сот үкімін орындау жағдайында кісі өлтіру үшін жауаптылық жоқ. Кейбір авторлар анықтамасында адам өлтіруді қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа қайшы қасақана басқа адамға қаза келтіру деп те түсіндіреді.
Зерттеп отырған топқа жататын көпшілік қылмыстар адам өлтірумен байланысты, яғни әрекет немесе әрекетсіздік арқылы адамның өмірін заңсыз қию деп түсіндіріледі. Адам өлтіру қылмысы кезінде адам өзінің негізгі тіршілік ету құндылығы өмірінен айырлады. Заң адамды қоғамға қандай да болсын пайда әкелетіне қарамай, сот пен заң алдында бірдей деп танылады. Соған орай әлеуметтік әртүрлілікке қарамай, ол қарт болсын, жас бала болсын, талантты адам болсын, ғалым болсын олардың өмірлері мемлекеттік аппарат пен және де заңмен теңдей қорғалады.
Адам өлтіру қылмысы нәтиежесінде айналасындағы адамдарға моральдық немесе материалдық зиян келуі әбден мүмкін және оларды өндірі қылмыстық іс жүргізу заңында және де азаматтық кодекспен реттеліп отырады. Сонымен қоса, моральдық шығынды өндіру туралы сот тәжірибесін, ҚР Жоғарғы сотының нормативтік құқықтық актілерінен де басшылыққа алуға болады. Адам өлтіру қылмысының қоғамдық қауіптілігі анықтағанда осы қылмыстан туындаған салдар өтелуге, орның толтыруға мүлдем келмейтіндегінде. Болды адам өлді оны қайта қалпына келтіру табиғи тұрығыда да медицина көмегімен де мүмкін емес. Орын алған шығынның тең келерлік орның ауыстыралық эквиваллент жоқ. Сөйтіп, адамның өмірі қоғамның, мемлекеттің, азаматтардың манызды құндылығы бола тұра, соған сәйкес келетін құндылық жоқ екенін білген абзал. Бір емес мың кешірім арызын алсаңда, бұндай қылмыстарда татуласуға заңмен жол берілмейді [3, 88-бет].
Сонымен адам өлтіру қылмысы жасалу кезінде қылмыскердің әрекеті ниеті адам өлтіруге тікелей бағытталғаны растталуы керек. Ол расталмаған жағдайда, оны адам өлтіру деп айта алмаймыз. Бұндай жағдайлар көп жағдайда қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру салдарынан абайсызда адам өліміне ұштасу бабымен жауапқа тартылады. Яғни, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106 бабымен қылмыстық жауапқа тартылады. Қорытатын болсақ, адам оны өлтіремін деп ойлаған жоқ, тек оған дене жарақаттарын салуды көздеген. Бірақ ол өз күшін немесе орын алған жағдайатты дұрыс бағалай алмай абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғатын жағдайға немес іс-әркетке алып келеді. Мұндай жағдайды қасақана адам өлтіру деп атамаймыз.
Адам өлтіру қылмысы әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жасалады және тікелей қасақаналық пен де жанама қасақаналықпен де жасалауы мүмкін. Тәжірибеде көп жағдайларда әрекет арқылы жасалады, яғни басқа адамның өмірлік маңызды органының анатомиялық тұтастығын немесе функциясын бұзуға, яғни мидың ыдырауына әкеп соғады. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 99 - бабының 1 - бөлігінде көрсетілген қылмыс жәй адам өлтіру деп атауға болады. Заңда бырақ жәй адам өлтіру деген ұғым жоқ. Бұны тек ғалымдар мен заңгерлердің ауырлататын мән-жәйлардан ажыратып алу үшін шығарған термині. Сондықтанда заңда жәй адам өлтіру және ауырлататын жағдайда адам өлтіру деп екі негізгі топқа бөліп қарастырады. Бұл қылмыс жасалу кезінде ауырлататын немесе жеңілдететін белгілердің болмауымен де рекшеленеді. Дегенмен заңда жәй адам өлтіру қылмысы туралы нақты көрсетілмеген. Адам өлтірудің ауырлатылған немесе жеңілдетілген түріне жатпайды. Тек бұл екі топқа бөлу, ауырлататын жағдайларды анықтап алу үшін ғана, ғалымдар мен тәжірибеде жүрген құқық қорғау органдары үшін маңызды болып қала бермек.
Төмендегі суретте адам өлтіру, оған дайындалу және оқталу қылмыстарының динамикасы байқалады. 2022 жылдың қаңтар - шілде айларының көрсеткіші.
Сонымен, өңірлік бөліністе сектордағы ең көп құқық бұзушылықтар Алматы қаласында тіркелген: 160 адам өлтіру фактысы тіркелген, бәрі қастандықпен адам өлтіруге жатқызылған - бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 4,2 есе көп екені байқалады. Бұл қоғам үшін өте қауіпті көрініс. Сонымен, көшбасшылыққа қарсы екінші және үшінші қатарда Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары болды-тиісінше 49 және 48 факты адам өлтіру қылмысы тіркелген.
Еліміздің 20 өңірі арасында мұндай құқық бұзушылықтардың ең азы жаңадан құрылған Жетісу және Абай облыстарында тіркелді, бұл жаңа өңірлер үшін статистика ерекшеліктеріне байланысты: әрқайсысында бір жағдай. Жаңа құрылған тағы бір өңірде, Ұлытау облысында мұндай құқық бұзушылықтар әлі тіркелген жоқ.
Айта кетейік, 2022 жылдың жеті айында кісі өлтіру мен кісі өлтіруге жасалған қастандықтардың ашылуы 93,9% -. Құрады, бұл қуанышты жәйт болғанмен, адам өмірі қалпына келмейтінін ұмытпайық. Ашылудың ең жоғары деңгейі Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында тіркелгенін айтқым келеді. Алматыда адам өлтіру қылмыстарын ашудың ең төменгі деңгейі байқалды тек 76,9% ғана ашылған. Бұл дегеніміз құқық қорғау органдарына деген сенімнің төмендеуін жұмысының нәтижесінің төмендеуін байқаймыз.

Дегенмен, Бас прокуратураның сайтында қаңтардағы оқиғалар кезінде қаза тапқандардың толық тізімі жарияланды. Тізімде барлығы 238 адам бар. Олардың арасында бейбіт тұрғындар, қылмыскерлер мен қауіпсіздік қызметкерлері бар, ал прокурорлар бұдан артық деректерді ашпай отыр. Жаппай тәртіпсіздіктерді тергеу Республикада әлі де жалғасып жатыр.
Уругвай мен Алжирдегі қылмыс деңгейі ҚР-ға қарағанда біршама жақсы екенін байқацға болады. Numbeo порталының деректеріне сәйкес, Қазақстан 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына қылмыс деңгейі бойынша елдер рейтингінде 142 елдің ішінен 47-ші орынды иеленді деген ақпарат тарады, Arnapress.kz сілтеме жасай отырып Ranking.kz. алынды.
Айта кеткен жөн: көрсеткіште орын неғұрлым жоғары болса, елдегі қылмыс жағдайы соғұрлым нашар дегенді білдіреді. Қылмыс деңгейі бойынша елдердің рейтингі жылына екі рет жасалады, соңғы 36 айдағы деректер пайдаланылады деген нақты ақпарат бар.
Сонымен, елдегі қылмыс деңгейі қылмыс индексін бағалау негізінде есептеледі, 0-ден 19,99-ға дейінгі индекс қылмыстың өте төмен деңгейін білдіреді, 20 - дан 39,99 - ға дейін - төмен, 40 - тан 59,99-ға дейін-орташа, 60-тан 79,99-ға дейін-жоғары, 80-ден жоғары және одан жоғары-өте жоғары. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қайғылы "көшбасшылық" Венесуэла мен Папуа-Жаңа Гвинеяға тиесілі болды, олардың индекстері 83,16 және 80,26 болды, бұл қылмыстың өте жоғары деңгейіне жатады. Одан кейін Ауғанстан (78,19 индексімен үшінші орын), Оңтүстік Африка (75,37 индексімен төртінші орын) және Гондурас (74,66 индексімен бесінші орын) келеді.
Қазақстан индексі 53,04 құрады, бұл қылмыстың орташа деңгейін білдіреді деген сөз. Уругвайда 52,13 индексімен 48-ші, ал Алжирде 53,25 индексімен 46 - шы орынға ие болған қылмыс деңгейі ҚР-дан сәл жақсырақ болып тұр. Сонда біздің көрсеткіштеріміз әлем бойынша африка мемлекеттерінен де төмен дегенді білдіреді.
Ал бұл көрсеткіштер бізді ойландырмай қоймас немесе дабыл қағатын кез деп айтар едім.
1.2 Адам өлтіру қылымыстық құқық бұзушылығының объектісі
Зерттей келе, жеке адамның өмірі - ол адам өміріндегі айтарлықтай маңызды құндылықтар. Өйткені адам өмірі - оның негізгі құндылығы. Осыған орай, адам өмірін қорғау мәселесі - жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі қасиетті борышы десек те болады. Алайда, қоғамда адам өлтіру фактісі түбегейлі жоқ болып кеткен жоқ. Дамыған деген Америка құрама штаттарында да адам өлтіру өте жиі кездеседі. Біздің елге тоқталсақ, 100 000 адамға шаққанда адам өлтіру 2,4 көрсеткіші жиілігінде байқалады. Егер ойлап қарасақ, бір жылда орташа есеппен 100 000 адамның жыл сайын 2 немес 3 адамы бұл өмірден қасақана басқа адамның құқыққа қарсы іс әрекетінен қош айтысады.
Сонымен, қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісі болып қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар танылады деп қарастырылады. Жалпы қылмыстың объектісі тікелей және қосымша объект болып бөлінеді [4, 192-бет].
Сөйтіп жеке тұлғаға қарсы қылмыстар саны 5 368 жағдайды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8% - ға аз. Зорлау - 32,9% - ға, адам саудасы - 16,6% - ға, адам ұрлау-10,7% - ға, қауіп-қатер-6,3% - ға төмендегені байқалды.
Сонымен қатар, өз-өзіне қол жұмсауға байланысты қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,7% - ға артты.
Ары қарай қарасақ, Республикада адам өлтіру деңгейі 100 мың адамға шаққанда 2,4-ті құрады. Облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде 100 мың тұрғынға шаққанда кісі өлтірудің ең жоғары деңгейі Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Ақмола облыстарында, ең төменгісі - Шымкент қаласында байқалды.
Ал статистика бойынша 2020 жылы адам өлтіру қылмыстары 100 000 адамға шаққан 3,2 көрсеткішті көрсетті. Нақты көрінісі 2020 жылы 606 адам өлтіру фактісі анықталған болатын. 2021 жылмен салыстырған 100 000 адамға шаққанда адам өлтіру қылмыстары 2021 жылғы көрсеткіш 2,4 көрсеткішін көрсетті. Салыстырмалы анализ жасасақ 2021 жылы адам өлтіру қылмыстары төмендегенін байқауға болады. Бұл қуантарлық жағдай.
Сонымен Қазақстандық құқық ғылымы ҚР КСРО ыдырағанша оның құрамында болып келгендіктен, сол Кеңестік құқық ғылымының оған дейінгі жеткен ортақ жетістіктерін мұралап, ендігі жағдайда немесе соңғы 30 жылда адам өлтіру қылмысымен күрсете жақсы нәтижелерге жетуде. Ал Кеңестік қылмыстық құқық өзінің алғашқы күндерінен бастап-ақ қылмыс объектісі ретінде, оған дейін әр түрлі көзқарастар болса да, Марксизм идеяларын жалғастырып, қоғамдық қатынастарды басқаша таныған болатын.
Ғалым, А.А.Пионтковскийдің 1925 ж. жарық көрген "Қылмыстық құқық" оқулығында "қоғамдық қатынастарды" қылмыс объектісі ретінде атап көрсетеді. Бірақ әрбір күрделі қоғам қатынастары адам өлтірудің объектісі бола бермейді. Сол үшінде, заңгерлер криминология ғылымын оқып, қылмыскерді тануды және қылмыс құрбанын тануды виктимология деп зерттеп, қазіргі заман заңгерлеріне адам өлтіру қылмысының объектісін дұрыс түсінуге жәрдемдесуде.
Дегенмен, Қазан төңкерісінен бұрын бұл тұрғыда Ресей мен шет ел ғылымында әр түрлі пікірлер орын алған еді. Мысалға, Ресейдің төл ғалымы Н.С.Таганцев "шынайы болмысындағы құқық нормасын" таныды. Оның осы сөзін тарата келе, А.В.Наумов "Таганцев шынайы болмыстағы құқық нормасы деп қылмыстық құқық арқылы қол сұғушылықтан қорғалатын игіліктің (мүдденің) шынайы мазмұнын байқады", -деген қорытындыға келген.
Cонымен құқық қорғау органдары академиясы кісі өлтірулерге криминологиялық зерттеу жүргізді. Қылмыстық және әкімшілік өндіріс саласындағы криминологтар, математиктер, психологтар мен практиктер тобы соңғы 5 жылдағы статистиканы, ал кейбір көрсеткіштер бойынша кісі өлтіру жағдайының 15 жыл ішінде қалай өзгергенін зерттеді. ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының директоры Асхат Жұмағали тілшіге берген сұхбатында BNews.kz ол Қазақстандағы қылмыс статистикасына не әсер ететінін нақты атап берді.
ЖІӨ-нің өсуі адам өлтірудің төмендеуіне әсер етті
Сонымен Қазақстандық криминалистердің зерттеуінде 25 жыл ішінде елімізде елеулі оң өзгерістер болғаны атап өтілді. Мысалы, жан басына шаққандағы ЖІӨ 15 есе, 1993 жылғы 696 доллардан 2015 жылы 10,5 мыңға дейін, зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 200 есе, 1991 жылғы 187 теңгеден 2015 жылы 38 мың 933 теңгеге дейін, әлеуметтік жәрдемақылар 6 есе, 1999 жылғы 3 мың 441 теңгеден 21% - ға дейін өсті. 2015 жылы 674 мың, ең төменгі күнкөріс деңгейі 1997 жылғы 3 мың 505 теңгеден 2015 жылы 19 мың 647 теңгеге дейін 5 есе өсті.
Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жақсаруы біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігі саласына оң әсерін тигізгені байқалады.
80-ші жылдардағы адам өлтіру бойынша шолуға сәйкес Кеңестік Қазақстан аумағында жыл сайын 1,5 мыңға жуық кісі өлтіру орын алған: 1980 жылы - 1 611; 1981 жылы - 1 574; 1982 жылы - 1 590; 1983 жылы - 1 613; 1984 жылы - 1 504.
90-шы жылдары бұл көрсеткіш 2,5 мыңға дейін өсті, шыңы 1996 жылы 2 625 қасақана кісі өлтіру тіркелген кезде келді. Содан бері 20 жыл ішінде олардың саны жыл сайын азайып келеді.
"Соңғы 5 жыл ішінде кісі өлтіру 1,5 есеге яғни 2012 жылы - 1267 қылмыс тіркелді. Қылмыстық құқық бұзушылықтарды жалпы тіркеудің үлес салмағы 0,44. 2013 жылы - 1120, 2014 жылы - 904, 2015 жылы - 862, 2016 жылы - 86, 2017 жылдың 6 айында - 447", - деді Асхат Жұмағали журналист миырзаға.
Сөйтіп, 80-ші жылдары жыл сайын 2,5 мыңға жуық ауыр дене жарақаты жасалған болса. 1994 жылы бұл сан 6 мыңнан асты, ол 20 жыл ішінде 1 539-ға дейін қысқарды (2014 жыл).
Сарапшының айтуынша, бір қарағанда, динамика оң және алаңдауға негіз жоқ, бірақ бәрі бірдей қарапайым емес екенін баяндады. Себебі тікелей халықтың жағдайының жақсаруы адам өлтіру қылмыстарының азаюуына әелетіні сөзсіз.
Өз ссөзінде Асхат Жұмағали "Адам өлтірудің жалпы сәтті динамикасы үшін біз әлеуметтік саладағы және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі ықтимал проблемалар туралы дабыл сигналдарын аштық. 2011 және 2013 жылдардағы кісі өлтіру деңгейі бойынша халықаралық рейтингтің соңғы деректеріне сәйкес, Қазақстан 219 елдің ішінде 138-ші орында тұр. Бұл 100 мың тұрғынға шаққандағы қасақана кісі өлтіру деңгейінің көрсеткіші. Жақын көршілерімізден Тәжікстан, Өзбекстан және Беларусь алда", - дейді Асхат Жұмағали.
Соған байланысты, жүкті әйелдерді өлтіру 2012 жылғы 4-тен 2016 жылы 26-ға дейін 5 есе көп жағдай орын алды.
Адамдардың қызметтік іс - әрекетін жүзеге асыруына байланысты оларды өлтіру 3 есе-5-тен 18-ге дейін және соңғы екі жылда көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған өлтіру 2 есе-15-тен 30-ға дейін өсті [5, 68-бет].
Зерттеулерге сәйкес, әрбір екінші кісі өлтіру мас күйінде жасалады. 2015 жылдан бастап ауырлататын кісі өлтіру саны артты. Ең көп таралған білікті кісі өлтіру-бұл екі немесе одан да көп адамды өлтіру, адамдар тобы, сондай-ақ өзімшілдік.
Әрбір үшінші өлтіруші бұрын қылмыскер
Бүгін әрбір үшінші өлтіруші бұрын қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Жалпы, кісі өлтіру 2012 жылы - 168, 2016 жылы - 316 есе көп болды.
Өткен жылдан бастап, егер 2015 жылы - 28, 2016 жылы - 78, 2016 жылдың 6 айында - 18, 2017 жылдың 6 айында-48 болса, рецидивистер жасаған кісі өлтіру саны күрт өсті. Алайда, жоғарыда келтірілген сандар кісі өлтіру жағдайы бір қарағанда көрінгендей сәтті емес екенін көрсетеді.
Сот сарапшылары жағдайдың себептерін зерттеді. Белгілі себептер мен жағдайлар кісі өлтіруге итермелейтіні белгілі болды.
Бұған агрессивті мотивация, жанжалды криминогендік жағдай, мас болу жағдайы, қылмыскердің әлеуметтік тұрақсыздығы, жәбірленушінің құрбан болу мінез-құлқы, сондай-ақ маскүнемдік, алкоголизм, нашақорлық, маргиналдық сияқты әлеуметтік факторлар әсер етті.
Сонымен қоса, көптеген өлтірушілерде жылы отбасылық қатынастардың болмауы олардың қылмыстық мінез-құлқына әсер еткен шешуші факторлардың бірі екені нақтыланды.
"Кісі өлтіргені үшін сотталғандармен жеке әңгімелесу олардың көпшілігі алкогольді асыра пайдаланған немесе ата-анасының біреуі болмаған немесе олардың жеке басының қалыптасуы Балалар интернаттарында немесе туысқандарының қамқорлығында қалған отбасыларда тәрбиеленгенін көрсетеді. Нәтижесінде, көбінесе бала өзін-өзі қамтамасыз етті, ал көше оның мінез-құлқы мен құмарлықтарын қалыптастырды. Көбінесе оның жеке басының қалыптасуы ең төменгі әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандырумен шектелді, ал эмоционалды және психологиялық даму айтарлықтай жетіспеді", - дейді криминалист.
Мысалға алсақ, 21 жастағы Сергей кісі өлтіргені үшін 10 жылға сотталды. Бала кезінен ол ата-анасыз өсті, үлкен әпкесі қамқоршы болды. 14 жасында ол өзінің жанұясы бар әпкесіне көмектесу үшін жұмыс істей бастады. Содан кейін ол ересек адамдардың ықпалына түсіп, алкогольді ішкеннен кейін олар өз жолдастарын өлтіріп, бөлшектеді. Мекеме психологының айтуынша, Сергей, егер оның отбасы және тиісті ортасы болса, қалыпты және гүлденген азамат болар еді деген көзқарасқа келген. Бұдан шығатын қорытында адам өлтіру қылмыстарын көп жағдайда аморльді өмір салтын ұстанатындар арасында өте көп болатыны байқалады. Сондықтан қоғам өз өзін тәрбиелеп, ортамызда мәдениеттің жоғарғы көосеткішін көрсетуге ұмтылуымыз керек. Рухани азып жүргенде рухани баюды ойлауда әбестік болар. Сол себепті мемлекет тиісті шаралар қолданып ел жағдайын барынша оңалту керек.
Сөйтіп жалпы, сауалнамаға қатысқан кісі өлтірушілердің арасында некеде тұрмайтын адамдар басым: 73,8% (287) ер адам және 73,6 % (39) әйел, жартысынан көбінің балалары жоқ (тиісінше 77,1%, 54,7%).
Дегенмен сотталғандардың көпшілігі, қарапайым өмір сүретін адамдар сияқты, жасағандары үшін өкінетін білдіреді. Бас бостандығынан айырылғанға дейін олардың өмірінде ең маңызды не болды деген сұраққа екі - үш сотталушы отбасына нұсқады. Олардың көпшілігі бос уақыттарын өз отбасыларына арнауды жоспарлап, отбасыларынан айырылғанына өкінеді. Кісі өлтірудің негізгі шарты ретінде 45% алкогольдік масаңдықты көрсетті", - дейді сарапшы. Бұл дегеніміз алкоголдің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz