Инвестициялық жобалардың түрлері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АУЕС УНИВЕРСИТЕТІ
Дипломдық жұмыс
Мамандығы: 6В01401 - ... ... ... ..мамандығы Біліктілігі: ... ... ... ... .. факультеті ... ... ... ... ... ... ... ..кафед расы
Тақырыбы: Инвестициялық жобаларды басқару тиімділігін арттыру (кәсіпорын мысалында)
Орындаған: ... ... ... ... ... ... . . Жетекшісі: ... ... ... ... ... ... .
Алматы 2023 жыл
МАЗМҰНЫ
Аңдатпа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Негізгі бөлім
І тарау. Инвестициялық жобаның мәні
Инвестициялық жобаның мазмұны мен циклдері ... ... ... ...
Инвестициялық жобаны тұжырымдау, дайындау, сараптау, іске асыру және нәтижелерді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Инвестициялық жобалардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ тарау. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
Жобалық несиелеу, санаттары, жобалық мазмұны мен циклдері ... ... ...27
Кәсіпорындардың инвистициялық тартымдылығын арттыру жолдары
Атамекен АҚ-ның инвистициялық және экономикалық әлеуетін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
АҢДАТПА
Осы дипломдық жоба барысында біз инвистициялық жобаның мәнін түсініп және оның мазмұны мен циклдерін білеміз. Сонымен қатар инвистициялық жобаны тұжырымдау, жеткізу, дайындау, сараптау және іске асыру арқылы көптеген нәтижелерге жете аламыз. Біз осы жоба арқылы инвистициялық жобалардың көптеген түрлерімен танысамыз. Осы арқылы біз инвистициялық жобалардың тиімділігін бағалай отыра көптеген үлкен кәсіпорындардың инвистициялық тартымдылығын арттыру жолдарын қарастыратын боламыз. Біз осы жобада белгілі бір кәсіпорынға тоқталып, инвистициялық және экономикалық әлеуетіне талдау жасаймыз.
В ходе данного дипломного проекта мы понимаем суть инвистиционного проекта и узнаем его содержание и циклы. Мы также можем достичь многих результатов, формулируя, поставляя, подготавливая, анализируя и реализуя инвистиционный проект. С помощью этого проекта мы познакомимся со многими типами инвистиционных проектов. Этим мы будем рассматривать пути повышения инвистиционной привлекательности многих крупных предприятий, оценивая эффективность инвистиционных проектов. В данном проекте мы остановимся на конкретном предприятии и проанализируем его инвистиционный и экономический потенциал.
In the course of this graduation project, we will understand the essence of the invistive project and learn its content and cycles. At the same time, we can achieve many results through the formulation, delivery, preparation, examination and implementation of the inventory project. We will get acquainted with many types of investment projects through this project. In this way, we will evaluate the effectiveness of investment projects and consider ways to increase the investment attractiveness of many large enterprises. In this project, we will focus on a particular enterprise and analyze its investment and economic potential.
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Инвестиция - табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.
Инвестиция құрамына: мүліктер, байлықтар, материалдық және интеллектуалдық құндылықтар кіреді.
Отандық және шетелдік тәжірибеде инвестицияның жіктелуі келесідей:
Қаржыландыру көздеріне байланысты: мемлекеттік; салалық; жекеменшік; аралас немесе бірлескен; меншікті; қарызға немесе несиеге алынған.
Инвестицияның қолдануына байланысты: материалдық өндіріс салалары; қоржынды(портфельді); интеллектуалды.
Инвестициялардың негізгі бағыттарына байланысты: өндірістік; әлеуметтік; қоршаған ортаны қорғау.
Инвестицияның пайдалану мерзіміне байланысты: қысқа мерзімді; орта мерзімді; ұзақ мерзімді.
Корпорацияның инвестиция қызметі дегеніміз- сол инвестицияны белгілі мақсаттар мен салаларға пайдалану. Қазақстан Республикасының тиісті заңына сәйкес шетелдік заңды және жеке тұлғаларда инвестиция сала алады. Олар: бірлескен компаниялар, шетелдік компаниялардың бөлімшелері.
Инвестицияның негізгі түрлері:
Нақты(тікелей) инвестиция экономиканың негізгі өндірістік салаларына бағытталады. Ол өндіріс құралдарымен материалдық байлықтарды және құндылықтарды молайтуға жұмсалынады.
Қаржылық инвестиция түрлі құнды қағаздар мен қаржы құралдарын жасауға қолданылады. Қаржылық инвестицияның түрлері: қоржынды(портфельдік); венчурлық (тәуекелдік); аннуитет.
Адам капиталына салынатын инвестиция
Мемлекеттік инвестиция
Қоржынды(портфельдік) инвестиция- кәсіпорынның портфеліндегі(қоржынында) түрлі бағалы қағаздар жиынтығы.
Венчурлық(тәуекелдік) кәсіпорынның өзінің акциясын және қаржыларын жаңадан ашылатын өндіріске салады, яғни жаңа бағытқа инвестиция салады, өйткені жаңа өнімдерге сұраныс көп болады.
Аннуитет дегеніміз- түрлі инвестициялық қорларға, сақтандыру қорлары, зейнетақы қорлары т.б қорларға салу арқылы салушының белгілі бір кезеңнен кейін алатын табысы.
Инвестициялық саясат дегеніміз- кәсіпорынның стратегиялық жоспарының құрамдас бөлігі. Инвестиция саясатының мақсаты мыналарды көздейді: атқарылатын шаралардың экономикалық ғылыми- техникалық және әлеуметтік тиімділігін қамтамасыз ету; қор салынған инвестициялардан мол пайда табу және тиісті шығындарға жұмсау; инвестиция тартуда мемлекеттік тарапынан қолдау табу; шетелдік, халықаралық қаржы, несие ұйымдарынан несие алу; инвестициялық жобаларды іске асыруда минималды тәуекелділікті қамтамасыз ету.
Инвестиция саясатын іске асыруда мынадай факторларды ескеру қажет:
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы;
Өндірістің техникалық жағдайы;
Кәсіпорынның меншікті капиталы мен қарыз қаражаттарының тиімді арасалмағы;
Инвестициялық жобаларды іске асырудың тиімділігін қарастыру.
Инвестицияның капитал жұмсалымынан айырмашылығы капитал салымы бұл негізгі қорлардың ұдайы өнімдеріне қарастырылған шығындардың жиынтығын сипаттаса, ал инвестициялау бұл ұғымның сыртындаа сол кәсіпорынның негізгі өнім алумен байланысты болатын шығындарының барлығын бірдей қамтиды.
Негізгі қорларға инвестиция салу. Негізгі қорларды инвестициялаудың негізгі көздері мыналар:
Меншікті қаржы ресурстары және ішкі шаруашылық резервтері таза пайда, амортизациялық төлемдер.
Қарыз қаражат көздері, яғни банктердің несиесі, займдар т.б тартылатын қаржы ресурстары.
Жеке және заңды тұлғалардың үлестік жарналары, яғни кәсіпорынның жарғылық капиталына қосқан үлес жарналары.
Орталықтан берілетін ақша қаражаттары.
Мемлекеттік бюджеттен берілетін қайтарылатын және қайтарылмайтын қаражаттар.
Мемлекеттік бюджеттен қаражаттар нақты экономиканың салаларын (мұнай, газ, түсті металлургия, ауыл шарушалығы) инвестициялау.
Келесі бір көзі- қарыз қаражаттары. Оның негізгі қорлардан айырмашылығы- ұзақ мерзімді пайдалылығы және оларды сатуға болмайды. Материалдық емес активтерге мыналар жатады: жер учаскелері, патенттер, лицензиялар, түрлі жаңалықтар, товардың маркалары, ноу-хау, интеллектуалдық құндылықтар. Материалдық емес активтердің ерекшеліктері: пайдалылығы, пайдалылық мерзімінің белгіленбеуі, сатуға болмайтындығы.
Обьектісі: Жоба тиімділігін арттыру.
Зерттеу пәні: Инвистициялық жоба ұғым-түсінігін қалыптастыру.
Мақсаты: Еліміздегі инвистициялық жобаларды басқару тиімділігін арттыру және сауатты қолдану дағдаларын қалыптастыру, жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
Инвестициялық жобаның мазмұны мен циклдерін айқындау;
Инвистициялық жобалардың тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыру;
Кәсіпорындардың инвистициялық тартымдылығын арттыру жолдары;
Жетекші идея: Инвистициялық жобаларды басқару тиімділігін арттыру және қолдау.
Зерттеу әдістері ретінде инвестор, акция және инвестициялық компания ұғымдарының жетістіктерін, жеке компанияларды қалыптастырудағы инвистициялық жобалардың мүмкіндіктері туралы ғылыми иедеяларды атауға болады.
Диплом жұмысының жаңалығы:
Инвистициялық жоба деген ұғымның мәні анықталады.
Компанияларды қалыптастырудағы инвистициялық жобалардың мүмкіндіктері.
Құрылымы: Кіріспе,негізгі екі бөлім,төрт тарау,қорытынды және әдебиет тізімінен құралады.
I тарау. Инвестициялық жобаның мәні
Инвестициялық жобаның мазмұны мен циклдері
Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол инвестициялық жоба деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба - бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс. Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды жаңартуымен байланысты болады.
Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция - құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады.Инвестиция ұғымы ол латын тілінен шыққан қаржы салу немесе қаржыландыру, қаржы тартуды білдіреді. Басты мақсаты- экономиканың нақты салаларына қаржы салу арқылы пайда табу.
Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экономикалық өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. Шетелдік инвестиция - шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция Әлемдік экономикалық жүйені жаїандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды.
Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге ие.
Инвестициялық жобаны қаржылық талдау қаржылық пайда не зиян әкелетін жобаны қабылдау, не қабылдамау жөнінде шешім қабылдау үшін қажетті мәліметтер алуға арналған.
Инвестициялардың тиімділігін анықтау жөніндегі мәселе- іс жүзіне келгенде әрбір компания мен әрбір инвесторлардың алдында тұрған үлкен мәселе. Капитал салу немесе өз кәсіпорнына басқа капитал енгізу жөнінде шешім қабылдамас бұрын инвестицияны жоспарлау және талдау әдісін білу шарт.
Барлық дамыған елдер үшін қабылданып, бүгінгі таңда қолданып отырған инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау белгілері мен жоспарлау әдістері әртүрлі елдердің инвесторлары мен кәсіпкерлерінің ортақ түсінісу әдісіне, тіліне айналған. Бұларға VNIDO, Дүниежүзілік банк, Еуропалық банк секілді ірі халықаралық ұйымдардың, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістемелерін жатқызуға болады. Олардың барлығы да ақша ағымын талдау әдісіне негізделген, инвестициялық жобаларды қаржылық талдау принциптеріне сүйенеді.
Ағылшын тіліндегі Cash -Flow деген түсінік барлық дамыған елдердің экономистерінің лексиконына еніп отыр әрі маркетинг және контроллингтен де көбірек пайдаланылады.
Бүгінгі таңда Кэш-Флоу талдауын өз инвестициялық қызметінде қолданбайтын ұйым жоқ. Бұл ақша ағымын талдау инвестицияларды талдаудың классикалық әдістеріне негіз және инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау мен жоспарлаудың танымал әдістемелерінде қолданылатындығында байланысты болып отыр.
Кэш-Флоу дәл айтқанда бар ақша ағымы деген мағынаны береді. Табыстар мен шығындар туралы есепте кәсіпорын қызметі үш негізгі салаға бөлінген:
Операциялық
Инвестициялық
Қаржылық.
Инвестициялық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы бөлімінде сатып алынған активтер үшін төленген барлық төлемдер көрсетіледі, ал түсу көздері ретінде өндірісте қолданылмай тұрған, ұзақ мерздімді активтерді сатудан түскен түсім болып табылады.
Инвестициялық жобаның тиімділік көрсеткіштерін екі негізгі топқа бөлуге болады:
Біріншісі- өндірістік қызмет тиімділігінің және жобаны жүзеге асырып отырған кәсіпорынның ағымдық және болашақтағы қаржылық жағдайының көрсеткштері.
Екіншісі- инвестиция тиімділігінің көрсеткіштері немесе Клэш-Флоу дисконтталған белгілері.
Инвестициялық жобаларды талдауда белгілі бір өндіріске, оның дамуы мен жаңартылуына салынған капитал салымының тиімділігін есептейді. Компания зауыт ашу, жабдық сатып алу жөнінде шешім қабылдар кезде, бүгінгі күрделі салымын келешектегі табыстылық нормасымен салыстыруы тиіс.
Мұндай салыстыруды жасау үшін болашақтағы табыстың бүгін қанша тұратындығын айқындап алу қажет. Бұл үшін инвестициялардан түсетін табыс құнын есептеп, оны инвестиция мөлшерімен салыстыру қажет. Инвестициялардың болашақ құны дегеніміз- бүгін инвестицияланған ақшаның белгілі бір уақыттан соң пайыздық мөлшерлемесіне қарай айналатын сомасы.
Бүгінгі таңда инвестициялық жобаны тұрақты бағамен есептемейді. Бұл үлкен қателіктерге әкеліп соқтырады, өйткені тауарлар мен қызметтердің әртүрлі топтары бойынша инфляция индекстері 1 жыл ішінде елеулі мөлшерде ауытқып отырады. Соған орай, есептеулер инфляция көрсеткіштерін ескере отырып жүргізіледі. Бүгінгі ақша бірлігінің ертеңгі ақшаға тек еместігі, тек инфляцияға ғана байланысты емес. Есептеу барысында төлемдерді кешеуілдету, өнімді өндіру және өткіз уақыты, өндірістік қорларды құру және пайдалану шарттары секілді факторларды есеру қажет.
Жобаның өтелу мерзімі дегеніміз- кәсіпорынның өндірістік қызметінен түскен түсімдердің инвестицияға жұмсалған шығынды өтеу уақыты. Ол әдетте жылмен немесе аймен өлшенеді де, мына формула бойынша анықталады:
to=ИпДг
мұндағы to- жобаның өтелу мерзімі,
Ип- бастапқы инвестициялар,
Дг- жыл сайынғы табыс.
Инвестициялық жобаларды қаржылық талдауда , әдетте болашақтағы түсімдерді, бүгінгі деңгейге келтірудің математикалық әдістері қолданылады, ол дисконттау деп аталады және де бүгінгі деңгейді болашақтағыға келтіру үшін өсіру әдісі қолданылады. Жоғарыда атап өткеніміздей, салынған қаражаттардың тез өтелуін қамтамасыз ететін жобаларға ерекше артықшылық беріледі.
Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы өміршеңдігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі болып табылады.
Инвестицияларды басқарудың құрамына келесілер кіреді:
- инвестицияларды мемлекеттік деңгейде басқару - бұл инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуді, бақылауды және ынталандыруды қажет етеді;
- жеке инвестициялық жобаларды басқару - бұл қазіргі заман талаптарына сай әдістер мен басқару техникасын қолдану арқылы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысын жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды қамтиды;
- жеке кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару - бұл кәсіпорын тарапынан инвестициялау объектілерін таңдаумен және инвестиция барысын бақылаумен сипатталады.
Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқару капитал салымдарының ең тиімді нұсқаларын жүзеге асыруға бағытталады. Осы орайда кәсіпорындардың инвестицияларды басқару барысына толығырақ тоқтала кетелік.
Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқарудың бірінші кезеңі - бұл елдегі инвестициялық жағдайды (климатты) талдау. Ол келесідей көрсеткіштерді ескереді:
- жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ), ұлттық табыстың және өнеркәсіптік тауарлардың өндіріс көлемінің динамикасы;
- ұлттық табысты бөлудің динамикасы;
- мемлекеттің инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуі, бақылауы және ынталандыруы;
- инвестициялық нарықтардың, бірінші кезекте несие нарығы мен құнды қағаздар нарығының, даму деңгейі.
Келесі кезең - кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясын ескере отырып, оның инвестициялық қызметінің нақты бағыттарын анықтау. Бұл кезеңде кәсіпорын инвестициялық қызметінің салалық бағытын, сонымен қатар өз қызметінің жекелеген кезеңдеріндегі инвестициялаудың негізгі нысандарын анықтайды. Бұл үшін экономиканың жекелеген салаларының инвестициялық тартымдылығы, яғни олардың конъюнктурасы, осы салалардың өнімдеріне деген сұраныстың динамикасы мен болашағы зерттеледі.
Экономика салаларының инвестициялық тартымдылығын зерттеу барысында жүргізілген талдау жұмыстары келесідей маңызды сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік береді:
- осы саланың елдегі және әлемдегі дамуының тарихи негіздері;
- бәсекелестік шарттары - салаға кіру кезіндегі бөгеттердің болуы, саладағы бәсеклестердің өзара қатынастары, солардың өнімі тәріздес тауарлардың пайда болу мүмкіндігі;
- өндірушілердің өндірістік қабілеті мен сатып алушылардың төлем қабілеттілігі;
- осы салаға байланысты қолданыстағы заңнаманың негіздері.
Аталған мәліметтер бойынша осы саладағы кәсіпорындарға инвестициялар салудың тиімділігі мен болашағы туралы қорытындылар қалыптасады.
Келесі кезең, яғни инвестициялар салудың нақты объектілерін таңдау, инвестициялық нарықтағы ұсынысты талдаудан басталады. Содан кейін кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізгі бағыттарына және экономикалық стратегиясына сәйкес келетін жекелеген инвестициялық жобалар таңдап алынады. Барлық таңдап алынған инвестициялық объектілер олардың экономикалық тиімділігі жағынан талдауға алынады. Осы талдаудың қорытындысы бойынша инвестициялық жобалар экономикалық тиімділігі (табыстылығы) бойынша сараланып, солардың ішінен неғұрлым үлкен табыс алып келетін жобалар таңдап алынады.
Инвестицияларды басқарудың келесі кезеңі - инвестициялардың өтімділігін анықтау. Инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында кәсіпорындар жекелеген инвестициялық объектілер бойынша инвестициялық жағдайдың өзгеруі нәтижесінде болжамдалған табыс мөлшері күрт төмендеп кетуі мүмкін екендігін ескерулері қажет. Экономика дамуының құрылымдық өзгерiстерiн табысты iске асырудың, жаңа ғылыми-техникалық негiзде өндiрiстiк әлеуетті құрудың әлемдiк нарықта бәсекелестiк позицияны күшейтудiң негiзгi шарты жоғары инвестициялық белсендiлiк болып табылады. Оңтүстiк-Шығыс Азияда "жаңа индустриалды елдер" атты экономикалық феноменнiң пайда болуы, қазiргi заманғы ғылымды қажет ететiн салалардың тез дамуы осы елдер экономикасына тартылатын инвестициялардың тез өсуiнiң арқасында мүмкiн болды.
Нарықтық қарым-қатынастар жағдайында республикадағы өнеркәсiптiк өндiрiстiң дамуына инвестициялардың әсерiн анықтау үшiн, алдымен, "инвестициялар" категориясының әлеуметтiк-эконо - ми - ка - лық мәнiн анықтап алу қажет.
Инвестициялар - бұл, нарықтық экономикаға өту кезеңiнде пайда болған, Қазақстандық экономика үшiн бiршама жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлы жүйеде негiзгi қорларды қайта өндiруге, оларды жөндеуге жұмсалатын шығыстардың барлығын қосатын "жалпы күрделi салымдар" түсiнiгi қолданылады.
"Инвестиция" терминi (латын тiлiнiң investio- киiндiремiн) ғылыми және публисцистикалық әдебиеттерде кең қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтауда көптеген пiкiрлер бар. Пол Самуэльсон: "Таза инвестициялау" немесе капиталды құру деп, бiз қоғамның нақты капиталының (ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалды-өндiрiстiк қорлар және т.б.) таза өсiмiн айтамыз. Тұрғын адам "инвестициялау" деп, өзiнiң жер учаскесiн, айналымда жүрген бағалы қағаздарды немесе басқа да меншiк объектiсiн сатып алғанын айтады. Бiрақ таза инвестициялау тек қана жаңа нақты капитал құрылған кезде ғана орын алады деп жазған.
Әйгiлi "Экономикстiң" авторлары инвестиция түсiнiгiн кең түрде түсiндiрдi. Олардың анықтамалары бойынша инвестиция- "өндiрiс шығындары және өндiрiс құралдарын жинақтау және материалды қорларды ұлғайту", яғни өндiрiс шығындарының және жинақтардың барлық жиынтығы.
Инвестиция көзi болып, жинақ қаражаттары табылатыны белгiлi. Бiрақ жинақтар бiр шаруашылық агентпен iске асырылады, ол инвестициялауды тiптi басқа адамдар тобы немесе шаруашылық субъектiлерi iске асыруы мүмкiн. Сондықтан ғалымдар тобы түсiнiктi анықтау кезiнде инвестицияның мәнiне ғана емес, оның мақсатты бағытталуына да көңiл аударады. В.Бочаров инвестицияны тұтынуға қолданылмайтын табыстың бiр бөлiгi деп түсiндiредi. Инвестициялық қорлар инвестициялық iс-әрекеттiң белгiлi объектiлерiне жұмсалады. Мұнда капиталдық құнның өсiмi табыс түрiнде немесе әлеуметтiк эффект түрiнде болады.
В. Фельзенбаум, инвестиция түсiнiгiн мағынасы бойынша "күрделi салымдар" және "қаржылық" (портфельдi) инвестициялар түсiнiктерiне, яғни меншiктен табыс алуға құқық беретiн акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға салынған салымдарға жақын келетiн нақты инвестицияларды қамтиды деп атап өткен.
Инвестицияға анықтама бергенде, инвестицияның тек қана мазмұндылық сипаттамасына ғана емес, сонымен қатар олардың мақсатты бағытталуына да аса назар аудару қажет. Осы көзқарастан қарайтын болсақ, инвестиция жалпы ұлттық өнiмдi өндiруге жұмсалынатын табыстардың маңызды бөлiгiн құрайды, яғни капитал құрумен, физикалық капиталды кеңейтумен байланысты өндiрiстi кеңейтуге және жаңартуға кеткен шығындар болып саналады.
lс-тәжiрибеде әр түрлi зерттеушiлер инвестиция түсiнiгiне әр түрлi мағына бередi. Жалпы тұрмыстық сана-сезiм деңгейiнде инвестицияны жер сатып алуға, қозғалмайтын мүлiк, акциялар сатып алуға, құрылысқа, техникаға, пайдалы қазбалары бар кен орындарына және т.б. қаржылық салымдарды салу деп түсiндiредi.
Инвестицияларды нақты (капитал құрушы) - жаңа кәсiпорын құруға, iс-әрекеттегi кәсiпорынды қайта құруға немесе техникалық жарақтандыруға бағытталған салымдар және қаржылық (портфельдi) - мемлекеттiң, әртүрлi кәсiпорындардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары мен акцияларын сатып алуға жұмсалған салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы салымдарын жасайтын салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы салымдарын жасайтын кәсiпорын-инвестор, өзiнiң өндiрiстiк өзiнiң өндiрiстiк капиталын - негiзгi өндiрiстiк қорларды және олардың жұмыс iстеуiне қажеттi айнымалы бағалы қағаздардан табыс-дивидендтер алу арқылы ұлғайтады. Мұнда өндiрiстi құруға ақша қаражаттары салымдарын, инвестициялық жобаларды iске асыруға қаржы құралдарын тарту үшiн акцияларды шығарған басқа кәсiпорындар мен ұйымдар жасайды.
Сонымен қатар, тiкелей және жанама инвестициялар болады. "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тiкелей инвестициялар - бұл Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiне байланысты және Қазақстан Республикасына берiлетiн ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберiне кiретiн инвестицияларды қоспағанда, инвестициялардың барлық түрi. Ал жанама инвестициялар - бұл бағалы қағаздар немесе мүлiктiк құнды заттар жиынтығына жасалған салымдар, деп көрсетiлген.
Инвестициялардың барлық түрлерiнiң кәсiпорынның тiршiлiкке қабiлеттiлiгiн сақтауда және оның дамуында маңызы зор.
Сондықтан да барлық өзгерістерді жан-жақты қадағалап, инвестициялық бағдарламадан шығып кету және капиталды қайта инвестициялау туралы шешімдерді қажет уақытында қабылдай білу керек. Осындай жағдайлардың пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, әрбір инвестициялық объект бойынша алдын-ала инвестициялардың өтімділігін бағалап, солардың ішінен өтімділік деңгейі жоғары бағаланатын инвестицияларды жүзеге асырған абзал.
Инвестицияларды басқарудың тағы да бір өте маңызды кезеңі - инвестициялық ресурстардың қажетті көлемін анықтау және оларды қаржыландыру көздерін іздестіру болып табылады. Бұл кезеңде кәсіпорынның жоспарлы бағыттары бойынша инвестициялық қызметті жүзеге асыруға қажетті қаржылық ресурстардың жалпы көлемі анықталады. Инвестициялық ресурстарға деген мұқтаждықтарға сүйене отырып, оларды қаржыландыру көздері анықталады. Кәсіпорынның меншікті қаражаттары жетіспейтін жағдайда шеттен қаражаттар тарту туралы шешім қабылданады.
Жоғарыда аталған шаралардың барлығын жүзеге асырған соң кәсіпорынның инвестициялық қоржыны қалыптасады. Инвестициялық қоржын кәсіпорынның барлық инвестициялық жобаларының жиынтығы болып табылады.
Инвестицияларды басқарудың қорытынды кезеңі - инвестициялық тәуекелдерді басқару болып табылады. Бұл кезеңде алдымен кәсіпорын барлық инвестициялық объектілер бойынша кездесуі мүмкін тәуекелдерді анықтап алып, содан кейін осы тәуекелдерді мүмкіндігінше азайтуға байланысты шаралар қолданылады.
Бүкіл инвестициялық қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның инвестициялық саясатымен негізделеді. Инвестициялық саясатты әзірлеу барысына кәсіпорынның басқару аппараты мен қаржы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ маркетингтік, өндірістік және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері қатысады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бетке алған инвестициялық бағытының келешекте дұрыс сарында жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
Кәсіпорындар өзінің инвестициялық қызметі барысында белгілі бір инвестициялық саясатты бетке алады. Кәсіпорынның нвестициялық саясаты дегеніміз - бұл кәсіпорынның өз инвестициялық қызметін тиімді жүзеге асыру арқылы табыс табуға немесе өндіріс көлемін кеңейтуге бағытталған шараларының жиынтығы болып табылады.
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты капитал салымдарының тиімді объектілерге салынуын, олардың өндіріс барысын сенімді ақша ағындарымен қамтамасыз етуге, нәтижесінде кәсіпорынның жалпы экономикалық қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге арналған. Демек, инвестициялық саясат өз кезегінде кәсіпорынның экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.
Нарықтық қатынастардың дамуы және сонымен байланысты макроэкономикалық саясаттағы өзгерістер кәсіпорындардың инвестициялық саясатына қосымша маңыздылық береді. Айталық, кәсіпорындардың инвестициялық қызмет жөніндегі міндеттері келесідей болуы тиіс:
- кәсіпорынның даму стратегиясын анықтау;
- өзінің инвестициялық бағдарламасын жасақтау және өзекті инвестициялық жобаларды анықтау;
- инвестициялық ресурстардың оңтайлы орналастырылуын қамтамасыз ету;
- кәсіпорын экономикасына капитал ағындарын және олардың қажетті объектілерге салынуын қамтамасыз ететін қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастыру.
Кәсіпорындар аталған міндеттерін жүзеге асыру үшін өзінің инвестициялық саясатын белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу керек. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының әлемдік тәжірибеде қалыптасқан принциптері келесідей:
- капитал салымдарын қаржыландыру көздернінің алуан түрлі болуы;
- іріктеушілік және ұқыптылық - инвестициялық жобаларды жан-жақты талдау нәтижесінде іріктеп, таңдап алу;
- мақсаттылық - инвестициялық бағдарламаның түпкі қажетті нәтижелерді қамтамасыз ету мақсатында бағытталуы;
- жүйелілік - инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті шаралардың жиынтығын жалпы ұлттық экономиканың даму деңгейімен байланыстыра отырып қалыптастыру;
- қамтамасыз етушілік - кез-келген инвестициялық жоба қажетті ресурстардың барлық түрімен (қаржылық, еңбектік, ақпараттық, материалдық)және қажетті мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс;
- өтелімділік - салынған қаржы-қаражаттардың барынша үлкен өсіммен қайтарылуы;
- инвестициялық белсенділікке ықпал ету мақсатында экономикалық және ұйымдастырушылық құралдарды қолдану.
Инвестициялық саясаттың іріктеушілік және ұқыптылық принциптерін жүзеге асыру кәсіпорынның экономикалық өсіміне және жандана түсуіне септігін тигізетін инвестициялық бағыттарды (жобаларды) дұрыс таңдай білуді қажет етеді. Кез-келген кәсіпорын үшін инвестициялық саясатты жүзеге асыру және инвестициялық бағыттарды таңдау келесідей қажеттіліктерді қамтамасыз етуі керек:
- өзге кәсіпорындарға немесе жаңа өнімдерге қаражаттар салу мақсатында өзінің өндірістік әлуетін (потенциалын) дамыту;
- инвестициялық бағдарламалардың өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін салаларға капитал салу;
- бәсекелестік қабілеті жоғары, ішкі және сыртқы нарықтарда үлкен сұранысқа ие болатын өнімдер мен салаларға инвестициялар салу.
Қаражаттарды қолайлы экономикалық және техникалық жағдайлар жасай алатын өндірістерге немесе экономика салаларына бағыттаған жөн.
Инвестициялық жобаны тұжырымдау, дайындау, сараптау, іске асыру және нәтижелерді бағалау
Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса,онда даярлаудың соңғысы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.
Жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында - коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалды және т.б. - оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдеу алуға және бастапқы ақпараттардың шынайлығына тәуелді екенін түсіну керек.
Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы - жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын болса, онда инвестордың өзі сараптама жүгізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.
Бұл кезең бизнес- идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі, инвестициялық қызметті бағалау көрсеткіштері, сондай-ақ инвестициялық жобаларды ұйымдастырудың теориялық негіздерін зерделедік.

Инвестициялық iс-әрекет еліміздің экономикасын дамытудың ма - ңызды факторларының бiрi болып табылады. Сондықтан да инвес - ти - циялық iс-әрекеттi жандандыру әрдайым өзекті мәселе - лер - дiң бiрi болып табылады
Инвестициялық және экономикалық әлеуетін талдау және кәсіпорынның қаржы экономикалық тұрақтылығына талдау жасалған. Инвестициялық тартымдылығын бғалау мәселесі қарастырылып, экономикалық қызметіне талдау жүргізілген. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін, жұмыс нақты өнім мен тұтынушыға жұмсалу керек. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымына, технико-экономикалық қызметіне, капиталдың құрамы мен құрылымына, инвестициялық қызметіне, операциялық қызметіне, қаржылық қызметіне, жобаның тиімділігінің негізгі көрсеткішіне кестелер сызылып талау есебі жүргізілген.
Техниканы жетелеу жөнінде ұсыныстар берілген. Осылайша, Біздің өмір сүріп жатан кезіміз - алға жылжу өзгерістер енгізу уақыты.
Қоғамдағы бұл өзгерістер өте маңызды, сондықтан мұндай мәселеден тек еңбекті қайта құру процессімен құтылмаймыз. Қазіргі кезде заманымызға сай болу үшін өзгерістерді өзімізден бастауымыз керек. Американдықтардың қолынан бұған берген анықтамалары бар: challenge. Орысшаға аударғанда вызов яғни шақыру деген мағынаны білдіреді. Ал бұл шақыру өте тәуекелділікті талап етеді өйткені бұдан тізе соғып қалуың да мүмкін. Міне осындай қиыншылықтармен күресу үшін бізге білім керек, жаңалықтарды енгізуіміз керек және оны меңгере білуіміз керек. Инновациялық процесс өзгерістерге дайындайды.Инновациялық менеджерлер әр қандай әдістермен әрекет жасайды, жаңалықтарды таратады, реттейді және зерттейді. Олар ғылыми топтарды басқарады, олар экономистер жаңалықтардың тиімділігін түсіне алуға қабілетті.
Алайда біз осындай беделге жету үшін олардың көптеген қиыншылықтан өткендерін ұмытпауымыз керек. Міне осыншалықты тәжірибеден кейін барып кәсіпорында тиімді жүйе пайда болды. Қазақстан компаниялары да табысты көтерілу үшін, мамандалған менеджментке ие болу керек. Дағдарыс кезінде басшы көптеген баламалы шешімдерді қарастыру керек. Қазіргі кезде білімді басқарумен өз фирмасының құрылымын білу керек, осы құрылымның жаңалық енгізуге қандай мүмкіншілігі барын түсіну керек, болашақта қандай өзгертулер болатынын болжай білу керек.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін, жұмыс бір нақты өнім мен тұтынушыға жұмсалу керек. Ұйым құрылымы-фирма бөлімдері жақсы байланыста болуын, жауапкершілік пен құқықтардың дұрыс бөлінуін қалайды. Алайда бұл мақсаттар кәсіпорынның басқару жүйесінің дамытылғанына да байланысты. Болашақта үлкен нәтижелерге қол жеткізу үшін тұтынушыларды зерттей білу керек, бәсекенің әр жақтарын білу керек және өндірістің құрылымын меңгеру қажет.
Ұйымдастырушы құрылым әр бөлімнің бір-бірімен деген байланысын қамтамасыз етеді және алға қойған мақсаттарына жету үшін, жауапкершілікті бөліп береді. Ұйымдастырушылар фирмалардың арасындағы байланысты да қадағалайды.
Ұйымдастыру жұмыстарын алға жылжыту үшін құқықтары жақсы білу керек, ең басты мақсаты басқарудың тиімділігін жоғарылату қажет.
Ұйымдастырушы структура ең бастысы фирманың барлық бөлімдерінде жақсы байланыс болғанын қалайды, олардың әр қайсының құқығын және жауапкершіліктерін бөліп береді.
Сонымен алға қойылған мақсаттар мен оның орындалу мүмкінділігі өте жоғары, елдің жоғарығы шикізат қорларымен территориясының әлемдегі тоғызыншы орында және орналасқан жері Еуразия материгінің ортасында және екі жағындағы көршілерін ескерсек Еуропа мен Азияны қосатын ірі экономикалық аймаққа айналады десек қателеспейміз. Осындай жағдайда біз 2005 жылға дейін индустриалды экономикаға жетуіміз қажеттігін президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан 2015 жылға дейінгі индустриалдық инновациялық даму бағдарламасында айтып кеткен болатын. Ол үшін тек мемлкет пен үкімет ойланып қана қоймай, бүкіл халық өз үлестерін қосу қажет екенін жеке айтып кеткен жөн. Кәсiпорынның меншiктi қаржы қорлары өзiне құрылтайшылардың бастапқы жарналарын және капиталды салымдарды қаржыландыруға кеткен шаруашылық iс-әрекет нәтижелерi есебiнен жиналған жинақтарды қосады. Кәсiпорында инвестицияларды қаржыландырудың iрi көзiне амортизациялық қаржы бөлiнулер жатады. Осы бөлiнулер нәтижесiнде кәсiпорынның негiзгi капиталын ұдайы өндiрiсiн кеңейтуге қолданылатын бос ақша қаражатары қалыптасады. Табыстан төленетiн салықтар мен басқа да төлемдер төленгеннен кейiн кәсiпорында таза табыс қалады. Оның бiр бөлiгiн өндiрiстiк және әлеуметтiк сипатты капиталдық салымдар ретiнде қолдануы мүмкiн. Несиелiк қаражаттар несие берушiлер есебiнен құралады. Қазiргi кезде инвесторлар тез эффект беретiн кәсiпкерлiк iс-әрекет беретiн кәсiпкерлiк iс-әрекет салаларын несиелеуге тырысады. Инвестициялаудың бағыттарының бiрi ретiнде лизингi айтуға болады. Лизинг деп машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлiк құралдарының және де өндiрiстiк мағынасы бар ғимараттардың ұзақ мерзiмдi арендасын айтамыз. Осында айта кету керек, дамыған нарықтық қатынастар жағдайында лизингтiң құрал-жабдықтарды инвестициялаудағы үлесi 25% құрайды. Бюджеттiк қаржы бөлiністері - бұл бюджеттiк қаржыландыру қаражаттары. Қазақстан Республикасының бюджетiнен қайтарымсыз негiзде мемлекеттiк орталықтандырылған капиталды салымдарды қаржыландыру, ол- объектiлер құрылыс жұмыстарының бекiтiлген тiзiмiне және мемлекеттiк қажеттiлiгi бар объектiлер қатарына енгiзiлсе ғана жүргiзiледi. Инвестициялаудың әр түрлi түрлерiн тарту және қолдану мақсатында мемлекеттiң және мемлекеттiк реттеудiң рөлi тiкелей бақылау мен реттеуге (мемлекеттiк кәсiпорындарды басқаруға беру, халықаралық несие үшiн), және экономикалық тетіктер арқылы жанама әсер етуге (халықаралық кәсiпкерлiктiң тiкелей және портфельдi әдiстерi) саяды. Реттеу дәрежесi инвестиция объектiлiгiмен анықталады және мысалы, несиелiк инвестиция объектiсі кәсіпорындар немесе мемлекет болып табылатындықтан, ол несиенi аралық иемдену құқығына ие, сондықтан да инвестицияның тiкелей қолданылуын бақылау жасауға мiндеттi. Инвестициялаудың коммерциялық түрiнде мемлекет тiкелей бақыламайды, оның рөлi тек жанама түрде ғана болады, негiзiнен заң механизмi (салық жүйесi және т.б.) және қаржы-экономикалық саясат арқылы реттейдi. Инвестициялық саясаттағы мемлекеттiң маңызын нарықтық экономиканың iшкi тұрақсыздығы туралы алғышартты негiздей отырып, экономикалық саясаттың Кейсиандық теориясы анықтайды. Мүндай тұрақсыздық өндiрiс факторларын жеткiлiксiз қолдану және тұрғындардың жұмыспен толық қатылмау салдарынан туындайтын ресурстарға сұраныстың жеткiлiксiздiгiмен көрсетiледi. Сондықтан Кейнс бойынша макроэкономикалық саясаттың негiзгi мақсаты төлеуге араласуы көмегiмен қол жеткiзетiн толық жұмыс бастылық болып табылады. Осылардың құн өсiмiн қамтамасыз етедi және соның нәтижесiнде жалпы iшкi өнiм динамикасына әсер етедi. Басқаша айтқанда Кейнс бойынша инвестициялық сұраныс динамикасы экономиканың дамуының циклдiгiнiң басты себебi болып табылады. Өз кезегiнде бұл сұраныс динамикасы салынған капиталдың өсiм ақысы (пайыздық мөлшер) деңгейiне байланысты болады. Осыдан келiп баға динамикасы мен өсiм ақы дңгейiне әсер ету мемлекеттiң ақша несие саясатының өзара байланысын келесiдей тiзбек арқылы көрсетуге болады: ақша массасы - пайыз мөлшерi - инвестиция - жапы iшкi өнiм. Мүндай схема Батыстың көптеген елдерiнде 50-60-ыншы жылдары тиiмдi жұмыс iстедi. Елде ақша-несие саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет (Ұлттық банк) ұлттық ақша және өсiм ақының валюталық құнын анықтайды. Мемлекет (Ұлттық банк) өсiм ақыны құрудың мұндай факторлар қатынасын нарықтық күштер және мемлекеттiк реттеу арқылы анықтайды. Шетел капиталын тарту мақсатындағы өсiм ақыны реттеу тек дамушы елдерде ғана емес, сонымен қатар экономикасы дамыған елдер де қолданады. Мысалы, 80-iншi жылдардың бiрiншi жартысында АІШ төлем балансының жеткiлiксiздiлiгiн қаржыландыру үшiн өсiм ақыны көтердi. Нәтижесiнде елге, әсiресе Батыс Европа елдерiнен капитал ағыны тез өстi. Сол кездегi күрделенген жағдай экономикалық әдебиеттерде "өсiм ақы соғысы" деп атала бастады. Бiрақ мұндай саясат бiр қарағанға қарапайым емес. өсiм ақыны төмендетуден экономикалық белсендiлiктiң төмендеуi және халықтың жұмыс бастылық жағдайының нашарлауы және т.б. қолайсыз жағдайлар туады. Мұндай саясат құнсыздануды күшейтуге қабiлеттi, себебi несиенiң қымбаттауы өнiм құнының өсуiне әкеледi. Сондықтан өсiм ақы сферасында мемлекеттiң көбi курсты жасанды көтермелеуге қарағанда нарық факторына сүйенедi. Мемлекеттiк реттеу проблемасы мына себептер бойынша реттеудiң бiр факторлы моделi ретiнде қарастырылмайды, бiрiншiден, өсiм ақының өзi көп факторлы, күрделi нарықтық категория болып табылады. Екiншiден, өсiм ақы (реттеушi ретiнде, бiрақ инфляция жағдайында емес) несие ағынына үлкен дәрежеде әсер етедi.
Қазақстанның осындай байлықтарымен территориясының кеңдігімен, адам ресурстарының жоғарғы білімділігімен XXI ғасырда дүние жүзінде өзінің орнын табатынына күмәніміз жоқ.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялық жобаларды табысты iске асыру үшiн дамыған инфрақұрылымның болуының аса маңызды мәнi бар. Алайда Қазақстанда мұндай инфрақұрылым орасан үлкен аумақта жеткiлiксiз күйде, ал кейбiр аймақтарда бұл тiптi әлсiз күйде, бұл, әрине, инвеститциялық белсендiлiктi айтарлықтай шектейдi.
Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты - бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлврдың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.
Бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрірнің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады. Мұндай салыстырулардың нәтижесінде жобаны қарастырушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды. Бұл тәжірибені басқа жобаларды іске асырғанда да қолдануға мүмкіндік береді.
Инвестициялық жобалардың түрлері
Жобалық талдау тәжірибесі жобаларды әзірлеу тәжірибесін жалпылауға және типтік жобаларды атап айтуға мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері мынадай: Қондырғыларды ауыстыр. Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етпейді. Ұқсас қондырғылардың бірнеше түрі бар болса және олардың ішінен біреуінің басымдылығын дәлелдей керек болса, көп баламалылық пайда болуы мүмкін. Шығындарды азайту. Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту қондырғыларды ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты - жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым жетілгенін қолдану, бірақ онысы моральдық тозған қондырғыға қарағанда салыстырмалы түрде тиімділігі азырақ болады. Жобалардың осы түрі әрбір жекелеген жобаны бөлшектеп қажет етеді, өйткені техникалық мағынада неғұрлым тиімді бола бермейді. Қызмет көрсету нарығын кеңейту. Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді. Жобаның коммерциялық орындалуын нарықтық ортасының кеңеюінің тиянақты дәлелдемесімен және сату көлемін арттырудың табыстың өсуіне алып келе-келмеуін анықтай отырып, жобаның қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек.
Кәсіпорынды кеңейту. Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін талдаудың барлық кезеңдері теңдей дәрежеде маңызды болып келеді. Жобалардың осы түрлерін әзірлнген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап кеткен жөн.
Экологиялық жүгі бар жобалар. Инвестициялық жобалау барысында экологиялық талдау жасау аса қажетті элемент болып табылады. Экологиялық жүгі бар жобалар өздерінің байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып табылады.
Шешуді және қаржы критерийлерінің көмегімен дәлелдеуді қажет ететін негізгі дилемма - жобалардың қай түріне назар аудару керек:
капиталдық шығындарды көбейте отырып, қондырғының аса жетілген және қымбат түрін қолдану немесе;
ағымдағы шығындарды көбейте отыры, аса қымбат емес қондырғыны қолдану.
Маңыздылығы аса жоғары емес жобалар. Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және т.с.с. қамтиды.
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz