Ертегі - қиял жемісі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
2 А сынып оқушысы Абдужапбар Асылбек Азизбекұлы
Ертегі-қиял жемісі тақырыбындағы ғылыми жұмысына пікір

ПІКІР

№41 А.Макаренко атындағы мектеп-лицейінің 2 А-сынып оқушысы Абдужапбар Асылбек Азизбекұлы Ертегі-қиял жемісі тақырыбындағы ғылыми жоба жұмысы ертегілердің қиял жемісі екендігін дәлелдеумен қатар пайдасын ашып көрсетуімен құнды. Оқушы ертегі және оның түрлеріне терең тоқталып, мазмұны жағынан жіктеп сырын ашады. Сырын ашып қана қоймай жан-жақты талқылап талдау жасайды.
Ертегілердегі елдік пен ерлік, жақсылық пен жамандық туралы шынайы пікір білдіре білген.
Ғылыми жұмыстың тілі жеңіл, сауатты жазылған. Өткен тарихымыздағы мәдени мұраларға өз пікірін қосу әрбір азаматтың адамдық парызы деп білемін.

2 А сынып оқушысы Абдужапбар Асылбек Азизбекұлы
Ертегі-қиял жемісі тақырыбындағы ғылыми жұмысына пікір

Пікір

Ғылыми жоба тақырыбы бүгінгі күнгі ұлттық сананы жетілдіру, жеке тұлға тәрбиелеу мақсатындағы мемлекетіміздің алға қойған мақсаттарымен сабақатастығы оның өзектілігін айқындайды. Қазіргі таңдағы Рухани жаңғыру аясында жүргізілуге тиісті іс-шараға да өз үлесін қоса алады. Өсіп келе жатқан жас ұрпақ санасын тасқындап келіп жатқан жаһандану дауылына қарсы тік тұра алатын жігерлі рухты өз ұлтымыздың ішкі рухани байлығынан іздеу - ең ұтымды жол. Кішкентай бүлдіршіннің санасына ең бірінші ұлттық сана сәулесін түсіретін ұлтымыздың ертегілері мен аңыздары. Жетекші осы мәселені жақсы ұғынған. Өз алдында тәрбиеленіп жатқан шәкіртін осы бағытқа жетектеуге әрекет жасаған. Бұл - қолдайтын әрекет. Ғылыми жоба тақырыбының өзектілігіне де дәлел бола алады.
Ғылыми жобаға жоспар жасалған. Кіріспе, қорытындыдан өзге негізгі бөлімді екі тақырыпқа бөліп қарастырған. Өз бетінше ізденген қазақ ертегілерінің түрлерін оқулықтардан алынған ізденісіне сәйкес баяндаған. Екінші бөлімі Ертегінің қиялдың жемісі деп, жоба тақырыбын осы тарауда ашуға әркеттенген.
Бүлдіршін талапкер өзінің негізгі қортыныдыларын жүйелі баяндаған.
Ғылыми жоба шартына сәйкес, өзінің тақырып бойынша ұсыныстарын анық көрсете алған. Қарапайым және өте пайдалы ұсыныстар деуге болады.
Қорыта айтқанда, дайындаған Ертегі -қиял жемісі атты ғылыми жоба өз жасына сәйкес дұрыс орындалған. Жас талапкердің айтқан ойы, берген ұсыныстарын кәдеге жаратуға болады.
Әрине, нақты ертегілерді тереңірек талдау қажеттігі көрінеді. Оны болашақта әрі қарай жалғастырар деп сенуге болады. сәттілік тілеймін.

Жетекшісі: Хайдарбекова Бахтигул Хамраевна

Мазмұны



1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

2. Негізгі бөлім

2.1. Ертегі-қиял жемісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .5

2.2. Ертегінің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

2.3. Ертегінің пайдасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

4. Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Аннотация

Бұл ғылыми жобада ертегілердің қиялдан туған шығарма екендігі және оның түрлері мен балаларға пайдасы, ертегілердегі сан алуан кейіпкерлер туралы баяндалған.

Аннотация

В этом научном проекте рассказывается о том, что сказки-произведение, рожденное воображением, и о его видах и пользе для детей, о многообразии персонажей в сказках.

Annotation

This scientific project tells about the fact that fairy tales are a work born of imagination and its types and benefits for children, about the wide variety of characters in fairy tales.

Аннотация

Бұл зерттеу жоба жұмысы қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар ертегілердің сырын білуге, Елбасымыздың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында туған халқымыздың төл әдебиетіне деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған. Сонымен қатар қазақ әдебиетінің тарихына мол үлес қосқан ертегілерді талдап, саралауға және ерекшелігі мен өміршеңдігін дәлелдеуге бағытталған.
Мен кіріспе бөлімде зерттеу жұмысымның өзектілігін, мақсат-міндеттерін, зерттеу жұмысының дереккөздерін, әдіс-тәсілдерін, зерттеудің теориялық маңызы мен практикалық мәнін және құрылымын айқындап жаздым. Сондай-ақ ертегілердің қиял жемісі екендігін дәлелдейтін тұжырымдар келтіріп өттім.
Негізгі бөлімде ғылыми жобаны тақырыпшаларға бөліп қарастырып, әрбір тақырыпшаға қатысты өлең үзінділерін мысалға келтіріп, ол ертегілерде айтылған ойларға зерделеу жұмысын жүргіздім. Ғылыми жобамды Ертегілер-қиял жемісі, Ертегілердің түрлері, Ертегілердің пайдасы деп 3 топқа бөліп жеке-жеке талдау жасадым.
Қорытынды бөлімде көтерілген тақырыптағы мәселенің түйінін жасап, өз ұсынысымды білдірдім.
Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны бар ертегілердің мәңгілік мұра екендігін, оны насихаттаудың қажеттілігін жас ұрпақтың түсінуімен, ғибрат алуымен маңызды.

Зерттеудің мақсаты:

Елбасымыздың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласы аясында қазақ әдебиетіндегі ертегілердің пайдасын, қиялдан туған дүние екендігін дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының дереккөздері:

Ғылыми зерттеу еңбектері, ертегілер жинағы, ғаламтордағы дерек көздері

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері:

Сауалнама жүргізу, жағдаяттарды шешу және қорытынды шығару.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау;
2. Ертегілердің қиял жемісі екендігін ашып көрсету;
3. Ертегілердің пайдасын жас ұрпаққа насихаттау және бүгінгі күн тұрғысынан алғанда өзектілігін дәлелдеу.

Зерттеудің теориялық маңызы мен практикалық мәні:

Ертегілерді тақырыптық-мазмұндық ерекшелігі жағынан талдау және оның өміршеңдігін дәлелдеу

Зерттеу нысаны:

Қазақ ертегілері

Зерттеу жобам туралы: Ертегі - қиял жемісі деп аталады. Ертегілерге деген қызығушылықтан оны зерттеу туралы ой туындады. Мектепте кітап оқып үйренгеннен бастап ертегі оқу арқылы тәрбиелі, тәртіпті, сенімді болып өсуге тырыстым. Ертегі бала қиялын ұштайтын таңғажайып туынды. Халық ауыз әдебиетінде ерекше қызықты, көркемделіп, қиялдан туған жанр. Ертегіні оқыған әрбір бала ондағы жағымды кейіпкерлерге ұқсауға әрекет жасап, жағымсыз кейіпкерлердің мінез-құлықтарынан жиренеді.
Не үшін зерттемекпін? Ертегілер туралы білімімді дамыту;
ертегідегі қиялдың бүгінгі жемісі қандай?-деген және қазіргі балалардың қазақ ертегілерін оқымай,шетел мультфильмдеріне еліктеуіне не себеп?-деген сұрақтарға жауап іздеу үшін
Зерттеу жұмысы үш бөлімнен тұрады:
1. Кіріспеде зерттеу тақырыбының маңыздылығы, яғни ертегілер арқылы оқушыларды өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін білуге және ой өрісі қиялының дамуына және адамгершілікке тәрбиленуге мүмкіндік беретіндігі айтылады.

2. Негізгі бөлімде ертегінің бала қиялын ұштайтын таңғажайып туынды екенін,ертегінің қазақ әдебиетінде алатын орны, ертегі түрлері, ақын-жазушыларымыздың бала тәрбиесіне қосқан еңбектері, электронды кітапханадан, ғаламтордан оқыған ертегілерді электронды ертегілер жинағы , ертегі оқудың пайдасы туралы баяндалады.

3.Қорытындыда ертегінің тәрбиелік маңызы ашылады. Ғылыми жобаны зерттеу кезеңдеріндегі жұмыс түрлері, аудиотаспаға жазылған ертегі, Сиқырлы әлем ертегі кітапшасы, Ғажайып бейнелер бояу дәптері. Ертегі оқудың пайдасы туралы ереже ұсынамын.

Кіріспе

Менің зерттеу жобамның тақырыбы: Ертегі - қиял жемісі деп аталады. Ертегілерге деген қызығушылықтан оны зерттеу туралы ой туындады. Сонымен қатар ертегілерді айтқанда кішкентай балалардың тез ұйықтап қалатындығы мені таң қалдырды. Себебі, өзім де әжемнің ертегілерін тыңдап жатып тез ұйықтап кететін едім. Ал қазір менен кіші інім мен сіңілім ертегі тыңдап жатып тез ұйықтап қалады. Сонымен қатар Балапан арнасынан тыңдайтын ертегілер менің ертегінің қалай пайда болатындығы, оның не себепті балаларды тез ұйықтатып тастайтындығы туралы ізденуіме әкелді.
Өзімнен үлкен аға-әпкелерімнің түрлі-түсті суреттермен безендірілген ертегі кітаптары менің ертегіні өзім оқып алу үшін әріп тануға деген құштарлығымды оятты. Мектепте кітап оқып үйренгеннен бастап ертегі оқу арқылы тәрбиелі, тәртіпті, сенімді болып өсуге тырыстым.
Ертегі бала қиялын ұштайтын таңғажайып туынды. Халық ауыз әдебиетінде ерекше қызықты, көркемделіп, қиялдан туған жанр. Ертегіні оқыған әрбір бала ондағы жағымды кейіпкерлерге ұқсауға әрекет жасап, жағымсыз кейіпкерлердің мінез-құлықтарынан жиренеді.
Менің ертегіге деген қызығушылығым балабақшада жүрген кезімнен басталды. Ертегілерге деген қызығушылықтан оны зерттеу туралы ниет туындады. Себебі қазақ ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттілікке үйретеді. Жамандықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді . Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Мысалы, балаларға арналған ертегілер баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Өкінішке орай, қазіргі кезде ғаламтордан, теледидар арқылы шетелдік ертегілер желісімен түсірілген көркем фильмдер, мультфильмдер,анимациялық фильмдер жиі көрсетіледі.
Зерттеу жұмысымдағы мақсатым ертегілердің қиялдан туындайтынын зерттеп, оқып, оларды қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда насихаттау жолдары туралы өз жаңалығым мен ұсыныстарымды айтсам деп едім. Бұл жаңалықтарым әрі пайдалы, әрі тиімді болады деген ойдамын. Менің ойымша адамдардың бойында тек қана жақсы қасиеттер болуы тиіс, ал осы қасиеттерге қазақ ертегілерін оқу арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан да мен қазақ ертегілерінің түрлері мен пайдасын зерттемек болдым. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды жеткізуді мен өзімнің жаңалығым, шеберлігім деп таптым. Ертегі құдіретті нәрсе, ұйқыға батқызады, қызықтырады, тыныштандырады, көңілдендіреді, қолдайды, үйретеді, сендіреді. Ертегілер ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіп келді. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері
секілді ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайларына
-3-
байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген,
олардың неден болатынын толық түсінбеген ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөнінде жай күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Бертін келе адам баласының ой-өрісінің ұлғайып өсуі ертегілердің туындауына көп әсер еткен. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет-ғұрпын, нанымы мен сенімін білдіреді. Қазіргі заманның жетістіктерін көре отырып, ертегі оқиғаларындағы халық арманының іске асқанын байқаймыз. Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен, мұнымен қатар
жаңа ертегілер туа бастайды және онда халықтың тұрмыс-салты, іс-әрекеті басты орын алады. Ертегі балаларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде шешуші орын алады. Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсерленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегіде ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрды ғажайыптың бейнелеуші құрал ретінде қолданылады. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан.
Осы ауызша әңгімелері, ертегілері арқылы еңбекші халық бақыт туралы, еркін өмір жайлы, мекен туралы үміт, армандарын баяндайды. Ертегіде баяндалатын сан алуан қызық оқиғалар шындықтан гөрі, көбіне қиял дүниесін тудырған. Ертегі деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде ертек деп те айтылады. Содан ертегі айтушыны ертекші, ертегіші дейді. Осы атау көп ертегінің басында әдейі айтылып отырады. Қазақ ертекшісі де көптен көп ертегісін: ертеде бір бай болыпты, ертеде бір ханым болыпты, ертеде бір кемпір мен шал болыпты деп бастайды. Немесе ерте - ерте ертеде, ешкі жүні бөртеді деген сияқты көп ертектерге ортақ ерекше өлең бастауымен келеді.
Зерттеу тақырыбымның өзектілігі:
Электронды түрде ертегілерді оқу арқылы өзіндік жұмыс жасауға тәрбиелеу. Осы орайда ертегілерді тілші, әдебиетші ғалымдардың ғылыми еңбектерінде қарастырып, тәрбие көзін ертегіден алу.
Тақырыптың мақсат-міндеттері:
Ертегілердің қиялдың жемісі екенін ашу;
Ертегі түрлерін анықтау.
Ертегілерді мазмұны жағынан топтастыру,талдау
Тақырыпты зерттеу әдістері:
Тақырыпты зерттеу барысында ертегіні саралау, олардың мағынасына, назар аудару. Ақын-жазушылардың ортақ мақсат-міндетін айқындай отырып, ертегінің тәрбиелеу түрлеріне, ертегі терапия әдістері сыныпта жүргізілді.

-4-

ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Ертегі - қиял жемісі.
Қиял туралы жалпы түсінік.
Қиял деп бұрынғы қабылдаған елес бейнелерін өзгертіп бір-біріне қосып, өңдеп, қайтадан бейнелеуді айтады. Қиял обьективті дүниені жүйкеде сәулелендірудің айрықша бір түрі. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың, сезімдерге келтіретін тікелей әсері арқылы пайда болатын қабылдаулар, олардан пайда болатын елестеулер бір қалыпта тұрмайды, ақыл-ой елегінен өтіп, өзгеріп, бір-біріне қосылудың нәтижесінде бейнелеудің тағы бірі - қиял пайда болып отырады. Қабылдау арқылы пайда болған елестеулер, кейін ақыл-ойдың таразынан өтеді. Адам ол елестеулерді өзгертеді, бірімен-біріне қосады, ақыл осының нәтижесінен жаңа елестеулер пайда болдырады.
Өткен тәжірибедегі кейбір оқиғаларды, құбылыстарды еске түсірер кезде олардың кейбір жақтарын, сипаттарын адам ұмытып қалуы да мүмкін. Сондықтан кейін еске түсіргенде ол құбылыстарды, уақиғаларды толықтырып, көрнекті етіп, ұмытып қалған жерлерін адам жаңалап, өзгертіп отырады. Мысалы, біз еш уақытта Мұзды Мұхитты көргеніміз жоқ, бірақ оқыған кітаптардан, не біреуден естігеніміз, суреттерін көргеніміз арқылы оның қандай болатынын елестетіп отырамыз.
Қиял айналасындағы тіршіліктің әсер етуінен, оны өзгертудің жаңалаудың керектігінен пайда болады. Сондықтан да әр кез сол адамның өмір сүретін, тіршілік ететін қоғамның, шаруашылықтың, экономиканың даму дәрежесімен байланысты. Экономикасы қалыңқы мемлекеттің адамдарының да онша дамымаған ел болуы мүмкін. Қаншама қоғамның эканомикасы, мәдениеті, техникасы алға кетіп дамыған болса, опда сол қоғамда өмір сүруші адамдардың да қиялдары ілгері кетіп, жоғары деңгейден көрінеді. Мысалы, ұшақ жоқ кезде, аз уақыттың ішінде алыс жерге тез жетудің керек екендігін сезгенімен, бірақ ол жерге тез жетудің ыңғайын білмей ертедегі адамдар кілемнің, дастарқанның ұшатындығын қиялдаған.
Қиялдың ерекше бір түрі-арман. Бұл келешекте адамның көзқарасынша жүзеге асуы, орындалуы мүммкін, тікелей іс-әрекет пен байланыспаған жай тілек, қалау ғана. Адам армағанда алдына бір мақсат қойып, тілегіме жетсем екен деп ойлайды, оған тілегі орындалатындай іске асатын болып көрінеді. Арман кісіні іске жұмылдыратын түрткі деуге болады. Өйткені шындықпен аралас арман адамның алдына мақсат қойып, оған күш-қуат беріп, оны белсенді түрде әрекет етуге итермелеп отырады.
Қиялдың айрықша сипаттары. Адамның қиялы тәнінде болатын кейбір органикалық ағымдарға әсер етіп, өз қиялымен байланысып отыруы мүмкін. Қиял арқылы бұрынғы елестерді бір-біріне қосып, құрастырып, жаңа

-5-
елестеулер жасау жолының бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Адам бірнеше бейнені не болмаса олардың бөлшектерін бір-біріне қосып, оларды құрастырып жаңа елестеулер жасаса, мұны қиялдың агглютинациясы (желімдер деген
мағынаны білдіреді) дейді. Мысалы, су перісінің бейнесін жасаған уақытта, оның кеудесін адам тәрізді, ал қалған бөлігін балықтың құйрығы етіп суреттейді. Қиял бейнелерін жасауда жалпылау әдісі де жиі қолданылады.
Өмірде қиялсыз бала болмайды.Қазақ халқы Қиялсыз бала-қанатсыз құспен тең дейді.
Ертегі - қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Ертегі жас ұрпақты тәрбиелеумен қатар, олардың бойына ана тілінде ойлау және мәдениетті сөйлеуіне, сауатты жазу дағдыларына барынша мол әсерін тигізеді. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу - сызу болмаған кездің өзінде - ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан - ұрпаққа ауызша жеткізіп келді. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілерде адам баласының еңбекке, тұрмыс тіршілік жағдайларына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неден болатынын толық түсінбеген ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөнінде өз жай күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Бертін келе адам баласының ой - өрісінің ұлғайып өсуі ертегілердің туындауына көп әсер еткен. Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен, мұнымен қатар жаңа ертегілер туа бастайды және онда халықтың тұрмыс - салты, іс - әрекеті басты орын алады. Бұлардың бәрін халық ертегілері арқылы көркемдеп, әр түрлі образдар арқылы бейнелейді. Ертегі балалардың ой - өрісін, дүние танымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.
Нелер жауыздық, зұлымдық жасаушылар, тоғышарлар, ел арасындағы алаяқ қулар т. б. халық ертегілерінде жиіркенішті роль атқарады. Оларға халық арасынан шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі етеді.
Ертегілердің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталады. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекеттер өткір сықақ-мысалмен бірігіп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Мысалы: Тазша бала туралы ертегілердегі әке- шешесі жоқ басы таз Тазша атанған баланың тапқырлықтары ханның ақылынан да асып кетеді. Қырық өтірік ертегісіндегі шындыққа келмейтін қиял-ғажайып оқиғаларды қызықты етіп баяндау арқылы тазша бала ханның байлығына ие болып, қызын алады. Ертегіні тыңдаған балалар жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегіні қызықты етіп жеткізу айтушының шеберлігіне байланысты.
-6-
Қазақ халық ертегілері-ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді
саласының бірі болып табылады. Қазақ халық ертегілері - қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Қазақ халық ертегілерінің асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп мән -- мағынасының артып отырғандығында. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет - ғұрпын, нанымы мен сенімін білдіреді. Ертегілер қоғам дамыған сайын адамның да ой - санасын өскен, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Қазіргі заманның жетістіктерін көре отырып, ертегі оқиғаларындағы халық арманының іске асқаның байқаймыз.
Ертегі - фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры - халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты - тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы қиялын дамыту
Ертегіні оқытудың тиімді жолдары
Халық ертегілері негізінде оқушыларды рухани-имандылық қасиеттерге тәрбиелеу
Ертегілерді оқыту барысыңда оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеудің теориялық негізі
Әдебиеттік оқу сабақтарында ертегілерді оқыту жолдары және Әдіс- тәсілдері
Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамыту
Қазақтың қиял-ғажайып ертегілері
Қазақ халық ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді оқыту
Бастауыш мектептің оқу процесінде ауыз әдебиеті үлгілері арқылы оқушылар бойынан адамгершілік тәрбиені қалыптастыру
Қиял ғажайып ертегілер
Пәндер