Психология



Психология ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мың жылдай болды. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: «псюхе» . қазақ тілінде «жан», «логос» . «сөз», «ұғым», «ой» деген сөздердің мәнін береді. Осы екі сөзді қоссақ: жан туралы ғылым деген мағына туады. Мұндай ұғым психология тарихында көп уақытқа дейін орын алып келген. Оны . жан құбылыстарын зерттейтін ғылым деп түсінген.
Психология ерекшеліктерін танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып болмайтын, қалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебі, әрқандай нақты заттың өзі мен оның қабылдаған кейпі бір.бірінен ажыратылып тұратыны даусыз. Жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс деген нанымның санаға терең ұялауы бұған мысал бола алады. Алғашқы адамның өзі де адамдар мен жануарлардың өлетінін, адамның түс көретінін сезіп, білген. Осыған орай адам ұстамға келетін тәннен және көрінбейтін жаннан бір.бірінен бөлінбейтін дербес екі бөліктен тұрады деген сенім туындады; яғни адам өлмейінше, жан оның тәнінде жасап, өлгеннен соң тәннен шығып кетеді. Адам психика жөніндегі кейбір түсініктердің өз өмір тәжірибесі негізінде топтайды. Әлеуметтік қатынастар мен еңбек барысында түсінуге, бірлікті тұрмыс құруға, іс.әрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай психологиялық пайымдаулар ғылыми психологияға дейінгі білімдер ауқымын құрады. Осы біршама бірліктер әр адамға қоршаған ортада жол тауып, өзге тұлғалармен қылық.әрекетіне орай қатынас жасауға көмегін тигізеді. Бірақ мұның бәрі тұтастай жүйеленбеген, тереңнен танылмаған, дәлелсіз. Оларды біз күнделікті тұрмыстық тәжірибемізден ғана үйренбестен, көркем әдебиеттен, халық ауыз әдебиеті үлгілерінен ұғып, түсініп келдік. Қазіргі заман психология теориялары мен психология салаларының бастаулары нақ осы өмір тәжірибесі мен атадан ұрпаққа жеткен асыл рухани мұрадан келіп шығады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
Психология ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму
тарихына екі жарым мың жылдай болды. Психология термині гректің екі
сөзінен тұрады: псюхе - қазақ тілінде жан, логос - сөз, ұғым,
ой деген сөздердің мәнін береді. Осы екі сөзді қоссақ: жан туралы ғылым
деген мағына туады. Мұндай ұғым психология тарихында көп уақытқа дейін орын
алып келген. Оны – жан құбылыстарын зерттейтін ғылым деп түсінген.
Психология ерекшеліктерін танудың қиындығы олардың адам ақылына
сиып болмайтын, қалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебі, әрқандай
нақты заттың өзі мен оның қабылдаған кейпі бір-бірінен ажыратылып тұратыны
даусыз. Жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс деген нанымның санаға
терең ұялауы бұған мысал бола алады. Алғашқы адамның өзі де адамдар мен
жануарлардың өлетінін, адамның түс көретінін сезіп, білген. Осыған орай
адам ұстамға келетін тәннен және көрінбейтін жаннан бір-бірінен бөлінбейтін
дербес екі бөліктен тұрады деген сенім туындады; яғни адам өлмейінше, жан
оның тәнінде жасап, өлгеннен соң тәннен шығып кетеді. Адам психика
жөніндегі кейбір түсініктердің өз өмір тәжірибесі негізінде топтайды.
Әлеуметтік қатынастар мен еңбек барысында түсінуге, бірлікті тұрмыс құруға,
іс-әрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай психологиялық
пайымдаулар ғылыми психологияға дейінгі білімдер ауқымын құрады. Осы
біршама бірліктер әр адамға қоршаған ортада жол тауып, өзге тұлғалармен
қылық-әрекетіне орай қатынас жасауға көмегін тигізеді. Бірақ мұның бәрі
тұтастай жүйеленбеген, тереңнен танылмаған, дәлелсіз. Оларды біз күнделікті
тұрмыстық тәжірибемізден ғана үйренбестен, көркем әдебиеттен, халық ауыз
әдебиеті үлгілерінен ұғып, түсініп келдік. Қазіргі заман психология
теориялары мен психология салаларының бастаулары нақ осы өмір тәжірибесі
мен атадан ұрпаққа жеткен асыл рухани мұрадан келіп шығады.

Материализмнің ең алғашқы түрі Грецияның сол кездегі отары
Ионияда, біздің заманымыздан бұрынғы VII ғасырдың аяғында, VI ғасырдың
басында пайда болды. Мұндай көзқарас ұсақ өнерлі кәсіптің, сауданың,
ғылымның, өсіп дамуымен байланысты еді. Ғалымдар дүние, табиғат жайлы
мәселелермен шұғылданып, ерекше зейін қойып, анайы материалистік,
диалектикалық көзқарасты дамытты. Дүние неден және қайдан пайда болды деген
ой грек философиясының негізгі проблемасы болды.
Ежелгі Грецияда жан туралы материалистік көзқарасты мейлінше
жақтағандардың бірі Демокрит. Оның айтуынша, дүниеде атомдар мен бос
кеңістіктер ғана бар. Атомдар – материяның бөлінбейтін бөліктері. Олар
мәңгілік өзгермейді, үнемі қозғалыста болады, оларды бір-бірінен түрі,
көлемі, жағдайы, орны арқылы ғана ажыратуға болады. Жан өте ұсақ, шар
тәріздес атомдардан құралған. Адамның түйсіктері айналадағы заттардың
көшірмесі, бейнесі, сәулесі. Түйсік пен ойлау сыртқы заттардың бейнелері,
олар заттардың әсер ету нәтижесінен пайда болады, бұл бейнелер де көзге
көрінбейтін ұсақ атомдар. Демокритке қарама-қарсы көзқарасты ежелгі
Грецияның белгілі объективтік идеалисі Платон дамытқан. Оның айтуынша, екі
дүние бар: бірі – сезілетін заттар дүниесі (бұл жалған дүние), екіншісі –
идеялар дүниесі (ақиқат дүне). Идеялар барлық нәрселердің негізінде болады.
Заттар – идеялардың көлеңкесі. Идея – мәңгі, зат - өтпелі, ол пайда болып,
өзгеріп, құрып отырады. Заттар жеке, жалқы, елестеулер арқылы пайда болады
да, идеиялар жалпы ұғымдар арқылы бейнеленеді. Идеияларды түйсік арқылы
емес, ақыл, ұғым арқылы ғана ақиқат түрде тануға болады. Сол сияқты адамның
күнделікті көріп жүрген заттар да – идеялар, яғни ақиқаттық зат емес, тек
қана олардың формасы, көрінісі, бейнесі. Платон Федон, Мемлекет дейтін
шығармаларында жан деген не, оның қасиеттері қандай, адам өлген уақытта
оның жаны қайда кетеді деген мәселелер жөнінде сан қилы сөз қозғайды. Оның
айтуынша, жан алдымен идеялардың арасында болып, онан соң тәнмен біріккен.
Платон өзінің жан туралы ілімін тәрбие және қоғам тіршілігіне таратқысы
келді. Ол жанды үш бөлімге бөліп қарастырады: 1) Ақылды жан. 2) Ерікті жан.
3) Сезімді жан.
Ежелгі заманның данышпан ойшылы, ғұлама ғалымы, философ
Аристотель жан туралы ілімді дамытып, оны бір жүйеге келтіруге көп еңбек
сіңірген. Аристотель Платонның шәкірті болғанымен, ұстазының идея туралы
идеалистік теориясын мойындамады, оған қарсы пікілер айтты. Аритотельдің
айтуынша, идея өздігінен дербес өмір сүрмейді, заттармен бірге болып, ылғи
да соларға бейімделіп отырады. Аристотель жанның үш түрін ажыратады. Оның
бірі - өсімдіктердің жаны, екіншісі – хайуанаттардың, үшіншісі – адамдардың
жаны. Ол өзінің психологиялық көзқарасын, яғни жан туралы ілімін
педагогикамен байланыстырғысы келді. Мәселен жоғарыда көрсетілген жанның
түрлеріне сәйкес тәрбиенің де түрлі салалары болатынын айтты. Оның
айтуынша, дене тәрбиесі - өсімдік жанымен, адамгершілік тәрбиесі –
жануарлар жанымен, ақыл-ой тәрбиесі – адам жанымен байланысты болады екен.
Жан жөніндегі танымдар қандай құбылыс - өзгерістерге енгенімен
өмірлік іс-әрекеттің қозғаушы күші жан деген тұжырымға ешбір шүбә келтіре
алмады. Тек XYIII ғасырда психология білімінің дамуында Рене Декарт жаңа
дәуір есігін ашты. Ол адамның ішкі мүшелері ғана емес, тіпті дене
әрекетінің де жанға ешқандай қатысы болмайтыны жөнінде пікір айтып,
дәлелдеді. Бұл жантану ғылымының кейінгі желісіне үлкен ықпал жасады.
Декарт ғылымға екі түсінікті – рефлекс және сананы бірдей енгізді. Бірақ ол
өз тағылымында жан мен тәнді бір-біріне қарсы қойды, өзара тәуелсіз екі
болмыс материя және рух жасайтынын уағыздады. Сондықтан да психология
тарихында бұл Декарт тағылымы дуализм атауын алды.
Дуалистік тағлиматты арқау етіп ХІХ ғасыр психологиясында
психофизиологиялық параллелизм атанған идеалистік бағыт кең өріс алды. Бұл
бағыттың мәні: психика және тән, бірақ өзара тәуелсіз жасайды.
Шамамен осы дәуірде психология дені жөнінде жаңа түсініктер
қылаң бере бастады. Ойлау, сезу, қалау қабілеттеріне сана атауы беріліп,
психика санамен баламаластырылды. Осыдан жан психологиясы орнына сана
психологиясы жүзеге келді. Бірақ сана көп уақытқа дейін басқа табиғи
процестердің бәрінен оқшауланған ерекше құбылыс ретінде қаралды. Енді
саналық өмір Алла жаратқан ақыл көрінісі немесе сананы құраған қарапайым
элементтері бар субъективтік сезім нәтижесі деп есептелді. Сана туралы
түсінік кең етек алып, бұл бағыттағы идеализм интроспекттік сана тағылымы
атын алды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында дербес ғылымға айналған
психологияның дамуы өз алдына әртүрлі мақсаттарды белгілеп, әртүрлі зерттеу
тәсілдерін қолдаған, бір-бірін ауыстырып отырған теориялар таласында жүріп
отырды. ХІХ ғасыр аяғында барша теориялар, ХХ ғасырдағы біршама тағылымдар
сананың осы интроспектік психологиясы шеңберінде зерттелді. Бұл теориялар
бойынша психологиялық зерттеулердің бәрі қоршаған орта мен адам іс-
әрекетіне байланыссыз жан толғаныстары мен көріністеріне негізделді. Ал
сана мен ми арасындағы қатынас бұл теорияларды дуализм бағытында шешімін
тапты.
ХХ ғасырдың екінші он жылдығында психологияның және бір бағыты
пайда болып, оның өкілдері психологияның жаңа пәнін жариялады: ол психика
да емес, сана да емес, ол сырттай бақыланатын, негізінен адам қозғалысының
жиынтығы - әрекет-қылық еді. Бұл бағыт бихевиоризм аталып, психология
пәні жөніндегі түсініктер дамуының үшінші кезеңін қалады.
Сонымен, психология өз даму жолында бастапқыда жан туралы
ғылым, кейін жансыз ғылым, ақырында санасыз ғылымға айналды. Әрине, қылық-
әрекеті бақылаумен объективтік деректерді зерттей аламыз, себебі біздің
әрқандай әрекет-қылығымыздың астарында өзіміздің ой, сезім, ниеттеріміз
жатыр. Сондықтан осы ой, сезім, ынта-ықыласын білмейінше, әрекет-қылықты
тану мүмкін емес.

Психологиялық білімдердің даму ерекшеліктерін психологияның
басқа ғылымдарға тәуелді байланысынан ғана емес.Көп жағдайда олар қоғамдық
практиканың өрістеп жатқан қажеттерімен белгіленеді. Егер психология
алғашқы уақытта теориялық тарабы басымдау, дүниетанымдық пән болса, ол
қазіргі кезде өзінің танымдық қызметін сақтай отырып, өндірісті,
мемлекетті басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық, заң
мекемелеріндегі, мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби практикалық іс-
әрекеттің бір саласына айналуда.Сондықтан, көбінесе психология салаларын
топтастыру негізіне адамдардың әртүрлі еңбектік әрекеттері алынады. Осыған
орай психология келесі салаларға бөлінеді.
Еңбек психологиясы адамның қоғамдық өнімге бағытталған
әрекетінің психолгиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың
психолгиялық тараптарын зерттеумен бірге психология ғылымының дербес
салаларына айналған білімдерге жіктелді.
Педагогикалық психологияның қызметі адамды оқыту мен
тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын ашу.Оның бөлімдері: оқу
психологиясы, тәрбие психологиясы, сондай-ақ мұғалім психологиясы.
Мединицалық психология дәрігер қызметі мен сырқат адам мінез-
құлығының психологиялық мәнін зерттейді. Ол психикалық құбылыстардың ми
физиологиялық құрылымдарымен байланысын айқындаушы нейропсихология; емдік
дәрілердің адамның психикалық жағдайына ықпалуын белгілеуші
фармакопсихолгия; науқасты емдеуде қолданылатын психикалық жағдайына
ықпалын белгілеуші фармакопсихология;тарауларына бөлінеді.
Заң психологиясы құқық жүйесін іске асыруға байланысты
психикалық мәселелерді қарастырады. Онда бірнеше салаларға жіктеледі:
қылмыскер психологиясы, үкім шығарушы мен орындаушы психологисы.
Әскери психология адамның соғыс жағдайындағы қылық-әрекетін;
қолбасшы мен оның билігіндегі сарбаз арасындағы қарым-қатынастың
психологиылық тараптары, әскерді рухтандырушы үгіт-насихат психологияның
әдістерін зерттейді.
Жас сатылар психологиясы жеке адамның әртүрлі психикалық
процестері мен психикалық қасиеттерінің онтогенезін зерттейді де келесі
салаларды өз ішінде қамтиды: балалар психологиясы, жас өспірімдер
психологиясы, ересек адамдар психологиясы мен кәрілік психологиясы.
Салыстырмалы психология психикалық өмірдің филогенитикалық
формаларын зерттейді.
Психология салаларын топтастырудың және бір жолы – қоғам мен
жеке адам арасында болған қатынастарды ескеру. Бұл әдіске орай Әлеуметтік
психология атымен психологияның көптеген салалары бірігеді. Әлеуметтік
психология адамдардың әртұрлі ұйымдасқан ресми немесе ұйымдаспаған,
бейресми топтарда көрініс беретін психикалық болмысын зерттеумен
шұғылданады.
Жоғарыда келтірілген деректер психологияның қолдану аймағының
кең екенін хабар береді. Мұнда орындалатын міндеттердің де сипаты сан
алуан: адамдардың қарапайым қабылдаудан зерттеуден бастап, жалпы өріс алған
күрделі психикалық құбылыстарды тануға дейін. Психологиялық бітістерді
қазіргі заманның дүниежүзілік проблемаларына байланысты да адамдардың
күнделікті тұрмысына орай да зерттеп, олар бойынша қажетті шешімдерге қол
жеткізуге болады. Бұлай болуы орынды да, себебі аталған проблемалардың бәрі
қалайда адамға байланысты болғандықтан, бізді ең алдымен оның психикалық
жан дүниесі қызықтыратыны сөзсіз.
Барша психология салаларының ішінде айрықша орынды жалпы
психология иеленетінін атап өткен жөн. Бұл тараудың негізгі міндеті
психологияның әдіснамалық проблемалары мен тарихын, психикалық құбылыстар
пайда болуының, дамуының және болмысының жалпыланған заңдылықтарын ғылыми
нақтылау. Сонымен бірге жалпы психология танымдық және іс-әрекетті де
зерттейді. Жалпы психология курысында жантану ғылымының теориялық
принциптері мен маңызды әдістері жөнінде таным беріліп, оның негізгі
түсініктері сипатталады. Барластыру қолайлығмен бұл түсініктер үш негізгі
категориялар төңірегінде топтастырылады: психикалық процестер, психикалық
қалыптар мен психикалық қасиеттер немесе жеке адамның дара ерекшеліктері.
Адамның ішкі жан дүниесін ажырата білудің, сан алуан ғылым-
білімдердің мән-мағынасын түсінудің, толып жатқан фактілердің іріктеп,
жүйелеп алудың, кісінің өз басынан кешірген күйініші мен сүйінішін басқаға
не өзіңе дұрыс сипаттап айтып беру оңай нәрсе еместігі хақ. Бұл ғылым
адамның өзін-өзі тануы, оның өзін-өзі тәрбилеуі үшін аса қажет.
Адам жайындағы сан алуан гуманитарлық ғылымдардың ішінде
психологияның жетекші орын алатындығы осыдан-ақ жақсы байқалады. Расында
да, бұл ғылым араласпай отырғн өмірдің саласы жоқ деуге болады. Адам бар
жерде жан бар, ал жанды зерттейтін ғылымның аты – психология.
Қорытындыласақ, жантану ғылымы психология – психика деректерін,
заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін білімдер саласы.

Еріктік әрекеттер табиғатын түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми
көзқарастар өрісіне зер салған жөн. Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық
құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік
құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген. Мысалы, ежелгі
қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнына даналық мұраты
ұғымын қолданған. Адамның қылық әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл
бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсінген. Осыдан
Аристотельдің пайымдауынша, әрқандай әрекет логикалық қортындылардан
туындайды. Ал өзінің Никомахов этикасы еңбегінде дәмдінің бәрін жеу
керек және бұл алма дәмді деген пікірлер санада бұл алманы жеу керек
деген қортыды ой пайда етпейді, адамды бірден сол алманы жеп қою әрекетіне
келтіреді деп жазған. Ерік табиғатына болған мұндай көзқарас қазіргі күнде
де жоқ емес.
Ш.Н Чхарташвили мақсат пен саналы тану интеллектуалды
әрекеттер категориясынан туындаған деумен, еріктің өзіндік сипаты барлығына
шек қояды, сондықтан ғылымға жаңа бір ерік терминін ендірудің қажеті жоқ
екенін дәлелдеуге тырысады.
Жеке адам қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс
таныс болған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис – жын-шайтан қуу
үрдісінен көруге болады. Бұл үрдісте адам ылғи да енжар астама күйінде
танылып, сыртқы әсерлер жинайтын, ұя ретінде бағаланған. Ол заманда ерік
дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне енген
құбылыс деп есептелген. Бұл тылсым күштер қандай да мақсаттар белгілеуші
ақылға ие деп түсінілген. Ол күштерді танудан адамның шын қылық-
әрекетінің мәнін түсінуге болады.
Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі сол заманда
қалыптасқан қоғамның адам әрекет-қылығының негізі оның өзінде екенін
мойындамаудан. Әр адам бабалардан жеткен нәсілдіктің ізі ғана деп
қабылдаған. Мұндай сипаттан қауымның кейбір мүшелерінің ғана ажыратылуға
құқы болған, мысалы, бабалар аруағы және ол дүниемен тілдесетін бақсы-
балгер, от пен металды бағындарған темірші, өзін қоғамға қарсы қойған
қарақшы –қанішер т.б.
Мүмкін, ерік түсінігінің жаңа Қайта тіктелу заманында жеке
адам проблемасымен бірге ғылым аренасына келуі осы адамның қалыпты
жағдайдан ауытқуларын мойындаудан болар. Осыдан адам шығармашылыққа
қабілетті, тіпті қателер жіберуге де бейім дегендей тұжырымдар жоққа
шығарылмады. Қалыптан шығып, тек ортасымен бөлінуімен адам жеке адамдық
кемелденуге жетіседі. Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе - ерік бостандығы.
Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу нәтижесінде
экзистенцализм немесе тіршілік философиясы пайда болды.

Экзистенцализм ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ
құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі қоғамдық байланыстар мен
қатынастардан, әлеуметтік мәдеи ортадан бөлек, дерексізденген адам.
Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған бұл адамның өмірі мағынасыз
қым қиғаш оқиғалар жиынтығы да, адамның өзі – пайдасыз құмарлық. Мұндай
адамның қоғам алдында ешқандай инабаттық міндеттері мен жауапкершілігі жоқ.
Осыдан да ол адамгершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кеткен, тартыну
дегенді білмейді. Қандай да қалып тәртіп ол үшін жойылу, басыбайлыққа түсу
көзі. Ж.П Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік – бір ғана рет көрінетін,
реттестірілмеген, қандай да қоғамдық мекемелер талаптарының шеңберімен
оқшауланбаған, өздігінен туындайтын, себепсіз әлеуметтенуге қарсылық
әрекеті. Ерік бостандығын асыра мақтаудан экзистенцалистер адам болмысының
жалпы негіздері жөніндегі ойларына дәлел айта алмай, адамды өз өмірінің
мәні, мақсаты және жауапкершілігінен айыратын, қоғам, тарих, мәдениетке
қайшы келетін кездейсоқ, жауыздық, ақылдан аулақ бастаулар тұңғиғына бір-ақ
түсіреді.
Қылық иесі – адам қалыптасқан тағылым-талаптарды жоққа шығара
отырып, міндетті түрде қандай да басқа, өзіне ұнаған құндылықтарға ауысады.
Егер адам бір мәдени қалыпты мойындағысы келмесе, онда оның бұл әректі
екінші бір, қыр-сырлары танылып болмаған қажеттікті көздегені. Осыдан
ежелден бүгінге дейін баршамыз қоғамға жат деп есептейтін парақорлық пен
нашақорлықтың бір жағы мәдениеттіліктен шыққандығы ғажап нәрсе. Бұл қоғамға
ерсі болып көрінген қылықтардың өздері де қандай да ұйымдасу негізіне ие,
өздеріне сай талап, ережелері, мақтан тұтатын қырлары мен ғұрыптары
баршылық.
Бұл тұрғыдан Е.Л.Тульчинскийдің пікірінше, жеке адамның
психолгиялық болмысының барша деңгейлерінде көрінеді, бір қажеттіліктерді
басып, екіншісіне ынталандырады, өз міндетін танытып, жеке адамдық қадірін
қорғау мен өз мұратын үшін жан пидалыққа дейін апарады.
Ғасырлар бойы ерік ұғымын әртүрлі түсіген. Абайдың қырық үшінші
сөзінде былай айтылған екен.
Адам ұғылы екі нәрсебірлән: бірі – тән, бірі – жан. Ол
екеуінің орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили (еріксіз болатын
тілек) қайсысы кәсіби (еңбекпен табылған нәрсе) оны білмек керек.
Ішсем, жесем демектің басы – жибили, ұйықтамақ та соған
ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен деген тілек, бұлардың да басы – жибили.
Ақыл, ғылым – бұлар – кәсіби. Көзбенен көріп құлақпен естіп, қолмен ұстап,
тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады.
Ол хабардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз
қалпыменен, әрнешік өз суретіменен көңілге түседі. Ол көңілге түсіруші
бағанағы бес нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып көңілде суреттемек.
Ол – жанның жибили қуаты дүр, бірі ұмытпастық жақсы нәрседен
көңілге жақсы әсер пайда болып, жаман нәрседен көңілге жаман нәрсе пайда
болу секілді нәрселер. Бұл қуаттар әуелден кікене ғана болады. Ескеріп
баққан адам үлкейтіп, ұлғайтып, ол қуаттардың қуатын зорайтады. Ескерусіз
қалса, ол қуаттың қайсысы болса да жоғалады, тіпті жоғалмаса да, аз-маз
нәрсе болмаса, үлкен еш нәрсеге жарамайтын болады.
Кімде-кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді
көбейтіп алса, ол – көп жиғаны бар адам: сынап, орындысын, орынсызын –
бәрін де бағанағы жиған нәрселерінен есеп қылып, қарап табады. Бұлай етіп
бұл харакетке түсіген адамды ақылды дейміз.
Құдай тағала өзі ақыл бермеген соң қайтейі? демек, құдай
тағала сені менен мені бірдей жаратып па? демек – құдай тағалаға жала
жауып, өзін құтқармақ болғандығы. Бұл – ойсыз, өнерсіз надан адамның ісі.
Оған құдай тағала көрме, естіпе, естіген көргенінді ескерме,
есіңе сақтама деп пе? Ойын күлкімен, ішпек-жемек, ұйықтамақпен, мақтанмен
әуре бол да, ішіндегі қазынаңды жоғалтып алып, хайуан бол деген жоқ.
Кейбіреулер айтады: Ақыл жибили болмаса да, талап – жибили.
Талап берген адам ақылды тапты. Талабы жоқ кісі таба алмады - дейді. О да
бекер.
Талап балада да бар, оған талас қылуға болмайды. Бағана айттық
қой, жан қуаты басында кішкене болады, ескермесе жоғалып та кетеді,
ескерсе, күтіп айналдытса зорайады деп. Жан қуатыменен адам пайда қылған
өнерлерді де күнде тексерсең, күнде асады. Көп заман тексермесең, тауып
алған өнерінің жоғалатындығын және өзінің ол мезгілдегіден бір басқа адам
болып кеткеніңді білмей қаласың. Қай жоғалған өнер ал, мен жоғалдым деп,
хабар беріп жоғалады. Енді қусаң, бағанағы әуелгі табуыңнан қиынырақ тиеді.
Жан қуаты дейтұғын қуат – бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға
уақыт сыйғызбайды. Бірақ әрбір өнердің тыстан тауып алып ішке салынған,
соның тамырын берік ұстап тұруға жараушы еді. Көп заман ескермеген адамнан
ол бағанағы өнердің өзінің ең қызықты, қымбатты жерлері жоғала бастайды.
Онан соң көп заман өтсе, сол өнерді сақтайтұғын қуаттың өзі де жоғалады.
Онаң соң қайта кәсіп қылуға болмайды.
Бұл қуаттың ішінде үш артық қуат бар, зинһар соны жоғалтып алу
жарамас, ол жоғалса, адам ұғылы хайуан болады, адамшылықтан шықты.
Біреуі орысша повижной элемент - аталады. Ол не нәрсе? Не
көрдің, не есттің, әрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып, ұққандықпенен
тұрмай, арты қайдан шығады, алды қайда барады, сол екі жағына да ақылды
жіберіп қарамаққа тез қозған жібереді. Егер бұл болмаса, көп білуге көп оқу
оңды пайда да бермейді. Керекті уақытында ойламай, керекті уақытында
қылмай, керекті уақытында айтпай, дәйім уақытынан кеш қалып, Әй , әттеген-
ай! Үйтуім екен, бүйтуім екен деп, өмір бойы ғафил болып-ақ отырғаның.
Біреуін орысша сила притягательная однородного - дейді. Ол –
бір нәрсені естіп, көріп білдің, хош келді, кәзір соған ұқсағандары
тексересің. Түгел ұқсаған ба? Яки бір ғана жерден ұқсағандығы бар ма?
Әрнешік сол іске бір келіскен жері бар нәрселердің бәрін ойлап, білгенін
тексеріп, білмегенін сұрап, оқып, бөтеннен хабарланып білмей, тыншытпайды.
Үшіншісі, орысша впечатлительность сердца - дейді, яғни
жүректі мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырттық – бұл төрт
нәрсебірлән кірлетпей таза сақтаса, сонда сырттан ішке барған әр нәрсенің
суреті жүректің айнасына анық рәушан болып түседі. Ондай нәрсе тұла бойыңа
жайылады, тез ұмыттырмайды. Егер де бағанағы төрт нәрсемен жүректі кірлетіп
алсаң, жүректің айнасы бұзылады, я қисық, я күңгірт көрсетеді. Енді ондай
нәрседен оңды ұғым болмайды.
Әрнешік тән қуатыменен сырттан тауып, сыртта сақтайсыз, оның
аты дәулет еді. Оның да неше түрлі кеселі, кесепаты бар нәрселерін
білмесең, сақтай алмаушы едің ғой. Соған ұқсаған іштегі жан қуатыменен
жиған нәрсенің аты ақыл, ғылым еді ғой. Оның да неше түрлі кеселі ,
кесапаты тиер нәрселері бар. Оны білмесең, бақпасаң – айырласың. Және әрбір
жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса – жарамайды. Өлшеуін білмек – бір
үлкен керек іс. Ойланбақ жақсы, іске тіпті салынып кеткен кісі ойын байлай
алмай, қияли болып та кеткені болады.
Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтерек, құшпақ, сүймек, мал
жимақ, мапсап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің де
өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса, боғы шығады.
Ненің қызығың көп іздесең, соның күйігін бір тартасың деген
бұрынғы ғалымдар. Баз махфи олмая ол, мен айтқан үш қуаттың ішінде екеуі,
яғни сила притягательная однородного бірлән подвижной элемент- бұл
екеуі қосылып тұра тұрған нәрсе, күллі пайда да бұлардан шығады, уа күллі
зарар да бұлардан шығады. Мансап суйгіштік, мақтаншақтық,
ашуланшақтық,өтірікшілік, осыған ұқсаған маскүнемдікке тартып, құмар қылп,
ақылдан шығарып жіберетұғын нәрселер осы екеуінен болады. Бұларды
түбегейлеткенде жақсы нәрселерді түбегейлетіп, жаман нәрселерден, яғни
айтылмыш секілді адамшылықтан шығарып, құмарпаздыққа салып жіберетұғын
нәрседен бойды ерте тыйып алуға керек.
Пайда, залалды айратұғын қуаттың аты ақыл еді ғой. Бір ақыл
қуатбірлән мұны тоқтатып болмайды. Һәм ақыл, һәм қайрат – екі мықты қуат
қосылып тоқтатады. Ол екеуі кімде болса, бағанағы екі қуат мұнан салсаң
онан шығатын бір жорға атпен тең.
Егерде бұл екі қуаттың екеуі де аз болса, бағанағы екі қуаттар –
бр басы қатты асау ат, жүгенсіз тауға ұрама, тасқа ұра ма, суға ұра ма,
жарға ұра ма – құдай білсін, әйтеуір жолда көрген есті, ақылы дұрыс адамдар
әлі де сұрамай да қалады. Сенде ерік жоқ. Екі етек жайылып, екі көзің
аспанда, масқара болып кеткенің өлгеніңше.
Ертеден-ақ ерік табиғаты жөнінде бір-біріне қарама-қарсы екі
қөзқарас материалистік және идеалистік көзқарастар қалыптасты.
Идеалистер ерікті ми қызметімен де, қоршаған ортамен де
байланысы жоқ рухани күш деп санайды. Олар ерікті біздің санамыздың
нұқаушылық, қызмет атқаратын жоғары агенті деп санайды. Ерік ешкімге және
ешнәрсеге де бағынбайды. Ол еркін. Олардың пікірінше, адам кез келген
жағдайда ешкіммен есептеспей-ақ өзінің ойына келгенін істей алады. Ол еркін
әрекет етеді. Басқаша айтқанда, адам не тілесе соны істейді, қалауына қарай
қылық жасайды. Бәрі оның ерікті еркіне байланысты.
Ерік еркіндігінің идеалистік концепциясы философиялық және
этикалық көзқарас тұрғысынан да жалған. Идеалистердің ойынша рух бостандығы
әрекет бостандығына алып келеді. Бірақ қоғам мүшелерінің мүдделерімен
санаспайтын жеке адам мінез-құлқы мораль және заң нормаларын менсінбеу,
кейде оны бұзу болып табылады.
Материалистік ұғым – ерік табиғаты жөніндегі бірден-бір дұрыс
түсінік. Онда психиканың басқа жақтарымен бірге еріктің де нервтік ми
процестері түрідегі негізі болады. Ерікті материядан, мидан бөліп алу
мүмкін емес. Материалистер адам қоршаған ортамен өте тығыз байланыста
болады деп қарайды. Тиісті сыртқы жағдайлар болмаса, ол өмірін сақтай да,
жалғастыра алмайды. Ерік сананың басқа да түрі тәрізді объективтік шындықты
мидың бейнелендіруі.
Ерік табиғаты жөніндегі материалистік көзқарасты баяндай және оны
идеалистік көзқарасқа қарсы қоя отырып, Ф. Энгельс: Еркідік табиғат
заңдарына ой жоруындағы тәуелсіздікте емес, еркіндік сол заңдарды білуде
және сол білудің негізіде табиғат заңдарын жоспарлы түрде белгілі мақсаттар
үшін қызмет етуге көндіру мүмкіндігенде - деп жазды және онан соң: Олай
болса, ерік еркідігі – істі жете біліп, қортынды жасай алуда, одан басқа еш
нәрсе де емес - деді.
Ерік адамның практикалық және танымдық әрекетін ретке келтіруден
көрініп, соларды жүзеге асырудан тұрады.
Ерік табиғатын материалистік түсіну әрекеттер мен қылықтардың
қозғаушы күштері адамның өзіде емес, сыртқы ортада жатады деген жайтты
сөзсіз мойындаудан көрінеді. В.И.Ленин: Адамның мақсаттарын объективтік
дүние туғызады және оны өзінің шарты етеді, оны нақты, бар нәрсе ретінде
табады. Бірақ адамға өзінің мақсаты дүниеден тыс алынған дүниеге байланысты
емес тәрізді болып көрінеді еркіндік - деп жазды.
Интелектуалдық немесе ассоциациялық теория. Бұл теорияны
жақтаушылардың және дамытушылардың бірі Германияда өткен ғасырда өмір
сүріп, негізін салған Э.Мейман. Бұлардың айтуынша, еріктік әрекеттердің
барлығы ақыл-ой, интелектпен байланысып, солардың нәтижесінен пайда болады,
яғни ерік адамның мұқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен
туындайды. Адам өз мұқтаждықтарын жүзеге асыру үшін мақсат, міндеттер
қояды, сол мақсатқа жету үшін алда тұрған бөгеттердің барлығын бұзуға
әрекет етеді.
Бұл үшін адам ең алдымен алға тұтқан мақсатын елестетуі керек,
содан оны ортаға салып көпшілікпен талқылауы қажет. Сөйтіп адам қандай
міндеттер, қандай әрекеттер жасайтынын ақылға салып, оға алдына ала
дайындық жасап, содан соң еріктік әрекетті атқаруға кірісіп, оны жүзеге
асыруы тиіс. Э.Мейманның айтуынша, адамның ерік-жігері үнемі екіге бөлініп
отырады. Бірі – ақыл-оймен байланысты елестеудің пайда болуы, екіншісі –
ақыл-ойды қатыстырмайтын жай әрекеттер. Бұл пікір бойынша ерік өздігінен
пайда болады, ол өзінен-өзі еріксіз жүзеге асып отырады. Адам ерікті әрекет
ету үшін өзінің бұрынғы көрген-білгенін елестетуі керек, сол елестеудің
нәтижесінде адамның ерікті әрекеттері пайда болады. Мұндай көзқарас адамның
ерік- жігерін белсенді түрде өзінің әрекеті ретінде қарастырмайды,
өздігінен ассоциация заңдары бойынша пайда болатын әрекеттер деп түсінеді.
Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы
В.Вундт. Оның көзқарасы бойынша, ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі
ғана болып табылады. Ерік ең күшті сезімдердің, аффектердің ерекше
варианты. Жағымды сезімдер ерікке негіз болып, оларды тудырып отырады.
Әрине ерікті эмоцияның бір түрі деп айтуға болмайды. Өйткені ерік пайда
болу үшін, оған адамның түрлі жағымды сезімдері түрткі болмайды, керісінше
адамның мұқтаждықтары себеп болады.
Америка психологі Джемс ерік адамда пайда болған ойдың
еріксіз қимылға айналуы дейді. Оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АДАМНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫНДАҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАР
Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы
Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары
Психологияның даму тарихы
Қытай психологиясы тарихының архитектурасы
Психологияға кіріспе
Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
Психология ғылымының зерттеу пәні - психика
Психология ғылымының Ресейде дамуы
Психология табиғи және гуманитарлық ғылым турасында
Пәндер