Омардың тұлғасы және халифа тағайындалуы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
Елемесов Ержан Бақытжанұлы
Халифа Омардың діни-саяси қызметі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5B020600- «Дінтану»
Алматы 2023
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
Исламтану кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Kафедра меңгерушісі
РhD доктор А. Рыскиева
«__» 2023 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Халифа Омардың діни-саяси қызметі»
5B020600- «Дінтану» мамандығы бойынша
Норма бақылаушы
п. ғ. к., қауымдастырылған профессор м. а. С. Н. Исабаева
«__» 2023 ж.
Диплом жұмысының жетекшісі,
аға оқытушы
Е. Есімқұлов
«__» 2023 ж.
Орындаған
Е. Елемесов
Алматы 2023
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
5B020600- «Дінтану» «БЕКІТЕМІН»
Кафедра меңгерушісі
А. Рыскиева
«___»2023ж.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНА ТАПСЫРМА
Студент: Елемесов Ержан
Жұмыстың тақырыбы : «Халифа Омардың діни-саяси қызметі»
- «___»20___ ж. № университет ректорының бұйрығымен бекітілді.
2. Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі
3. Жұмысқа пайдаланылған негізгі мәліметтер
а) диплом жұмысы бойынша жоспар-тапсырма;
б) диплом алдындағы тәжірибені өту барысында жиналған материалдар;
в) тақырып бойынша әдебиет.
4. Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны:
а) Халифалық құрылымның пайда болуы;
б) Омардың халифа болуы және мемлекеттік құрылымдардың жүйеленуі;
в) Омар ибн АльХаттаб халифалығы және оның саясаты мен діни қызметі.
Тақырыптың берілген уақыты
Жұмыс жетекшісі Е. Есімқұлов
Тапсырманы орындауға
қабылдаған студент Е. Елемесов
МАЗМҰНЫ
2. 2 Омардың дәуіріндегі әскери сапарлар мен жеңістер . .
2. 3. Омардың дәуіріндегі тұрғызылған қалалар мен мәдени ошақтар
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының сипаттамасы. Дипломдық жұмыста Араб халифатының Мұхаммед с. а. с Пайғамбардан кейінгі екінші халиф болған Омар ибн Аль Хаттабтың өмірі мен оның халифалығы тұсындағы діни саяси қызметі зерттелді. Зерттеу жұмысы ең алдымен халифақұрылымның пайда болуының алғышарттары баяндалды. Халифалықтың құрылуынан Омар Халифаның тұсына дейінгі жағдайы қарастырылып, одан кейін қандай өзгерістер болғандығы қарастырылды. Жұмыста Араб халифаты, ислам әскерінің ұйымдастырылуы және оның тура жолдағы халифалар тұсында күшеюі, Халифа Омардың тұлғалықбинесі, Халифа Омардың саяси реформалары мен діни қызметі қоса зерттелді.
Зерттеу жұмысның өзектілігі. Алла Елшісінің Ислам шуағын жаһанға жаю жолындағы толассыз күресінде Оған ең жақын болған сахабалардың бірі - екінші халифа Омар ибн Хаттаб. Ол Ислам тарихында белгілі Піл оқиғасынан он үш жылдан кейін Меккеде дүниеге келген. Құрайыштың Ади тайпасынан шыққан Омардың әкесінің аты - Хаттаб ибн Нуфәйл, шешесі - құрайыштың Махзұн тайпасынан шыққан Хантәмә бинт Хашим [1] .
Омар ибн Хаттабтың мұсылман болмастан бұрынғы өмірі жайлы толық мәлімет жоқ. Әйтсе де, бала кезінде әкесінің малын бағып, кейіннен саудамен айналысқандығы мәлім. Ол Сирияға қатынайтын сауда керуеніне қосылатын. Қараңғылық дәуірінде Меккенің белді адамдарының қатарында болып, меккеліктердің елшілік міндетін атқаратын. Соғысқа шығар жағдайда қарсы жаққа Омар жіберіліп, оның берген мәліметі бойынша шешім қабылданатын. Ру-тайпалар арасында туған келіспеушіліктің шешілуінде оның рөлі күшті болатын. Сонымен қоса ол оқу-сызуды, араб шежіресін білетін және сөзге шешендігімен де танылатын [2] . Омар ибн Хаттаб мұсылман болмастан бұрын өзі өскен қоғамының әдеттері бойынша өмір сүріп, сол кезеңнің салтын берік ұстанатын. Түйелермен күресіп, әркіммен бір ерегісетін қызба, өжет, батыр және өте қатыгездігімен танылып қалған. Бірақ мұсылман болғаннан кейін оның бойындағы бұл қасиеттері иман нұрына шомып, мүлдем басқаша өзгерді. Мұсылман болғаннан кейінгі қалған өмірі адамзатты таңғалдырарлық дастанға айналды. Мекке қаласында дүниеге келген Омар ибн Хаттаб Пайғамбарымызға уахи түскен кезде жиырма тоғыз жаста болатын. Уахидің келе бастағанына алты жыл өтсе де, ол мүшріктердің қатарында жүрген еді. Яғни, өмірінің отыз бес жылын жәһилия қараңғылығында өткізсе, қалған отыз жылын мұсылман болып өткізді. Болашақ халифа Пайғамбар Мухаммедтің тәрбиесін көріп өсті. Сол тәрбиесі ел басқаруда жәрдемін берді.
Зерттеу жұмысының нысаны ретінде Ислам тарихындағы Әділетті бес халифаның екіншісі Омар әл-Фаруқтың билік жасаған кезеңі алынып отыр.
Зерттеу жұмысының пәні Халифа омардың діни саяси қызметінің барысы болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері дипломдық жұмыс діни фактор - фактордың шешуші ықпалына байланысты дүниежүзілік тарихтағы тұңғыш ислам мемлекетінің әскери ұйымның саяси рөлі мен құрылымдық ерекшеліктерін ашатын және Халифа Омардың қызметін ашатын жұмыс ретінде көрсетіледі.
Қойылған мақсат студентті келесі негізгі міндеттерді анықтауға және шешуге ұмтылуына әкелді:
- Халифалық құрылымның пайда болуының алғышарттарын зерттеу;
- Омардың тұлғасы, және халифа тағайындалуын баяндау;
- Халифа Омардың мемлекеттік құрылымдарды жүйелеуін ашып көрсету;
- Ислам әскерінің ұйымдастырылуы және халифа Омардың тұсында әскери сапарлар мен жеңістер зерттеу;
- Халифа Омардың саяси реформалары мен діни қызметін зерттеу;
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі тарихи танымның ғылыми принциптері мен әдістері болды. Автор ең алдымен қазақ исламтанушылары мен дінтанушылары, араб-ислам және орыс еңбектерінен тыңмәліметтер жинақталып, дамытылған диалектикалық әдіснаманы басшылыққа алды.
Тарихи процестің диалектикасын түсіну зерттеуге Араб халифатының әскери ұйымын, оның мәнін, құрылымын, Шығыс өркениеттерінің мәдени эволюциясының объективті түрде анықталған процестерінің жиынтығында алғашқы ислам мемлекетінің ықпалын нығайту мен кеңейтудегі рөлін қарастыруға көмектесті. Билік басына келген ислам басшыларының елді қалай басқару керектігін ашып көрсетті.
Дипломдық жұмыс бойынша жұмыста ізденуші жалпы ғылыми зерттеу әдістерін қолданды: логикалық, классификациялық, экстраполяциялық, жүйелік талдау, компаративизм. Тарихи зерттеулерде қолданылатын арнайы әдістердің ішінде дипломлық материалды беруде өзектілендіру, периодизациялау, синхронды және диахрондық әдістер, сонымен қатар хронологиялық-проблемалық тәсіл ерекше мәнге ие болды.
Дипломдық жұмыстың құрлымы кіріспеден, екі бөлімнен, бірінші бөлім екі тараудан, ешінші бөлім үш тараудан, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады. Жұмыс жалпы елу беттен тұрады.
І. ӘДІЛЕТТІ ХАЛИФАЛАР ДӘУІРІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Халифалық құрылымның пайда болу алғышарттары
«Халифа» сөзінің мағынасы мен исламдағы халифат түсінігі
Сөздікте халифа сөзінің біреудің орнына өту, біреуден кейін орнын басу, біреудің артынан келу, сосын өкілдік сынды мағыналарды білдіретін халифат сөзі термин ретінде ислам мемлекетінде Пайғамбардан кейінгі билік жүргізуші құрылымды білдіреді. Ал халифа «біреудің орнына келген, оның орнын басқан адам» дегенді білдіреді. Термин ретінде мемлекет басшысы үшін қолданылады. Мемлекет басшылығының «имамат» деген атауы да бар. Алланың елшісі дүние салғаннан кейін мұсылмандардың басшысын біздің қазір атап жүрген мештіт имамының атымен аталған. Ал екінші халифа Омардың дәуірінен бастап Мүміндердің әміршісі деген атау қолданыла бастады. Алғашқы дәуірлерге тән тарихи дереккөздерде жамағат намазына басшылық ететін имамнан ажырату үшін мемлекет басшысына үлкен имам, деген атаулар да колданылған. Негізінде «имамат» сөзі шииттік дереккөздерде өзіндік мағынасымен кеңінен қолданыс табады[3] .
Құран Кәрімде халифат сөзі жоқ. Сондай-ақ халифа сөзі де бізге таныс терминдік мағынада айтылмайды. Халифа, халаиф және хулафа сөздері арқылы жер бетіндегі Алланың жаратылыс заңдылықтарын игеріп, бірінің орнын бірі басатын адам баласы екендігі бірнеше мәрте қайталанады[4] .
Хадис жинақтарында халифат сөзімен бірге: халифа, имам, әмірші сөздері де келеді. Мемлекет басшысы, басқарушы, көшбасшылық осы кезден қалыптасқаны байқалады. Көптеген хадистерде әділ басшының мақталып, киямет күні Алла тарапынан көлеңкеге алынатындығы да айтылады.
Абдулла ибн Амрибн әл-Ас Алла елшісінен мына хабарды баяндайды. Онда әділ, турашыл болғандар Алланың құзырында нұрлы мінберге жайғасып отыратындығын баяндайды[5, 284 б. ] .
Мұсылман қоғамында мемлекет басшылығына қатысты қолданылатын халифат сөзі халифаның елшілік міндеттен тыс баска істерде пайғамбар орнын басуы, жер бетінде діннің үкімдерін жүзеге асырып, дүние істерін тәртіпке келтіруі себепті, Алланың жер бетіндегі үстемдігін ұғындыратындықтан қолданылған болса керек. Сол себепті осы мақамдағы адамға «Алла елшісінің халифасы» деген атау да қолданылған. Алғашқы кезде халифаға «Халифатулла» (Алланың халифасы) деген атау қолданылған. Алайда бұл атау кең таралмаған. Өйткені, деректерде Әбу Бәкір өзін «Халифатулла» (Алланың халифасы) деп атаған адамға қарсылық білдіріп, Алланың емес, Алла елшісінің халифасы екендігін айтып, осылай атауға келісім бергендігі туралы мәлімет келген. Екінші халифа Омардың және Омар ибн Абдулазиздің Әбу Бәкір секілді олардың да алғашқы атауға қарсы шыққандығы айтылады. Халифаға «Алланың жер бетіндегі өкілі» сынды мағынадағы мұндай атау ислам ғалымдары тарапынан қолданылмауымен қатар, жалпы халық тарапынан да қолданысқа енбеген[3, 10 б] .
Алланың елшісі Жаратушы тарапынан мұсылмандардың дүниелік әрі діни істерін реттеп, құқықтық мәселелерін шешуші, оларды көркем мінез құлыққа тәрбиелеп, туралыққа бастаушы пайғамбар ретінде жіберілумен қатар, саяси тұрғыда мемлекет басшысы және бас қолбасшылық міндеттерді де бірге атқарған. Ислам ғалымдары пайғамбардың дүние салуымен бірге елшілік міндетінің аяқталғандығын, ал коғамды басқаруға қатысты істерін лайықты бір адам мойнына алып, оларды өзі немесе кейбір қажетті адамдарды тарту арқылы басқаруы қажеттігін және мұсылмандардың бірлікте өмір сүруін қамтамасыз ету керектігін бірауыздан айтқан.
Құран мен пайғамбар хадистерінде әділдік пен туралыққа бағыну, зұлымдықтың алдын алу, исламның әмірлерін орындап, тыйымдарын сақтау, оларды орындауда бірлік пен ынтымақтан ажырамау сынды коғамның басқарылуына қажетті жалпы негіздерге қатысты сөз қозғалады. Алайда мемлекеттің сипаттары, мемлекет басшысында болуы тиіс шарттар, басшының міндеттері мен жауапкершіліктері сынды тақырыптарға қатысты егжей-тегжейлі үкімдер айтылмайды. Алла елшісінің өмірінде мемлекет пен қоғамды басқаруға қатысты бірқатар үлгілер бар. Пайғамбарымыз дүние салғаннан кейін төрт халифаның билікке келу жолдары мен басқару әдістері, оның артынан келген Умауи мен Аббаси әулеттерінің билік жүргізу тәсілдері мұсылман ғалымдары үшін маңызды негіз болған. Халифалыққа қатысты көзқарастар да жоғарыда айтылғандардың билік жүргізу үлгілерінің аясынан өрбиді.
Әртүрлі дереккөздерде айтылған көзқарастар мен хижраның V ғасырынан бастап «әл-ахкаму әс-султания» (мемлекет баскару принциптері) тақырыптары аясында жазылған еңбектер мұсылман ғалымдардың, мемлекетті басқару ісіндегі өзіндік шарттарын, дін мен дәстүр аясындағы ең тиімді басқару үлгісінің теориялык әрі практикалық негіздерін дамытуға деген талпынысы болса керек. Сол себептен де патшалык, корольдық және императорлық сынды монархиялық биліктен басқа билік түрі болмаған дәуірде, халифаның «әһлул-хәл уал-акд» деп аталатын бір кеңестің тарапынан немесе халықтың сертінің алынуы, діни тыйымдарға атүсті қараған халифаның орнынан алынуы, халифаның иләһи сипатының жоқ екендігі және үмбетке тиіс билікті басқаратындығы, Алланың алдында жауап беретіндігі және билігіне байланысты халықтың алдында да жауапты екендігі айтылады.
Мемлекеттік басқарудың үлгісі, құрылымдары әр коғамның өзіне тән дәстүріне, мәдени және әлеуметтік ерекшеліктеріне байланысты болатындықтан, ислам дінінің бұл тақырыпқа қатысты нақты токталмауы да оның әр коғамның жағдайымен санасатын ерекшелігінен болса керек.
Классикалық кітаптарда, ғалымдар халифада болуы керек шарттарға қатысты оның: дана, адамгершілігі мол, сыйлы және қабілетті болуын қозғай отырып, осы қасиеттерге егжей-тегжейлі тоқталады. Халифаның билікке кеңес немесе «әһлул-хәл уәл акд›› арқылы, яғни үмбеттің дана, таңдаулы және қоғамдағы сыйлы адамдарынан құралған комиссиясы тарапынан немесе халықтың серт беруімен келуі де айтылады. Сондай-ақ биліктегі халифаның өз орнына келетін адамды көрсетіп, үміткер ұсынуына немесе тағайындауына қатысты да пікір қайшылығы бар.
Тарихи деректерден халифат пен халифаға бұрынғы дәстүрлер мен сол кездегі билік жүйелерінің жағымды- жағымсыз қырлары ықпал еткендігі байқалады. Мәселен, ислам тарихындағы таққа талас пен саяси көзқарастар ғалымдарға да әсер етіп, олар өз дәуірлеріндегі билеушілерінің ұстанымына қайшы келетін көзқарастарды көпшілік жағдайда айта алмаған- ды. Сол себептен халифаның құқығы мен құзіреті, міндеті, билікте отыру мерзімі мен мемлекеттің негізгі құрылымдары мен жүйесіне қатысты айтылған көзқарастар осы заңдылықтардың аясында бағаланады. Бұл тақырыптарды ислам құқықшыларының әртүрлі бейнеде қарастыруы, олардың мұсылман қоғамындағы ең жақсы басқару үлгісін табуға деген ұмтылыстары болса керек. Алланың халифасы немесе Алланың жер бетіндегі көлеңкесі атауларын фиқһ ғалымдары халифаға таңуды дұрыс көрмей, оны «Пайғамбардың халифасы; имам, мүміндердің әміршісі» деген атаулармен атауы да ислам құқығында үкім шығару билігі Аллаға тән екендігін, ал исламның жалпыға ортақ құқығында биліктің бастауы үмбет екендігін және халифаның иләһи күшке ие емес екендігін көрсетеді.
Сондықтан үмбетке тән биліктің қалай басқарылатындығы, қалай аталатындығы, мемлекеттік құрылымдар мен қызметтер исламның жалпы негіздеріне қарсы келмеген жағдайда, әр қоғамның шарттары мен мүмкіндіктерінің аясында жүзеге асады.
Әбу Бәкірден бастап-ақ мемлекет басшылары үшін халифа атауы қолданылғанымен, ислам мәдениетінде халифат ұғымы мен құрылымы ұзақ тарихи үрдістің нәтижесі болып табылады.
Халифадан талап етілген шарттар:
Кейбір қызметтегі адамдар үшін белгілі бір шарттардың болуы, ол қызметті жақсы деңгейде жүргізуі үшін қажет. Ал мемлекет басшысы болатын адамға қатысты бірнеше шарттар қойылып, ғалымдардың бұл мәселеде әртүрлі көзқарас білдіруі де заңды. Ислам құқығында халифаның бойынан табылуы тиіс шарттар белгіленгенде, діни мәтіндер мен әділетті төрт халифаның іс-әрекеті басшылыққа алынған.
Халифаның бойынан табылуы тиіс шарттарға қатысты ғалымдарымыз бірқатар көзқарас білдірген. Мәселен, бұл мәселеде бірауыздан келісілген және әртүрлі көзқарас туындатқан косымша шарттар барын Сейд Шариф әл-Журжани бөліп қарастырып, халифаның құрайыш тайпасынан болуын қосымша шарттар қатарына жатқызады. Әл-Әмиди де әл-Журжани секілді пікірді ұстанған. Әл-Мауарди халифаның бойынан жеті шарт табылуы тиіс екендігін айтса, әл-Фәрра˗төрт, әл-Ғазали - он, әл-Бағдади - төрт, Ибн Халдун˗төрт шарт болу керектігін, бірақ құрайыш тайпасынан болуына қатысты бірауызды көзқарас жоқтығын білдірген. Шарттардың саны әртүрлі болғанымен, негізінде барлығы бірдей, өйткені бірқатар шарттар екіншісін қамтитындай болып келеді. Сейд Шариф әл-Журжанидің шарттары:
1. Барлық мұсылмандар бірауыздан талап еткен шарттар. Олар: мұсылман, азат, әділ, ер, акыл-есі толық және балиғат жасында болу. Халифа мұсылман болуы кажет. Өйткені халифаның ең басты міндеті- дінді қорғау және діни үкімдердің жүзеге асуын қамтамасыз ету. Халифа бұл мәселеде Алланың алдында жауапты. Ал мұсылман емес адамның бұндай жауапкершілігі жоқ
2. Болғаны жақсы, бірақ әрдайым бола бермейтін шарттар. Бұлар усул (негіз) мен фуруғ (тармақ) мәселесінде ижтихад (үкім шығару) жасай алатын деңгейде ғалым болу, діннің барлық мәселелерін білу, парасат иесі болып, саяси, әскери істерді жақсы түсіну және батыр болу.
3. Әртүрлі көзқарас туындатқан шарт. Бұл халифаның құрайыш тайпасынан болуы.
4. Дәлелсіз және негізсіз дәлелдерге сүйенген, жалған шарттар. Бұлар халифаның Хашими руынан болуы, діннің барлық мәселелерін білу, мұғжиза көрсету, күнә және қателік істеуден аулақ мағсум болуы[6] .
Ал әл-Мауардидің шарттарына келер болсақ:
1. Әділ болу;
2. Халифа өзінің міндетіне кіретін барлық істерде үкімдерінде, қабылдайтын шешімдерінде ижтихад жасай алатындай дәрежеде ілім иесі болу;
3. Құлақ, көз, тіл секілді ағзаларының сау болуы;
4. Қозғалуына, отырып-тұруына кедергі болатын мүгедектіктен сау болу;
5. Халықты басқаруға қажетті даналық пен парасаттылыққа ие болу;
6. Дұшпанмен соғысуға, халықты қорғауға шамасы жететін күш пен батырлыққа ие болу
7. Тегі тұрғысынан құрайыш тайпасынан болу. Өйткені бұған қатысты хадис бар. Ілгеріде келген мұсылман ғалымдары бұл мәселеде бір пікірде болған. Кейбір фиқһ ғалымдары тарапынан бұл шартқа қатысты әртүрлі сын айтылғанымен, кейін адамдардың барлығы дерлік қабылдаған. Әбу Бәкір ансарлардың халифа ретінде Сағыд ибн Убадаға серт беруіне байланысты, Бану Сағиданың үйінде жиналған күні ансарларға пайғамбардың «Имамдар құрайыштан», - деген хадисін айтқан. Сонда ансарлар келіспеушілікті тоқтатып, «сендерден бір басшы, бізден бір басшы болсын›› деген ойларынан бас тартты. Олар Әбу Бәкірдің «Біз˗әмірші, сендер ˗уәзірсіңдер›› деген сөзіне разылық танытады.
Халифа тағайындау мәселесі
Пайғамбар дүние салғаннан кейін, мұсылмандар арасында жас мемлекетке басшылық ететін, мұсылмандардың басын біріктіріп, туралықтан айнымайтын халифа тағайындау барысында әртүрлі ұсыныстар айтылды. Алғашқыда бұл мәселе Бану Сағиданың үйінде аздаған пікірталастан соң шешімін тапқанымен, уакыт өте кейбір топтардың шығуына негіз болмауы. Нақты діни мәтіннің, яғни пайғамбардың өзінен кейін нақты бір адамды халифа етіп тағайындаған сөзінің болмауы - аталған мәселеде пікірталас тудырып, кейбір топтардың шығуына себеп болды.
Алайда Бану Сағиданың үйінде өз араларынан халифа сайлап жатқан ансарларға келіп, Халифа Құрайыш руынан болу керектігін қолдаған мухажирлердің пікірінен, олардың халифалық пайғамбар сөзімен жалпылама белгіленгендігінде назардан тыс қалдырмауын нұсқады. Халифаның қандай да бір діни мәтінде нақтыланбағанын қабылдаған ансарлардың көзқарасын, кейін харижилік топтар ұстанса, мухажирлердің ұстанымына сай, бірақ пайғамбардан кейін халифалық оның туыстарынан болу керектігін деген ұстанғандар көзқарастағылар да болды. Олардын ішінде, пайғамбар өзінен кейін Али ибн Әби Талибтің Халифалығын (оның есімін атап) нақты бекіткен деген топтар мен Алидің халифалыққа лайықты сипаттарымен ғана келгендігін айтқан шииттік бағыттар шықты. Олардың түсінігінде, пайғамбар өзінен кейін халифалықты жақын туысы Али ибн Әби Талибке өсиет еткен.
Пайғамбардан кейінгі халифа тағайындау мәселесіне қатысты туындаған көзқарастардан мынандай қорытынды шығады:
Бірінші: Пайғамбар тарапынан халифа нақты белгіленбеген.
Бұл - анасарлардың ұстанымы екендігін байқаймыз. Олар исламның жайылуына қосқан өз үлестері мен пайғамбарға және мұсылмандарға көрсеткен жәрдемдерін ескеріп, халифаны өз араларынан тағайындауды ұйғарды. Кейін осы көзқарас харижилердің ұстанымынан да аңғарыла бастады. Олар «Әй адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Алланың алдындағы ең ардақтыларың тақуаларың. Шәксіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы»-деген аятты негізге алып, мұсылмандарға басшылық ететін адамның руына, тегіне қаралмайтындығын айтқан[4, 590 б. ] .
Екінші: Пайғамбар тарапынан халифа белгіленген. Бұл ұстанымға қатысты екі көзқарас қалыптасқан:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz