Мұқағали Мақатаев лирикасы тілінің көркемдігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақ тілі және әдебиеті БББ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Оқу пәнінің атауы: Қазақ әдебиеті 5

Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев лирикасының көркемдігі.

Жетекші оқытушы: филол. ғ.к.
Құралқанова Ботагөз Шайкенқызы
Студент:Құсаин Айгерім Серікқызы
Топ: 6B01710

Павлодар, 2023 ж.
I
Кіріспе
3 бет

1.1.

Ақиық ақын-Мұқағали Мақатаев
5 бет
1.2.
Мұқағали Мақатаев лирикасы тілінің көркемдігі

8 бет
II
Негізгі бөлім

2.1.
Мұқағали поэзиясындағы дәстүрлі жүйесі.
11 бет
2.2.
Мұқағали поэзиясындағы образдар жүйесі
15 бет

III

Қорытынды

18 бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
20 бет

I Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев лирикасының көркемдігі.
Қазақта Ақынды ерекше қадірлеген. Оның әрбір сөзін қасиетті де қастерлі ұғым санап, әр сөзіне келісіммен қараған. Ежелден бергі мұралары үзіліссіз келе жатырған көптеген шешендер, ақындар қазақ елінде көп. Солардың асыл мұрасы біз үшін, қазақ әдебиеті үшін де таусылмас байлық, сарқылмас қазына. Зар заман ақындарынан келе жатырған елдің келешегін ойлап, қазіргісінің ащы шындығын шымырқанта жазу бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келе жатыр. Кезінде Ақынның сөзіне тоқтар болса, екі ел жауласса, бір сөзге тоқтап, бір сөзге жауласса, қазір сөз қадірін ұғынар қазақ азайып барады. Соның салдарынан елдің әлеуметтік жағдайын ойлап, азабына күйінер адам азайып бара жатырғандай. Кезінде ақын ханнан да қорықпай, алар болсаң басымды ал, мен еліммен біргемін, неде болса елмен бірге көремін" - дейтін. Қазір бәрі бірдей емес, әрине, елдің саяси жағына бет бұрыс жасауға жасқақатанар, бетін сипап, қаймағын сапырып, қаспағын қыра алмай жүрген ақындар аз емес. Бұндай олқылықтарды азайту үшін, сөздің қадірін жетік меңгеру ғана жеткілікті деп білемін. Еліміздің елдігінде егемендігін сақтау үшін, әр қазақтың өз ойы, пікірі құнды. Бірақ елден ерекше тұратын Ақын деген атты асқақтатар, елдің қамын ойлар ақындардың пікірі құнсызданбау керек. Ақын сөйлесе, келісер, жамандығына күйінер, қиындықта бірігер, нағыз тұтас ел болсақ, қадірлілерімізді ардақтай алсақ, еліміздің жоғарыдан көріне берері сөзсіз!
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақ поэзиясында өзіндік ерекше орны бар дара тұлға-Мұқағали Мақатаев шығармашылығының өміршеңдігін,
лирикасының көркемдік ерекшеліктерін қарастыра отырып оған шағын зерттеу жұмысын жүргізу және жас ұрпақ бойында ұлттық рухты тәрбиелеудегі маңызын анықтау;

Курстық жұмыстың зерттеу нысаны: Курстық жұмыс Мұқағали Мақатаев лирикасының көркемдік ерекшеліктерін зерттеуге арналады. Курстық жұмыс тарихымыздың ұлы ақиық ақыны, сөз өнерінің зергері, журналист, публицист, лирик Мұқағали Мақатаев шығармашылығын зерттеуге арналады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Жұмыстың негізгі мақсаты Мұқағали Мақатаев лирикасының көркемдік жағын зерттеуге және өлеңдерінің жаңашылдығын анықтау болып табылады.
Осыған байланысты зерттеудің негізгі міндеттері анықталды:

а) М.Мақатаевтың лирикалық өлеңдеріне тоқталу;

б) М.Мақатаевтың өлеңдерінің ерекшеліктеріне шағын зерттеу жүргізу;

б) М.Мақатаевтың лирикалық өлеңдерінің түрлері мен айырым ерекшеліктеріне мән беріп қарастыру.

Курстық жұмыстың зерттеу әдісі: Жұмысты жазу барысында ақпараттарды пайдалана отырып оны жинақтау ,салыстыру, салғастыру әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы: М.Мақатаевтың лирикалық өлеңдерінің ерекшеліктер жағын қарастыру барысында, ғалымдардың зерттеу еңбектерін зерделей отыра шағын әдістемелік құрал әзірлеуге болады.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлімдерден тұрады.Сонымен қатар пайдаланылған әдебиет тізімімен де қамтылған.

1.1. Ақиық ақын-Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз деген жерде дүниеге келген. 1948 жылы мектепті бітіргеннен кейін өзінің еңбек жолын туған ауылында комсомол, партия қызметкері болып бастады, содан кейін республикалық "Қазақ әдебиеті", "Жұлдыз" газеттері мен журналдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Ақын жоғарыда аталған басылымдардың поэзия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген кезде тәжірибе жинақтап, Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарды.

Мұқағалидің алғашқы өлеңдері 1948 жылы Нарынқол аудандық "Советтік шекара" газетінде жарияланды. Содан кейін "Әдебиет және өнер" "Жұлдыз" журналында оның бірнеше өлеңдері жарық көрді. Алдымен ол аудандық, содан кейін республикалық газет беттерінде әдебиет саласында танымал болды, ал 1964 жылы оның алғашқы кітабы "Ильич" жарық көрді. Кейінгі жылдары оның қатарын " Сәлеметсіз бе, достар!"(1966), " Сен келдің, Менің Қарлығашым?"(1967)," Мавр "(1969)," жүрек "(1972)," Аққулар ұйықтаған кезде "(1974)," Менің Нұрым "(1975)," Өмір әні "(1976)," өмір өзені "(1979)," жүрек ән салады "(1989)," сыйлық "(1981)," жанның қоңырауы "(1981)," жүрек соғып жатыр "таңдаулы шығармаларының екі томдық жинағы. (1982)," Шолпан " (1984), үш томдық таңдамалы шығармалар жинағы (1984) және басқа да өлеңдер жинақтары жарық көрді. Қазақ поэзиясын осындай құнды поэтикалық шығармалармен байытқан ақын көркем аудармаға да зор үлес қосты. У.Уитманның "Шөп жапырақтары" (1969), в. Шекспирдің "сонеттері" (1970) шығармаларының арқасында Данте "Жер асты әлемі" деп аталатын "Құдайдың комедиясының" бірінші бөлімі қазақ тілінде сөйледі.

Қазақ əдебиетінің тарихының күрделі кезеңі мен тұтас дəуірінің болмыс-бітімін тануда əр ғасырдың алар орыны айрықша болып табылады .Осы тұста ХХ ғасырдың соңғы жылдарында, яғни тәуелсіздік жылдарында ақынның мұрасын жаңаша зерттеу үрдісі басталды. Осы кезеңде талантты ақынның жоғары көркем және эстетикалық поэзиясы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Бұл ақын мұрасының өміршеңдігін дәлелдейді.

Мұқағали басқа ақындар сияқты, өз заманының ұлы тұлғасы. Оның "Жиырмасыншы ғасырды ұлықтаңыз", "Менің ғасырым", "Мен - Қазан" және т.б. өлеңдері өз дәуірінде мақтаныш сезімі нәтижесінде дүниеге келді. Ол өлеңдерінің негізі ретінде сол кезеңдегі ел өмірінің негізгі және өзекті мәселелерін алды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - Ұлы Отан соғысы кезінде тылдағы өмірдің ауыр ауыртпалығы және соғыстың емдік жарасы емес. Халық тарихындағы бұл кезең Мұқағали ақынның замандастарына ортақ. Олардың әрқайсысы бұл шындықты өз жолымен жырлады. Ақынның өлеңдерінің көпшілігі қатыгез соғыстың қарғысы сияқты. "Көздерімнің мөлдірі" өлеңінде ақын әкесін соғысқа арнаған лирикалық кейіпкердің көңіл-күйін нақты айтады: "Көздерімнің жанары жартысынан көрмей кетті, өйткені мен бір рет шын жыладым". Ақынның шығармаларын оқи отырып, әкесін соғысқа арнаған он жасар лирикалық кейіпкер өмір бойы әкесінің өсиеттеріне адал болуға сөз береді деген ойға келесің. Он жасында балалық шағымен қоштасып, ол өзінің қарт анасы мен жас інілеріне қамқорлық жасауды мақсат етті. Әкемнің: "Білімге шыдамды бол ұлым, бұл өмір үшін тамақ", - деген өсиетін еске алып, ол ешқашан оқудан шаршаған емес.

Ұлы Отан соғысы кезінде ақын тылдағы ауыр өмірдің куәсі болды және өзінің өлеңдерінде сол уақыттың тірі бейнесін жасады: "1941 жыл ақпандатқан", "Қымбаттым менің, қалыңдығым", "Майдандағы жарыс", "Соғыстың соңғы көктемі", "Беташар", "Қара сарай", "Ағайындылардың әйелдері", "Қырықыншы жылдар", "Қырыққұлақтың бесігінен", "Біз жеңдік" және т. б. өлеңдері баршылық. Келесі жолдарда ол өмірді, қиын кездерде өзің жұбату арқылы шыққан өлеңде былай сипаттайды:

Мына күн де, мына аспан да, дала анау,

Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!

Өмір дейтін - тағатсыз бір қозғалыс,

Өмір дейтін өлемін деп қарамау.

Ол осы шығармалардың негізгі идеясын "Балалық шақтан болашаққа" эпосында жалғастырды. Бұл эпоста қарт пен жас, балалар мен әйелдер шақырған ауыр жұмыс шынайы түрде айтылады, сонымен қатар сол жылдардағы жесірлермен болған оқиғалар туралы шынайы әңгіме. Ақын әсіресе осы жесірлердің токсикоз кезеңін нақты суреттеді. Әрбір отбасынан Отанын қорғауға бір адам кеткен қырық үйден тұратын ауылдың емделмейтін жарасын ол екі жолға орналастырды: "Қырық әже өлген қырық ұлдың ошағын күзетеді". "Қайырлы таң", "Сәлеметсіз бе, адамдар" өлеңдерінде осындай қатал жылдардың куәсі болған ақын бейбіт өмірдің жойылмауын қалайды.

Мұқағали Мақатаев - алпысыншы жылдардағы қазақ поэзиясына асқақ рух сыйлаған, қазақ әдебиет өнеріне зор үлес қосқан ақын. Оның қаламынан туған ән жолдары біздің ұлттық рухани қорымызды ерекше бейнелерімен байыта түсті. Оның "Мавр", "Ильич", "большевиктер", "Чили - менің Нұрым" поэмалары - кеңестік кезеңде өмір сүрген адамдардың сезімдері мен көңіл-күйлерін, сенімдері мен руханиятын нақты жеткізетін шығармалар. Ақын өлеңдерді көңілді өткізу үшін емес, "Жараланған жандарды емдеу үшін" жазуды мақсат етті. Ол өмірдің қуаныштары мен қайғы-қасіреттерін бастан кешіретін, өмірдің не екенін және өлімнің не екенін ерте білетін, замандастарының жан жараларын емдеуді іздейтін ақын. Сондықтан да оның "Саржайлау", "Әже, сенің нұрың өшпейді", "Бар, өз Алатауына" сияқты көптеген өлеңдеріне халық ықыласпен тыңдап, ән салатын музыка жазылған шығар. Олай болса, қазақ поэзиясына ерекше үн мен қайталанбас серпін берген ақын Мұқағали әрбір қазақтың жүрегінде ән ретінде мәңгі сақталады.

1.2. Мұқағали Мақатаев лирикасы тілінің көркемдігі
Қазақ поэзиясының көгiнен өз орынын тапқан озық ойлы таланттарымыз көп. Олар өлең өлкесiнде өздерiнiң шығармашылық бай шеберлiктерiн танытып қазақ жыр-қазынасының таусылмас байлығын жасап кеттi.
Жетпiсiншi жылдар поэзиясына зер салатын болсақ, сол таланттарымыздың санаулысының бiрi де бiрегейi, лирикалық асыл сезiмнiң жыршысы болған Мұқағали Мақатаев едi.
"Мен өз дәуiрiмнiң жаңғырығымын" деп Виктор Гюго айтқандай, Мұқағали да 60-70-жылдардағы жыр әлемiнiң жаңалық жаңғырығы болды. Оның бойындағы асқақ азаматтық әуенмен қатар өрбiген биiк рухты әрбiр шығамасын оқыған сайын түйсiнiп, сезiне түсемiз.
Халықтың бай ауыз әдебиетiмен сусындаған, Абай поэзия-сын жетiк меңгерген, Қасымды жатқа оқыған, Әбдiлдәнi өзiнiң ұстазы санаған Мұқағали ешкiмге ұқсамайтын, образды сөз өрнектерiмен ерекшеленедi. Олай болса, образды сөйлемдер ақын лирикасының көркемдiгiн, мағыналылығын, шынайылы-ғын, жаңалығын көрсетедi.
Кең дүние, төсiңдi аш, мен келемiн,
Алынбаған ақым бар сенде менiң.
Бұйрат құмдар - бұйығып шөлдегенiм,
Бура бұлттар бусанып терлегенiм,

- деп ақын өзі айтқандай,сонау биікке самғаған қазақ жырының өлең өлкесіне сыршыл да шыншыл поэзиясымен айқайлап келіп еді.Ақын лирикасының үнемі табиғатпен,өзі өмір сүріп отырған қоғаммен,өмірдегі болып жатқан сан қилы оқиғалармен оқырманын ойлантуға,сендіруге мәжбүр ететін ерекше байланысты байқаймыз.Ақын өлеңдерін оқығанда тағы бір байқайтын ерекшелігіміз сөзбен суреттелген өмір,тіршілік құбылыстары тұтас бір картинадай өтіп жатады.Осы тұтас картина ұтымды,оралымды,көркем әрі шебер қолданылған тіл нақышы арқылы көрініс береді.М.Мақатаев өзінің тілін,стильдік бояуын қалыптастырған ақын деп айтуымызға әбден болады.Шығарма тілінің көркемдігі суреткердің сөзді аз-көп қолдануында емес,әр сөздің орнын тауып көркем жұмсай білуінде.Ақын сөзді қиыстырып,тиісті жерінде ұтымды қолданып қана қоймай,ойдың түсініктілігін,айқындылығын,дәлдігі н беру үшін сөз мағынасын сан жаққа құбылтып жұмсайды.
Мәселен, "Ақ кимешек көрiнсе сенi көрем, Ақ кимешек жоғалса ненi көрем", "Су сұраса сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем!", "Қарқ қылмай тұрса да қара нанға, Қара қамба құт едi балаларға", "Сенбеймiн әкең өлдi дегенге мен, Себебi ол үйiмiзден тiрi аттанған", "Шаруасы шайқалған шағын үйдiң, Шаңырағына шаншылдық уық болып"... тiзбектелiп кете беретiн өлең жолдары бар қазаққа таныс төл ұғым.Осы өлең жолдарынан ақын ойынның шыншылдығын байқап,жалпы халыққа түсінікті қарапайым ғана тілімен жеткізгенін көреміз.Мұқағали өз өлеңдерінде сөз аясын кеңейтіп,бейнелегіш-көркемдегіш тәсілдерді шебер пайдаланып,олардың эмоционалды-экспрессивтік бояуын арттырды.

Ақын өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы алуан түрлі көріністерді лирикалық шығармасы арқылы оқырманына жеткізеді.Мына бір ақиқатқа көзіміз жеткен,яғни адамның бойында,мінез-құлқында,іс әрекетінде,тағдырында жақсы мен жаман араласып , пендешілік арамдық,көрсеқызарлық ,
жауыздық,қараниеттілік,екіжүзділік одан басқа да толып жатқан түрлі зымияндықты білдіретін ұғымдарды ақын өткір де уытты жырларымен мәңгі бақи жоғалтуға ұмтылады.Сонымен қатар өмірдегі жақсылық пен жамандық,ізгілік пен зұлымдық,адалдық пен арамдықты,өмір мен өлім сияқты кереғар ұғымдарды көркем тілімен айшықтап,суреттеп береді.

Ақын көзiмен көрiп, көңiлiне түйгендерiн ештемеге қарамастан жалтақсыз айтып, өзiнiң де өзгенiң де айыбын жасырмай, бетке басып ашық жеткiзе алды. "Айтып өткен ақында арман бар ма, жүрегiнiң түбiне кiр жасырмай" - деп армансыз ақтарылып айтып кеттi. Өзiнiң азаматтық үнiмен өмiрдiң ащы шындығын өткiрлiкпен айтты. Мұқағали Мақатаев таланты қазақ поэзиясында қашан да биiктен көрiнедi, ол қазақ лирикасының кең төрiнде өзiнiң "менiн" танытты.

Ақын өзінің 14 ақпан 1976 жылы жазған күнделігінде: Поэзия-ғылым.Зерттеу керек.Менің қымбатты достарым!Егер шынымен менің өмірбаянымды,шығармашылығымды зерттемек болсаңдар,онда мен не жазсам,соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыңдар.Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін.Естеріңізде болсын,менің өлеңім жеке тұрғанда түкте емес.Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті.Басы және аяғы бар.Сонымен достар,бүкіл менің жазғаным бар-жоғы бір ғана бүтін поэма.Адамның өмірі мен өлімі,қасіреті мен қуанышы туралы поэма.Егер нанбасаңдар барлық өлеңімді жинап,бір жинаққа топтастырып көріңдерші.Естеріңде болсын,әрбір өлеңім өз орнында тұрсын.Яғни,жылына және бойына қарай,сонан соң көз алмай оқыңдар.Сюжетіне көңіл аудармай -ақ қоюларыңа болады,ал композициясы мен архитектоникасына зер салыңдаршы.Егер мені сонан таппасаңдар,онда ақын болмағаным! [4:41]-деп жазған болатын.Ақын поэзияны зерттеу керектігін баса айтып,өзіне де өзінің өлеңіне де аса жауаптылықпен қарайды.Жырларының басқа жүректерге сәуле түсіретінін және осылардың бәрі адам өмірі туралы тұтас поэма екенін оқырманына ескертіп отырады.Ақын өзінің жырына әділ баға бере отырып,ертеңгі күні менің өмірімді,шығармашылығымды зерттемек болсаңдар мынаған көңіл аударыңдар деп өзі айтып кетті.

Мұқағали лирикасының лингвистикалық табиғатын қарастырғанда назар аударатынымыз-оның халық тілінің байлығын,оның мүмкіншіліктерін қаншалықты пайдаланғанын,әдеби тіліміздің дамуына қосқан үлесін,өзіндік қолтаңбасы мен өрнегіне айрықша мән береміз.М.Мақатаевтың жалпыхалықтық қолданыстағы сөздерді қолданумен қатар жеке авторлық қолданыстарды окказионализмдерді қолданғанын да байқаймыз.

М.Мақатаевтың поэтикалық тілі ешкімге ұқсамайтын даралығымен ерекшеленеді,сөз құдіреті арқылы ақын көрікті,әсем,сұлу сөз-бейнелер жасаған.Сөз-бейнелерінің көріктілігі ,әсемдігі ,сұлулығы ,мағыналылығы, айқындылығы , даралығы-ол қолданған айшықтау-көріктеу құралдарының негізінде жатыр.Троптың барлық түрін керекті жерінде таңдап жұмсап,қазақ лексикологиясының сөз байлығына мол үлес қосып,өзіндік сөз саптаудағы қолтаңбасын танытады.Ақын лирикалық шығармаларында мәтін ішінде контекстік антонимдер,көп мағыналы сөздер,бір-бірінен асырмалатып берілген синонимдер арқылы адам мен оның жеке басындағы сан-қилы өзгерістерді,қоғамдағы алуан түрлі оқиғаларды,табиғат құбылысындағы құпияларды байланыстыра отырып ашып береді.Сонымен қатар, фразеологизмдердің жаңа авторлық құрылымдарын жасап,олардың бейне жасаудағы және ашудағы стильдік қызметін айқындайды.Ақын лирикасындағы стильдік құралдардың бәрі де образдылыққа,бейнелілікке қызмет етіп тұрғандығын әр өлеңін оқыған сайын көрініп отырады.Мұқағали Мақатаев өзінің лирикасының тілі арқылы қазақ поэзиясына,қазақ тілінің лексикалық қазынасының баюына,одан әрі дамуына үлкен еңбек етіп оған жаңалық қосқандығы белгілі.

II Негізгі бөлім

2.1. Мұқағали поэзиясындағы дәстүрлі жүйе.

Көркем жүйе тұжырымдамасының мәні мен мазмұны, ірі ғалымдар берген анықтамалар мен түсініктемелердің дәлдігіне сүйене отырып, поэзия өмірдің мәңгілігі мәселесі екендігімен анықталады. Онда Мұқағали мұрасынан мысалдар келтіріліп, талдау жүргізіледі. Осылайша өлеңдер 62 тамыр бойымен енеді.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Абай өлеңдері арқылы құдіретті сөз өнері, поэзияны қоса алғанда, ең биік тұғырға көтерілді. ХХ ғасырдың ортасында есікті ашқан әдебиет, ал белдің биіктігіне созыла бастаған Мұқағалидің қол шыңдарына өрмелеп шыққан өлеңдері жаңа буынның өкіліне арман, шың кемелдігіне жетті. Осылайша, Абай салған соқпақ ізімен жүрді. Мұқағали поэзиядағы парасаттылыққа мән бере отырып, ұлылықтан үйренуге ұмтылды. Ол ұлттық мұраны толықтыруға бар күшін салды. Рас, Абай да, Мұқағали да тақырға түскен астық емес. Елдің құнарлы топырағын, ортасын құнттаған, мақсаты - іс-әрекетте. Олар бай ауыз әдебиетін ішті, әсіресе шешендік өнерді игерді, философиялық тереңдікті игерді. Ол қамтыған өткірлігін және өршіл рух поэзия жырау құрды жаңа сонары. Яғни көптеген қоректік заттар мен халық даналығының дәндерін жинады. Жас ұрпақ орыс әдебиетінің озық үлгілерімен, әлемдік классиктермен тынымсыз танысып, көркемдік қабілеттерін, таңдалған әдеби техниканы үйренді. Жаһандық деңгейде ол әлемді қабылдауды жетілдірді. Күшті білім қорымен қаруланған ақын болды. Осыған сәйкес ол ащы шындықты да айта алады. Ал, щындықты айту әрқашан қиын.

Мұқағали - кеңестік құрылыстың, коммунистік қоғамның аласапыран дәуірінде өмір сүріп, еңбек еткен. Ол бір кездері "өте прогрессивті қоғам" деп саналған кеңестік жүйенің бітімі туралы жазу, ән айту керек болған кезеңде өмір сүрді, олар айтқандай, "күлімсіреген күн, күлімсіреген жұлдыз". Сол жарықта ақын шеңберден шыға алмағаны анық, дөңгеленген, ақ монета сияқты айналды. Еркіндік, теңдік, еркіндік ұғымы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы метафораның қолданыстық ерекшеліктері
Мұқағали Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға
60-90 жылдардағы қазақ поэзиясындағы көркемдік ізденістер
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Ұлықбек Есдәулет поэзиясының поэтикасы
Қазақ лирикасындағы көркемдік дәстүр
М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора
Мақағали шығармалары мен аудармалары
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Тілдік әдеби норма және поэтикалық тіл
Пәндер