Зерттеудің әдістері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Түйіндеме (аннотация)
Зерттеудің нысаны: гидропоника саласы- Гидропоника әдісімен арпа өсіру.
Зерттеудің мақсаты: Арпа өскінін үй жағдайында өсіруге болатындығын практика
жүзінде дәлелдеу.
Болжамы: Егер ауа - райының құбылыстарына байланысты қыс күндері ұзап, мал азығы тапшы болып жатқан жағдайда осы гидропоника әдісімен үй жағдайында арпа және басқада дәнді дақылдар өсіріп, үй жануарларын құнары мол азықпен қоректендіруді қолға аламын
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдалынылған әдеиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің барысы: Зерттеу тақырыбын таңдап, оны нақтылап, іздену бағытында ғаламтордан гидропониканың бірнеше әдістерін қарастырдым. Гидропоника арқылы өсімдіктерді үй жағдайында өсірудің тиімді жақтарын іздестіріп, ғылыми жоба қорғауға бағыт алдым және нақты мақсатпен жұмыстанып, зерттеу жұмысын жалғастырдым.
Зерттеудің кезеңдері: Гидропониканың тарихына жалпы шолу жасау;
Гидропониканың әдіс-тәсілдерін зерттеу:
Гидропоника арқылы арпа өсірудің жолдарын анықтап, ең тиімді
әдісін таңдау;
Зерттеудің жаңалығы: Арнайы ұйымдастырылған зерттеу жұмысы барысында арпа өскінінен әрі қарай дамып, өскен жас сабақтың мал шаруашылығы үшін таптырмайтын құнарлы азық екендігі дәлелденді. Арпа дәнінің өзіне тән био-химиялық ерекшелігімен қатар оның құрамындағы дәрумендердің адам ағзасы үшінде пайдасы мол екендігі айқындалды.
Зерттеудің практикалық мәні: Арпа өскінін өсіріп, күнделікті суарып баптау, жан-жақты зерттеу жұмысын жүргізу.

І. Кіріспе
1.1 Жұмыстың өзектілігі: Бұл ғылыми - зерттеу жұмысында арпа өскінін үй жағдайында өсірудің тиімді әдіс-тәсілдерімен танысып, адам ағзасы және үй жануарлары үшін құндылығы жоғары таптырмайтын шипалы құнды дән екендігін айқындау.. Тамақ өнеркәсібі мен мал шаруашылығына енгізу жолдарын іздестіру.
Гидропоника - өсімдіктерді топырақсыз, жасанды ортада - қоректік заттардың судағы ерітіндісінде өсіру әдісі. Табиғи ортада өскен дақылға қарағанда бұндай әдіспен өсірілген дақылдың мал шаруашылығына тигізер пайдасы мол. Мейлінше қысқа мерзімді құнарлы әрі мол өнім береді. Биыл қаңтар айынан бастап осы істі қолға алдым. Бұл тақырыпты алуыма түрткі болған жағдай, өсімдіктерді, дәнді дақылдарды қысты күні үй жағдайында топырақсыз сумен өсіруге болатындығы мені қызықтырды. Сол себептен қыс күндерінің ұзаққа созылып кетуі, мал азығының тапшы болуына орай, гидропоника әдісін қолдана отырып, арпа дәнін үй жағдайында өсіріп көруді мақсат қылдым. Арпа өнімінің адам ағзасы мен мал ағзасы үшін тигізер пайдасы мол екенін білдім. Әсіресе арпа өскінінің құрамындағы құнарлы заттары үй жануарлары үшін өте пайдалы екен. Осыдан кейін гидропоника әдісімен неге арпа өсірмеске деген ой келді. Мәселен, бұндай әдіспен өсірілеген бір келі арпа, алты келі арпа болып өседі екен. Алдымен ғаламтордан гидропоника әдісі арқылы дәнді дақылдарды өсіру жолдарын қарастырдым және арпа өсімдігі туралы көптеген мәліметтер жинақтадым. Сонымен бірге арпа дәнінің ағза үшін де таптырмайтын, құндылығы жоғары сан түрлі қасиеті бар екенін білдім.
Зерттеудің мақсаттары:
1. Арпа дәнінің биологиялық, химиялық құрамы жағынан бағалы құндылығы, сапасы туралы толық ғылыми деректер жинақтау;
2. Арпа дәнінің тұқымының өнуіне жағдай жасап, топырақсыз суда өсіру технологиясын меңгеру;
3. Топырақсыз суда өнген арпаға бақылау жүргізіп, оның дәрумендерге бай құнарлы азық екеніне көз жеткізу;
4. Арпа өскінін үй жағдайында өсіруге болатындығын практика жүзінде дәлелдеу;
Зертеудің міндеттері:
1. Арпа дәні туралы көптеген мағлұматтар іздеу
2. Арпа өсірудің гидропоникалық әдіс- тәсілдерін үйрену.
3. Үй жағдайында арпа өсірудің ыңғайлы оратсын табу.
Зерттеудің әдістері:
Бақылау, суару, баптау, зерттеу

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Гидропоника (гр.hydor - су, ponos - жұмыс) - 1) өсімдіктерді (көкініс, мал азығы шөптер, т.б) топырақсыз физиологиялық ерітінділерде- малтатас, құм немесе жабық ауа кеңістігінде - әлсін-әлсін қоректік ерітінділерді бүрку арқылы өсіру; 2) өсімдіктерді топырақсыз, жасанды ортада өсіру. Өсімдікті топырақсыз өсірудің бірнеше тәсілдері бар. Бұлар ашық және жабық грунттарда гүл, қиыр, бұрыш, қызанақ, жүзім, жидек т.б өсіруде қолданылады. Гидропоникада қолданылатын ерітінділердің құрамы өсімдіктердің биологиялық қасиетіне қарай әр түрлі болады. Өсімдіктің тамыры ерітіндіде ауытқымай тұру үшін әр түрлі қиыршықтас, құм және т.б заттарды пайдаланылады. Өсімдікке қажетті ауа желдеткіш арқылы беріліп тұрады. Гидропоника- бұл өсімдіктерді топырақсыз өсіру, ол кезде өсімдік ерітіндіден қажетті мөлдшерде ұрктік заттарды алады (топырақта өсіру кезінде жүзеге асыруына мүмкіндігі аз болады). Гидропониканың тарихы бұрынғы заманнан бастау алады Мысалы Аспалы бақтарды алатын болсақ, ол туралы әлемнің жеті кереметтерінң бірі болып табылатын Ежелгі Вавилонның археологиялық қазбалары дәдел бола алады. Мүмкін бұл жасанды топырақта өсімдіктерді өсіруді алғашқы әрекеттерінің бірі болып табылады. Гидропониканың алғашқы үлгілері Вавилонның ілулі бақтарымен Қытайдық қалқымалы бақтарынан бастау алады. Адамдар бұл техниканы мыңдаған жылдар бұрын қолданған. Гидропониканың жалпы теориясы өзгеріссіз қалсада, қазіргі заманғы технологиялар өсімдіктерді тезірек, мықты және сау етіп өсіруге мүмкіндік берді.
Қазіргі гидропоника Гидропоникаға ең алғашқы заманауи сілтеме (соңғы 100 жыл) Уильям Фредерик Джерике деген кісі болған екен. Берклидегі Калифорния университетінде жұмыс істей отырып, ол өсімдіктерді топырақтың орнына қректік заттар мен судың ерітіндісінде өсіруге болады деген идеяны тарата бастады.
Гидропониканың артықшылықтары Осы тәсілді қолдану кезінде жеміс өсімдіктерінің және дәнді дақылдардың өнімділігі барынша артады. Сонымен қатар сәнді өсімдіктерде олардың қарқынды гүлденуі, олардың өсуіне гидропониканың оң әсері дәлел бола алады. Бұл әдіс жалпы өсімдіктерді барлық қажетті қоректік заттармен жабдықтауға көмектеседі. Гидропоника әдісі топырақта өсуге қарағанда берік және де әлдеқайда тезірек болып өседі. Өсімдік топырақтың құрамындағы зиянды заттарды және адам ағзасына кері әсер ететін элементтерді жинақтамайды. Әдетте, бұл улы органикалық қосылытар, артық нитраттар, ауыр металдар мен басқа қосылыстар. Әсіресе бұл өсімдіктер үшін, гидропоника әдісін пайдалану кезінде тек қана пайдалы заттарды сіңіріп алады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми іс- әрекет (ғылыми процесс ретінде) туралы ақпарат
Зерттеу әдістері жиынтығын қолдану мәселелері
Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері
Психологияның зерттеу әдістерінің маңызын ашып көрсетіп, оларды тәрбие процесінде тиімді қолдану жолдар
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
Психологиялық – педагогикалық диагностика
Зерттеудің жалпы логикалық әдістері
Эмпирикалық зерттеудің негізгі әдістері
Әдістеме деңгейлерін анықтасақ
Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдістері
Пәндер