Сақтар жөнінде деректер


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «Биология және биотехнология»
Кафедрасы «Биоалуантүршілік және биоресурстар»
СӨЖ
Тақырыбы: __Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері (б. з. д. ІІІ ғасыр - б. з. ІІ ғасыры )
Орындаған: Тұрғанбаева А.
Тексерген:Дауытбекова М.
Алматы 2022
Жоспар
1. Кіріспе
2. Тарихнама
3. Сақтар жөнінде деректер
4. Алтын адам
5. Шырақтың ерлігі
6. Қорытынды
7. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Ең әуелі, скифтердің тарихының мәліметтеріне шолу жасап кетсек. Б. з. б. VIII - VII ғасырлар шамасында Еуропаға, Қара теңіз жағалауына келген скифтер жергілікті киммериялықтарды куып алдыңғы Азияға дейін барады . Одан әрі скифтер Ассирияны, Палестинаны, Сирияны шауып тонаған . Египетті де тізе бүктірген . Геродоттың айтуы бойынша скифтер бұл атышулы жорықтардан тек арада 28жыл өткен соң ғана кері оралады . Скифтер одан кейін Қара теңiз жағалауын, Дон, Днепр, Днестр өзендерінің бойын, Қырымды мекендейді . Скифтер патшалығының құрылуы шамамен б. з. д. VI - V ғасырларда деп болжауға болады. Бұл ретте, Парсы патшасы Дарий мен Македонияның билеушісі Филиптің арасындағы соғыс болып жатты, скиф патшасы Атейдiң трибалдармен соғысын және б. з. б. IV ғасырдағы сармат тайпаларының Қырымдағы патшалығы болғаны және б. з. III ғасырында құлауы да елеулі кезең. Скифтер батыс және орталық Еуропаға да шабуыл жасап тұрған . Бұл жөнінде « скифтердің сол батыс елдерінде, Венгрия, Польша, Чехославакия, Саксония, Франция жерлерінде қалдырған әр түрлі бұйымдары, обалары және Фтерсфельдтегі атақты қоймасы . . . ең жақсы дәлел бола алады » деп жазады А. П. Смирнов . Ол өзінің « Скифтер » деген кітабында скифтер жөнінде « Олар біздің тарихымызда грек мәдениетін таратушы ретінде ғана із қалдырған жоқ Олар сол дәуірге сәйкес жоғары дәрежелі мәдениет құрды . Бұл мәдениеттің ықпалы Шығыс Еуропаға, Батыс жiне Орталық Азияға тарады . Қара теңіздің солтүстігіндегі далалармен Қырымды ғана емес, сонымен қатар орманды - далаларда тұратын тайпаларды өзіне қосып алған Скиф мемлекеті алдыңғы Орта Азия мен Еуропа аралығындағы мәдени және сауда қатынастарының орталығы болған Скифтер, орта және солтүстік Орал өзені бойында тұратындарды да сол кездегі өмірге тартып көне дүниенің гүлденген мәдениетіне косты » деген сөздерді де оқуға болады .
Тарихнама
Сақтар - садақпен, қылышпен, сауытпен, жез балтамен қаруланған тамаша атты және жаяу әскерлер; ұрыстарда алтын белдік тағынып, алтын таңғыш байлап жүреді. Аттарының жүгендері, тізгендері де алтынмен әшекейленген. Оларда күміс жоқ, темір аз, ал жез бен алтын көл-көсір. (Страбон)
Егер сен өзіңнің барлық байлығыңнан бас тартып, садақпен жіне жебемен жарақтанып, сақтардың арасында өмір сүрсең, онда сен еркін адам болар едің. (Анахарсис
Олармен еуропалық патшалықтар да теңдесе алмайды. Тіпті Азияда да скифтерге жеке-дара қарсы тқра алатын халық жоқ. (Фукидид)
Иә, шындығында, дәл солар ғана, түркілер - бұл тарихтың көшбасшылары, оның басты қайраткерлері болды. ” (Алексей Окладников)
Сақтардың арасында еш қызғаныш, ауыр ұрыс-керіс жоқ. Ешкім де ешкімді жек көрмейді, керісінше, мүмкіндігі келгенше бір-біріне көмектеседі және қолдау білдіреді. Олар өзара дос және азық-түліктерінің аздығына қарамастан, бір-бірімен шын пейілдерімен бөліседі. (Плано Карпини)
Б. з. б. 530 жылы сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді. Бұд кезде сақтардың билеушісі Томирис еді. Кир әскерлерімен Сырдарияға дейін келіп, өз елшілерін Томириске жібереді. Бірақ Томирис "әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ" (Помпей Трог)
Сақтар туралы жалпы түсінік
Біздің заманымызға дейінгі X - V ғасырларда Хуанхэ өзенінен Еділ мен Дунайға дейінгі аралықта тарихи мәліметтерде парсыларша - сақ гректерше скиф деген атпен белгілі болған түркі тілдес тайпалар тұрған . Дарий Бехустин жартасындағы сақтарға жорық кезінде жазған текстерінде сақ тайпаларының әш тобы аталады . Олар : хаомаварга сақтары ( хаома сусынын дайындайтын сақтар ) , парадарая сақтары ( теңіздің арғы жағындағы сақтар ) , тиграхауда ( шошақ бөрікті сақтар ) деп аталады .
Скиф - сақ бірлестігінің өмір сурген кезеңі, көне тарихшылардың деректері мен археологиялық материалдарға назар аударсақ, рулық қоғамның ыдырауы кезіне дөп келетін сияқты . Сол тұсты ( В. В. Бартольдтің айтуынша түркі тілдес тайпалардың қалыптаса бастаған шағы деуге болады . Қазіргі Алматы қаласы орналасқан жерді сақтар мекендеген . Оларды грек шежіресінде массагеттер деп атайды . Тарихтың атасы деп танылған Геродот айбарлы массагеттер туралы былай деп жазды : Бұл халық өзінің көптігімен және жаугершілігімен көзге түседі . Массагеттер киген киімі, тұрмыс - салты жағынан скифтерге жақын . Сақ тайпаларының одағына мыналар кіреді : массагеттер, дайлар, каспилер, исседондар, аримаспылар, аландар, кейініректе савроматтар мен сарматтар . Олардың арасында көнедегi аңыздарда айтылатын алтын қорыған құймалар деп аталатын тайпалар мәдени жағынан жоғары сатыда болды . Кытай провинциясы Хотаннан табылған ирандықтардың тілінде жазылған қолжазба тілін сақ тілі деп есептеу сақ қоғамының дамуы, қалыптасуымен және тарихи өмірімен үйлесе бермейді . Қазіргі кезде түркі тілінің ескерткіштері ( Енисей, Талас жазбалары ) қалған жерлерде Сақ мәдениетінің орталықтары бірінен соң бірі табылуда. Бұл жағдай әрине сақ жұртының иран тілінде сөйлегеніне күмән келтіреді . Біздің дәуіріміздің VI ғасырында Азияның орталық бөлігінде құрылған Батыс Түрік қағанатына келіп кеткен Византия елшілері Земархтың императоры Юстиан II - ге берген ресми мәлімдемесінде Бұл ел бұрын өздерін Сақ деп атаушы еді, енді түрік деп атайтын болды деп куәландыруы да сак жұртының шын негізінде түркі жалықтарының үлкен отауы, негізә болғандығын дәлелдейді . Олай болса сақ тілі - түркі тілінің негізі . Ал сақ жұртына телініп отырған иран тілін сақ жұрты емес, Орта Азия, Қазақстан жерлеріндегі қалаларда қоныс теуіп қалған парсы колониялары қолданған болуы керек . Көне сақ жұрты қазақ халқының ата тегі екендігі тарихтан айқын . Әсіресе, кейінгі зерттеулер мұны мүлтіксіз дәлелдеп отыр .
Бұдан біраз жыл бұрын шыққан совет тарихи энциклопедиясы да қазақ халқының көне ата - тегі жайындағы осы тұжырымды паш еткен . Х - ХІ ғасырларда парсы жазбаларында кездескен мәліметтерде скиф тілінің ізі ирандықтардың тілінде жүздеп мүмкін мыңдап кездесер. Тек сол іздерді коспалардан ажырата білу, тани білу ләзім . Скиф тілін тануда, скиф тілін ажырата білуде қай тілді қолдану тиімді ? Әрине, сақ тілін, сақ - скиф тілінің бір тіл болғандығы олардың бір этникалық топ екендiгiнен айқын Түркі халықтарының тілдері кезінде жаулаушы халық тілімен араласып кейін бүлініп, толығып отырды . Қазақ, яғни сақ тілі де тарихи оқиғаларға байланысты біршама парсы, араб, қытай, үнді, моңғол тілі элементтерін қабылдап, өз тума сөзінің талайын колданыстан шығарып тастап отырғаны хақ . Дегенмен де қазақ тілі басқа түркі халықтары тілдеріне қарағанда бастапқы тазалығын, сақтың түрін біршама сақтап қалған тіл деп айта аламыз . Белгiлi ғалым В. В. Радлов Қазақ тілі исламның бүлдіргіштік әсеріне ұшырамай түпкі таза түрін, түркі сипатын сақтап қалған тіл, деп бекер айтпаған Сонымен бірге, В. В. Радлов Қазақтардың басқа бауырластарына қарағанда сөзге тапқырлығы мен шешендiгiн. Қазақ тілінің тазалығын табиғилығын, сондай ақ көп таралғандығын атаған.
Сақ скиф тілінің элементтерін Кавказ халықтарынан, әсіресе скифтер заманы тұсында, ғылымда кобандық тайпалар деп аталынған Каякент Карачай мәдениетін тұтқан жұрттардың ұрпақтарының тілдерінен көптеп ұшыратуға болатындығына күмәндануға болмайды . Кезінде бұл тайпалар Скиф ықпалын күшті сезінген . Дағыстандықтар, ингуштер, чечендер мәдениетінің ізі тереңдеп, бiздiң дәуiрiмiзден бұрынғы Х ғасырға, тіпті тас дәуіріне кетендігін солтүстік Кавказда жүргізілген қазба жұммыстары анықтап отыр . Демек, кезінде бұл халықтардың ата - тектері скиф ықпалын күшті сезінгені анық .
Геродоттың айтуынша, парсылар мен скифтердің соғысы кезінде ( Б. з. д. 513ж . ) Скиф патшасы парсылардың билеушісі Дарий патшаға елшілер арқылы бір құс, тышқан, құрбақа және 5 садақ оғын жіберіпті . Бұл : Егер, сендер - парсылар, құс құсап аспанға ұшып ктпесеңдер, не тышқан құсап өзенге түсіп кетпесеңдер онда мынандай садақ оғының астында қалып қырыласыңдар деп ескерткен екен . . .
Сақтардың шаруашылығы:
Деректерге сүйенсек, сақтар мал шаруашылығымен айналысып, жылқы, ірі қара, қой өсірген. Мал шаруашылығының үш түрі бол- ды: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы мал шаруашылығы. Сақтарда түйе өсіру Батыс жəне Оңтүстік Қазақстан аймақтарында өркен жайды. Олар атқа керемет мініп, садақ атуды өте жақсы меңгерген.
Киіз басу, арқан есу және жіп иіру үшін қойдың жүнін пайдаланған. Сақтар құйрықты және биязы қойларды көп өсірген. Мал шаруашылығымен бірге сақтар егіншілікпен айналысты. Археологтар қазіргі Қызылорда облысындағы Шірік-Рабат қалашығының жанындағы малшылар қоныстарының маңынан суару арналарының іздерін тапқан. Сақтар қарабидай, арпа, тары өсірген. Қосымша кәсіп ретінде балық аулай білген.
Сақ тайпалары арасында металл өндіру және өңдеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіптері дамыған. Б. з. д. 1 мыңжылдықта Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары темірден заттар жасауды меңгерді.
Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. пұт мыс кені, ал Жезқазған мен Үспенскіден 10 мың және 26 мың пұт кен өндірілген, сонда сол кеннің көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды.
Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған.
Еуразия далаларын сақтар билеген кезде батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б. з. д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өткен.
Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң б. з. б. 519 жылы парсылар сақтарға қарсы қайта шабуылға шығады. Бұл жорықты Ы-Дарий патша басқарады. "Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым" деген Ы-Дарий сөздері Бехистун жазбаларында айтылады. Сақтарды Скунха атты көсемі басқарады. Скунха соғыста жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді. Осы соғыстағы таңғажайып оқиғалардың бірін ежелгі грек тарихшысы Полиен былай деп суреттейді: "Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін қанжармен жаралап, парсыларға қашып барып, өзінің көсемінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін сақтарға бастап апарамын деп алдап, оларды сусыз шөлде адастырып кетеді. Сосын Шырақтың алдағанын білген парсы әскерлері оны өлтіреді. Осының зардабынан Ы-Дарий қырғынға ұшырап, ары қарай соғысқа шыдай алмай, Парсыстанға қайтып кетеді" деп жазған[4]
Құрыштың Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын Дараявауш Ы (521-486 жж. ЗБ) жалғастырды. Парсылар сақтарды аз уақыт бағындырады. 6 ғ. соңы - 5 ғ. басында (500-449 жж. ЗБ) ежелгі Шығыстағы юнан-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. 490 ж. юнан-парсы әскерінің Марафон жерінде болған соғысында сақтар парсылармен бірге юнандарға қарсы соғысты.
4 ғ. 330 жж. Ескендір Зұлқарнайынның македон әскерлері Ахаменидтердің ең соңғысы Дараявауш Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Марақандты (Самарқан) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, Александрия Эсхата (Шеткі Александрия) деген қала салады. Алайда македондықтар жеңгенімен, ыстық табиғатқа шыдамаулары, Ескендірдің ауырып қалуы македондықтар Самарқанға шегінуге мәжбүр етті. Ескендір 323 ж. Бабыл қаласында сүзектен өлді. Оның ала-құла империясы ыдырап кетті. Бірақ хаомаварга сақтарының қоныстанған аумағы Бактрия мен Маргиана деңгейімен шектеліп қалмайды. Амюргийлік сақтар бірлестігінің құрамына сына жазуы деректемелерінің «Соғдының ар жағындағы» сақтар да кірген деп топшылауға негіз бар. Олар Сырдарияның арғы бетінде, осы күнгі Ташкент облысы аудандарында және ішінара Ферғана алқабында тұрған".
Көне парсы сына жазулары мәтіндерінде сақтардан солтүстікке таман өмір сүрген тайпалар мен халықтар туралы ештеңе айтылмайды. Тек Авестада ғана сайрим деген атау айтылады, бірақ бұл халыктың қай жерді мекендегені туралы ешқандай мәлімет жоқ. Ежелгі грек деректемелеріндегі мәліметтер көбірек, оларда Авестаның сайримдерімен салыстыруға болатын савроматтар тайпасы туралы айтылады. Савроматтар туралы алғашкы деректер Геродотта бар: «Танаис өзенінің (қазіргі Дон өзенінің) арғы жағы енді скиф өлкесі емес, бірақ ондағы алғашқы жер иеліктері савроматтардың қолында. Савроматтар Меотия көлі ойпатынан бастап солтүстікке қарай он бес күнде жүріп өтуге болатын жерді мекендейді . . . » Мұның өзі Донның құйылысынан Еділдің сағасына дейінгі аумаққа сәйкес келеді.
Алайда «сақтар», «скифтер», кейініректегі «түркілер» терминдері сияқты, «савроматтар» терминін де авторлар көбіне екі мағынада: тайпалардың өз атаулары ретінде және тілі мен мәдениеті жағынан туыстас тайпалардың үлкен тобын біріктіретін термин ретінде қолданған. Грек-латын деректемелері көбіне бұл этнонимді жиынтық мағынада, савромат бірлестігінің әр түрлі тайпалар құрамын тікелей көрсете отырып (Үлкен Плиний, Эфор, Псевдо-Скилак, Эвдокс) колданады.
Алтын адам
"Алтын адам» - 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында - сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. [1] Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К. А. Ақышев тапқан.
Топырақ қорғандармен ұштасып жатқан қорым солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 шаршы км жерді алып жатыр. 40-тан астам обадан тұратын қорымның оңтүстік шетінде биіктігі 6 м, диаметрі 60 м үйінді төбе астынан екі қабір ашылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz