Байқоңыр ғарыш айлағының көрінісі


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: « Байқоңыр ғарыш айлағының табиғи су көздеріне әсерін бағалау »
6B05202-«Экология»
Орындаған: Төрехан. А. Т
Ғылыми жетекшісі: т. ғ. к., доцент Құтжан А. Н.
Қорғауға жіберілді:
Хаттама №, «___» 20___ ж.
Кафедра меңгерушісі Базарбаева Т. А.
Норма бақылаушы Танабекова Г. Б.
Алматы, 2023 ж.
РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыстың көлемі 50 бет, 6 суpeт, 8 кeстe, 58 дереккөздeрден тұрады.
Мaқсaты: Байқоңыр ғарыш айлағының табиғи су көздеріне әсерін бағалауды анықтау.
ГЕПТИЛ, СЕДМГ, ҒАРЫШ ҰШУ ЗЫМЫРАНДАРЫ, СУ ЖҮЙЕСІ, СУДЫҢ ЛАСТАНУ ИНДЕКСІ.
Мaқсaты: Байқоңыр ғарыш айлағының табиғи су көздеріне әсерін бағалау.
Объект - Байқоңыр қаласындағы Байқоңыр ғарыш айлағының қоршаған ортаға тигізетін экологиялық жағдайы.
Пән - Байқоңыр ғарыш айлағының табиғи су көздері.
Байқоңыр ғарыш айлағының экологиялық жағдайы көптеген жылдар бойы алаңдаушылық туғызып келе жатқан күрделі өткір мәселе. Ғарыш айлағын пайдалану қоршаған ортаға айтарлықтай кері әсер ете отырып, ауа мен топырақтың ластануына және жергілікті экожүйелерге зиянын тигізіп бағуда.
Судың ластануы ғарыш айлағында да экологиялық өзекті маңызды мәселе болып табылады. Өйткені зымырандар мен басқа ғарыш аппараттарынан ұшырылу кезінде жақын маңдағы су көздерін ластайтын улы химикаттардың едәуір мөлшері бөлінеді. Зымыран қалдықтары мен басқа да қалдықтарды кәдеге жарату осы аймақтағы судың ластануына елеулі теріс ықпал етеді.
Нәтижелері:
● ғарыш айлағындағы жер асты және жер үсті суларында кездесетін ластаушы заттар анықталды;
● су сапасының статистикалық сипаттамаларына шолу жасау негізінде табиғи су көздерінің көрсеткіштері талданды;
● Байқоңыр ғарыш айлағы маңындағы табиғи су көздеріне ластаушы заттардың әсері бағаланды.
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысында Байқоңыр ғарыш айлағы маңындағы әртүрлі көздерден жиналған судың сапасы туралы деректерді талдау арқылы табиғи су көздеріне әсерін экологиялық бағалау қарастырылды. Зерттеу барысында қолданыстағы экологиялық нормалар және осы нормалардың табиғи су көздеріне әсерін зерттеудің тиімділігі есепке алынады.
Жұмыстың өзeктiлiгi - Байқоңыр әлемдегі ірі жұмыс істеп тұрған ғарыш айлағы болғандықтан, оның экономикалық жағынан маңызы өте зор болғанымен, экологиялық тұрғыдан ахуалы, яғни қоршаған орта компоненттеріне кері әсері күннен күнге ұлғайып келеді. Сондықтан жер асты және жер үсті суларының ластануын бағалау - диплом тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Байқоңыр ғарыш айлағы өзінің жұмысы мен инфрақұрылымына байланысты табиғи су көздеріне, соның ішінде жер асты және жер үсті суларына айтарлықтай кері әсер етуде. Бұл қоршаған ортаның және жақын маңдағы елді мекен тұрғындарының денсаулығының нашарлауына әкеп соқтыруда.
Жұмыстың мaқсaты: Байқоңыр ғарыш айлағының табиғи су көздеріне әсеріне шолу жасау арқылы су сапасын көрсеткіштерін талдау.
Жұмыстың мiндeттepi:
● ғарыш айлағындағы жер асты және жер үсті суларында кездесетін ластаушы заттарды анықтау;
● су сапасының статистикалық сипаттамаларына шолу жасау негізінде табиғи су көздерінің көрсеткіштерін талдау;
● Байқоңыр ғарыш айлағы маңындағы табиғи су көздеріне ластаушы заттардың әсерін бағалау.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ӘДЕБИ ШОЛУ
1. 1 Байқоңыр ғарыш айлағы туралы жалпы шолу және географиялық жағдайы
ХХ ғасырда тарихта қалған ұлы оқиғалардың бірегейі -Қазақстанның Қызылорда обылысында орналасқан Байкоңыр ғарыш айлағында алғаш рет адамның көкке көтерілгені. Байқоңырдың тарихы 1950 жылдары Кеңес Одағы ғарышты зерттеу бағдарламасын жүзеге асыра бастаған кезде басталған болатын. [1]
Бәрімізге белгілі, Байқоңыр ғарыш айлағының құрылысы 1955 жылы бастау алып, 1957 жылы аяқталған болатын. Сергей Королев бастаған кеңес ғалымдарының тобы бұл жерді жақын маңдағы қаланың атымен Байқоңыр деп атаған. 1957 жылы 4 қазанда кеңестік Спутник-1 орбитаға шығарылған. Ғарыш айлағының құрылысы он мыңдаған жұмысшылар және де инженерлер мен ғалымдар аса зор үлес қосқан ауқымды іс-шара болды. Бұл полигон алғашында, құрлықаралық баллистикалық зымырандарды сынау үшін пайдаланылды, уақыт өте келе кеңестік және ресейлік ғарыштық ұшулардың негізгі ұшыру алаңына айналды. [2]
Байқоңыр ғарыш айлағы ғарыштағы алғашқы кеңестік жеңістердің орны болып табылады және бүгінде ол ресейлік, американдық, еуропалық және басқа да ұлттық және коммерциялық ғарыш бағдарламаларына қызмет көрсететін әлемдегі ең қарқынды ғарыштық ұшыру кешені болып қала береді.
Ғарыш айлағы Қазақстанның Төретам маңында салынды; ал шағын кеншілер қалашығы Байқоңыр кәсіпорыннан оңтүстікке қарай 200 миль жерде орналасқан.
Әлемдегі алғашқы құрлықаралық баллистикалық зымыран Р-7 (қызметтік нұсқасы 1959 жылы орналастырылған: Р-7а "жеті", 8К71; (НАТО: SS-6 Соболонь) алғаш рет Байқоңыр ғарыш айлағынан 1957 жылы 21 тамызда сәтті ұшырылды.
1957 жылы 4 қазанда Байқоңырдағы модификацияланған Р-7 және ғарыштағы алғашқы адам Юрий Гагарин 1961 жылы 12 сәуірде Восток-3ка зымыранында қшырылған болатын. Уақыт өте келе нысан көптеген ұшыру алаңдарын, бункерлерді, отын өндіру және сақтау қондырғыларын, зерттеу, техникалық және көмекші қондырғыларды және әлемдегі ең ірі өнеркәсіптік теміржолмен байланысқан екі әуежайды қамтыды. Әр уақытта бұл полигонда жұмыс істейтін ХҚДБ болды, оның ішінде ХҚДБ Р-36 (НАТО: SS-18) және УР-100 (НАТО: SS-19) негізіндегі бірнеше жүйелер болды. 6 Байқоңырға орналастырылған соңғы зымыран Р-36 "Орб" зымыраны (бөлшек орбиталық бомбалау жүйесі) болды. 7 Кеңес Одағы 1969 жылдан 1983 жылға дейін Байқоңырға 18 Р-36 зымыран орналастырды, сол кезде бұл қаруға ОСВ-2 шартымен тыйым салынды.
1983 жылдан кейін Байқоңырда зымырандар болмаса да, 1992 жылға дейін бұл нысан кеңестік ғарыш бағдарламасындағы рөлінен басқа әскери зерттеу орталығы және сынақ алаңы ретінде жұмысын жалғастырды. 9 Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан нысанды мұраға алды, бірақ ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) қамқорлығымен және іс жүзінде Ресей Федералдық ғарыш агенттігінің (Роскосмос) және Ресейдің стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерлерінің бақылауымен жұмысын жалғастырды. Америка Құрама Штаттары Үкіметінің бірлескен қауіпті азайту (CTR) бағдарламасы бойынша қаржыландыруы мен көмегі арқасында 1995 жылға қарай бұл нысандағы ХБР зымыран шахталарының көпшілігі пайдаланудан шығарылды10 . Бірнеше бұрынғы зымыран шахталары құрлықаралық р-36 және УР-100Н баллистикалық зымырандарымен бірге азаматтық ғарыштық ұшырылымдарды ұшыру үшін түрлендірілді. 1-суретте Байқоңыр ғарыш айлағының көрінісі келтірілген. [3]
1-сурет. Байқоңыр ғарыш айлағының көрінісі
Қазақстан ғарышты игерудің бай тарихына ие және бірнеше қазақстандық ғарышкерлер ғарышқа ұшқан.
2-сурет. Байқоңыр ғарыш айлағының картасы
Қызылорда облысы табиғи шөл зонасында орналасқандықтан, бұл аймаққа негізінен шөлдің ойпатты-жазықты және көтеріңкі-жазықты ландшафттары тән. Біз енді облыс территориясына тоқталмай, тек Байқоңыр аймағында кездесетін ландшафттарға сипаттама беріп кетейік.
1 - шөлдің тақырлардағы құба және сұр-құба, сор топырақтардағы сұр жусанды, бүйіргенді, сұржусанды-баялышты өсімдіктері;
2 - шөлдің тақыр тәрізді топырағы мен сортаңдағы сарсазанды, қарабарақты өсімдіктері;
3 - шөлдің тақырлар мен құмдардағы және құба топырақтардағы жүзгінді, жусанды-жүзгінді өсімдігі;
4 - шөлдің құмдардағы сұр жусанды, баялышты, бүйіргенді өсімдігі;
5 - шөлдің құмдағы және тақыр тектес топырақтағы аралас сексеуілді, жүзгінді, эфемерлі, теріскенді, еркекті және жусанды өсімдіктері;
6 - шөлдің құмдағы қара сексеуілді, сұр жусанды-қара сексеуілді және күйреуікті-қара сексеуілді өсімдігі;
7 - шөлдің шалғынды жайылма және шалғынды-батпақты, сор топырақтардағы құрақты және қамысты;
8 - шөлдің тақыр тектес топырақтағы қара сексеуіл, еркекті-жусанды, бүйіргенді өсімдігі;
9 - шөлдің аллювиальды-проллювиальды сортаңды құба және сор топырағындағы баялышты-жусанды және бүйіргенді-қара жусанды өсімдігі;
10 - өзен жайылмасы;
Геологиялық құрылымы мен тектоникасыа келетін болсақ, Байқоңыр ғарыш аймағы Қызылорда облысының территориясында орналасқандықтан, жалпы геологиялық құрылымы мен тектоникасын осы облыс көлемінде қарастырамыз.
Мұнда аккумулятивті жазықтар - аллювиальды, эолды, аллювиальды-проллювиальды, көлдік және терраса жайылмалы сипатта болып келеді. Ал, денудациялық жазықтар мен үстірттер қабатты жазықтар мен құрылымды үстірттерді біріктіреді; мұнда таулар Қаратау жотасы түрінде берілген. Геологиялық еңбектерден [4] . Аралдың Қазақстандық бөлігі геологиялық-құрылымдық жағынан Тұран плитасының орталық және оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатқанын білеміз. Бұл территорияның күрделілігін анықтайды, әсіресе оңтүстік-шығыс және солтүстік бассейндерде. Мұнда, теңіз акваториясында палеозой фундаменттері 3 км тереңдікте, ал бассейн шекарасы бойынша таулы құрылымдар жер бетіне шығады.
Арал теңізі бассейнінің әртүрлі бөліктерінде платформалы қатпардың су тұтқыш шөгінділері әртүрлі тереңдікте жатады. Батыстан шығысқа қарай платформалық қатарда құмды-батпақты және карбонатты шөгінділер үш ірі жүйелерге бөлінеді. Олар: бірінші ретті артезиан бассейн жүйелері - Шалқар - Солтүстік - Үстірт (қарастырылып отырған территорияға оның тек қиыр оңтүстік-шығыс бөлігі кіреді) ; мегантиклиналь және мегасинклинальдық солтүстік - Аралмаңы жүйесі; Шығыс - Арал - Сырдария жүйелері кіреді.
Бұл жүйелердің құрылуында артезиан бассейндерінде әртүрлі жастағы шөгінділер бар. Қиманың негізінде палеозой және протерозой шөгінділері жатыр. Жоғарғы бөлігі бор, палеоген, неоген және төрттік дәуірдің борпылдақ құмды-батпақты шөгінділерімен жабылған. Осы ауданға қимада құмды және батпақты қабаттар және бірнеше су тұтқыш шөгінділер ауысып отыруы тән.
Облыс территориясының гипсометрлік жағдайы жер бедерінің әртүрлі абсолюттік биіктіктеріне байланысты. Олар оңтүстік-шығыстан батысқа, , солтүстік-батысқа қарай жайлап төмендей береді. Арал теңізіне жанаса жатқан облыстың батыс бөлігінде абсолюттік биіктік 37 м-ден 100 м-ге дейін, оңтүстік және шығыс бөлігі 100 м-ден 200 м-ге дейін, тауалды жазығы 200 м-ден 300 м-ге дейін, ал Қаратау жотасында 500 м-ден 700 м-ге дейін жетеді.
Облыс көлемінде геоморфологиялық қатынаста үш негізгі бедерді бөлуге болады: аллювиальды-атыраулы жазық, палеоген-бор үстірті және Қаратау жотасының тізбектері.
Сырдария өзенінің аллювиальды-атыраулы жазығы облыстың орталық бөлігін алып жатыр. Бұған бедердің шығыстан батысқа қарай әлсіз еңістелген (140 м-ден 150 м-ге дейінгі Тартоғай станциясынан 37 м Арал теңізіне дейінгі бөлігі), солтүстік және оңтүстікте палеоген және бор дәуірінің үстірттерімен көмкеріліп жатқан Сарналан және Қарақұм, шығысында - тауалды Қаратау жотасының құрылымы тән.
Атыраулы облыс Қаратау жотасы мен Қарақұм шөлі арасында басталады. Бұл облыс өзеннен еңіс тауалды аллювиальды-пролювиальды жазыққа қарай аз таралған және таулардан өзенге қарай сәл қисайған.
Тауларға қарай уақытша ағын сулардың әсерінен әлсіз жырымдалып, ирелеңдей аққан жылғаларда осы атыраулы облысты қамтиды.
Ежелгі атыраудың солтүстік облысы Сырдария өзенінің оң жағасы, Қараөзек тармағынан Қаратау тау бөктерінің арасында созылып жатқан үлкен жазық - Дариялықтақыр болып саналады. Бұл жердің жер бедері - ол жерлерде құмды массивтердің болуымен ерекшеленеді. Кейбір жерлерінде тақырлардың әртүрлі түрлері кездеседі.
Тақырлар мен жазықтардың байланысы шамамен бірдей. Бұл жерде сонымен қатар ежелгі Сырдария өзенінің тасқынының әсерінен болған құрғаған арналардың орындары бар.
Атыраудың оңтүстік облысы оңтүстігінде Қызылқұмның құмдарымен шекараласатын Сырдария өзенінің сол жағалауындағы үлкен шөл жазығын қамтиды. Жазықта Жаңадария, Қуаңдария, Ескідария, Майлыөзек, Іңкәрдария және т. б кішігірім арналар жақсы сақталған. Арналардың бойын жағалай сексеуілдер өскен.
Жаңадария жазығында шығыстан батысқа қарайғы бағытта құмдар және тақырлы жазықтар мөлшері көбейе түседі. Құмдар арасында тақырлар таралған [4, 5] .
Сырдария өзенінің қазіргі атырауының территориясы (Қазалы) солтүстік-шығыста палеоген-бор үстірттерімен және Аралмаңы Қарақұмдарымен, ал оңтүстік-шығыста Жуанқұм құмдарымен шектеледі. Оның жер бедеріне өзен арналарының шөгінділері және суы мол болған көлдер мен батпақтар (қазіргі уақытта бұлардың көп бөлігі территорияның тұздануы мен шөлденуінің нәтижесінде құрғап қалған) тән.
3-сурет. Байқоңыр ғарыш айлағының топырақ жағдайы
Арал теңізі деңгейінің қарқынды төмендеуіне байланысты оның түбі құрғап жатыр. Қазіргі уақытта ол жерде сорлар мен құмдар (сусымалы, жылжымалы құмдар), тұз бен шаңдар көптеп кездеседі.
Облыстың көптеген аудандарын ежелгі атырауда кездесетін құмды массивтер алып жатыр. Жер бедерінің пішіні мен генезисі бойынша құмдардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: дөңесті-түйдекті, дөңесті-тізбекті және биік дөңесті-тізбекті.
Қызылқұм шөліне жер бедерінің күрделі бөлінуі тән. Құм тізбектерінің биіктігі солтүстіктен оңтүстікке қарай 10м-ден 30 м-ге дейін көбейеді. Тізбектердің ұзындығы бірнеше шақырым, ал ендігі жүздеген метрден 2-2, 5 шақырымға дейін созылған. Солтүстік бөлігінде құмдар аз, құрғаған арналардың тақыртектес аңғарларымен алмасып отырады.
Аралмаңы Қарақұм құмдарына ойпатты дөңесті және адырлы жазықты рельеф тән. Мұнда құмдар құмды жазықтармен ауысып отырады.
Геоморфологиялық қатынаста мұнда үш құм түрін бөліп көрсетуге болады:
1) бос дөңесті, кей жерлерінде желдің әсерінен болған бархандар кездеседі;
2) нығыздалған дөңесті және түйдекті;
3) қоршауланған құмды массивтер;
Дөңестердің биіктігі 20-40 м аралығында. Сарналан үстіртінің төменгі шығыс бөлігін алып жатқан Арысқұм шөлдеріне дөңесті және дөңесті ретті рельеф тән.
Облыс территорясында палеоген-бор үстірті - Қызылқұм үстірті түрінде берілген. Сарналан үстіртінің жер бедері күрделі. Мұның орталық бөлігі жалпақ көтеріңкі жазықтар, шығысы төмен жазықты болып келеді (Арыс ойпаты) .
Облыс территориясының солтүстік бөлігін қамтып жатқан Қаратау жотасының тау тізбектеріне төмен таулы рельеф және аз таралған тауалды жазықтары тән.
Облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде тығыз шөгінділер орналасқан [] .
Байқоңыр ғарыш аймағы Қызылорда облысының Қармақшы ауданында орналасқандықтан осы ауданның геологиялық құрылымына кішкене тоқталып кетейік. Бұл ауданның солтүстігінде бор дәуірінің бөлінбейтін, ыдырамайтын шөгінділері таралған. Сырдария өзені аңғары және ауданның оңтүстігінде төрттік жүйенің аллювиальды шөгінділері таралған. Кей жерлерінде үштік жүйенің эоценді ыдырамайтын шөгінділері кездеседі.
1. 2 Ғарышты игерудің қоршаған ортаға әсері
Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстанның оңтүстік бөлігінде, Орталық Азияның шексіз шөлді далаларында орналасқан. Ол Қазақстанның Қызылорда облысында, Арал теңізінен шығысқа қарай 200 км және Қарағанды қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 320 км жерде орналасқан. Ғарыш айлағы 6000 шаршы шақырымнан астам аумақты алып жатыр және барлық бағытта көптеген шақырымдарға созылатын кең буферлік аймақпен қоршалған. Байқоңырдың қашықтан орналасуы таңдалды, себебі ол елді мекендерге қауіп төндірмей, зымырандарды ұшыру үшін кең ашық алаңды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, аймақтың құрғақ және құрғақ климаты зымырандарды ұшыру үшін өте қолайлы, өйткені ол зымыранның ұшу жолына әсер етуі мүмкін ылғал мен атмосфералық кедергілерді азайтады. [8]
Байқоңыр жазы ыстық және қысы суық болатын жартылай құрғақ климаттық аймақта орналасқан. Жазда (маусым-тамыз) орташа температура шамамен 30-35°C құрайды, мезгіл-мезгіл ыстық толқындар температураны 40°C-тан жоғары көтереді. қыста (желтоқсан-ақпан) температура -20°C-қа дейін төмендеуі мүмкін, ал мезгіл-мезгіл салқындау температураның одан да төмендеуіне әкеледі. Аймақта да қатты жел соғып, жаз айларында екпіні 30-40 км/сағ жетеді. Бұл желдер шаңды дауылдарды тудыруы мүмкін, бұл ғарыш айлағындағы жұмысшылар мен жабдықтарға қауіп төндіруі мүмкін.
Ауадағы ылғалдың жетіспеушілігі және аймақтағы ылғалдылықтың төмен деңгейі оны зымырандарды ұшыру үшін тамаша орынға айналдырады, өйткені бұл атмосфералық кедергілерді азайтады және зымырандардың ұшу жолдарын дәлірек анықтауға мүмкіндік береді. Дегенмен, экстремалды ауа райы жағдайлары ғарыш айлағындағы жұмысшылар мен жабдықтар үшін де қиындық тудыруы мүмкін, бұл ғарыштық ұшыруларға қатысатын барлық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы жабдықтар мен қауіпсіздік хаттамаларын енгізуді талап етеді. [9]
Байқоңыр ғарыш айлағы Оңтүстік Қазақстанның шалғай ауданында орналасқан және ұшыру орнына жақын жерде тұрақты тұрғындар өте аз. Дегенмен, жақын жерде ғарыш айлағы мен оның қызметкерлеріне көмекші қызмет көрсететін бірнеше елді мекендер бар. Сондай-ақ ғарыш айлағына жақын орналасқан бірнеше шағын қалалар мен ауылдар, соның ішінде ұшыру орнынан бірнеше шақырым жерде орналасқан Төретам бар. Бұл қалалар мен елді мекендер ғарыш айлағы қызметкерлеріне, соның ішінде ғалымдарға, инженерлерге, техниктерге және ғарыштық ұшыруларға және сайттағы басқа да іс-шараларға қатысатын басқа жұмысшыларға тұрғын үй және қолдау қызметтерін ұсынады. Жалпы Байқоңыр ауданының халқы салыстырмалы түрде аз және бірінші кезекте ғарыш айлағының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге шоғырланған. [10]
Байқоңыр ғарыш айлағы қазақ даласының шығыс шетінде, Қазақстандағы Байқоңыр қаласының маңында орналасқан. Атап айтқанда, ол үлкен Еуразиялық тектоникалық плитаның бөлігі болып табылатын кең Орталық Азия плитасының оңтүстік шетінде орналасқан. Бұл Байқоңыр ғарыш айлағы Орталық Азия плитасы мен оның айналасындағы тектоникалық плиталар арасындағы литосфералық шекарада орналасқанын білдіреді.
Байқоңыр өңірі Қазақстанның орталық бөлігінде орналасқан және жазық және құрғақ ландшафтпен сипатталады. Аймақтың рельефінде кең жазықтар мен ойпатты төбелер басым, олардың ең биік нүктесі-Тас тауы (1020 м) .
Аймақ батыста Каспий теңізінен шығыста Алтай тауларына дейін созылатын кең жазық аймақ болып табылатын кең Орталық Азия үстіртінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Үстірт сирек тау жоталары мен аңғарлары бар ойпатты төбелер мен жазықтармен сипатталады. [11]
Байқоңыр аймағы сонымен қатар Орталық Өзбекстан мен Оңтүстік Қазақстанның көп бөлігін қамтитын Қызылқұм шөлінің отаны болып табылады. Шөл кең құмды төбелермен, жартасты проекциялармен және сирек өсімдіктермен сипатталады. Жалпы, Байқоңыр ауданының рельефі салыстырмалы түрде тегіс және құрғақ, маңызды ерекшеліктері немесе бағдарлары аз. [12]
2006 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығыштары 16 ұшырылды. Кемеден бөлінетін зымыран тасығыштың бірінші сатысы әдетте Ұлытау ауданының аумағына түседі. Оның құлау аймағында автомобиль және темір жол учаскелері, электр беру желілері, Құмкөл мұнай кен орнының далалық лагерлері бар.
"Протон М" зымыран тасығышы сатысының қалдықтары құлауы мүмкін ең қауіпті учаскелер қара Ганды облысының Ұлытау және Шет аудандарында орналасқан: бұл Қызылорда - Павлодар және Екатеринбург - Алматы автомобиль жолдарының учаскелері, Петропавл - Алматы темір жолының учаскесі, Павлодар - Шымкент және Атасу - Алашанькоу мұнай құбырларының учаскелері, аңшылық алқаптардың учаскелері және электр желілері.
"Протон-М" зымыран тасығышының құрғақ трассасы Қазақстан аумағы арқылы ғана емес, Алтай өлкесі, Алтай, Хакасия, Тува, Саха республикалары, Ресей Федерациясы, Қытай, Моңғолия, Солтүстік және Оңтүстік Корея, Жапония арқылы да өтеді [2] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz