Тасмола мәдениеті


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Гуманитарлық факультеті

Тарих кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: Сақтардың тарихын зерттеудегі археологиялық ескерткіштер: Бесшатыр, Тасмола мәдениеттері, Шілікті обалары туралы сипаттаңыз және мәселені шешіңіз

Қабылдаған:Жораева Гүлжамал.

Орындаған: Қонысбек Нұржан.

Тобы: ТТА-211

Түркістан 2023

Жоспары:

  1. Кіріспе:
  2. Сақтар дегеніміз кім және олардың тарихы;
  3. Негізгі бөлім:
  4. Бесшатыр қорымы;
  5. Тасмола мәдениеті;
  6. Шілікті обасы;
  7. Қорытынды:
  8. Сақтардың мәдениеті жайлы мәліметтер көзі;
  9. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Ежелгі Қазақстан тарихында ерте темір дәуірі зерттеуге тұрарлық қызықты тақырыптардың бірі. Себебі, осы кезеңде алғашқы мемлекеттік құрылымдар пайда бола бастады және қоғам түбегейлі сыныптарға бөлініп, метал өңдеу өнерінің дамуына жол ашылды. Бұл мемлекеттерді зерттеу, соның ішінде сақ тайпасының тарихы, осы кезеңді зерттеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Сақтар біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағында мекен еткен ежелгі тайпа. Сақ тайпасының халқы өздерін сақа, сақ деп атаған. Ал, көне гректер скиф деп атап кеткен. Ол туралы тарих атасы Герадот «Тарих» атты еңбегінің 5 томында айтып өтті. Сондай-ақ, Герадот және басқа да антик тарихшылары сақтарды «Азия скифтері», яғни азиялық скифтер деп атаған. Бірақ, сақтардың қалай аталғандығы туралы дерек көп. Сонымен, гректер сақтарды «азиялық скифтер» десе, парсылар «құдіретті еркектер», ал Иран жазбаларында «жүйрік атты турлар» делінген. Тарихта олар Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта мекендеген делінеді. Жазба деректерде сақтардың Қазақстанның барлық аумағын мекендегені және олардың үш топқа бөлінгені көрсетілген. Біріншісі, шошақ бөрік киіп жүретіндеріне қарай шошақ бөрікті тиграхауда сақтары деп аталған. Екішісі, хаома сусысын дайындайтын хаомаварға сақтары. Ал үшіншісі, Орта Азияның оңтүстігі мен Арал теңізінің төңірегін және Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген, яғни теңіздің арғы жағындағылар деп аталып кеткен парадарая сақтары. Сонымен қатар, оңтүстікте - массагеттер мен даилер, солтүстікте - аргипеилер, шығыста - аримаспылар, орталық аудандарда - исседондар, батыста - савроматтар, оңтүстік-батыста - каспылар өмір сүрді. Сақтар әртүрлі этнотоптардан құрылатын конфедеральдық саяси бірлестік болды. Көне жазбаларға қарағанда сақ бірлестігін хан басқарды. Әрбір тайпа бірлестіктерінің өз ханы болды. Хан мұрагерлік жолмен сайланды. Егер хан өлсе, оның ұлы, ал ұлы бомаған немесе кәмелетке толмаған жағдайда, ханның ең сенімді әйелдерінің бірі ел басқаратын болған. Хан елбасы, ел мен жердің иесі, бас қолбасшы болғаны байқалады. Ханның жанында ірі-ірі тайпа басшылары және әйгілі батыр қолбасшылардан тұратын хан кеңесі жұмыс істеген. Жорыққа аттану, хан сайлау сияқты аса ірі мәселелер хан кеңесінде шешілетін болған. Сақтарда жазылған ресми заң ережесі болмаған. Рулық және руаралық қалыптасқан ішкі тәртіп заң ретінде танылған. Жауға берілу немесе жау алдында дәрменсіздік таныту зор қылмыс саналып, ру тайпасына, ханына, қолбасшысына адал болу әрбір азаматтың басты мідеті болған. Олар еркек, әйел демей елі-жерін қоғауға міндетті болған. Ел ордасы үнемі көшіп-қонып отырған. Бірлестіктің бас ханы немесе ұлы хан қайсы тайпадан шықса, сол тайпаның хан ордасы бас орда саналған. «Геррон дарисының арғы жағынан ханның иелік жері басталады, онда скифтердің ең каһарман, ең бір саны көп тайпасы тұрады, олар скифтердің басқа топтарын өздеріне бағынышты деп санайды», - деп жазады Геродот. Сақтардың адам саны туралы дерек жоқ. Сақтардың қоғамдық құрылымы мемлекет басқарудың институттық жүйелері айқындала қоймаған. Мемлекеттік институттар жайлы нақты деректер кездеспейді. Тек Арриан, ханның тапсырмасымен жекелеген аймақтарды немесе билігіндегі тайпаларды басқару үшін жіберген сатраптар туралы жазылған. Жергілікті биліктің екінші сатысы ретінде әскери-тайпалық аристократтарды атайды. Грек авторларының талдамдарына қарағанда, сақ қоғамы тап жүзінде айқын жіктеле қоймаған сияқты. Ежелгі грек авторларының еңбектерінде көрініп қалатын «атты» мен «жаяулар», рутайпабасылары және қауымдастар, бақсы-балгерлер дегеннен басқа қоғамдық тараптық айырмашылық салты байқалмайды. Сақ даласының табиғатына байланысты ежелгі тұрғындарының шаруашылығы мен тұрмыс-тіршілігін үш белдеуге бөліп қарауға болады. 1. Қара теңіз, Азов, Днестр бойын мекен еткен бөлімдері тұрақты тұрғын үйлерде тұрып, егіншілік, отбасылық өндіріс және қолөнермен айналысқан. Симферополь маңындагы скиф сақтарының «Алтын қорған» атанған хан сарайларының жұртында жүргізілген археологиялық зерттеулердің қорытындысы жоғарыдағыны айғақтайды. Мұндай белгілер Каспий, Үстірт өлкесінде де кездеседі. 2. Днепр, Дон дариясынан Каспийге, оңтүстік Сібірге дейінгі бөлімдері жартылай көшпенділік жағдайда өмір сүрген. Егіншілік, малшылық, аңшылық, балық аулау кәсібімен айналысқан. Бұл өлкеде сақтардың жемісжидек теріп жеп күн көрген топтары да болған. Геродоттың айтуынша, Еділден шығысқа қарай шөбі шүйгін көз жеткісіз сары дала басталады. Плиний өзінің «Табиғат тарихында» бұл өлкені «скиф құмайты» деп атаған. Нағыз көшпенді сақтардың тіршілігі осы өлкеден басталады. «Сақтың көшпенді тайпалары Азияны мекендейтін», - деп жазады Геродот. 3. Көшпенді сақтар жер-суының жағдайына қарай мал-жайының қамымен жылдың төрт мезгілінде дамылсыз көшіп-қонып өмір сүрді. Үйлері әрдайым арбада тиеулі тұрды. Үйлері тері және киізбен жабылатын болған. Бірақ сақ көштері бір аумақтан екінші бір аумаққа емес, бір өзенді жағалап, бір қойнауды сағалап көшіп-қонып отырған. Жерсуды ру-тайпасымен иеленген әр тайпаның өзіндік иелік жерлері, қыс-қыстау, жаз-жайлауы болған, ата бейітін жаудан өздері қорғаған. Қазақ даласында өзен-суды жағалай, тау бөктерін сағалай орналасқан сақ обалары соның дәлелі бола алады. Көшпенді сақтар дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысқан. Малының негізгі түлігі қой, жылқы, түйе болыпты. Жылқысы қабырғалы, жоталы, шоқтығы биік, тұяғы тік, тартымды болған. Жылқысы мінсе көлік, жесе ет, сауса сусын болған. Жылқы сүтінен «хаома» атты сусын (қымыз) жасаған. Жылқыны мал перісі санап, «үкілеп» баптаған. Жылқының бас сүйегін жерге тастамай, биіктерге қоятын болған. Маңдайға басқан жақсы күлігін иесімен бірге жерлеген. Жылқы, түйе, өгізді арбаға жеккен. Мал шаруашылығының негізгі тірегі және сан жағынан ең көбі қой болған. Сақтардың «аң стиліндегі» Пазырық мәдениетіне жататын жартас суреттері мен түрлі ою-әшекейлеріндегі бейне, суреттерге қарағанда, олардың бір кәсібі аң аулау болғанына көз жеткіземіз. Сақтар аңды садақпен аулаған. Өзен-су бойындағы сақтар балық аулағаны жайлы ежелгі дәуірдегі көптеген еңбектерде айтылады. Тоқыма тоқу, ағаштан, сүйектен түйін түю, ер-тұрман, ыдыс-аяқ жасау, үй тұрғызу, темір ұсталығы - сақтардың отбасы қолөнерінің айшықты белгілері болған. Ыдыс-аяқ, сауыт-сайманның небір түрін жасаған. Олардың негізі ағаш, темір, мыстан жасалған. Ә. Марғұлан Орталық Қазақстанның бірер аймағында темір қорытылған орындар болғаны жайлы хабарлайды. Саяқ, Жезқазған, Қалба мен Нарындағы металлургия орталықтарынан алынған жоғары сапалы қола бұйымдары темірден еш кем түспейтін болған көрінеді. Темірден, қоладан қылыш, қанжар, түрлі жебелер жасап, ер-тұрман, үзеңгі бау, ауыздық сияқты бұйымдар соққан. Сақтарда ұсталық өнер едәуір дамығанын көреміз. Олар алтын мен күмістен түрлі әшекейлік бұйымдар жасаған. Тек б. з. б. VI - V ғасырлардағы Жетісу сақтарының Есік обасынан алынған бұйымдарының ішінде 4000-нан аса жоғары шеберлікпен жасалған алтын әшекейлер табылған. Сақтар бір бұйымға металл, ағаш, тоқыма және теріні қиыстыра білген. Бесшатыр, Берел обаларында жүргізілген зерттеулердің қорытындысы сақтардың күнделікті тіршілігінде ағаш ұсталық өнері де кең дамығанын керсетеді.

Негізгі бөлімі

1. Бесшатыр қорымы - ежелгі сақ тайпаларының рухани меккесі болған. Ол Алматы облысы, Іле өзенінің оң жағалауында, Алтынемел ұлттық паркінің аумағында орналасқан. Қазба жұмыстарын 50-жылдардың соңы және 60-жылдардың басында профессор Кемел Ақышев жүргізген. Ғалымдардың айтуынша, қорымдар б. з. д. VII - IV ғасырларда құрылған. Олар диаметрі 8-ден 70 метрге, биіктігі 2-ден 20 метрге дейін жететін 31 қорғаннан тұрады. Қорғандар солтүстіктен оңтүстікке 2 шақырымға, батыстан шығысқа қарай 1 шақырымға созылып жатыр. Бұл зираттарда патша әулеті мен ақсүйектер жерленген. Ең ірі құрылым - Үлкен Бесшатыр қорғаны. Оның диаметрі 104 м, ал биіктігі 15-17 метрге жетеді. 20 шаршы метрді құрайтын жерлеу камералары - тас үйінділерінің астында жақсы сақталған. Қазба жұмыстары кезінде археологтар қанжарлар, ұштары қоладан жасалған жебелер, темір пышақтар, шаш қыстырғыштар және алтынмен безендірілген киімдерді тапты. Зираттың маңында 45 тас дуал тізіліп тұр. Жергілікті тайпалар, бұл тастарға аңшылық пен күнделікті өмір көріністерін бейнелеген. Ең басты ерекшеліктерінің бірі - ол жерасты өткелдері. Алтыншы қорған астынан табылған жер асты өткелінің жалпы ұзындығы 55 м, биіктігі 1, 7 метрді құрайды. Өзінің монументтілігі мен күрделілігі бойынша, Орталық Азияда теңдесі жоқ құрылым. Бесшатыр кешені ежелгі сақ өркениетінің құдыретін көрсетеді.

2. Орталық Қазақстанды зерттеу 1946 жылдан кейін басталды. Төрт негізгі кезеңнен тұратын зерттеулердің алғашқы сатысы 1946 - 59 жылдарды қамтиды. Осы кезде Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының ұйымдастырушысы әрі жетекшісі Ә. Марғұлан мен оның шәкірті М. Қадырбаев Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Ақтоғай өлкелеріндегі Тоғызбайкөл, Қарабие, Қарасай, Қанаттас, Толағай, Елшібек, Киіксу сияқты зираттарға қазба жұмыстарын жүргізіп, ескерткіштердің жалпы сипаты, жерлеу ғұрпының ерекшеліктері мен заттық мәдениетке байланысты нақты деректердің алғашқы тобын жинады. Осы өңірлерде басқа жерде кездеспейтін “мұртты обалар” сияқты айрықша ескерткіш түрлері бар екенін анықтады. 1958 - 68 жылдары жүргізілген екінші кезеңде Қарқаралы, Балқаш, Шідерті өлкелерінде көптеген жаңа зираттар зерттеліп, көлемді деректер алынды, аса маңызды қорытындылар жасалынды. 1957 жылдан бастап Орталық Қазақстан экспедициялық құрамында ерте темір дәуірін зерттеушілердің жеке тобын басқарған Қадырбаевтың 1959 - 63 жылдары Павлодар облысы Екібастұз ауданындағы Шідерті өзені бойындағы Тасмола-1, 2, 3, 5, 6, Қарамұрын-1, 2, Нұрмамбет-1, 2, 4 зираттарында жүргізген қазбалары нәтиже берді. Жинақталған материалды қорытындылай келе Қадырбаев 1966 жылы Сарыарқада сақ заманында гүлденген жаңа археологиялық мәдениетті жариялап, оны Шідерті бойындағы аса құнды деректер берген Тасмола алқабының атымен байланыстыра, Тасмола мәдениеті деп атады. 1970 - 99 жылдары 3-кезеңнің жұмыстары атқарылды. Осы жылдары Тасмола мәдениетінің таралу ауқымы анағұрлым кеңейтілді, жаңа өлкелердің жәдігерлері ғылымға түсті. 1994 жылы М. Хабдулина Солтүстік Қазақстандағы, яғни Көкшетау қыраты, Есіл өзені бойындағы обаларды зерттеу нәтижелерін қорытындылап, Ұлыбай-Тасмола мәдениетін ашты және де оның үлкен Тасмола мәдениетінің солтүстік өлкелеріндегі жалғасы екенін атап көрсетті. Орталық Қазақстанның ескерткіштері тасмола археологиялық мәдениетіне жатады. Қазақтың белгілі археологы М. Қ. Қадырбаев, бұл мәдениеттің хронологиялық мерзімін б. з. д. VII - III ғасырларымен негіздеп, оның дамуын екі кезеңге бөлген. Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұл күрделі ғұрыптық - жерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден: үлкен, кішкентай қорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететін жартылай доға тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл «мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа қарайбағытталған. Үлкен қорғанның астында, тереңдігі екі метрге жететін шұңқырда қайтыс болған адамның мәйіті жерленген. Кішігірім қорғаныда жылқы қаңқаларының қалдықтары, қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі. Бізге мұртты қорғандардың астрономиялық жағынан тағайындалу туралы тұжырым белгілі. Биолог және археология (энтузиасты) П. И. Мариковскийдың пікірі бойынша, мұртты қорғандар ежелгі обсерваториялар болған, жұлдызды аспан, күн мен айды бақылап, жыл мезгілін аңықтау үшін пайданылған. М. К. Қадырбаевтың пікірі бойынша тастан қаланған мұртты кешендер жерлеу ғұрыптарына арналып салынған және тасмола тайпаларының күнге табынушылығын айқындады. Қазіргі уақытта шартты болса да, "мұртты" обалардың негізгі ауқымы анықталды. Бүгінгі таңдағы деректерге жүгінсек, Қазақстан аумағында 300-ден астам ескерткіштер анықталған. Негізгі ауқымы Орталық Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанды (Көкшетау) сондай-ақ бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының батыс бөлігінің далалы алқаптарын(Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау) қамтиды. Қазақстандағы мұртты обалардың жалпы санынын 80 % астамы осы аумақта шоғырланған. Обалардың екінші бір шағын бөлігі (20% аздауы) Жетісу, Шығыс, Батыс, Оңтүстік Қазақстан жерлерінде, соның ішінде, көпшілігі Шығыс Қазақстан аумағанда орналасқан.

3. 2003-2006 жылдары Шілікті алқабындағы Қара оба-Бәйгетөбені қазып зерттеген ғалым Әбдеш Төлеубаев 3-ші «Алтын адамды» тауып, археология ғылымында әлемдік сенсация жасады. Осы обадан 4325 алтын бұйым табылған еді. Шығыстың шырайлы өңірін ұлы ғұламалар Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Ахмет Жұбанов зерттеп, қазақ тарихына жазып кеткен. Шілікті жазығы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданынның аумағында орналасқан. Ұзындығы -80, ені - 30 шақырым осы кең жазықты оңтүстігінде Тарбағатай, шығысында Сауыр-Сайқан, солтүстігінде Маңырақ таулары қоршап жатыр. Шілікті даласында көне мәдениеттің аса бір өркендеген уақыты б. з. д. Ι-мыңжылдыққа сәйкес келеді. Бұл кезде Шілікті даласын сақ тайпалары мекендеген. Шілікті даласында сақ-үйсін дәуірінің екі жүзден астам ескерткіштері бар. Олардың 50 шақтысы патша және ақсүйек обалары Шілікті алқабы кең жазықта орналасқан. Шілікті қорымы туралы мәліметтер Коншиннің зерттеу еңбегінде кездеседі. Ондағы деректерге сүйенсек Шілікті алқабының 72 нүктесінде 1675 қорған бар. Шiлiктi даласының ескерткiштерi туралы алғашқы мәлiметтер 1869 жылы. «Томские областные ведомости» және 1887 ж. «Сибирская газета» басылымында кездеседі. 1909-1910 жылдары Семейлік гидротехник Г. Бокий Шілікті даласының оңтүстік шығысына қарай Тарбағатай мен Сауыр тауларының түйісер жеріндегі Шағанобада сақ дәуірінің үлкен бір қорғанын қазған. Археолог Сергей Черников 1949, 1959, 1960, 1962 жылдары қазба жұмыстарын жүргізген. Көп жылғы қажырлы еңбектің ең нәтижелісі 1960 жылғы қазба жұмыстары болды. Осы жолы «Шiлiктi алтын қорғаны» табылды. Шілікті жазығында жүргізілген бір ғасырдан астам археологиялық зерттеулер нәтижесінде көптеген құнды мәліметтер мен жәдігерлер жинақталды.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақ ескерткіші
Сақтардың ескерткіштері. Тасмола мәдениеті, Бесшатыр обасы, Есік қорғаны
Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
Орталық Қазақстан ерте көшпелілерінің әлеуметтік құрылымы
Сақ ескерткіштері
Тасмола археологиялық мәдениетінің әскери қару-жарақтары және ат әбзелдері
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
Қазақстан жеріндегі сақ дәуірі ескерткіштері
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
Қола дәуір мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz