Димаш атаның бойындағы қасиеттер
Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығы мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Тақырыбы: Д.А.Қонаевтың қазақи қасиеттері
Секция: тарих, өлкетану, этномәдениеттану
Орындаушы: Әлімбай Ақнұр , 2-сынып , Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп, Балқаш ауданы, Алматы облысы
Ғылыми жетекші: Г.Е. Есіркепова филология ғылымының кандидаты Абай атындағы ҚазҰПУ-нің филология және көптілді білім нститутының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы
Жетекші мұғалім: Г.Нурлыкешова сынып жетекші
бастауыш сынып мұғалімі
Мазмұны
Пікір ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Түйіндеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Мақсаты, міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Ұлы тұлғаның өнегелі істері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
Димаш атаның бойындағы қасиеттер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .6
Д.А.Қонаевтың қазақи қасиеттері (мен ашқан жаңалық) ... ... ... ... ... ... ..1 1
Мұражайдан, тарихи-мемориалды пәтерінен алған әсерлерім ... ... ... ...14
Қолданылған әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Түйіндеме

Тақырыптың өзектілігі: Д.А.Қонаевтың өмірі жайлы, бойындағы қасиеттерінің біз білмейтін қырларын зерттеу арқылы, адами қасиеттерін зерделей отырып, бойында кездесетін көптеген ізгі қасиеттерінің ішінен қазақи қасиеттерін анықтап, насихаттау, үлгі тұту.
Жобаның жалпы сипаттамасы: Бұл ғылыми жоба еліміздің біртуар азаматы, халқымыздың дара перзенті елі үшін игі істер жасап, адал еңбек атқарған, өзінің өнегелі істері арқылы халқының сый-құрметіне бөленген тұлға Д.А.Қонаевтың кейбір біз білмейтін қасиеттері мен қырларын ашуға бағытталды. Зерттеу барысында Д.А.Қонаев атамыздың бойындағы қазақилыққа жақын қасиеттері мен ерекшеліктері, қазақи әдеттері анықталды.
Зерттеу мақсаты:
Атамыздың адами көзқарасын, қарапайымдылығын, ұлтжандылығын, жауапкершілік қасиеттерімен таныса отырып, есімінің мәңгі сақталуына өзіндік үлесімді қосу.
Зерттеу міндеті:
-Д.А.Қонаев атамыздың өмірімен, еңбек жолымен танысу
-Д.А.Қонаев атамыз жайлы жазылған еңбектермен, естеліктермен танысу
-Д.А.Қонаев ата жайлы бейнежазбаларды көру
-Д.А.Қонаев атаның бойындағы қасиеттерді танып-білу
-Д.А.Қонаев атамыз жайлы мәліметтерді жинақтау
-Жинақталған мәліметтерден қорытынды жасау, насихаттау
Гипотеза:
Бұл зерттеу жұмысы арқылы еліміздің біртуар перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыздың өмірі, еңбек жолы және туа біткен ерекше қасиеттерін зерттеу арқылы қазақи қасиеттерін анықтау, оны жас өрендерге насихаттау, үлгі тұтып, өнеге алу. Ол кісінің қасиеттерін білу, құрмет тұту арқылы сол кісіге қарап бой түзеу.Димаш атаның қазақи қасиеттерін біле отырып жаратылысы ерекше тұлғаны дәріптеу.
Кіріспе
Менің ғылыми жобамның тақырыбы Д.А.Қонаевтың қазақи қасиеттері деп аталады. Бұл тақырыпты таңдауымның өз себебі бар. Мен оқитын мектеп еліміздің біртуар перзенті Д.А.Қонаев атамыздың есімімен аталады. Осы кісінің есімімен аталатын мектепте оқығанымды мен әрдайым мақтан тұтамын. Мектептің мақтанышы болуға тырысып, сабағымды үздік оқып жатырмын. Бұл кісінің өмірі мен үшін әлі сыры толық ашылмаған жұмбақ секілді.
Мен қазақпын және қазақ болып туғаныма қуанамын. Себебі біздің халқымызда осындай өнегелі істерімен аты тарихта мәңгілік алтын әріппен жазылуға лайықты және жазылып қалған ерекше дара тұлғалар болған. Сондай тұлғалардың бірі де бірегейі - Д.А.Қонаев. Димаш ата жайлы көптеген естеліктер, еңбектер жазылды, әлі де жазыла бермек. Ол кісінің әлі біз білмейтін қырлары мен қасиеттері қаншама. Соның ішінде қазақилығы, бойындағы қазақи қасиеттерін танып-білуге деген қызығушылығым мені осы тақырыпты тереңірек зерттеуге жетеледі. Өзімнің осы тақырып аясында зерттеу жұмысын жүргізу барысында ол кісінің өмірі жайлы, еңбегі жайлы көптеген әдебиеттерді, естеліктерді оқуыма тура келді. Әрине бұл әдебиеттерді бірден түсінуім біршама қиындықтар туғызды. Олардың күрделі ғылыми тілмен жазылуы, мен түсіне бермейтін қысқарған сөздер мен ғылыми терминдер, қызметтер т.б. Бұл қиындықты сынып жетекшімнің, ата- анам мен әжемнің көмектеріне сүйеніп, сол кісілердің маған түсінікті тілмен жеткізуінің арқасында еңсердім.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам деп ұлы тұлғаның елі үшін атқарған еңбектеріне өз бағасын берген. Қазақтың біртуар текті ұлы, көреген көшбасшысы болған Димаш ата өзінің Ақиқаттан аттауға болмайды деген кітабында Жеті атасын білмеген жетесіз деген халық даналығын келтіре отырып, өзінің текті халықтың ұрпағы екендігін, ұлтымыздың қан тазалығына аса мән бергендігін сөз етеді. Бұл саналы да сапалы ұрпақтың дүниеге келуіне атүсті қарамайтындығының белгісі ретінде ата-тегімізді білуге міндеттейді. Тек міндеттеп қана қоймай өзінің ісімен үлгі бола білген адам. Ол кісі өзінің арғы тегі Ұлы жүз Бәйдібек бабадан тарайтынын жазып кеткен екен.
Ел аузында Димаш атанып кеткен халқымыздың қастерлі ұлдарының бірі, бүкіл әлемге қазақ деген халықтың қасиетін танытқан, ұзақ жылдар бойы елімізді басқарып, оның экономикасы мен мәдениетін өркендетуге қыруар еңбек сіңірген үлкен ғалым, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ХХ ғасыр адамы деп танылған Димаш ата өз елінің ардақты да асыл перзенті.
Табиғатынан ерекше қабілет пен тамаша дарын, терең ой иесі болған Димекеңнің асқан еңбекқорлығы, терең зейіні мен биік парасаты ел аузында ардақталып, аты аңызға айналды. Бүкіл саналы ғұмырын туған халқының болашағына арнаған адам.
Ұлы тұлғаның өнегелі істері
Ол кісі ел басқарған 40 жыл ішінде Қазақстан халқы екі жарым миллионнан он жеті миллионға дейін өсіпті. Мал өсірсең -қой өсір, өнімі оның көл-көсір дейтін қазақ халқының негізгі табыс көзі болған қой саны 39 миллионға жетіпті. Академик Келдыштың сөзімен айтсақ, Димекең
саясат әлемінің озық ойлы қайраткері, тарихи тұлға, ойшыл адам ғалым еді. Қазақ даласын түлетіп, түрлендіруге, оның халқын мәдени және әлеуметтік тұрғыдан дамыту мен нығайтуға қосқан үлесі ұшан теңіз екен. Осы жетістіктердің барлығы Димаш атаның есімімен тікелей байланысты. Ол кісі қазақ халқының ұлттық тарихына алтын әріппен жазылып, өнегелі істері ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса береді. Димаш ата басшылық еткен жылдарда Қазақстан Республикасының абырой-даңқы асқақтап, халықаралық беделі арта түсті. Еліміздің кейбір аймақтарын Өзбекстанға қосылып кетуден аман алып қалған. Жеріміздің, еліміздің тұтастығын сақтап қалуға тырысқан. Алматы қаласында жаңа үлгідегі ғимараттардың пайда болуына еліміздің көрікті қаласына айналуына да өз үлесін қосқан.Атап айтсақ Медеу мұз айдыны әлемге танымал спорт кешені, 25 қабатты Қазақстан қонақ үйі әлемдік деңгейде қызмет көрсететін орын, Арасан моншасы тб. Д.А.Қонаев атамыз өзінің еліне, жеріне, ұлтына деген шынайы қамқорлығының арқасында бүкіл елінің сүйіспеншілігіне бөленді. Ата-бабамыздан мұра болып қалған жердің-елдің тұтастығын, халқының бірлігін сақтауға әрдайым бар күш-жігерін сарқа жұмсап, табандылықпен күрескен.
Димаш атаның бойындағы қасиеттер
Халқымызда жасы үлкен ақсақалдарды, кимешек киген аналарды сыйлап өту халқымыздың ата дәстүрі. Тереңірек ойласақ, ата дәстүріміз жастарды тек инабаттылыққа, кішіпейілділікке үйреткен. Саналы азамат ата-аналарына, аруақтарға ешқашан тіл тигізбеген. Қолынан келсе, еске алып, құрмет тұтып, өткендердің аруағына, рухына сыйынып отырған. Мен де осы қағиданы ұстанып ұлы тұлға Димаш ата жайлы танымал адамдардың естеліктері мен ойларын оқып солардың ішіндегі жан тебірентер ойларды ұсынып отырмын.
Д. Ахметұлы жаратылысы бөлек жан еді. Оның ерекше қасиеті ешкімді бөліп-жармайтын. Қаншалықты қиын жағдай болса да елді бірлікте-теңдікте ұстай білді. Өмірден озса да адам артында қалған байлығымен емес қоғамға, елге жасаған еңбегімен есте қалатынын айқын көрсетті. Қонаевтың кішілігі де, қарапайымдылығы да, кісілігі де бар еді. Ол кез келген адаммен мейлі ол қойшы, кенші, ғалым болсын ортақ тіл тауып, жақын тартып жанаса сөйлесетін, дейді А. Осман. Оның айтуынша, адам дүниеге келгеннен кейін ең алдымен - Адам болуы керек. Ол жеке басының мүддесін емес, қоғамның мүддесін ойлағанда ғана - Тұлға болады. Қонаев үлкен әріппен жазылатын - Адам еді. Дінмұхамед Қонаевтың бойында Тұлғаға қажетті қасиеттің бәрі болды. Оның бәрі Қаланың жақсы болуы көшесінен, баланың жақсы болуы шешесінен деген қазақтың аталы сөзінде айтылғандай отбасында алған тәрбиенің жемісі деуге болады. Ең қайран қалдыратыны - Димекеңнің бойында әл-Фараби даналығы бойынша кемеңгер патшаға тән 12 қасиеттің түгел тоғысқанына көзіміз жетті.
Әл-Фарабидің даналығында кемеңгер басшы өзінің сүйек-сыны, сыртқы тұлғасы арқылы ерекше көрінуі керек. Яғни ол адам өте сымбатты мінсіз, мүсіндей әдемі, иманжүзді болуға тиіс. Димекең жаратылысынан көрікті, бойшаң және жүзінен нұр төгіліп тұратын иманжүзді кісі еді. Кеңестік дәуірдегі мемлекет қайраткерлерінің ішіндегі ең сымбатты, бой жағынан да, ой жағынан да ерекше бөлек тұлға Димекең екені белгілі.
Дана- ол адам өзіне айтылған сөздің бәрін терең түсінетін және істің жай-жағдайына сәйкес жан- жақты тез ұғып алатын аса зерек болуы керек. Димекеңнің зеректігі мен бәрін біліп, сезіп тұратын айрықша қасиеті жөнінде кемеңгер қасында жүрген дананың серіктері қазірге дейін таңдана айтады екен. Димаш ата адамның ішіндегісін біліп тұратын, сөзінен не ойлайтынын тез аңғаратын зерек жан екен. Димаш атаның қариялардың сөзін мұқият тыңдап, сол бойынша кеңесіп, мәселе шешетіні көптеген естеліктерде айтылады.
Үшінші қасиеті туралы әл-Фараби былай дейді: Ол өзі жүрген, көрген, естіген нәрселердің бәрін зердесіне ұзақ сақтайтын, бұлардан еш нәрсені ұмытпайтын адам болсын - дейді. Димаш атаның зерделілігі өз алдына - есте сақтау қабілеті аңызға айналған. Өзі араласқан оқиғалардың жыл, ай-күні тіпті, сағат, минутына дейін ол кісінің есінде өле-өлгенше сақталған. Қазақстандағы мыңдаған колхоз-совхоздардың, жер-судың және озат шопан, механизаторлардың есімін өмірінде ұмытпаған. Өндіріс, экономикаға байланысты сандар мен цифрларды кез келген жағдайда жаңылмай айтып отыратыны ғалымдардың өзін қайран қалдырған. Ол кісі өз естелігінде сүйген жары, өмірлік серігі Зухра Шәріпқызымен қанша жыл, қанша ай және қанша күн бірге болып, өмір сүргенін жарықтық сағатына дейін есіне сақтаған ғой. Төртінші қасиет туралы былай делінеді. Бірінші басшы терең ой иесі және жадына сақталғандардың бәрін айдан-анық етіп айтып бере алатын шебер әрі шешен болуы шарт.
Ол кісі естігендері мен көргендерін өте шебер әрі бейнелі тілмен әңгімелейтін хас шешеннің өзі болған екен. Сөз арасында әдемі әзіл айтып баурайтын.
Белгілі қоғам қайраткері Димаш ата қара сөздің қаймағы еді. Бойында ақындық қасиет болған. Студент кезінде өлең жазған. Шешендігі Төле би мен Бөлтірік шешеннің сөз киесін елестетеді. Өзінің естелік кітабында ел ішінде сирек айтылатын мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді орынды жерінде қолданып отырған екен.
Кемеңгер басшының бесінші қасиеті ғылым-білім мен өнерге жаны құштар, әр күн сайын оқып үйренуден шаршап-шалдықпайтын адам болуы керек екен.
Туғаннан ғылым мен өнерді терең түсініп, ғылым жолында еңбектенген білімпаз. Атамыз ғылым саласында жаңалық ашқан және болжам жобалары нақты іске асып, өндіріске енген инженер-ғалым болған. Техника ғылымдарының докторы болған Димаш ата бұл саладағы еңбегі ерен. Қаныш Сәтбаевтан кейінгі Академия президенті болған атамыздың ғылым әлемінде өзіндік ізденіс жолы болды. Академияға басшылық еткен жылдары қазақ ғылымында даму болды. Ол кісі елуінші жылдары Қытайға барған сапарында Қазақстандағы геология ғылымы туралы баяндама жасайды. Қапшағай теңізінің өмірге келуі Қонаевтың ғылым жетістіктерін пайдаланып, ғылыми болжамдар мен жоба зерттеулерді еске алуының нәтижесі.
Өзі ғалым ғалымдар үшін қолдан келгеннің бәрін жасапты. Ал, өнер мен мәдениетке дәл осындай жанашыр басшы болған жоқ. Бұл дәуірді өнер адамдары мен жазушылар қазір алтын ғасыр деп атап жүр.
Димаш ата театрға жиі барып, ақын-жазушылардың жаңа шығармаларын оқып, авторларға өз пікірін айтып, олармен етене жақын араласыпты. Ғылым мен өнер саласын дамытудағы атамыздың еңбегі ұшан-теңіз. Өз естелігінде ғылымның тылсым сырлары жөнінде терең ойлар айтады. Ғалымның бай кітапханасында атақты ғалымдардың кітаптары толып тұр.
Кемеңгер елбасының алтыншы қасиеті жөнінде ұлы философ: Тағамға, ішімдікке, сайран-сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу керек - дейді.
Тағамды талғап, тек адал асты ғана жеген. Пейіш жемісі алма жеу әдеті болыпты. Өйткені алманың ағзаға пайдасы мол. Ол кісі у-шу қала өмірін ұнатпаған. Барлық жағынан қанағатшыл болып, көзінің тірісінде шын әулие атанды. Жетінші қағидада айтылғандай жаратылысынан сауық құмарлықтан аулақ болды.Демалысын таза ауада серуендеп, табиғат аясында өткізуді бұлжымас әдетке айналдырды. Аңшылық, саяткерлік салт және мергендік өнер ол кісінің өмір бойы тастамаған ермегі әрі көңілді демалысы еді.
Сегізінші қағидада кемеңгердің шындықты сүйіп, жалғандыққа қарсы тұруы жөнінде айтылады.Өтірік-өсек айтқандарды жек көрді. Жалған сөйлегендерді ұнатпады.
Тоғызыншы қағидада жазылғандай жаны асқақ және ар-намысын аса ардақтайтын адам еді.Кісілік, адамгершілік, бекзаттық қасиеті және тәрбиесі өнеге. Ар-намысына кір шалдырмаған дана. Қарапайымдылығы мен кісілігін жоғалтқан жоқ. Сондықтан көзінің тірісінде әлемге әйгілі әулие атанған. Оның жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары, игі істерге ынтызар болуға тиіс игі істердің ұйтқысы, жасампаздықтың жолбасшысы еді.
Әл-Фарабидің он бірінші қағида-қасиетінде Әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін адам болсын деген жолдар дәл өзіне арналып айтылғандай әсерде қалдырады.
Бар болмыс-бітімімен әділдікті сүйді, өктемдік пен озбырлыққа жол берген жоқ.Өте әділ болған кісі. Бүгінгі ғана емес, келер ұрпаққа да үлгі болатын кемеңгер.
Әл-Фарабидің он екінші қағидасында, яғни басшы қасиеті жөніндегі тәмсілінде мынадай жолдар бар: Өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асыруға келгенде шебер- шешімпаздық танытып, бұл шақта қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін бірбеткей, батыл, ержүрек болуы міндет дейді. Мұнда айтылатын көсемге тән батылдық пен ержүректік бойында туғаннан бар еді. Атасы Қонайдың батыр, қорқуды білмейтін ержүрек қазақ болғаны белгілі. Оның бойындағы қасиет шөбересі Димашқа да дарыған екен.
ХХ ғасырдың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым акдемиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев. Адам бойындағы қандай қасиеттерді қадірлейсіз деген сұраққа Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев Адамдық пен қайырымдылықты. Бұл екеуі бар кісіде қиянат болмайды деп жауап беріпті. Ендігі кезекте Дінмұхаммед Ахметұлының тұлғалық қасиеттеріне тоқталайық:
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев 1912ж 12 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. Анасы Зәуре қарапайым еңбекқор адам болған. Әкесі Меңілахмет ақын кісі болған. Дінмұхаммед деп есімін атасы Жұмабай ақсақалдың өзі қойған. Қажылықтан қайтып келе жатқанында, параходтан қалып қойып, жолда көзі ілініп кетсе, әкесі Азынабай ақсақал қолына қосауыз мылтық ұстатыпты. Апырмай, жаман болмаспын, елге аман жетеді екенмін, бұйыртса,бір ел сұрайтын ұл дүниеге келеді екен. Ұл дүниеге келсе атын Дінмұхаммед қоярмын деп түсін жориды
-Жолын, Нұрмағамбет деген шешен аталары болған. Дінмұхаммедке шешендік осы кісілерден дарыса керек. Ал Қонай атасы екі рет төсек жаңғыртқан. Жұмабай деген ұлы мен Бұлатай деген қызы дүниеге келген. Жұмабай мешіт салып, бала оқытқан, қажылыққа жаяу барып қайтқан кісі. Димекең туғанда Жұмабай төсек тартып жатыр екен. Бала қырқынан шығарылды, бата берші-деп үлкен әжесі келгенде: Маңдайың ашық, көзің танадай екен, жанарыңнан нұр көрдім. Сірә, елге би боларсың, елдің алақанында өсерсің. Алла, осы тілегім қабыл болсын!- деп бата берген екен.
Дінмұхаммедтің бір апасы, жеті қарындасы бар. Біреуі сәби кезінде шетінеп кеткен көрінеді. Ал інісі Асқар екеуінің арасы - 18 жас. Ал Дінмұхаммед өмірлік серігі Зуһрамен 50 жыл, 6 ай, 2 күнді бірге өткізіпті. Дінмұхаммед қызметтен кетіп, күнделікті газеттер жерден алып, жерге салып жатқанда Зуһра: Бір Алланың бары хақ, Димаш. Саған елу жыл серік болдым. Сенің кім екеніңді менен артық білетін ешкім жоқ. Адалдығыңа, тазалығыңа ертең-ақ елдің көзі жететін болады. Ит үреді, керуен көшеді., - депті.
Ол кісі аңға шыққанды ұнатады екен. Аңға шығарда Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев зайыбына "Қазаныңды көтере бер"-десе, зайыбы Зуһра Өзім ғана көтермей, көршілерге де айтайын да, олар да көтеріссін- дейтін көрінеді. Өйткені Димекең олжасын туған-туыс, жора-жолдастарына үлестіріп жібереді екен.
Өзінің академик ретінде әр ай сайын алатын 750 сом стипендиясын жетім балалар үйіне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz