Ғылыми жұмыстың тақырыбы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Түркістан облысы Абай ауданы
Т.Тәжібаев атындағы №81 жалпы орта білім беретін мектеп

Баяндама
Баяндама

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Тағылымы мол тарихи тұлға Д.А.Қонаевтың өнегелі өмірі мен еңбек жолы

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секциясы: Әдебиет
Орындаған:Абдуллаева Мадина Фарходқызы 3- сынып оқушысы
Пән мұғалімі: Абдуллаева Зылиха

Аннотация
Абдуллаева Мадина Фарходқызы Тағылымы мол тарихи тұлға Д.А.Қонаевтың өнегелі өмірі мен еңбек жолы тақырыбындағы жұмысын үш тарауға бөліп қарастырған.
Бірінші бөлімде тағылымы мол тарихи тұлға Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың жастық шағы туралы мәліметтер жинап, ол кісінің өмірлік ұстанымын, хоббиін т.б. қасиеттерін ерекше атап көрсеткен.
Жұмыстың екінші тарауында ел ағасы Димекеңнің елге тигізген қаншама еңбегін айтып өткен. Сонымен қатар, экономикадағы жетістігі, ғылым мен білім саласындағы жетістігі деп екі бөлімшеге бөліп тарауды толықтыра түсті.
Үшінші тарауды айбарлы азамат елім деп, жерім деп өмір сүрген Дінмұхаммед Қонаевтың еліне, жас ұрпаққа айтқандары, нақылға айналған сөздерімен бастай отырып, замандастарының пікірлерін, көз- қарастарын жинап, оқушылар бұл тарауда өз ізденімпаздығын көрсетті. Қайтыс болған жылын айта отырып, қазіргі күнде Қонаевқа жазылған естеліктерді де көрсете білген. Ғылыми жұмыс қорытындымен аяқталады.
Келешекте бұл жұмысты дамыту арқылы оқушылар елінің тарихи тұлғаларын ұмыттырмай, ел мұрасының дамуына өз үлестерін қосады.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Аннотация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

I тарау

1. Д. А. Қонаевтың жастық шағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Ел ағасының ақжарқын бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

II тарау

1. Д.А.Қонаев - мемлекет қайраткері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..
А) Экономикадағы жетістігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Ә) Ғылым мен білім саласындағы жетістігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..

III тарау

1. Димекең деген екен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Д. А. Қонаев замандастарының көзімен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3. Қайтыс болған жылы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.Д. А. Қонаевтың естеліктеріне шолу жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Тағылымы мол тарихи тұлға Д.А.Қонаевтың өнегелі өмірі мен еңбек жолы
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Д.М.Қонаевтың өнегелі өмір жолы мен қызметін, елі үшін еткен еңбегін айта отырып ұлтжандылыққа, саяси-патриотизмге үйрену. Д.А.Қонаевтың мемлекет және қоғам алдындағы сіңірген еңбегін үлгі тұтуды көрсету.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Тарихи мұраларды зерттеу бағдарламасын іске асыра отырып ел тарихын әйгiлi тұлғалар арқылы зерделеу . Қазақтың саналық зердесiнде адам-тарихтың негiзгi тұлғасы, ал адам өз тарихын біліп, тарихи тұлғалардан үлгі ала отырып, олардың өмірін зерртейді. Д.А. Қонаев кім, қандай адам? Д. А. Қонаевты зерттеу жұмысының негігзі өзегі қылып алуымыздың мәні осыда.
Ғылыми жұмыстың жаңалығы: Д. А. Қонаевтың өмір дерегі.
Көрнекті қайраткер, ғалым, академик Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туғанына бүгінде 108 жыл толып отыр. Ол көзі тірісінде де-ақ ерен еңбегінің арқасында халық көсеміне айналып үлгерді. Күллі қауымның Димекең, Димаш аға деп еркелетіп атауынан-ақ оған деген зор ықыластың бар екенін, көпшіліктің Димаш атамызға арқа сүйегенін аңғаруға болады.
Дінмұхаммед Ахметұлы отыз жылдан астам уақыт ел басқарды. Ол 24 жыл Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, алты жылдан астам уақыт ҚазКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болды.
Басшылық қызмет атқарып жүрген кезде Дінмұхаммед Ахметұлы өнеркәсіп, құрылыс, сауда және ауыл шаруашылығының дамуына ат салысты. Әлеуметтік және экономикалық салаларымен қатар, ғылым, денсаулық, спорт және мәдениет аяларын назардан тыс қалдырмай, оларды дамыту мақсатында зор еңбек сіңірді.
Дінмұхаммед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.
Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.
Дінмұхаммед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның 70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-цинк және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты.
Кемеңгер тұлға металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Жамбыл мен Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді.Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхаммед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады.
Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды.
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, Медеу спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, Алматы, Отырар, Жетісу, Алатау, Достық, Қазақстан қонақүйлері салынып, қала көркін ашты.
Елдің жан-жақты гүлденуіне септігін тигізген Дінмұхаммед Ахметұлы үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атанып, сегіз рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, тағы басқа еліміздің және шетел мемлекеттерінің ордендері мен медальдарымен марапатталған.
Дара тұлға Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың салиқалы саясаты кезінде интернационалдық қарым-қатынас орнатылып, халықтар достастығы нығая түсті. Оның даналығы мен нақыл сөздері кез-келген салада жүрген талай жастың биіктен көруіне арқау болды. Атап айтсақ, ол әкімшіл-әміршіл жүйе заманында Олжас Сүлейменовтың АЗиЯ еңбегіндегі айтайын деген ойларына аса мән беріп, түрлі сын-жаладан арашалап қалды. Аты аңызға айналған тұлға Дінмұхаммед Ахметұлының өмірден өтсе де оның еңбектері бүгінде халық игіліне қызмет етіп отыр. Қазақстан тарихында есімі алтын әріптермен жазылған Дінмұхаммед Ахметұлы қазақ елінің дамып, көркеюіне сүбелі үлес қосып, халық есінде кемеңгер тұлға ретінде мәңгілікке сақталады.

I тарау
1. Д. А. Қонаевтың жастық шағы
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев 1912 ж 12 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. Анасы Зәуре қарапайым, еңбекқор адам болған. Әкесі Меңілахмет ақын кісі болған. Дінмұхаммед деп есімін атасы Жұмабай ақсақалдың өзі қойған. Қажылықтан қайтып келе жатқанында, параходтан қалып қойып, жолда көзі ілініп кетсе, әкесі Азынабай ақсақал қолына қосауыз мылтық ұстатыпты. Апырмай, жаман болмаспын, елге аман жетеді екенмін, бұйыртса, бір ел сұрайтын ұл дүниеге келеді екен. Ұл дүниеге келсе атын Дінмұхаммед қоярмын деп түсін жориды.
Дінмұхаммедтің тегі:
Жолын, Нұрмағамбет деген шешен аталары болған. Дінмұхаммедке шешендік осы кісілерден дарыса керек. Ал, Қонай атасы екі рет төсек жаңғыртқан. Жұмабай деген ұлы мен Бұлатай деген қызы дүниеге келген. Жұмабай мешіт салып, бала оқытқан, қажылыққа жаяу барып қайтқан кісі. Димекең туғанда Жұмабай төсек тартып жатыр екен. Бала қырқынан шығарылды, бата берші деп үлкен әжесі келгенде, Маңдайың ашық, көзің танадай екен, жанарыңнан нұр көрдім. Сірә, елге би боларсың, елдің алақанында өтерсің. Алла, осы тілегім қабыл болсын! - деп бата берген екен.

Өмірлік ұстанымы:
Әкесі Меңілахмет Жұмабайұлының Сырым да, жырым да осы менің деген өсиет өлеңдерін Дінмұхаммед әкесінің ұлағатты өсиет сөздерін жадында мәңгі ұстап:
Артыңнан адаспайтын жол тастап кет,
Ескеріп сөйлеп жүрер сөз тастап кет
өзіңнен кейінгілер үлгі алатын,
Көрнекті көзге түсер жол бастап кет,- деген ойын өмірлік ұстанымына арқау еткен.
Жанұясы:
Дінмұхаммедтің бір апасы, жеті қарындасы болған. Біреуі сәби кезінде шетінеп кеткен көрінеді. Ал інісі Асқар екеуінің арасы 18 жас. Ал Дінмұхаммед өмірлік серігі Зуһрамен 50 жыл, 6 ай, 2 күнді бірге өткізіпті. Дінмұхаммед қызметтен кетіп, күнделікті газеттер жерден алып, жерге салып жатқанда, Зуһра: Бір Алланың бары хақ, Димаш.Соған елу жыл серік болдым. Сенің кім екеніңді менен артық білетін ешкім жоқ. Адалдығыңа, тазалығыңа ертең-ақ елдің көзі жететін болады. Керуен көшеді, ит үреді, - депті.
Білім алуы, қызметі:
Дінмұхаммед Ахметұлы Алматыдағы №14 қазақ орта мектебінде білім алған. 1936 ж Мәскеудегі Түсті металдар және алтын институтын бітірген. 1936-1942 жылдарда Балқаш, Алтай, Риддер, Лениногор кен орындарында басшы қызмет атқарған. 1942-1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары болды. 1952 ж сәуірде Қазақстан ҒА-ның презинденті болып сайланды. 1955-1960 жылдар және 1962-1964 жылдары
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы 1960-1962 және 1964-1986 жылдар Қазақстан КПОК-нің бірінші хатшысы болды. Д.Қонаев өмірінің 25 жылға жуығын Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарды.

2. Ел ағасының ақжарқын бейнесі
Халықтың ризашылығына бөленген қоғам қайраткері. Болашаққа ерекше үлгі болатын қайталанбас тұлға. Кісілікті еңбектен іздеген Дінмұхаммед Қонаев 1972, 1976 жылы және 1982 жылы үш мәрте Социолистік Еңбек Ері медалына ие болған. Еңбек Қызыл Ту ордені , Ленин орденімен марапатталған.
Хоббиі:
Ол кісі аңға шыққанды ұнатады екен. Аңға шығарда Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев зайыбына Қазаныңды көтере бер-десе, зайыбы Зуһра Өзім ғана көтермей, көршілерге де айтайын да, олар да көтеріссін дейтін көрінеді. Өйткені Димекең олжасын туған - туыс, жора-жолдастарына үлестіріп жібереді екен. Одан кейін оттық жинаған. Бірде Шыңғыс Айтматов Мәскеуде кездесіп қалған жерінде Демеке мен шетелге бара жатырмын ол жақтан сізге қандай сыйлық ала келсем болады дейді. Маған еш нәрсенің қажеті жоқ, тек бір оттық ала келсең болады дейді. Ал сіз темекі шекпейсіз ғой оның не қажеттігі бар деп сұрағанда, Қызық үшін оттық жинап жүрмін деген екен.
Бойындағы ерекше қасиеттері:
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев таңертең сағат 6-да тұрып дене шынықтыру жаттығуларын жасап, велосипед тебеді екен. Бұл оның күнделкіті дағдысы. Өзінің академик ретінде әр сайын алатын 750 сом стипендиясын жетім балалар үйіне аударып отырған. 1992 ж Димаш атамыз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарын аралаған кезде халық оған шапан-шоқпытты есептемегенде, 29 ат, екі боталы түйе мінгізген. Бірақ, солардың бір де, бірін ӛзі алмай, кӛп балалы отбасыларға, жетім-жесірлерге үлестіріп берген. Ширек ғасырдай республика басшылығында жүріп, жоғарғы адамгершілік қалпын сақтап қала білген, Отанын шын жүректен сүйген, халық сүйіспеншілігіне бӛленген, кішіпейіл, шыншыл, кіршіксіз таза, осынау ұлы адамның ғұмыр жолы да ӛте қызықты. Ерекше тұлғаның бойындағы осындай жақсы қасиеттер әр қайсымыздың бойымыздан табылғай.
Д.А.Қонаев өз елін, халқын, сүйетіні соншама қызметтен кетсе де, халқының қамын ойлаумен болған. Ақиқаттан аттауға болмайды деген соңғы кітабында: Мен әулие емеспін, сәуегейлік жасағым да келмейді. Бопсаға да жоқпын. Бірақ туған елімнің түтіні түзу шықса, туы биіктен желбіресе, абыройы асып, адамдары, бақытты ғұмыр кешсе деген тілек үстіндегі жанның бірімін-деді.

II тарау
1. Д. А. Қонаев- мемлекет қайраткері

Қазақстанның саяси дамуы, Д.А.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болған кезеңінде Қазақстан тарихында қалдырған қолтаңбасы.
1960 жылы қаңтар -1962жылы желтоқсан және 1964 жылы желтоқсан 1986 жылы желтоқсан аралықтарында ел билігін өз тізгінінде ұстаған. Д.А.Қонаев мынадай жетістікке қол жеткізді. Қазақстанның Кеңес Одағындағы ролін нығайтты. Павлодар қаласын Хрущевгорд деп өзгертуден, Маңғыстау облысын Түркіменстанға беруден сақтап қалды. Өзбекстанға өтіп кеткен 3,5 мың га қазақ жерінің қомақты бөлігін қайтарып алуға қол жеткізді. Ақын О.Сүлейменовты диссидент жасауға тырысқан М.Сусловтың әрекетіне тосқауыл қоя білді. Қазақстан картасындағы Торғай, Жезғазған, Маңғыстау, Талдықорған сияқты жаңа облыстардың ашылуы осы кісінің еңбегімен тікелей байланысты. Оның тұсында қазақтың тұңғыш екі сериялы фильмі, он екі томдық энциоклопедиясы жарыққа шығып, Алматыда ғажайып архитектуралық ансамбльдер бой көтерді. Күрделі, қиын уақытта басшы болған бұл адамның қай істеде Қазақ елінің алдында сіңірген еңбегі толассыз. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1987 жылғы VIII, IX пленумдарында Д.А.Қонаевтың қателіктерін әшекерлеу науқанын жүргізуге талпыныс болды. Бірақ бұл әрекет сәтсіз аяқталды.
А) Экономикадағы жетістігі:
Д.А.Қонаев жоспарлы, әкімшіл-әміршіл жүйе тұсында елге билік жүргізсе де үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, реапубликаны тоқырауға ұрындырған жоқ.
Мысал ретінде көрсеткіштерді сараптап көрелік. Қазақстанның 1955 жыл мен 1985 жылдың аралығында, яғни 30 жыл ішінде 7 Қазақстанға өсіп, өркендеді. 43 жаңа қала өмірге келіп, облыс саны 19-ға жеткізілді. Ұлттық өнім 7 есе өсті. Электр энергиясын өндіру 14 миллиорд киловат сағаттан 85 миллиардқа, көмір өндіру 28 миллион тоннадан 136 миллион тоннаға жетті.
Тағы бір ең маңызды көрсеткіш, осы 30 жылдың ішінде қазақ халқының саны 2 миллион 700 мың адамнан 7 миллион адамға жетіп, таза өсімі екі еседен асып түсті. Бұдан шығатын қорытынды, мәселе-дамудың социолистік мазмұнын да емес, мәселе-қоғамдық және экономикалық қарым - қатынасты басқару жүйесінің іскерлігінде.
Ә) Ғылым-білім саласындағы жетістігі.
Өзі терең білімді, ғұлама ғалым болған соң осы салаға өте көп көңіл бөледі. Ол кісінің Республиканың Ғылым академиясын басқарған жылдардағы ерен еңбегін айтпауға болмас. Академияның материалдық-базасын нығайтуға, ғылыми зерттеу инстуттарының жаңа ғимараттары мен ғалымдарға арнап тұрғын үй салуға барлық күшін жұмсады.
Ал білім жүйесін жетілдіруде сіңірген еңбегі тіпті ерекше. Димекеңнің кезінде жоғары оқу орындарының саны 26-дан, 55-ке дейін, студенттер саны 70 мыңнан 275 мыңға дейін, институт мұғалімдерінің саны 9 мыңнан 22 мыңға дейін өсті. Барлық облыстарда мектепке мұғалімдер дайындайтын педагогикалық институттар ашылды. Өскеменде жол құрылысы, Рудныйда индустриалды - өндірістік, Целиноградта инженерлік-құрылыс, Қостанайда ауыл шаруашылығы, Алматыда энергетика, архитектура және құрылыс, темір жолдары, автомобиль жолдары институттары ашылды. Қарағандыда еліміздегі екінші мемлекеттік университет бой көтерді. Алматыдағы бірінші университетіміз-қара шаңырақ ҚазМУ-дің жаңа студенттер қалашығы пайда болды.
Сонымен Қазақстанның тарихы-Д.А.Қонаевтың өмірі, Д.А.Қонаевтың өмірі-Қазақстанның тарихы. Бірінен-бірін бөліп қарауға болмайтын дүние.

III тарау
1. Димекең деген екен...
Еліме айтарым
- Мен Тәңірі сыйға тартқан біраз жасқа келдім. Жақсыны да кӛрдім, жан ауыртқан күндерді де бастан кештім. Ол менің ғұмырым, бірақ бұл ӛмірді халықтан бӛле -жара қараған емеспін. Бозбала шағымда қара бастың қам - қарекеті болса болған шығар, бірақ ат жалын тартып мінген азамат кезден алдыма қойған бар арман, бар мақсат елмен еншілес болды, халқым. Саған қалтқысыз қызмет еттім, аманатыңа адал болдым, соңғы демім таусылғанша еліме, жеріме қызмет етуден танбаймын. Менің тірі пендеге ӛкпем жоқ, ал менде кеткен ӛкпе - наз болса, ақ басымды иіп, мың қайтара кешірім сұраймын.
Еліме айтарым:
біріншіден, үрейден аулақ болайық. Сенім жоғалмасын. Қиыншылық деген қиюы келмейтін іс емес.Жұмыла кӛтерейік.
Екіншіден, тату үйге тақсірет жуымайды. Бірлігіңе ие бол.
Үшіншіден , өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма!
(Д.А.Қонаевтың Г.Толмачевпен болған сұхбатынан үзінді).

Д.А.Қонаевтың нақылға айналған сөздері:
1. Бүгінгі күн - кешегі күннің шәкірті.
2. Жалада шыңдық болмайды.
3. Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама.
4. Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды.
5. Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.
6. Ақиқаттан аттап кету - арға сын.
7. Орынды сын ойлантпай қоймайды.
8. Адамға жазаны ең үлкені - жұмыссыз қалдыру
9. Адам айнасы - адам
10. Тәуелсіздіктің жүгі ауыр
11. Қараң қалған билік қайтіп оңалмайды.
12. Бітімі қисық ағаштың көлеңкесі де өзіндей болады.
Димекең деген екен ...
І. Жібі түзу, жаны таза адам кез - келген жағдайда, қандай қызметте істемесін қашан да ар-ожданын - биік ұстап қалады.
ІІ. Өмірге, қоғамдық құбылысқа бір түспен - тек қара бояумен жараспайды. Әділдік іздесек.Аттауға болмайды.
ІІІ. Тарих боямалауды көтермейді. Бары да шыны да осы ... Әр кездің өз әні бар ғой, оған орындаушы кінәлі болмаса керек.
ІV. ... Мырзалар, бір ұртыңмен май шайнап, бір ұртыңмен қан жұтуға болмайды. Атқа мінген әкімнің үзенгісін. Тең баспағанын бетіне бассаң бас, бірақ тарихқа, тарихпен тағдырлас халыққа қиянат жасама.
V. Әлбетте, жұмыстың аты - жұмыс, барлық уақытта майдан қыл суырғандай мінсіз тірлік кештік дей алмаймын. Бәрін өзің ойлағандай бола берсе, онда өмір өмір ме?
VІ. Билік оңай да, билік айту қиын.
VІІ. Қазақ : Өткеннің арбасы алысқа бармайды - дейді. Рас, ескірген, тозған дүние - уақыттың құрбаны. Бірақ ескісіз жаңа болмайды. Оның тәлімінсіз, ащы сабағынсыз ертеңгі күннің қасиеті таңылмайды. Демек бүгінгі кешегі күннің шәкірті.
VІІІ. Көптің мінезі - сәуірдің бұлтындай .
ІХ. Өртті сөндіруден гөрі, оның тұтатпау ерлік.
Х. Қазақстан - орасан зор және сан алуан мүмкіндіктер өлкесі.
ХІ. Дүниенің түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болуы әп - сәтте.
ХІІ. Қазақ ауыр істен емес, ауыр сөзден қорқады.
ХІІІ. Қылышынан қан тамып тұрған заманда сен өйтпедің деу - қақаған аязда жылы үйде отырып күннің күйіп тұрғаны - ай ! деп, жейдесін шешкен кісінің тірлігімен бірдей іс. Семей полигонының жайы осылай . ХIV. Елдің наласын қара басының бір күндік рахатына айырбастап кетуден асқан сатқындық болмас. Сақтансаң, осындайлардан сақтан, болашақ!
ХV. Қиянаттан асқан қылмыс болмайды.
ХVІ. Сөз киесі - иесінде.
ХVІІ. Билікке көтерілдім, бірақ халықтан аласа екенімді ұмытпадым. Қайтып ашар есігімді қатты жаппадым. Түптің түбінде оралар ортам - ел іші, ағайын ортасы. Басар жерім де, барар жерім де - қара жер. Қастерлей білсем қадірімнің кетпесін білдім. Панаң да ел, данаң да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.
XYIII. Дінмұхаммед Қонаев: Иман жиям десең, пиғылыңды таза ұста. Өз басым мына мұрат тұтқан мына төмендегі бес сипатқа тоқтала кеткім келеді. Жастайымнан атқа міндім. Біреуден ілгері, біреуден кейін тірлік кештік. Жақсылыққа мақтанбасқа, жамандыққа жасымасқа бел буып өстік. Кем- кетіксізбін деуге аулақпын. Барды қадірлеп, жоқты іздедік. Жоғын іздеген кісі ол жақты табатын кезі болады. Меніңще, осыны ойға тоқып қана қоймай, бойға сіңіре білуден асқан байлық жоқ.
Жоғына жолыққан сайын көп нәрсеге қолың жете береді. Алысың жақын болып, жатың дос- жарға айналып кетеді. Адамдық қалыпты биік ұстау- кімге болса да үлкен сын. Адамгершілік қасиетті аласартып алмайық. Өмірдің өзегі де, оған қоса азаматтылық та осында. Мен өзім осы бес сипатты өмірде қолдануға күш салдым. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорғау және бағалау
Зар заман әдебиеті мен Алаш ұранды әдебиеттің сабақтастығы
Теориялық зерттеудің бағыты және әдістері
Мәтін - диплом жұмысының күрделі әрі маңызды бөлігі
Беттердің рет саны
Жұмыстың құндылығы
Ғылыми жұмыста мақсаттар мен міндеттерді тұжырымдаудағы қателіктер
Жұмысқа керек материалдар
Кітапхана ғасырлар бойы келе жатқан шырағы бтік парасатталық пен білімділіктің киелі ордасы
МДҰ әдістемелік кабинет
Пәндер