Тіл кемістігі бар балалардың тілін дамытудағы ойын мен жаттығулары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
"Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті"

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Жалпы тіл кемістігі бар 5-6 жастағы балаларға дидактикалық ойындар көмегімен сөз құрауға үйрету

Орындаған: Жарылқасым Ж
Тобы:ДФ - 20 К
Мамандығы: Дефектолог
Тексерген: Алпысбаева М.Б

2020-2021 оқу жылы

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 бет
I ТІЛ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-5 бет
1. Тілін түзетудегі логоритмикалық жаттығулардың маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-7бет
1.2 Тіл кемістігі және оның себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..7-12б ет
1.3 Балалардың тіл кемістігінің түрлері және оны түзету жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-15бет
Негізгі бөлім
II БАЛАНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1Баланың тілін дамытуда ойындардың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Тіл кемістігі бар балалардың тілін дамытудағы ойын мен жаттығулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Баланың тілін дамытудағы ойынның әсері
Қортынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29бет
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30бет

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Казіргі кездегі өзекті проблема баланың тіліндегі кемістігінің көптігі.Осы проблеманы уақытылы жою, ойын жаттығуларды пайдалану арқылы тіл дамыту жұмыстарына көңіл бөлу . Моторика мен тіл тікелей байланысты, сол үшін ұсақ мозайкалар, ермексазбен жұмыс, аппликацияларды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу.
Курстық жұмыстың проблемасы: Тіл кемістігі бар балалардың арнайы әдістемелік , жаттығу мен ойын бағдарламаларының болмауы, оның ішінде белгілі-бір алгоритмді жинақпен дайындалған кітаптар мен шағын әдістемелік жинақтың болмауы.
Қарама-қайшылығы: Жоғарыда айтылған мәселелерге қарап, біз тіл кемістіктері бар балалардың тілін дамытуда жаттығулар мен ойындарды қолдануды дұрыс ұйымдастырмау сияқты қарама-қайшылықтарды көреміз.
3. Зерттеу мақсаты, обьектісі, тақырыбы, гипотезасы, міндеттері, әдістері.
Зерттеу тақырыбы: Тіл кемістігі бар балалардың тілін дамытудағы ойын мен жаттығулардың тигізер әсері.
Зерттеу мақсаты: Жалпы тіл кемістігі бар 5-6 жастағы балаларға дидактикалық ойындар көмегімен сөз құрауға үйрету негізінде шығармашылық қабілеттерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
+ Пайдаланылған әдебиеттер тізімін құрастыру;
+ Жоспар құрастыру;
+ Тіл кемістігі бар балалардың тілін дамытудағы ойын мен жаттығулардың әсерлі жағдайларын анықтау;
+ Тілкемістігін жоюға мол септігі бар ойындар мен жаттығуларды іріктеу;
+ Қорытынды жазу.
Зерттеу нысаны: Тіл кемістігі бар балалардың тілін дамыту.
Зерттеу гипотезасы: Егер тіл кемістігі зақымдалған балаларға ұсақ зерттеу жұмысында көрсетілген дидактикалық ойындар мен әдіс-тәсілдер тиімді пайдаланылса, онда тіл кемістіктерінің алдын алуға болады;
Зерттеу әдістері: теориялық әдістер: педагогикалық әдістер, психологиялық әдістер;
Эмпирикалық әдістер: сұхбат, бақылау, ойын шарттаын саралау;
Тәжірибелік әдістер: алынған нәтижені анықтау.
Зерттеу жұмысы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және бірнеше тараулардан , қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Және де курстық жұмыста қабылданған шешім бойынша қосымша бөлімнен, барлық деректердің дәлдігі мен обьективтілігі үшін студент - курстық жұмыстың авторы жауапты болады.

I ТІЛ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Тіл кемістігі бар балалар - қалыпты естуі және ой өрісінің дамуы бар балалардың тілінің дамуында кемістік бар балалар. Тіл кемістігі әртүрлі, ол дыбыстауда,тілдің грамматикалық құрылымында,сөздік қорының төмендегінде және сөйлеу қарқыны мен қалыптылығында байқалады.
Тіл - қарым-қатынас. Қоршаған ортаны танып, білу құралы. Өзімізге белгілі біздің тіліміз екі міндетті атқарады. Біріншісі адам мен адамды өзара қатыстыру, байланыстыру құралы ретінде қолданылса, екіншісі айтайын деген ойларын бір-біріне жеткізіп түсінісу үшін қолданылады. Онсыз адамдар ұйымдасқан түрде бірігіп тіршілік жасай алмас еді, табиғаттың күшіне қарсы күресе алмас еді. Тіл - халықтың ең ұлы байлығы деген еді көрнекті жазушы М.Шолохов.Тыңдаушы адамға тіл, әрине, сөз арқылы жетеді. Жалпы тіл біздің өмірімізде алатын орны ерекше. Біз тіл арқылы өзіміздің ойымызды айтамыз, адамдар мен қарым-қатынасқа түсеміз, қоршаған ортаны танимыз.Балалардың жасымен қоса тілі де, ойлау қабілеті де қоса дамып отырады. Сондықтан да біздің тіліміз адам қоғамының өсіп-өнуі үшін де ең маңызды құрал. Тілдің сөйлегенде бұзылып, дыбыстың дұрыс қолданылмауы адамның ілеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне, сонымен бірге психикалық дамуына әсерін тигізуі мүмкін. Сөйлеу мәдениетінің деңгейі келешекте баланың жеке және кәсіби өмірінің бағытын айқындап береді.Бұл қазір жеке бастың ғана мәселесі емес.
Тіл кемістігі деп жалпы айтқанда сөйлеу қабілетінің психофизиологиялық
механизмінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің
қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айт уымызға болады.
Коммуникативті теория бойынша сөйлеу тілі бұзылысы - ол
вербальды қатынастың бұзылуы деп есептеледі.
Тіл кемістігі күрделегі жағынан қарағанда жалпы оқытуда кедергі тудырмайтын және ауыр, арнаулы оқытуды талап ететін түрі болады.
4-6 жас аралығындағы балалардың тіл дамуының нормативтік көрсеткіштері:
1.Тіл дамуының көстеркіштері
2.Зат атауларын қолданады
3.Адамның мамандығын білдіретін жұрнақтарды қолданады
4.Сөздерге антоним таңдай біледі
5.Сөзжасау жалғастырады
6.Бір фонеммен ерекшеленетін сөздерді айыра алады(рак - лак сияқты)
7.Сөздің құрамындағы дыбыстарды санын анықтай алады
8.Сөздегі дыбыс орындарын 3 позицияда таба алады (басында,аяғында, аяғында)
9.Сурет немесе суреттер бойынша әңгіме құра алады
10.Дыбыстаулары нормаға толық сәйкес келеді
11.Іштей жоспарлап сөйлеуді қалыптастыру басы бар
3-4 жас аралығындағы балалардың тіл дамуының нормативтік көрсеткіштері:
1.Тіл дамуының көстеркіштері
2.Белсенді тілінде зат бөліктерінің атауын қолдану
3.Кішірейте-еркелететін мағналы жұрнақтарды қолданады
4.Сөз алды қосымшалар қолданады
5.Сөз жасамдық қабылеті байқалады
6.Бір фонеммен ерекшеленетін сөздерді айыра алады(жук - лук сияқты)
7.Ш,Ж,Щ,Ч,Л.Р дыбыстарын айта алады
8.Өз тілдеріндегі қате дыбыстауды байқай алады

Ата-аналарға бала тілі туралы
Соңғы жылдары тіл кемістігі бар балалар саны ұдайы өсуде. Балалардың шешелері мен әкелері қорытындыда: алалия,кекеш, тіл дамуының кідіруі т.б. диагноздарын оқып жиі байбалам салатыны құпия емес.Бала тілінің даму кемістіктігі болу мүмкіндігі туралы мәлімет алғаннан кейін маманға қандай сұрақтар қоюды, олармен қарым қатынаста қандай тұғыр ұстау керектігін анықтай алады;логопедтің ұсынымы бойынша үй тапсырмаларын ұйымдастыру қажеттігін түсінеді. логопед мұғаліммен ата-аналар арасындағы тығыз байланыс тіл кемістігін жоюдың ең басты бөлігі болып табылады.
Отбасының баланың тіл дамытуына түзетулер жасауға қатысуы
Тіл дамуында кемістігі бар балаларды емдеу ең алдымен баланың ағзасын бекітуге әкеп тіреледі. Бұл қараста дұрыс режим мен тамақтану, дене шынықтыру, сумен түрлі емдеулердің зор мағнасы бар.
Балаға әсер ететін невропатия себептерін анықтап, жағымсыз психологиялық факторларды жоюға тырысу керек.
Мысалы, тәбеті бұзылған жағдайда ата-аналар баланың тамаққа деген жек көрушілігін болдырмау шараларын жасауы керек. Бастысы - тамақтанудың нақты тәртібін орнату.
Баланы зорлап тамақтандыруға, әсіресе дімкәстік кезінде, қорқытып немесе уәде беріп асыра тамақтандыруға қатаң тиым салынады. Баланың бір нәрседен үркуі болғанда ешқашан оған күуге немесе оны қорқытып жеңдіруге болмайды. Оның танымдық қызығушылығы аумағына сол қорқыныш шақыратын объектіні енгізуге тырысқан жөн. Түнге қарай ғажайып ертегілер айтуға, телеарна хабарын қарауға рұқсат етпеу керек. Ұйықтар алдында тітіркеніш жасайтындар шеттелуі керек.
Баланы түрлі нақтылы немесе жұмбақ қарақшылармен қорқытуға қатаң тиым салынады.Баланы қоршаған ортамен біртіндеп және абайлап таныстыру керек, бала әрекетіне жаңа заттарды оларға өзіне сәйкес түсіндірме бере отырып, біртіндеп енгізу керек.

1.1Тілін түзетудегі логоритмикалық жаттығулардың маңыздылығы
Қазіргі кезде түрлі дәрежедегі тіл кемістіктерінің көбеюі - шешімі табылмай келе жатқан өзекті мәселеге айналып отыр. Тіл кемістігі бар балалар саны қазіргі кезде көбейе бастады. Арнайы мамандар мен ұстаздарды балалардың тілінің дамуы алаңдатуда.Әр түрлі дәрежедегі тіл кемістігі балалардың психикалық, физикалық, ақыл-ойының дамуына кері әсерін тигізеді, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына кедергісін келтіреді, балаларды психикалық ауытқуға ұшыратады және баланың өз-өзіне сенімсіз, жасқаншақ, тұйық болып өсуіне әкеліп соғады. Логоритмика - қимыл әрекеттерге арналған жаттығулардың жүйесі. Әр түрлі қимылдар арқылы арнайы материалдарды қайталаумен беріледі. Логоритмикалық сабақтарда балалардың тыныс алуын, қимыл- қозғалысын, сөз- қимылды әрекеттерінің жағымды түрде қайта құрылуы жүреді.
Тіл кемістігін жоюдағы тиімді әдістердің бірі - логопедиялық ритмика, бұл белсенді терапияның бір түрі.Тіл - қарым-қатынас құралы болғандықтан, бұл жағдайда тіл кемістіктері бар балаларда көптеген қиындықтар туындайды. Әр жастағы балаларда сөйлеу тілінің әр түрлі бұзылыстары кездеседі. Олардың ішінде ең көп таралған түрі - дыбыс айту кемшіліктері. Мұндай кемшіліктер өз бетінше кемістік ретінде де, сөйлеу тілінің басқа, күрделі бұзылыстарының құрамында болуы да мүмкін. Бірақ дыбыс айту кемшілігінің ең қарапайым түрін де кемістік емес, кейін түзеліп кетеді - деп жайбарақаттықпен қарауға болмайды.
Тіл кемшілігі бар балалар өздерінің кемшіліктері себепті достар таба алмай қиналады, әсіресе сөйлеуден қорқады. Ондай балалардың жалпы және ұсақ моторикалары да толық дамымайды. Өздеріне басқалар тарапынан сұрақтар қойылса, жауап беруден қашқақтап, сұрақтарды толық тыңдамай мазасызданып, әр түрлі ретсіз қимыл-қозғалыстар жасайды (басын қасу, қозғалақтау, тамағын қырнау т.б.) сенімсіз, мазасыз, жасқаншақ балаға айналады. Бұл қиындықтар бала өскен сайын тереңдей түседі деп саналады.
Ата-аналар баланың әр кезеңдегі өсу процесін қадағалап, тіл кемшілінің неден пайда болғанын анықтау үшін дәрігерлерге, логопед мамандарға апарып, оны шешу жолдарын тауып, дер кезінде көрсетіп, емдетсе - балалардың тіл кемшіліктері жойылады. Логопед мамандар түрлі тіл кемшіліктерін түзету жолында белгілі бір нәтижеге жету үшін, балаларға арналған әдіс-тәсілдердің ішінен әрқашан тиімді де озық әдістерді іздейді. Осындай әдістердің ішінде түрлі тіл кемшіліктері бар балаларға тиімді деп логоритмиканы ұсынар едім.
Логопедиялық ритмика - тіл, музыка мен дене жаттығулары, қимыл- қозғалыстары көмегімен іске асырылатын емдік ритмиканың құрама бөлімі болып табылады. Тіл кемістігін түзетудегі логоритмикалық әсердің маңызын көптеген зерттеушілер атап өткен. Мысалы: В.М.Бехтерев, О.В. Правдина, В.А.Гиляровский, М.Е. Хватцев, Р.И.Лалаева т.б. Олардың пікіріншеЛогопедиялық ритмика - жалпы тонусқа, моторикаға, көңіл-күйге әсер етеді, ол орталық жүйке жүйесінің нерв процестерінің қозғалысын жаттықтыруға мүмкіндік береді, ми қабатын белсендіреді.
Адамдардың тіл кемістіктерін түзету барысындағы логопедиялық ритмиканың маңызы туралы В.А.Гример, Н.С.Сомайленко, Н.А.Власова, Ю.А.Флоренская, Л.Ф.Спиридова үлесін қосты. Музыкалық-ритмикалық тәрбие әдістемесін балаларға арнап алғаш ұсынған швейцар педагогы Э.Жак Далькроз болды. 50-70 жылдары логопедиялық ритмиканы пайдалана отырып, балалардың тұтықпа ауруын емдеу етек алды. 1960 жылдары В.И.Рождественская өзінің Балалардың сөйлеу кезіндегі тұтығуын жөндеу атты еңбегінде сөйлеу мәнерін қалыпқа келтіруде сөз бен қимыл және музыканың үйлестірілген жаттығуларының ролін ерекше көрсетті. Осы әдісті кейінгі жылдары Қазақстанда да емдік, педагогикалық мақсатқа қолдану кең өріс ала бастады. Бұл - Логопедиялық ритмика деп аталатын ерекше бағытпен дамуда. Логопедтер тілімен сөйлесек: сөз бен қимыл үйлесімділігі деп атауға болады. Логоритмиканың-түрлі тіл кемшіліктері бар балаларға, әсіресе тұтығу ауруына оң әсерін тигізетіндігі ғылыми түрде дәлелденіп отыр.
Логопед кеңес береді
жақ және тіл бұлшық еттерін дамыту. Ірі тағамдарды тиімді шайнауды, аузын шайуды, ұртын толтыруды,ауаны бір ұртынан екінші ұртына аударыды т.б үйрету;
баламен тек қана дұрыс тілде сөйлесу, бала тілін ешқашан қолданбау;
балаға күн сайын қысқа және ертегілер оқу;
онымен жиі сөйлесу, оның барлық сұрақтарына шыдаммен жауап беру, сұрақ қоюын мадақтау;
сөзді немесе фразаны, ондағы сөздердің орнын ауыстыра отырып, анық бірнеше рет қайталау;
күніне бірнеше рет артикуляциялық гимнастикалар орындау.Оның мақсаты - дыбыстарды айтуға қатысатын бұлшық еттерге жұмыс істетуоларды бағынышты ету. Оларға артикуляцияға аппаратының органдырын жаттықтыратын, дыбыстарды дыбыстауға ерін, тіл, таңдай қатыстыруға арналған жаттығулар енгізіледі. Алғашқы кезде айна алдында жаттыққан дұрыс;
балаға асыра жүктемеу жасау. Сабақтың 15-20 минуттан аспауы жөн;
ұсақ моториканы дамыту үшін жаттығулар қодану керек;
кекештікте сөйлеу демалысын, екпінді және ритмді дамытуға мүмкіндік беретін музыка сабақтары жақсы нәтиже береді. Баламен сабақ көңілсіз болмауы керек, оларды қызықты ойын түрінде өткізу, жайбарақаттық ахуалын жасау, баланы оң нәтижеге бағыттау, жиі мақтау.

1.2 Тіл кемістігі және оның себептері
Логопедияда сөйлеу тілінің қалыпты дамуы мен бұзылысын ажырату ең маңызды болып табылады. Сөйлеу тілінің нормасы - көпшілік мақұлдаған сөйлеу тіл әрекетінде сөйлеу тілін қолданудың жалпы нұсқалары деп білеміз. Қалыпты сөйлеу тіл әрекетінде сөйлеу тілінің психофизиологиялық механизмідері сақтаулы болады.
Тіл кемістігі деп сөйлеу қабілетінің психофизиологиялық механизмінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтады. Коммуникативті теория бойынша сөйлеу тілі бұзылысы - ол вербальды қатынастың бұзылуы деп есептеледі.
Сөйлеу тілінің бұзылуы төмендегідей белгілерімен сипатталады:
:: өз бетінше жоғалмайды, қайта бекиді;
:: логопедиялық ықпал жасауды талап етеді;
:: сөйлеушінің жасына сәйкес келмейді,
:: баланың одан ары дамуына жағымсыз әсерін тигізеді.
:: тіл білмейтіндік, диалектизм тіл кемістігі болып саналмайды.
Мұндай сипаттама сөйлеу тілінің бұзылыстарын баланың жас ерекшеліктерінен, бала мен ересектердің уақытша сөйлеу тілінің бұзылыстарынан, диалектілерден ажыратуға мүмкіндік береді.
Логопедияда тіл бұзылысын білдіретін сөйлеу тіл кемістігі, тіл ақаулығы, сөйлеу патологиясы, сөйлеу тілінің ауытқуы, сөйлеу тілінің бұзылысы және сөйлеу тіл дамымауы деген ұғымдар қолданылады.
Сөйлеу тілінің дамымауы - кейбір сөйлеу функцияларының немесе сөйлеу жүйесінің қалыптасуының төмен денгейі.
Сөйлеу тілінің бұзылысы - сөйлеу әрекетінің механизмдерінің жұмысының қалыптан ауытқуы, бұзылуы. Мәселен, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының жетілмеуінде тілдің морфологиялық жүйесін менгеру, сөйлемнің синтаксистік құрылысы денгейі өте төмен болады. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының бұзылуы оның аномальды қалыптасуымен және аграмматизмдермен сипатталады. Жалпы сөйлеу тілі дамымауында сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуы байқалады (фонетика-фонематикалық, лексикалық, грамматикалық жағының). Жалпы сөйлеу тілі дамымауының механизмі әр түрлі болуы мүмкін, соған байланысты ауытқудың құрылысы да әртүрлі болуі мүмкін. Ол дизартрияда, алалияда, т.б. тіл кемістіктерде байқалуы мүмкін.
Логопедияда сөйлеу тілі дамуының бұзылуы және сөйлеу тілінің тежелуі деген ұғымдар қолданылады. Сөйлеу тілінің дамуының бұзылуы кезінде сөйлеу процесінің онтогенезде бұзылуы байқалса, ал сөйлеу тілінің тежелуі дегеніміз сөйлеу тілінің дамуының темпінің тежелуі. Бұл жағдайда баланың сөйлеу тілінің даму денгейі жасына сай келмейді.
Сөйлеу тілінің жойылуы деген ұғым бас миының оқшауланған немесе диффузды зақымының салдарынан қалыптасқан сөйлеу дағдыларының және қатынас икемділігінің жойылуын білдіреді.
Сөйлеу тілі ақауларының алуан түрлі себептерін қарастырған кезде ақаулықтың пайда болу процесін талдау, жас ерекшеліктің әр кезеңінде сөйлеу тілі дамуының жалпы заңдылықтарын ескеруге негізделген (И. М. Сеченов, Л. С. Выготский, В. И. Лубовский) эволюциялық-динамикалық негіз қолданылады.
Этиология термині (грек тілінде этио - себеп, логос - ғылым, ілім)
ауырудың пайда болуының себебі немесе патологиялық жағдайын білдіреді. Себептілік мәселесі ежелден адам баласының ықыласын аударған. Этиологияның ғылым ретінде дамуы бірқатар медициналық және жаратылыс пәндердің жалпы ғылыми прогрессіне байланысты.
Сөйлеу тілі бұзылыстарының этиологиясы да дерттілік себептері туралы жалпы ілімінің тарихи даму жолдарын өтті.
Көне заманның грек философы және дәрігері Гиппократ (б, ғ.д. 460 -- 377 жж.) сөйлеу тіл кемістіктерінің, атап айтқанда, тұтықпаның себебі бас ми жарақаттануында деп айтып кеткен. Басқа грек философы Аристотель (б, ғ.д. 384 -- 322 жж), сөйлеу тілінің пайда болуын шеткі сөйлеу аппаратының анатомиялық құрылысымен байланыстырып, сөйлеу тіл бұзылыстарының себебін соның ақаулығынан деп білген.
Сонымен, көне заман ғылымдарының зерттеулерінде де сөйлеу тілі бұзылыстарының себептерін түсінуде екі бағыт белгіленді. Біріншісі Гиппократтан бастап шыққан - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл кемістігі бар балалардың тілін дамыту
Жазбаша тілдің бұзылуы
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы ойын технологиясының түрі – ұсақ моториканың маңызы».
СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ
Нашар көретін балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Аффект
Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамыту әдістемесі
Тіл кемістігінің себептері және жүргізілетін түзету жаттығулары
Сөйлеу тілдің жүйелі кемістігі бар мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстарын түзету жұмысы
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларда қолданылатын логопедиялық түзетушілік жұмыстың дәстүрлі емес әдіс – тәсілдерінің рөлі
Пәндер