Бөлшектердің сызбасын орындаудың тәжірибелік жұмыстары


С 94 Ералин Қ., Матеева Т. Сызуды оқыту әдістемесі. (Бейнелеу өнері және сызу мамандығы студенттеріне арналған дәрісбаяндар мен практикалық тапсырмалар жинағы) . Түркістан. Тұран. 2011. - 85 бет
ISBN 978-601-248-111-7
Дәрісбаяндар мен практикалық тапсырмалар жинағында сызуды оқытудың теориялық негіздері, техникалық сызбаларды ғылыми таным әдістері, негізгі дидактикалық принциптері, сызуды оқытуды ұйымдастыру мәселелері қарастырылған. Оқушыларды сызуға үйрету мен оқушылардың сызуға қатысты ұғымдарын, сызба дағдыларын қалыптастыру жолдары көрсетілген. Сонымен қатар болашақ мұғалімдер үшін сызу пәнін оқытудың педагогикалық білімдерін, педагогикалық іскерліктері мен дағдыларын меңгеру мен қалыптастыру мәселелері қарастырылған. Дәрісбаяндар жинағы педагогикалық университеттердің бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттері мен бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімдеріне арналған.
УДК741/744(075. 8)
ББК 30. 11 я 73
490301
М
00(05) 09
©Ералин Қ. Е., 2011
КІРІСПЕ
Болашақ бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімінің дайындығында оларға сызу пәнін оқытудың педагогикалық мәселелерін меңгерту маңызды орын алады. Бұл пәнді студенттерге оқытудың басты мақсаты болашақ мұғалімдерді мектептегі сызу пәнін оқытуға дайындау, педагогикалық қызметтің ішіне кіретін оқу әдістемелік жұмыстарының мазмұнымен, формаларымен әдіс тәсілдерімен таныстыру болып табылады. Онымен қатар студенттерге сызу пәнін оқытуды жоспарлау, ұйымдастыру, сабақ нәтижелерін жоспарлау және талдау жұмыстарының практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсаты қойылады.
Сызуды оқыту әдістемесі пәнінің типтік оқу бағдарламасына сәйкес сызуды оқыту әдістемесі пәнінің дәрісбаяндық курсы бойынша сабақтар тақырыптары жалпы білім беретін мектептердегі сызу курсының құрылымы, сызуды оқыту әдістемесі, сызуды оқытудың шетелдік әдістеріне тарихи шолу, Ресейде сызуды оқыту әдістемесі, Кеңес дәуіріндегі сызуды оқыту әдістемесін талдау бағыттарына бөлінеді.
Сызуды оқыту әдістемесі пәнінің практикалық сабақтарында стандарттармен танысу, жалпы орта білім беру мектептерінде сызуға арналған оқулықтар мен бағдарламалардың мазмұнын талдау, сызбаны безендіру мен сызу құрал жабдықтарымен жұмыс, проекция түрлері, екі немесе үш жазықтыққа проекциялау түрлері, проекцияны шешу жолдары тақырыптарын оқытып үйрету жолдары қарастырылады. Сонымен қатар аксонометриялық проекциялар тақырыбын оқыту әдістері, техникалық сурет және эскиздер тақырыбын оқыту әдістері, сызбаны оқыту сабағы және оның әдістері, қима мен тілік сабағын жүргізу әдістері, аксонометриялық қиылысуды оқыту әдістері тақырыптары бойынша эмпирикалық талдаулар жасау көзделеді. Сызуды оқыту әдістемесі пәнінің практикалық сабақтарын өткізудің бір бағыты жалпы орта мектептердегі сызу пәнін оқып үйрену негізінде репитициялық сабақтарды жүргізуге үйрету, қорытынды сабақтарды өткізу жолдарымен таныстыру және оларға талдау жасаудың педагогикалық білімдері беріледі.
Практикалық сабақтарда болашақ мұғалімдер мектептегі сызу пәнінің жылдық тақырыптық күнтізбелік жоспарын, сабақ жоспарларын, сабақтың құрылымындағы кезеңдерін жоспарлау, сыныптан тыс ұйымдастырылатын үйірме жұмыстарының жоспарын жасау тақырыптары бойынша тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар практикалық сабақтар барысында студенттер сыныптан тыс сызу пәніне қатысты мамандар жұмыс жасайтын кәсіпорындарға оқушылардың экскурсиясын ұйымдастыру, сызудан апталық өткізу, сызу кешін жоспарлау, сызуға арналған көрме ұйымдастырудың жоспарын жасаудың педагогикалық іскерліктері мен дағдыларын меңгертуге бағытталған практикалық жаттығулар орындалады.
Сызуды оқыту әдістемесі пәнінің практикалық сабақтарымен қатар студенттердің өз бетінше жұмыс жасауына бағыт бағдар беріліп, өзіндік жұмыстардың тапсырмаларын орындау студенттерден талап етіледі. Студенттердің өз бетінше жұмыстарында қима сабағының әдістемесі, қарапайым тіліктер сабағының әдістемесі, күрделі тіліктер сабағының әдістемесі, сызбаларды оқу шарттары, күрделі сызбаларды оқу және оның ішінен белгілі бір бөлшектің сызбасын бөліп алып орындау, құрастыру сызбасын оқу және оны орындау, құрастыру сызбасын бөлшектерге бөлу сабағы, құрастыру сызбасымен танысу тақырыптары бойынша өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау ұсынылады.
Сызуды оқыту әдістемесінің практикалық сабақтарында студенттер мектептегі сызуды оқытудың бір жылдық немесе жарты жылдық күнтізбелік тақырыптық жоспарын, сабақ жоспарын, белгілі бір тақырыптың әдістемелік талдауларын жасап үйренеді. Сонымен қатар, сызуды оқыту әдістемесінің практикалық сабақтарында студенттер педагогикалық практикаға шыққан кезде қолдану қажеттігіне байланысты сыныптан тыс сызудан көрме ұйымдастыру, сызудан апталық, сызудан кеш өткізудің жопарлары мен әдістемелік оқу тәрбие іс шараларына қажетті талдауларын дайындайы.
Сызуды оқыту әдістемесі пәнінің сабақтарында студенттердің меңгерген теориялық білімдері мен практикалық дағдылары, олардың болашақ педагогикалық қызметіне қажетті әдістемелік дайындық болып табылады
1 дәрісбаян. Сызуды оқыту әдістемесі
Сызуды оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы. Ол сызуды оқыту мақсаттарына сай сызуды оқытудың дидактикалық мәселелерін зерттейді. Әдістеме терминінің төркіні «методика», «метод», «әдіс», «жол» деген грек сөзінен шыққан. Сызуды оқыту әдістемесін басқаша «сызу педагогикасы», «сызу дидактикасы» деп те атайды. Бұлардың мағынасы бір біріне өте жақын, сондықтанда оларды біз бір мағынада қолданамыз. Сызуды оқыту әдістемесі ең алдымен мектептегі сызу пәнімен тікелей байланысты дамиды. Сызуды оқыту әдістемесі бір қырынан алып қарағанда педагогика ғылымының бір саласы болса, екінші бір қырынан қарағанда болашақ сызу пәнінің мұғалімдерін педагогикалық қызметке әдістемелік тұрғыдан дайындайтын оқу пәні ретінде танылады.
Мектептегі сызу пәнінің білімдері мен дағдылары молайып, мазмұны тереңдеп, ауқымы кеңейген сайын, оны үйретудің мәселелері де өзгеріп, күрделене береді, осыған сай жаңа тәсілдер пайда болып отырады. Жаңадан қосылған тәсілдер жинақтала келе жаңа әдістеме құралады. Сызуды оқыту әдістемесі сызуды оқытудың бірнеше әдістерінен құралады. Сызуды оқыту әдістері сызуды оқытудың бірнеше тәсілдерін біріктіреді. Сызуды оқыту әдістемесі сызуды оқытудың дәстүрлі әдістемесі және сызудың жаңа оқыту әдістемесі болып бөлінеді. Сызуды оқытудың дәстүрлі әдістемесі бұрыннан қолданыста келе жатқан сызуды оқыту әдістерінен құралатын болса, сызудың оқытудың жаңа әдістемесі оқыту проблемаларын шешудің жаңадан ендірілген әдіс тәсілдерінен құралады.
Сызуды оқыту әдістемесі өзара тығыз байланысты үш сауалға жауап беруге тиіс: бірінші, сызуды не үшін оқыту қажет? екінші, нені оқыту керек? және қандай тәртіппен, ретпен оқыту керек ? үшіншіден сызуды қалай оқыту керек?
Сызу пәні бойынша мектепте қандай материал қандай ретпен өтілуі тиіс екендігі мектеп сызу пәні бойынша бағдарламалар мен оқулақтарда көрсетілген. «Сызуды қалай оқыту керек?» деген мәселе «сызуды оқыту әдістемесі» пәнінің еншісіне тиеді.
Сызуды мектепте оқыту әдістемесі пәнінің алғашқы дәрісбаяны мектептегі сызу пәнін оқытудың мақсат міндеттері, тақырыптары, әдістері мен әдістемесі туралы студенттерге түсініктер беруден басталады.
Мектептегі сызу пәнін оқытудың мазмұны сызуды мектепте оқытудың мақсат міндеттеріне байланысты анықталады. Сызуды мектепте оқытудың мақсаты оқушыларға машина құрылысы сызбаларын, машина құрылысы бөлшектерін, сәулет құрылыс сызбаларын таныстырып, мектептерде сызуға арналған оқулықтар мен бағдарламалар туралы түсініктер беріп, сызбалар туралы оқушыларға қарапайым түсініктерді меңгертіп, оқушыларға сызудың ептейліктері мен дағдыларын қалыптастыру міндеттері қойылады.
Сызуды мектепте оқытудың негізгі тақырыптары сызбаны безендіру мен сызу құрал жабдықтарымен жұмыс істеу, проекциялау, проекция түрлері, кескінді екі немесе үш жазықтыққа проекциялау әдістері, белгісіз проекцияны табу, аксонаметриялық проекциялар, техникалық сурет және эскиздер сызбалары, қима мен тілік сызбалары, аксонометриялық қиылысу сызбалары, стандарттармен танысу, сызбаны безендіру мен сызу құрал жабдықтарымен жұмыс істеу бағыттарын қарастырылады. Сонымен қатар оқушылар аксонаметриялық проекциялар, техникалық сурет және эскиздер, сызбаны оқу, қима мен тілік, аксонометриялық қиылысу, шрифт тақырыптары бойынша практикалық сабақтарда түрлі сызба жаттығуларын орындайды.
Сызуды мектепте оқытудың негізгі тақырыптарына байланысты сызуды оқыту әдістері таңдап алынады. Олар сызбаны безендіру мен сызу құрал жабдықтарымен жұмыс істеуді үйрету әдістері, проекциялау, проекция түрлері, екі үш жазықтыққа проекциялау түрлерін оқыту әдістері, проекцияны шешу жолдарын оқытып үйрету әдістері болып бөлінеді. Сонымен қатар болашақ мұғалімер жоғары оқу орынында сызуды оқыту әдістемесі пәнінің дәрісбаян сабақтарында аксонаметриялық проекциялар тақырыбын оқыту әдістері, техникалық сурет және эскиздер тақырыбын оқыту әдістері, сызбаны оқыту сабағы және оның әдістері, қима мен тілік сабағын жүргізу әдістері, аксонометриялық қиылысуды оқыту әдістері стандарттармен таныстыру әдістері, жалпы орта білім беру мектептерінде сызуға арналған оқулықтар мен бағдарламаларды талдау әдістері, сызбаны безендіру мен сызу құрал жабдықтарымен жұмыс істеу әдістері, проекция түрлері, екі үш жазықтықтағы проекциялау түрлері, проекцияны шешу жолдары тақырыптарын оқытып үйрету әдістерімен таныстырылады.
Сонымен қатар студенттер сызуды оқыту әдістемесі пәнінің практикалық сабақтарында аксонаметриялық проекциялар тақырыбын оқыту әдістері, техникалық сурет және эскиздер тақырыбын оқыту әдістері, сызбаны оқыту сабағы және оның әдістері, қима мен тілік сабағын ұйымдастыру әдістері, аксонометриялық қиылысуды оқыту әдістері тақырыптары бойынша мұғалімнің практикалық жұмысына қажетті педагогикалық іс әрекеттерге бағытталған жаттығуларды орындайды.
Сызуды оқытудағы маңызды оқу мәселесінің бірі оқушыларды сызбаны безендірудің негізгі ережелерімен таныстыру. Мектептегі сызу сабағын оқыту ең басты екі бағытты қамтиды. Оның біріншісі оқушыларға сызудың негізін құрайтын ұғымдарды, теориялық қағидаларды, терминдер мен анықтамаларды меңгерту болса, оның екіншісі, проекциялау әдісін оқушыларға үйрету және қарапайым сызудың ептейліктері мен дағдыларын меңгерту болып табылады.
Сызу пәнінің алғашқы сабақтарының маңызды міндетіне оқушыларды адамдардың іс жүзіндегі қызметіндегі сызудың маңызымен мақсатымен, міндетімен, таныстыру көзделеді. Мысалдыр келтіру арқылы сызуды білгеннің қандай мамандық иесі болмасын пайдалы екендігі туралы айтылады. Сызудың даму тарихымен оқушыларды таныстыру үшін алдымен оқушыларға ежелгі кемелердің көне машиналардың бөлшектерінің суреттерін көрнекті етіп салып оны қарап шығу ұсынылады, оған практикалық тұрғыда талдау жасалады. Ол суреттің ХVII ғасырға жататыны туралы айтылады. Ондағы кескіндер қолдан салынғандығына, сызбаның мөлшері берілмегендігіне, онда сызбаны безендіру туралы түсінік беру жазулары жазылмағандығына, бұлар ерте кездердегі сызудың өзіндік ерекшеліктері мен даму деңгейінен хабар беретіндігіне назар аударылады. Мұнан ары қарай оқушыларға оқулықтағы суреттердегі кескіндерді қарап шығу ұсынылады. Бұл суреттегі көпірдің бейнеленуіне назар аударылады. Сызбада көпірдің жоспарының қарауыл мұнарасының фасадымен бірге көрсетілген. Сызбаларды мұндай бейнелеу әдістері сол кездегі Ресейде кеңінен қолданылған сызба әдістерінің бірі екендігіне мән беріп қарау керектігі ескертіледі.
Ресей ХVII ғасыр мен кеңес дәуірінде графикалық бейнелеу тәсілдерін жетілдіруден көптеген елдерді басып озғандығы сөз болады. Бұған мысал ретінде ХVII ғасырға жататын құралдың сызбасын алуға болады. Бұл құралдың сызбасында проекциялық байланыстар берілгендігіне назар аударылады. Дегенмен бұл сызбада заттың сыртқы түрін көрсетумен қатар оның ішкі құрылымын да бейнелеуге әрекет жасалғанына оқушылардың назары аударылады.
Мектеп оқулығындағы осы және басқа да мысалдарды пайдалана отырып, сызбаның бүкіл даму тарихын қысқаша шолу жасап, көрнекті ғалым-графиктердің аттары аталады. Әңгімені қорытындылай келе, қазіргі заманғы кескіндері, мәтіндері, мөлшері, негізгі жазулары бар сызбаның үлгісі көрсетіледі, бұрынғы мен жаңа сызбалардың айырмаларына көңіл аударылады.
Қазіргі кезде, жаңа заманғы, жаңа аппаратуралар мен техниканың бөлшектерін сызбасыз жасау мүмкін емес. Сызбалар дегеніміз машина бөлшектерін немесе құрылыс бөліктерін жасау жолдарын, олардың ішкі және сыртқы формаларының сипатын көрсететін құжат болып табылады. Сабақта мұғалім сонымен қатар сызбалар ғылыми-техникалық прогрестің дамуының ажырамас бөлігі ретінде оның сипатын білдіретін өзіндік ерекшелігі бар құжат болып табылатындығына назар аударады.
2. Дәрісбаян. Сызуды оқытудың тарихына қысқаша шолу.
Ресейде сызуды жүйелі түрде оқыту он сегізінші ғасырда басталған. Бірінші Петрдің дәуірінде тау кен зауытының мектебінде сызуды оқыту саласында алғашқы қадам жасалған. Мұндай мектеп 1721 жылы Екатиринбургте ашылған болатын. Тау кен зауыт мектебінде сызу негізгі пәндердің бірі болып есептелген. Ондағы оқушылар цехтардың жоспарын, машина бөлшектерін сызумен шұғылданған. Бірақ бұл кездегі сызбаларда өлшемдер қойылған жоқ. Олардың кейбір өлшемдері, сызбаның қосымша жазбаларында ғана берілді. Сонымен қатар сызу он сегізінші ғасырда гимназияларда оқытылды. Осы кезеңде Ресейдегі Петербургте (1725 ж. ), Москвада (1755 ж. ), Қазанда (1758 ж. ) гимназиялар ашылды.
Гимназиядағы сызу маериалдары геометрия курсының ішінде оқытылды. Оқушылар сызба құралдарының көмегімен көпқырлы моделдер дайындауға қажетті жалпақ фигураларды, сызба талдаулардың сызбаларын сызумен айналысты. Бұл жердегі сызуды оқыту барысы дайын сызбаларды көшіріп сызу мен механикалық жаттауға негізделді. 1828 жылдан бастап сызуды оқыту орта мектепке енгізілді. 1828 жылдан бастап сурет пен сызу жалпы бір бағдарламаға біріктіріліп, оны сурет мұғалімі оқытатын болды. Гимназиялар бағдарламаларында, ең бастысы сызғыш пен циркульді пайдалана отырып, үлгілер бейнелерін көшіру жолымен сурет салу дағдысын дамыту қарастырылды. Сызу курсының өзіндік міндеттері сурет салудың жалпы міндеттерінің тасасында қалып қойды. 1871 жылы сурет мектептегі міндетті емес пәндердің қатарына қосылды. Оның ішінде сызу да болды. Бұл сабақ мектептегі жалпы сабақтар біткен соң, тек қана сызуға ынтасы мен қызығушылығы бар оқушылар үшін ғана өткізілді. Кейінгі уақытта сызу гимназияның оқу жоспарынан шығарылып тасталды. 1872 жылдан бастап гимназиялармен қатар реалдық учелищелер ашылды. Гимназияларда сызу сурет пәнінің қосымшасы ретінде болса, учелищеде сурет сызудың қосымшасы етінде танылды. Бірақ сызу суреттің қосымшасы болудан арылғанымен, ол қолданбалы пән ретінде қалып, оны математика мұғалімі геометриялық сызу түрінде өткізді.
Қазан төңкерісінен кейін жаңа біріңғай еңбек мектептері құрылды. Кеңес мектебіндегі сызу курсының бағдарламасына геометриялық, проекциялық, техникалық, аксонометриялық проектілеу мен тахникалық сурет тақырыптары қосылды. Бірақ осы жылдардағы оқу жоспарларында сызудың дербестік мәні болған жоқ. Мысалы, геомертиялық құрылым мен ортоганалдық проекциялауға қатысты материалдар математика бағдарламасында болса, техникалық сызбаға қатысты материалдар еңбек пен физика пәнінің бағдарламасында болды. Сол сияқты, көрнекті бейнеге қатысты материалдардың барлығы бейнелеу өнерінің бағдарламасында болды. 1932 жылдан бастап сызу дербес пән ретінде бөлініп шықты. Оқу бағдарламасында «Геометриялық сызу», «Проекциялық сызу», «Аксонометриядығы сызба», «Нұсқадан сызу» атты төрт бөлім болды. Сызудан алғашқы оқулық 1934 жылы жарық көрді. Ол В. О. Гордон жазған «Техникалық сызу негідері» деп аталатын, оқулық еді. Оқулық проекциялық сызудан және техникалық сызу элементтерінен басталып, онда жазықтық бетіне құрастыру жүйелі түрде баяндалды. Сонымен сызуды бұл жылдардағы оқыту оқушыларды жартылай техникалық дайындау міндеттеріне сай, ұйымдастыруға толық жағдай жасалынды.
Бірақ ол кейінгі кезде мазмұны жағынанда, әдістері жағынанда елеулі өзгерістерге ұшырады. 1934-35 оқу жылындағы оқу жоспарында сызуды оқыту 6-10 сыныптарға бөлінді. Бағдарлама революцияға дейінгі ескі оқыту дәстүріне қайта оралып, сызу көптеген геометриялық құрылымдарды орындау болып табылатын сызу техникасының іскерлігі мен дағдыларын жетілдіретін пән ретінде қарастырылды.
Соғыс және соғыстан кейінгі жылдары сызуды оқыту саласында елеулі өзгерістер болған жоқ. Сызуды оқыту әдістері мен жүйесіндегі қалыптасқан жағдайларды қайта қарауға 1947-48 оқу жылында басты қадам жасалды. Барлық сызу курсы екіге бөлінді: біріншісі жетінші сынып, екіншісі сегіз бен оныншы сыныптар аралығы болды. Жетінші сыныптағы сызуды оқыту бастауыш сызу мәліметтерін меңгерту сипатында болды. Оқушылар бұл сыныптарда сызу кұралдарын қолдануға үйреніп, геометриалық құрылымдарды орындауға жаттықты, зат бейнесін жазықтық бетінде орындау тәсілдерімен танысты. Сызудың негізгі курсы 8-10 сыныптарда оқытылып, оқушылар геометриялық және проекциялық сызумен таныстырылды. Бұл сызба геометрия элементтерімен байланыстырылып оқытылды. Бұл кезде сызу пәні біртіндеп, жоғары оқу орнында сызба геометриясы мен техникалық сызуды оқуға дайындайтын пән ретінде қалыптаса бастады. 1958 жылы КСРО Жоғары кеңесі КСРО халыққа білім беру жүйесін онан әрі дамыту, мектепті өмірмен байланыстыру туралы заң қабылдады. Бұл кездегі сызу курсы алдындағылардан мүлдем өзгеше болды. Оқыту негізіне кеңістік формаларын жазықтық бетінде бейнелеуді, техникалық сызбаларды орындаудың ережелері мен шарттарын, бөлшектердің қосындыларының көріністерін оқып үйрену алынды.
1960 жылы мектептегі білім беру мазмұны мен әдістеріне қайта құру жасалды. Сызу пәні 6-8 сыныптарда оқытылатын болып оны оқыту бағдарламасы қайта жасалынды. Бұл бағдарламаға өту 1972-73 оқу жылынан бастау жоспарланды. Бірақ бұл орындалмады. Сызу 1980-81 оқу жылына дейін 7-8 сыныптарда ( 7 сыныпта - аптасына 1 сағат, 8 сыныпта аптасына 2 сағат) оқытылды. Осы уақытта 9-10 сыныптарға арналған бір жылға 70 сағатқа есептелген сызудан үш түрлі факультатив курсын оқытуға шешім қабылдады.
Бұл кезеңде сызу курсын оқытудың мақсат міндеттері өзгермей оқушыларға техникалық сызбалар мен эскиздерді оқи білу мен сызбаларды орындау дағдыларын дамыту болып өзгеріссіз қалдырылды. 1980-81 оқу жылында 7-8 сыныптарда сызуды оқытуға бір жылға 68 сағат бөлінді. Курс бағдарламасынан «Жазықтық беттерінің тегістігін белгілеу», «Тісті берілістер, доңғалақтар мен берілістер» атты тақырыптар алынып тасталды. 1986-87 оқу жылындағы мектеп реформасына сәйкес сызуды оқытуды 7 сыныптан бастап жаңа құрылымға сай ерте қолға алу көзделді. Осыған байланысты сызуды оқыту мазмұны белгілі дәрежеде өзгерістерге түсті. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты, материалдарды қабылдауды жеңілдету мақсатында оқыту бағдарламасы қайта қаралып, жаңа оқулық дайындалды. Бағдарламадан күрделі тақырыптар алынып тасталып, оқушылардың шығармашылық қабылеттерін дамытатын жаңа тапсырмалар енгізілді.
3. Дәрісбаян. Сызу курсының құрылымы мен мазмұны.
Сызу курсы бойынша оқушылардың графикалық дайындығы екі кезең бойынша жүзеге асады: біріншісі кезең, яғни, жетінші сыныпқа дейін математика, еңбек және басқа пәндер бойынша сызбаларды оқу мен безендіру туралы мәліметтерді менгерту; екінші кезең, жетінші және сегізінші сыныптарда сызуды жүйелі түрде оқытып үйрету болып айқындалды.
Сызуды оқытудың мазмұны жалпы білім беретін мектептің оқу жоспары мен бағдарламасында берілген. Оқу жоспары бойынша сызуды оқытуға барлығы 68 сағат берілген. Олар 9-10 сыныптардың әр сыныбына жылына 34 сағаттан бөлінеді.
Сызу пәнінің оқу бағдарламасы оны оқыту мазмұнын анықтайды. Ол оқушыларға сызудан беретін білім мазмұнын анықтаумен қатар мұғалімге жетекшілік қызмет атқарады. 9 сыныпта «Сызбаларды безендіру ережелері», «Проекциялау әдістері», «Сызбаларды оқу және орындау» атты негізгі үш тақырып оқытылады. 10 сыныпта «Қима мен тілік», «Құрастыру сызбалары», «Құрылыс сызбаларын оқу» атты негізгі үш тақырып оқытылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz