Киіз үй


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

КИІЗ ҮЙ

Көктем шығып, жер беті жасыл пүлішке орана бастағанда, қыстаудағылар көш қамына кіріседі. Қақаған қыста мал қыстатып, көктемде төл өргізген шопандар, шопан ғана емес сиыршы да, жылқышы да белін жазып, кең өріске, жазира көк шалғынға шығуға асығады. Шөбі шүйгін, суы мол жерге барады. Ал қыстауын тастап көшкен еңбекшілерге тұратын баспана, үй керек емес пе? Міне, оған киіз үй бар.

Киіз үй сонау ежелгі заманнан бері көшпелі тайпалардың баспанасы бо-лып келген. Оның арғы тегі арба үстіне орнатылған күйме үй. Ал киіз үйдің қазақ даласында пайда бола бастауының өзіне үш мың жылдай уақыт өтті. Оның сонау ерте заманнан бүгінгі күнге дейін мал шаруашылығымен айналысатын халықтардың сенімді серігі болып келуінің себебі неде?

Киіз үй ең бірінші - көші-қонға қолайлы баспана. Оны тез жығуға, шапшаң тігуге болады. Ал «киіз» үй аталуында да ерекше мән бар. Киіздің ыстық пен суықты өткізбейтін қасиеті - киіз үйдің аптап шілдеде сая, ызғырықта жылы баспана болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да оған аппақ киіз жабады. Осы арада неге ақ болу керек деп сұрауларың мүмкін. Ақ басқа түске қарағанда күн сәулесін жақсы шағылыстырып, жылуды аз сіңіреді. Бастарыңа ақ телпек немесе ақ қалпақ кигенде күннің өткірлігі бәсеңдеп қалатынын естеріңе түсірсеңдер болғаны. Сонымен сендер киіз үйдің ең басты екі қасиетін білдіңдер.

Қандай баспана болмасын ол күнделікті тіршілікке, тұрмыс қажетіне қолайлы жасалады. Киіз үйдің құрылысы мен оның жасалатын материалы да осы мал шаруашылығымен аиналысатындарға өте тиімді, лайықты.

Киіз үй шеңберлене құрастырылатын бірнеше керегеден, оның үстінен күмбез еңсесін құрайтын уық пен шаңырақтан тұрады. Киіз үйді бір-біріне жалғастыра тігіп, бірнеше бөлме жасауға, бір үйдің өзін шымши немесе шымылдықпен шағын бөлмелерге бөлуге болады. Киіз үйдің тамаша желдеткіш «терезелері» бар. Ол - көлеңке жақтан түрілетін ірге, күннің жылжуына қарай ашылып отыратын түндік. Түндік күн суыған кезде мұр-жа қызметін де атқарады. Киіз үйдің әбзелдері: кереге, уық, есік, шаңырақ, туырлық, үзік, бау-басқұрдың бәрі кәдімгі қайың, қарағаш сияқты ағаш пен жүннен жасалады. Үйге жабатын киіздердің әрқайсының өз аты бар: кереге деңгейінен сәл асып тұратыны - туырлық; кереге басын қам-тып, шаңыраққа дейінгі аралықты жауып уық үстінен түсетіні - үзік, шаңырақ төбесін жабатын киізді -түндік деп атайды. Үзік пен туырлық саны, үй қанатының (керегесінің) мөлшеріне қарай артып отырады. Үйдің үлкен-кішілігін кереге-қанат санымен - төрт, бес, алты, жеті, сегіз қанат үй деп мөлшерлейді.

Киіз үй жел өтінен қағаберіс, шаңы шығып кетпейтін көкмайса тегіс жерге тігіледі. Ол үшін ең бірінші шеңберлене кереге жайылып, олар бір-біріне таңғышпен біріктіріліп байланады, есік орнатылады. Керілген кереге басы кейін теуіп кетпеуі үшін айнала басқұрмен тартылады. Осы кезде үйдің тура ортасында тұрған қолында бақаны бар қарулы жігіт шаңырақ көтереді. Көтерілген шаңыраққа айнала уық шаншылып, оның екінші басы керегеге байланады. Бұл киіз үйдің ағашы құрылып бітті деген сөз. Оған киіз жабылып, айналдыра таңып болғанда ғана киіз үй тігіліп бітті деуге болады.

Киіз үйдің ат үстінен уық шаншып тігетін «ақ орда» деп аталған алып түрлері де болған. Феодалдық заманда ондай «алтынмен апталып, күміс-пен күптелген» үйлерде қарапайым халық еңбегін қанаумен дәулет жиған бектер мен хан-сұлтандар салтанат құрған. Кедейдің еншісіне төбесінен су аққан қара лашық қана тиген.

Киіз үйдің ағашын халық арасынан шыққан үйші ұсталар, ал киіз әбзел-дері мен бау-басқұрларын ісмер әйелдер жасаған. Киіз үйдің өзіне лайық төсеніші, жиһазы болған. Осының бәріне халық шеберлері көз майы мен маңдай терін сіңіріп, әр бұйымды ғажайып өнер туындысына айналдырған. Қазіргі кезде бұл істі халық шеберлерімен қоса фабрикалар мен комбинаттар атқарады.

Бұл күнде әсем жиһаздалған киіз үйлерді жайлау төрінен, малшы ауылдан, егіс даласы мен пішеншілер қосынан жиі кездестіруге болады. Киік жортқан кер далада қыр астынан шыға келетін боз үйлерде, көл жағалай отырған немесе сарқырап аққан тау өзенінің жағасына ақшаңқан үйлерін тігіп тастаған малшы ауылда көпшілігің болған шығарсыңдар. Не-месе киіз үйлі лагерьлерде дем алуларың ықтимал. Қалай болғанда да, табиғат төріне жайғасқан киіз үйде іргені түріп тастап, шөп пен гүлдің жұпар иісі аңқыған кәусар ауамен кеудеңді кере дем алу - бір ғажап нәрсе!

Киіз үй сүйегінің кейбір бөлшектері

(есік, шаңырақ, кереге, уық) мен сырт көрінісі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киіз үй – жарты ғаламның моделі
Желі - керегені құрайтын ағаш
КӨШПЕЛІ ӨМІР МЕН ӨНЕР ТУЫНДЫСЫ
Қазақтың киіз үйі
Қазақ киіз үйі
Киіз үй туралы
Киіз үйдің символикасы
Туристерге қазақтың киіз үйімен жиһаздарын таныстыру әдістемесін жасау
Уық - кереге мен шаңырақты жалғастырып, киіз үйдің төбесін құрайтын сырық ағаштар
Киіз үй мәдениетінің тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz