Қазақ және ағылышын тілдеріндегі нақ осы шақтың функционалды - семантикалық сипаты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Алматы қаласы

Ғылыми Жоба

Бағыты: IV - Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар
Секциясы: Тіл білімі

Тақырыбы: Қазақ және ағылышын тілдеріндегі нақ осы шақтың функционалды - семантикалық сипаты

Автор: Тойбай Каусар Нұрланқызы
№ 26ЖББМ
10 сынып
Алматы қаласы

Жетекшісі: Болат Сәуле Болатқызы
№ 26ЖББМ
10 сынып
Алматы қаласы

Кеңесшісі: Иманқұлова М.А.
Абай атындағы ҚазҰПУ
PhD доктор
Алматы қаласы

Алматы қаласы - 2022

Мазмұны

Кіріспе

1. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі парадигмалық құрылым және функционалды-семантикалық сипат концепциясы
0.1 Осы шақтың қазақ және ағылшын тілдеріндегі парадигмалық құрылым қызметі.
0.2 Функционалды-семантикалық сипат концепциясының ағылшын және қазақ тілдеріндегі лингвистикалық интерпретацияс

1. Нақ осы шақ субкатегориясының семантикалық құрылымы
2.1 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі нақ осы шақтың категориялық жағдаяттары
2.2 Ағылшын тіліндегі нақ осы шақтың құрылымдық жүйесі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ғылыми жобанын жалпы сипаттамасы. Тіл білімінде тіларалық қатынастардың дамуына байланысты салыстырмалы - типологиялық әдісті қолдану - табиғаты жағынан алыс тілдерді бір - бірімен салыстырғанда аса маңызға ие болады. Бұл әдіспен зерттеудің нәтижесінде жеке тілдерге тән ерекшеліктер мен тіларалық сәйкестіктерді жан - жақты қарастыруға мүмкіндік туады.
Қазіргі таңда лингвистикалық зерттеудің көбіне арқау болып, қарқынды дамып келе жатқан тіл салаларының бірі - функционалды бағыт. Зерттеу жұмысы қазақ және ағылшын тілдеріндегі нақ осы шақты функционалдық тұрғыдан зерттеуге арналып отыр.
Функционалды грамматиканың негізігі принципі - тілдік бірліктердің қолданылуындағы мағыналық, мазмұндық жағын, яғни қызметін басшылыққа алып, әртүрлі тіл деңгейіндегі тілдік бірліктерді қарым - қатынас процесімен, сөйлеу жағдаятымен тікелей байланыста қарастыру. Бұл зерттеу әдісінде тілдік категориялардың ішкі мағынасы жан - жақты ашып көрсетуде дәстүрлі лингвистиканың әдіс - тәсілдері де қолданыстан тыс қалмайды. Себебі кез келген тіл белгілі бір лекцикалық, грамматикалық парадигма түскен тұтастық болып табылады. Зерттеуде функционалды-семантикалық сипат теориясының негізгі зерттеу нысаны болып танылатын екі бағытты (тұлғадан-мағынаға қарайғы және мағынадан-тұлғаға қарайғы) да қоса пайдалана отырып, нақ осы шақ шағын сипатын білдіретін түрлі тіл деңгейіндегі бірліктердің тілдік жүйедегі қызметі мен сөйлеу жағдаятындағы жұмсалымдық әлеуеті қарастырылады.
Тақырыптың өзектелігі. Сөйлеуші қимыл-әрекетті белгілі бір мезгіл ішінде жүзеге асырады. Нақ осы шақтық мағына қазақ және ағылшын тілдерінде функционалды грамматика тұрғысынан әр түрлі тіл деңгейіндегі тілдік бірліктер арқылы көрініс табады, атап айтқанда: мезгіл үстеулер, мезгіл мәнді құрмалас сөйлемдер, атаулы сөйлемдер, нақтылықты көрсететін қалып етістіктері мен амал-әрекет етістіктері, нақты субьекті мен обьекті т.б. Зерттеу жұмысында қазақ тіліндегі шақ категориясының жекелеген түрлері тұтас функционалды- семантикалық микроөріс ретінде алғаш рет ағылшын тілімен салыстырыла зерттеліп отыр.
Етістік категорияларының ішіндегі сөйлемді ұйымдастырушы негізгі категорияларының бірі болып табылатын шақты ағылшын және қазақ тілі материалдары бойынша салғастырмалы тұрғыдан қарастырып, екі тілдегі тілдік көрінісін айқындау, ортақ және айырмашылықтарын көрсету үлкен ізденісті, талдауды қажет етеді. Мұны шақ категориясының кең ауқымды әрі күрделі категориялдығымен, функционалды - семантикалық сипаттар кешені екендігімен түсіндіруге болады, яғни аталмыш категория жекелеген осы, келер, өткен шақтық мағыналардың шағын өрістердің жиынтығынан құралады. Біз осы тұтастықты зерттеу жұмысымыздың нысаны болып отырған шақ категориясының нақ осы шақ семантикалық шағын сипатына қатысты қарастырамыз.
Нақ осы шақ шағын сипатын білдіретін түрлі тіл деңгейіндегі тілдік бірліктер парадигмасының айқындалуы, мұндай бірліктердің функционалдық мәні мен семантикалық құрылымын және ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару барысындағы құрылымдылық, мағыналық және көркемдік ерекшеліктерінің алғаш қарастырылуы зерттеу өзектілігінің тағы бір қырын аңғартады. Сондықтан зерттеу жұмысында шақ категориясының нақ осы шақ семантикалық шағын сипатын оның функционалды ерекшелігімен тұтастықта қарастырылады. Тұтастық шақ категориясының нақ осы шақ семантикалық шағын өрісіне тән екені алғаш рет тілдік фактілер негізіндегі дәлелденеді.
Яғни, нақ осы шақтың мазмұны тек шақ көрсеткіштері арқылы ғана ашылмайды, басқа да мезгілді білдіретін тілдік бірліктер арқылы көрініп, нақ осы шақтың белгілі бір бөлігін құрайды. Сондықтан нақтылық мағына міндетті түрде өзімен астасып жатқан басқа да семантикалық категориялармпен тығыз байланыса отырып, функционалды- коммуникативтік тұрғыдан лексикалық, морфологиялық, синтаксистік деңгейдегі тілдік бірліктер арқылы көрініс табады. Осымен байланысты қазақ тіл білімінде нақтылықты білдіретін тілдің түрлі деңгейдегі тілдік бірліктердің жұмсалу өрісін, функционалдық мәні мен семантикалық құрылымын айқындайтын зерттеулердің қажеттігі жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Ғылыми жобаның мақсат - міндеттері. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі нақ осы шақтың шағын өрісін жүйелі-құрылымдық және функционалды-семантикалық өріс тұрғысынан кешенді түрде қарастыру зерттеудің мақсаты болып табылады. Салыстыра байланыстырып отырған тілдердегі нақ осы шақ өрісі семантикасының ұқсастықтары мен ерекшеліктері айқындау. Осы мақсатқа жету жолында мынадай міндеттер алға қойылды;
уақытқа қатысты нақ осы шақ өрісін құрылымдық және функционалды
грамматика тұрғысынан ғылыми негіздеу;
нақ осы шақтық мағынаның шеңберінде локативтілік, аспектуалдық,
таксистік, шақтық локалдылықбейлокалдылық ұғымдардың бір-бірімен тығыз байланыстылығын анықтау және семантикалық категориялармен астас тұстарын қазақ, ағылшын тілдеріндегі материалдардың негізінде көрсету; нақ осы шақтық қазақ, ағылшын тілдеріндегі мағыналық құрылымын айқындау; нақ осы шақ шағын өрісінің негізгі өзегін жасауға қатысатын көсемше түріндегі -ып, -іп, -п аналитаикалық форманттар мен отыр, жатыр, тұр, жүр қалып етістіктерінің ағылышын тіліндегі be (am, are, is) көмекші етістігі мен
нақ осы шақтың ұғымын тілдің тек грамматикалық қана емес, сипатының шеткері аймағында орналасқан тілдің өзге де деңгейіндегі тілдік бірліктері (мезгіл үстеулері, сілтеу есімдігі) білдіретінін қазақ, ағылшын тілдеріндегі материалдар бойынша дәлелдеп көрсету.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Ғылыми жобада зерттеу әдістері жұмыстың алдына қойған мақсат-міндеттеріне байланысты айқындалады. Сипаттамалы, салыстырмалы, салғастырмалы және тұтас контрастивті синхрондық әдіс-тәсілдер (тіл біліміндегі функционалдық сипаттағы ғылыми тұжырымдар қолданылады), жүйелеу (нақтылық семантикасын білдіретін тілдік құралдар бір жүйеге келтіріледі), компоненттік (нақ осы шақтық қазақ және ағылшын тілдерінде көрініс табу аталған тілдер бойынша жеке талданып көрсетіледі), жіктеу, морфологиялық, синтаксистік талдау (нақ осы шақ ұғымын білдіретін мезгіл мәнді сөйлемдер екі тіл деректері бойынша анықталады) және семантикалық талдау әдістері қолданылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі нақ осы шақтың функционалды-семантикалық өрісін құрайтын тіл деңгейі құралдарының ұқсастықтары мен айырмашылықтары кешенді түрде қарастырылып, зерттеу барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:
нақ осы шақ алғаш рет қазақ тілі мен ағылшын тілі деректері негізінде
салғастырыла отырып, функционалды-семантикалық аспектіде кешенді түрде қарастырылды;
нақ осы шақ өрісінің негізгі өзегін құрайтын көсемше түрлері мен
отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің тіркесімділігі, ағылшын тіліндегі нақтылық мағына беретін to be (am, are, is) + ... ing семантикалық ерекшеліктері анықталады және осы шағын өрістің шеткері аймағында орналасқан басқа да тілдік бірліктердің қызметі сараланады;
салғастырылып отырған тілдердегі нақ осы шақтың түрі мен
семантикасын білдірудегі ұқсастықтар, айырмашылықтар айқындалып, нақ осы шақтық мағына функционалды грамматиканың теориялық негізгі міндеттері арқылы кешенді қарастырылды;
қазақ және ағылшын тілдеріндегі нақ осы шақ субкатегориясының
локативтілік, аспектуалдылық, шақтық локалдылық таксис ұғымдарымен байланысы анықталды;
ағылшын тілінде жиі қолданылатын нақ осы шақтың мағыналық
топтпры жүйеленіп, олардың қазақ тіліне әртүрлі деңгейлік құралдар арқылы берілетіні көрсетілді.
Қорғауға ұсынылатын ой-тұжырымдар.
тілдің мағызды қызметтері сөйлеуде айқын көрініеді, сондықтан
тіліміздігі функционалды-семантикалық өрістерді фукционалды грамматика тұрғысынан тіл және сөйлеу деңгейінде қарастыру қажеттілігі туады. Бұл орайда қазақ және ағылшын тілдеріндегі нақ осы шақ категориясы функционалды-семантикалық сипаты өріс шеңберінде жүйелі түрде жан-жақты зерттеуді талап етеді;
ағылшын тіліндегі Present Continuous шағы қазақ тіліндегі нақ осы
шақтық мағынаны білдіретін отыр, тұр, жүр, жатыр қалып етістіктері негізіндежұмсала алады және олар әр түрлі деңгейдегі тілдік бірліктер арқылы мағыналық реңктеріне қарап талданады.
қазақ және ағылшын тілдеріндегі нақ осы шақты жасаушы түрлердің
құрылымдық ерекшеліктері олардың қолданыстағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетуге негіз болады;
қазақ жәнеи ағылшын тілдеріндегі нақ осы шақ шағын сипатын
білдіретін тілдік бірліктер шақтық локалдылықбейлокалдылық категориясының шеңберінде және локативтілік, аспектуалдылық, таксис, ұғымдарымен тығыз байланыста болып, нақ осы шақтық мағынаны білдіретін тілдік бірліктер қатарын толықтырып, сонымен қатар нақтылаушылықты қызмет атқарады;
қазақ және ағылшын тілдеріндегі нақ осы шақ моделін жасауда түрлі
тіл деңгейі бірліктерінің семантикалық мүмкіндіктері сөйленімнен көрініс табады.
Ғылыми жобаның құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.



1. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі парадигмалық құрылым және функционалды-семантикалық сипат концепциясы
1.1 Осы шақтың қазақ және ағылшын тілдеріндегі парадигмалық құрылым қызметі.
Қазіргі таңда қазақ тіліндегі шақ категориясын құрайтын тілдік бірліктерді тек қана құрылымдық жағынан зерттеумен шектемей, заман талабына қарай функционалды тұрғыдан зерттеу қажет. Осы ретте шақ категориясының түрлеріне байланысты тұрақты жіктемені семантикалық шақ категориясын зерттеу нәтижесінде анықтауға болады деп санаймыз. Құрылымдық грамматикадағы шақ категориясын білдіретін шақ формалары әрқайсысы өзіндік бір-бір мағынаға ие. Ал сөйленімдегі категориялық жағдаятқа, сөйлеу кезінде туатын жағдайға байланысты шақтық мағыналарды функционалды-семантикалық аспектіде тілдің басқа да деңгейлерімен байланыстыра отырып зерттеу арқылы ғана мүмкін болады.
Құрылымы жағынан ағылшын тілінің грамматикасын қазақ тілінің грамматикасымен салғастыра отырып зерттеу әрі игеру-ағылшын тілін тезірек және сапалы түрде үйренуге қажетті шарттардың бірі.
Өзі игерген тілдің даму заңдылықтарын терең зерттей білу-тілді ғылыми білу болып табылады деген пікірді А.С.Аманжалов былайша пайымдайды; Тілді ғылыми білудің негізгі шарты-оның грамматикасын, грамматикалық құрылысын, негізгі сөздік қорын, дыбыстық жүйесін, сонымен қатар оның шығу және даму тарихын зерттеу. Бөгде тілге байланысты этнографиялық, тарихтық, әдебиеттік мәселелерді қамти отырып, жақын, туыс, емес тілдердің материалдарын салыстыра тексеруді керек етеді.
Олай болса, ағылшын тілінде жүйелі түрде берілген ғылыми еңбектерге сүйеніп, осы тілдегі етістік категориясының осы шақ түрін, оның ішінде нақ осы шақтық мағынаның жасалу тәсілін, қызметін жан-жақты ашып әрі қазақ тілімен салыстыра отырып, оның темпоралды функционалды-семантикалық өрістегі орнын қарастырамыз.
Кез келген тілде етістіктің шақ категориясының зерттелуі -ұзақ уақытты қамтыған тарихи құбылыс. Соның нәтижесінде етістіктің шақ категориясының сыртқы тұлғасы түркі тілдерін, үндіеуропа тілдерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінде әбден зерттеліп, белгілі бір грамматикалық категория ретінде қалыптасты. Ал ағылшын тіліндегі етістіктердің құрылымы мен қызметі жөнінде бірқатар ғалымдар зерттеу жүргізген. Олардың қатарына И.В.Арнольд, А.И.Смиринцкий, В.Н. Ярцева, Б.А.Ильиш, М.Я.Блох, Е.Круисинг, К.Гобилд, Х.Пауль, О.Есперсон, И.Иванова, Г.Суит, Ч.Фриз, К.Бюллер, В.Н.Ярцева, К.Н.Качалова, Е.Е. Израилевич, И.П. Крылова, Е.М. Горден, Ж.К. Қалиев т.б. ғалымдарды атауға болады. Қазақ тіліндегідей ағылшын тіліндегі сөдер тобы өздерінің лексикалық мағынасына, морфологиялық түрлену тұлғасына, қойылатын сұрағына, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметіне қарай сөз таптарына топтасады. Ағылшын тілінде де қазақ тіліндегідей көптеген мағыналық топтар, ұғымдық категориялар бір-бірімен ұқсас болып келеді. Ағылшын тілінде төмендегідей сөз таптары бар, ал қазақ тілінде осылардың ішіндегі предлог ұғымы кездеспейді. Олар: The Noun-зат есім; The Adjective-сын есім; The Numeral-сан есім; The Pronoun-есімдік; The verb-етестік; The Adverb-үстеу; The Preposition-предлог; The Conjunction-шылау; The Interjection-одағай.
Зерттеу жұмысымыздың мақсаты - қазақ және ағылшын тілдеріндегі етістіктің нақ осы шақтық мағынасын функционалдық табиғатын ашу болғандықтан, ағылшын тіліндегі етістік туралы жалпы мағлұмат беріп, одан кейін ағылшын тілші ғалымдарының зерттеуі нәтижесінде тұрақталған, қолданыстағы жіктелісіне тоқталамыз.
Қазақ және ағылшын тілдерінде жоғарыда аталған сөз таптарының ішінде ең негізгісі, қажеттісі-етістік, себебі ол көп функциялы күрделі, әрі субъектінің, заттың (құбылыстың) қимылын, амал-әрекетін, жай-күйін білдіретін сөз табы. Мысалы: Pupils study English at school every day.Оқушылар мектепте ағылшын тілін күнде оқиды. Еліміздің түпкір-түпкірінде компьютер қолданылады. Сенің нағашың осы құмыра сияқты үй мүліктері сатылатын жерлерге ара-тұра барып тұратын болар? (Ә.Ахметов)
Салғастырылып отырған тілдерде етістік сөз табына енетін грамматикалық категориялапдың ішіндегі ең күрделісі-шақ пен рай категориялары, қос тілде аты аталған категориялардың қолданысы әр түрлі, ерекше тұстары мен айырмашылықтар көптеп кездеседі.
Ағылшын тіліндегі етістік сөз табына енетін басқа грамматикалық категориялардың ішінде күрделісі - шақ пен рай категориялары, бұлар екі тілде де бар болғанымен, бір-бірімен сәйкес келмейді, айырмашылығы мол.
Ағылшын тілінде қазақ тіліндегідей морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер жалаң және күрелі болып екіге бөлінеді. Қос тілде де етістіктер парадигмада немесе тілдік жүйеде түбір күйінде қолданылады. Жалаң етістіктерге қазақ тіліндегідей ағылшын тілінде де негізгі (Simple verb) (Infinitive-to swim-жүзу; to fire-ату, жағу)деп аталып, етістіктің басқа түрлеріне қарағанда өте көп қолданылады. Ал префикс және жұрнақ арқылы жасалатын туынды сөздер (Derived verb), туынды етістіктер жатады.
Күрделі етістіктер екі түбір етістікпен, көбінесе негізгі етістікпен, зат есіммен және сын есіммен бірігіп жасалып, кіріккен етістік деген ұғыммен бірігіп, бір мағына береді.
Кейбір ағылшын лингвистері Б.С.Хаймович, Б.И.Роговскаялардың айтуы бойынша, күрделі етістіктер түбір етістіктен және үстеуден немесе демеуліктерден құралып, етістікті тіркес жасап бір мағына береді. Мысалы: to carry out - жүзеге асыру, орындау, жасау. Мысалдардан көріп отырғанымыздай, предлог етістіктің мағынасын мүлдем өзгертіп тұр. Соңында предлогы бар фразеологиялық етістіктер ағылшын тілінде Phrasal verbs деп аталады.
Ағылшын тілінде етістіктердің төрт формасы болады. Олардың негізгі қызметі етістіктің шақ, рай категорияларын жасау болып табылады. Ағылшын тіліндегі I форма Infinitive-ті қазақ тіліндегі тұйық етістікпен салыстыруға болады. Мысалы: to play-ойнау, to go-бару, to say-айту болады. Қазақ тілінде тұйық етістік -у ға аяқталса, ағылшын тілінде етістіктің алдында to демеулігі тұрады. Етістіктің жалпы өткен шақ және өткен шақ есімше формаларына қатысты дұрыс етістіктер және дұрыс емес етістіктер деген түрлерге бөліну үрдісі бар, оларды тілде қолдануда есте сақтап, айрықша көңіл бөлу керек.
Past Simple мен Past Participle дұрыс емес етістік формалары тілдік тәсілдермен (дауыстылардың өзгеруі, қалпын сақтауы т.б.) жасалады. Мысалы: дұрыс емес етістік - to begin - began - begun - beginning. Бұл жерде етістік формалары синтетикалық тәсіл арқылы жасалып тұр.
Ағылшын етістіктері көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді, олар тіпті жіктелмейді деуге болады, тек сөйлемде негізгі етістікке (ауыспалы осы шақта келсе) ғана үшінші жақ жекеше түрі, жалпы өткен шақ және өткен шақ есімше формаларына -ed, осы шақ есімшеге -ing жалғаулары жалғанады.
З.Р.Баданбекқызы Ағылшын тілі оқу құралында герман тобына жататын ағылшын тілі мен түркі тілдері тобына жататын қазақ тілінің фонетика-грамматикалық өзгешеліктері мен ұқсастықтарын салыстыра отырып, ағылшын тіліндегі етістіктің шақ атаулары мен олардың білдіретін мезгілдік мағыналарын салыстыра әрі тарата отырып түсіндіреді.
П.И. Крылова A Grammar of Present-day English еңбегінде ағылшын тіліндегі етістіктердің сөйлемде атқаратын мағынасына және қызметіне қарай негізгі мағыналы етістіктер (notional verbs), құрылымдық (structural verbs) және көмекші (auxiliary) етістіктер болып бөлінетіндігін айтып кетеді. Негізгі мағыналы етістіктер сөйлемде жеке тұрып белгілі бір амалды, қимылды білдіреді және өздеріне тән лексикалық мағынасы, әрі дербес синтаксистік қызметі болады. Мысалы: He lived in Kazakhstan during the warОл соғыс кезінде Қазақстанда тұрды. Ал құрылымдық етістіктер сөйлемде лексикалық мағыналарын сақтауы да, жоғалтуы да мүмкін, өздеріне тән мағыналарын, өзгеше сипаттарын аздап сақтағанымен, дербес синтаксистік қызмет атқара алмайды, бірге қолданатын сөзбен тығыз байланыста болады. Құрылымдық етістіктерге модаль (modal verbs)және байланыстырушы (link verbs) етістіктер жатады.
Көмекші етістіктер лексикалық мағынасын бүтіндей жоғалтып, аналитикалық тәсіл арқылы негізгі мағыналы етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: The young man is sitting at the table aloneБозбала үстелде жалғыз өзі отыр. It grew coldСуытты. Көмекші етістіктердің қызметін жасауға be, do, will be аналитикалық формалы етістіктер тірек болса, қазақ тілінде көмекші етістіктер (ал, бер, бар, баста, бақ, жатыр, жүр, тұр, отыр) негізі етістікке тіркесіп, жетекшілік қызмет атқарады. Біздің зерттеу тақырыбымызға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НАҚ ОСЫ ШАҚ СУБКАТЕГОРИЯСЫНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Мақал - сөздің мәйегі
Aғылшын және қaзaқ тілдеріндегі келер шaқ
Қазақ этнолингвистикасына қатысты мәселелермен акд
Ырықсыз етістің топтастырылуы
Ағылшын және қазақ тілдік саналарындағы уақыт концептісінің ерекшеліктері
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ Ы.МАМАНОВТЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Қазақ тілі морфологиясы жөніндегі ілімдердің қалыптасуы мен дамуы (Ы.Е.Маманов еңбектері негізінде)
Ғылыми - техникалық мәтіндердің функционалды стильдік ерекшеліктері
Тілдің даму барысында есім мен етістіктің ара жігін ажырату кезеңінде қалыптасқан есімше категориясы - етістіктің функционалды формасы
Пәндер