Химиялық қауіптілік


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Описание: C:\Users\user\Desktop\Logotip_KazNU.gif

СӨЖ

Факультеті: География және табиғатты пайдалану

Кафедрасы: Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО

Тақырыбы: Зиянды заттардың қауіптілік класстарының сипаттамасы. ҚӘУЗ топтары.

Орындаған: Абдрасилова А. К

Тексерген: Жуманова Г. С.

Алматы 2020

Жоспары:

Кіріспе

  1. Химиялық зардап аймағы туралы түсінік.
  2. ҚӘУЗ түрлері мен сипаттамалар
  3. Радиациялық қауіптілік
  4. Химиялық қауіптілік
  5. Ионданушы сәуле шығарудан қорғану шаралары
  6. Радиациялық және химиялық барлау аспаптары

Қорытынды

Пайдаланылған Әдебиеттер

Кіріспе

Бүкіл факторлар ағзаға әсер ету дәреже мен сипаттамасы бойынша зиянды және қауіпті болып табылады.

Зиянды - анықталған жағдайларда науқасқа, қауіпті - анықталған жағдайларда жарақаттануға әкелетін негізгі себебі болып табылады.

Табиғатының әсері бойынша қауіпті және зиянды факторлар бөлінеді:

- физикалық - барлық қозғалатын, кесетін, қулайтын; барометрикалық қысымның, температураның жоғарлауы-төмендеуі; жоғарғы - түтіндеуі, газдануы, шу, діріл, ультродыбыс, инфрадыбыс, ионды, электромагнитті сәулелену, ультрокүлгін және инфрақызыл радиация; жарық ағымының пульсациясы, жарқылдылығы, жарықтылығы; жарық түсудің аздығы, жарықтану қарсыластығының төмендеуі.

- химиялық - технологиялық процестерде қолданылатын зиянды заттар; өнеркәсіп улары; у химикаттары; тағайындауы бойынша дұрыс қолданылмайтын дәрі-дәрмектер құрылғылары.

Биологиялық - бактериялар, вирустар, микроағзалардың ерекше түрлері және олардың өмір тіршілігі үшін қажетті тағамдары; өсімдіатер және жануарлар; қоршаған ортаның биологиялық ластанулары.

Психофизикалық - еңбекті ұйымдастыру және сипаттама ерекшеліктерімен ескертілген өндірістік факторлар; ой жоғары кернеулігі, анализаторлардың аса кернеулігі, еңбектің бірқалыпта болуы, эмоционалды шаршауы. [3, с. 153-156]

7. 1 Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы

Зиянды заттар 2 топқа бөлінеді:

-Табиғи - табиғаттағы;

-Антропогенды - адам шаруашылығымен байланысты қоршаған ортаға түседі.

​Улы қасиеті үлкен мөлшерде бүкіл заттарда көріну мүмкін. Уларға кішігірім мөлшерде және әдетті жағдайларда зиянды әсерін көрсететін заттарды жатқызуға болады.

Жиі науқасқа әкелетін зиянды заттардың түрлілігіне қарамастан, олардың өз негізінде ұқсас патологиялық процестер болады. Осыдан бүкіл зиянды заттар адам ағзасына әсер ету сипаттамасы бойынша бөлінеді:

Жалпы улағыш - ағзаның жеке жүйелерін зақымдау (ОЖЖ, перифериялық жүйке және қан жүйелері) немесе бүкіл ағзаның улануы, сонымен қатар бүйрек, бауырдың патологиялық өзгерістерді тудырады (көміртек оксиды, цианисты қосылыстар, қорғасын, сынап және т. б. )

- тітіркендіргіш - дем алу жолдардың шырышты қабатының, көздің, өкпелердің, тері жамылғының тітіркенуі (хлор, аммиак, озон, күкірт және азот оксиды және т. б. )

- сенсибиализациялайтын - аллерген ретінде әсер етеді (формальдегидтер, ерітінділер, лак және т. б. )

- мутагенді - генетикалық кодтың бұзылуына, тұқымдас ақпараттың өзгеруі әкеледі (қорғасын, марганец, радиобелсенді изотоптар және т. б. ) ;

- канцерогенды - нашар сапалы жаңа қалыптастырғышты туғызады (хром, никель, асбест, хош иісті көмір сутегі және т. б. )

- репродуктивті (детородную ) функцияларға әсер ететін(сынап, қорғасын, стирол, радиобелсенді изотоптар және т. б. )

Мутагенді, канцерогенді және репродуктивті (детородную) функцияларға әсер ететін адам ағзасына химиялық қосылыстар әсерінің алыстанған салдарына жатады. Адам ағзасына әсері жылдар және он жылдықтар бойы көрінеді. Кейінгі ұрпақтарда әр түрлі эффектердің әсері де көрінеді.

Химиялық зақымдау ошағы - ҚӘУЗ-дің зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң. Аварияның ықтимал салдарының көлемі белгілі бір деңгейде химиялық қауіпті объктілердің үлгісіне, ҚӘУЗ түріне, оның ерек-шелігіне, санына және сақтау жағдайына, аварияның, ауа райы жағдайының және басқада факторлардың сипатына байланысты. Химиялық қауіпті объектілердегі басты зақымдағыш факторы аумағы ондаған шақырымдарға дейін созылатын аймақтың химиялық зақымдануы болып табылады. Химиялық қауіпті объектілердегі авариялардың қайталама факторы ретінде жарылыстар мен өрттер болуы мүмкін. Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде мынадай зақымдағыш факторлары әсер етеді.

Химиялық зақым ошағы - химиялық қарудың немесе өте күшті улы заттардың әсеріне ұшыраған аумақ. Мұның салдарынан адамдар, жануарлар мен өсімдіктер зақымданады. Химиялық зақым ошағы улағыш заттар тікелей колданылган ауданды, биоконцентраттардағы булар мен аэрозольдардың таралу бағытындағы жерлерді қамтиды. Химиялық зақым ошағынын аумагы колданылған улағыш заттардың мөлшеріне, олардың типіне, метеорологиялық жағдайлар мен жер бедеріне байланысты. Химиялық зақым ошағының сақталу ұзақтығы, орта есеппен алғанда, жазда Ү-газдарымен зақымданғанда 1-3 апта, заринмен зақымданғанда 6-8 тәулік, ипритпен зақымданғанда 1, 5 тәулікке дейін, қыста кейбір улагыш заттар, мыс., Ү газы зақымдаушы әрекетін бірнеше ай бойы сақтай алады. Химиялық зақым ошағындағы құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ең алдымен арнайы құрылған жасақтар тартылады, қажет болған жағдайда оларға көмекке АҚ-тың баска да жасақтары бөлінеді

Қатты әсер ететін улы заттар дегеніміз - өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын объектілердегі авариялық жағдайда атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялық қосылыстар.

ҚӘУЗ топтары :

  • тұншықтырғыштық әсері басым заттар,
  • жалпы улылық әсері басым заттар,
  • метаболдық улар,
  • жүйкені жансыздандыратын улы заттар,
  • терінің құрысуына әсер ететін улы заттар,
  • көздің жасын ағызатын және тітіркендіргіштік әсері бар улы заттар,
  • психикалық әсер ететін улы заттар,
  • жылдам әсер ететін улы заттар,
  • баяу әсер ететін улы заттар.

Өндірістің түрлі саласында бүгінгі күні КӘУЗ-дің 100-ден астам атауы пайдаланылады. Хлор, аммиак, фосген сияқты КӘУЗ-ді пайдаланатын немесе өндіретін химиялық өнеркәсіптер, апаттық жағдайға ұшырағанда жұмыскерлер мен қызметкерлерге, ал ірі апат жағдайында тұрғындарға да қауіп төндіреді.

Соңғы жылдары күштіәсерлі улы заттармен улану (КӘУЗ) жағдайлары жиі кездеседі, олар жаппай уланудың себепкері болуы мүмкіндігімен қауіпті. Улардың бұл тобына өндірісте (химиялық, мұнайгазөңдеу, металлургия, фармацевтика), ауыл шаруашылығында (улы хмикаттар) мен басқа салаларда пайдаланылатын түрлі токсинді заттар жатады. Адамдарды, жануарларды жаппай уландыру жағынан және топырақты, суаттарды уландыру мүмкіндігі жағынан қауіп төндіретіндер көбінде газдар, булар және аэрозольдар. Түрлі апаттар нәтижесінде қоршаған атмосфераға шығып, олар улану аймағын құрайды, оның мөлшері мен қауіптілігі заттың түріне, ауа райының жағдайына (желдің болуы, ылғалдылық пен ауа температурасы) байланысты болады.

Хлор - тыныстарылтқыш өзіндік күшті иісі бар сарғыш-жасыл газ, ауадан 2, 5 есе ауыр, суда, спиртте, эфирде жақсы ериді. Хлор өндірістің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Оны маталарды ағарту үшін пайдаланады, целлюлоза мен қағаз өндірісінде, каучук (резеңке) түрлерін жасауда, суқұбырлары стансасында залалсыздандырғыш құрал ретінде суды зарарсыздандыру үшін пайдаланады. Зақымдалған құбырлардан атмосфераға шыққан кезде түтіндейді. Буға айналу барысында және ауада су буымен қосылу барысында жер бетіне жасылтым-ақ түсті тұман ретінде төселеді, төменгі қабаттарға жер асты қоймаларына кіруі мүмкін. Хлор буы тыныс алу ағзаларына, көз бен теріге қатты әсер ететді. Хлор ағзаға негізінен тыныс алу жолдары арқылы енеді.

Хлормен улану белгілері

  • кеуденің қатты ауыруы,
  • құрғақ жөтел, құсу,
  • қозғалыс координациясының бұзылуы,
  • демікпе,
  • көздің ашуы,
  • жас ағу.
  • Жоғары концентрациямен дем алған жағдайда өлімге әкелу мүмкіндігі бар.

Хлормен уланған жағдайдағы көмек

Хлормен уланған адамға «В» немесе «М» маркалы өндірістік газтұтқышын, ГП-5 азаматтық газтұтқышын кигізу қажет, жоғары концентрация жағдайында - айырғыш газтұтқышын кигізіп, жедел умен ластанбаған жерге шығарып, қысатын киімдерден босату қажет.

Көз, ауыз, мұрынжұтқыншақты кішкене 2-5 %-дық ас сода ерітіндісі қосылған таза сумен шаю керек.

Уланған адамға көп сұйық ішкізу қажет: жылы сүт, шай, кофе. Суық мерзімде оны жылыту қажет және толық тыныштықты қамтамасыз ету керек.

Аммияк - мүсәтір иісті түссіз газ, ауадан жеңілірек. Ол тоңазытқыш қондырғыларында хладогент ретінде, тыңайтқыштар және басқа химиялық өнімдерді жасауда қолданылады. Құрғақ түрі ауамен 1:3 қатынаста араласқан кезде жарылыс әкеледі. Суда жақсы ериді. Зақымданған құбырлардан шыққан кезде түтіндейді. Демге тартқан жағдайда қауіпті. Аммияк буы дем алу ағзаларын, көз бен теріні қатты тітіркендіреді.

Аммиякпен уланған жағдайдағы көмек

Аммиякпен уланған адамға «КД» немесе «М» маркалы өндірістік газтұтқышын, жоғары концентрация жағдайында - айырғыш газтұтқышын кигізіп, жедел умен ластанған жерден таза ауаға шығару қажет.

Ластанбаған жерде уланған адамға су буымен дем алдырады. Дем алысы нашарласа немесе тоқтаса «ауыздан ауызға» әдісімен қолдан дем алдыру қажет.

Аммияк асқазанға енген жағдайда бір стақан суға бір шай қасық сіркесуы қосылған бірнеше стақан су ішкізіп құстыру қажет. Аммияк көзді зақымдаған кезде, мол сумен шаю қажет.

Аммиякпен улану белгілері:

  • жүрексоғуының жиіленуі,
  • тамыр соғуының бұзылуы,
  • жөтел, мұрын бітелу,
  • көздің ашуы мен жасаурауы,
  • дем алудың қиындауы,
  • қатты уланған жағдайда - жүрек айнып, қозғалыс координациясының бұзылуы,
  • сандырақтау.

Көмірқышқыл газы - туссіз, иіссіз, жоғары токсинді газ. Уландыру әсері ол тыныс жолдары арқылы канга отіп, гемоглобиннен оттегіні ысырып ағзадағы оттегіні тіндерге тасымалдау қызметі бузылады. Содан ағзада жедел оттегіге ашығу болады.

Көмірқышқыл газымен уланудың белгілері:

Уланудың жеңіл дәрежесінде:

  1. бастың ауырсынуымен пульсациясы, маңдай мен тобе аймағында ауырсыну сезімі,
  2. көз алдында усак кара дактар пайда болып,
  3. кұлағында шу болады,
  4. тері кабаттарының кызаруымен журегі катты соғады,
  5. кулагы бітеліп, дірілдеу,
  6. әлсіздік,
  7. жүрегі айну мен кұсу болады.

Көмірқышқыл газымен улану кезіндегі алғашқы көмек.

Алғашқы көмек барынша жедел жасалуы керек. Егер зардап шегуші ессіз жағдайда жатса келесі шараларды орындау керек:Уланған жерінен таза ауаға алып шығып, аркасымен горизанталды жаткызамыз. Денесін кысып тыныс алуға кедергі жасап турган киімдерін шешеміз. Кез келген ауа райында наукастың жогаргы киімдерін шешіп куедесін ашамыз. Сосын бетіне, кеудесіне су себеміз осыны бірнеше рет кайталаймыз. Су жок болса муз, кар, салқын шүберекті шекесіне коямыз. Егер наукас есіне келмесе мүсәтір спиртімен мурынын тітіркендіреміз. Кеудесіне салкынсу шашумен катар кеудені суртеміз(колғаппен, шарфпен, катты щеткамен, т. . б) тынысы пайда болғанша. Көмірқышқыл газымен уланған наукасты емдеу мекемесіне жеткізу керек, туракты және узак оттегіге ашығу ағзада катаң өзгерістерге әкелуі мүмкін.

Қатты әсер ететін улы заттардың организмді зақымдауы

Улағыш заттар (УЗ ) химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағыдеп аталады.
УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, түман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды.


Улағыш заттар

  • тыныс алу органдары арқылы,
  • тері ұлпалары мен кілегейлі қабықтар арқылы,
  • сондай-ақ УЗ-мен зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан-ішек жолдарымен организмге өткен кезде адамдарды зақымдайды.

Осы заманғы УЗ организмге тек терінің зақымдалған бөліктері арқылы ғана емес, сондай-ақ киім арқылы да зақымдауға қабілетті. Зақымдау әсерінің өткірлігі, уланудың жылдам және ауырлануы организмге түскен УЗ-ның улағыш қасиеттері мөн санына, УЗ-ның түсу жолдарына, оны қолдану әдістері мен құралдарына, метеорологиялық жағдайларға, сондай-ақ организмнің жәй-күйіне байланысты.
Зілзала, өндірістік авариялар болған уақытта, осы заманғы зақымдау қүралдары қолданылған кезде химиялық зақымдау ошақтары қатты әсер ететін улы заттардың (УЗ) ыдыстарының қирауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Улағыш заттардың жіктелісі Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
♦ жүйкені жансыздандыратын УЗ - фосфорорганикалық заттар (ФОЗ) тобы - зарин, зоман, V - газдар;
♦ жалпы улағыш әсері бар УЗ - көгілдір қышқылы, хлорциан;
♦ терінің қүрысуына әсер ететін УЗ - иприт, люизит;
♦ түншықтырғыштық әсердегі УЗ - фосген, дифосген;
♦ көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ (си-эс) ;
♦ психохимиялық әсер ететін УЗ - ДЛК және В2 (би-зет) лизергин қышқылының диэтиламиді;
Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін УЗ (зарин, зоман, V -газдар, көгілдір қышқылы) және баяу әсер ететін УЗ болып бөлінеді (иприт, фосген) .
УЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді:
♦ өлімге ұшырататын - (зарин, зоман, V - газдар, көгілдір
қышқылы, иприт, люизит, фосген) ;
♦ уақытша есті тандыратын - ДЛК, В2;
♦ тітіркендіретін - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ.
УЗ төзімділігі бойынша төзімді және төзімді емес болып бөлінеді. Төзімді УЗ-ға иприт, заман, V - газдар жатады, олар жерді бірнеше сағаттан бастап бірнеше тәуліктерге дейін, кейде тіпті айлар бойы зақымдайды. Төзімді емес УЗ-ға зақымдағыш әсері бірнеше минуттан бір сағаттқа дейін созылатын заттар жатады (көгілдір қышқылы, фосген) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік санитария және адам тіршілік әрекетіндегі химиялық және биологиялық қауіпсіздік туралы жалпы ұғымдар
Химия өнеркәсібі географиясы
ІІІ қауіптілік сыныбы - қауіптілігі орташа қалдықтар
Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу
Өндірісте зиянды заттардың шекті рауалы концентрациясын (ШРК) қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар
Өндіріс қалдықтары қауіптілік дәрежесі
Өнеркәсіп саласы
Қоршаған орта ластануына моноторинг
Өндірістік экологиялық бақылаудың мақсаты
Органикалық емес химиялық улы заттардың таралу қауіптілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz