Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті
Филология факультеті

БӨЖ

Тақырыбы: Жаңа заман философиясы


Қабылдаған: филос.ғ.к., доцент Шадинова. Г
Орындаған: Назарқұл Ұлжалғас
Тобы: А

Түркістан - 2023
Мазмұны.

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Жаңа заман философиясына жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...4
Рационализм мен эмпиризм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Декарт философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Спиноза философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
Фр.Бэкон философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
Т.Гоббс философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Дж.Локк философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Лейбниц философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Дж.Беркли мен Д.Юм философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
IV Қайталауға арналған тест тапсырмалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3
V Глоссарий ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
VI Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе
Философия - ерекше ғылым. Оның пәрмені мен мәні дүниеге көзқарасы мен методологиясында. Ол ұлттық шеңберде немесе белгілі бір ағым аясында тұйықталып қалмайды. Философия - қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің, рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі. Философия - дүниеге көзқарас қалыптастыратын ғылым. Қандай да бір адам болмасын, ол дүниеге белгілі бір көзқарассыз өмір сүрмейді. Өмірді танып, білу арқылы адам белгілі қорытындыға келеді: қабылдайды, теріске шығарады, қолдайды, ұнатпайды, т.б. Міне философияның методологиялық, дүниеге көзқарастық рөлі деп осыны айтамыз.
Философтарды ойландыратын мәселелер қашанда мыналар болатын: Дүние қалай құралған? Рухани материалдықтар қалай қалыптасқан? Шыңдық деген не? Адам өмірінің мәні не? Дүние мәңгі ме? Философия осы сияқты сандаған дүниетанымдық сұрауларға жауап іздеді.
Жаңа заман философиясы деп XVII, XVIII және XIX ғасырлардағы француз, ағылшын және неміс философиясын айтамыз. Шартты түрде "жаңа заман" деп 1640 жылғы Ағылшын революциясынан басталатын дәуірді айтады, ол капиталистік қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылыс болатын. Жаңа дәуір философиясы арқылы адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және ортағасырлар), "адам - ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек дүниенің қожасы" деп сенген жаңа рухани пікірді сомдады.
Жаңа заман философиясы мен мәдениетінің дамуына Ренессанс (Жаңғыру) үлкен ықпалын тигізді. Ренессанс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, антик мәдениетін қайта жаңғырту, жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты құбылыстар орын алды. XVI-XVII ғ.ғ. Батыс Еуропадағы дамыған елдерде феодалдық қоғамдық қатынастар біртіндеп ыдырап, капиталистік өндірістік қарым-қатынастар өмірге келіп, жаңа қоғамдық тап-буржуазия дербес әлеуметтік күшке айнала бастады. XVII ғасырдағы материализм механистік және метафизикалық сипатта болды, өйткені ол кездегі ең дамыған ғылымдар механика мен математика еді. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын анықтау көптеген философтардың маңызды міндетіне айналды. Осыған орай философ-эмпитистер Локк және Юм, трансценденталист Кант философия мен жаратылыстану арасындағы шекараны демаркациялау туралы мәселені шешумен айналысты. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді, ал ескі ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады.

Негізгі бөлім
1.Жаңа заман философиясына жалпы сипаттама. Жаңа заман философиясы -- Батыс Еуропадағы XVII-XVIII ғасырлардағы философияның даму кезеңі, капитализмнің қалыптасуымен, ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен, эксперименталды-математикалық дүниетанымның қалыптасуымен сипатталады. Бұл кезең ғылыми революция дәуірі деп те аталады. Жаңа заман философиясы Ренессанстың негізгі идеяларын қабылдап, оларды дамытты. Ол антихоластикалық бағытқа ие болды және негізінен діни емес сипатта болды. Оның назары бейбітшілік, Адам және оның әлемге деген көзқарасы болды.
Он жетінші және он сегізінші ғасырлардағы ақыл философиясындағы, гносеологиядағы және метафизикадағы негізгі сөздер екі негізгі топқа бөлінеді. Рационалистер, негізінен Франция мен Германияда, барлық білім ақыл-ойдағы белгілі бір "туа біткен идеялардан" басталуы керек деп болжады. Бұл бағыттың негізгі өкілдері Рене Декарт, Барух Спиноза, Готфрид Лейбниц және Николай Мальбранч болды. Эмпиристер, керісінше, Білім сенсорлық тәжірибеден басталуы керек деп есептеді. Бұл бағыттың негізгі қайраткерлері-Фрэнсис Бэкон, Джон Локк, Джордж Беркли және Дэвид Юм. (Рационализм мен эмпиризм ұғымдарының өзі кейінірек пайда болды, негізінен Канттың арқасында, бірақ олар өте дәл.) Этика мен саяси философия әдетте бұл ұғымдар арқылы қарастырылмайды, дегенмен бұл философтардың барлығы этикалық мәселелерді өз стилінде шешкен. Саяси философиядағы басқа маңызды қайраткерлер қатарына Томас Гоббс пен Жан-Жак Руссо кірді.
Он сегізінші ғасырдың аяғында Иммануил Кант рационализм мен эмпиризмді біріктірді деп мәлімдеген түбегейлі жаңа философиялық жүйені құрды. Кант ХІХ ғасырдың басында Германияда неміс идеализмінен бастап философиялық ойдың қарқынды дамуына түрткі болды . Идеализмге тән қасиет бейбітшілік пен ақыл-ойды бір категорияларға сүйене отырып түсіну керек деген ой болды; бұл идея Георг Вильгельм Фридрих Гегельдің жұмысында шарықтау шегіне жетті.

2.Рационализм мен эмпиризм. Жаңа заман философиясы рационализм және эмпиризм сынды екі бағытты ұстанды. Онда тума идея туралы философиялық пайым және адам санасы таза тақта деген философиялық пайым өзара пікірталас жүргізілді. Рационализм (лат. ratio - сана) - болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі:
1. онтологиялық ;
2. гносеологиялық ;
3. этикалық рационализм. Онтологиялық рационализм бойынша болмыс негізінде ақылды бастама жатыр, яғни болмыс о бастан ақылды. Осынысымен рационализм - идеализмге ұқсап кеткенімен (мысалы, Платонның таза идеялары), басты айырмашылығы материяның (болмысты) идеяға қарағандағы біріншілігін және материяның (болмыстың) өзінде ақыл барын мойындауында. Сондықтан, болмыстың қисындылығы мен ақылды ұйымдастырылғандығына сенетін материалистер (Демокрит, Эпикур, т.б.) - рационалистер.

Гносеологиялық рационализмнің басты идеясы - дүниені танып білетін бірден-бір құрал-адам ақыл-ойы деген тұжырымда. Сондықтан гносеологиялық рационалистер бір жағынан ортағасырлық геология мен схоластика қарсы шықса, екінші жағынан эмпиристерге оппонент болды. Білім-күш девизін ұстанатын эмпиристер таным негізінде сезімділік тәжірибе жатыр деп сенді. (Сезімде болмаған нәрсе - ақылды болуы мүмкін емес).
Рационалистердің эмпиристерге қарсы қоятын дәлелдері:
1.ақыл сүзгісінен өткізілмеген сезім немесе тәжірибе танымға негіз бола алмайды;
2.ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық бола алады, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін.
Моральдық - этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр деген түсінік этикалық рационализм деп аталады. Ежелгі дүние мен қазіргі заманға дейінгі көптеген философтарды (Платон, Демокрит, Эпикур, Сократ, Кант, т.б.) рационалистер қатарына жатқызуға болады. Алайда рационализнің ресми философиялық бағытқа айналуына үлес қосқандар Р.Декарт, Спиноза болды.
Эмпиризм - таным негізінде тек сезім мен тәжірибе жатыр деген пікірді жақтайтын философиялық бағыт. XVII ғасырдағы Англияда, одан кейінгі кезеңде АҚШ-та кең тарады. Негізін қалаушы - Фр.Бэкон. Көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Дж.Локк, Дж.Дьюн.

3.Декарт философиясы. Рационализмнің негізін қалаушы - француз философы, ғалым-математик Рене Декарт (1596-1650) деп саналады. Негізгі еңбектері: Тәсіл туралы ойлар, Бірінші философия туралы метафизикалық ойлар, Философия бастамасы, т.б.
Декарттың философиясы өз бастамасын күмәндану қағидасынан алады. Ол дәстүрлі қалыптасқан пікірлерге де, сезімдік танымның акиқаттығына да күманданады. Нағыз шындық -- күманданудың ойлаудың қабілеті деп мойындау. Оның мен ойлаймын, олай болса, өмір сүремін деген кағидасы төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді: біріншіден, ол танымның негізін обьективті шындықтай іздемейді,керісінше таным процесінің өзінен табуға ұмтылады; екіншіден, бұл қағида оны мәнділіктің субстанциясы (түпнегізі) бар екенін мойындауға итермелейді. Декарттың пікірінше бір мезгілде, бір-біріне тәуелсіз, бірақ байланысты рухани түпнегізбен (құдай) қатар, материалдық түпнегіз де (табиғат) өмір сүреді. Рухани түпнегіздің ажырамас ең басты атрибуты (қасиеті) - ойлау болса, материалдық түпнегіздің атрибуты -- кеңістікте көсілуі.
Декарттың философиядағы үлесі мынадай:

1.Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлін негіздеді;
2.Субстанция, оның атрибутары мен модустары туралы ілімді ұсынды;
3.Философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіруге тырысып, дуализм теориясын негіздеді;
4.Танымның ғылыми әдісі және туа біткен идеялар теориясын ұсынды.

Болмыс пен таным негізінде ақыл-ой жатқанын Декарт былай дәлелдеді:

1.Дүниеде адамға түсініксіз заттар мен құбылыстар көп (мысалы: Құдай деген бар ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі бар ма? т.б.);
2.Есесіне кез-келген құбылыс пен затқа күмәндеуға болады (дүние шынымен тіршілік ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т.б.);
3.Түсініксіз, анық емес заттармен, құбылыстармен салыстырғанда күмәндану нақты қасиет, шын процесс және дәлелді қажет етпейді;
4.Күмәндану - ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам ойлайды;
5.Шын тіршілік ететін адам ғана ойлай алады;
6.Ойлау - ақылдың жұмысы болғандықтан, болмыс пен тану негізінде ғана жата алады.
Осыған байланысты Декарт: Мен ойлаймын (күмәнданамын), демек, мен тіршілік етемін афоризмінің авторына айналды.
Болмыс мәселесін зерттеу барысында Декарт болмыс мәнін сипаттайтын базалық, негіз болатын ұғымды табуға талпынды. Өз ізденістері нәтижесінде Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады. Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие - тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай). Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді:
1.материалды (заттар),
2. рухани (идеялар).
Сонымен қоса олардың әрқайсысының тек өздеріне ғана тиесілі қасиеттері (атрибуттарды) болатының атап көрсетеді: дәйектілік - материалды заттардікі, ойлау - рухани идеялардікі. Осылайша, барлық материалды субстанциялардың бәріне тән қасиет дәйектілік (ұзындығына, еніне, биіктігіне, тереңдігіне қарай) және олар сансыз көп рет (шексіздікке дейін) бөліне береді. Рухани субстанцияларға ойлау қасиеті тән және олар, кірісінше, бөлінбейді. Материалды және рухани субстанциялардың басты қасиеттерінен (атрибуттарынан) тарайтын басқа да қасиеттері модустар деп аталады. Мысалы, дәйектіліктің модустары - форма, қозғалыс, кеңістіктегі жағдай, т.б.; ойлаудың модустары - сезімдер, тілектер, түйсіктер, т.б.
Адам, Декарт пікірінше, екі - материалды (тәндік-дәйекті) және рухани (ойлаушы) субстанциялардан құралған. Адам - өзі бойына екі бірдей субстанцияны (әрі материалды, әрі рухани) қатар біріктіретін тіршілік иесі, сондықтан ол табиғаттан жоғары көтеріле алады. Адам өз бойында екі субстанцияны қатар біріктіретіндіктен келіп дуализм (екіұдайлық, қосарлылық) идеясы туындайды.
Р.Декарт философияның негізгі сұрағын да дуализм тұрғысынан шешеді: Не бірінші: материя ма, әлде, ана ма? Таласы мағынасыз. Материя мен сана тек адам бойында бірігетіндіктен, адам табиғаты дуалистік болғандықтан (өз бойында екі - материалды және рухани - субстанцияны біріктіретіндіктен), материя да, сана да бірінші бола алмайды - олар әрқашан болған және тұтас болмыстың екі түрлі көрінісі. Физикада, математикада, т.б. түрлі ғылым салаларында қолданылатын ғылыми әдіс таным процесінде қолданылмайды, дейді Декарт. Ғылыми әдісті таным процесінде белсенді қолдану арқылы таным процесін әлдеқайда алға жыджытуға, танымды өндірістен өнеркәсіп өндірісіне айналдыруға болады. Ондай ғылыми әдіс ретінде Декарт дедукцияны ұсынады. Декарттың философиялық, гносеологиялық әдісінің мағынасы - таным процесінде тек абсолютті, деректі, шын сүйену және ақыл арқылы логикалық тәсілдер арқылы жаңа, ақиқат білім алу. Декарт пікірі бойынша, дедукция әдісін пайдалану арқылы ғана танымның барлық салаларында шын білімге қол жеткізуге болады.
Рационалистік - дедуктивті әдісті қолданумен қатар Декарт мынадай зерттеу тәсілдерін ұсынады:
1.Зерттеу барысында бастапқы қағидалар ретінде тек ақиқат, шын, ақылмен және логикамен дәлелденген, ешбір күдік туғызбайтын білімдерді ғана пайдалану;
2.Күрделі мәселені қарапайым бөлшектерге, бөліп қарастыру;
3.Белгілі және дәлелденген сұрақтардан белгісіз, дәлелденбеген сұрақтарға жүйелі түрде өту;
4.Зерттеудің жүйелілігін, логикалық тізбегін қатаң сақтап, сол тізбектегі бірде-бір зерттеу бөлшегін тысқары қалдырмау.
Декарт туа біткен идеялар теориясын ұсынады: таным және дедукция арқылы алынатын білімдермен қатар, ешбір дәлелді қажет етпейтін ерекше, туа біткен идеялар болады. Ол ақиқаттар (аксиомалар) о бастан айқын және шын, олар Құдай ақылы мен адам ақылында әрдайым болған және болатын, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын білімдер. Ол білімдер екі түрде:
1.Ұғымдар;
2.Пікірлер түрінде беріледі.
Туа біткен ұғымдарға жататындар: Құдай (бар); сан (бар); ерік; тән; жан; құрылым, т.б.
Туа біткен пікірлер: бүтін өз бөлшектерінен үлкен; жоқтан ештеңе пайда болмайды; бір мезгілде болу және болмау мүмкін емес, т.б.
Декарт практикалық танымды жақтады. Декарт бойынша таным мақсаттары мынадай болуы тиіс:
1.адамның қоршаған дүние туралы білімдерін кеңейту және тереңдету;
2.ол білімдерді адам мүддесі үшін табиғатты барынша пайдалануға қолдану;
3.адамды жетілдіруге және
4.түпкі мақсат - адамның табиғатқа үстемдігіне пайдалану.

4. Спиноза философиясы. Бенедикт Спиноза (1632 -- 1677 жж.) - нидерланд философы, европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р. Декарт ілімін жалғастырушы. Негізгі еңбектері: Діни-саяси толғау, Декарт философиясының қағидалары, Этика, т.б.

Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні:
1.субстанция мәселесі;
2.таным теориясы;
3.этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері.
Спинозаның философиядағы маңызды үлесі - болмыс мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасауында. Негізіне Декарттың субстанция туралы теориясы алынғанымен, өзі онымен келіскенімен. Спиноза Декарттың теориясының кемшіліктерін жойын, өз жүйесін қалыптастыруға тырысты. Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі - оның дуализмінде деп санады. Ондағы қайшылық - өз тіршілігі үшін өзгені қажет етпейтін мән болғандарына қарамастан барлық субстанцияларды жаратқан. Жалғыз және Ең жоғарғы Ең ақиқат субстанция - Құдай болып, барлық басқа субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында. Субстанциялардың өзара тәуелсіздігі мен олардың бәрінің бір мезгілде басқа субстанцияға - Құдайға жаппай, бірдей тәуелділігіне.Бұл қайшылықты Спиноза өзінің біртұтас субстанция туралы ілімінде шешуге тырысты.
Спиноза теориясының мәні мынада:
1.жоғарғы субстанция - Құдай мен Ол жаратқан субстанциялар арасында айырмашылық жоқ;
2.барлығын, бүкіл тіршілікті өзі қамтып жатқан бір ғана субстанция бар;
3.ол субстанция Табиғат пен Құдайды қатар қамтиды;
4.Табиғат - Құдай - бір;
5.Табиғаттан тысқары немесе Табиғаттан жоғары тұрған Құдай жоқ;
6.Құдай Табиғаттың ішінде;
7.Тек біртұтас Табиғат + Құдай ғана жарата алады;
8.Жаратушы әлем біртұтас Табиғат + Құдай - жаратылған дүниені - жеке заттарды жасайды;
9.жеке заттар өз бетінше тіршілік етпейді, ол біртұтас субстанцияның - Табиғат + Құдайдың модустары - көріністері ғана;
10.модустар тіршілігінің сыртқы көрінісі - біртұтас субстанция (Табиғат + Құдай), модустар. Оған бүтіндей тәуелді. Модустар кеңістікте және уақтта қозғалады, олардың тіршілігінің басы мен аяғы бар.
Ал Субстанцияның (Табиғат + Құдай) өзінің мынадай қасиеттері бар:
1.тіршілік етеді;
2.дербес, ештеңеге тәуелді емес;
3.өз-өзінің ішкі себебі бар (модустар сияқты сыртқы емес);
4.көптеген қасиеттерге (атрибуттарға) ие, олардың негізгілері (ойлау мен дәйектілік) Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті;
5.уақыт пен кеңістікте шексіз;
6.мәңгі (ешкім жасамайды және жойылмайды);
7.қозғалыссыз.
Гносеология мәселелерін зерттей келіп Спиноза танымның үш сатысын жіктейді:
1.тікелей адам танымынан бастау алатын және ешбір сыртқы себептерге (сезім, тән, т.б.) тәуелді болмайтын таза түрдегі таным - танымның жоғарғы түрі;
2.ақиқаттағы төмен, ақыл әрекеті нәтижесінде логикалық операциялар қалыптасқан таным;
3.қоршаған дүниенің санада бейнеленуі нәтижесінде қалыптасқан таным. Спиноза пікірінше, ол білімдер айқын емес, толық емес, терең емес, дәлелмен негізделмеген. Бірақ олар ақиқат білім алуда үлкен рөл атқарады.
Спиноза этикасының өзекті мәселелері: 1. детерминизм (табиғаттағының бәрінің шарттылығы); 2. Бостандық пен қажеттілік арақатынасы. Оларды зерттей келіп Спиноза мынадай қорытындылар түйеді:
1.субстанция бостандық пен қажеттілік тұтасып, бірігеді;
2.Құдай (Табиғат) толық бастандыққа ие, бірақ Ол қажеттілік шеңберінде ғана әрекет етеді;
3.модустарда (жеке заттарда) еркіндік жоқ және олар қажеттілікке бүтіндей тәуелді;
4.адам - модус басқа модустардан ойлауымен ерекшеленеді, демек, бостандыққа ұмтылады. Бірақ ол өзі де модус болғандықтан азат емес және қажеттіліктің құрсауында ғана әрекет етеді;
5.жаны азаттықты қалғаныме, адам қажеттілік талабына көніп, қажеттілік ағынымен жүзеді (Спиноза тілінде - рухани автомат) болып табылады;
6.сыртқы қажеттіліктерді - ішкі қажеттілікке айналдыру - бостандыққа апаратын жол;
7.бостандық - бұл танылған қажеттілік.
Жоғары дәрежедегі бостандыққа жету үшін Спиноза пікірінше мынадай шарттар орындалуы қажет:
1.Табиғат - Құдай субстанциясы түріндегі қажеттілікті барынша (максималды) танып білу;
2.Аффектілерден (қайғы, қуаныш, әуестену, т.б.) арылу қажет, өйткені олар бостандыққа кедергі жасап, адамды қажеттілік бойынша әрекет етуге мәжбүрлейді.
Спинозаның өмірлік девизі: Күлмеу, жыламау, қарғамау - түсіну!.

5. Фр. Бэкон философиясы. Жаңа Заманға ағылшын философиясында үлкен із қалдырғандар:
1.Фр.Бэкон - философиядағы эмпиристік (тәжірибелік) бағыттың негізін қалаушы;
2.Томас Гоббс (мемлекет мәселесін зерттеп, қоғамдық келісім теориясын ұсынады);
3.Дж.Локк (Т.Гоббс дәстүрін жалғасырып, мәселесін зерттеді).
Фр.Бэкон (1561-1626) - философиядағы эмпириялық (тәжірибелік) бағыттың негізін қалаған ағылшын философы және саяси қайраткері (1620-1621 жж.) - Ұлыбритания лорд-канцлері, корольдан кейінгі екінші тұлғасы. Негізгі еңбектері:
Ғылымдар табысы;Жаңа Органон;Жаңа Атлантида. Фр.Бэконның философиялық идеясының - эпиризмнің мәні: таным негізінде тек қана тәжірибе жататындығына. Жеке адам немесе адамзаттың тәжірибесі (теориялық, практикалық) көбейген сайын ол ақиқат білімге жақындай түседі. Бірақ ақиқат білім - түпкі мақсат емес. Білім мен тәжірибенің басты мақсаты - экономиканың дамуына, жаңа нәрселердің, адамның өз әрекетінде практикалық жетістіктерге жетуіне, адамның табиғатқа үстемдік етуіне көмектесу.

Жаңа Заман ағылшын философиясының көркейген кезеңіне айналды.XVII-XVIII ғасырлардағы ағылшын философиясының жалпы сипаты:
1.Материалистік бағыттылық (ағылшын философтарының көпгшілігі басқа елдер философиясына, мысалы, осы кезеңдегі неміс филосфтарына керісінше, болмыс мәселелерін материалистік тұрғыдан түсіндіріп, идеализмді қатаң сынады);
2.Эмпиризмнің рационализмнен үстемдігі (Англия - философиядағы эмпиристік бағыт жеңіске жеткен, шешуші ақылы, рационализмге емес, тәжірибе мен сезімдік қабылдауға берілген аз санды елдер тобына енді).
3.Саяси-әлеуметтік мәселелерге үлкен қызуғышылық (ағылшын философтары болмыс пен таным мәселелерін, адамның дүниедегі рөлін түсіндіруге тырысып қана қоймай, қоғам мен мемлекеттің пайда болуының себептерін іздеп, мемлекет тіршілігін дұрыс ұйымдастыру жобаларын ұсынды).
Ағылшын философтары XVII ғ. үшін озық үлгіде дамыды. Ағылшын философиясынын қалыптасуына ықпал еткен саяси оқиғалар:
1.XVII ғ. Ортасындағы Оливер Кромвельдің революциясы (корольді құлату мен жазалау, республиканың аз мерзімді тіршілігі, индепенденттер қозғалысы);
2.1688 жылғы даңқты революция;
3.Протестантизмнің толық жеңісі, англикан Шіркеуінің Рим папасына тәуелсіздігі мен ішкі автономияға қол жеткізу;
4.Парламент рөлінің орнығуы;
5.Жаңа буржуазиялық қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы.
Фр.Бэконның филофиялық кредосын бейнелейтін афоризмі: Білім - күш. Фр.Бэкон танымның басты әдісі индукция болуға тиіс деген новаторлық идея ұсынды. Индукция - көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде жалпы қорытындылар жасау (мысалы, түрлі металл түрлері балқитын болса, барлық металдар балқу касиетіне ие) деп түсіндіреді Фр.Бэкон.
Индукция әдісін Бэкон Декарт ұсынған дедукция әдісіне қарсы қойды. Фр.Бэкон пікірінше, индуция әдісінің дедукциядан артықшылығы - мүмкіндіктердің ұлғаюы мен таным процесінің күшеюінде. Индукцияның кемшілігі - оның түпкілікті айқын болмауы, болжамдық сипаты (өйткені бірнеше заттың немесе құбылыстың белгілері ортақ болса, осы тектес заттардың, құбылыстардың барлығы аталған белгіге ие дегенді білдірмейді: әрбір құбылыс әр жолы тәжірибе жүзіндегі тексеруді қажет етеді). Адамзаттың білімінің барлық салаларында барынша көп тәжірибе жинауы - индукцияның басты кемшілігін (айқынсыздығын, болжамдық сипатын) жою жолы, деп түсінді Бэкон. Танымның басты әдісі - индукиця деп анықтап берген философ таным әрекеті іске асатын нақты жолдарды көрсетеді. Олар: өрмекші жолы;құмырсқа жолы;ара жолы.
Өрмекші жолы - таза ақылдан рационалистік жолмен алынатын білім. Бұл жол нақты фактілердің, практикалық тәжірибенің мәнін төмендетеді немесе ескермейді. Рационалистер, Бэкон пікірінше, шын дүниеден қол үзіп догматизмге салынады. ой өрнегін өз ойларынан тоқиды.
Құмырсқа жолы - тек қана тәжірибеге сүйеніш білім алу жолы немесе догматтық эмпиризм (өмірден қол үзген рационализмге керісінше). Бұл әдіс те біржақты. Таза эмпирктер өз назарын практикалық тәжірибеге, түрлі фактілерді, дәлелдерді жинауға аударып, білімнің сыртқы көрінісін, мәселені сыртынан, қиғашынан ғана көріп, мәселені ішінен көре алмайды, зерттеліп отырған заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін түсіне алмайды.
Ара жолы - танымның ең дұрыс жолы. Осы жолды ұстаған зертеуші философ өрмекші жолы мен құмырсқа жолдарының жақсы жақтарын алып, олардың кемшіліктерінен арылады. Ара жолын ұстана отырып фактілерді жинап, жалпылап (мәселеге сыртынан қарап), ақыл мүмкіндігін қолданып мәселенің ішіне үңіліп, мәнін түсіну қажет. Бэкон пікірінше танымның ең дұрыс жолы - индукцияға негізделетін (фактілерді жинау және жалпылау, тәжірибе жинау) заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін ақылмен түсінудің рационалистік тәсілдерін пайдаланатын эмпиризм.

Фр.Бэкон таным процесі өтетін жолдарды көрсетіп қана қоймай, адамғаның (адамзаттың) ақиқат білім алуына кедергі болатын себептерді көрсетіп берді. Ол себептерді Бэкон елестер (идолдар) деп атап, төрт түрге бөліп сипаттайды:
1.Тектік елестер;
2.Үңгір елестері;
3.Базар елестері;
4.Театр елесі.
Тектік және үңгір елестері - дүниені тануда таным табиғаты мен өз табиғатын алмастырудан туатын, адамдардың туа біткен адасушылықтары. Тектік елестер - танымның адам (танушы субъекттің) тұлғасының таным процесіне әсері, нәтижесінде адамның бұған дейінге сенім - нанымдары, қағидалары - таным нәтижесінде көрініс беретіндігі (үңгір - адасушылық).
Базар - театр елестері - жүре пайда болған адасушылықтар. Базар елестері - тілдегі, ұғымдық аппараттағы сөздерді, анықтамаларды дұрыс қолданбаудан туатын адасушылық. Театр елестері - таным процесіне сол кезеңдегі таным процесінің әсері. Көп жағдайда ескі философия танымды дұрыс бағыттан кері бұрып, жаңа мүмкіндіктерге кедергі жасайды (мысалы, схоластикалық философияның танымға әсері). Осылайша, танымның 4 түрлі негізгі кедергелерін зерттей отырып, Бэкон аталған елестерден барынша алшақ жүріп, олардың ықпалынан жоғары болып, таза білімге ұмтылуға кеңес береді.
Фр.Бэкон ғылымдар классификациясын жасауға тырысты. Классификация негізі - адам ақылының қасиеттері: ес, қиял, пайым (рассудок). Еске - тарихи ғылымдар, қиялға - поэзия, пайымға - барлық ғылымдардың негізі - философия сәйкес келеді. Философияны Бэкон: 1.Құдай; 2.табиғат; 3.адам туралы ғылым деп тұжырымдады.
Философияның аталған 3 саласын адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спиноза және оның этикасы
Жаңа заман философиясы(xvii-xix ғасырлар)
Бенедикт Спинозаның әлеуметтік философиясы
Жаңа заман философиясындағы субстанция мәселесі (Р. Декарт, Б. Спиноза, Г. Лейбниц)
Ұлы ғалымдардың діни философиялық көзқарастары
Экзистенциализмнің көрнекті өкілі А.Камю философиясындағы болмыс мәселесі
СПИНОЗАНЫҢ СУБСТАНЦИЯ ТУРАЛЫ ІЛІМІ
Қайта өрлеу философиясы
Пантеизм, гуманизм, диалектика ұғымдары, Эмпиризм мен рационализмнің бір-бірінен айырмашылығы, Субстанция ұғымы,Готфрид Лейбниц, Дж. Беркли, Дж.Юм
Б. Спиноза философиясы
Пәндер