Палеолит дәуірі


Ғ. ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
ЖЫЛУ ЭНЕРГЕТИКАСЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ ИНСТИТУТЫ
Жылу энергетикалық қондырғылар кафедрасы
Пән: Қазақстан тарихы
![]()
№1 семестірлік жұмыс
Тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас ғасыры: кезеңдері және ерекшеліктері.
Орындаған: Ерболқызы Анель
Тобы: БЖДк 22-1
Тексерген: Утегалиева А. Д.
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы тас дәуірін зерттеген ғалымдар
2. Қазақстандағы тас ғасырының кезеңдері
3. Палеолит дәуірі
4. Мезолит дәуірі
5. Неолит дәуірі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
I. Қазақстан тас ғасыры дәуірінде
Белгілі бір әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты адамзат тарихы ұзақ-ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Көне тарихтың ұзақ уақытты қамтитын маңызды бөлігі археологиялық дерек көздері бойынша зерттеледі. Археологияда кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас, қола, темір және ортағасырлар дәуірлеріне бөлінеді.
Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы ең алғашқы кезеңі. Ғылыми зерттеулерге қарағанда алғашқы қауымдық құрылыстың дамуы барлық жерде бірдей болған. Елімізде жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жүмыстар өткен өмірдің даму тарихының алғашқы кезеңдерін ашып, дүние жүзілік адам қоғамының зерттелуіне өз үлестерін қосуда. Қазақстан жерінде алғашқы адамдардың тастан жасалған құрал-саймандары, қоныс-жайлары табылып отыр. Бүл археологиялық ескерткіштер Қазақстандағы алғашқы қауымдық құрылыстың болғандығын дәлелдейді.
Алғашқы адамдардың өндіргіш күші біріншіден, алғашқы адамнан, екінші - оның тас құралынан тұрды. Археология ғылымы зерттеуді осы тас қүралдардан бастайды.
II. Қазақстандағы алғашқы қауымдық құрылыс ескерткіштерінің зерттелуінің азды-көпті өзіндік тарихнамасы бар. Қазақстан жерін- дегі тас құралдар туралы алғашқы деректер XIX ғасырдың 50-жыл- дарынан басталады. 1862 жылы Гурьев облысының Александров портынан пышақ тәріздес тас құралдар табылса, ал 1883 жылы Абайдың досы Е. П. Михаэлстің тілегі бойынша Семей қаласында өлкелік музей ашылып, оның сөрелеріне 80-нен астам тас жебелер, тас найзаның ұштары, қырғыштар, пышақ тәріздес тас қүралдар, тас балталар қойылады. Тастан жасалған құрал-саймандар, әсіресе, XX ғасырдың басында Қазақстанның әр жерінен табылып, ол туралы баспасөз беттерінде жазыла бастайды. 1895 жылы академик В. В. Бартольдтың бастамасы бойынша Түркістан әуесқой археологтар қо- ғамы құрылып, Қазақстан бойынша көне дәуірдің ескерткіштері туралы қамқорлық жасап, олар туралы хабар беріп отырған. Қазақстандағы алғашқы қауымдық қүрылыстың тас құралдарының нағыз ғылыми тұрғыда зерттелуі 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін ғана қолға алына бастады. Кеңес дэуірінің алғашқы кезінде қазақ жеріндегі алғашқы қауымдық қүрылыстың ескерткіштерінің бетін ашуда С. И. Руденконың еңбегі атап айтарлықтай. Оның жазуы бойынша алғаш рет Қостанай облысындағы Қайранкөл маңынан мысты-тас дәуірінің қонысы белгілі болған. Сол сияқты көрнекті археолог ғалым М. П. Грязнов, И. В. Синициндер 30-жылдары Қарағанды, Батыс Қазақстан жерінен жаңа және мысты-тас дәуірінің қоныстарын тапқан.
Жерімізде алғашқы адамдардың құрал-жабдықтарын зерттеуде айтарлықтай еңбек сіңірген ғалым академик Ә. X. Марғұлан болды. Ғалымның жетекшілігімен жүргізілген Орталық Қазақстан экс- педициясы Бетпақдаланың орталық бөлігінен бірнеше жерден тас дәуірінің қонысын тапқан. Әсіресе, ғалымның басты бір көрнекті еңбегі Сарысу бойынан мысты-тас дәуірінің шақпақ тастан құрал жа- сайтын шеберхананың орнын табуы. Сонымен қатар Ә. X. Марғұлан алғашқы адамдар мекендеген көптеген қоныстар мен үңгірлер тауып, оларға ғылыми сипаттама жазған.
Елімізде тас дәуірінің нағыз ғылыми тұрғыдан зерттелуі 50- жылдардың 2- жартысынан басталады. Қазақ Ұлттық академиясы Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері тас дәуірінің маманы Х. Алпысбаевтың жетекшілігімен 1957 жылы құрылған «Қаратау отрядының» жүргізген жұмысы орасан зор болды. 20 жылдан астам мерзімнің ішінде ғалым тас дәуірінің төменгі кезеңінен бастап, оның соңғы кезеңіне дейінгі мезгілдерді дәлелдейтін ескерткіштерді тапты. Бұл жұмыстың нәтижесі «Оңтүстік Қазақстанның төменгі тас дәуірі» атты монография болып жарыққа шықты. Сөйтіп, Қазақстандагы алғашқы адамдардың ескерткіштері біршама зерттеліп, игілікті жүмыс жолға қойылды. XX ғасырдың 80- жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін палеолит дәуірін зерттеуді Ә. X. Марғұлан атындагы археология институты, сонымен қатар Ж. К. Таймагамбетовтың жетекшілігімен әл-Фараби атындагы ҚазҰУ-дың ғалымдары жүргізіп келеді. Ж. К. Таймагамбетовтың бастамасы және жетекшілігімен 2000 жылы әл-Фараби атындагы Қазақ ұлттық университетінде ТМД елдерінің ішінде алғаш рет палеолит мұражайы ашылды.
Қазақстанның солтүстік аудандарында алғаш рет неолит дәуірінің қоныстарын 1926 ж. М. П. Грязнов пен М. Н. Комарова зерттеген. Шығыс Қазақстанда неолит кезеңінің ескерткіштерін тауып және оларға ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуде археолог ғалым С. Черниковтың еңбегі зор. Ол «Кіші Красноярск» және «Усть-Нарым» қоныстарына қазба жұмыстарын жүргізді. Сырдарияның төменгі ағысында Арал жағалауында, Қызылорда облысының жерінде неолит кезеңінің қоныстарын зерттеуде Хорезм археологиялық экспедициясының меңгерушісі С. П. Толстов- тың сіңірген еңбегі айтарлықтай. Неолит ескерткіштерін зерттеуде академик Ә. X. Марғұланның, тас дәуірінің маманы X. А. Алпысбаевтың еңбегі зор.
1) Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең - тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі мынадай 3 кезеңге бөлінеді:
1. Палеолит - ежелгі тас дәуірі (б. з. б. 2, 5 млн. жылдан - 12 мыңжылдыққа дейін) ;
2. Мезолит - орта тас дәуірі (б. з. б. 12-5 мыңжылдықтар) ;
3. Неолит - жаңа тас дәуірі (б. з. б. 5-3 мыңжылдықтар) ;
Өз кезегінде палеолиттің өзі 3 кезеңге бөлінеді: 1) ерте палеолит (б. з. б. 2, 5 млн. - 140 мыңжылдықтар) ; 2) орта палеолит (б. з. б. 140-40 мыңжылдықтар) ; 3) кейінгі палеолит (б. з. б. 40-12 мыңжылдықтар) .
Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізілді. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге - ерте және кейінгі дәуірге бөліп, мустье мен кейінгі палеолит арасына меже қояды. Бұл кезеңдеу бойынша ерте палеолит үш ірі дәуірге бөлінеді: олдувэй дәуірі (б. з. д. 2, 6 млн. - 700 мың жыл), ашель дәуірі (б. з. д. 700 - 150-120 мыңжылдықтар) және мустьер дәуірі (б. з. д. 150-120 - 30-25 мыңжылдықтар) . Кейінгі палеолит б. з. д. 30-25 - 12-10 мыңжылдықтарды қамтиды.
2) Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның іздері ерте палеолит дәуіріне жатады. Ежелгі адамның қалдықтары әзірше табылған жоқ, бірақ олардың мекен-жай, тұрақтары табылып, зерттелуде. Адамдардың қоныстануына қолайлы жердің бірі Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасы болды. Осы жерден тастан жасалған ең көне еңбек құралдары табылды. Көне тас дәуірінің алғашқы кезеңінің ескерткіштері Қазақстанның оңтүстігінен, Арыстанды өзенінің бойынан Қызылтау, Тәңірқазған, Бөріқазған, Тоқалы және Ақкөл деген жерлерінен табылған. Шу өзенінің оң жағындағы Қазанғап шатқалынан осы дәуірге жататын ескерткіш табылды. Қарасу тұрағынан тастан жасалған 15 мыңға жуық заттар табылған.
Орталық Қазақстанда ежелгі палеолит адамы оңтүстікке қарағанда кешірек пайда болған. Ол көбінесе Балқаштың солтүстік жағалауын мекендеді. Бұл жерден сол уақыттағы адамдар тұрағы көбірек табылды.
Ерте палеолит кезінде адам тасты жару үшін екінші тасты пайдаланған - оларды бір-біріне соғатын болған. Мұндай тәсілді жарып түсіру техникасы, яғни малтатас мәдениеті деп атап кеткен, өйткені, шикізат ретінде көбінесе өзен малтатастары пайдаланылған. Ерте палеолитте адамдар тасты жару үшін жұмыр тас қолданды. Дайындалған құрал кейін шапқыш ретінде қолданылды. Бұл кезде қолшапқы қарудың аса оңтайлы, кең тараған түрі болды.
Ашель кезеңінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан табылды. Осындай тұрақтардың бірі - Құдайкөл Сарыарқаның теріскей- шығыс шетінде орналасқан.
Орта палеолит (мустьер) кезеңінде тас өңдеу әдістері жетілдіріле бастады. Енді еңбек құралдарын дөңгелек өзек тастан (нуклеус) жа- сау әдісі кең тарады. Сол кездегі қарулардың негізгі түрлері тілгіштер мен қырғыштар болды. Бұл кезеңде адам ағаш бұтағын бір-біріне үйкей отырып немесе шақпақ тастарды ұрып ұшқын шығарып, от алуды үйренді. Алғашқы діни сенім қалыптасты. Мустьерліктер өлген адамның аяғын бүгіп, бір қырымен жатқызып жерлеген. Өмір мен өлім туралы түсінік, өлгендерге құрметпен қарау белгілері пайда бола бастаған. Орта палеолит кезеңіндегі адамды неандертальдық деп атайды. Ежелгі адамдардың ұйымы - үлкен қауым орта палеолитте қалыптасты.
Орта палеолиттің белгілі тұрақтары мыналар: Қаратау аймағындағы Топалы шатқалынан табылған және Ақкөл көлінен оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасқан Қызылрысбек түрақтары. Осы кезеңге жататын тұрақтар, сондай-ақ Арыстанды мекенінен де табылды. Солардың ішіндегі ең күрделісі Ш. Уәлиханов атымен аталды. Үшбұлақ қойнауынан аңшылардың шағын топтарының уақытша тұрағы табылды. Орталық Қазақстаннан табылған ескерткіштердің ең көнесі - Жезқазған облысындағы Обалысай тұрағы, сондай-ақ Сарысу өзенінің орта ағысындағы Мүзбел және Есіл өзенінің жоғарғы жағындағы, яғни Қарағандының солтүстігіндегі Батпақ шатқалы, жоғары Ертіс өңіріндегі Қанай ауылы маңындағы тұрақтар. Мустьер кезеңінің жаңа ескерткіштері 1984 жылы Жезқазған облысының Ақадыр ауданынан табылды. Олар - Өгізтау I және II, Үлкен Ақмая тұрақтары. Батыс Қазақстанның, әсіресе оның Маңғыстау түбегінде тұрған палеолиттік ескерткіштері айрықша қызғылықты. Бұрынырақ кезде А. Г. Медоев және кейінірек Ж. Қ. Таймағамбетов ашқан тұрақтардың бәрі Каспий теңізі жағалауының сөре алаңдарында орналасқан.
Кейінгі палеолит біздің заманымызға дейінгі 40 мың жылдан 12 мың жылға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл - адамзаттың жердің барша климаттық зоналарына тарап қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың кұрылған кезі. Осы дәуірде дене бітімі қазіргі адамдарға ұксас адамдар («саналы адам») қалыптасты. Мұндай адамның сүйегі бірінші рет Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылғандықтан, оны кроманьондық деп атайды. Бүл кезеңде пышақ тіліктер, қырғыштар т. б. тас қүралдары пайдаланылды. Қарулар жетілдірілді. Аң аулауда найза лақтырғыш қолданылды.
Қоғамдық қатынастар жетіліп, адамдардың бірлескен ұйымының түрі - рулық қауым қалыптаса бастады. Оларда мықты аналық рулық қауым қарым-қатынасы орнады. Әйелдің қоғамдық өмірде биік орынға ие болуы қауымдық үй шаруасының ерекшелігімен, әйелдің ұрпақты жалғастырушы ретіндегі отбасылық рөлімен де анықталып қойылған.
Оңтүстік Қазақстаннан бірқатар кейінгі палеолиттік ескерткіштер табылды. Олардың ішіндегі ден қоярлығы Шолаққорған қалашығының батыс жағынан табылған Ащысай тұрағы. Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағынан ірі қырғыш тастар мен сүңгінің ұштары табылды. Үшінші Қарабас көмбесінен 172 порфириттен жасалған заттар табылды. Шығыс Қазақстанда Қанай, Свинчатка, Үңгір және Ново-Никольское түрақтары белгілі болды.
Қазақстан жерінде кейінгі палеолиттің толық зерттеліп біткен ескерткіштері онша көп емес, бірақ қолдағы бар материалдар көне тас дәуірі адамдарының материалдық мәдениеті дамуының ешбір үзілмей, ұдайы жүріп отырғанына, сол сияқты Қазақстан аумағындағы қоныстану процесінің де үзілмегендігіне көз жеткізеді.
Кейінгі палеолит кезеңін мезолит ( Б. з. д. 12-5 мыңжылдықтар ) алмастырды. Бұл кезең аз зерттелген. Сондықтан Қазақстан жерінен табылған ескерткіштер де сирек. Бұл кезеңде жебелі садақ пен бумеранг дүниеге келді. Қазба жүмыстары кезінде садақ жебесінің доғал және домалақ ұштары да табылды. Олар терісі бағалы аңдардың терісін бүлдірмей аулау үшін қолданылды. Сондай-ақ уланған немесе өртегіш жебелер кеңінен пайдаланылды. Тас өңдеу әдісі де жетілді. Пышақ тәрізді тілгіштер басқа құралдардың бәрін ығыстырып шығарды. Адамдар тас тілгіштерге ағаштан қолға ұстайтын can ор- натуды үйренді. Балық аулау кең тарады.
2) Мезолит - Қазақстанда аз зерттелді. Тек 80-90 жылдары Батыс және оңтүстік Қазақстанда археологиялық жұмыстар жүргізілді. Мезолит (орта) кезінде садақ пен жебе пайда болды. Тұрақтар өзен-көлдерге жақын болды. Мезолит тұрақтары -Қарағандыда - Әлімбек, Көкшетауда - Виноградовка, Қостанай маңында - Дачная, Маңғыстауда - Қызылсу және т. б. Қазақстан мезолит дәуірінің хронологиялык шеңбері, шамамен, б. з. д. 12-5- мыңжылдықтар арасы. Мезолитте төрттік дәуірде жер бетін жапқан мұздықтар еріді. Жер жүзінде бүгінгіге жақын табиғи-климаттық, фауналық, флоралық жағдай қалыптаса бастады. Қазіргіге жақын жануарлар дүниесінің қалыптасуы аңшылықтың жаңа тәсілдерін іздестіруді қажет етті. Жалпы, мезолит дәуірінің ең бір үлкен жаңалығы - садақ пен жебенің пайда болуы. Садақ пен жебенің пайда болуы аңды алыстан атуға мүмкіндік берді. Аң аулаудың Бұл жаңа тәсілі аңшылық кәсібінің өнімділігі мен оңтайлылығын біршама арттырды. Мезолит дәуірінің тағы бір жаңалығы - еңбек құралдарын дайындауда сынатасты пайдалану қолға алынды. Палеолит дәуірінің соңына қарай Оңтүстік Сібір мен Алтайда микролит құралдары пайда бола бастады. Микролит дегеніміз - ұсақ тас тілікшесінен немесе ұсақ тас жаңқасынан жасалған құралдар. Олар, әдетте басқа бір құралға сыналанып орнатылады. Мысалға, ағаш сапқа осындай өткір сына тасты орнатып, пышак, жасаған немесе жебе таяғының ұшына үшкірленген сынатасты орнатып, жебе оғын, найза, т. б. құралдар жасаған. Сонымен мезолит дәуірінде сынатас техникасына негізделіп құрастырылған қару-жарақтар пайда болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz