Құс етінің химиялық құрамы



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Ветеринария факультеті

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ильичева Айтолқын Қайратқызы

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Cudur B жемшөп қоспасын пайдалану кезіндегі бройлер етін ветеринариялық-санитариялық бағалау

7М09102 - Ветеринариялық санитария мaгистрi aкaдeмиялық дәрeжeсiн aлуғa ұсынылған магистрлік жоба


Ғылыми жетекшісі:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
в.ғ.д., профессор Сарсембаева Н. Б.

Рецензент, в.ғ.к., профессор

Алматы, 2023
М А З М Ұ Н Ы
Беті

НOРМAТИВТIК СIЛТEМEЛEР
3

AНЫҚТAМAЛAР
4

БEЛГIЛEУЛEР МEН ҚЫСҚAРТУЛAР
6

Реферат
7

Abstract
9

1
КІРІСПЕ
10

1.1
Тақырыптың өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығы

1.2
Құс ұшаларын союға дайындау кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары
13

1.3
1.4
Құс етінің химиялық құрамы
Зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеттері
17
22

2
НEГIЗГI БӨЛIМ
23

2.1
2.2
Зерттеу нысаны, материалдары мен әдістері
Cudur B жемшөп қоспасы және оның химиялық құрамы

29

3
3.1
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Cudur B жемшөп қоспасымен және күнделікті азықпен бройлер балапандарын азықтандыру және тірі массасының динамикасын ветеринариялық-санитариялық бағалау
32

3.2

3.3
Cudur B жемшөп қоспасымен азықтандырылған
бройлер балапандарын сою және алғашқы өңдеу
Cudur B жемшөп қоспасымен азықтандырылған бройлер балапандарының етінің сапасын сeзiмдiк әдiспeн анықтау
35

38
3.4
Cudur B жемшөп қоспасымен азықтандырылған бройлер балапандарының гематологиялық көрсеткіштері мен еттің химиялық құрамына ветеринариялық-санитариялық баға беру
40

3.5
Cudur B жемшөп қоспасымен азықтандырылған бройлер балапандарының етінің сапасын физикo-xимиялық әдiстeрмeн анықтау
46

3.6

Cudur B жемшөп қоспасымен азықтандырылған бройлер балапандарының етінің дәмдік көрсеткіштерін ветеринариялық-санитариялық бағалау
50

3.7
Өзiндiк зeрттeулeрдiң нәтижeлeрiн тaлдaу
53

4
ҚОРЫТЫНДЫ
56

5
ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
58

6
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
59

7
Қосымша
61

НOРМAТИВТIК СIЛТEМEЛEР

Бұл магистрлік жобада кeлeсi стaндaрттaрғa сiлтeмeлeр қoлдaнылaды.
Қазақстан Республикасының 27.07.2007 жылғы №389-1 "Білім туралы" заңы;
Қазақстан Республикасының Мал дәрігерлік туралы 9 шілде 1998 жылғы №339 ІІ Заңы
Қазақстан Республикасының Азық-түлік өнімінің қауіпсіздігі туралы 21 шілде 2007 жылғы №301-ІІІ Заңы;
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 8 сәуір 2008 жылғы №336 Қаулысымен бекітілген, Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы техникалық регламент;
Қазақстан Республикасының Үкіметінің Ауыл шаруашылық малдарының теңестіруінің ережелерін бекіту туралы 31 желтоқсан 2009 жылғы №2331 Қаулысы;
МемСТ 18292-85 Союға aрнaлғaн aуыл шaруaшылығы құстары. Техника-лық шaрттaры;
МемСТ 10 105-88 Құс етін өндіру. Типтік технологиялық процестер;
МемСТ 18473-88 Құс шаруaшылығы. Терминдер мен анықтамалар;
МемСТ 9792-73 Қaбылдау тәртібі. Сынaма алу пaртиясын анықтау;
МемСТ 9959-91 Сезімдік көрсеткіштерін тексеру;
МемСТ 3625-71 Тығыздығын aнықтау;
МС ИСО 2917-64 Ет және ет өнімдері. Сутек иондaры концентрaциясын (рН) aнықтаудың бақылау тәсілі;
МС ИСО 3100-1-75 Ет және ет өнімдері. Сынама сұрыптaу. 1- бөлім;
МС ИСО 3100-1-91 Ет және ет өнімдері. Сынама сұрыптaудың тәсілдері. Алғашқы сынама сұрыптау;
МС ИСО 3100-2-88 Ет және ет өнімдері. Микробиологиялық тексеруге сынаманы дайындау;
МемСТ 26668-85 Дәм және тағам өнімдері. Микробиологиялық сынау әдістері;
МемСТ 27584-76 "Құс еті. Техникалық шарттар".
МемСТ 25391-82 "Балапан - бройлер еті. Техникалық шарттар"
МемСТ 7702.0-74 "Құс еті, сынама алу әдістері. Сапасын сезімдік баға-лау";
МемСТ 7702.1-74 "Құс еті. Химиялық және микроскопиялық талдау әдістері";
МемСТ 27583-88 "Тағамдық тауық жұмыртқалары. Техникалық шарттар";
Сан ЕжН 2.3.2. 560-96 "Санитариялық нормалар және ережелер".

AНЫҚТAМAЛAР

Oсы магистрлік жобада кeлeсiдей aнықтaмaлaр қoлдaнылды:
АЗЫҚ (азықтық заттар, өнімдер) - қорытылған үлгідегі тағамдық заттардан тұратын және азықтандыру кезінде қалыпты физиологиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін, жануарлардың денсаулығына зиян әсерін тигізбейтін және олардан сапалы өнім алуға ықпалын тигізетін, олар өндірістік өңдеу жолымен алынғанда тікелей және жанама (кері әсерлі) өнімдерге, микробиологиялық және химиялық жолмен алынганда жасанды өнімдерге жататын; шығу тегі өсімдік, жануарлар, минералды өнімдердің жиынтығы;
АЗЫҚ ҚОСПАЛАРЫ - адам үшін тамақ көзі болып табылатын, жануарлар рационында жетіспейтін қоректік және минералдық заттар мен витаминдер көздері ретінде пайдаланылатын органика, минерал және (немесе) синтетика текті заттар;
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ (ветеринариялық-санитариялық) ЕРЕЖЕЛЕР - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшiн мiндеттi болып табылатын ветеринариялық нормативтер негiзiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт;
ВEТEРИНAРЛЫҚ СAНИТAРИЯ - жaнуaрлaрдың, жaнуaрлaрдaн aлынaтын өнiмдeр мeн шикiзaттың вeтeринaриялық нoрмaтивтeргe сәйкeс кeлуiн вeтeринaрия сaлaсындaғы уәкiлeттi мeмлeкeттiк oргaн бeлгiлeгeн тәртiппeн oргaнoлeптикaлық, биoxимиялық, микрoбиoлoгиялық, пaрaзитoлoгиялық, уыттық жәнe рaдиoлoгиялық зeрттeулeр кeшeнi aрқылы тeксeру;
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ СЕРТИФИКАТ - ветеринария саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында және көлікте ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерінің әрбір партиясына беретін, белгіленген нысандағы құжат;
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАР - мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен вeтеринариялық инспекторлар беретiн ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық куәлiк, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама;
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР - жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеудi немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн аса қауiптi аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнiмдiлiгiн арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бiрдейлендiру рәсiмiн қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсiмдер кешенi;
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАМА - жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы тексеру;
СAРAПТAМA AКТIСI - вeтeринaриялық сaнитaриялық сaрaптaмaсының нәтижeлeрi бoйыншa вeтeринaрия сaлaсындaғы уәкiлeттi oргaн бeлгiлeгeн тәртiппeн вeтeринaриялық зeртxaнaлaр бeрeтiн, oлaрдың Қaзaқстaн Рeспубликaсының вeтeринaрия сaлaсындaғы зaңдaрының тaлaптaрынa сәйкeстiгiн куәлaндырaтын, сoндaй-aқ oлaрды пaйдaлaнуғa ұсынaтын құжaт;
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН КУӘЛАНДЫРАТЫН ҚҰЖАТ - Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерінің сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін куәландыратын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама, сәйкестік сертификаты, сәйкестік туралы декларация;
ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАР (ТШ) - ветеринариялық препараттың сапасын тексеру үшін НТҚ енгізілген, мемлекеттік стандарттау жүйесінің талаптарына сәйкес келетін комплекстік тәсілдерді анықтайтын нормативтік құжат.

БEЛГIЛEУЛEР МEН ҚЫСҚAРТУЛAР
Бұл магистрлік жобада кeлeсi қысқaртулaр қoлдaнылaды.
АТФ - аминді триофосфат
ВСС - ветеринариялық санитариялық сараптау
ДДҰ - Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ДАҰ - Дүние жүзілік азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚазҰАЗУ - Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
кг - килограмм;
г - грамм;
мг - миллиграмм;
мг% -миллиграммпайыз;
мкг - микрограмм;
л - литр;
мл - миллилитр;
мл% - миллилитрпайыз;
мкм - микрометр;
м3 - метр куб (көлем);
м2 - метр квадрат (аудан);
см2 - сантиметр квадрат (аудан);
ккал - килокаллория;
мкал - милликалория;
рН - реакция ортасы;
% - пайыз;
0С - Цельсий градусы;
0 Т - Тернер градусы;
н. - нормальді;
т.б. - тағы басқалар; т.с.с.- тағы сол сияқтылар;
ж. - жыл; жж. - жылдар.

РЕФЕРАТ
Ключевые слова: кудюрит, бентонит, птицеводства, бройлер, физиология, мясо птиц, минеральные вещества, ветеринарно-санитарная экспертиза, санитарная оценка.
Диссертация написана на 82 страниц компьютерного набора, состоит из введения, материалов и методов исследований, результатов собственных исследований, завлючение, практических предложения, список литературы, приложений. В диссертиции 15 таблицы, 4 рисунков. Всего использовано 74 литературных источников.
По материалом диссертации опубликовано 3 печатных работ.
Научную работу проводили с 2022-2023 гг на кафедре ветеринарно-санитарной экспертизы и гигиены, в Казахском национальном аграрном исследовательском университете, в Казахстанско-Японском инновационном центре и в Казахском научно- исследовательском ветеринарном институте, в лаборатории ветеринарной клиники ЦВМ.
Целью нашей науной работы изучить качественные показатели мясо птицы на основе комплексного анализа органолептических и физико-химических показателей при применений Cudur B (бентонит).
Для реализации нашей научной цели были поставлены следующие задачи:
- Влияние Cudur B на рост цыплят-бройлеров при применение в рационе кормления;
- Физико-химические показатели и содержания витаминов и микроэлементов в мясе птиц при применение Cudur B в рационе кормления;
- Ветеринарно-санитарная оценка качества и пищевой ценности мяса цыплят-бройлеров при применение Cudur B в рационе кормления.
Органолептические показатели мясо цыплят-бройлеров опытных и контрольных групп соответствует ветеринарно-санитарным требованиям.
Энергетическая ценность 100 г мяса цыплят-бройлеров составило в контрольной группе 144,0 ккал, а в опытной группе -144,3 ккал.
При применение Cudur B в рационе кормления цыплят-бройлерам имеет положительное воздействие на химический и амино-кислотный состав мяса.
Научная новизна исследовательской работы заключается в проведении исследовании и анализа экспериментального материала и разработка ветеринарно-санитарной оценки мяса цыплят-бройлеров при применении в рационе кормление Cudur B.
Практическая значимость. Введения в рацион кормления Cudur B птицам, на основание наших исследований пришли к выводу, что хорошо влияет на рост живой массы и улучшение пищевой ценности и продукци птицеводства, органолептические и физико-химические показатели контрольной и опытной группы мясо птиц отличаются.
Поэтому мы рекомендуем применения Cudur B, так как это экономический выгодно применять в рацион птицам.
Целью настоящей работы является определение качества мяса бройлеров получавших с рационом кормовую добавку Cudur B.
Результаты исследования мяса бройлеров соответствуют требованиям Госстандарта.
Была дана ветеринарно - санитарная оценка мяса бройлеров при применении кормовой добавки Cudur B, основанный на анализе физико - химических показателей в сравнительном аспекте не получавшие в рационе кормовую добавку Cudur B.

ABSTRACT
Key words: kudyurite, bentonite, poultry farming, broiler, physiology, poultry meat, minerals, veterinary and sanitary examination, sanitary assessment.
The dissertation is written on 82 pages of a computer set, consists of an introduction, materials and research methods, results of own research, conclusion, practical proposals, list of references, applications. The dissertation contains 15 tables, 4 figures. A total of 74 literary sources were used.
Based on the dissertation material, 3 publications were published.
Scientific work has been carried out since 2022-2023 at the Department of Veterinary and Sanitary Expertise and Hygiene, at the Kazakh National Agrarian Research University, at the Kazakh-Japanese Innovation Center and at the Kazakh Research Veterinary Institute, in the laboratory of the veterinary clinic of the Central Computer Institute.
The purpose of our scientific work is to study the quality indicators of poultry meat based on a comprehensive analysis of organoleptic and physico-chemical indicators when using "Cudur B" (bentonite).
To achieve our scientific goal, the following tasks were set:
- The effect of "Cudur B" on the growth of broiler chickens when used in the diet;
- Physico-chemical indicators and content of vitamins and microelements in poultry meat when using "Cudur B" in the diet;
- Veterinary and sanitary assessment of the quality and nutritional value of meat of broiler chickens when using "Cudur B" in the diet.
Organoleptic indicators meat of broiler chickens of experimental and control groups meets the veterinary and sanitary requirements.
The energy value of 100 g of broiler chicken meat was 144.0 kcal in the control group, and 144.3 kcal in the experimental group.
When Cudur B is used in the diet of broiler chickens, it has a positive effect on the chemical and amino acid composition of meat.
The scientific novelty of the research work lies in the study and analysis of the experimental material and the development of a veterinary and sanitary assessment of the meat of broiler chickens when used in the diet of feeding "Cudur B".
Practical significance. Introduction to the diet of feeding "Cudur B" to birds, on the basis of our research, we came to the conclusion that it has a good effect on the growth of live weight and the improvement of the nutritional value and poultry products, the organoleptic and physico-chemical parameters of the control and experimental groups of poultry meat are different.
Therefore, we recommend the use of "Cudur B", as it is economically beneficial to use in the diet of birds.
The purpose of this work is to determine the quality of broiler meat fed with the diet of the Cudur B feed additive.
The results of the study of broiler meat meet the requirements of the State Standard.
A veterinary and sanitary assessment of broiler meat was given when using the Cudur B feed additive, based on the analysis of physico-chemical indicators in a comparative aspect, those who did not receive the Cudur B feed additive in the diet.
1 КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығы

Бүгінгі тaңда біздің еліміздің хaлқының әлауқaты мен әлеуметтік жағдай-лaрын жақсарту үшін ауылшаруaшылық сапалы өнімдерімен жеткілікті және тұрақты қaмтамасыз етіп отыру өмір талaбы. Ол үшін жеңіл әрі тез өндірілетін өнімдер салaлaрын тез арада және қуатты түрде жандандыру керектігі белгілі жағдай. Мұндaй өндірістік өнім салалaрының бірі құс шаруaшылығы.
Ғалымдaр мен мамандардың пікіріне қарағaнда, өте тез дaмитын сала - құс шаруaшылығын бірінші кезекте көтеру қажет, себебі жaқын арaда халықты са-палы дa, дәмді тағaмдармен тек құс шаруaшылығы, ғана қамтамасыз ете алaды.
Құс өндірісінің ерекшелігі сол, бұл құрамында өндіріс, қайта өңдеу, сау-да, қызмет көрсетуі бар, яғни барлық жүйе бір жерге топтастырылғaн. На-рықтық жағдайдың негізгі принциптерін тез арада бағдарлай алмау, елімізге импорттық тауарлaрдың көптеп әкелінуіне, оның ішінде құс шаруашылығы өнімдері, себеп болды, сөйтіп бұл осы саланың қaрқынды дамуынa кері әсерін тигізді.
Сондықтaнда, келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технология-ларын жетілдіру, әр шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Бұл жағдайдaғы негізгі мақсaт және міндет, бүкіл шығынды барыншa азайту болып табылaды. Құсты дұрыс та тиімді пайдалaнуға бағытталғaн ортаның жан-жақты көрсеткіштерін, құстың тұқымдық ерекшеліктерін түгел қамтитын технологиялық процестің басты мақсaты - құстың күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азай-тып, қоршаған орта жaғдайларын (микроклимат) мүмкіншілігінше оңтай-лaндырып, жалпы құс ерекшеліктерін ескере отырып, адaмға қажет өнімдер алуға пайдалaну.
Құс шаруашылығы нарық сұраныстарын диеталық өнімдермен қамтамасыз ететін, аграрлық кешеннің үдемелі, жедел дамитын саласының бірі болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстанда құс шаруашылығы қарқынды дамып келе жатыр, яғни құс өнімдеріне сұраныс артуда. Еліміздегі азық- түлік қауіпсіздігі ең алдымен халықты әр түрлі азық - түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған. Осы жағдайда құс шаруашылық саласын қайтадан жандандырып, оны одан әрі өркендетудің маңызы өте зор. Бүгінгі күнде Республикамызда 32,7 млн құс бар. Бұл құстар әр бағытта өсіріледі.
Республика стастистика агентгігінің мәліметтері бойынша қазіргі таңда Қазақстанда 38 өнеркәсіптік құс шаруашылығы, оның ішінде 12 шаруашылық бройлер балапандары етін өндірумен айналысады, сондай- ақ қазіргі кезде етті және жұмыртқалы құс шаруашылығының Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 15 асыл тұқымды шаруашылағында асылдандыру базалары бар.
Сондай - ақ, құс рационына бұрын қолданылмаған, үйреншікті емес жемдерді (рапс, бөрі бұршақ, ақ жүгері), цеолит, теңіз өнімдерінің қалдығын пайдалану дәнді дақылдардың шығынын азайтумен қатар, құстың өсіп жетіліуіне де оң әсерін тигізеді.
Құс шаруашылығы әлемдік және отандық агроөнеркәсіп кешенінің неғұрлым серпінді және ғылымды қажетсінетін саласы. Әлемдік құрылымда жануарлардың барлық түрлерінің етінен құс шошқа етінен кейін екінші орынға ие. БҰҰ ФАО мәліметтері бойынша 2011-2025 жылдары ет өсімі: құс бойынша - 3,1%, шошқа еті - 2,6, сиыр еті - 1,3 және басқа да мал түрлері бойынша - 0,2% құрайды. Құс еті өндірісінің көшбасшы елдері АҚШ, Қытай, Бразилия және Ресей болып табылады.
Тауық жұмыртқасында адамға қажетті барлық қоректік және биологиялық белсенді заттар бар, олар оңтайлы қатынаста болады: 12-15% протеин, 11-15% Май, 1% -- көмірсулар, 74% -- су және 1% - ға жуық бейорганикалық заттар. Құс жұмыртқасы протеиндерінің биологиялық құндылығы адам сіңіретін алмастырылмайтын амин қышқылдарының 96-98% - ға жиынтығымен және қатынасымен байланысты. Жұмыртқада 20 - дан астам минералды заттар, витаминдер, алмастырылмайтын амин қышқылы-лизоцим бар [1]
Ең сапалы ет бройлер -- мамандандырылған өсіру кезінде құстардың барлық түрлерінің гибридті ет төлінен алынады. Бройлердің ақ етінде 20% - дан астам толымды белоктар, 1-2% май, 92% амин қышқылдары бар, сондықтан шектеулі азықтық базада көптеген елдерде осы ет өндірісі тез дамып келеді.
Құс шаруашылығының жанама өнімдері кеңінен қолданылады. Қауырсын мен мамық түрлі тұрмыстық керек-жарақтарды, балық аулау құралдарын және жем-шөп дайындауға барады. Құстың шикі түрдегі белгісі-құрамы мен өсімдік қоректік заттардың сіңу дәрежесі бойынша құнды органикалық тыңайтқыш. Инкубация мен союдың қалдықтары жемдік ұнға өңделеді.
Қазіргі заманғы деңгейде құс шаруашылығы саласында негізгі ұғымдар өндірілетін өнімнің тиімділігі мен қауіпсіздігі болып табылады. Бұл ретте негізгі қасиеттерге ие болуы тиіс - бұл дамыған иммундық жүйе және жұмыртқа мен құс етін өндірудің қарқынды технологияларына жақсы бейімделу; жоғары өсімін молайту сапалары мен өнімді пайдаланудың ұзақ мерзімі; жоғары сапалы және қоректік құндылықты өнім өндіруге қабілеттілік; қоректік заттар мен жем энергиясының тиімді конверсиясы.
Бұл мақсаттарға генетиктер мен селекционерлер, зоотехниктер мен кең бейінді мал дәрігерлерінің жұмыстарын кешенді тәсілдеуде және жүйелі үйлестіруде қол жеткізуге болады.
2018 жылы Қазақстан Республикасында 60 құс фабрикасы болды. Жұмыртқа бағыты бойынша Қазақстан ішкі нарықты толық қамтамасыз етеді, 179 мың тоннадан астам құс еті өндірілді [2].
Бүгінгі таңда Қазақстандық нарықтың құс етіне деген қажеттілігі шамамен 250-300 мың тоннаны құрайды, оның ішінде нарықтың жартысын отандық өндіріс өнімдері алады.
Қазақстандағы ауылшаруашылығы құстары рационының құрамын биологиялық белсенді заттар, макро және микроэлементтер, дәрумендер және аминқышқылдарымен толық теңдестірудің , яғни кейбір заттардың жетіспеушілігінің орнын толтыру мақсатында соңғы жылдары құс азығының құрамына әртүрлі табиғи минералдық заттарды тиімді пайдалану жолдары іздестірілуде.
Құс шаруашылығын дамытудағы негізгі проблемалар құс, соның ішінде ет өнімділігінің болмауы болып табылады. Осыған байланысты, құс шаруашылығы саласында тәуліктік балапандардың толықтырылуына талдау жасау қажет. Бұдан басқа, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі азықтық құрамдастың жоғары құнымен байланысты. Жемнің негізгі компоненттері (оның құнының 60%) бидай, соя және жүгері болып табылады[3].
Азықтың өсімдік компоненттерінің құнына қатысты қиындықтардан басқа тиімді витаминді-минералдық қоспалар мен премикстердің отандық өндірісінің толық болмауын атап өту қажет. Барлық қоспалар шетелдік өндірушілерден сатып алынады, ал оларды сатып алуға арналған шығындар азықтың 10% - ын құрайды [4].
Өндірісті дамыту көрсеткіштерінің бірі өндірістің рентабельділігі мен ел халқын осы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейі болып табылады.Белгілі болғандай, Қазақстан жұмыртқа өндірумен 100% қамтамасыз етілген,алайда ет бағытындағы асыл тұқымды құс шаруашылығының төмен деңгейіне байланысты республика импортқа тәуелді болып қалуда.
Жұмыс істеп тұрған құс фабрикаларында көптеген жағдайда моральдық және физикалық жағынан ескірген жабдықтар пайдаланылады. Сонымен қатар, кейбір құс фабрикалары өздерінің өндірістік қорларын жаңғырту және кеңейту бойынша жұмыстар жүргізуде.
Жалпы мал шаруашылығын субсидиялау 2020 жылдан бастап тоқтатыла тұрады және бұл қаражат жеңілдетілген кредит беру, инвестициялық субсидия, сақтандыру және т. б. сияқты басқа да тиімді қолдау шараларына берілетін болады.
Құс шаруашылығы саласын дамыту үшін:
-жұмыртқа және ет бағытындағы кәсіпорындар үшін жаңа жабдықтар мен техниканы сатып алуға арналған инвестициялық шығындардың үлесін 20%;
-жұмыртқа және ет бағытындағы кәсіпорындар үшін модульдік құрылымдарды салуға инвестициялық шығындардың үлесін өтеу - 25%. Яғни, объектілерді пайдалануға енгізу және 50-ге қуаттарды игеру шартымен құс шаруашылығы кәсіпорындары үшін кезең-кезеңмен төлеу негізінде 25% мөлшерінде ҚМЖ шығындарын өтеу қажет;
-ЕДБ және өзге де қаржы институттарында қарыз капиталының пайыздық мөлшерлемелерін жеңілдікпен кредиттеусубсидиялау:
Құс шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қорғау үшін:
- экспорттық операцияларды қаржыландыру және сақтандыру рәсімдерін оңайлату;
- қосылған құны жоғары құс шаруашылығы өнімдерін (ет, жұмыртқа) терең өңдеуді ынталандыру;
- ҚР аумағына әкелінетін құс шаруашылығы өнімдерінің кедендік және ветеринарлық бақылауын күшейту және жетілдіру;
Соңғы уақытта құс шаруашылығы күрделі түсіндірілетін себептер бойынша мемлекеттің жүйелі қолдауынсыз қалып отыр, бұл даму қарқынын төмендетеді, отандық өндірушілердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, саланы дамыту бағдарламасын іске асыру жолында кедергілер туғызады. Ал Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау және басқа да бірқатар облыстардың құс фабрикалары субсидия алмайды немесе қосымша алмайды, бұл экономикалық және әлеуметтік сипаттағы қиын жағдайды тудырады",-деп атап өтті депутат Сыздықов. Оның айтуынша, бұл әсіресе ірі құс еті мен жұмыртқа өндірушілеріне қатысты[5].
"Мысалы, құс фабрикаларын субсидиялау бойынша қиын жағдай сақталатын Алматы облысы жалпы өндіріс көлемінің 44% құс етін өндіреді. Қарағанды облысы мен басқа да бірқатар өңірлер жақсы жағдайда қалып отыр. Атырау "Алмалы құс" құс фабрикасы 303,5 миллион теңге көлемінде инвестициялық субсидиялаусыз қалды. Инвестициялық субсидияларды толық алмау негізінде өндірістік қуаттарды кеңейту және жұмыртқа шығаруды 100 миллион данаға дейін, ет шығаруды облыстың қала құраушы кәсіпорындарының біріне жылына 210 тоннаға дейін жеткізу бағдарламасын жүзеге асыруда үлкен қиындықтар туғызды. Екінші жартыжылдықтан бастап жұмыртқаны арзандатуға субсидиялау тоқтатылды. (айына 17-ден 26 млн. теңгеге дейін). "Атырау" ӘКК ҰК-ның алдында, жабдықтарды шетелдік жеткізушілер, жергілікті азық жеткізушілер алдында айыппұлдар мен өсімпұлдары бар кредиттер бойынша берешектер бюджетке шамамен 250 млн.теңгені құрайды. Кәсіпорынның банкроттыққа әкелуі мүмкін қаржының жоқтығынан қысқы кезеңде жем-шөп қоры жоқ болып қалу қаупі бар. Өнімі ішкі нарықта жақсы ұсынылған" Өскемен құс фабрикасы " АҚ бойынша 2018 жылы субсидия бойынша өтінімді қанағаттандыру пайызы небәрі 2,2 пайызды құрады[6].
Жүргізілeтін ғылыми зeрттeу жұмыстары - үй жағдайында өсірілген құс етінен сынамалар алынып, сaпaсын бақылау мақсатында ЦВМ ветеринариялық клиникасының лабораториясында және Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының заманауи қондырғыларында тексеру болып тaбылaды.
Зерттеу жұмыстың материалдары мен әдістемелері. Ғылыми зерттеулер жұмыстары Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ветсансараптау және гигиена кафедрасының зертханасында 2022-2023 жылдары жүргізілді
Азық сіңімділігі жоғары болу үшін оның құрамындағы биологиялық белсенді заттар құнарлы және сапалы болуы керек. Осы мақсатта яғни, малдан алынатын өнімнің сапасын жоғарылату үшін азыққа азықтық қоспалар қосамыз.
Негізінен қоспалар малдың күйін жақсартады. Аталған қоспаның ірі қара мен жылқының, каз, үйрек, үндік, тауык, балықтың тез жетілуі мен салмақ қосуына ерекше әсері бар. Ал осында дайындалған арнайы қоспа бұзау мен құлынға, қозыға қажетті аналық сүтті алмастыра алатынын да айтқан жөн.

1.2 - Құс ұшаларын союға дайындау кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары

Етке тапсырылатын сойыс құсының етіне және құсты союға қабылдауға қойылатын талаптар. Етке тапсырылатын құс (МС 18292 - 85) жасына байланысты балапан және ірі құс болып бөлінеді. Балапан құстың (тауық, қаз, үйрек, күрке балапандары) төс сүйегінің қыры сүйектенбеген (шеміршек), кеңірдек сақыналары солқылдақ, иілгіш, оңай қысылады, қауырсын қанаты бестен кем болмауы керек. Балапанның аяқтарының терісі және тері қабыршығы солқылдақ, аяққа жабысып тұрады. Жас қораздар мен күрке тауықтардың тепкісі (шпор) жетілмеген, ұстағанда жұмсақ, қозғалмалы. Қаз және үйрек - қаз балапандарының аяқ терісі жұмсақ созылмалы, тұмсығы мүйізденбеген. Үлкен құстың төс сүйегінің өсіндісі сүйектенбеген, қатты, кеңірдек сақиналары қатты, қысылмайды. Аяқ терісі, тері қабығы дөрекі, бұдырлы, қораздың, күрке Құстың тепкісі қатты, тұмсығы мүйізденген болып келеді[7,8].
Тапсырылатын құстың массасы төмендегі көрсеткіштерден төмен болмауы қажет: құс балапандары - 600 г, бройлер балапандары - 900 г, күрке құс балапаны - 2200 г, үйрек балапаны - 1400 г, қаз балапаны - 2300 г. Сонымен қатар массасы бұл көрсеткіштерден төмен құстарды да тапсыруға болады, бірақ олар белгілі бір көрсеткіштерден аспауы керек. Мәселен құс балапандары - 500 - 600 г болатыны жалпы тапсырылатын құстың 15% - нан, ал бройлер балапандары - 800 - 900 г дейінгісі 10% аспауы керек.
Құс қоңдылығын ажырату үшін оның қанаттарының түбінен бір қолмен басып өзіне қарата ұстайды. Ең бірінші төстегі құс етінің мөлшеріне назар аударып, екінші қолдың үш саусағымен шат сүйекті ұстап қарайды. Семіз құстың шат сүйегі қалың майдың астында жатқандықтан байқалмайды. Сонымен қатар іштің төменгі жағына және санның ішкі жағындағы тері астындағы май анықталады. Құсты сойысқа қабылдағанда оның тірі кезіндегі қоңдылық дәрежесін ажыратпайды[9,10,11].
Мемлекеттік стандарт бойынша құсты етке тапсырудың ерекшеліктері де бар: құстың жемсауын тазалау үшін тауық, күрке құс және олардың балапандарынан 6 - 8 сағат аш ұстау керек; Құсты етке тапсырардан бұрын 20 күн бұрын антибиотик, ал 12 күн бұрын құм берілуі тоқтатылады; Етке тапсырылатын құста жарақаттар болмағаны дұрыс, бірақ құстың айдары, саусағы, төс сүйегінің аздап қисайғаны, аздаған сызаттары бар құстар етке қабылданады. Құс қанаттарында құрғақ, жабысқан былғағыш заттар болмауы қажет, ал үйректі түлеу кезінде етке тапсыруға болмайды;
Союға және ет тағамдарына қайта өңдеуге арналған құстарды объектілер мен құстардың жұқпалы ауруларынан таза аумақтар мен шаруашылықтардан қабылдайды. Міндетті біріздендіру рәсімінен өтпеген құстар қайта өңдейтін кәсіпорындарға жіберілуге жатпайды.
Төмендегілер қасапханаға жіберуге тыйым салынады:
емдік және (немесе) алдын алу мақсатында антибиотиктер, антигельминтиктер және басқа да препараттар, өсуін ынталандыруға арналған препараттар берілген жануарлар мен құстарды оларды ветеринарияда қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген мерзім ішінде;
құс тұмауына қарсы вакцина егілген құстарды 21 күн ішінде;
жәндіктерге қарсы химикаттармен өңделген құстарды сол препараттар тізімінде көрсетілген күту мерзімінен бұрын;
дене температурасы жоғары немесе төмен және енжар жағдайда немесе өлім аузында жатқан құстар;
өсіру кезінде Қазақстан Республикасында рұқсат етілмеген ветеринарлық препараттар қолданылған құстар;
балықтан жасалған ұнмен соңғы азықтандырылғаннан кейін құсты 10 күн ішінде.
Сойылуға жіберілетін құстар әрбір партиясына белгіленген тәртіппен рәсімделген ветеринарлық куәлік қоса тіркелуі керек. Құстар ветеринарлық-санитарлық және зоогигиеналық іс-шараларды жүргізу кезінде азықпен, сумен бірге ағзаға зиянды құрамдас бөліктердің, оның ішінде төмендегілердің түсу мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда азықтандырылады және өсіріледі:
қоршаған ортаны ластайтын заттар және химиялық ластағыштар: фосфорлық, хлорлы органикалық қосылыстар, улы элементтер, бояғыштар, микотоксиндер.
анаботикалық әсері бар заттар және құс шаруашылығында қолдануға тыйым салынған фармакологиялық заттар;
Нысанаға түскен құстар ветеринарлық тексеруден өткізіледі және сою алдында құстар кемінде 6 сағат аш ұсталады. Амалсыз өлтірілгендер немесе өліктер, енжар күйіндегі құстардың партиясы, сонымен қатар ветеринарлық құжатта көрсетілген мал басының нақты санына сәйкес келмеген жағдайда балауы немесе сәйкес келмеуінің себептері белгіленгенге дейін тез арада карантиндік бөлімшеге жабылады.
Келесідей жағдайларға: сою алдында ветеринарлық тексеруден өтпеген құстарды союға, ауру, ауруына күдікті, майыптық зақымдары бар құстарды, сонымен қатар оларды қабылдау кезінде анықталған өліктерді иелеріне қайтаруға, союға қабылданған құстарды объект аумағынан шығаруға (әкетуге); өлген құстардың өліктерін, ветеринариялық конфискаттарды қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына жөнелтуге жол берілмейді.
Өндіріс (дайындау) нысандарында қабылдау және ветеринариялық тексеру сәтінде жұқпалы ауру белгілері бар құстар анықталған жағдайда барлық партиясы санитарлық союға жіберіледі. Ауру құстарды сою сау құстардан бөлек ауысымның аяғында жүргізіледі. Осындай союды аяқтағаннан кейін қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес қоралар мен жабдықтарға дезинфекция жүргізіледі [12,13].
Құстардың анықталған ауруларына байланысты ұшаға оны залалсыздандыру тәсілі туралы куәландыратын ветеринариялық мөр басылып жіберіледі. Құстарды союға сою алдында ұстайтын үй-жайлардан бастапқы қайта өңдеудің конвейерлік желілерінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ететіндей бастапқы қайта өңдеу цехының сою алдындағы қашасына жіберіледі.
Төмендегідей технологиялық үрдістер мыналарды:
- өңдеуге түсетін шикізат пен қосымша материалдардың нормативтік құжаттарға сәйкестігін бақылауды;
- шикі және дайын өнімнің ағындары мен байланыстары қиылысуының болмауын;
- құс ұшаларын қансырату, тазарту және жуу учаскелеріндегі тараптарға арнайы еңкіс науалар бойынша сұйықтың ағуын;
- ілінген күйіндегі тұтас еттердің еденге, қабырғаға және технологиялық жабдықтарға қатысты жанасуын болдырмауды;
- тағамға жатпайтын қалдықтардың ерекше түске боялған және оның арналуы туралы жазуы (таңбасы) бар арнайы ыдысқа жиналуын;
- санитариялық өңдеуге қол жеткізе отырып, тамақ шикізатын (май шикізатын, ішек-қарын жиынтығын, тағамдық қанды, қосымша өнімдерді) беруді бір-бірінен бөлуді;
- ветеринариялық конфискаттарды (ветеринариялық-санитариялық сараптау кезінде ақауы анықталған ұшалар мен органдарды) ерекше түске боялған жабдықталған бөлек құламаларға немесе арнайы жылжымалы жабылатын ыдыстарға жинауды;
- сойылған малдардың ерекше қатерлі ауруларынан күдіктенген немесе тапқан жағдайда ветеринариялық мамандардың жұмыс орындарынан "Тоқта" батырмасының көмегімен конвейерді шұғыл тоқтатуды;
- сойылған жануарлардың ішіндегі асқазанды және бүйендерді босату, сондай-ақ теріні жеке үй-жайларда немесе биіктігі үш метр қалқанмен бөлінген және ұшаларды жылжыту орнынан кемінде үш метр аралықта алыстатылған малды бастапқы қайта өңдеу цехының арнайы бөлінген учаскелерінде шелдеу;
- суық және ыстық суды жұмыс орындарына беруді, ал ішектерді сұрыптау үшін сығылған ауаны беруді;
- тұтас еттерді, қосымша өнімдер мен басқа да сойылған өнімдерді тек олар санитарлық өңдеуден, ветеринарлық-санитарлық сараптаудан және таңбалаудан өткеннен кейін тоңазытқышқа жөнелтуді қамтамасыз етеді[14,15].
Құс қоңдылығын ажырату үшін барлық тапсырылатын құстың 20% (бірақ барлық уақытта жүзден кем емес) сойылады. Құсты союға қабылдаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Құс өңдеу кәсіпорнына әкелінген құсты тиісті құжаттар тексерілгеннен кейін мал дәрігері, цех бастығы немесе шебер қарап шығады. Құсты байқау кезінде оның саны анықталады, жалпы жағдайы (сергек, солғын) дене құрылысының жасына сәйкестілігі, қозғалуы, бас, қанат, жүннің жағдайы, айдарының түсі, түрі, көлемі, табиғи саңылаулардан сұйықтықтың бөлінуі, дыбысқа жіне тітіркендіргіштерге реакциясына көңіл аударады. Сонымен қатар құс терісінің жағдайы, саңғырығының жиілігі, түсі, тыныс алу жиілігі, буындары тексеріледі. Осыдан кейін құс қабылданып, союға жіберіледі. Құс шаруашылықта аштықпен союға дайындаудан өтуі қажет. Жолдағы уақытты есептегенде суда жүзетін құстар 4 - 6 сағат, ал құрғақтағы құстар 6 - 8 сағат аш ұсталуы қажет. Ол туралы тауар - көлік құжатына арнайы көрсетілуі тиіс. Құс өңдеу кәсіпорындарына тек қана сау құс әкелінуі тиіс. Ауру құс шаруашалақтағы санитарлық қасапханада сойылады. Ал тасымалдау кезінде ауру байқалса, құс шаруашылыққа қайтарылмайды. Олардың диагнозын анықтау үшін үш күнге дейін карантинде ұстайды. Ауруы анықталғаннан кейін соған байланысты шешім қабылданады. Егер мұндай құс сойылған жағдайда тек қана ішек - қарынын түгел алу әдісімен жүргізілуі және сау құстан кейін бөлек сойылуы керек.
Таңба басу және құс еттерін таңбалау Құс етін ветеринарлық таңбалау нұсқаулығына негізделіп жүргізіледі, АШМ Ветеринария Департаменті 36 бекіткен, сондай-ақ МемСТ 25391-82, МемСТ 21784-76. Таңбалау тек ұшаларды,ішкі мүшелерді ветеринарлық-санитарлық сараптаудан кейін, азықтүлік мақсаттар үшін құс етін жарамдылығы туралы қорытынды ұсынылғаннан кейін жүргізіледі. Құс ұшаларын таңбалау үшін шеңберсіз 1 немесе 2 санымен көрсетілген электрлі таңба немесе қағаз затбелгі қолданылады. Электрлі таңбалар құстардың ет комбинаттарында және құс фабрикаларында: балапан, тауық, үйрек, мысыр тауығы ұшаларының-бір аяғына, сыртқы жоғары сирақтарына қойылады, ұшаларда- үйрек, қаз, күрке тауықтарында - екі аяғына қойылады. Қағаз затбелгілер (15 х 90 мм мөлшерде,боялған бөлігі -- 60 мм) ұшалардың жарты аяқтарына бекітіледі. Зат белгіде аймақтың номері көрсетіледі, ветқарау деп жазылады, кәсіпорынның нөмірі жазылады. Ақауы бар құс ұшаларына таңба арқасына (арқаның жоғарғы бөлігіне) П әріпі жазылан штамп қойылады, арық ұшаларға таңба басылмайды. Құс ұшаларында ақауы бар жәшіктер П әріпі бар штамптармен таңбаланады (промышленная переработка), ал арық ұшалар бар жәшіктер Т әріпі бар штамптармен таңбаланады. Құс ұшаларының утилизацияға жіберілетін бір бөлігіне ет және ет өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау ережесімен белгіленген бірнеше ветеринарлық штамптар қойылады.

- Құс етінің химиялық құрамы

Ауыл шаруашылығы құстарына -- тауық, күрке тауық, үйрек, қаз, мысыр тауығы мен бөденелер жатады. Құс етінің түріне байланысты ақ немесе қызыл түсті ұсақ талшықты құрылымы бар. Тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар және мысыр тауықтары шаруашылық маңызы бар. Құс етінде сойылатын мал етімен салыстырғанда толыққанды ақуыздар көп және коллаген мен эластин аз. Онда майлар, минералды заттар, көп экстрактивті заттар, А, РР, D, В1, В2, В12 витаминдері бар. Майлардың балқу температурасы төмен (23-34° С) және ағзамен оңай сіңеді (93%). Экстрактивті заттар ас қорыту шырындарының бөлінуін күшейтеді, тағамның тез сіңуіне ықпал етеді.
Құстың ұшалары қоңдылығы мен өңдеу сапасына байланысты I және II санатқа бөлінеді. Категорияны анықтау кезінде жасы, түрі, өңдеу тәсілі, қоңдылығы, тері бетінің жағдайы ескеріледі. I санатты ұшалар жақсы дамыған бұлшық, тері асты майының шөгінділері бар. ІІ санатты құс ұшалары қанағаттанарлық дамыған бұлшық еттер, тері асты майының аздаған шөгінділерінің болуы немесе оның жоқтығы. Жас құс еті пайдалы, емдік тағамда қолданылады.
Тауық және тауық еті құс етінің басқа түрлерінің арасында фаворит болып табылады. Майлардың төменгі мөлшері (10% - дан артық емес) кез келген басқа етке қарағанда ақуыздар көп. Ол ағзадағы ақуыздың толыққанды тепе-теңдігін қамтамасыз етеді және өмір сүру және өсу үшін тамаша өнім болып табылады. Тауық сорпасының тағамдық құндылығы холестерин мен пуринді заттардың жоғары мөлшерін төмендетеді. Сорпада 20% холестерин және 65% азотты экстрактивті заттар бар. Ең пайдалы - ақ пісірілген тауық еті (әсіресе төс), ол диеталық өнім болып саналады.
Сойыс малдары етімен салыстырғанда құс еті толық құнды ақзаттар мен экстрактивті заттарға бай. Құстың бұлшықет ұл-палары тығыз, әрі ұсақ талшықты болып келеді. Дәнекер ұлпалары нәзіктеу, әрі олар сойыс малдарының бұлшықеттеріне қарағанда аз болады.
Толық құнды ақзаттар көп болуымен тауық және түйе тауық еттері ерек-шеленеді. Құс еті тез піседі, әрі өте сіңімді. Құс етіндегі толық құнды ақзаттар мен толық құнды емес ақзаттар арақатынасына құстың жасы, қоңдылығы әсер етеді. Құс майы төменгі температурада ериді (23-24ºС) және организммен жеңіл сіңіріледі (93%-ға дейін).
Құс етіндегі экстрактивті заттар сорпаға дәм, хош иіс беріп, ас қорыту сөл-дерінің бөлінуін күшейтіп, азықтың жақсы сіңірілуіне мүмкіндік береді. Олар тауық, түйе тауық еттерінде көп мөлшерде бар.
Сойысқа арналған ірі мал етімен салыстырганда құс етінде белок пен экс-тра белсенді заттар өте көп. Құстың бұлшық еті тыгыз, әрі майда толқынды бо-лып келеді. Байланыстыратын ұлпасы ірі қара малдарга қараганда едәуір аз бо-лады. Құс етінде белок - 16-21%, май ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құс етінің классификацисы
Құс етіне жалпы сипаттама
Құс ұшаларының ақаулары
Құс етінің классификацисы. Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу, сақтау және тасымалдау туралы ақпарат
Әртүрлі құс еттерінің химиялық құрамы
«Құс етінің негізінде функционалды ет өнімдерінің технологиясын өңдеу»
Жылқы етінің химилық құрамы
Бұлдырық құс
Май ұлпасы
Құс етінен котлет дайындау
Пәндер