Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 12

1. 1 Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың мәні мен мазмұны 12

1. 2 Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамытудың педагогикалық шарттары 34

2 ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ 68

2. 1 Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың мүмкіндіктері

2. 2 Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттырудың әдістемесі 82

2. 3 Тәжірибелік-эксперименттің нәтижесі 97

ҚОРЫТЫНДЫ 116

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 118

ҚОСЫМША 125

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы заңында [1], «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» [2] т. б. құжаттарда осы заманға сай білім беру жүйесін дамыту, кең ауқымды ойлай білетін тұлғаның рухани және салауатты өмір салты негізін қалыптастыру, тұлғаның дербестік қасиеттерінің дамуы үшін жағдай жасау, интеллектісін байыту міндеттерін алға тартып отыр.

Жалпы орта мектептің бастауыш сатысындағы кезең - оқушыда оқу әрекеті қалыптасуының өте қолайлы кезеңі. Оқушының танымдық белсенділігін дамыту нәтижесінде онда оқуға деген талап, ынта, құлшыныс туып, оқу біліктері қалыптасады, яғни оқушының әр түрлі оқу тапсырмаларын орындаудағы құзыреттілігі артып, ол білімді меңгеруде, оқу әрекеттерін бақылау, бағалауды, нәтижені берілген үлгімен салыстыруды үйренеді.

Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуі мен жаһандану талабына орай орта мектептегі білім сапасын көтеру, оқушылардың өзіндік жұмыстарын түрлендіру арқылы күшейту, сонымен қатар олардың танымдық белсенділіктерін арттыру қажеттігі туындап отыр.

Білім парадигмасының өзгеруіне байланысты жаңа білім мазмұнын меңгеруде өзіндік жұмыстарында оқушының танымдық белсенділігін арттыру басты міндеттердің бірі болып табылады. Бастауыш сыныптарда педагогикалық процесті дамыта және тұлғаға бағдарлап ұйымдастырудың негізінде оқушылардың оқу әрекетінде өзіндік жұмыс арқылы танымдық белсенділігін арттыруға болады. Оқыту процесі екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім өзінің іс-әрекетін оқушылардың өзіндік жұмысы арқылы танымдық белсенділігін дамытуға бағыттап құра білуі тиіс. Ал бұл өз кезегінде оқыту мен бала дамуының заңдылықтары туралы өте күрделі психологиялық және педагогикалық мәселе ретінде қарастыруды талап етеді.

Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту мәселесінің психологиялық аспектілерін отандық психолог-ғалымдар Ж. Аймауытов [3], Т. Тәжібаев [4], Қ. Б. Жарықбаев [5], М. Мұқанов [6], С. М. Жақыпов [7], Ә. Алдамұратов [8], Ж. Ы. Намазбаева [9], Г. Джумажанова [10], С. Қ. Бердібаева [11], К. Оразбекова [12], Б. Байжұманова [13] және т. б. зерттеулерінде танымдық белсенділіктің психологиялық ерекшеліктері ашылып, танымдық белсенділік арнайы зерттеу объектісі ретінде қарастырылып, оның білімді меңгерту ісін жетілдірудегі басты рөл атқаратыны туралы қорытындылар жасалған.

Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Оқушы ақпаратты, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және жеке адам игерген ұжымдық тәжірибені оқытушының беретін білімімен шектеп қана қоймай, оны әрі қарай өз бетінше белсенді, нысаналы танымдық іс-әрекеті нәтижесінде игеруі тиіс. Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс-әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.

Қазақ ағартушы интеллигенциясының өкілдері Ш. Уәлиханов [14], Ы. Алтынсарин [15], А. Байтұрсынов [16], М. Жұмабаев [17], М. Дулатов [18] және т. б. ағартушылардың бастауыш мектеп оқушыларына арналған оқу-әдістемелік құралдарында оқушылардың өздігінен орындайтын тапсырмаларына да көңіл бөлінген. Бұның өзі бастауыш мектепте берілетін білім мазмұнын анықтаудың бір көрінісі болып табылады.

Өздігінен орындайтын оқу тапсырмаларына ерікті шоғырландырып, жаңа пайда болған қызығушылықтары мен сұраныстарын қанағаттандыра әрекеттенеді. Өздігінен жасайтын жұмыс деңгейіне оқушының шығармашылық белсенділігін жоғарылату - кез келген таным процесінің қажетті элементі болып табылады. Оқыту тек қана сабақ беру жағын ғана емес, оқушының өзіндік белсенді іс-әрекетін талап етеді.

Ал, бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыру мәселесі арнайы зерттеу объектісі болмаған. Білім саласында болып жатқан түбегейлі өзгерістер бастауыш сынып оқушысының танымдық іс-әрекет арқылы тұлға ретінде қалыптастыруды басты міндеттердің бірі деп қарастыруды талап етіп отыр. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыру нақты теориялық және практикалық мәселе ретінде зерттеу қажеттігі бүгінгі білім берудің басым бағыттарының біріне айналып, ақпаратты меңгеруде, өздігінен ізденуде, қарым-қатынасқа түсуде, проблемалық жағдаятта шешім қабылдаудағы түйінді құзыреттіліктерімен түсіндіріледі. Өзіндік жұмыс негізінде оқушылар өздерінің ой-өрістерін және іс-әрекеттерін қорытындылай отырып, алға қойған мақсатына жетуге ұмтылады.

Өзіндік жұмыс барысында оқушылар танымдық іс әрекеттен белсенді әрекетке, одан шығармашылыққа көшіп, өзінің жеке көзқарасын дәлелдеп, тапсырманы жан-жақты талдау жасау барысында баға беруді үйренеді. Өзіндік жұмыстардың түрлеріне қарай берілген ахуалға байланысты проблеманы жүйелеуді және алдын ала көре білуді үйренеді, жаңа проблемаларды аша біледі, оларды шешудің ықтимал жоспарларын ұсынады, оны шешудің нақты жоспарын талдап жасайды. Дегенмен, өзіндік жұмыстың осындай мүмкіндігіне қарамастан, педагогикалық тәжірибеде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда жеткілікті дәрежеде қолданылмай келеді. Практикалық тұрғыдағы зерттеу негізінен бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыру деңгейінің төмен екендігін көрсетті.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары мен педагогикалық-әдістемелік әдебиеттерге жасалған талдаулар бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарында танымдық белсенділігін арттыру мәселесінің ғылыми тұрғыда негізделмегенін айқындауға мүмкіндік туғызды. Осы тұрғыдан алғанда келесі қарама-қайшылықтар туындап отыр:

- бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыру қажеттілігі;

- қазіргі қоғам сұранысына сай бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетін қалыптастыру мен оны жүзеге асырудың әдістемелерінің жасалмауы;

Осы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу мәселеміздің көкейкестілігін айқындап, тақырыпты «Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстары негізінде танымдық белсенділігін дамытуды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.

Зерттеу нысаны - бастауыш сыныптардағы оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні - бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін дамыту.

Зерттеу жұмысының болжамы. Егер оқу процесінің әр кезеңдерінде оқушылардың өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін дамытудың теориялық негіздері айқындалып, әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе, онда бастауыш сынып оқушыларының білімі кеңейіп, дербестігі мен шығармашылығы, ізденімпаздығы артады, өйткені өзіндік жұмыстар оқушылардың танымдық белсенділігі мен интеллектуалдық әлеуетіне негізделіп құрылады.

Зерттеудің міндеттері .

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру мәселесінің теориялық негіздерін айқындау;

- бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттарын анықтау;

- бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми негізделген әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

Зерттеу әдістері:

- теориялық (ғылыми-теориялық әдебиеттерді талдау, жинақтау,

қорытындылау, салыстыру, нақтылау, нәтижелерді жобалау) ;

- эмпирикалық (сауалнама жүргізу, әңгімелесу, бақылау, нормативті және оқу - әдістемелік құжаттарды талдау, диагностика, кеңестер беру, тест жүргізу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс) ;

- статистикалық (алынған нәтижелерді математикалық-статистикалық өңдеу, сараптау) .

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі.

  1. Оқушылардың танымдық белсенділігінің теориялық негіздері айқындалып, оларға берілген сипаттамалар бір жүйеге келтірілді және негізгі ұғымдардың анықтамасы нақтыланды.
  2. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары анықталды.
  3. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми негізделген әдістемесі жасалды.

Зерттеу базасы: Қызылорда қаласы, №23 Ж. Қизатов атындағы мектеп-лицейі болып белгіленді. Зерттеу жұмысына аталған мектептерден экспериментке 102 оқушы әдіскерлері қатыстырылды.

Диплом жұмысының құрылымы. Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың мәні мен мазмұны

Философиялық сөздікте: «Таным - адам әрекетінің мақсаттары мен ұмтылыстарының негізі болатын білімін қалыптастырушы, шығармашылық қызметінің қоғамдық тарихи процесі» - деген анықтама берілген. Ой еңбегі мен дене еңбегінің арасында қарама-қайшылық бар жерде, шығармашылық, жаңалық ашушы және тудырушы іс-әрекет орындаушылық пен жаттандылыққа әлеуметтік тұрғыдан қарама-қарсы қойылған жерде таным көбінесе, рухани өндірістің (ғылымның, эстетикалық, этикалық, діни парасаттық қызметтің және т. б. ) түрлі салаларындағы кәсіби мамандардың ерекше функциясы ретінде көрінеді. Анықтамада танымдық әрекеттің рөлі көрсетіліп, онда таным адамның табиғатқа белсенді түрде әсер етуінен, табиғат заттарын өңдеуден, зат қасиеттерін өндірісте пайдаланудан бастау алатынына жете мән берілген.

Философтар таным дегеніміз - адамның жаңа біліммен молығу процесі деген тұжырым жасайды. Олай болса, білім адам қызметіндегі таным процесінің нәтижесі болып табылады.

Гегельдің пайымдауынша, сана және өзін-өзі сезіну мәселесі, ойлау және өзін-өзі ой елегінен өткізе білу мәселелері әр түрлі аспектілерде қарастырылуы, оның идеяларының құндылығын көрсетеді. Өзін-өзі түсіну кем дегенде үш аспектіде қолданылады - индивидтің дүниедегі өзінің орнын түсінуі, өзінің қайталанбас ерекшелігін түсінуі, сонымен қатар өзінің санасын мойындауы, біркелкі емес және әр түрлі күрделі құрылым мен көптүрлі формаларда кездеседі. Әр түрлі типтер мен дәрежелерде, жағдайларда белгіленеді. Сондықтан да өзін-өзі түсіну белгілі дәрежеде күрделі құрылымға ие болып, өзіне тән әр түрлі компонентттерде көрініс табады.

Философ Д. Кішібеков: «Таным дегеніміз - сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеялды образдар жүйесі ретінде бейнеленуінің қайшылыққа толы күрделі процесі» - деген анықтама берген [19] . Д. Кішібековтың пайымдауынша, қоғамның, оның дамуының философиялық әдіснамалық теориясы қоғамды зерттеп, талдау біртұтас ыңғай, бүтін бір құбылыс, белгілі бір жүйе, өзін-өзі қозғаушы, өзін-өзі дамытушы ретінде оның нақты салаларын, бөлшектерін талдап, арнайы қарау қажеттігінің алғышарттарын саралап көрсеткен. Біріншіден, қоғамдағы іс-әрекет, қызметтің субъектісі - нақтылы адам, ол өзінің материалдық және рухани қажеттері мен мұқтаждарын тек қоғамда ғана қанағаттандырады. Қоғам дамуының екінші бір алғышарты - қоғамдағы адамдардың енжар емес, керісінше, белсенді болып, қоғамда болған жағдайды жайбарақат қабылдамауы. Егер адамдар қоғамда жағымсыз жағдайды байқаса, олар оны белсенді іс-әрекеті, саналы қызметі арқылы өзгертіп, өздеріне тиімді, ыңғайлы жағдай жасайды. Үшіншіден, қоғам дамуындағы алғышарт - әрбір дара адамның өзіне тән потенциалды күш-жігері, қасиеті т. б. өзгешеліктері болады. Олар тек белгілі бір әлеуметтік жағдай мен ортада өзара байланыста ғана дамиды. Өйткені, бұл болмаса, қоғамда адам да болмайды. Адамның мәнін қоғамнан тыс, еңбек құралынсыз, материалдық өндіріссіз танып білу мүмкін емес. Төртіншіден, әдіснамалық алғышарт - қоғам жеке адамдардың жай ғана механикалық жиынтығы емес, ол өзгеше біртұтас әлеуметтік бөлінбейтін әлеуметтік өмір, бір бірінен ажырамас, бір біріне әсер ететін екі фактордан, яғни адамдардың белгілі бір қызмет әдісінен және әлеуметтік фактордан тұрады. Олар адамдардың материалдық, рухани өндірісті дамытудағы қызметі арқылы пайда болады [19] . Адамдардың материалдық, рухани өндірісті дамытудағы қызметі практикалық және рухани қызметте көрініс береді. Сондықтан да осы екі қызмет түріне тоқталуды жөн көрдік.

Практика - адамның саналы, мақсатты, нысаналы, сезімдік нақты қызметі. Практикалық іс-әрекет табиғи ортаны өзгертуге бағытталады. Ол ең алдымен өзінен бұрынғы процестердің мәнін ашып, олардың өз мұқтаждығына орай жаңа ортаны құрады. Жаңа ортаны құру арқылы жаңа нәтижеге қол жеткізеді.

Таным процесі күнделікті тәжірибеден, сезімдік түйсінуден басталады.

Б. Рассел адам танымына қатысты екі сұрақ қойған: біріншісі - біз нені танимыз және екіншісі - біз қалай танимыз? Бірінші сұраққа мүмкіндігінше өзімшіл емес және адамның абстракциялы болуға ұмтылатын ғылым жауап береді. Әлемнің қорытынды шолуында үлкенмен және жалпыменен істес болатын астрономия мен физикадан бастау табиғи болар еді, сирек және әлемдегі оқиғалар барысына өте аз әсер ететін құбылыстар ретінде өмір мен ой, ықылас ниетсіз шолуда маңызы бойынша аз орын алуы тиіс. Ал, екінші сұрақ бойынша психология ғылымы маңызды болып табылады. Өйткені біздің танымымыздың бүкіл ішкі материалы жекелеген адамдар өмірінің психикалық құбылыстарынан тұрады, - деген тұжырым жасаған [20] . Бұл пікірдің біз үшін құндылығы таным процесін жаратылыстану және психология ғылымдарымен байланыстыра қарастыруы болып отыр. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін ескеруде басшылыққа алынды.

Жан Жак Руссо таным процесі туралы айта келіп, қоршаған орта туралы деректер түйсік арқылы қабылданады да, ақыл-ой арқылы қорытылып, жаңа тұжырымдарға айналады. Бірақ адамның санасы заттарды сол күйінде қабылдамайды, бұл ретте адамның көңіл-күйі, т. б. субъективтік қасиеттері үлкен рөл атқарады. Олай болса, адамдар ақиқатқа жету үшін тиімді әдістер іздейді, ал олар адамдар ақыл-ойының белсенділігін арттырады. Ал, ақиқат дегеніміз - заттар туралы ұғымдардың сол заттарға сәйкес келуі, - деген тұжырым жасаған [21] .

Қорыта келе, таным процесінде қоршаған орта туралы деректер түйсік арқылы қабылданады да, ақыл-ой арқылы қорытылып, жаңа тұжырымдарға айналады.

Адам өзін қоршаған ортаны, әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында, олардың ішкі қасиетін анықтап, даму заңдылықтарын біледі, ондағы өзінің орнын да біліп, басқа адамдармен қарым-қатынасын анықтайды. Осылардың негізінде өзі белсенді іс-әрекетке араласады, өзінің сұранымын, қажеттілігін қанағаттандырады. Олардың өзара маңызды байланыстары танып-білуші субьектіден тәуелсіз өмір сүреді. Заттар мен оның қасиеттерін түйсік, қабылдау және ақыл-ой арқылы танып білуге болады. Осы тұрғыдан алғанда философтар: «Таным дегеніміз - сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнеленуінің қайшылыққа толы күрделі процесі», - деген анықтама береді [21] . Олай болса, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, шынайы білімге айналады. Ендеше танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деген қорытынды жасауға болады. Антик философиясы тарихының «кіндігі» аталған Сократ өзінің басты назарын адам табиғатына аударып қоймай, ақыл-ойға негізделген адамның мәні оның белсенді іс-әрекетімен сипатталады деген қорытындыға келген. Сократ бойынша таным игілікті істің, қайырымды қылықтың қажетті алғы шарты. «Ізгілік - бұл білім» - деген тұжырым жасаған [22] . Сондықтан да таным білім беруді ізгіліктендірудің басы болып табылады. Бүгінгі күні білім берудің басты ұстанымы білім беруді гуманизациялау десек, Сократтың пікірінің құндылығы, оның қазіргі білім саласындағы талаппен үндестігін көрсетеді.

Әбу Насыр әл-Фараби танымды ішкі және сыртқы деп екіге бөліп қарастырған. Оның пікірінше, әлемдегі заттар мен құбылыстарды сезім арқылы танып білуге негізделген таным - адам танымының сыртқы негізін түзеді. Ал танымның ішкі бөлігін абсолютті таза, киелі рух көрініс алған ақыл-ойдың қызметімен байланыстырамыз, - деп танымның ішкі бөлігіне назар аудартады [23] . Бұдан шығатын қорытынды адамның тұлға ретінде қалыптасуында ұлы данышпанның қарастырған ішкі және сыртқы танымның екеуі бірін-бірі толықтыруы қажет деп санаймыз.

Біздің зерттеуіміз үшін неміс философы Л. Фейербахтың таным саласындағы көзқарасы маңызды. Немістің көрнекті материалисі Л. Фейербахтың пікірі бойынша, дүниені тануға болады және таным мәселесі саласына көптеген жаңа пікірлер қосты. Л. Фейербахтың материализмі бойынша танымның субъектісі - нақтылы адам. Адам табиғатты және шынайы заттарды сезеді, адамсыз немесе адамнан тыс танымның болуы мүмкін емес. Оның пікірінше, табиғат жөнінде адам енжар адам, ол сыртқы дүние құбылыстарын ғана сезеді және түсінеді. «Адамдардың ерекше өзгермелілігі, оның табиғатының шын мәнінде сезуге қабілеттілігі» - дейді Л. Фейербах [24] . Олай болса, таным процесі сезімділік танымнан, түсінуден басталады. Сезімдер танымның бірінші сатысы. Бұдан кейін сезім деректерін ақыл-ой қорытады.

Ал, қазақ философиясының таным теориясы саласындағы дүниетанымдық көзқарастарына келсек, А. Құнанбаев: «Адамның танымдық қасиетінің табиғаты туралы 31-сөзінде: естіген нәрсені ұмытпасқа 4 түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі ояу байлаулы берік болмақ керек, екінші - сол нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек, үшіншіден - сол нәрсені бірнеше уақыт қайталап, ойланып, көңілге бекіту керек. Бұл нәрселер - күллі ақыл мен ғылымды тудыратын ұғым нәрселер, - деген тұжырым жасаған [25] . Ендеше адамның білім алудағы танымы оның өміріндегі алатын орнын айғақтайды. Білімді терең меңгеруге бар ынтасымен, ізденумен әрекеттенсе, онда ғылымды игере алатын тұлға қалыптастыруға болады, - деп тұжырымдаймыз.

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Өмір - жан туралы» жинағында әлем пайда болуының матералистік теорясы туралы ғылыми мәліметтер келтіреді. «Бүгін білмеген нәрсеңіз, ертең танымал болуы мүмкін; бүгін мүмкін емес нәрсе, ертеңгі күні кәдімгі іс болуы мүмкін», - деп пайымдады [26] . Бұдан таным процесінің мол мүмкіндігін байқауға болады.

Ғ. Есім «Дүниені танымақтық» деген мәселе дүниетаным деген ұғымды білдіретіндігін айтады. Философияның басты қызметінің бірі осы дүниетаным. Абай оны өлеңдерінде «дүние көркі» деп атайды. Дүниенің көркін сезіну, білу, тану адамның өзіне нұр, көрік беретін қуат. Абай айтқан асыл қасиеттердің бірі - нұрлы ақыл да осыдан шықпақ. Ақылдың нұрлы болуы мақсатында атқарылатын іс-дүниені танымақтық, - деп тұжырым жасаған [25] . Айнала қоршаған ортаны танып білу, оның дамуына ықпал ететін құдіретті күш ретінде көрінеді.

М. Сәбит адамның өзін қоршаған әлемді танып білуге бағдарлануға ұмтылатыны туралы: «Айналасында не болып жатқанын білуге тырысу, өмірдегі өз орнын анықтауға ынтығу қай адамға болсын тән қасиет» - деп тұжырымдайды [13] . Өз өмірін мәнді өткізу үшін адам өзі туралы білумен қатар қоршаған дүниедегі ақиқатты тура дәл түсінгісі келеді және оның бейнесін өз санасында елестетуге тырысады. Адамның нақты шындықты білуге ұмтылысы - дүниетанымдық проблема болып табылады.

Тұлға өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортада болып жататын әлеуметтік елеулі іс-әрекеттердің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге олардың себепшісі де болып табылады. Тұлғаның әлеуметтік мәнін ашып көрсету - тұтас күйінде емес, қайта оның нақтылы көріністерін зерттейтін жекелеген қоғамдық ғылымдар үшін өте маңызды. Ал, әлеуметтануда тұлға көбіне көп қоғамдық әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қаралады.

Білім беру өскелең ұрпақты әлеуметтенудің өзекті арқауы ретінде оқыту мен тәрбиелеу процесінде жеткіншек ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы олардың әрқайсысының бойында өз ұлтына қадір-қасиеттерді, ұлттық сана-сезімді, мақтанышты, ұлттық материалдық және рухани құндылықтарды, іскерлік пен тәжірибені, өнерді сіңіруге ұйтқы болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту
Оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеп, практикада қарастыру
Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін жетілдіру
Бастауыш мектепте қоршаған орта пәнін оқытудың әдістемесі
Оқушылар бойында шығармашылық әрекет тәжірибесін қалыптастыру қажеттігі туралы
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін мұғалімнің белсендіру шарттары мен құралдары
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың зерттелуі
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәні сабағында танымдық белсенділігін дамытуда психологиялық-педагогикалық ерекшіліктерін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz