Дене тәрбиесі жаттығуларының жіктемесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ШӘКІР АЯУЛЫМ, ХАЙБУЛЛА БАҒИЛА, СӘРСЕНБАЙ БАҚЖАН

Бастауыш сынып оқушыларына арналған жалпы дамытатын жаттығулар кешенін әзірлеу тақырыбына

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

6В01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы

Алматы, 2023
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Бастауыш білім беру кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Бастауыш білім беру
кафедрасының меңгерушісі
___________________ Ә.Е.Жұмабаева

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына арналған жалпы дамытатын жаттығулар кешенін әзірлеу

6В01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша

Орындағандар: күндізгі оқу бөлімінің
4-курс студенттері:
Шәкір Аяулым
Хайбулла Бағила
Сәрсенбай Бақжан

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.м., аға оқытушы Абдықадыров А.О.

Алматы, 2023
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАЛПЫ ДАМЫТАТЫН ЖАТТЫҒУЛАР КЕШЕНІН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
§1 Жалпы дамыту жаттығулары бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі құралы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

§2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған дене жаттығуларының орындалу техникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

§3 Бастауыш сынып оқушыларына арналған жалпы дамытатын жаттығулар кешенінің тиімділігін эксперименттік тексеру нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .31

ҚОСЫМША А ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

ҚОСЫМША Ә ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

КІРІСПЕ

Жобаның өзектілігі. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында: Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану халықты сауықтыру, олардың өзін-өзі танытуы мен дамуының неғұрлым қолжетімді және тиімді тетігі, бейәлеуметтік құбылыстарға қарсы күрес құралы болып табылады. Саламатты ұрпақ қалыптастыру мақсатында спорттық іс-шараларға тең мүмкіндіктер мен тең қолжетімділік арқылы бала жасында бастапқы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қажет [1], - деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының осындай стратегиялық міндеттерінің бастау көзі - бастауыш мектептегі дене шынықтыру сабақтары, ондағы жалпы дамыту жаттығуларының оқушыларға сапалы үйретілуі және өз бетімен орындау дағдыларының қалыптастырылуы. Бастауыш сынып оқушыларының жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындау дағдыларын қалыптастыру арқылы дене қуатын жетілдіру, сол арқылы балалардың дене мәдениетін дамыту дегеніміз - бастауыш сынып оқушыларының өмірге қажетті қимыл-қозғалыс шеберліктерін жетілдіру.
Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Осыған сәйкес бүгінгі жаңартылған білім мазмұны оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыруға негізделген [2]. Дене шынықтыруды оқытудың мақсаты денені салауатты шынықтыруға, спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене бітімі қабілеттерін меңгеруге бағытталған дене шынықтырудың негіздерін қалыптастыру болып табылады. Бұл оқушыларға өз қимылдарын түсіне отырып, жақсы, сенімді жəне қауіпсіз қимылдауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ағзаның дамуына ықпал ететін дене жаттығуларын орындау дағдыларын дамыту мәселесінің өзектілігін арттырады. Себебі бастауыш мектепте қалыптасқан жақсы дене тәрбиесі балалардың жалпы дамып-жетілуінің негізін құрайды. Дене жаттығулары негізінде бастауыш сынып оқушыларының координациясын, икемділігін, дененің тепе-теңдігін сақтауын, дәлдігін, кеңістік пен уақыт бағдарын қалыптастыру мүмкін болады.
Дене шынықтыру пәнін бастауыш сыныптарда толық меңгерген оқушы ағзаның дамуына ықпал ететін негізгі дене шынықтыру жаттығуларын білетін болады. Ол жаттығулардың орындалу әдіс-тәсілдерін, талаптарын, орындау техникасын игереді [3].
Отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерінде бастауыш сыныптағы дене тәрбиесі мәселесінің түрлі бағыттарда қарастырылғаны анықталды. Оларды төмендегіше жіктеп қарастырдық:
- дене тәрбиесі арқылы жалпы орта мектепте оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру, дене тәрбиесі үдерісінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру мәселесін теориялық тұрғыдан негіздеу Е. Уақбаев [4], С.Тойжанов [5], А.С. Жұманова [6], Ә.Ж. Тастанов [7], Б.З. Абусейтов [8], Ж.Л. Садықова [9] және т.б.
- жалпы білім беретін мектептің алғашқы сатысы бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбиесін қалыптастыру мәселесі М.Т. Танекеев [10], Ж.М. Төлегенов [11], Б.Төтенаев [12 ], Е.С.Сағындықов [13], Х.Ф.Анарқұлов [14], Б.А. Тойлыбаев [15].
- бастауыш сыныптың дене шынықтыру сабақтарында дене жаттығуларын орындату және өз бетімен орындату әдістемесі туралы С.А. Бикбулатова [16], В.В. Леденев, А.И. Орехов, М.А. Самофаловалар [17], Оспанқұлов Е.Н. [18], қарастырады.
Жоғарыдағы ғалымдардың еңбектеріне және осы бағыттағы мектеп тәжірибесін талдау нәтижелеріне сүйене отырып, бастауыш сыныпта оқушы ағзасының дамуына ықпал ететін жалпы дамытатын жаттығуларды орындау дағдыларын дамыту оқушыларға өз қимылдарын түсіне отырып, жақсы, сенімді жəне қауіпсіз қимылдауға мүмкіндік береді. Дене жаттығуларын оқушылардың жас ерекшелігіне қарай іріктеп пайдалану қажеттігі мәселенің өзектілігін арттырады, күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі болып табылады.
Зерттеу барысы жалпы дамытатын жаттығулар арқылы бастауыш сынып оқушыларының қозғалыс дағдыларын дамытуды сапалы деңгейге жеткізу үшін шешілуін күтетін қарама-қайшылықтарды айқындады:
- жалпы дамытатын жаттығулар арқылы бастауыш сынып оқушыларының қозғалыс дағдыларын дамытудың қажеттілігі мен оның оқыту жүйесінде әдістемелік қамтамасыз етілмеуінің арасындағы;
- оқу бағдарламасына сәйкес іріктеліп, әзірленген жалпы дамытатын жаттығулар кешенінің мол мүмкіндіктері мен дене шынықтыру пәнінің қамтамасыз етілмеуінің арасындағы.
Анықталған қарама-қайшылықтардың шешімін табу ғылыми жобамыздың тақырыбын Бастауыш сынып оқушыларына арналған жалпы дамытатын жаттығулар кешенін әзірлеу деп таңдауымызға басты негіз болды.
Жобаның мақсаты: Жалпы дамытатын жаттығулар түрлері мен орындалу техникасын сипаттай отырып, бастауыш сынып оқушыларына арналған жалпы дамытатын жаттығулар кешенін әзірлеу.
Жобаның міндеттері:
- жалпы дамытатын жаттығулар кешенін бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінің тиімді құралы ретінде қарастыру;
- Жалпы дамытатын жаттығулардың орындалу техникасын сипаттау;
- Бастауыш сынып оқушыларына арналған жалпы дамытатын жаттығулар кешенін жүйелеу, эксперименттік тексеруден өткізу.
Жобадан күтілетін нәтижелер:
Бастауыш сынып оқушыларына арналған жалпы дамытатын жаттығулар кешені бойынша жинақ.
Жобаның мазмұны: ғылыми жоба кіріспеден, 3 тармақшамен берілген негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, жобаның мақсаты, міндеттері анықталды, жобадан күтілетін нәтижелер, оны іске асыру кезеңдері айқындалып, жобаны дамыту перспективалары туралы мәліметтер берілді.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған жалпы дамытатын жаттығулар кешенін жүйелеу жолдары деп аталатын негізгі бөлімде жалпы дамытатын жаттығулар дене тәрбиесінің құралы ретінде зерделенді, оны орындау техникасы көрсетіліп, жалпы дамытатын жаттығулар кешенінің жинағы әзірленді.
Қорытындыда жобаның міндеттеріне сәйкес нәтижелері тұжырымдалады, жобаны дамыту перспективалары ұсынылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде зерттеу барысында қарастырылған теориялық және әдістемелік әдебиеттер қамтылды.
Жоба командасының сипаттамасы:
Шәкір Аяулым Кіріспе бөлімі мен 3-тармақшаға жауапты.
Хайбулла Бағила 1-тармақша пен рәсімделуіне жауапты.
Сарсенбай Бағжан 2-тармақша пен Қорытынды бөлімге жауапты.
Жобаны іске асыру кезеңдері:
1. Бірінші кезеңде (қыркүйек-желтоқсан) жобаның тақырыбы бойынша аналитикалық шолу жасалып, болашақ зерттеудің негізгі бағыттары нақтыланды. Ғылыми жобаның негізіне алынатын ұғымдар, идеялар айқындалды.
2. Екінші кезеңде (қаңтар-мамыр) оқу бағдарламасы негізінде оқытудың құрылымдық жүйесі жобаланды, жалпы дамытатын жаттығулардың түрлері мен орындалу техникасы нақтыланды. Оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес жалпы дамытатын жаттығулар жинағы әзірленді. Жоба нәтижелері көрсетілген материалдар дайындалып, рәсімделді.
Жобаны дамыту перспективалары:
Бастауыш сынып оқушыларына арналған жалпы дамытатын жаттығулардың орындалу техникасы бойынша таныстырылымдар дайындау.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАЛПЫ ДАМЫТАТЫН ЖАТТЫҒУЛАР КЕШЕНІН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

§1 Жалпы дамыту жаттығулары бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі құралы ретінде

Оқушының жеке тұлғасы қалыптасуы өмір бойы жүріп жататын күрделі де мол еңбектенуді қажет ететін процесс екені белгілі. Жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін оқушының өмірлік күш-қуатын дұрыс бағыттап отыратын көптеген дұрыс тәрбиелік бағдарлар болуы керек. Дене шынықтырудың, дене тәрбиесінің, оның ішінде жалпы дамыту жаттығуларының да бұл келелі іске қосар үлесі зор. Дене тәрбиесінің теориясын жасаушы ғалымдардың бірі П.Ф. Лесгафт осы мәселеге қатысты ғылыми көзқарастарын талдау арқылы, адамның дене тәрбиесіне байланысты жаттығуларды үздіксіз орындауға дағдылануы барысында дене және рухани қырларының гармониялық үйлесіммен дамуға жете алатынын, ол үшін адам өз денесінің, ағзасының барлық күш-қуатын танып-біліп, оны ақылмен басқару деңгейіне жету керектігін айтып кеткен. Ғалымның айтуынша, адам баласының ақыл-ойы мен денесінің мүмкіндіктері аса мол, адам ол мүмкіндіктердің тек үштен біріне жетер-жетпес әлеуетін пайдаланып отыр. Сондықтан да П.Ф. Лесгафт өзінің дене тәрбиесі жаттығулары жүйесін дене тәрбиесі деп емес, денені басқару білімі деп атағанын байқаймыз. Ол Ақыл-ой тәрбиесі мен дене тәрбиесі параллель жүргізілуі қажет, олай болмаған күнде біз жаттығуларсыз қалатын кейбір ағзалардың дұрыс жолын бұзып аламыз, - деген [19, 27.б].
Бастауыш мектепте жалпы дамыту жаттығуларын дене тәрбиесінің тиімді құралы ретінде қолдануда ғалымдардың дене тәрбиесі, жаттығулар және жалпы дамыту жаттығуылары Е.Уақбаев [20], С.Тойжанов [5], А. Құлназаров [21], Т.Ш.Қуанышов [22], А.Ж. Сисенбердиева[23], Т. Базартегі [ 24], Е.Оспанқұлов [18] т.б. ғалымдардың еңбектері мен зерттеулерінде қарастырылған.
Бастауыш сыныптарда дидактикалық және психологиялық, физиологиялық талаптар тұрғысынан дұрыс ұйымдастырылған дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың денсаулығы нығайып, жылдамдық, жылдамдық-күш, икемділік, шыдамдылық пен төзімділік арнайы және ерекше координациялық-үйлестірушілік сияқты негізгі физикалық қасиеттері дамытылады. Оқушының ағзасының функционалдық мүмкіндіктері, атап айтқанда, жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, жүйке жүйесі, тірек-қозғалыс аппараттары жетіледі.
Дене тәрбиесі жаттығулары бастауыш сынып оқушыларының денсаулығын нығайтуда көптеген игілікті қызметтер атқарады. Атап айтсақ, балалардың сүйегі жетілуіне, дұрыс қатаюына көмектеседі, омыртқа жотасының тік және түзу қалыптасуына, табан сүйектерінің жетілуіне, буындардағы сіңір байлам аппаратының бекуіне, дененің пропорциялықпен дамуына, өсуді реттеуге және сүйектің салмағын бақылап отыруға көмектеседі.
Сонымен бірге бұлшық еттердің барлық топтарын, атап айтқанда, тұтас дене бұлшық еттерін, арқаның, іштің, аяқтың, иық белдеуінің бұлшық еттерін, қол мен саусақтардың, табанның, мойынның, ішкі ағзалардың, оның ішінде жүректің, қан тамырларының нығаюына тірек болады. Оған қоса, әлсіз дамыған буынды жазатын бұлшық еттердің жиырылуының дамуына баса назар аударылады.
Дене жаттығуларын жүйелілікпен орындаған оқушыларға жүрекке қан айналымының дұрыс келуіне, жүрек бұлшық етінің жиырылуы мен кенеттен өзгерген жүк-салмаққа тез бейімделуіне көмектеседі. Әрдайым дене жаттығуларын орындау арқылы баланың тыныс алу жүйесінің қызметі, көкіректің қозғалысы жақсарады, терең тыныс алуына септігін тигізеді, ауаның үнемді жұмсалуын, мұрнымен демалуға үйретіп, тыныс алу ырғағын тұрақтандырады.
Жақсы денсаулық барлық ағзаның қалыпты жұмыс жасауымен анықталатыны белгілі. Жақсы денсаулықтың сенімді тірегі дене жаттығулары десек, оларды өзбетімен орындауға қалыптасқан орындау балалардың ішкі ағзасының дұрыс қызмет жасауына, сезім анализаторларының да байсалдылықпен жұмыс жасауына үлкен көмек болады.
Дене жаттығуларының классикалық жіктемесінде тарихи түрде орныққан дене тәрбиесі жүйесінің құралдары алынады. Олары келесі суретте көрсетілген.

Сурет 1 - Дене тәрбиесі жаттығуларының жіктемесі

Мұндағы көрсетілген жаттығулар түрінің әрқайсысының өзіне тән мол ерекшеліктері мен балалар үшін маңыздылығы бар. Олардың әрқайсысы бұдан әрі тарап жіктеле береді. Зерттеу тақырыбымызға сәйкес жалпы дамыту жаттығуларының табиғаты мен қызметін қарастырамыз.
Жалпы дамыту жаттығулары күнделікті таңертеңгі гимнастиканың негізгі мазмұнын құрайтын және дене шынықтыру сабақтарының көп бөлігін құрайтын құрал ретінде қозғалыс дағдыларын қалыптастырады. Қозғалыс әрекеттерін орындауда мұғалімнің сөзбен қолдауы ілесіп отыруы да үлкен маңызға ие болады. Өйткені осындай жүйеде орындап үйренгенде ғана баланың жалпы дамыту жаттғуларын тез әрі сапалы игеріп алып кету мүмкіндігі молаяды.
Ғалымдардың анықтауынша, жалпы дамыту жаттығулары баланың ағзасы сау болып, дамуына үлкен тірек болатын арнайы жаттығулар болып табылады. Балалардың ірі бұлшық ет топтарының, нақты айтқанда, иық белдеуінің, денесінің, аяғының, қозғалмалы буындарының іріленуіне және бұлшық еттерге күш түсіріп, босаңсытқанда, үлкен маңызға ие болады.
Жалпы дамыту жаттығуларын қолдануда, тұтас дене тәрбиесінің көздейтін міндеттері, яғни оқушылардың дене мүсінін сымбатты етіп қалыптастыру, жүйке жүйесінің қызметін жақсарту, қимыл-тірек аппаратын нығайту, қан айналымын, тыныс алуын, алмасу үдерістерінің қызметін жақсарту міндеттері шешіледі.
Жалпы дамыту жаттығуларының дене тәрбиесі жүйесінде алатын орны оның адамға тигізетін зор пайдасымен анықталатыны белгілі. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауға дағдыландыру арқылы оқушының жалпы қозғалысын басқаратын жоғары моторлық орталықтың жұмысын жандандырып, физикалық қасиеттерін ашуға мүмкіндіктер танылады. Оның ішінде оқушының шапшаңдығы, икемділігі мен ептілігі, жасына лайықты күш-қуаты жетіліп, оқушылардың уақыт пен кеңістікте бағдар ұстау дағдыларын жетілдіреді.
Жалпы дамыту жаттығулары омыртқаның, кеуде жасушаларының қол-аяқтың, дене мүсінін түзетуде де жақсы құрал қызметін атқарады. Жинақтай айтқанда, жалпы дамыту жаттығулары ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін жоғарылатады. Жалпы дамыту жаттығуларының, атап айтқанда, жүру, жүгіру, секіру, бұйымдармен және бұйымдарсыз жаттығудың бастауыш сынып оқушыларының гармониялықпен физикалық дамуына тигізетін көмегі мол.
Жалпы дамыту жаттығуларының мектепте орындатылу жайын зерттеген Л.А. Смирнова, П.П. Буцинская, И.П. Залетаев, П.К. Петров, В.Н. Крутиков, В.И. Лях, К.Ж. Холодов, В.А. Кузнецов т.б. ғалымдар жалпы дамыту жаттығуларының табиғатына, маңызына, ерекшеліктеріне және заманауи педагогикалық-психологиялық, физиологиялық талаптарына қатысты кең арналы талдау жасап, зерттеулер жүргізген.
Л.А. Смирнова жалпы дамыту жаттығуларының құндылығы оларды орындаудың қарапайымдылығында деп таниды [25]. Қосымша құрал-жабдықтар аса қажет емес, дозасын бөлшектеп беруде де жеңіл болатынын, біртіндеп жеңілден күрделіге қарай жүруге болатындығымен жалпы дамыту жаттығулары бастауыш мектеп үшін аса қолайлы жаттығу түрі болып табылатынын айтқан. Жалпы дамыту жаттығулары кешендерін орындату барысында бастауыш сынып оқушыларының ағзасының тіндерінде тоқырау құбылыстары байқалмайтын болады, бұлшық еттердегі қан айналымы жақсара түседі. Жалпы дамыту жаттығулары бұлшық етттердің, сіңірлердің созылмалылығына, дене температурасының бірқалыпты болуына, жүрек, өкпе, ішкі ағзалардың барлығының дерлік жақсы жұмыс жасауына игі ықпал етеді.
Жалпы дамыту жаттығуларын оқушыларға тұрақты түрде өзбетімен орындауға дағдыландырудың нәтижесінде баланың ағзасында көптеген пайдалы дағдылар қалыптастырылады. Атап айтсақ:
баланың бір мезгілде бірнеше дене мүшелерінің қозғалысын үйлестіруін (координациясын) қалыптастыру мүмкіндігі болады;
дене кең амплитудалы қозғалыстарын орындау дағдыландыру арқылы баланың иілгіштік, икемділігі қалыптасады;
шағын және биік тіреулерде жаттығу орындауда денесінің тепе-теңдігін сақтай білуге қалыптастырады;
бала өзіне берілген белгілерді дұрыс қабылдап, өзінің соған сәйкес қозғалыстар жасауына терең ден қоюға қалыптасады;
бала қозғалысты белгілі бір бағдар бойынша және қажетті ырғақ пен қарқында орындауы барысында, оның санасында кеңістік пен уақытты дәл және нақты сезінуі мен бағалау сезімі қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған жалпы дамыту жаттығулары дегеніміз, сонда оқушылардың қолы мен аяқтарын, денесін, мойнын, денесінің басқа да мүшелері үшін арнайы әзірленген қозғалыстар жүйесі болып табылады. Әрине, әрбір дене мүшесіне арналған жалпы дамыту жаттығулар жүйесі бұлшық еттерінің түрліше кернеуімен, түрлі жылдамдықпен, түрліше ырғақпен және қарқынмен орындалатыны белгілі.
П.П. Буцинскаяның айтуынша, бұл жаттығулар оқушының қозғалыс жүйесін дамытып, жетілдіріп қана қоймайды [26]. Сонымен қатар, баланың психикалық қасиетін де жетілдіреді. Өйткені әрбір жаттығуды бала шама-қарқынша орындау барысында оны оймен өлшеп, кесіп-пішіп, уақыт пен кеңістіктегі өзінің қозғалысы мен нәтижесін алдын ала болжайды. Жалпы дамыту жаттығулары балалардың жақсы жүйемен жетілдіру құралы болатын себебі, сонымен бірге, көптеген өзіндік ерекшеліктерге байланысты. Ол ерекшеліктер:
Жалпы дамыту жаттығулары дәл және нақты мөлшерде белгілене алады;
түрлі нұсқада қолданылады;
түрлі комбинацияларда қолданылады.
Осындай икемділік қасиеті болуы жалпы дамыту жаттығулар жүйесін қолдана отырып, бұлшық еттердің белгілі бір тобына немесе ағзаның белгілі бір жүйелеріне ықпал етуді таңдап алуға мүмкіндік береді.
И.П. Залетаев жалпы дамыту жаттығулары туралы айта келе, олардың жеке, жұппен, гимнастикалық құралдармен және түрлі басқа құралдармен орындалатынын және жалпы дамыту жаттығуларының баланың денесін ғана емес, психикалық қасиеттерін де, атап айтқанда, зейінін, аңғарымпаздығын дамытатыны туралы да баса көрсетеді [27]. П.К. Петровтың кітабында жалпы дамыту жаттығуларын топқа бөліп қарастырып, әрбір топтың өзіндік ерекшеліктеріне және пайдалылығына арнайы тоқталады. Оның айтуынша, бірінші топтағы жалпы дамыту жаттығулары иық белдеуін дамыту мен нығайтуға арналады. Екінші топтағы жалпы дамыту жаттығулары құрсақ тығыншығын және аяқтарды дамыту мен күшейтуге арналады. Үшінші топтағы жаттығулар арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілігіштігін дамытуға және нығайтуға арналады [28].
Жалпы дамыту жаттығуларының өзіндік ерекшеліктерін қарастырған В.Н. Крутиков, арнайы жаттығулар жүйесін және оны тиімділікпен пайдаланудың әдістемелік жолдарын көрсетеді [29].
Жалпы дамыту жаттығуларына берілген анықтамалардың түрлілігі осы жаттығу түрлерінің сандаған қырын таныта түседі. Анықтамаларды талдау барысында олардың жалпы дамыту жаттығуларының қандай да бір жаңа аспектісін тануға үлес қосқанын көре аламыз. Айталық, Жалпы дамытушы жаттығулар дегеніміз - тұтас бұлшық ет жүйесінің біркелкі дамуы үшін гимнастикада қолданылатын және жаттығумен айналысушының тұтас ағзасына ықпал ететін жаттығулар. Бұл анықтамада Т.И. Осокина жалпы дамыту жаттығуларының оқушының тұтас бұлшық еттің біркелкі дамуына сеп болатынын атап көрсетеді [30].
Ал Кенеман А.В. мен Хухлаева Д.В. берген анықтама бойынша Жалпы дамыту жаттығулары дегеніміз - тұтас ағзаның дамуында және сауығуында маңызды рөл атқаратын арнайы жаттығулар болып табылады. Сонымен бірге ғалымдар Жалпы дамытушы жаттығулар дегеніміз - адамның дене мүшелеріне (қолына, иық белдеуіне, тұтас денесіне, аяғына), түрлі бұлшық еттері мен буындарына, сонымен бірге, тұтас ағзасына әдейі арналып әзірленген жаттығулар деп көрсетеді. Мұнда біз жалпы дамыту жаттығуларының адам ағзасының жекелеген мүшелеріне арналып әзірленетінін, соның негізінде іштей түрге бөлінетінін көре аламыз [31].
Буцинская П.П., Васюкова В.И., Лескова Г.П. бойынша Жалпы дамыту жаттығулары - бұлар балалардың дене тәрбиесі жүйесінде маңызды орын алатын және ағзасының дер кезінде дамуына қажетті, қозғалыстарын саналы басқара алатын, ағзаны сауықтырудың және күшті-қуатты ету құралы болып табылатын жаттығулар [32].
Степаненкова Э.Я. баланың дене тәрбиесі мен дамуының теориясын және әдістемесін зерттеген еңбегінде: Жалпы дамыту жаттығулары - ағзаның сауығуына бағытталған арнайы ірктелінген жаттығулар, - деп анықтама беріп, жалпы дамыту жаттығуларының ауруды сауықтыратындай мүмкіндіктеріне баса назар аударады [33].
Анықтамалардан көріп отырғанымыздай, жалпы дамыту жаттығуларының табиғаты кең ауқымды, баланың ағзасының жан-жақты дамып-жетілуіне, ауырса сауығуына, өсіп-нығаюына қажеттіліктердің барлығына жауап бере алатын ерекшелікке ие болып келеді.
Жалпы дамыту жаттығуларын бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен орындауға дағдыландыруға көптеген жалпы дамыту жаттығуларының құрылымы бойынша қарапайым болуы мүмкіндіктер береді. Оны құрайтын элементтердің өзін әрқайсысын жеке-жеке орындатуға да болады.
Жалпы дамыту жаттығуларының жүйесін үзбей, белгілі бір қалыптасқан ретпен әрдайым орындаудың нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының қозғалыс тәжірибесінің, қозғалыс қасиеттері мен қабілеттерінің өзіндік қоры жасалынады. Бұл қор, өз кезегінде оқушылардың өмірінде маңызды рөл атқарады, сонымен бірге гимнастикалық дағдылар қалыптастыруға негіз қалайды.
Осы айтылғандардың негізінде Е.Оспанқұлов жалпы дамыту жаттығуларының жіктемесін (классификациясын) келесідей етіп модельдеп көрсеткен [34].
Жалпы дамыту жаттығулары
Бұйымдарды қолданбауы бойынша
Бұйымдарды қолдану бойынша
Функционалдық белгісі бойынша
Анатомия белгілері бойынша
-Қол мен иық белдеуі үшін.
-Тұлға үшін.
-Аяқ пен жамбас үшін.
-Тұтас дене үшін.
-Икемділік үшін.
-Ептілік пен үйлестірушілік үшін.
- Шапшаңдық үшін.
-Төзімділік үшін.
-Күш пен қуат жинау үшін.

-Доппен, гимнастикалық таяқпен, шылдырмақпен, канат арқанмен, баумен, құм салған қапшықпен, секірмекпен, батпантастармен.
Гимнастикалық орындықта, гинастикалық қабырғада.
-Барлық бала бірге,
- қол ұстасып,
-сапқа тұрып,
-шеңберге тұрып,
-жұп болып.
Жалпы дамыту жаттығулары
Бұйымдарды қолданбауы бойынша
Бұйымдарды қолдану бойынша
Функционалдық белгісі бойынша
Анатомия белгілері бойынша
-Қол мен иық белдеуі үшін.
-Тұлға үшін.
-Аяқ пен жамбас үшін.
-Тұтас дене үшін.
-Икемділік үшін.
-Ептілік пен үйлестірушілік үшін.
- Шапшаңдық үшін.
-Төзімділік үшін.
-Күш пен қуат жинау үшін.

-Доппен, гимнастикалық таяқпен, шылдырмақпен, канат арқанмен, баумен, құм салған қапшықпен, секірмекпен, батпантастармен.
Гимнастикалық орындықта, гинастикалық қабырғада.
-Барлық бала бірге,
- қол ұстасып,
-сапқа тұрып,
-шеңберге тұрып,
-жұп болып.

Сурет 2 - Жалпы дамыту жаттығуларының жіктемесі

Зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша, жалпы дамыту жаттығуларын орындау әдістемесін жүйелеуде нақты жалпы дамыту жаттығуларын құрастыру үлкен маңызға ие болады.
Жалпы дамыту жаттығуларының жіктемесіне орай, жаттығулардың кешені әзірленеді. Жалпы дамыту жаттығулары кешендерін құрастырудың белгілі бір сызбаға түсірілген тәртібі болуы керек. Жалпы дамыту жаттығуларының табиғатын зерттеген ғалымдар мен әдіскерлердің пікірінше, жалпы дамыту жаттығулары келесідей тәсілдермен орындатылады.
Жеке дара орындату тәсілі. Мұнда жеке жаттығулар арасында үзіліс жасалынып, жаттығуды көрсету және түсіндіру жүргізіледі.
Ағынмен орындату тәсілі. Бірнеше жаттығуды үзіліссіз, үзбей орындату керек. Мұндай ағын тәсілімен жалпы дамыту жаттығулар кешенін оқытуда ескерілетін тұсы - тек балаларға таныс жаттығулардың тізбегін орындату ғана жақсы нәтижеге жеткізеді. Ол жаттығулар кешенмен орындату алдында жеке дара әбден меңгертілген болады.
Өтпелі тәсіл. Бұл тәсіл жаттығу топпен тегіс орындатылғанда немесе әрбір жаттығуды орындауға кірісер алдында кезекпен орындату қолданылады. Мұғалім түсіндіргенде топ тоқтап, тыңдап-түсініп алады, кейде орындату барысында мұғалім көрсетіп тұрады.

Сурет 3 - Жалпы дамыту жаттығуларының кешендерін орындату тәсілдері.

Кешенді тәсіл. Мұнда бірнеше жаттығу бір тізбекте орындатылып, келесі жаттығулар тізбегіне ұластырылады.
5. Ойын тәсілі. Бастауыш сынып оқушылары үшін бұл тәсіл өте оңтайлы және қызықты болып саналады. Еліктеу сипатындағы жалпы дамыту жаттығулары оқушылардың шығармашылық қиялына қозғау салып, егер музыкалық қолдау жасалынса, көркемдік талғамын дамытады және ЖДЖ орындауын белсендіре түседі.
Жалпы дамыту жаттығулар кешенін құрау үшін төмендегі кестеде берілген алгоритмді пайдалану ұсынылады.

Кесте 1 - Жалпы дамыту жаттығулар кешенін құрау алгоритмі

1.
кешеннің алғашқы қадамы денені тарту, тартылу жаттығуларынан басталады;

2.
оның соңынан қол мен иық белдеу үшін жаттығулар орындатылады;

3.
сосын тұтас дене тұлғасы үшін жаттығулар орындатылады;

4.
кейін аяқтар мен жамбас үшін жаттығулар орындатылады;

5.
барлық бұлшық еттерге әсер ететін жаттығулар орындатылады;

6.
секіру жаттығулары орындатылады;

7.
баяу қарқынды жаттығулар орындатылады (тыныс алуға арналған).

Жалпы дамыту жаттығуларын құрастырудың және оны орындатудың әдістемелік талаптары сақталуы керек. Ұсынылатын кешендердегі жүктеменің көлемін түрлі жолдармен реттеп отыру да назарда ұсталынды.
Жалпы дамыту жаттығулар жазбаларының негізгі формаларын жүйелі қолдануды да әдістемелік тұрғыдан, педагогикалық тұрғыдан пайдасы зор. Ол жазбалар - жинақталған жазба, нақты терминологиялық жазба, қысқартылған жазба, графикалық жазба, мәтін мен графикалық жазбаның тіркесімі деп аталады. Әр мұғалім өзінің өткізетін тақырыбы мен сабақтың құрылым-мазмұнына қарай жазба түрін лайықтап алуы керек. Жалпы дамыту жаттығуларын бастауыш сыныптарда орындау дағдыларын қалыптастыру мақсатында, дене шынықтыру мен жалпы дамыту жаттығуларын орындатудың әдістемелік талаптары бойынша, әрбір сыныпқа арналған нақты арнайы жалпы дамыту жаттығуларының жүйесі әзірленді. Бұл тармақшада алға қойылған мақсатымыз, яғни жалпы дамыту жаттығулары ұғымының мәні ашылып, оның бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінің тиімді құралы ретіндегі табиғатына талдау жасалынды.
§2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған дене жаттығуларының орындалу техникасы

Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі жүйесіндегі жалпы дамыту жаттығуларының әрбірінің өзі шешуі тиіс міндеті бар болатыны белгілі. Ол жаттығулар жүйесінің көмегімен оқушылардың бұлшық-дәнекер аппараты нығайтылып, тұтас ағзасы қуаттана түседі.
Жалпы дамыту жаттығуларының кешенін әзірлеу және оны қолдану әдістемесін ұсына отырып, Архипова Ю.А., Онучин Л.А. былай деп көрсетеді: Жалпы дамыту жаттығулары дене тәрбиесінің кез келген сабағында, оның мақсатына немесе пәндік мазмұнына қарамастан қолданылады.
Дене шынықтыру сабағының дайындық кезеңінде жалпы дамыту жаттығулары бұлшық еттерді қыздырып алу үшін және адам ағзасын алдағы жұмысқа дайындау үшін қолданылып, сабақтың негізгі кезеңінде белсенді демалыс құралы ретінде қолданылады, ал сабақтың қорытынды кезеңінде орындалған жұмыстан соң жақсы қалпына келу үшін қолданылады және локалды түрде жекелеген бұлшық еттердің нығаюы мен дамуы үшін қолданылады[35].
Әдістемелік құралда бұл көрсетілген топтар өз ішінде кешендерге бөлініп, әр кешенге арналған әдістемелік нұсқау мен көрнекі ақпарат молынан беріледі. Авторлар жалпы дамыту жаттығуларының жүйесін келесідей топтарға бөліп қарастырады:
1. Бұйымдарды қолданбай орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
2. Салмақты бұйымдарды қолданып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
3. Жұппен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
4. Секірмекпен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
5. Доппен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
6. Құрсаумен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
7. Гимнастикалық қабырғамен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
8. Гимнастикалық таяқтармен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
9. Гимнастикалық орындықтарды қолданып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
Л.С.Алаева өзінің жалпы дамыту жаттығуларын орындату туралы әдістемелік нұсқауларында жалпы дамыту жаттығуларының табиғаты мен әдістемесіне терең, жан-жақты тоқталған. Оның ішінде жалпы дамыту жаттығуларының негізгі терминдері, жазу формалары, жалпы дамыту жаттығулар кешенін құрау мен жазу, жалпы дамыту жаттығуларын орындау барысында оқушыларға түсірілетін жүктеменің ерешеліктері туралы қарастырады. Сонымен бірге автор жалпы дамыту жаттығуларын дайындалу және өткізу жөнінде ғылыми-әдістемелік тұрғыдан кеңестер ұсынады. [36].
Тульбасиев Н.Ж., Кекилбеков М.К., Абраимов Б. Өздерінің Дене тәрбиесінің педагогикалық үдерістегі маңыздылығы мақаласында жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұнын талдай келе, Жаттығулардың орындалуы қозғалыс дайындығының деңгейі туралы мәлімет береді. Дегенмен, бұл бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір педагог жергілікті жағдай мен дәстүрлерге қарай өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады, - деп көрсетеді [37].
Бастауыш сыныпта дене шынықтыру сабақтарында жалпы дамыту жаттығуларын орындату және өз бетімен орындату әдістемесі туралы қарастырған С.А. Бикбулатова, И.В. Леденев өздерінің бұйымдар қолданып өткізілетін жалпы дамыту жаттығуларын меңгерту әдістемесі туралы құнды пікірлер айтады.
Әдістемелік ұсыныста жалпы дамыту жаттығуларын орындауда бұйымдарды, нақты айтқанда, батпантас, секірмек қолдану әдістемесі баяндалады. Сонымен бірге әдістемелік құралда жалпы дамыту жаттығуларының кешендері ұсынылады [38]. Жалпы дамыту жаттығуларын меңгерту әдістемесін және өз бетімен қолдану әдістерін қарастырған авторлар оны реттілікпен және жүйелілікпен орындаудың пайдасына зор мән беріп қарайды. Жалпы дамыту жаттығулары гимнастикамен айналысқанда орындалады. Жалпы дамыту жаттығуларының арнайы құрастырылған кешені - түрлі дене тәрбиесі міндеттерін шешуге арналатынын көрсеткен ғалымдар ол міндеттерді саралап, анықтап алу маңызды деп санайды.
Олардың айтуынша, ең алдымен, жалпы дамыту жаттығуларының кешеніне енгізілетін жаттығулардың көлемі мен мазмұнын, бір кешенге енетін жаттығулардың санын нақты анықтап алу қажет. Ол жаттығулардың саны бір кешенде 8-15 болуы ықтимал. Ал жалпы дамыту жаттығуларын іріктеп, сұрыптауда басшылыққа алатын қағидалар ретінде авторлар С.А. Бикбулатова мен И.В. Леденев келесілерді көрсетеді.

Сурет 4 - Жалпы дамыту жаттығуларын іріктеу қағидалары

Жалпы дамыту жаттығуларын оқыту барысында көрсетілген талаптарға сәйкес іріктелген жаттығуларды ендігі ретте орындалу ретіне қарай анықтау керек болады.
Олардың ең бас жағында оқушылардың дене мүсінін дұрыстауға қызмет ететін жаттығулар орындатылады. Бұл - балалар мен жасөспірімдер үшін өте маңызды. Осыдан кейін бұлшық еттердің көпшілігі қатысатын әдістер орындатылады. Ол жаттығулар түрі жүру, отырып-тұру сияқты қимыл-қозғалыстардан құралады. Бұдан соң отырып-тұру, алға ұмтылу арқылы бұлшық етттің дені қозғалысқа түсетін жаттығулар орындатылады.
Бұл жаттығулар адам ағзасының барлық мүшелері мен жүйесін қозғалысқа түсіріп, адам ағзасын келесі іс-әрекетке дайындайды. Осыдан соң орындатылатын жаттығулардың кешенінінде дененің барлық бұлшық еттері, атап айтқанда, қол, иық белдеуі, арқа, іш, аяқ бұлшық еттері қимыл-қозғалысқа түсетін жаттығулары орын алуы тиіс.
С.А. Бикбулатова мен И.В. Леденев бұл жаттығуларды бір-бірден біртіндеп орындату арқылы дененің түрлі бөлшектерін бірізділікпен іске қосудың маңыздылығын атап көрсетеді.
Дене шынықтыру тәжірибесінде жалпы дамыту жаттығулары кешеніндегі жаттығулардың ретін анықтауда жоғарыдан төмен принципі ең кең тараған.
Жоғарыдан төменге принципі түсінігі өте қарапайым, яғни жалпы дамыту жаттығулары кешенін құрастыру кезінде келесі кезектілікті сақтау қажет:
- мойын бұлшықеттеріне арналған жаттығулар (еңкейту, бұрылыстар, бастың айналмалы қозғалыстары);
- иық пен қол жаттығулары (көтерілу, айналдыру, айналмалы қозғалыстар);
- дененің бұрылыстары, еңкейуі, айналмалы қозғалыстары;
- аяқпен әткеншектер, желпелер;
- жартылай отыру, отыру;
- тізедегі жаттығулар;
- отырған қалпында орындалатын жаттығулар;
- жатқан қалпында орындалатын жаттығулар;
Кешен негізінен жүрек-тамыр жүйесінің қызметін жақсартуға бағытталған жаттығулармен аяқталады. Әдетте бұл тыныс алуды қалпына келтірумен жүруге міндетті түрде көшумен қолдар мен аяқтардың келісілген қозғалыстарымен орнында секірудің немесе жүгірудің әртүрлі нұсқалары.
Жас ерекшеліктеріне байланысты жалпы дамыту жаттығулар кешені әртүрлі бұлшықет топтары мен дене жүйелеріне арналған 6-12 жаттығулардан тұрады, олардың әрқайсысы 4, 8, 16 ... санау үшін жұптық рет құрастырылады және орындалады.
Жалпы дамыту жаттығуларын оқытуда көрнекілікті қолдану әдістемесінің де орны ерекше. Нақты айтқанда, көру көрнекілігі ретінде жалпы дамыту жаттығуларын орындау кескіндері бейнеленген бағдарлар, нақты айтсақ, суреттер, сызбалар, кестелер, үлеспе қағаздар, кинограмдар, бейне материалдар қолданылады.
Жалпы дамыту жаттығуларын дене шынықтыру сабақтарында оқыту барысында жалпы дамыту жаттығулары терминдерін қолдануға үйрету әдістері ерекше орын алатынын барлық әдіскерлер мен ғалымдар атап көрсетеді.
Жалпы дамыту жаттығулары жүйесіндегі жекелеген жаттығуларды атап айту үшін немесе жазып алу үшін, арнайы белгілерді білу керек, дене күйінің атауларын, қозғалыс атауларын - жинақтай айтқанда, арнайы сөздерді, заттардың, құбылыстардың, ұғымдардың шартты атауларын білу керек. Яғни жалпы дамыту жаттығулары терминдерін білу керек, сол арқылы жаттығуларды жазып алу жеңілдетіледі, қысқартулардың, жаттығуларды жазу формаларын ережелерін орнатады. Бұл терминдердің жасалуында оларға қойылатын бірқатар талаптар болатыны белгілі.
Ең алдымен, терминдер қысқа да нұсқа болуы тиіс, сондықтан көп жағдайда, терминдерді қысқарған түрде жазады.
Екіншіден, терминдер өз табиғатына сай, бірмағыналы болып, екіұштылық тудырмауы керек.
Үшіншіден, терминдер қолжетімді яғни түсінікті болуы талап етіледі. Қысқарған терминдерді жазуда арнайы дағдылар болуы тиіс.
Жалпы дамыту жаттығуларының терминдері барлық терминдер сияқты, жалпы және нақты терминдер болып бөлінеді.
Жалпы терминдер. Олар жалпы ұғымдарды білдіру үшін қолданылады, мысалы элементтердің тіркесуі, комбинация т.б. және жаттығулардың тобын білдіру үшін қолданылады, мысалы, сап жаттығулары т.б.
Нақты терминдер - нақты жаттығулардың түрлі белгілерін атау үшін қолданылады, мысалы, оңға бұрылу, алға жүру т.б.
Терминдердің қысқартылып қолданылуы белгілі бір ережелерге сүйенеді. Жалпы дамыту жаттығуларын жазуда қолданылатын терминдер жалпы дамыту жаттығуларын жазуға тірек болады.
Жалпы дамыту жаттығуларын жазуда терминдермен қатар графикалық сурет қолданылады. Мысалы, жалпы дамыту жаттығуларын орындатуда оқушыларға алдымен түсінік беріледі, тақтаға суретін ілуге немесе проектормен көрсетуге болады.
Жазба түрде беріледі:
Қолды алға, екі жаққа, жоғарыға соз, қолды алдыға, артқа қарай айналдыр.
Сурет түрінде беріледі:

Оқушыларға осы қимыл-қозғалыстың атауын және соған сәйкес суретін естеріне сақтауы, қимыл арқылы көрсетуі сияқты т.б. тапсырмалар беріледі. Жалпы дамыту жаттығуларын үйрету әдістемесінде терминді жазу, қысқартуларды жазу және есінде сақтауға байланысты әдістер үлкен орын алады.
Оқушыға жалпы дамыту жаттығуларды орындауды үйрету үшін қажетті іс-әрекеттерді көрсетейік.
Біріншіден, жаттығудың бастапқы күйін (исходное положение) ұстануды үйренуі керек, яғни қолды белде, басының артында, кеуденің алдында, иыққа қарай, жоғары, алға қарай, екі жаққа қарай ұстау.
Екіншіден, жаттығу қимыл-қозғалыстарын дененің жекелеген бөлшектері арқылы орындап үйрену - алдымен қолдармен, сосын денемен және аяқтармен. Дененің жекелеген бөлшектері арқылы негізгі қимылдарды меңгерген соң, оларды өзара қосып, тіркестіріп орындауға дағдылану керек, яғни қолмен және аяқпен, қолмен және денемен, қолмен, аяқпен және денемен.
Үшіншіден, Жалпы дамыту жаттығуларының жекелеген жаттығуларын доппен орындау. Орындау алдында бастапқы күйдің (исходное положение) болмысын, қолмен және денемен орындалатын негізгі жаттығуларды доппен үйреніп алу керек. Осыдан кейін ғана кешендегі жаттығуды орындауға көшу керек.
Сонымен, бастауыш сыныптарда жалпы дамыту жаттығулар кешенін әзірлеу үшін:
Жалпы дамыту жаттығулары терминдерінің жүйесін нақтылау;
Жалпы дамыту жаттығуларының кешенін нақтылау;
бұйымдарсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары;
бұйымдармен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары:
гимнастикалық таяқпен жасалатын жаттығулар кешендері;
кішкентай доптармен жасалатын жаттығу кешендері;
секірмекпен орындалатын жалпы дамыту жаттығуларының кешендері;
құрсаумен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары кешендері;
гимнастикалық орындықтарды пайдаланып орындалатын жалпы дамыту жаттығуларының кешендері;
Кез келген сабақ мақсатының орындалуы, оның тиімділігі көп жағдайда оқушыларды жаттығу орындауға ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты болып келеді. Дене шынықтыру сабағына балаларды ұйымдастырудың бірнеше тәсілі бар. Олар бәрі бірдей, лек-легімен орындайтын, алма-кезек орындайтын, топ болып орындайтын, жеке орындайтын болып бөлінеді.
Жаттығуды бәрі орындайтын тәсілде оқушылар бірдей бастап, бірдей аяқтайды. Олар көбінесе жүру, жүгіру, жалпы дамыту жаттығуларын секіртпемен, шығыршықпен, доппен жаттығу барысында қолданады.
Жаттығуды лек-лекпен орындайтын тәсілде сыныптағы оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Топқа бөлініп орындайтын тәсілді қолдану үшін сыныптағы оқушылардың тәртібі жақсы, ұйымшыл болуы қажет, өйткені балалар бір мезгілде бірнеше жаттығумен қатар шұғылданады. Бұл тәсіл көбінесе тоқсанның аяғында оқушылардың жаттығуды орындау сапасын анықтау үшін қолданады. Дене жаттығуларын орындау техникасына үйрету мен жетілдіруде қолданатын негізгі әдістер көрсету, түсіндіру және орындау болып табылады. Өйткені зейін баланың белсенді әрекетінде ғана туындап қоймайды, сондай-ақ олардың жақсы әрі ретті ұйымдастырылған іс-әрекетінде және бәрінен бұрын, олардың белсенді ой еңбегінде де қолдау табатыны белгілі жайт.
Жүру. Жүру техникасын дұрыс үйренген баланың дене, қарын, аяқ бұлшық еттері жақсы жетіліп, қан айналу, тыныс алу жүйелерінің жұмысы жақсарады және организмдегі зат алмасу процесі жеделдейді. Сондай-ақ баланың табан еттері жетіліп, дене бітімі түзу, әдемі болып өсуіне септігін тигізеді.
Жүгіру. Жүгірудің жүруден айырмашылығы - онда адамның қозғалысы шапшаңдап, екі аяқ бір сәтте жерге тимейді, қалықтау сипатытында болады. Жүгіру кезінде бала көп күш-қайрат жұмсап, демалысы, қан айналымы, газ алмасу процесі шұғыл артады. Сондай-ақ дененің барлық бұлшық еттері бірде қатайып, бірде босаңсып, бала денесінің дамуын жеделдетіп, орталық жүйке жүйесінің жұмысын жетілдіреді.
Бала жүгіру техникасын жақсы меңгерсе, жалпы төзімділігі артып қимыл -- қозғалыстары ықшамды, тиімді келеді. Дене тәрбиесі сабақтарының дайындық бөлімі, көбінесе жүру және жүгіру жаттығуларынан тұрады.
Дене шынықтыру сабағы дайындық, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Дайындық бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балалардың сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады. Мұнда көбінесе жүру, жүгіру,сапта тұру барысында оқушылардың дене бітіміне, қол-аяқтарының қимыл-қозғалыс сәйкестігіне, аяқ алысының, жүгіруінің дұрыстығына, жалпы өзін-өзі ықшам, жеңіл ұстауына көп көңіл бөлінеді.
Балалардың денесін қыздыру үшін тоқтамай жүгіру сабақтың барлық түрінде 2-3 минут жүргізіледі, жалпы дамыту жаттығулары кеңінен қолданылады. Бұл жаттығулар сабақтың мақсатына және негізгі бөлімде жүргізілетін қимыл-қозғалыс негіздеріне байланысты ыңғайлап алынады. Мысалы, секіру түрлеріне үйрететін сабақта балалардың аяқ бұлшық еттерін қыздыратын жалпы дамыту жаттығулары басымырақ болады.
Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Мақсаттары: дененің қимыл-қозғалыс сапасын жетілдіру; қимыл-қозғалыс негіздерінің (жүру, жүгіру, лақтыру, өрмелеу, тепе-теңдіктісақтау, би жаттығулары); спорттық жаттығулардың (акробатика, күрес, шанамен сырғанау, шаңғы тебу, жүзуге дайындық); спорттық ойындардың орындалу техникасын меңгерту. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумен, қорытынды жасаумен аяқталады. Бұл бөлімнің мақсаты - жаттығулардан кейін қозғалысты баяулатып, алқынын басып, организмнің қызметін бәсеңдету. Ол үшін оқушылар жай қимыл-қозғалыста болатын ойын, би жаттығуларын орындап, немесе ән, тақпақ айтып, өз еріктерімен жаттығулар жасау жолымен сабақты аяқтайды.
Кез келген сабақ мақсатының орындалуы, оның тиімділігі көп жағдайда оқушыларды жаттығу орындауға ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты болып келеді. Дене шынықтыру сабағына балаларды ұйымдастырудың бірнеше тәсілі бар. Олар бәрі бірдей, лек-легімен орындайтын, алма-кезек орындайтын, топ болып орындайтын, жеке орындайтын болып бөлінеді.
Дене шынықтыру сабақтары үдерісінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі. Дене тәрбиесінің жалпы міндеттерімен қатар оның тәрбиелік, тәлімдік, нұсқаушылық бағыты оқушылардың сабақ барысында және үй жағдайында өзіндік шынығуына ықпал етуі де өте маңызды.
Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті - оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шұғылдануға ынта-ықыласын дарыту.
Дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандығымен ерекшеленеді. Дене шынықтыру сабағының тиімділігін арттыру, ол пән мұғалімін тек дене жүктемесінің орындалу деңгейіне ғана емес, сонымен бірге оқушы сабақта қандай білім, тәрбие және дағды алды, оны күнделікті өмірде нақтылы жағдайда пайдалана алды ма және өзге іс-әрекеттерінде осы алған білім, дағдыларын қаншалықты жүзеге асыра алды? - деген мәселелер де толғандыруы тиіс.

§3 Бастауыш сынып оқушыларына арналған жалпы дамытатын жаттығулар кешенінің тиімділігін эксперименттік тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасының келешек тізгінін ұстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту әдістері дәріс
Қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні
Физикалық қасиеттерді дамыту
Физикалық қасиеттерді дамыту әдістері
Еркін күресте болатын жарақаттар
Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесінде жетілдіру жолдары
Гигиеналық дене шынықтыру
Дене тәрбиесі бағдарламасы
Дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасы жүйесінде ұлттық ойындардың атқаратын орны мен мәні
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқыту
Пәндер