Топырақ құрамындағы ауыр металдардың май бұршаққа әсерін бағалау


Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Доланбай Бәйдібек
Топырақ құрамындағы ауыр металдардың май бұршаққа әсерін бағалау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В060800- «Экология» мамандығы
Алматы, 2023
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
Агробиология факультеті
Топырақтану, агрохимия және экология кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Топырақ құрамындағы ауыр металдардың май бұршаққа әсерін бағалау
Беттер саны
Сызбалар мен көрнекі
материалдар саны ___
Қосымшалар
Орындаған: Доланбай Бәйдібек
2023 ж. «» қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі Бакенова Жеңісгүл Біржанқызы
Жетекші Сайкенов Бақытжан Рахметолинович
Арнайы тараулар кеңесшілері:
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
(тарау) (қолы) (аты-жөні
Норма бақылау
(қолы) (аты-жөні)
Сарапшы
(қолы) (аты-жөні)
Алматы - 2023 жыл
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
«Агробиология» факультеті
«Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау
Т А П С Ы Р М А С Ы
Студент Доланбай Бәйдібек
Жұмыс тақырыбы: Топырақ құрамындағы ауыр металдардың май бұршаққа әсерін бағалау
Университет бойынша 2023 жыл « » бұйрығымен бекітілген.
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2023 жыл « »
Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі
Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
Жұмыстың (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Кафедра меңгерушісі Ж. Б. Бакенова
Ғылыми жетекшісі Б. Р. Сайкенов
Қабылдаған Б. Доланбай
Дипломдық жұмысты орындау
Графигі
Кафедра меңгерушісі Ж. Б. Бакенова
Ғылыми жетекшісі Б. Р. Сайкенов
Қабылдаған Б. Доланбай
Мазмұны
2. 3 Май бұршақ агрофитоценозының экологиялық жағдайы, оның құрылымы мен құрамына байланысты егістің ластануын төмендету тәсілдерінің әсері
2. 4 Май бұршақты өсіріп-өндіру технологиясының топырақ өңдеу жүйесінің таза экологиялық жағдайды қамтамасыздандырудағы орны
2. 5 Ауыр металдардың тірі организмдерге таралу жолдары және экологиялық тұрғыдан әсері
31
31
35
КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған негізгі міндет -халықты жеткілікті мөлшерде сапалы азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету және малшаруашылығына берік жем-шөп қорын жасау. Республика агроөнеркәсіп кешенінің 2010-2020-шы жылдарға дейінгі әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі бағыттарында көрсетілгендей, егін түсітін арттыру, сапалы жаңа сорттар шығару, өсімдік шаруашылығына озық технологияны кеңінен қолдану, ауылшаруашылығына ғылыми негізделген жүйені енгізі -астық өндірісін ұлғайтудың өзекті бағыты болып табылады.
Қазақстан Президентінің жолдауында көрсетілген 50 дамыған елдер қатарына қосылу және Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру үшін ауылшаруашылық саласы мен ірі тауар өндірушілеріне қойылатын талаптардың бірі алдыңғы қатарлы агротехнологиялық әдістерді енгізу және ауылшаруашылық өнімдірінің бәсекелестігін нығайту.
Қазақстан республикасының нарығында ауылшаруашлығының негізгі өнімдерінің бірі жеміс-жидектер болып саналады. Қазақстан Республикасының 12 қазан 2020 жылғы № 1052 қаулысына сәйкес 15 перспективті, бәсекеге қабілетті АӨК-ді дамытуға алынған салаларының бірі жеміс-жидек дақылдары.
Дәнді бұршақты дақылдар тұқымында дәнді дақылдармен салыстырғанда ақуыз көп болады. Ақуыз, әсіресе, май бұршақ дәнінде мол(39%), Сары бөрібұршақ дәніндегі ақуыздың мөлшері 36 пайызға, асбұршақ дәнінде 24 пайызға тең. Дәнді бұршақты дақылдардың тағы бір ерекшелігі - олардың ақуыздары тез қорытылып, ағзаға жақсы сіңеді. Майбұршақ дәнінің ақуызының сіңімділігі 89 пайыз, малазықтық бұршақтікі - 87 пайыз, ал жасымық пен асбұршақ дәніндегі ақуыздың сіңімділігі 85 пайызға тең. Ақуызбен қатар, дәнді бұршақ дақылдардың дәнінде майлар мен А, Н, Д, Е, С тобындағы витаминдері бар. Дәнді бұршақты дақылдардың тамырларында түйнек бактериялары болады. Солардың көмегімен ауадағы бос азоттан дәндері мен вегетативтік мүшелеріне ақуыз түзіп қана коймайды, сонымен қатар топыраққа азот та жинайды. Көптеген дәнді бұршақты дақылдардың өсу кезеңі қысқа, сондықтан тез өсіп, танапты ерте боматады. Мұның өзі жерді сапалы және уақытылы өңдеуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, дәнді бұршақты дақылдар көптеген ауыл шаруашылық дақылдарына жақсы алғы дақыл.
Бұршақ дәнділердің сабақтарының өсу түрлеріне қарай әр түрлі болады. Малазықтық бұршақ, бөрібұршақ - сабақтарының биіктігі 30-60 (100) см. аралығында, жапырақтары күрделі, үш құлақты, гүлдері ұсақ, жемістері- бұршақ. Тік өсетіндіктен мықты келеді, сондықтан олар піскен кезде жатып қалмайды. Асбұршақ, үрмебұршақ, жасымық - сабақтары төселмелі, биіктіктері 25-100 см. аралығында,, жапырақтары қос қауырсын пішіндес, оның түбінде 2 жапырақ серігі бар, гүлшоғырлары ақ не жалған шатырша, жемістері - бұршақ. Шырмалып өсетіндіктен оларды жинау қиынға түседі. Дәнді бұршақты дақылдың белсенді өсетін уақыты - бүрлену, гүлдену кезеңі. Олардың көпшілігі жатып қалуға бейім келеді, піскен кезде шанақ қабы ашылып, дәні шашылып қалады, дер кезінде жинап алмаса, егіннің өнімі төмендейді.
Жыл басында ауыл щаруашылығы министрлігінде өткен Алқа мәжілісінде министр өткен жыл еліміздің аграрлық саласы үшін табысты болғандығын атап көрсетті. Сонымен қатар мемлекет қорынан қаржыландырылатын бағдарламалардың бәрі толық жүзеге асырылғаны да айтылды. Яғни, бөлінген қаржыны игеру көрсеткіші 98 пайызды құрады. Мал шаруашылығы мен оның өңдеу саласы да жақсы табыстарға жеткенін айтты. Осы жетістіктер еліміздегі ауыл шаруашылығын арттыру барысында жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың нәтижесі деуге болады. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» былтырғы жылы еліміздің егін шаруашылығына 39 миллиард теңгенің инвестициясын жұмсаған. Бұл құрылымның еліміздің астық өндірісінің жедел дамуына тигізіп отырған ықпалы үлкен. Сондай-ақ корпорация алдағы жылдарға да арналған болжамдары қуантарлық.
Келешекте еліміздің ауылшаруашылығы мен аграрлық ғылымының әлемдік деңгейден кейін қалмауын қамтамасыз ету, осы уақытқа дейінгі оқулықтарды ескеру мақсатында ғылым мен технологияның дамуы үшін отандық аграрлық ғылымды коммерцияландыру, шетелдік озық агротехнологиялар трасфертін қамтамасыз ету секілді міндеттер алға қойылуда. Басты басымдықтар ретінде биоотын және оның ілеспе өнімдерін өндіруді қолға алу, ұлттық табиғи байлықтарды қорғау, сақтау және байыту, өнімді сақтау, өңдеу, экологиялық таза өнім шығару мәселелері қарастырылуда.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін, өндірістік тәжірибе қойылып, зерттеу нәтижелері жүйеленіп, осы дипломдық жұмысты орындауға пайдаланылады.
Соңғы жылдары Алматы облысының тәлімі егіншілігінде май бұршақтың жергілікті селекционерлері шығарған бір топ сорттары өсірілуде. Сондықтан, әрбір сорттың биологиялық ерекшеліктерін ескере отыра, өзіне тән сорттық технологиясын жасау-бүгінгі күн талабы. Әсіресе, Алматы облысының Балқаш ауданы егіншілігін түртараптандыру аясында қуаң жерлерде өсе алатын вегета-ция дәуірі қысқа майлы дақылдары түрлерін кеңейту көзделіп отыр. Өңірде өсіп, тәп-тәуір өнім қалыптастыра алатын майлы дақылдар, оның ішінде май бұршақ жатады.
Май бұршақ азық-түлік дақыл, құнарлы мал азығы және тамақ өнеркәсібінде таптырмайтын шикізат.
Мал шаруашылығыгда алатын орны да ерекше. Жер көлемі жағынан май бұршақ республикада екінші орын алады және оны Қазақстанның барлық аймақтарында өсіреді.
Май бұршақтан тұрақты және сапалы өнімді ғылыми және өндірістік тәжірибе негізінде дәлелденген өсіру технологиясын қолданған жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстік-шығысының құрғақ далалы және шөлейт аймақтарында өсе алатын май бұршақтың аудандасты-рылған жергілікті селекция сорттарын шаруашылықтық құнды белгілері бойынша салыстырмалы бағалау және оларға ауыр металдардың әсерін анықтаудың практикалық маңызы зор.
Экологиялық дағдарыстың қауіпті көріністері ретінде мыналарды айтуға болады: аймақтың техногендік әсерлерінен топырақ құрамының бұзылуы, шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың сиреуі, табиғаттың генетикалық бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алуы, әр түрлі қалдықтардың жиналып қоршаған ортамен қатар топырақ биотасына зиянды әсерін тигізуі.
ҚР президентінің жарлығы мен үкімет қаулыларында ғылымның, оның ішінде халық шаруашылығы дамуының фундаментальды зерттеулердің маңыздылығы аталып көрсетілген.
Ауылшаруашылығы өндірісінің интенсивтендірілуіне және табиғаттағы шөлденудің күшеюіне байланысты топырақ жамылығысын сақтау, топырақ құнарлылығын жан-жақты көтеру және агроценоз өнімділігін жоғарылатудың маңызы зор.
Диплом жұмысының мақсат-міндеттері : Май бұршақ ең құнды майлы және мал азықты дақыл болуына байланысты Балқаш ауданы жағдайында май бұршақты өсіріп-өндірудің технологиясының экологиялық мәселелерге бай-ланысты тиімді тәсілдері мен жолдарын анықтау. Қазіргі таңдағы қолданыла-тын өсіріп-өндіру технологиясының шешілмеген экологиялық мәселелеріне байланысты келесі міндеттер алынды:
- май бұршақтың егістіктегі орнын анықтау үшін, оның алғы дақылдарының әсерін зерттеп экологиялық тұрғыдан таза, ешбір қосымша қаржы жұмасамай өнімін айқындау;
- май бұршақ агрофитоценозының құрылымында ауыр металдар болуына байланысты экологиялық ортаның жағдайын анықтап, оның құрылымы мен құрамын анықтап, егістің ластануын төмендету тәсілдерін анықтау;
І Әдебиеттерге шолу
Дәнді бұршақты дақылдар -астықты мол өндірудің, өсімдік белогін көбейтудің қайнар көзі. Олардың егістіктің құнарлығын арттыруға пайдасы мол. Дәнді бұршақты дақылдардан республикада асбұршақ, май бұршақ, нұт өсіріледі. Бұршақтың өсімдіктер белоктардың көпшілігін атмосфераның азотын сініру нәтижесінде алынатынын айтқан жөн. Бұршақтардың тұқымында адам және мал тіршілігіне қажетті аминқышқылдарының бәрі бар: оларда көмірсу, ең бастысы крахмал(45-50%) мен әр түрлі дәрумендер (А, В, В2, С, РР) мол болады. Май бұршақтың кейбір түрлерінің тұқымдарында май 20%-ға дейін болады. Жоғарғы белоктың азықтық тамақ ауыл шаруашылығы малдары үшін жемнің әр алуан түрлері көздерінің бірі ретінде оның үлкен маңызы бар [1, 2] .
Май бұршақтың тұқымында 35-40% белок және 19-255 май болады. Белоктың құрамында өмірге қажетті аминқышқылдарының бәрі кіреді. Май бұршақ қиыр шығыста, сондай-ақ Солтүстік Кавказ, Украинаның оңтүстігінде, Молдавияда, Орта Азияда орналастырылған. Қазіргі кезде 25-ке жуық сорты дән үшін және бірнеше мал азықтық сорттары будандастырылған [3, 4] .
Май бұршақ Қазақстанда Алматы облысы, Шымкент, Қарағанды облыстарында көптеп өсіріледі. 1кг май бұршақ дәнінде 1, 26 азық өлшемі бар. Әо гектардан азот шаруашылықтарда 28-30 центнерге дейін өнім алынған. Май бұршақ-бір жылдық өсімдік. Бұтағы қатты, тік тұратын, жақсы сабақтанатын, биіктігі 1, 5 метргдей болатын дақыл. Үш жапырақты, жинау кезінде толық түсіп үлгереді. Гүлдеуі майда, ақ немесе ашық гүлді, жапырақ түбіне ашашқша болып орналасқан. Май бұшақ өздігінен тозанданады. Бұршақ қыны әр түрлі, әр қайсысында 1 ден -5 ке дейін дәні болады.
Май бұршақ тамырының тереңге бойлап өсуі түрлеріне және топырақтың сипатына байланысты. Май бұршақ қысқа күннің дақылы. Ұзақ күнді аймақтарда оның вегетативті массасы өседі де оның гүлдеуі мен дән пісуі ұзарады [5, 6, 7] .
Май бұршақ дақылының өсу дәуіріндегі негізгі кезендері: көктеп шығу,
алғашқы үш тармақтың пайда болуы, бұтақтану, бүрлену, гүлдеу, шанақтардың қалыптасуы, дәннің толысуы, шанақтардың сарғая бастауы және толық пісуі. Май бұршақ өсірілетін аймақтарда оның сорттары мен будандарын дұрыс іріктеп алса мол өнім алуға болады. Шаруашылықтарда себуге ұсынылған май бұршақ сорттарының негізгі қасиеттері мынандай болуы қажет: жоғары әрі тұрақты өнім беріп, дән құрамында белок пен май көп мөлшерде болғаны жөн, сабақтары тік, шанақтарының орналасу денгейі биік, ертерек және бір мезгілде пісіп, жинауға қолайлы болған да жақсы өнім алынады [8, 9] .
Ауыр металдарға шекті салмағы, көлемі жоғары болатын барлық металдар жатады. Микроэлементтердің адам организмінде жетіспеушілігінен зат айналымында күрделі өзгерістер болады және де ауыр металдардың жоғарғы концентрациялары токсикалық эффект береді. Ауыр металдардың, зиянды заттардың экологиялық айналымға кіруі адам организміне кері, жағымсыз әсерлер береді [10] .
Сондықтан Қазақстанның суармалы жер жағдайында май бұршақ себудің ең қолайлысы кен қатарлы (қатар аралығы 60 см) немесе екі қатарлы-ленталы (қатар аралығы 60 см, ленталар аралығы 15 см) әдістері.
Май бұршақтың биік сорттары кен қатарлы әдіспен егілген жағдайда, бір өсімдіктегі жанама бұтақтар саны 29 дана болады. Соның нәтижесінде май бұршақтың, биік сорттарын өнірлеп -кен қатарлы әдіспен егу гектардан 1, 6-3, 2 центнер қосымша дән алуға болады.
Майбұршақты көбінесе арамшөптерден тазартылған және өзінен соң азотты аз қалдыратын дақылдардан кейін себу, пайдалы. Мұндай алғы дақылға -күздік бидайғ қант қызылшасы және жүгері жатады. Майбұршақ үшін топырақты негізгі өндегенде терең (27-28 см-ге дейін) етіп сүдігерге жырту пайдалы.
Майбұршақты масақты дәнді дақылдардан кейін орналастырғанда, одан тыңайтқыштар еңгізіп, 12-15 күннен кейін соқамен жыртады.
Гендік модификацияланған ағзалар дегеніміз - гендік инженерия көмегімен жасалған тірі ағзалар мен азық-түлік өнімдері. Бұл өзгеріс өсімдік геніне жануалардың генін енгізу арқылы жүзеге асырылады. Жалпы, құрамында ГМО кездесетін өнімдерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ құрамы гендік өзгеріске түскен азық-түліктер (трангендік бұршақ, соя), екінші топ - трангендік шикізатты өңдеу нәтижесінде алынған азық-түлік өнімдері (соя сүті, қызанақ пастасы, соя қосылған түрлі шұжықтар, чипсы, бұршақ өнімдері) . Үшінші топ - трансгендік жеміс-жидек пен көкөністер.
Гендік инженерияның иновациясы саналатын бұл тәсіл өсімдіктер әлемінде кеңінен пайдаланылады. Ең алғашқы гененикалық негізі өзгертілген ағза - ішек таяқшалары болған. Ал 1978 жылға қарай трансгендік адам инсулині пайда болды. Ол қазіргі кезде дәрі-дәрмек шығаруда кеңінен қолданылады. Гендік тұрғыда өзгертілген ең бірінші өсімдік - темекі. Бұндай өзгеріс өсімдіктердің өнімділігін арттырып, қуаңшылыққа, түрлі ауруларға, құрт-құмырсқаларға төзімділігін жоғарылатады. Алғаш рет азық-түлік нарығында трансгендік өнімдер АҚШ-та 1994 жылы пайда болған. Бұл ұзақ сақталатын қызанақ пен соя еді. Осыдан кейін өндірушілер азық-түлік нарығына бірінен соң бірі түрлі трансгендік өнімдерді ұсына бастады. Қазіргі кезде АҚШ-тың азық-түлік өндрісінің 70-80 пайызына ДНҚ-сы өзгертілген құрамдас заттар кіреді.
Ал БҰҰ-ның экономикалық әріптестік және даму ұйымының мәліметін сүйенсек, қарзіргі кезде ауылшаруашылық өнімдерінің ішінде картоптың гердік тұрғыда өзгертілген - 24, сояның -11, бұршақтың 32 түрі бар екен. Одан бөлек қант қызылшасының үш түрі, күріштік 5 түрі, қызанақтың трансгендік 8 түрі тіркелген. Гендік модифкацияланған өнімдер табиғи өнімдердан анағұрлым арзан болғандықтан, азық-түлік өндірушілер үнемдеу мақсатында пайдаланады.
2000 жылы биоқауіпсіздік туралы Картахен келісімі қабылданған. Бұл құжатта көптеген мемлекеттердің ГМО өнімдеріне қатысты көзқарасы белгіленеді. Оған 166 мемлекет қол қойды, оның ішінде Қазақстан да бар. Бұл құжатта зияндылығы дәлелденген жағдайда, кез-келген гендік тұрғыда өзгертілген өнім зиян деп танылсын деп жазылған. Алайда ондай өнімдердің зияндылығын дәлелдеу оңай емес.
Майбұршақ кеш себілетін дақыл болғандықтан көктемде топырақтың физикалық-механикалық қасиетін жақсартып, ылғал сақтау және арамшөптерді толық жою үшін егін сепкенше бірнеше рет культиавтормен өндеген жөн.
Майбұршақтан мол өнім жинауда тұқымды құрамында түинек бактериялар бар нитрагин препаратымен өндеу нәтижелі. Нитрагиннің әсерінен жапырақ құрамында хлорофил көбейеді, фотосинтез жақсы жүреді, тамыр жүйелері тез жетіледі.
Сонымен қатар себер алдында микротынайтқыштармен, молибденмен өндеу қажет. Ол түинек бактерияларының қызметін күшейтеді, майбұршақтын түрлі ауруларға беріктігін арттырады.
Республикамыздың көптеген ғылыми зерттеу институттарында майбұршақтын себу мерзімін анықтау жөнінде тәжірибе жұмыстарын жүргізген. Алматы зооинженерлік -мал дәрігерлік институтының агрономия кафедрасы 1980 жылдан төрт тұқым мерзімін сыннан өткізген. Майбұршақты 30 сәуірден бастап, арасына 10 күннен салып себіледі. Сөйтіп 30 сәуірден 9 мамыр аралығында себілген майбұршақтан мол өнім алынған. Ал ең соңғы мерзімде, яғни 30 мамыр күні себілген майбұршақ өсімдігінің бұршақша шанақтары толық пісіп жетілмеген. Сондықтан кеш себілген майбұршақтан екі есе дән түсісі түсті.
Атмосфераны ластаушылардың ең негізгілері транспорт түрлері, әсіресе автомобильдердің жанар-майларының жану өнімдері болып табылады. Француз ғалымының есептеулері бойынша, автомобильдерден бөлінген газдардың құрамында көмірқышқыл газы-9%, көміртек оксиді-4%, көмірсутектер-0, 5%, оттек-4%, сутек-2%, альдегидтер-0, 004%, азот -0, 06% және күкірт оксидтері-0, 006% барлығы 200 жақын компоненттер бар екенін анықтады.
Зерттеулер нәтижесінде көмірқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0, 2%-ға ұлғайып отырғанын анықтады. Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет қолданғаннан бастап осы күнге дейін түрлі жану процестер-інде 273 млрд тонна оттегі жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90%-ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көміртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердегі барлық химиялық тепе-теңдікке үлкен әсер етеді.
Топырақ - ауыл шаруашылығындағы негізгі және басты өндіріс құралы, сондықтан ол жөніндегі қамқорлық бүкіл адамзаттың өмір сүруінің кепілі.
Себу мерзімі майбұршақ сортының өнгіштігінде де әсер етеді. Мәселен, 30 сәуірде себілген Қазақстан 200 сортының өнгіштігі 92%, ал 30 мамырда себілген жағдайда 85% болған. Гибридный 670 сортының өнгіштігі 30 сәуірде себілгенде 91, 5, ал 30 мамырда себілгенде 74, 2 пайыздан аспаған.
Майбұршақ өсімдігін кешірек сепкен жағдайда. Олардың органдарының қалыптасу уақыты ұзарады. Сөйтіп бірінші мерзімде 7 күнде пайда болса, соңғы мерзімде 12 күнде бұтақшалары қалыптасады. Сонымен майбұршақ өнімдігін кеш сапкенде өсіп-жетілу кезені ұзарады, ол көптеген бұршақша шанақтар, әсіресе түп жағынан қалады. Осыған байланысты майбұршақтың себу мезгілі топырақ ылғалы және топырақ жылуына тікелей байланысты. Сонымен қатар майбұршақтың өнім мөлшеріне себу мөлшері де тікелей әсерін тигізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz