ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ АУЫЗЕКІ ӘДІСТЕРІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: «Қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі»

Тақырыбы: «Оқытудың ауызекі әдістері»

Орындаған: Қуандыққызы Гүлназ

Тексерген:

.

Орал қаласы 2023 жыл

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ АУЫЗЕКІ ӘДІСТЕРІ . . . 4

1. 1 Әдебиетті оқытудың өзіндік амал-тәсілдері . . . 4

1. 2 Оқытудың ауызекі әдістерін жіктеу . . . 9

II. ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТОПТАРЫ . . . 18

2. 1 М. Н. Скаткин мен И. Я. Лернер оқыту әдістері . . . 18

2. 2 Ю. К. Бабанский оқытудың әдістері . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдіс, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.

Мұғалім мен мектеп жұмысының табысты болуы оқыту әдісіне байланысты бірнеше ондаған жылдар бойы пән теориясы мен жекелеген пәндерді оқыту туралы зерттеулер жүргізіліп келеді. Педагог-ғалымдар мектептегі оқу үдерісін бақылау барысында сабақтағы мұғалім мен оқушының әрекеті түрлілігіне назар аударған. Олар мұндай әрекет түрлерін оқыту әдіс-темесі деп атаған. Мысалы, мұғалім жаңа материалды түсіндіреді - ол түсіндіргенді қолданады, оқушылар материалды өз бетінше оқып үйренеді - бұл жұмыс әдісі; оқушы практикалық тапсырманы орындайды - бұл практикалық жұмыс әдісі, мұғалім сабақта көрнекі материал қолданады - иллюстрация әдісі т. с. с.

Инновациялық технологиядан іздену - қазіргі оқыту үрдісінің басты мақсаты. Инновациялық технология туралы В. Н. Кан - Калик, Ф. Н. Гоноболин, М. В. Кларин, Л. МлФридман, Л. С. Выготский, П. И. Пидкасистый, В. Монахов, Т. И. Шамова, С. Н. Данакин, В. Шепель, И. Г. Зайнышев, Қ. Қ. Қабдықайыров, Ш. Т. Таубаева, Б. Р. Айтмамбетова, Н. А. Әбішев, К. С. Құдайбергенова, Б. Әбдікәрімұлы, Ж. А. Қараев сынды ғалымдардың ізденістері баршылық.

Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақтың ағартушы-демократтарының әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде қосқан тарихи еңбектері мен қазақ мектептерінің ашылуы, әдеби білім беру негізгі қағида болып табылатын оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау мәселелері жөнінде пікір қалыптастыру.

Әдебиетті оқыту әдістемесі - көне ғылымдардың бірі. Әдебиет пен әдебиетті оқыту ғылымы және пәні уақыт идеясымен байып, өзгеріп, түлеп отырады. Әдебиетті ғылым ретінде оқыту әдістемесі оқытудың теориясы мен жалпы принциптерін негіздейтін дидактика, әдебиет тарихы, теориясы, методологиясын қарастыратын әдебиеттану, тарих, тіл, музыка, бейнелеу өнерімен тығыз байланысты.

Курстық жұмыстың міндеттері. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтары оқушылардың оқуға, талқылауға және өз бетінше оқуға арналған әдеби шығармалар мәтінімен жұмысты қамтиды. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында басты назар мәтінге аударылуы тиіс. Сабақтың негізі-оқушының рухани дамуына ықпал ететін, оқушының рухани дамуына сәйкес келетін, оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін, сонымен бірге интеллектуалды және эмоционалды тұрғыдан жаңа, орфографиялық, грамматикалық, пунктуациялық және мүмкіндігінше жаңа нәрсені қамтитын қызықты мәтін, пайдалану кезінде өзекті болуы тиіс.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

І. ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ АУЫЗЕКІ ӘДІСТЕРІ

1. 1 Әдебиетті оқытудың өзіндік амал-тәсілдері

Кез-келген әдіс-бұл мақсатқа сәйкес нәтижеге қол жеткізуге әкелетін адамның саналы, дәйекті әрекеттерінің жүйесі. Өзінің мақсатын түсініп, адам іс-әрекетті жүзеге асырады, яғни оның иелігіндегі белгілі бір құралдармен әрекет ету жүйесі. Бұл құралдар интеллектуалды, практикалық және реактивті болуы мүмкін. Бұл мұғалімнің сөзі, оқулықтар, әдебиет; оқу құралдары мен көрнекі құралдар; бағдарламаланған жабдықтың арнайы құралдары.

Оқыту әдісін қолдану, ең алдымен, мұғалімнің оқу мақсатының болуын болжайды, оның негізінде оның қолында бар құралдарға байланысты оның қызметі дамиды. Нәтижесінде оқушының мақсаты да пайда болады, бұл жағдайда оның оқу-танымдық қызметі де оның қолындағы қаражат негізінде қалыптасады. Осы әрекеттің әсерінен оқушының зерттелетін мазмұнды игеру процесі пайда болады және жүзеге асырылады, мақсатқа немесе оқу нәтижесіне қол жеткізіледі. Бұл нәтиже әдісті мақсатқа сәйкестендіру критерийі ретінде қызмет етеді. Оқыту әдісі мұғалім мен оқушының ажырамас өзара әрекеттесуін қамтиды, оның барысында мұғалім оқушының іс-әрекетін оқу объектісі бойынша ұйымдастырады, ал осы іс-әрекеттің нәтижесінде оқу процесі, оқушының білім мазмұнын игеруі жүзеге асырылады.

Осылайша, біз қарым - қатынастың байланысын көреміз: "мұғалім - оқушы-оқу пәні ". Бұл қатынастарда әр элемент сабақта оқылатын материалдың мазмұнымен, оны игеру әрекетін ұйымдастырумен және осы материалды игеру тәсілдерімен анықталған өз функциясын орындайды.

Әдебиетті оқытудың өзіндік амал-тәсілдері бар:

Көрнекілік әдісі- берілген білімнің мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда уақыт үнемдеуге, әсіресе оқушы психологиясына әсер ету мақсатында өте тиімді болады. Сондай-ақ оқушы сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселесінде де маңызы зор.

Зерттеу әдісі - берілетін білімнің ғылымилығын арттыру қосымша материалдармен байыту, оқушыларды іздендіру, өз бетімен проблема шештіру мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін өз беттерінше уақытында жасау дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы. Бұл әдіс негізінен, семинар, конференциция, сабақтарда баяндама, реферат жаздыруға ыңғайлы. Бұл әдістегі негізгі мақсат- оқу материалының бұрынғы сабақтарда қамтылмаган жаңа қырларын, тың астарын ашу. Бұл әдіс ұстаздың шәкәрттерге зерттеу тұрғысындағы проблемалық тапсырмалар беруі арқылы орындалады.

Шығармашылық әдісі - шәкірттердің оқырмандық қабілетін тәрбиелеу мақсатында көркем шығарманы оқып-үйренудің алғашқы кезеңінде де, қолданыуы мүмкін. Мұнда төмендегідей әдістемелік тәсілдер қолданылады:

-Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

-Көркемсөзөнерлерінің мәнелеп оқуы.

- Артистердің орындауындағы жеке сахналық көріністер.

-Оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету.

-Көркем мәтінді ұстаздың коментарий түсінік бере оқуы.

-Әңгіме жүргізу.

-Шығармашылық тапсырма беру.

-Жаттау.

-Жоспар құру.

-Эпизодтарға тақырып қою.

-Мәтінге жақын баяндау.

-Көркем баяндау.

-Сценрий құру.

-Иллюстрация жасау.

-Пікір жазу(кітап, кино, спектакль, радио, телеқойылым, хабарларға)

- Шығарма жазу.

Эвристикалық әдіс - мұнда да негізгі оқу материалы-көркем шығарма. Оны талдау арқылы көркем-эстетикалық, рухани, адамгершілік, қоғамдық- философиялық мәселелердің мәнін ашу көзделді. Бұл әдіс кәбіне эвристикалық әңгіме түрінде жүргізіледі. Мұны кейде эвристикалық әңгімеден соң ұстаздың сұрау тапсырмалары бойынша шәкірттердің өздері орындауы да мүмкін. Бұл әдіс мынадай әдістемелік тәсілдер арқылы іске асырылады:

- Логикалық сұрақтар жүйесі (коркем шығарманы талдау, теориялық т. б мәселелер бойынша)

- Тапсырмалар жүйесі. Шығарма мәтіні бойынша ауызшпа, жазбаша жоспарлау, баяндау, теориялық т. б мәселелер бойынша.

- Мұғалімнің өзінің немесе мұғалім ұсынысымен шәкірттердің проблема қоюы, пікірталас ұйымдастыру.

Репродуктивті әдіс - бұл әдісте оқытушы белгілі бір оқу материалын проблема қоя отырып баяндайды, әрі оған өзі жауап береді, тақырыптың мәнін түсіндіреді. Содан соң шәкірттерден дәл осы ізбен қайталап, басқа оқу материялын түсіндіруді талап етеді. Бұл репродукция яғни қайталау, көшірме жасау әдісі болып есептеледі.

Репродуктивті әдісте қолданылатын тәсілдер:

- Әңгіме (жазушыылардың өмірі мен шығармашылығы жөнінде оқытушы әңгімесі)

- Шолу лекция (оқу құралдары, техникалық көрнекі құралдарды пайдалана отырып)

- Тапсырма беру (оқулық, оқу құралдары бойынша)

- Сұрақтарға жауап беру (оқу материялын арқау ете отырып)

Мектепте әдебиет пәнін оқытуда жоғарыда айтылған әдіс-амалдардың қай-қайсысы да көбінесе дара күйінде қолданылмайды. Олар сабақтың тақырыбы мен мақсатына, өтілетін оқу материялының өзгешелігіне байланысты араласып, тоғысып келіп отырады. Бұлардың қай-қайсысын қашан, қайда және қалай қолдану әдебиет мұғалімінің билігіне беріледі.

Мектептегі басқа оқу пәндері сияқты әдебиетті оқытудағы жетекші принцп пен қолданылатын негізгі әдіс-амалдар кластағы және одон тыс уақыттағы оқу-тәрбиелік процесте мұғалім мен оқушылардың барлық жұмыс түрлерін жандандырып отыуына негізделеді. Бұл принцпті жүзеге асыру үшін, мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатына, құрылысы мен мазмұнына сәйкес тиімді, қолайлы деп тапқан негізгі және көмекші әдіс-амалдардың түрлерін қолданады. Мұғалім әдебиет сабағындағы басты тұлға болғандықтан, оқытудың әдіс-амалдарын түрлендіре отырып, оқу-тәрбиелік процесті творчестволық өнерпаздықпен, белсенділікпен өткізуі тиіс. Сабақтың сапалы, нәтижелі болып өтуіне мұғаліммен бірге оқушылар да елеулі рөль атқарады. Мұғалім үнемі айтушы, көрсетуші, түсіндіруші де, ал оқушылар тек көруші, тыңдаушы, орындаушы ғана емес. Кластағы оқушылар коллективі-үлкен күш. Осы коллективті сабақтың барысында дұрыс ұйымдастырып басқару, дұрыс арнаға салып, айқын бағыт беріп отыру, оның сарқылмас күш-жігерін, тілек-мүддесін орнымне пайдалана білу, сөйтіп, олардың сабаққа белсенділік шабытпен қатысып, араласып отыруын қамтамасыз ету әдебиет ұстазынан үлкен еңбекті, асқан шеберлікті талап етеді.

Мектептегі өзге оқу пәндері сияқты әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын көптеген негізгі және көмекші әдістер бар, Бұлардың кейбіреулері барлық оқу пәндерінде, әсіресе гуманитарлық пәндеріне, әсіресе гуманитарлық пәндерге ортақ әдістер болып табылады. Осымен қатар тек әдебиетті оқытуда ғана қолданылатын әдіс-тәсілдер де бар. Мысылы, көркем сөз тексін мәнерлеп оқу, түсініктеме бере, талдау жасай отыып оқу, сюжетті шығарманы әр түрлі вариантта ауызша мазмұндау, т. б.

XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б. Е. Райков, К. П. Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.

Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н. М. Верзилин, Е. Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар.

М. А. Данилов (1899-1973), Б. П. Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.

И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.

Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі әртүрлі.

Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады.

Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін болабермейді.

Ю. К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.

М. И. Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін і іріктеген. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс.

Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т. б. ) қолдануды талап етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді хабарлайды, заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға сұрақтар қояды. Егер оны тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, дәлірек айтсақ фактілерді талдау, салыстыру, хабарлау, т. б басым болса, онда оқыту әдісін түсіндірмелі деп атауға болады. Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды, фактілерді ұсынумен шектелсе, (мысалы: мұғалім оқушыларға ережелерді жаттауды ұсынады, бірақ ереженің мәнін түсіндірмей, оны жаттау тәсілін айтады), онда оқыту әдісі ақпараттық- хабарлау, немесе оны жай ғана хабарлама әдісі деп атайды. Осыған сәйкес бірінші жағдайда оқушылар заттарды бақылап, фактілерді есінде сақтайды, мұғалімнің түсіндіргенін тындайды және ой елегінен өткізеді, ақпараттық сұрақтарға жауап іздейді. Бұл жерде оқу әдісі репродуктивтік, дәлірек айтсақ жаңа ережені оқушылар дайын күйінде меңгереді (оқушылар фактілерді талдап, ережелер шығармайды) . Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау, оқушылардың үлгі бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде орындаушылық деп атаймыз.

Сондықтан оқушының кітаппен жұмысы оқу әрекетінің тәсілі болып табылады. Егерде оқушы мәтінді талдаса, түсінгенін өз сөзімен айтса, онда кітаппен жұмыс оқу әдісі болып табылады. Егер монологтық баяндау әдісі қолданылса, онда мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын, ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін көрсетеді және оқушыларға тапсырмалар береді. Эвристикалық әдісті қолданғанда мәселелік деңгей (оқушылардың белсенділігі) едәуір көтеріледі, эвристикалық әңгімелерге танымдық (логикалық) есептер және проблемалық тапсырмалар қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен "жаңалық" ашады, бірақ негізінен оқушылар өз бетімен жұмыс істейді. Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т. б) береді. Оқушылар оларды өз бетімен орындайды, бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы керек емес деген сөз тумайды.

Оқыту әдістерін таңдау. Педагогика ғылымында мұғалім тә-жірибесін зерттеу негізінде оқу-тәрбиелеу барысының нақты жағдай-лары мен шарттарының түрлі ұштасуына байланысты оқытудың түрлі әдістерін таңдаудың нақты жақтары қалыптасты.

Оқыту әдістерін таңдау бірнеше жағдайларға байланысты:

- оқу, білім беру, тәрбиелеудің және оқушылардың дамуының жалпы мақсатына және қазіргі дидактиканың алдыңғы қатарлы нұс-қауларынын жалпы бағыттарына;

- осы ғылымның және оқытылатын пәннің, тақырыптарының мазмүнының және әдістерінің ерекшеліктеріне;

- нақты оқу пәнін оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін және жалпы дидактикалық әдістерді таңдауға керек ерекше талаптарына;

- нақты сабақ материалының мақсаты, мазмұны мен мін-деттеріне;

- материалды оқып-үйренуге берілген уақытына;

- оқушылардың жас ерекшеліктеріне және олардың нақты, тану мүмкіншіліктеріне;

- оқушылардың дайындық деңгейіне (білімділік, тәрбиелілік және даму) ;

- оқу мекемесінің материалдық қамтамасыз етілуіне, құрал-жаб-дықтардың, қөрнекі құралдардың, техникалық қүралдардың болуына;

- мұғалімнің ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне, практикалық және теориялық дайындығы мен әдістемелік шеберлігіне байланысты.

Аталған жағдайлардың орындалу кезінде мұғалім бірнеше ше-шімді, яғни: ауызша, көрнекі немесе практикалық нақты әдістер таң-дау, өзіндік жүмысты басқаруының репродуктивтік немесе іздену әдіс-терін ұстану және өзін-өзі ұстау әдістерін қолдану туралы шешім қабылдайды.

1. 2 Оқытудың ауызекі әдістерін жіктеу

Қазіргі кездегі дидактиканың өткір мәселесінің бірі - оқыту әдістерін жіктеу. Дәл қазір бұл мәселе туралы нақты бір жақты көзқарас жоқ, бұрынғы кездегі жіктеу бойынша оқыту әдістерін мұғалімнің жұмыс әдісіне: әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме және оқушылардың жұмыс әдісіне, жаттығулар, өздік жұмыс т. б. бөлген.

Оқушының білім алу көздеріне қарай оқыту әдістері былайша жіктеледі:

- ауызша әдіс: білім негізінде ауызша сөйлесу немесе басылым сөзі жатады;

- көрнекілік әдіс: көрнекіліктер, бақыланатын, зерттелетін нәрселер құбылыстар;

- практикалық әдіс: оқушылар практикалық жұмыстарды орындай отырып білім алады, біліктілігі артады.

Оқытудың ауызша әдісі - оқыту әдістері жүйесінде жетекші орын
алады. Бір кездері бұл әдіс білім берудің бірден-бір тәсілі болған. Прогресшіл педагогтер Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский т. б. ол әдістерді ғана мойындауға қарсы болған, көрнекілік және практикалық әдістермен толықтыру қажеттілігін дәлелдеген. Қазіргі кезде оларды ескірген, "белсенді емес" деп жиі айтылып жүр. Ауызша әдіс аз уақытта көлемі жағынан үлкен, көп ақпарат беруге мүмкіндік жасайды. Мұғалім сөз арқылы адамзаттың өткені мен келешегі туралы айқын бейнелер арқылы балалардың санасына жеткізеді. Сөз оқушының ойын, есте сақтау қабілетін, сезімін жандандырады.

Ауызша оқыту әдістерінің жеті түрі бар:

  • оқиға;
  • түсіндіру;
  • нұсқаулық;
  • дәріс;
  • әңгіме;
  • пікірталас;
  • кітаппен жұмыс.

Мұғалімнің материалды баяндау, дәйекті, логикалық баяндаудың монологиялық әдісі. Оны қолдану жиілігі оқушылардың жас санатына байланысты: контингент неғұрлым үлкен болса, оқиға соғұрлым аз қолданылады. Мектеп жасына дейінгі балаларға, сондай-ақ кіші жастағы оқушыларға арналған ауызша оқыту әдістерінің бірі. Ол гуманитарлық ғылымдарда орта буын оқушыларын оқыту үшін қолданылады. Орта мектеп оқушыларымен жұмыс кезінде әңгімелеудің басқа ауызша әдістер түрлеріне қарағанда тиімділігі төмен. Сондықтан оны қолдану сирек жағдайларда негізделген.

Көрнекі қарапайымдылықпен сабақта немесе сабақта сюжетті пайдалану мұғалімнен дайындықты, көркемдік шеберлікті, аудиторияның назарын аудара білу және аудитория деңгейіне бейімделіп материал ұсыну қабілетін талап етеді.

Балабақшада әңгіме оқыту әдісі ретінде балаларға әсер етеді, егер олар мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тәжірибесіне сүйенетін болса, балалардың негізгі идеяны ұстануына кедергі келтіретін көптеген бөлшектердің болмауы. Материалдың презентациясы эмоционалды реакцияны, эмпатияны тудыруы керек. Осы әдісті қолданғанда тәрбиешіге қойылатын талаптар:

сөйлеу мәнерлілігі мен түсініктілігі (өкінішке орай, сөйлеу кемістігі бар тәрбиешілер жиі кездеседі, дегенмен, КСРО-ны қанша ұрсыса да, мұндай сипаттаманың болуы талапкерге автоматты түрде педагогикалық университет есігін жауып тастады) ;

сөздік және вербалды емес лексиканың барлық репертуарын пайдалану (Станиславскийдің «Мен сенемін» деңгейінде) ;

ақпаратты ұсынудың жаңалығы мен ерекшелігі (балалардың өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып) .

Әңгіме әдісі оқу материалының мазмұнын ауызша жеткізеді. Бұл әдіс мектептегі оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады, тек әңгіме көлемі, сипаты, ұзақтығы жағынан ғана өзгереді. Әңгіме жаңа білімді баяндау әдісі сияқты әдетте педагогтық бірқатар талаптардан тұрады. Әңгіме:

- тек анық фактілерден тұру керек

- айтылатын ой-тұжырымның дұрыстығын растайтын сенімді де айқын мысалдар жеткілікті түрде болу керек;

- баяндау нақты ойға құрылу керек;

- сезімдік күші болу керек;

- қарапайым, түсінікті тілмен баяндау керек;

- баяндалған фактілер мен оқиғаларға деген оқытушының жеке бағасы мен көзқарасының элементтерін көрсетуі керек;

Түсіндіруді оқылатын объектінің, жеке түсініктер мен құбылыстардың маңызды қасиеттерін, заңдылықтарын ұғыну деп түсіну керек. Түсіндіру - бұл баяндаудың монологтік формасы. Түсіндіру көбінесе әр түрлі ғылымдардың теориялық материалдарын игеруде, химиялық, физикалық, математикалық есептерді, теорамаларды шешуде, табиғат пен қоғам өміріндегі құбылыстардың себептері мен салдарын ашуда қолданылады.

Түсіндіру әдісі мыналарды қажет етеді:

- есептер, мән-жайлар, мәселелер, сауалдарды нақты әрі дәл қалыптастыру;

- себеп-салдарлы байланыстарды, айғақтар мен дәлелдерді жүйелі түрде ашуды;

- салыстыруларды, теңестірулер мен ұқсастарды пайдалануды;

- айқын мысалдарды келтіруді;

- мінсіз, таза баяндауды.

Түсіндіру оқытудың әдісі ретінде әр түрлі жастағы балалармен жұмыс істегенде кеңінен қолданылады. Бірақ орта және жоғары мектеп жасындағыларға оқу материалының күрделілігіне және оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерінің өсуіне байланысты төменгі сынып оқушыларына қарағанда бұл әдісті қолдану анағұрлым тиімдірек.

Әңгіме. Оқушылардың жаңа оқу материалын түсінуіне немесе өтілген материалды қаншалықты игергенгенін тексеруде мұғалімнің алдын-ала ойластырылған сұрақтар жүйесі жолымен шешкен оқытудың диалогті әдісі.

Әңгіме дидактикалык жұмыстың ең көне әдісіне жатады. Оны Сократ шеберлікпен қолдана білген. «Сократтық әңгіме» деген ұғым осыдан қалған. Орта ғасырларда оқулық бойынша сұрақтар мен жауаптарды тудыруға жетелейтін катехизикалық дейтін әңгіме кеңінен тараған. Қазіргі кезде мұндай әңгіме мектепте қолданылмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың ауызекі әдістері
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстарының мазмұны
ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
Тіл дамыту жұмыстарының түрлері
Тіл дамыту жұмыстары
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
Тарихты оқытудың әдістері және оларды топтастыру
Педагогика ғылымы ретінде шет тілдерін оқыту әдістемесі
Әдебиет сабағындағы көрнекілік
5-сыныпта әдеби теориялық ұғымдарды қалыптастырудың ғылыми негіздері мен оны оқытудың әдіс-тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz