Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттық дербестік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кiрiспе
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық сананы қалыптастырудағы орны
Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі кезеңдегі даму үрдiстерi
3. БАҚ қоғамдық пікірді қалыптастырудағы орны
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттық дербестік
Қортынды
Әдебиеттер

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ, ағылш. Mass media) -- арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. французжазушысы О. де Бальзак баспасөзді төртінші билік деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.
Қандай бiр қоғам саяси жүйе болсын оның дамуында жалпы ақпараттық қызметтiң, бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын қызметi өте зор. Өйткенi қоғамның қалыпты саяси әлеуметтiк өмiрiн күнделiктi ақпарат тарату қызметiнсiз көзге елестету қиын. Әр түрлі ақпараттар күнбе-күн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылады.
Бұқаралық ақпарат құралдары дегенiмiз- түрлi хабар-ошарды көпшiлiкке арнайы техникалық құралдар арқылы ашық, әрi жария түрде жеткiзу үшiн құрылған мекемелер. Бұқаралық ақпарат құралдарына: баспасөз, радио, теледидар, кино, видио, үн-таспа және көпшiлiкке арналған анықтамалар жатса, соңғы кезде олардың қатарына ғылым және техникалық соңғы жаңалықтары -- спутниктик байланыс, кабельдi теледидар және түрлi компьютерлiк интернет байланыс жүйелерi қосылып отыр.
Жалпы алғанда бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамға қажеттiлiгi олардың тiкелей атқаратын қызметтеріне тікелей байланысты. БАҚ- ның ақпараттық қызметі, яғни қоғам мен оның мүшелерiне күнделiктi ақпараттар таратуы. БАҚ-ның ақпараттық қызметі адамдарға түрлi әлеуметтік процестер және оқиғалар тұрғысында ой түйiндеуiне ықпал етедi, олар жөнiнде әр түрлi ақпараттар ағыны iшiнде бағдар алуына жәрдемдеседi.
Өздерi қабылдаған ақпарат негiзiнде адамдарда қоғамның саяси, экономикалық, мәдени-әлеуметтiк, рухани өмiрi, билiк тармақтарының қызметi т.б жөнiнде белгiлi-бiр пiкiрi қалыптасады.
Екiншiден, қоғамның дамуы, түрлi iшкi және сыртқы мiндеттер мен саяси-экономикалық процестердi мақсатты түрде реттеп, шешiп отыруы, қоғам мүшелерiнен басқа да қоғамдық институттармен ара қатынасы т.б күнделiктi ақпарат алмасуынсыз, яғни БАҚ-ның коммуникативтiк қызметiнсiз мүмкiн емес. Аталған қызметтерден барып адамдардың қоғамдағы әлеуметтiк шындыққа табиғи бейiмделуiн қамтамассыз ететiн олардың танымдық қызметі туындайды.
БАҚ-ның билiк пен оның субьектiлерi арасындағы байланысты реттеп, қадағалап отыру қызметінің маңызы бүгiнде тiптен арта түсуде. Бұл әсiресе дамыған демократиялық қоғамдарға тән қасиет. Олардың қадағалаушылық бақылау қызметi өздерi туғызатын қоғамдық пiкiрге арқа сүйенедi. БАҚ-ры мемлекеттiк ресми қадағалау органдары секiлдi әкiмшiлiк экономикалық шара қолдану құқығына ие болмаса да, олар болған оқиғаға оған жауапты адамдарға тек құқықтық тұрғыдан емес моралдық та баға беруге мүмкіндіктері бар.
Қоғамдық сананың өзгерiп, өсуi қоғам мүшелерiнiң мемлекет өмiрiмен күнделiктi мол, әрi обьективтi мағлұмат алу дәрежесiне тiкелей байланысты, қоғамдық сана өз кезегiнде қоғамдық пiкiр негiзiнде қалыптаспақ. Бұл екеуiнiң де БАҚ арқылы пайда болып одан әрi дами алатындығын ескерсек, оның жоғарыда айтылған қадағалаушылық қызметінің маңыздылығы тiптi күшейе түспек. Яғни қоғамдық пiкiр билiк тармақтарының белгiлi бiр шешiмiнiң терiстiгiне БАҚ арқылы көз жеткiзсе, ол шешiмдi өзгерту үшiн тағыда сол ақпарат қызметiн пайдалана отырып ықпал ете алады. БАҚ-ның төртiншi билiк аталуы оның осындай саяси әлеуметтiк қызметтерінің маңыздылығынан туындаса керек.
ҚСРО кезеңiнде БАҚ-ры жоғары аталған қызметтерін толық атқара алмады. Өйткенi ескi саяси жүйе баспасөз, сөз бостандығына , пiкiрлер плюрализiмi мен қоғамдық ойдың қалыптасқан стандарттық нормасын бұзуға мүлде қарсы болды және бұл саясатты жүргiзу үшiн мемлекет өзiнiң барлық мүмкiндiктерiн пайдаланғаны белгiлi. Ол кезеңде тәуелсiз басылымдар мен электронды ақпарат құралдары турасында сөз қозғаудың өзi мүмкiн емес едi. Аудандық, қалалық деңгейдегi БАҚ-нан бастап республикалық, одақ көлемдерiндегiлерiне дейiн СОКП- ның кәсiподақтарының және комсомолдық тiкелей органдары ретiнде қызмет еттi. Ал олардың барлығының үстiнен партиялық бақылау жасаушы СОКП- ның билiгi, тоталитарлық саяси жүйе идеологиясын бұлжытпай орындауға қамтамасыз еттi, сөйтiп қоғамның дамуынан бастап барлық iшкi сыртқы процестер әлемдегi сан алуан оқиғалар мен құбылыстар тек таптық идеологиялық тұрғыдан бағаланып халыққа үнемi бiр жақты, көп ретте бұрмаланған ақпараттар таратылып келдi.
Нәтижесiнде утопиялық әсiреидиологияландырылған қоғамдық сана мен таным көзқарастар жиынтығы қалыптасты. Аталмыш қоғамдық пiкiрдiң адамдар санасында берiк орын алғанын бiз қәзiргi тәуелсiз мемлекеттер өмiрiндегi ескi көзқарастар өзгеруiнен байқалады.
Сондықтан бұрынғы саяси жүйенiң жiберген негiзгi кемшiлiктерi мен стратегиялық қате бағыттарын ескерер болсақ, өтпелi қоғамды бастан өткерiп отырған жас тәуелсiз мемлекеттер "төртiншi билiктiң" қоғамдық қызметiмен саяси ықпалы тереңдей түседi. БАҚ-ның маңызды рөлi қоғамнық қабiлеттiк өмiршең жағдайын қамтамасыз ету. Қоғамда болып жатқан экономикалық, демократиялық саяси, әлеуметтiк өзгерiстердi түсiну, жаңаша қабылдап бағалау процестерi ендi қалыптаса бастаған Қазақстандық ақпарат кеңiстiгiнен анық көрiнуде.
Жалпы ақпарат қызметтiк жүйесi өтпелi қоғамның әлеуметтiк институттарының айрықша бiр түрi ретiнде ақпарат өндiрiп оны адамдардың әлеуметтiк кеңiстiгiне арнайы қызметтiң формасына ие. БАҚ-ның жоғарыда аталып өткен түрлi саяси-әлеуметтiк қызметтері демократиялық қоғамдарда мейленше толығырақ көрiнедi.
БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше, олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.
БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.
БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Əрине, ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.
БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке тұлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жалпы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси журналистердің үгіт-насихатының арқасында азаматтар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушыларына айналады.
БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі - БАҚ қызметінің міндетті тұсы. Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы, партиялар, қоғамдық бірлестіктер) арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір жағдайларда тек бұқаралық баспасөз бен теледидар ғана алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік құрылымдарына жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді.
БАҚ-тың жұмылдырушы қызметі адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады. БАҚ-тың осы қызметі саяси қатынастар саласында аса маңызды болып табылады. Азаматтардың белсенділігін ынталандыра отырып, БАҚ сайлау кампаниялары мен дауыс беру қорытындыларына айтулы ықпал етеді. Олар қоғам мен билікте дағдарыс туғызатын жаппай наразылық немесе саяси жанжалға апарып, арандатулары әбден мүмкін. Сондай-ақ олар қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге азаматтарды жұмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады.
БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап- арбау мақсатында қолдану азаматтарға және қоғамға аса қауіпті болып табылады. Оған өз мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерге баруға мәжбүрлеу үшін адамдардың санасы мен мінез-құлқын жасырын басқару жатады. Алдап арбау БАҚ-та таралатын, шын мәнінде жалған ақпараттарға адамдардың сенуіне негізделеді. Оған тапсырыс берушілер үшін ол пайда, ал қоғам үшін орны толмас өкініш. Осы орайда қазіргі кезде өз қызметінің тиімділігін арттырғысы келетін қоғам қандай да бір жолмен БАҚ-тың қызметін реттеуге тырысады. БАҚ-тың жағымсыз салдары оның қоғамдық ұйымдарымен шектелуі мүмкін. Қазіргі қоғамдарда БАҚ-ты ұйымдастырудың үш негізгі жүйесі қолданылады: жеке (коммерциялық), мемлекеттік және қоғамдық-құқықтық. АҚШ-та қолданылатын бірінші жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары жекеменшік нысанда және тек жарнамадан, жеке жәрдем берушілердің есебінен қаржыландырылады. Алайда бұл елде жекелеген азаматтар мен жалпы қоғамның мүддесі сотпен қорғалады, БАҚ- тың онымен келіспеуге еш шарасы жоқ. Екінші жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары негізінен мемлекеттің қарамағында. Олар парламентке, үкіметке бағынышты, ол үшін арнайы қызметтер құрылады. Электрондыбұқаралық ақпарат қүралдарын ұйымдастырудың үшінші түрі Германиядабасым. Бұл жерде радио мен теледидар азаматтардан жиналатын арнайы салық есебінен қаржыландырылады. Олардың заңдық тұлға құқы және өзін-өзі басқару құқы бар. Алайда, бұл аталған ұйымдастыру, бақылау түрлерінің ешқайсысы да әмбебап әрі мінсіз деп айтуға келмейді.
Идеология субъектілерінің бірі ретінде бұқаралық ақпарат құралдары адамдардың санасына ықпал етеді. Бір жағынан БАҚ қоғамды ақпаратпен қамтамасыз етсе, екінші жағынан қоғамдық пікір қалыптастырып, азаматтардың санасын манипуляциялайды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы артып, ауқымы кеңейген сайын, қоғамда олардың атқаратын функцияларына байланысты жаңа көзқарастар қалыптасуда. Соның бірі - БАҚ-тың қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі. Бұл көзқарас бүгінде айқындалып, мемлекет пен ұлт болашағы үшін БАҚ-тың маңыздылығын одан әрі арттыра түсті. Алайда бұл, бұқаралық ақпарат құралдары теориясындағы бүтіндей бір бағыттың негізгі мәселесі болып қала беруде.
Қазақстан бүгінде сыртқы әлемге өз болмысымен танылды, ашық қоғамға қадам басумен қатар көптеген игі бастамаларға да қол жеткізуде. Кез келген мемлекеттегі дамыған ақпараттық кеңістіктің болуы демократиялық қоғамның негізгі белгілерінің бірі болып саналады. Осыған орай ел жетістігін бағалаудың ең маңызды өлшемі қоғамды біртіндеп демократияландыру болып табылады. Әрине, оның бұқаралық ақпарат құралдарынсыз еш мәні жоқ. Еліміздің тәуелсіздігін нығайтып, халықтың әл-ауқатын жақсарта түсетін, экономиканы дамытуға негізделген саяси реформалар жүргізу, Қазақстанның алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылуы тәрізді іргелі мақсат - міндеттер барлық қоғам мүшелеріне жоғары жауапкершілікті жүктейтіні анық. Осыған байланысты қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы азаматтардың саяси сана сезімі мен саяси белсенділігін көрсетуінің мемлекет үшін маңызы зор. Бұл ретте БАҚ - азаматтардың бойына өркениет құндылықтарын негіздеуші, мемлекеттік құрылымдағы саяси жаңаруларды өмірге енгізуге үлес қосатын, қоғамдағы маңызды ақпараттық, идеологиялық қызметті жүзеге асырушы демократиялық институттардың бірі.
Еліміз егемендікке қол жеткізгелі бері әлемдегі саяси, экономикалық, қоғамдық орынға ие болды. Дүние жүзіне мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды таныту үшін де БАҚ-тың теңдессіз үлесі бар. Қазақстанның әлемдік өркениет алдындағы экономикалық, мәдени және әлеуметтік жағынан дамуы үшін оларды танытатын БАҚ маңызы айрықша. Қазіргі дәуір қарулы майданның емес, ақпарат майданы екенін ескерсек, жаһандық соғыс қазір күштілер қару саналатын баспасөздер арасында жүріп жатыр. Сондықтан, БАҚ-тың жүйелі әрі сапалы жұмыс істеуі ең өзекті мәселе.
БАҚ қоғамдық маңызы бар рөлді ғана емес, еліміздің имиджін қалыптастыру құралы ретінде де атқарады. БАҚ-тың негізгі қызметіне ақпараттандыру, жарнама, ойын-сауық, хабардар ету кіреді. БАҚ-тың халық алдында құратын имиджі қоғамға үлкен әсер етеді және адамдарды белгілі бір іс-әрекеттерге бағдарламалауда. Сондай-ақ, БАҚ-тың белгілі бір саяси оқиғаға деген көзқарасы да маңызды тармақ болып табылады.
БАҚ-тың ықпалы мен қоғамдағы жағдай саяси саланың негізгі құралы мен бір бөлігіне айналуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің өрісі кеңеюде және жаңа деңгейге өтуде.
БАҚ пен саясаттың шоғырлануы көбінесе тиімді өзара іс-қимылға және халыққа әсер етуге ықпал етеді. Мұндай тәсіл әдетте әртүрлі пиар-технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады. Енді әрбір мемлекеттік органның өз штатында баспасөз қызметі, қызметкерлері, баспасөз хатшылары бар.
Барлық ақпараттық өріс географиялық орналасу шеңберінде дамитынын назарға ала отырып, БАҚ-тағы түрлі оқиғаларды жариялай отырып, белгілі бір оқиға болған аумақ туралы да қандай да бір бейне қалыптасады деген қорытынды жасау керек. Тиісінше, ақпаратпен бірге қандай да бір мемлекеттің геосаяси имиджі анықталады
Бүгінгі күні мемлекеттің сауатты ақпараттық саясатын құруда бұқаралық ақпарат құралдарының дәстүрлі түрлерін ығыстырып, әлеуметтік желілер үлкен рөл атқарады. Тиісінше, халықпен сауатты құрылған қарым-қатынас стратегиясына мемлекеттің имиджі тікелей байланысты.
1999 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекеттік кепілдіктер мен олардың бостандықтарын белгілейтін, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, ҚР Конституциясында ақпаратты таратуды реттейтін шектеулер да жазылған. Оларға зорлық-зомбылық тәсілімен жағдайды өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға не мәжбүрлеуге тыйым салынған. Аталған құқықтар мен шектеулер "бұқаралық ақпарат құралдары туралы" ҚР Заңының 2-бабында да жаңғыртылды. 1999 жылы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына монополиялық иеленуге шектеулерді алып тастайтын түзетулер енгізілді. Екі жылдан кейін бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеуге рұқсат беру жүйесі енгізілді және есепке қою талаптары жазылған. Жалпы алғанда, БАҚ қызметін реттейтін заң 33 рет өзгерістерге ұшырады. Соңғы толықтыруларға Заң 2019 жылдың 2 сәуірінде ұшырап, шетелдік тұлғалардың, азаматтығы жоқ адамдардың БАҚ-тың меншік иесі ретіндегі үлесі 20% - дан аспауы тиіс деп мәлімдеді. Бұл толықтырулар коммерциялық интернет-ресурстарға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма тоғыз жыл ішінде медианарықта ақпараттық саясатты дамутуды бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең - посткеңестік. Бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік монополиямен ерекшеленеді- тәуелсіз БАҚ болған жоқ.
Екінші кезең-90-шы жылдарға келді, қалыптасу және өсу кезеңіне айналды. Мемлекеттің инфополияның үстемдігінен белгілі бір кетуі және мемлекеттік емес БАҚ-тың белсенді дамуы орын алды.
Үшінші кезең-2006 жылы аяқталды. Либералды кезең болды, оған масс-медиадағы сапалы өзгерістер, бұрынғы мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарын жекешелендіру тән. Мемлекеттік қаржыландырудан мемлекеттік тапсырысқа көшті.
Төртінші кезең - 2007 жылдан бастап Қазақстанның ақпараттық нарығы тұрақты өсу сатысына кірді деп айтуға болады.
Бесінші кезең - 2011 жылдан бастап БАҚ белсенділігі, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы ақпарат тарату.
Алтыншы кезең-2015 жылдан бастап БАҚ қызметін регламенттеуге қатысты қолданыстағы БАҚ туралы заңнама толықтырылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының экономикалық дамуы туралы айта келе, қазақстандық медианарықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға күшті ықпал еткен мемлекеттің рөлін атап өткен жөн.
Қазақстандағы медианарық табысты дамып келеді және жалпы әлемдік трендтерге сәйкес. Бүгінгі күні ақпараттық алаңдарды медиахолдингтерді ірі компаниялар қамтамасыз етеді. БАҚ-тың 80% - ы мемлекеттік емес болып табылады. Бұл әлеуметтік-экономикалық жетістіктер көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Сонымен қатар, нарықтық реформалар жаңа және қызықты контенті бар бұқаралық ақпарат құралдары санының артуына әсер етті. Бүгінде біздің еліміз БАҚ-ты дамыту бойынша Орталық Азия аймағы мен Кавказ елдері арасында жетекші орынға ие. Бұл бір үстел басында мемлекеттік және саяси қайраткерлерді, саясаттану, журналистика, экономика және PR саласындағы жетекші сарапшыларды жинайтын жыл сайынғы Еуразиялық медиафорумның(ЕМФ) өткізілуін растайды.
Елімізде республика аумағында тұратын этностардың 11 тілде жарияланатын мерзімді басылымдары мен журналдары бар. Мемлекеттік және орыс тілдерінен басқа БАҚ украин, поляк, неміс, корей, ұйғыр, түрік, дүнген және басқа тілдерде шығады. Мұндай БАҚ өкілдері үкіметтен қаржылық қолдау алады. Бұл өз кезегінде еліміздің имиджін нығайтудың маңызды аспектісі болып табылады, өйткені Қазақстан көпұлтты ел бола отырып, барлық этностар бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін санаулы елдің бірі болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстанда сөз бостандығы мен Тәуелсіздік қағидалары негізінде БАҚ қызметінің оңтайлы моделі мақсатында БАҚ-ты дамыту мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен, түрлі институттармен, халықаралық ұйымдармен және қауымдастықтармен қарым-қатынас орнату және өзара іс-қимыл жасау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Сонымен қатар, журналистік қызметтің басты шарты бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі үшін қолайлы және қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Қазақстандық қоғамды жаңғырту мәселелеріндегі ең маңызды бөлігі мемлекеттің оң бейнесі болып табылады. Бұл тақырып бірқатар жағдайларға байланысты. Мемлекет бейнесі-күрделі және көп қырлы феномен. Оның дамуы әртүрлі факторлардың әсерінен болады. Мемлекет бейнесі қоғамның заңнамалық, мемлекеттік және басқа да билік органдарымен саяси, әлеуметтік, мәдени өзара қарым-қатынастарын бейнелейді. Жаңғырту үдерістері тұрғысынан мемлекеттің имиджі дұрыс берілген бағдарларға байланысты. Егер елдің имиджін халықаралық аренада қарастырсақ, онда дамудың саяси бағытын ерекше атап өткен жөн. Елбасының жыл сайынғы жолдауларында дамудың қысқа мерзімді кезеңдерін іске асыру жөніндегі құжаттар көп көрсетілген. Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаулары басым бағыттар бойынша жоспарлар мен міндеттерді құрып қана қоймай, идеялардың жүзеге асуына негiз болды.
Елбасы БАҚ-қа келген миссияның республикадағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени құндылықтарды объективті, нақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқаралық ақпарат құралдары - қоғамдағы төртінші билік
Қазақстан қоғамындағы қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарыны өзекті мәселелері
Библиографиялық қызметтің процестері
ӘДЕБИ СӨЙЛЕУ НОРМАЛАРЫ
Дене шынықтыру және спорт саласындағы ақпараттық құралдардың негізгі құралдары
Ақпарат құралдарының тәрбиеге ықпалы
Жарнама агенттіктер туралы
Баспасөзді қорғаудың маңыздылығы
Ақпараттық ресурс түсінігі
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Пәндер