Саяси ғылымда дипломатияны зерттеу


МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім: Саясаттың түрлері:ішкі және сыртқы саясат
2. 1. Ішкі және сыртқы саясаттың өзара байланысы.
2. 2. Дипломатия түсінігі
2. 3. Саяси ғылымда дипломатияны зерттеу
3. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Саясат (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:
Өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;
Мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;
Адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;
Әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;
Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.
Саясат - өркениетті адамзатпен бірге жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Ол түрлі топтардың мүдделерінің өзара бәсекелесу, текетіресу, бірін-бірі сынау алаңы іспеттес. Саяси идеялар, көзқарастар мен бағдарламалар негізінде саясат әлеуметтік қауымдастықтың игілігіне айналады. Ал әртүрлі топтардың мүдделері, мақсаттары мен құндылықтары саналуан болғандықтан, саясат та түрлі бағыттар мен жолдардан тұрады. Саясатта адамдар мен олардың көзқарастары, ұстанымы, мүдделері шешуші рөл атқарғандықтан ол субъективті құбылыс. Саясаттың болуы қоғамда орын алып отырған объективті факторларға байланысты.
Ішкі саясат мемлекеттің немесе елдің ішкі өмірінің барлық салаларын қамтиды, атап айтқанда: кәсіпкерлік, білім беру, энергетика, денсаулық сақтау, құқық қорғау, қаржы және салықтар, табиғи ресурстар, әлеуметтік қамсыздандыру, жеке құқықтар мен бостандықтар және т. б.
Ішкі саясаттың мақсаттары мен міндеттері азаматтардың жеке және қоғамдық мүдделеріне және мемлекеттің немесе елдің мүмкіндіктеріне байланысты өзгереді. Мысалы, ең бай және демократиялық мемлекеттер немесе елдер ішкі бағдарламаларға қомақты қаржы жұмсайды. Көптеген кедей мемлекеттер немесе елдер ресурстарды білім беру және денсаулық сақтау сияқты маңызды салаларға бөлуді қиындатады.
Ішкі саясат - мемлекет ішіндегі таптардың, әлеуметтік топтар мен қабаттардың, ұлттардың қарым-қатынасын білдіретін саясат, мемлекеттін іс-әрекетінің және билеуші партиялардың негізгі бағыттарын қамтиды.
Ішкі саясаттың ерекше бағыттары - мемлекеттің, елдің саяси жүйесін, федералдық қатынастарды, қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты жетілдіру және реформалау. Ішкі саясат билікті алу және сақтау процестерін қадағалауды да көздейді, ал билікті алу процесіне қатысты мемлекет оның (билікті) қалыптастырудың демократиялық тәртібінің ұйымдастырушысы және кепілі ретінде әрекет етеді.
Көптеген ішкі саяси пікірталастар үкіметтің экономикалық және әлеуметтік мәселелерге қатысу деңгейіне қатысты. Дәстүр бойынша консерваторлар үкімет бизнесті реттеуде және экономиканы басқаруда маңызды рөл атқармауы керек деп есептейді. Көптеген консерваторлар үкіметтің әрекеті кедейлік пен экономикалық теңсіздік мәселелерін шеше алмайды деп санайды. Алайда либералдардың көпшілігі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, адамдардың қайғы-қасіретін азайтуға және теңсіздікті азайтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды қолдайды. Көптеген либералдар үкімет қауіпсіз және әділ еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және ластануды шектеу үшін бизнесті реттеуі керек деп санайды.
Әсіресе әртүрлі мәдениет өкілдері арасында ішкі саясаттың діндер мен жеке нанымдарға қатысты кейбір мәселелері даулы болып табылады. Мысалы, мұндай мәселелерге түсік тастау құқығы, гейлердің құқықтары, діннің қоғамдық өмірдегі рөлі, білім беру мен жұмысқа орналасудағы мәдени әртүрлілік жатады.
Басқару нысаны көбінесе ішкі саясаттың қалай құрылып, жүзеге асырылатынын анықтайды. Авторитарлық мемлекеттерде билеуші топтар өздерінің ішкі саяси мақсаттарын азаматтардың қатысуынсыз немесе келісімінсіз жүзеге асыра алады, бірақ демократиялық қоғамда халықтың еркі әлдеқайда көп әсер етеді. Демократиялық мемлекетте ішкі саясатты қалыптастыруға сайланған басшылар, заң шығарушы билік және мамандандырылған мемлекеттік органдар жауапты.
Сайлаушылар саясатты анықтауға қандай адамдар мен саяси партиялардың құқығы бар екенін анықтайды. Бұқаралық ақпарат құралдары тұрмыстық мәселелер туралы ақпарат таратып, халықтың сенімі мен пікіріне әсер етеді. Лоббистер, белсенді топтар және басқа ұйымдар да әртүрлі әдістер арқылы саясатқа әсер ету үшін жұмыс істейді. Мұндай әдістерге ақшалай қайырымдылық, қолдау кепілі, жарнамалық науқандар немесе демонстрациялар мен наразылықтар кіруі мүмкін.
Ішкі саясаттың тиімділігі мемлекеттік бюрократияға - заңдар мен бағдарламаларды жүзеге асыратын билік органдарына байланысты. Кейбір жағдайларда бюрократия баяу, тиімсіз немесе алға қойылған міндеттерге сәйкес емес әрекет етеді. Ішкі саясат соттарда да қиындықтарға тап болуы мүмкін. Көптеген штаттарда немесе елдерде судьялар ел конституциясын бұзады деп тапқан кез келген заңнамалық немесе атқарушылық әрекеттерді тоқтатуға құқылы.
Сыртқы саясат - халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы саяси қызметті атқарады. Мемлекеттің сыртқы саясаты сыртқы және ішкі факторлар ықпалымен қалыптасады. Сыртқы саясатты жүзеге асыру түрлері: мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату; мемлекеттің халықаралық ұйымдарда өз өкілеттілігін ашу немесе оларға мүше болу; мемлекеттің басқа мемлекет өкілдерімен әртүрлі деңгейлерде тұрақты немесе аракідік байланыстар орнатуы. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал - екі жақты немесе көпжақты келісімдер мен келіссөздер.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 - 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
Өздеріңізге мәлім, 2020 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіткен болатын. Соған сәйкес, халықаралық стратегиямыздың қағидаттары және бағыт-бағдары өзгермейтіні нақтыланды.
Еліміз сыртқы саясатты сындарлы әрі белсенді жүзеге асырып, қауіпсіздік, ынтымақтастық және даму салаларында жаһандық және өңірлік күн тәртібін қалыптастыру мен іске асыруға ерекше үлес қосып келеді. Ұлттық мүддені қорғай отырып, сыртқы саяси және экономикалық басымдықтарды ілгерілетуге басты назар аударылатыны белгілі.
Еліміздің стратегиялық саяси мақсаты ретінде тәуелсіздікті, мемлекеттің егемендігін және аумақтық тұтастығын нығайту, сыртқы саяси бағыттың дербестігін сақтау көзделмек. Сондай-ақ Орталық Азияда Қазақстанның көшбасшылық орнын нығайтуға және ұзақ мерзімді мүдделеріне ерекше екпін беріледі. Сыртқы саясат мәселесінде Қазақстан көпвекторлы бағыт ұстанатыны жер-жаһанға мәлім. Осы тұрғыдан алғанда «тоғызыншы территория» аймақтық және жаһандық үдерістерге белсене қатысатын беделді мемлекетке айналды. Тәуелсіздіктің 30 жылында кәсіби дипломатиялық қызмет құрылып, ауқымды сыртқы саяси міндеттер шешімін тапты. Осы уақыт аралығында қол жеткізген табыстарымыз ұшан-теңіз.
Егемендік алған сәтте елімізде тәжірибелі, кәсіби дипломаттар санаулы болатын. Бұл күрделі сыртқы саяси міндеттерді шешуге кедергі келтіретіні айтпаса да түсінікті. Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылық етуімен елімізде дипломатия мектебі қалыптасты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сол кездері Елбасының сенімді серігі ретінде бұл жұмысқа үлкен үлес қосты. Мәселен, 1992 жылы Сыртқы істер министрлігін толыққанды институт есебінде құру жұмыстары аяқталды. Сөйтіп, Сыртқы істер министрлігі, дипломатиялық құрылымдар мәртебесі мен өкілеттілігін ресми түрде орнатқан елдердің елшіліктері туралы Ереже бекітілді. Сондай-ақ олардың ұйымдастырушылық және кадрлық мәселелері шешілді. Осылайша, Қазақстанды бейбітсүйгіш ел ретінде әлемге танытқан жұмыстың іргетасы қаланды.
Сол кезеңнен басталған шаруа бүгінде жалғасын тауып отыр. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында сөйлеген сөзінен анық байқадық. Президент әлемдегі алпауыт елдермен және өңірдегі ықпалды мемлекеттермен тең дәрежелі әрі тиімді ынтымақтастық орнатудың маңызына тоқталды. Бұл түсінікті де. Қазіргі таңда шартараптағы геосаяси ахуал өзгеріп, саяси текетірестер күшейе түсті. Бұрын әлем бірполярлы саналып келсе, бүгінде өңірлік және жаһандық өктемдікке ұмтылатындар жетерлік. Мұның бәрі әлемдік саясат тақтасындағы ахуалды күрделендіре түсетіні басы ашық мәселе. Осындайда Қазақстан үшін прагматизмге негізделген көпжақты саясат ауадай қажет. «Қазақстан ешкіммен жауласпайды, халықаралық дауларға килікпейді. Біздің таңдаған жолымыз - айқын. Прагматизмге негізделген салмақты әрі салиқалы саясаттан еш айнымаймыз. Біз екіжақты және көпжақты міндеттемелерден бас тартпаймыз. Даулы мәселелер туындаса, ұлттық мүддемізге сай ұтымды шешім табуға ұмтыламыз. Біз тәуелсіздік пен егемендікке, еліміздің шекарасы мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіретін бір де бір келісімге жол бермеуіміз керек. Өйткені осы қасиетті құндылықтар біз үшін бәрінен қымбат. Біз, ең алдымен, Қазақстанның мүдделерін табандылықпен қорғауымыз қажет», деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікке алаңдайтынын азаттық алған кезден-ақ байқатқан. Мәселен, тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейін еліміз еншісіне қуатты ядролық арсенал мұраға қалды. Бұл мәселе халықаралық қоғамдастықты бейжай қалдырған жоқ. Екіжақты келісімді сылтауратып шетелдік шенеуніктер бірінен соң бірі елімізге жиі ат басын бұрды. Әйтсе де, бәрін мазалаған бір ғана мәселе: Қазақстанның ядролық қаруы. Қазақстанның ядролық арсеналы Батыс елдерін ғана қызықтырып қойған жоқ. Араб әлемі де оқтұмсықтарды сатып алуға ниетін білдірді. Мәселен, 1992 жылы сол кездегі Ливия басшысы Муаммар Каддафи Қазақстанның атом бомбасын сақтап қалуы үшін миллиардтаған доллар қаржылай көмек беруге әзір екенін жеткізген. Тәуелсіздігін енді алған мемлекет үшін бұл арбайтын ұсыныс. Өйткені Кеңес өкіметі құлағаннан кейін ел экономикасы тұралап қалғаны белгілі. Бірақ Қазақстан мұндай жомарт ұсынысты қабылдаған жоқ. Міне, осылайша Қазақстан әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартты. Бұл шешім жер-жаһанды жаппай қырып-жою қаруларынан азат етуге бағытталған соны қадам болғанын уақыт көрсетті. Бүгінде еліміз ядролық қарудан бас тарту ісінде өзгелерге үлгі. Биыл Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толды. Бұл шешуші қадам Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы беделінің артуына зор үлес қосты.
Қазақстан - Еуразия құрлығындағы көпжақты құрылымдардың негізін қалаушы елдердің бірі. ТМД, Еуразия экономикалық одағы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы және басқа да құрылымдардың жұмысын жандандыруға белсене атсалысып келеді. Таяуда ғана Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі қайта құрылып, толыққанды ұйымға айналды. Осылайша, түркі тілдес мемлекеттер ынтымағының жаңа кезеңі басталды. Мұның бәрі шартараптың түкпір-түкпіріндегі алпауыт елдермен және өңірдегі ықпалды мемлекеттермен тең дәрежелі әрі тиімді ынтымақтастық орнату жолында жасалған жұмыстардың бір парасы ғана.
Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігіне Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын нығайтып, экономикалық дипломатияны қайта жандандыруды тапсырды. Бұл бағыттағы жұмыстың тиімді жүргізілетініне сенім мол. Бұған себеп жетерлік. Біріншіден, Қазақстан экономикасы Орталық Азиядағы басқа елдердің экономикасына қарағанда қуатты. Мәселен, номиналды ішкі жалпы өнім көлемі бойынша өңірдегі басқа мемлекеттерден әлдеқайда алда тұр.
Ел ішіндегі ахуал тұрақты. Елімізде инвесторларға өте қолайлы жағдай жасалған. Қазіргі таңда Орталық Азиядағы шетел инвестициясының 75 пайызы Қазақстанға тиесілі. Соның арқасында еліміз өңірдегі экономикалық көшбасшыға айналды. Рас, пандемия кезінде ішкі жалпы өнімнің өсімі бәсеңдеді. Бірақ бұл бүкіл әлем елдеріне тән құбылыс. Осы орайда, мұнай бағасының қайта өсуі жаһандық індет кезінде етек-жеңімізді жинап алуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, еліміз Еуразияның қақ төрінде, басты көлік дәліздері тоғысқан геостратегиялық орталықта тұр. Шығыс пен Батысты байланыстыратын «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» бағыты ұлы даланың үстінен өтеді. Қазақстан арқылы Қытай және Азияның басқа да елдерін Еуропамен, сондай-ақ Таяу Шығыспен байланыстыратын 5 темір жол және 6 халықаралық автокөлік жолы өтеді. Бұл Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға және кері қарай жүктерді 15 күнде жеткізуге мүмкіндік береді.
Осыншалықты әлеуеттің тиімділігін уақыт көрсетіп отыр. Биыл көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 1, 07 млрд тоннаға жеткен. 2021 жылдың алғашқы 4 айында транзиттің жалпы көлемі 7, 3 млн тоннаны құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4, 1 пайызға артық. Осылайша, Қазақстан транзиттік дәліз арқылы миллиондаған доллар пайда табады.
Үшіншіден, Қазақстанда шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Осы орайда, Сыртқы істер министрлігіне инвестиция тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру міндеті жүктелгенін еске сала кеткен жөн. Президент Қазақстанды Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті жалғайтын күре жолдардың бойындағы транзиттік-логистикалық хабқа айналдыруды тапсырды.
Қазіргі таңда әлем елдері оқшау, ешкіммен араласпай өмір сүре алмайтыны белгілі. Халықаралық аренада ұлттық мүддемізді қатаң сақтап әрі қорғай отырып, инвестициялық саясат жүргізудің маңызы зор. Қазақстан әлемде өзін бейбітсүйгіш, ашық, сенімді мемлекет ретінде үлкен беделге ие және халықаралық істерде жауапты серіктес ретінде танылды. Қ. Тоқаев Сайлауалды бағдарламасында елімізге инвестициялар тартуда Қазақстанның осы уақытқа дейінгі халықаралық сенімін тиімді пайдаланатынын жеткізген-тұғын.
Мемлекет басшысы шетелдерге сапары барысында елімізге инвестиция тартуды басты назарда ұстады. Оны мынадан-ақ байқауға болады. Қ. Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары барысында көптеген ауқымды келісімдерге қол қойылды. Атап айтқанда, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, қаржы және инвестиция салаларындағы өзара іс-қимылдар мен ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Бұдан бөлек, басқа да елдерге жасалған сапарлар кезінде инвестиция тарту мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ.
Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясатты «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай жүргізіп, оның тиімділігін барынша арттыруды тапсырды. Мұны орындаудың алғышарттары қалыптасты. Мәселен, Сыртқы істер министрі Үкіметте ерекше мәртебеге ие болып, Премьер-Министрдің орынбасары деңгейіне көтерілді. Әйтсе де, ведомство жұмысында кейбір кемшіліктер бар. Президент Қазақстанның сыртқа бағытталған жұмысында біртұтас, жалпы мемлекеттік стратегия жоқ екенін еске салды. Мемлекеттік аппарат ішіндегі байланыс, өзара ықпалдастық әлсіздігіне, кадр саясатындағы кемшіліктерге тоқталды. «Мысалы, қазір Жайық өзені тартылып барады. Қазақстанға жолданған жүк Қытай шекарасында тұрып қалды. Біздің кәсіпкерлеріміздің көрші елдер нарығындағы мүддесі ойдағыдай қорғалмай отыр. Осындай келеңсіздіктер халықтың тұрмыс сапасына және көңіл күйіне кері әсер етеді», деген Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі бағыттарды жүзеге асыру үшін тиісті жұмысты тың қарқынмен жалғастыруды тапсырды.
Құдайға шүкір, сындарлы саясаттың арқасында азаттық алғаннан соң алғашқылардың бірі болып мемлекеттік шекарамызды шегендедік. «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның» қабылдануы - айтулы жетістік. Сондай-ақ стратегиялық серіктестеріміз - Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерімен достық қатынасымыз қалыптасты. Қазақстан АҚШ-пен және Еуропалық одақ елдерімен стратегиялық байланыс орнатты.
Сонымен, ішкі саясат - мемелекеттің ішкі функцияларын реттеп отырады.
Сыртқы саясат - мемлекеттің жалпы саяси жүйесін халықаралық дәрежеде ең алдымен өз мүддесін қорғау үшін жүргізген жұмысы, басқа елдермен, ұлттармен қарым - қатынас орнату.
Оларға мыналарды жатқызуға болады:
- достық қарым - қатынас орнату.
- сауда қарым - қатынастарын орнату.
- экономикалық қарым - қатынастарды орнату.
- әскери қарым - қатынас орнату.
Жалпы алғанда дамыған ішкі саясат, дамыған сыртқы саясатты қамтиды және бір - бірінсіз болмайды. Қорытындылай келсек, саясат қоғамның өмір сүруін ұйымдастыру, реттеу үшін қажет.
Саясаттың негізгі мәселесі - билікті қолға алу, ұстап тұру, айдалана білу. Қазіргі жағдайларда мемлекеттік саясаттың негізгі мақсатты міндетті түрде адамдардың аса маңызды мұқтаждықтарын анықтап, оларды әртүрлі жолдармен қадағалап шешуі болып табылады.
Жалпы алғанда саясат қоғамдағы құбылыс деп айтуымыздың өзінде де үлкен мән жатыр. Адам саясатпен араласпаса да, саясат адаммен әрқашан бірге болып, қабаттаса жүріп араласады.
Адам - саяси жануар, жәнтік. Аристотель көрсеткендей қандай болмасын қоғамда адаммен саясат қатар жүрген. Саясат ешқашан тұрақты болған жоқ, ол әр кез өзіндік уақытта өзгеріп отырады. Қоғамның, заманың өзгеруіне сай, адам баласының сол ортаға қалыптасуының өзі осы саясат тұрғысынан жекелеген немесе қоғамдық жағынан көріп, ғылымды оқу барысында білеміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz