Өзіндік жұмыстар оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастырушы фактор ретінде


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
«Қорғауға жіберілді»
Биология кафедрасы
Кафедра меңгерушісі
Аға оқытушы, PhD доктор
Майматаева А. Д.
«» 2023
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: «Биологиядан өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру»
«5В011300 - «Биология»
Орындағандар: Нұрпеисова Айсұлу Тлеуханқызы
Нурмуратова Динара Алимжанқызы
Пәрімбек Керемет Болатбекқызы
Ғылыми жетекші:
б. ғ. к., профессор Шалабаев Қаратай Ысқақұлы
аға оқытушы Аманбекова Д.
Алматы, 2023 жыл
Дипломдық жұмысты орындаудың
Күнтізбелік кестесі
Орындалуы
туралы белгі
- ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
1. 1. Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі және мәні
1. 2. Оқушылардың өзіндік жұмыстары
2. БИОЛОГИЯДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРУДАҒЫ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫҢ МАҢЫЗЫ
2. 1. Өзіндік жұмыстар оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастырушы фактор ретінде
2. 2. Биология сабағындағы өзіндік жұмыстардың әдістері және дамытушылық рөлі
2. 3. Биологиядан өзіндік жұмысты ұйымдастырудағы ақпараттық технологиялардың маңызы
3. БИОЛОГИЯДА ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ БОЙЫНША ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС
3. 1. Биологияны оқытудағы өзіндік жұмыстарды пайдаланудың педагогикалық негіздері
3. 2. Өндірістік іс-тәжірибе барысы және қорытындысы
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында білім беру саласының ең негізгі талабы - кең дүниетанымдық қөзқарас, толық құзыреттілік, шығармашылық әрекетке бейім тұлға. Қоғамда әсіресе, білім саласында қызмет ететін адамдар, оның ішінде мұғалімдер шығармашылықпен жұмыс жасай білулері керек деген талап қояды. Ал, ғылымның әр саласында білімнің мазмұны мен көлемі өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезінде оқушылардың білімге, пәнге қызығушылықтарын, танымдық белсенділіктерін арттыруда шығармашыл мұғалімдердің еңбегінің мәні зор.
Қазіргі кезде педагогика ғылымының үлкен мәселелерінің бірі - оқушылардың танымдық әрекетін дамыту, олардың ақыл-ой мүмкіндігін жетілдіріп, оқушыға еркіндік беру болып табылады. Баланың мектеп жасындағы кезеңінде барлық мүмкіндіктері жан-жақты үйлесімді дамыса, үлкен өмір жолына аяқ басқанда, оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан-жақты болады. Мектептегі білім берудің негізгі сипаты оқушылардың барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, өзін-өзі дамыту мен жеке қасиеттерін ашуға бағытталуда.
Қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі- өмірді, тіршілікті жақсартуға өз үлесін қоса алатын, ықпал ететін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны калыптастыру болып табылады. Осыған байланысты әрбір мұғалім оқушыға мынадай талаптар қойып, оның орындалуына ықпал ету керек. Ол талаптарға мыналар жатады:
1. Белсенділік әрекеті
2. Әлеуметтік жауапкершілігі
3. Ой-өрісінің кеңдігі
4. Сауаттылығы
5. Танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.
Жоғарыда аталған жеке тұлғаға тән қасиеттер өзінен-өзі қалыптаспайды, оған педагогикалық жағдайлар қажет.
Әрбір жеке тұлғаның танымдық белсенділігі оның қалыптасуы-үздіксіз жүретін үрдіс. Сондықтан мектептегі оқушылардың алатын білімі - болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуының негізі. Оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру - өзекті мәселелердің бірі.
Мектепте өтілетін әрбір пәнге оқушының танымдық қызығушылығын ояту, оларда белсенді ізденіс, зерттеушілік қөзқарас сияқты қасиеттерді тудырады. Оқушының пәнге қызығушылығын ояту арқылы олардың белсенді жеке шығармашылық қабілеттерін арттыруға болады. Балалардың танымдық белсенділігін арттыру мәселесінің шешімін өз бетінше табуға ұмтылуға тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндеті. Танымдық қызығушылықтың ядросы - ойлау үрдісі. Оқушылардың интеллектуалдық ойлауын, қызығушылықтарын арттыруда төмендегі жұмыс түрлерін қолдануға болады.
1. Логикалық ойлауды дамытуға арналған ойын түріндегі тапсырмалар.
2. Өз ойын еркін жеткізуге берілген ізденіс бағытындағы тапсырмалар.
3. Берілген тапсырмаларды түрлендіруге бағытталған жұмыс түрлері.
Оқушылардың дербестік қабілетін дамыту, белсенділіктерін арттыру, пән бойынша теориялық, білімдік міндеттерді шешу, ғылыми ізденістерді ұйымдастыруда тапқырлық, танымдық ойындарды пайдаланудың маңызы зор. Сабақ үрдісінде ойын әдістерін қолдану оқушылардың алған білімін одан әрі толықтыруға, түсініктерін тереңдетуге, ойлау қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді.
Ал, оқу - тәрбие үрдісінің тиімділігін көтерудің басты шарты- оқушылардың танымдық және ойлау қабілетін дамыту. Әр баланың педагогикалық - психологиялық тұрғыдан даму ерекшеліктері болады, оқу үрдісіндегі дамыту мәселесінде басты рөлді оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады. Қандай пән болса да мұғалімнің білімі, тәжірибесі, шеберлігі мол болып, сабақты сапалы өткізгенімен, оқушы тарапынан өзіндік белсенділік, әрекет болмаса, берілген теориялық білімнің нәтижесі көрінбейді.
Сол себепті оқушыны өзіндік әрекетке бағыттайтын, өз бетімен ойлануға мүмкіндік беретін танымдық ойындарды өз сабағымда үнемі пайдаланамын.
Биология пәніне қызықтыруда логикалық дамытушы ойындармен тапсырмалар құрастырып, үнемі жаңа сабақты бекіту кезеңінде қолданамын. Оқушылар ойын арқылы өз ойларын сыртқа еркін шығарып айтуына мүмкіндік береді.
Ойынды түрлендіріп құрастыру, теориялық білімнің ең түйінді жерлерін қайталау, оқушылардың оқу материалын есте жақсы сақтауына, қисынды ойларының дамуына, өзін таныту мүмкіндігіне әсер етеді. Сабаққа қандай ойын түрлері қолданылса да төмендегі талаптар орындалу керек.
1. Ойын балаларды қызықтыру керек.
2. Ойынның тәрбиелік жағына назар аудару.
3. Әр сабаққа ойынды түрлендіріп отыру.
4. Ойын шартының оқушыларға жеткілікті түсіндірілуі.
5. Ойынға оқушылардың түгел қатысуы.
Жобаның өзектілігі.
Өзіндік жұмыстар - оқытудың қазіргі кезеңдегі ең
көп қолданылатын үрдістерінің бірі. Ол берілген білім мен өзіндік ой-сананы
реттейді, оқушылардың алған білімдерінің бір-бірімен сабақтастығын бір
жүйеге келтіреді. Өзіндік жұмыстар оқушының меңгерген білімін кешенді түрде
пайдалана білуге жол ашады. Бұл мәселенің ең негізгі дидактикалық міндеті -
оқыту үрдісінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы
байланысты күшейте отырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Өзіндік жұмыстардың алдына қоятын мақсаты сан алуан. Бірі білімнің
теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, оқушылардың дүниетанымын
қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық
дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі- түрлі
мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар, өзіндік жұмыс арқылы оқушылардың оқу-
танымдық қызметі мен оқытушының оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту
мәселесі де қарастырылуы мүмкін.
Оқытуда өзіндік жұмыстарды қолдану мәселесін жүзеге асыру арқылы білім
беру үрдісінің пәндік құрылымына сүйене отырып, оқушы санасында қоршаған
ортадағы нақты құбылыстар жөнінде білім жүйелерін беру, олардың дүниенің
біртұтастығы туралы ұғымын қалыптастыру мақсаттары жүзеге асады.
Жобаның мақсаты.
Биологияны оқытуда өзіндік жұмыстарды
пайдаланудың ерекшеліктерін анықтау, маңызын айқындап беру.
Жобаның ғылыми жаңалығы:
- биологияны оқытуда өзіндік жұмыстарды пайдаланудың ғылыми - теориялық
және әдістемелік негіздері айқындалды.
- биология пәні сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарда өзіндік
жұмыстарды пайдалану теориялық тұрғыдан негізделді.
- орта мектеп биологиясын өзіндік жұмыстар көмегімен оқыту арқылы
білім мен тәрбие берудің тиімділігі дәлелденді.
Жобаның міндеттері:
• биологияны оқытудағы өзіндік жұмыстар ролін анықтау;
• биологияны оқытудағы өзіндік жұмыс түрлеріне сипаттама беру;
• тақырыпты қорытындылай отырып, тұжырымдар мен тиімді ұсыныстар жасау.
Дипломдық жобаның құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
1. 1. Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі және мәні
Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы, оқушы тұлғасын жан - жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс -әрекет ретінде қарастырады. Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық.
Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Оқушылардың белсенділік танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс - әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды [1] .
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау, тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет. Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т. б. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған.
Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және талдау негізінде төрт бағытты бөліп көрсетуге болады.
Әлеуметтік-педагогикалық бағыт ежелгі дәуірден бастау алады. Оның көрнекті өкілдеріне ежелгі грек оқымыстылары: Сократ, Платон, Аристотель баланың белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, өз бетімен білім алудағы жетістіктері өзін-өзі тәрбиелеуде маңызды екендігін, жан- жақты жетілудің әрі обьекті, әрі субьекті екендігін жан-жақты негіздеген [2] . Олардың пікірінше, белсенді ойлау адамның заттық, тәжірибелік іс-әрекетінің алғышарты болып табылады және ойлай отырып оқушы іздену арқылы өз бетімен білім алады. Өзіндік іс-әрекеті нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруде белсенділігі артады деген пікірде болды.
Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтардың талдау нысанасы болып келді. Ол Мишель Монтень, Томас Мор, Томаззо Компанелла еңбектерінде жалғасын тапты [3] . Енді баланы өз бетінше әрекет ететін, саналы, ойлы, сыншыл азамат тәрбиелеу талабы туындады. Ол үшін жаңа білімді игеруде өз бетінше жұмыс жасап, өзі таным жолына бет бұрып, таным өрісінің жаңа шеңберіне жету жолын дұрыс таңдап алуы қажет болды.
Дидактикалық - әдістемелік бағыт Я. А. Коменский еңбектерінен бастау алады. Оның «¥лы дидактика» еңбегінде жазылған дидактикалық принциптерін ұсына келіп, оқушылар өз бетінше істейтін белсенді әрекетін ұйымдастыру және оқыту, мұғалім мен оқушының әрекетін талдау мәселелерін қарастырады. Бұл бағыт бірнеше ғасырлар бойы жалғасын тауып, одан әрі дамыды. Бұл Ж. Ж. Руссоның, И. Г. Песталоццидің, А. Дистервергтің еңбектерінде дами түсті [4] .
Психологиялық-дидактикалық бағыт К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин еңбектерінен бастау алады. Оқушылардың өзіндік әрекеті тек қана оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдары төңірегінде ғана емес, сондай-ақ зерттеу нысаны ретінде танылуымен сипатталады.
К. Д. Ушинский танымдық әрекет мәселесіне мән беріп, "өзіндік жұмыс -оқытуды жетістікке жеткізудің бірден-бір жолы" деп есептеді [5] . Осы жұмыстың нәтижесіне жету үшін мұғалім мен оқушының оқу үрдісіндегі еңбегін дұрыс бөлуі деп түсіндірді. К. Д. Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет оқушылардың өзіндік жұмысына философиялық және психологиялық-педагогикалық тұрғыда талдау жасайды.
Ы. Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, ой -әрекетін жаттықтыруда мұғалімнің ролін жоғары бағалады. Ал К. Д. Ушинский мұғалімнің ролін ескере отырып, ол оқушының белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу, көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. К. Д. Ушинскийдің пікірін П. Ф. Каптерев одан әрі дамытты, оның пікірінше, сабақта мұғалім бағыттаушы ғана, ал оқушының білімді игеруі өзіндік ішкі мүмкіндіктеріне байланыстылығын атап көрсетті. Бұл бағытта П. Ф. Каптерев, А. П. Вахтеров, Ы. Алтынсариннің және т. б. педагогикалық ойларын жатқызуға болады. В. П. Вахтеров оқушының оқу танымдық белсенділігін арттыратын әдіс-тәсілдерді көрсетіп көптеген эксперименттер жүргізді [6] .
Жаңашыл педагогикалық бағыт. Қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі өзгерістермен айқындалады. Қоғамдағы оқу ағарту, білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқу үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады. Оқытудың жаңа технологиясы (инноватика, танымдық белсенділікті дамыту, модуль жүйесі, саралап, көп деңгейлік негізде, мультимедия жүйесін қолдану т. б) озат зерттеушілер, жаңашыл педагогтар идеясы орта мектеп жағдайындағы білім берудің қызметіне жаңаша сипат әкелді.
Танымдық іс-әрекет, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық мәселелері жөнінде оқу - әдістемелік, психология - педагогикалық әдебиеттерге ғылыми зерттеулерге шолу жасау барысында танылған жаңашыл педагогикалық бағытты бөліп көрсетуге болады. Ю. К. Бабанский білім беруді оңтайландыру жүйесін ұсынса, М. А. Данилов пен Б. П. Есипов оқушының танымдық міндеттерін шешуде танымдық белсенділікті қалыптастыратын оқыту әдістерінің дидактикалық тұрғыдағы классификациясын жасады [7] .
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын танымдық әрекетін дамытуда проблемалық оқытудың маңызын В. И. Зазвязинский, М. И. Махмутов, Ж. Б. Қоянбаев, А. А. Бейсенбаева атап көрсеткен.
Оқушының оқу - танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін арттырудың тиімді қүралдарының бірі - оқушының өзіндік, өздігінен білім алу әрекеті жайлы Т. С. Сабыров, М. А. Құдайқұлов, Р. С. Омарованың еңбектері маңызды. Оқушылардың оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде А. Н. Ильясова, Н. Д. Хмель, С. А. Ұзақбаева, О. С. Сыздықова, Р. Н. Төлеубаева, Б. И. Мұханова, М. С. Молдабекова т. б. еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Танымдық әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл - амалдарынан тұрады. Танымдық белсенділікті бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым, оның алуан қырлы сипатын айқын көреміз.
Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын болудан, ұмтылыстан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады [8] .
1. 2. Оқушылардың өзіндік жұмыстары
Оқушының оқу әрекетіндегі өзін-өзі басқару мен басқаруды ұйымдастыру, оқыту процесін моделдеудің психологиялық-педагогикалық және дидактикалық мәселелері бойынша бірқатар ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты талқыланып келеді. Оқушының білім алу процесіндегі өзіндік пікірі мен ой-жүйесінің негізі бастауыш сатыда қаланатыны белгілі.
Жаңа 12 жылдық білім беру жүйесіндегі білім нәтижесі ретіндегі негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру мәселесі осы оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың ұтымды жолдарын іздестіруді меңзейді. Ол оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне қарай педагогикалық-психологиялық негіздеуді қажет етеді. Сондықтан оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздестіру мәселесі білім беру жүйесінің барлық кезеңдерін қамтиды.
Еліміздің беру жүйесіндегі білім мазмұнын жаңғырту процесі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға түбірлі өзгерістер әкелуде [9] . Солардың ішінде оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруына жағдай жасау мектептің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Жалпы оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Дегенмен, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға үйрету тәсілдері бүгінгі күнге дейін өзектілігімен ерекшеленеді.
Баланың өсу кезеңдеріне сай дамуындағы өзгерістер оның өзіндік іс-әрекетіне тікелей байланысты. Бала қоршаған ортаның ықпалымен өзінің іс-қимылын өзгертіп отырады. Айналасындағы үлкендердің, құрбыларының іс-әрекетіне қарап, қызығушылығын да танытып жатады. Сондай-ақ өзінің қарым-қатынасына назар аударуды олардан талап етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің жалпыұлттық деңгейдегі басты мақсаты - Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуға дайын, құрзыретті тұлғаны қалыптастырауға ықпал ету. Білім берудің әлемдік озық тәжірибелерге сүйеніп әзірленген оқытуда мектеп түлегінен күтілетін нәтиже негізгі құрыреттіліктердің қалыптасуымен айқындалады.
Құзыреттілік - оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Бұл оқушының оқу-танымдық әрекетіндегі өзіндік қызметін анықтауына, өзінің бағдары мен өз іс-әрекетіне баға беруіне, іс-әрекет нәтижесін өзгемен салыстыруға мүмкіндік туғызады.
Әрине, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру, оған басшылық жасау - мұғалім үшін жауапты да, күрделі жұмыс [10] . Оқушының өзіндік әрекетке белсенділігін арттыруға баулу әрбір мұғалімнің алғашқы міндеттерінің біріне айналуы тиіс.
Оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық, әдістемелік негіздері білім беру жүйесінің барлық кезеңдерінде қарастырылады.
Жаңа заман жаңа адамын талап ететін болса, ол адамның өмір сүру тәсілі өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуінен бастау алады. Ол жас кезеңдеріне сәйкес өзгеріп, қалыптасып, жаңарып отырады. Сондықтан баланы өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуге баулу өз бетімен өмір сүруге даярлаудың алғышарты болып табылады.
Бүгінгі күні жалпы орта білім беретін мектеп тәжірибесіне ене бастаған зерттеушілік оқыту технологиясы оқушының өзіндік әрекетін ұйымдастыруына негіз болатын, өзіндік ізденіс қабілетін ашатын бірден-бір әдістемелік жол болып табылады [11] . Оқушының танымдық қызғушылығын арттыра отырып, өзінің әрекетін жоспарлауға, нәтижесіне жету жолдарын бағдарлауға мүмкіндік туғыза отырып, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына жағдай жасайды.
1. 3. Биология пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру амалдарының бірі болып түрлі өзіндік зерттеу жұмыстарын қолдану болып табылады.
Сабақ үстінде және сабақтан тыс мезгілде жүргізілген өзіндік жұмыс оқушылардың байқампаздығын, шығармашылыққа ұмтылысын, тірі ағзалар туралы оқып үйрену бағытындағы мақсатты жұмыстарды жүргізу дағдылары мен біліктерін қалыптастырады.
Өзіндік зерттеу жұмыстарының түрлерін таңдап алғанда, оның көлемі мен мазмұнын анықтағанда дидактиканың негізгі принциптерін басшылыққа алу керек. Қазіргі кезеңде мынадай дидактикалық принциптердің маңызы ерекше зор:
- оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың бірлігі принципі; ғылымилық және жүйелілік, оқушылардың оқудағы саналылығы мен шығармашылық белсенділігі принципі; көрнекілік, білімдерді меңгерудің, шеберліктер мен дағдылардың беріктігі принципі;
- сыныптың коллективтік жұмысы жағдайларындағы оқушыларға саралап қарау (дифференциалдық) принципі, қиындықтардың жоғары дәрежесінде оқыту принципі, дамып отыратын оқыту принципі [12] .
Өзіндік жұмыстарды басқарғанда осы принциптерді қолданудың келесі
ерекшеліктері бар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz