Көмірсу қызметі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

С . С ейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

Биохимия пәні

Реферат

Тақырыбы: Көмірсу

Орындаған: Мұхамбет Али Маратбекұлы

Тобы: 21-03

Қабылдаған: Мақсұтбекова Гүлжанат Тілеубаевна

Астана-2022ж

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Көмірсу туралы жалпы түсінік

2. Көмірсу қызметі

3. Көмірсу адам өмірінде маңызы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Көмірсулар - химиялық құрамы Сm(H2O) n яғни көмірсутек+су, аты осыдан шыққан формуласымен өрнектелетін табиғи органикалық қосылыстар класы. Көмірсулар - химиялық құрамына қарай үлкен екі топқа бөлінеді: мономерлік көмірсулар немесе моносахаридтер және полимерлік. Көмірсулар - молекуладағы моносахаридтік қалдық санына байланысты олигосахаридтер мен полисахаридтерге бөлінетін Моносахаридтердің конденсация өнімдері. Ашық түрдегі моносахаридтердің типтік формалары: альдоза үшін СН2ОН(СНОН) nСНО; кетоза үшін СН2ОН(СНОН) nСОСН2ОН, мұндағы n>1

. Моносахаридтердің көп бөлігінде тармақталмаған көміртектік тізбекпен біральдегидтік (альдозалық) немесе кетондық (кетозалық) топ болады. Тізбектеп көміртек атомының санына орай моносахаридтер тетрозаға (С4), пентозаға (С5), гексозаға (С6), т. б. бөлінеді. Кейде кетоза атауына "ул" жұрнағы жалғанады (мысалы, пентулоза, гептулоза, нонулоза, т. б. ) . Моносахаридтерде көміртектің асимметриялық атомдары болады және оптик. белсенді стереоизомерлер түзіледі. Көмірсулар табиғи көзден алынады. Барлық тірі организмнің құрамында болады. Көмірсулар тамақ (глюкоза, крахмал, пектиндік заттар), тоқыма және қағаз (целлюлоза) өнеркәсіптерінде, микробиологияда (Көмірсуларды ашы-ту арқылы спирт қышқылдар, т. б. алу) қолданылады, медицинада дәрі-дәрмек жасау үшін пайдаланылады. Фотосинтез нәтижесінде атмосферадағы су мен көмір қышқыл газынан түзілетін көмірсулар табиғи айналымда болады.

Көмірсулар туралы жалпы түсінік

Көмірсулар деп аталуы, олардың алғашқы зерттелген өкілдері /С 6 Н 12 О 6 / су мен көміртек атомынан құралған тәрізді. Жалпы формуласы : С n /H 2 O/ n . Тарихы аты сол уақыттардан бері сақталып отыр.

К. А. Тимирязев өсімдіктердің жасыл жапырағында ауадан алынатын көмірқышқыл газы мен тамыр арқылы келетін судан күрделі органикалық заттардың құралатынын, осы процесс кезінде ауаға өсімдіктерден оттегінің бөлініп шығатынын дәлелдеді. Бұл процесті фотосинтез /”фото” - сәуле, “синтез” - жинау фотосинтез процесінің мәні химиялық мынандай процестермен өрнектеледі :

6СО 2 +6Н 2 О жарық энергиясы С 6 Н 12 О 6 + 6О 2

хлорофилл Глюкоза

Көмірсулар табиғатта кең таралған, олардың үлесіне өсімдіктердің 80-90% құрғақ заттары, ал жануарлардың 1-2 % құрғақ заттары жатады.

Көмірсулардың маңызы көп қырлы. Олар өсімдік клеткаларының негізін құрайды және қоректік заттардың қоры /крахмал/ түрінде жиналады. Жануар мен адам организмінде көмірсулар химиялық энергияның ең басты көзі болып табылады. Жануар организмінің тканьдерінде гликоген түрінде қор болып жиналады.

Біз ішетін тағамдардың ағзамызға қажет маңызды құрамдас бөліктерінің бірі - көмірсулар. Олардың 400- 500 грамы адамның тәулікте ішетін асының жартысынан көбірегімен, яғни 1600-2000 калориямен қамтамасыз етеді. Соңғы кезде ғалымдар семіруге тек майлы тамақ қана емес, сонымен қатар көмірсулары мол тамақ та себеп болады деген пікірге келіп жүр.

Дене еңбегімен шұғылданбайтын адамға шамамен тәулігіне 300-350 грамм көмірсу қажет. Егер адам бұл шамадан көбірек жесе, семіріп кетуі мүмкін.

Қантты көп жеу қантты диабетке ғана емес, атеросклероз бен жүрек қан тамырлары сырқаттарына әкеліп соқтыра алады. Онша көп күш жұмсамайтын адам тәтті тағамдарды шамадан көбірек жесе, тек қанттан ғана емес, крахмалдан да ағзасында артық заттар жинала бастайды.

Артық желінген қант зат алмасуын бұзып, қандағы холестериннің мөлшерін арттырады, ішектегі микробтардың витаминдерді, әсіресе организмге қажет В12 витаминін синтездеу қабілетін төмендетеді. Көптеген зертханаларда жүргізілген бақылауларға қарағанда, адамның қанында қант ұзақ уақыт бойы сақталып, адам ағзасы оны уақытында сіңіруге үлгермейді екен.

Осы жағдайлардың бәрін ескерген шетелдік зерттеушілердің барлығы да қантты шамадан тыс жеуге қарсы. Қантты жемеу керек дегенді әсіресе егде, семіз адамдарға айтқан дұрыс.

Диета ұстанушыларға қантты тағамдарды, кәдімгі тазартылған шақпақ қантты, тәтті бәліштерді жемеу керек. Егде және аз қимылдайтын адамдардың тәулігіне қантты 50 грамнан асырмағаны жөн. Одан да, тәтті жеміс-жидек пен табиғи өнімдерді жегеніңіз дұрыс. 200 гр алма, алмұрт немесе жүзімде 15 гр фруктоза, тек 2% ғана сахароза болады екен.

Ал фруктоза мен лактоза қанттары кездесетін жеміс-жидектер, сүт кез келген адамға пайдалы. Жұғымды тағамда крахмал мен қантты дұрыс шамаластырып отырудың маңызы зор. Дене еңбегімен шұғылданбайтын, есейген және егде адамдарға көмірсудың жалпы мөлшерінде қант 17%-дан аспауы қажет. Ал балалар мен жасөспірімдер тамағында қанттың 25%-ға дейін болғаны жөн.

Қанттың адамға қажеті кәдімгі тағам ретінде пайдаланылатын қант адам организмінің қалыпты тіршілік етуіне бірден-бір қажетті химиялық заттар - қанттармен углеводтар (көмірсулар) тобына жататын қоспалар.

Қант күрделі және қарапайым болып екі топқа бөлінеді. Күрделісі - крахмал, лактоза, сахароза, қарапайымы- глюкоза, фрукоза.

2. Көмірсу қызметі

Ферменттердің казіргі кезде қолданылып жүрген атауларын Халықаралық биохимиялық одактын, комиссиясы 1961 жылы бекіткен болатын.

Фермент атаулары екі түрлі: жүйелік (рационалды) атау және тривиалдык (жұмысшы, іскерлік атау) . Ферменттердің жүйелік атаулары айтарлықтай күрделі, бірак ол реакцияға кірісетін субстрат және фермент катализдейтін химиялық реакция женінде толык мәлімет береді.

Бұл атаулар әдетте ғылыми әдебиеттерде колданылады. Жүйелік атау бойынша әр ферменттің нөмірі (шифры) болады, ол торт саннан түрады және бұл сандардыц арасы нүктемен бөлінген. Бірінші сан ферменттің класын білдіреді, екінші сан класс тармағын, үшінші сан-класс тармағы бөлігін, төртінші сан өз катарындағы рет санын көрсетеді. Ферменттердің шифрындағы әрбір сан бір-бірінен нүктемен бөлінеді.

Ферменттердің тривиальдык атаулары кыска да қолдануға ыңғайлы. Мысалы, бір ферменттің жүйелік атауы : АТФ: глюкоза-6-фосфотрансфераза. Ал осы ферменттің тривиальдык атауы глюкокиназа (гексокиназа) . Біз бұл кітапта ферменттердің тривиальдык атауын колданамыз. Тривиальдык атаулар негізінен екі жолмен пайда болады:

1) фермент эсер ететін субстрат атауына «аза» жүрнағы қосылады. Мысалы, мальтозаны ыдыратып, глкжозаның екі молекуласына айналдыратын фермент мальтаза деп аталады;

2) фермент катализдейтін реакция атауына «аза» қосып алуды катализдейтін фермент гидролаза деп аталады, субстраттың сутексізденуін жүргізетін фермент дегидрогеназа деп, химиялық топтарды тасымалдайтын ферментті трансфераза деп атайды. Кейбір ферменттердің тарихи қалыптасқан атаулары бар.

Мысалы: пепсин, трипсин, папаин, эластаза т. б. Өздері катализдейтін реакциялар түріне байланысты ферменттер 6 класқа бөлінеді.

  1. Оксидоредуктазалар
  2. Трансферазалар
  3. Гидролазалар
  4. Лиазалар
  5. Изомеразалар
  6. Лигазалар (синтетазалар)
  7. Оксидоредуктазалар

Изомеразалар. Органикалық заттардың изомерлік өзгерістерін катализдейді. Атомдардың, атом топтарының, фосфор қышқылы қалдықтары мен әр түрлі радикалдардың молекула ішілік орын ауыстыруы салдарынан изомерлеу процесі өтеді. Мысалы, альдегидтердің өзара кетонға, цисформаның транс-формаға айналуы және керісінше. Егер изомерлеу топтары молекуланың ішінде ғана орын ауыстырумен жүрсе, бұл кезде фермент мутаза деп аталады.

Ал инверсия ассиметриялық топтарда өтсе фермент рацемаза немесе эпимераза делінеді. Изомерлеу процесіне көбінесе комірсулары, амин қышқылдары мен органикалык кышқылдар ұшырайды. Изомеразаларға: фосфатизомераза, триозофосфатизомераза, ретиненизомераза, рибулозо-5-фосфатэпимераза және т. б. жатады.

3. Ферменттердің негізгі қасиеттері

Ферменттер өз әсерін өте аз мөлшерде катализаторға ұқсас жүргізеді. Фермент өзінің әсер етуші заты - субстратпен (S) ферменттік реакция жүргенде фермент-субстраттық кешен (аралық зат) түзеді. Бұл кешеннің қызметі өте күрделі, ол субстрат пен фермент молекулалары конформациясы мен энергиясын және химиялық байланыстарын өзгертеді. Реакция өткен соң фермент-субстраттық кешен жаңа қалыпқа ауысып, фермент-реакция өнімі кешеніне айналады. Содан кейін ол фермент және реакция өніміне (Р) жекеленіп бөлінеді:

S + E → S·E → EP → E + P

Ферменттердің катализдік ерекшелігіне келесі қасиеттері жатқызылады:

  1. Барлық ферменттер глобулярлы нәруыз болып табылады.
  2. Ферменттер жайында ақпарат, басқа да нәруыздар секілді ДНҚ-да сақталған.
  3. Фермент өздігінен жаңа реакция жүргізбейді. Ол тек термодинамикалық мүмкін реакцияны ғана жүргізеді. Реакция барысында активтендіру энергиясы төмендейді. Реакцияның үлкен кедергі энергиясын сатылап бөліп, төмендету және активтендіру энергиясын жоғарлату арқылы реакция жылдамдығын жоғарлатады.
  4. Фермент басталған реакцияның бағытын өз бетінше өзгерте алмайды. Ол бір ғана реакция өнімі түзілуі бағытында жұмыс істейді. Мысалы, глюкокиназа глюкозадан тек глюкоза-6-фосфат түзілуін жүргізеді.
  5. Фермент қатысатын реакция қайтымды болса, ол реакцияны екі бағытта да жүргізе алады. Мысалы, көмірсулардың гликолиздік ыдырауына қатысатын фосфогексо-изомераза, альдолаза, фосфоглицерат-киназа, фосфоглицератлидаза және т. б.
  6. Ферменттің активтілігі pH ортаға, температураға және субстрактың концентрациясына байланысты өзгереді.
  7. Ферменттер катализдік реакция энергиясының белсенділігін түсіреді.

Ферменттер катализдейтін химиялық реакциялар түріне қарай 6 классқа бөлінеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам және жануарлар ағзасындағы көмірсулар мен ферменттік жүйелері. Олардың құрылысы, жіктелуі, ферменттік реакциялардың механизімі
Мектеп оқушыларының тамақтану гигиенасы
Сүті белок
Көмірсулар алмасуы
Зат алмасуы мен оның жас ерекшелігі
Зат алмасуы туралы жалпы түсініктеме
Май мен көмірсуының алмасуы
Баланың ас қорыту жүйесі. Ас қорыту мүшелері және олардың қызметін зерттеу әдістері
Бейорганикалық заттың алмасуы
Зат және энергия алмасулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz