Қазақстан Республикасында жер меншігі құқығының түсінігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім.
1.1.Жер қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2.Жер қатынастарының мемлекеттегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3.Жер қатынастарының даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .10
1.4.Жер қатынастарын пайдаланудың нормативтік-құқықтық негізі ... ... ... ..11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Кіріспе
Бұл практикалық сабақта жер қатынастарымен оларды жетілдіру әдістерімен жер қатынастарының негізгі тарихы сонымен қатар жер қатынастарының мемлекеттегі экономикалық саяси рольі туралы қорғаймын.Жер қатынастарын толықтырып оның сипатын ашу және оны практикалық сабақта толығымен жеткізу осы практикалық сабақтың негізгі мақсаты болып табылады.Жер қатынастарының ерекшеліктерін атап айтуда құрылған жоспарда көрсетеліген. Дәрістер жинағында жер қатынастарының тарихи даму негіздері, жер қорының жағдайы мен сипаттамасы туралы айтылады. Жер кадастырының мақсаттары мен принциптері, мазмұны және жерді кадастрлық есепке алу, бағалау, жер учаскелерін мемлекеттік тіркеуді жүргізу баяндалған. Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі ААЖ құрылуының негіздері, жер учаскелерімен операциялар жүргізу әдістері берілген.Нарықтық жағдайда жер учаскелерін жылжымайтын мүліктің біріккен объектілерімен бірге бағалау әдістері негізгі мақсаттары мен міндеттері және де мазмұны баяндалған. Кіріспе бөлімде негізгі сабақ барысы жұмыс барысы айтылған және кіріспе бөлім жұмыстардың бастапқы қадамы болып табылады және кіріспе бөлім жұмыстың тәртібін және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді.

1.1.Жер қатынастары
Бірінші кезекте берілген жоспарға сәйкес жер қатынастарының толық сипаттамасын беру керек деп есептеймін яғни бірінші жер қатынастарының толық сипаттамасын ашу ол жоспардың бірінші қадамы.
Жер қатынастары - бұл жерде иемдену,пайдалану және басқару бойынша тұлғалар арасында туындайтын қатынастардың жиынтығы.Оған меншік пен шаруашылық жүргізу формасы, жер нарығы, жер бағасы,рента,жерге салық салу, аренда, жер пайдалану мен жер ресурстарын басқару мәселелері кіреді.Кейбір әдебиеттерде жер қатынастарының негізін меншік, иелік ету, пайдалану ктегориялары арқылы қарастыру орын алып, басқару экономикалық категория емес, меншік иесінін ерікті субьективті іс-әрекеті ретінде көрінеді. Жер қатынастары жүйесінде әлемде жер учаскелері меншік обьектісіне қарағанда - шаруашылық жүргізу обьектісі ретінде тартымды болып отыр.Сондықтан көптеген елдерде ең бастысы - жерге меншік формалары емес, жерді иемденушілер мен пайдаланушылардың міндеттемелері мен құқықтары.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Жер туралы Заңына сәйкес жеке меншікте қосалқы шаруашылық, бақша, тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелері беріле алады. Үкіметпен нормаға сәйкес жер учаскелері қайтарымсыз негізде меншікке беріледі. Ал нормадан асқан жер учаскелері белгілі бір төлем ақыға беріледі.Бүгінгі күні мұндай жерге меншік иелері қалыптасқан, олар 4 млн-нан асады және 600 мың та астам жерді иемденіп отыр.Жеке меншіктегі жер учаскелері барлық нарықтық келісімдердің объектісі бола алады.Жер учаскелерінің меншік иелері екінші нарықта келісімді баға бойынша оларды сата, кепілге беру, сыйлауға, жарна ретінде шаруашылық жүргізуші субъектінің жарғылық қорына енгізе, басқа да заңмен белгіленген келісімдерді жүргізе алады.Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жерді пайдалану құқығы сондай-ақ барлық жоғарыда аталған келісімдерге қатысу объектісі болып табылады.
Ауыл шаруашылық бағытындағы жерлерді жер пайдаланушыларға беру мәні бойынша нарықтық қатынастар қалыптасуының алғашқы кезеңінің аяқталуын білдіреді. Бұған қоса қалыптасқан жерді пайдаланушы заңды және жеке тұлғалар арасында жер қатынастарымен байланысты екінші реттік жер нарығының қалыптасуы маңызды болып табылады.Негізінен бұл процесс жер үлестері мен жерді пайдалану құқығын сатып алу түрінде жүреді.Оның ауқымы арендалық қатынастар шеңберінде әлі де қомақты емес. Оның себептері терең экономикалық талдауды талап етеді.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерді пайдаланушылар қазірті уақытта өздерінің қалауы бойынша жерді пайдалану және иемдену құқығына ие.Жер учаскелері несиелік қарым-қатынастарда жағымды экономикалық роль ойнайды, бұл ауыл шаруашылық кәсіпорындарының экономикасын сауықтырудың маңызды тетігіне айналып отыр.Осыған байланысты ренталық төлемдер, яғни салық салу, аренда төлемі, залогтық операциялар және т.б. оңтайлы жүргізудің негізі ретінде ауыл шаруашылық жерлеріне нормативтіқ баға белгілеу әдістемесін жетілдіру мәселесін қояды.Әлемдік тәжірибеде бұл мәселе жүздеген жылдар бойы шешіліп келді.Біздің елімізде нормативтік баға белгілеудің қүрделілігі тиісті деңгейде нормативті өндірістіқ шығындар факторы, жер рентасы, өндіріс рентабельділігі ескерілметендігімен байланысты.Бұл жерде уақыт факторы мен шектеулі ақпараттық база факторын айта кеткен жөн.Бұған қоса ол кез жер нарығының алғашқы қалыптасу кезеңі болатын.Осылайша, жер нарығын дамытудың негізгі факторларының бірі жерге негізделген нормативті төлем тағайындау болып табылады.
Жер қатынастары қоғамның экономикалық құрамын қалыптастыратын өндірістік қатынастар жүйесінің негізгі бөлшегі болып табылады.Жер меншігі , жер иелену және жер пайдалану формалары әрқашанда олардың негізі ретінде болады.Жер қатынастары бүкіл өндірістік қатынастарымен және өндіргіш күштерімен бірге дамиды.Мысалы, егіншілікте қуатты тракторлар мен күрделі ауылшаруашылық техниканың қолданылуы өндірістік қатынастары мен жер қатынастарын елеулі түрде өзгертіп жібереді. Бұндай жағдайда өндірісті шоғырландыру, егіншілікте кооперацияны пайдалану, соған сабепті жер пайдаланушылықтар мен жер иеленушіліктердің аудандарын ұлғайту қажеттілігі туындайды.Осының нәтижесінде белгілі бір мөлшерде егіншілік еңбегінің өнімділігі де арта түседі.
Жер шаруашылық құндылығының өсуіне, жер құқығының бірте-бірте дамуына қарай межелеу қажеттілігі пайда болады, ал соңғысы уақыт өте бара күрделі жерге орналастыру шаралары кешеніне айналды.Жер қатынастарының күрделене түсуіне сәйкес, жерді экономикалық және экологиялық тұрғыдан пайдалану мақсатымен, оларды реттеуге қолданылатын жерге орналастыру іс-қимылдары да сан алуан формаларына ие болады Жер қоғам өміріне қажетті материалдық жағдайлар арасында негізгі орын алады., ол экономикалық қызметтің барлық аясында маңызды функциялар орындайды. Ауылшаруашылығында жер өндіріс процесінің басты бөлігі , ал басқа ортада - әлеуметтік қызметтің өндірістік және кеңістік базисі .
Жер қатынастары адам қоғамымен байланысты болғандықтан , қоғамдық, соның ішінде өндірістік қатынастар жүйесінде ерекше орын алады.Бұл жер қатынастары объектісінің бірегейлігімен түсіндіріледі.Жердің басқа өндірістік қатынастардың объектілерінен айырмашылығы - ол адам қоғамының тіршілік әрекетін бүкіл оның тарихы бойында көп жақтан қамтамасыз ететін қоғамдық ұдайы өндірістің бірегей, жан-жақты факторы болады.Бұл бірегейлік төмендегідей негізгі фоормаларда көрінеді.: жер өндірістік қызметтің және әрбір адамның өмір сүруінің кеңістіктік базисі., ол басқа да табиғи ресурстар мен пайдалы қазбалардың табиғи қоймасының , мемлекеттік аумақтық негізгі , ал экономикалық тұрғыда алдымен ауылшаруашылығында өндірістің базалық салаларында еңбектің заты және құралы болып табылады.Қоғамдық ұдайы өндірістің факторы ретінде жердің бірегейлік сипаттамасы табиғат-қоғам-адам жүйесінде оның ерекше ролін айқындайды.Жер адам өмір сүретін бірден - бір орын , адам өмірінің негізі болып табылады, оның қажеттіліктерін өтейді.Осының салдарынан көп елдерде жер жалпы ұлттық игілік ретінде қарастырылады.Жер қатынастарының мәселелерін зерттеушілердің көбісі жер меншігінің мемлекеттік, жеке және басқада формаларына негізделген қазіргі кездегі әлемнің бүкіл елдеріндегі жер қатынастары мемлекетпен реттелетінін айтады.Бұдан мемлекеттің дамуында жер қатынастарын , соның ішінде жерге жеке меншікті реттеу мейілінше қатаң бола түсетінін байқауға болады.Яғни жер қатынастарын эволюциялау процесінде , ең алдымен жерді бірегей табиғи ресурсы және табиғи ортаны маңызды құраушы ретінде сақөтауда бүкіл қоғам игілігі үшін жеке меншік иелерінің құқығын шектей түседіЖер қатынастарын бұлай дамытудың басты нәтижесі ауылшаруашылығындағы жерге жеке меншіктің абсолюттік сипатын мойындаудан бас тарту болып табылады.Нарықтық қатынастар жағдайында жердің жеке меншіктік қатынастарын мемлекеттік реттеу меншік иесінің мінез-құлық бостандығына сай келу керек.
Қазақстан Республикасында жер меншігі құқығының түсінігі.Меншік құқығы көптеген құқық салаларының орталық институты болоып табылады.Нарық қатынастарының дамуы мен жерді азаматтық айналымға тарту мен жерге жеке меншік құқығын қалыптастырумен байланысты.Жер құқығындағы бұл институттың маңыздылығы өсе түсуде. Адамның өмір сүруіне қажетті бүкіл материалдық игіліктердің пайда болуының бірден-бір қайнар көзі - қоғамдық өндірістер.Бірақ жер және басқа табиғи ресурстар өзіне тән бірегей ерекшеліктерді иеленеді.Сонымен , жер адам еңбегінің өнімі емес , табиғаттың өзінің бөлігі.Жер бедері адам қажеттіліктеріне байланысты қолдан үлкейтіле алмайды.Табиғаттан материалдық игіліктерді алу үшін адамдар бір-бірімен қатынасқа түседі Бұл қатынастардың мәнділігі материалдық игіліктерді иеленуден тұрады. Жерге меншіктілік бұл бір адамның сол объектіге үстемдік етіп, оған екінші бір адамның араласа алмауынан байқалатын қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрі.Жер меншігінің барлық формалары үшін құқықтылық бірдей болғанымен мазмұны мен көлемі әртүрлі.Қазақстан республикасында жерге мемлекеттік және жеке меншік бірдей қорғалады. Меншік құқығының субъектіліері:Республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі - Қазақстан Республикасы: жер учаскілеріне жеке меншік құқығының субъектісі- азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар.
Республикада жеке меншіктіжүргізуден жер меншігі құқығының объектісінде өзгерістер болды.Мемлекеттік меншік объектісі 1995 жылдан жеке меншіктегі жер учаскелері мен бірге Республиканың жер қоры болып табылады.Жерді иелену - заңда негізделген Қазақстанның жер учаскелерін немесе жер қорының белгілі бөлігін иелену мүмкіндігі.Жерді заңға сәйкес меншік иесінен басқа адам да пайдалана алады.Керісінше жағдайда жерді иелену өз еркімен жерді алу немесе өз еркімен беру болып саналады да заң бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін.Меншік иесі кез- келген жерге қоя алатын мүлікті иеленуден жерге иелік етудің айырмашылығы - жердің орнын ауыстыру мүмкін болмағандықтан белгілі жағдайларды қажет етеді.Жерді иелену жоспарда жер учаскелерінің шекарасы бекітілген жерге орналастыру жобаларын әкеліп, жер учаскесіне құқықты тіркеуді жүргізу, рәсімдеу және куәландырушы құжаттарды беру жолымен жүзеге асады.Жерді пайдалану құқығы - заңмен рұқсат етілетін жерді шаруашылыққа және басқаға қолдану мүмкіндігі , оның пайдалы жақтарын алу және қоғам қажеттілігін өтеу мақсатында пайдалану.
Бұл құқық екі негізгі формада көрінеді:
-Іске асыруға жол беретін тәсіл және жер учаскелерін пайдалану бойынша меншік иесі мен пайдаланушы құқығы;
-Құрылыс , мелиорация жүргізу жолымен жерде еркін шаруашылық жасау формасы.Жерді иелену құқығы - бұл жердің және жеке меншік иесінің заңды жағдайын анықтауда, заңнамалық актілер тиым салмайтын келісімдер жасауда.Заңмен рұқсат етілетін мемлекеттіңғ мүмкіндігі.Жалға алушының бұған құқығы тіптен жоқ, немесе меншік иесінің келісімімен тек шектелген түрде ғана иеленеді.

1.2.Жер қатынастарының мемлекеттегі рөлі
Жер ол кез келген мемлекеттік іргесі оның ең қымбат құндылығы болып табылады.Жер-мемлекеттік тірегі сонымен қатар жер мемлекеттің қай жағынан алсақта негізгі әсер етуші фактор болып табылады.Бірінші экономикалық фактор деп алсақ,жер ол өндіріс көзі,кез келген өндіріс мемлекеттік жерде орналасады сонымен қатар біздің еліміз шикізат тасылмалдайтын мемлекет болған соң шикізат негізгі экономикалық күш болып табылады ал сол шикізаттың барлығы сол жерден болып табылады.Саяси тұрғыдан қарасақ жер ол бір мемлекеттің басқа мемлекеттік қатты қорғайтын стратегиялық объект. Екінші тақырыпқа байланысты жердің мемлекеттік нормада жүргізілу тәртәбі сонымен қатар үлкен бөлімі жер кадарстырының жүргізілу тәртібімен танысқан дұрыс деп ойлаймын Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын енгізу мемлекеттік орган, жеке азамат және заңды тұлғаларды жер және жеке жер телімі жайлы ақпаратымен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Кадастрды жасау кезінде мемлекеттік жүйеде бірыңғай өлшем, картографиялық сызбалар, нақты белгіленген нұсқауға сәйкес жасалған ақпараттарды қолдану принципі сақталынады және пайдаланылады. Кадастрлық деректерді жүргізу және сақтаудың негізгі өлшемі - белгіленген шекарасы бар немесе заңды түрде бекітілген жер телімі болып саналады. Әр жер телімінің кадастрында оның қайда орналасқаны, өлшемі, құны сипатталып жазылады. Мұндай мәліметтер жер телімінің жердің кадастрының картасындағы нөміріне сәйкес орналасуы, шекарасы мәтін түрінде сипатталады.
Ақпарат жүйесі топографиялық - геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерді есепке алу, топырақ, геоботаникалық зерттеу, құндылығын бағалау және тағы басқа жұмыстары негізінде құрылады.
Бұл жүйе сатылы ауданда әкімшіліктен бастап жер телімі меншік иесі жеке тұлға, заңды тұлға немесе мемлекеттік тағы басқа түрімен, заңды түрде атқарушы орган шешімі мен акт арқылы және пайдалану мақсаттылығы, құны көрсетіле отырып дерек көзіне енеді. Бұл мәлімет аудан, облыс, ҚР бойынша бір жүйеге енгізіледі. Мемлекеттік жер кадастрын орталықтағы өкілетті орган - ҚР Жер ресурсын басқару комитет жүргізеді. Бұл жұмыс бюджет қаражаты арқылы жүзеге асырылады. Комитет жергілікті өкілеттері бойынша бірыңғай жүйені түзеді. Жер қатынастарының тағы мемлекеттік аса маңызды бөлігі ол субъектілері мен объектілері болып табылады осы ұғымдарға түсіктіме беру арқылы біз үлкен бір бөлімді түсіне аламыз
Қазақстан Республикасының Жер кодексі жер қатынастары объектісінің анықтамасын қарастырады, оған сəйкес жер қатынастарының объектісі дегеніміз Қазақстан Республикасының аумағының шегіндегі бүкіл жер, онда не орналасқанына жəне олардың жекелеген субъектілерге бекітіліп берілуінің құқықтық негіздеріне қарамастан жекелеген жер учаскелері, сондай-ақ жер учаскелері мен жер үлестеріне құқықтар (ҚР ЖК 12-бабының 22-тармағы).Бұл анықтамада жер қатынастары жер құқығы қатынастары ретінде қарастырылған, себебі, оларда жер мен жер учаскелерінің құқықтық жағдайы жəне олардың жекелеген субъектілерге бекітіліп берілуі, жер пайдалану құқығы жəне жер үлестері көрініс табады.Жоғарыда біз атап өткеніміздей, жер барлық жер құқығы қатынастарының объектісі болып табылады.Алайда, жер құқығы қатынастарының объектісі болып таза табиғи түрдегі жер емес,жердің бекітілген құқықтық режимі табылады.Сол себепті де, жер құқығы қатынастарының объектісі болып Қазақстан Республикасындағы барлық жерлерге бекітілген құқықтық режим табылады.Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының шегіндегі барлық жерлер меншіктің, жер пайдаланудың, басқарудың жəне қорғаудың түрлеріне қарамастан жер қорын құрайды.Қазақстан Республикасындағы барлық жерлерді біртұтас жер қоры ретінде танудың заңды негізі болып Қазақстан Республикасы Конституциясындағы ереже табылады, оған сəйкес Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды.Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын жəне бөлінбеуін қамтамасыз етеді (ҚР Конституциясының 2-бабы).Аумақ -- бұл белгілі бір шекараға ие жер кеңістігі.Құқықтық режимі бойынша біртұтас жер қоры негізгі шаруашылық мақсаттарына сəйкес бөлінеді.Соған қарамастан,біртұтас жер қорының заңды мəртебесі өзгеріссіз қалады.Сол себепті, бүкіл аумақ, біртұтас жер қоры, Қазақстан Республикасының жерлері түсініктері Қазақстан Республикасындағы барлық жерлердің біртұтас заңды мəртебесін білдіреді.1995 жылғы 22-желтоқсандағы Жер туралы жарлық жəне Жер туралы заңы біртұтас жер қоры мəселесін қарастырмады.Жер кодексі Қазақстан Республикасының жер қорын қарастырады, бірақ оны біртұтас жер қоры деп атамайды.Жер туралы заңнамада əртүрлі жер қорлары бар: арнайы жер қоры, иммиграциялық жер қоры, орман қорының жерлері, су қорының жерлері.Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 1-бабында көзделген жер қоры арнайы мақсатқа -- санаттарға бөлінуге ие.Егер ол біртұтас болмаса қалай бөлінуі мүмкін.Сол себепті,Қазақстан Республикасының жер қорын Қазақстан Республикасының біртұтас жер қоры деп атаған дұрыс болар.Жер қоры мен оның жекелеген санаттарының барлық жер құқығы қатынастарының объектісі ретіндегі құқықтық режимі (заңды мəртебесі) неден көрініс табады? Бұл сұраққа жауапты Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Жер кодексінен табуға болады.Жер қоры -- Қазақстан Республикасындағы жер құқығы қатынастарының аса маңызды объектісі.Жоғарыда атап өткеніміздей, Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының егемендігі бүкіл аумағына таралатын барлық жерлерді құқықтық реттеудің қайнар көздерінің басты құқықтық базасы болып табылады.Аумақ та жер, бірақ оның шектері болады.Жер туралы заңның нормаларына сəйкес аумақ жер құқығы қатынастарының объектісі болып табылады (мысалы, аймақтарға бөлудің объектісі ретінде).Жер кодексінің 8-бабына сəйкес, жерлерді аймақтарға бөлу дегеніміз -- жер аумағын оның нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимін белгілей отырып айқындау.Жерлерді аймақтарға бөлудің мақсаттары болып мыналар табылады: жерлерді аймақтарға бөлу арқылы жер ресурстарын басқару саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу; əртүрлі аймақтарға енген жерлерді пайдалану режимі мен тəртібін, аймақтардың шекаралары мен көлемін орнықтыру; жерлерді пайдалану мен қорғаудың аймақтық жəне жергілікті бағдарламаларын жасау.Қазақстан Республикасындағы барлық жер санаттары аймақтарға бөлінуі тиіс.Жерді аймақтарға бөлуді аудандық деңгейде жəне облыстық маңызы бар қалаларда ұйымдастыруды аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың тиісті атқарушы органдары жүзеге асырады.Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жерін аймақтарға бөлу жөніндегі материалдардың негізінде облыстық (Астана жəне Алматы қалаларының) жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдары қоршаған ортаны қорғау, сəулет жəне қала құрылысы жөніндегі жергілікті органдармен жəне басқа да мүдделі органдармен бірлесе отырып, облыстық (Астана жəне Алматы қалаларының) атқарушы органның тапсырмасы бойынша, жерді облыстық (қалалық) деңгейде аймақтарға бөлудің нысаналы мақсат жіктемесі енгізілетін жобаларын (схемаларын) əзірлеуді ұйымдастырып, қамтамасыз етеді жəне оларды облыстық (Астана жəне Алматы қалаларының) өкілді органдарының бекітуіне енгізеді.Аумақтарды қолданудың нысаналы режимі туралы көрсеткіштерден тұратын жерді аймақтарға бөлудің мəліметтері мына жағдайларда қолданылады:жер ресурстарын басқаруды ұйымдастыруда, жер дауларын шешуде, жер учаскелерін жеке меншікке жəне жер пайдалануға беруде, жерлерді мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қоюда (сатып алуда), жер учаскелерін зерттеу жұмыстары үшін пайдалануға рұқсат беруде, жерді қорғау мен пайдалануға бақылау жасауда жəне жер құқығы қатынастарын реттеумен байланысты басқа да мақсаттарда.Жердің аумағын оны пайдаланудың нысаналы режимін орнықтыра отырып анықтау жерді, жер қойнауын, орман жəне су ресурстарын, өсімдіктер жəне жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғауға, сонымен қатар, сəулет-қала құрылысы қызметіне қатысты қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының қағидаларына негізделеді.
Ауыл шаруашылығы жерлерін аймақтарға бөлу мынадай қағидаларға сүйенеді:
1) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің басымдылығы;
2) Ауыл шаруашылық алқаптарының ерекше қорғалуы;
3)Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нысаналы пайдаланылуы;
4) Ауыл шаруашылық алқаптарын ауыл жəне орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалануға алғанда ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу.Елді-мекен жерлерін, өнеркəсіп, қорғаныс жəне ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлерді, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін, орман қоры, су қоры жерлерін жəне босалқы жерлерді аймақтарға бөлудің басқа да қағидалары бар.Олар осы оқулықтың ерекше бөлімінде қарастырылатын болады.Орталық атқарушы орган (Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік) өзге де мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесе отырып, жерлерді аймақтарға бөлуді республикалық деңгейде жүзеге асыруды ұйымдастырады жəне аумақтарды аймақтарға бөлудің республикалық схемаларын жасау мен бекітуді қамтамасыз етеді.Аумақты пайдаланудың жерлерді аймақтарға бөлу кезінде анықталған нысаналы режимі ҚР Жер кодексі 8-бабының 2, 3-тармақтарында көзделген тəртіп бойынша бекітіледі жəне жер құқығы қатынастарының субъектілері үшін міндетті болып табылады.Жерді аймақтарға бөлу жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүргізіледі жəне жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жер қоры жерге меншік құқығының, жекелеген жер учаскелеріне жер пайдалану құқығының, сервитуттың, жерді басқару мен қорғаудың объектісі болып табылады.Сол себепті, оның жер құқығы қатынастарының объектісі ретіндегі мəнін қысқаша атап өтеміз.Жерге меншік. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сəйкес, жер Республикада мемлекет меншігінде болады; жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте болуы мүмкін.Жер қорының құрамына барлық жер санаттары, соның ішінде, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, елді-мекен жерлері, орман қоры жерлері жəне босалқы жерлер кіреді.Олардың құрамынан жер учаскелері жеке меншікке заңда көзделген тəртіп бойынша беріледі.Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға берілетін жерге жеке меншік құқығы жерге мемлекеттік меншік құқығынан туындайды деп санауға болады.Бұған дəлел ретінде мемлекеттің жер қорын басқару кезінде барлық жерлерді қорғау мен ұтымды пайдалануды бақылауды жəне нысаналы мақсатында пайдалануды тексеруін атауға болады.Жеке меншікке берілетін жер учаскелерінің көлемін анықтау да мемлекеттің функциясына жатады.Бұл функция да барлық жерлерді тиімді жəне ұтымды пайдалану мақсатында
жүзеге асырылады.Берілетін жер учаскелерінің көлемін нормалау меншік пен жер пайдаланудың нысанына емес, жер учаскесінің құқықтық режимі мен оның нысаналы мақсатына тəуелді.Аталған жағдайларда азаматтық құқықпен реттелетін заттармен теңестіруге болмайды.Себебі, азаматтық құқықта заттың мөлшері, көлемі, түрлері жəне нысаналы мақсаты анықталмайды.Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 3,5 тарауларында қарастырылған жерге меншіктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік құқығының жалпы түсініктері
Қазақстан Республикасында жерге меншіктіктің көп түрлілігіне көшу, жер реформасының дамуы мен ерекшеліктері
Экология құқығының объектілері
Жеке меншіктің теоретикалық негіздері
Меншік құқығының пайда болу негіздері және тоқтатылуы
Жер учаскелерінің меншік иелерінің құқықтары
«Экологиялық – құқықтық реттеудің түсінігі, мәні. Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы.»
Қазақстан Республикасында меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру
Жеке меншік пен оны мемлекеттік реттеу сұрақтары
Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздер
Пәндер