Мәшһүр жүсіп Көпейұлының оқу білім шығармалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Мазмұны ----------------------------------- ----------------------------------- ---------2
Эссе ----------------------------------- ----------------------------------- ---------------3
Аннотация ----------------------------------- ----------------------------------- -------4
Ғылыми жетекшінің пікірі ----------------------------------- ----------------------6
І.Кіріспе-------------------------- ----------------------------------- --------------------7
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының білімге деген құштарлығы-------------9
2.2. Ақынның оқу білім тақырыбындағы өлеңдері--------------------------- 12
ІІІ. Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ----------26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі----------------------------- -------------------27
Қосымшалар------------------------- ----------------------------------- --------------28

Эссе
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының оқу білім туралы шығармаларының қазіргі таңдағы өзектілігі. Қазіргі таңда үш оқушының біреуі ғана бұл әулиені таниды десек болады. Рас сөздің ашығы жазушының тек оқу білім өдеңдері емес бар өлеңдері өте күрделі,терең ойлармен жазылған. Кез келген сол тақырыпқа арнайы жазылған өлеңі болса, оқудың не екенін,ілімнің не екенін бір ғана сөйлем арқылы түсіндіре алған деуге болады. Ғылыми зерттеу жұмысы арқылы жас бейімделіп келе жатқан келешек ұрпаққа Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы кім екендігі туралы тек ол ғана емес және ол кісінің өлеңдері әсіресе оқу білім тақырыбындағы өлеңдерінін мағынасы мен тұңғиықта жатқандай әсерін сездіргенін байқадық. Сол арқылы әулие жайлы білім кеңейте алдық. Қазіргі заманда тек оқушылар қарапайым ғана сөздермен бір, екі жазушы,ақындарды танилы немесе естіген. Бірақ осындай көне әдебиеттің дамуына ықпалы тиген Мәшһүрдей жазушының өлеңдерін қоя тұрып өзін танымауы таныс жағдай. Жастар қазір ең алдымен кез келген жағдайда білім жағдацына қыщығпды. Себебі оқушы жастардың қазіргі таңда білімсіз дүние бос екннін анық беске біледі. Сондықтан Мәшһүр әулиенің нақты оқу білім туралы тақырыптарын таңдау арқылы іні бауырлардын қызығушылықтарын ашу жолын қарастырдық. Осы ғылыми зерттеу жұмысы бойынша әр оқушы өзіне жеке ой түйіндегені,жаңа ой қалыптастырғаны анық.

Аннотация

Зерттеу өзектілігі: Қазіргі жастар Мәшһүр Жүсіптің өлеңдерін оқымастан бұрын, бұл тұлғаны танымауы да мүмкін. Сондықтан жастарға сол шығармаларды түсіндіріп, қызығушылықтарын ояту.

Зерттеудің мақсаты: Қазіргі таңда ұмытылып бара жатқан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының оқу білім тақырыбындағы шығармаларын насихаттау.

Зерттеудің гипотезасы: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының оқу білім тақырыбындағы шығармаларын оқитын болса әр адамның рухани дүниетанымы дамып, оқу білімге деген қызығушылықтары артар еді.

Зерттеудің кезеңдері:
-Ең алдымен, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлын толығымен зерттеу;
-Екінші, ақынның оқу білім тақырыбындағы өлеңдері жастарға несімен маңызды екенін түсіндіру;
-Үшінші, нақыл сөздерінің, өлеңдерінің, жазбаларының мағынасын ашу.

Зерттеу объектісі: Мәшһүр жүсіп Көпейұлының оқу білім шығармалары.

Зерттеу әдістері: Сауалнама,ақпарат, жинақтау, насихаттау.

Зерттеу қорытындысы: қазір жас өскелең буынға Мәшһүр Жүсіп оқу білімге байланысы бар дәріптеу арқылы білімді ұрпақ сау келешектің кепілі, білімді адам - ең бай адам екендігін түсіндіру. Адам ешқашан толықтай білімге қанық бола алмайды. Байлық, мақсат, мансапқа жету жолында білімнің маңызы зор екендігіне көз жеткіздірту.

Abstract

Relevance of the research: Today's youth may not even know this person before reading Mashhur Zhusip's poems. Therefore, to explain those works to young people and arouse their interest.

The purpose of the study: To promote the works of the famous Zhusip Kopeiuli, who are now being forgotten, on the topic of education.

The hypothesis of the research: if everyone reads the works of the famous Zhusip Kopeiuli on the topic of education, the spiritual worldview of each person would develop, and their interest in education would increase.

Stages of research:
- First of all, to fully study the famous Zhusip Kopeiuly;
- Second, to explain how the poet's poems on the topic of education are important
for young people;
-Third, revealing the meaning of proverbs, poems, writings.

Research object: educational works of Mashhur Zhusip Kopeiuly.

Research methods: Survey, information, collection, propaganda.

The conclusion of the research: to explain to the younger generation that the educated generation is the guarantee of a healthy future, and that an educated person is the richest person by glorifying the connection with education. A person can never be completely saturated with knowledge. That education is very important in achieving wealth, goals, and career.

Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі КММ-нің 10 сынып оқушысы Дамас Аяулымның Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы оқу-білім тақырыбындағы қазіргі таңдағы өзектілігі тақырыбындағы зерттеу жұмысына
Пікір
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының оқу білім тақырыбындағы шығармаларымен танысқан кезден бастап, оқушының осы тақырыпты зерттеуге деген қызығушылығы артты. Қазіргі таңда көптеген оқушылардың білімге деген құштарлығының төмен екенін, көбінде оқушылар дайын ғаламтордағы ақпаратты көшіріп жұмыс жасайтынынын алға тартты. Осы жоба арқылы аталған мәселелерде насихаттағысы келді, нақтырық айтсақ шығармалар ішінен оқу білім тақырыбындағы өлең, нақыл сөздерінің өзектілігін таныстырып, жастардың оқу білімге деген қызығушылықтарын ашуға ықпал болу үшін жоба жазуды қолға алды. Бұл оқушы өзінің ізденпаздығымен, әр істі жауапкершілікпен орындайтын қасиеттерін жобаға зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында көрсетті.
Бұл жобада ақын дүние танымын, адамдармен қарым-қатынасын, нені сүйіп, нені жек көретінін, кімнен үйреніп, кімнен жиренетінін де өрнектеген. Оның еңбектері келешек ұрпақты өткен дәуірлерге қатысты тарихи мәліметтермен байыта түседі және бір қарағанда кездейсоқ болып көрінетін қазақтардың қоршаған ортамен байланысын, олардың тарихи үрдістегі әлемдік тарихтың дамуындағы рөлін анықтауға мүмкіндік береді.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларын оқу арқылы оқушылардың тіл байлығы дамып, сөздік қорлары көбейіп, шығармашылық қабілеттері артады. Аяулым да өз білген, зерттеген тақырыптары бойынша сыныптастарына, достарына айтып беру арқылы олардың кітап оқуына көмектесе білді. Өзі шығармашыл оқушы болғандықтан өз білімін де шыңдап эссе, мақала жазуда, өлең шығаруда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының нақыл сөздерін қолданды.
Жетекшісі Тынысбекова Балшекер Калабаевна
Кіріспе

Қазіргі таңда Мәшһүр Жүсіптің шығармаларын халықтың басым көпшілігі білмейді. Тек шығармаларын ғана емес жастардың біразы ол әулиені танымауы әбден мүмкін. Және бұл мені қынжылтқаны рас. Осы жоба арқылы тақырыпты насихаттағым келеді, нақтырық айтсақ шығармалар ішінен оқу білім тақырыбындағы өлең, нақыл сөздерінің өзектілігін таныстырып, жастардың қызығушылықтарын ашуға ықпал болу үшін жобаны қолға алдым. Әлемдік әдебиеттердің өзара байланысы, түрлі халықтардың көркем сөз өнерінің бір-біріне ықпал әсерін зерттеу жан жақты зерттей түсуді қажет етіп отырған көкейкесті мәселе болғандықтан, дәл қазақтың әулиесі, ақыны,данасы Мәшһүр Жүсіп басқа тақырыптағы және оқу -білім тақырыбындағы шығармаларын салыстырдым. Әулие мұра ретінде жазып кеткен білім тақырыбындағы шығармаларын, кейінгі толқын інілер қайта жырлап, көркем әдебиетті дамытуға үлес қосса, әр қазақ өз міндетін атқарғандай бола алатын еді.Ұлы ақынның дәстүрлі тақырыпқа шығарма жазудың әсіресе оқу білім тақырыбына жазған нақыл сөздерді жан-жақты меңгерген, оны қазақ топырағына лайықты етіп белгілі дәрежеде дамыта түскен мәңгілік өнер иесі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ілім тақырыптарын көріктеу құралдарын бетке ұстай отырып, мазмұны мен формасы жағынан мұхит тектес сарқылмас мұра иесі екендігін танытады. Бұл дегеніміз артында қалған ұрпаққа алтындай сақтаған қылқаламның ұшымен жазған өнерлері, қазақ бауырларының санасы жетілген адам болуы үшін бір үлесі десек артық емес. Мысалы кеңінен ашсақ ақынның оқу білім тақырыбындағы жазған әртүрлі шығармалары әр адамға жаңа әсер, жаңа білім, жаңа сана, жаңа бақыт сыйлай алады. Дәл оқу-білім тақырыпқа жазылған парақтары ел халқының сауаттылығын өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор әсер етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, білім өлеңдерін, шығармаларының әртүрлі үлгісін қалдырды. Мәшһүр мұралары адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл байлыққа толы қазынасы. Ғылым білімге неғұрлым ертерек, бала кезден ден қойсаңдар кейін өкінбейсіңдер,- деген ұстанымды ұстаған Мәшһүр әулиеміз жас ұрпаққа өлеңдер арқылы кеңінен ашқан делік.

ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының білімге деген құштарлығы.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) Павладор облысы, Баянауыл ауданында туған ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебитінің тұлғасы. Мәшһүр Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама. Ол тек өлең жазумен ғана емес, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады.10-15 жасынан бастап ақ өлең жазып, хат жазған. Халық поэзиясы үлгілерін, оның ішінде білім туралы мақалдарды ерінбей өте ұзақ уақыт жинаған.
Мәшһүр Жүсіптің қалай ақын болғандығы жайлы әңгімесі оның өзінің алдындағы өнерпаздарға ұқсастығымен бірге, айырмашылығының да бар екендігін анық танытады. Мұны "Он бесте шабыттандым жүйрік атша, кеудеме өлең толды сызған хатша" деген жолдардан ұғынуға болады. Одан бұл кезде жазу-сызудың қазақ өлкесіне кең қанат жая бастағанын, Мәшһүр Жүсіптің де сауаттылықты жоғары бағалап, оған құрметпен қарағанын аңғарасың. Мәшһүр Жүсіп, өзі айтқандай, он бес жастан кейінгі өмірінің бәрін дерлік өлеңмен сөйлеген. Ақын дүние танымын, адамдармен қарым-қатынасын, нені сүйіп, нені жек көретінін, кімнен үйреніп, кімнен жиренетінін де өрнектеген. Біз оның мұндай туындыларынан сол кездегі адамдардың өмірге деген көзқарасын, ішкі жан дүниесін, тұрмысын жан-жақты танығандай боламыз.
Ақын той мен топта, ел мол жиылған аста бай мен болыстан, би мен бектен ығыспаған, олардың қателіктері мен кемшіліктерін тіке айтып, жуанға істеген "жақсылығын", жіңішкеге көрсеткен "қорлығын" бетіне басып отырған. Осы ақ ниеті үшін артынан опық жеген кездері де аз емес екен.
Расында да ол бала болып ойнамаған, бес жасынан бастап оқуға зейін қояды, ержетіп бозбалалық шаққа жеткен соң да ала қағаздан бас алмаған. Ақын шарқ ұрып ізденудің нәтижесінде білімге де, парасатқа да ерте жетіпті. Күннің шуағын бірінші болып қарсы алып, батып бара жатқан шапағын да өзі шығарып салатын заңғар таудың құзар басы сияқты, алдымен не көрсе де білімді жан көрмек. Ақылды, білімді адам өмірдің соққан бар дауылына төтеп бермек. Мәшһүр Жүсіпті де осындай жан деп білеміз. Оның жанының нәзіктігін, көңілінің жомарттығын, "өзім не болсам да мейлі - өзгенің жаны жараланбасын, басқаның басына бақытсыздық, күңгірттік келмесін", - деп іштей жақсы тілеумен жүретінін айтып жеткізу мүмкін емес. Мәшһүр жырлары оқушысын еңбекке, адалдыққа, мейірімділікке үндеумен қымбат.
Ақын үзбей өлең жазып, халықты өнер-білімге шақырғаны мәлім. Мәшһүр Жүсіптің түпкі арманы - халықты жаппай сауаттандыру еді. Алайда, ол мұндай игілікті іс тек сөзбен ғана іске аспайтынын, ол үшін қолда билік болуымен қатар, мол қаражаттың қажет екендігін кейін сезінді. Амалсыз ішкі мұң-шерін тағы да өлеңмен шертті.
Ол көпшіліктің берекесін алатын, жарастығын бұзатын озбырларға үнемі қарсы тұрып келіпті. Бұл турасында профессор Б.Кенжебаев: "Мәшһүр шығармаларының көпшілігінде заман жайын айтады, қазақтың теріс мінездерін, қазақ арасындағы ескіліктің қалдығын, би-болыстарды, патша үкіметінің чиновниктерін сынайды", - десе, ғалым жіті байқап, дұрыс бағалаған деп білеміз.
Мәшһүр Жүсіптің өмір сүрген тұсы -- бір рудың малын екінші бір рудың елі барым­талап, шетке шыққан жылқы-сиырын сіңіріп кете беретін, әлсіздің күні қараң, күштінің сөзі жүріп тұрған феодалдық қоғамның нағыз қаны тамып тұрған кезі еді. Қысы-жазы ауыл маңы айғай-шу, бос дүрмек. Оқу іздеп, өнер қуып жүрген бір де бір жасты көре алмаған ақын халыққа қарап:
Қазағым, өнер ізден, ұрлық-зорлық,
Қыласың бір-біріңе неге озбырлық, - дейді.
Жастар мұрасы. Яғни Мәшһүр Жүсіптің өміріне арнаған фильмі. Бұл фильм өте көп мағына бере алады. Кереку өңірінде көрнекті тұлға, ақын, этнограф, фольклоршы, философ, төрткүл дүниеге даңқы шыққан Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өнегелі өмірі мен рухани мұрасын насихаттау мақсатында кино түсіру ісі қолға алынды, деп хабарлайды alashainasy.kz. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының 155 жылдығы қарсаңында түсірілгелі жатқан көркем фильмнің түсірілуіне Түрік әлемі телестудиясы ұйытқы болып отыр. Жақында түсіру тобы Мәшһүр Жүсіптің кіндік қаны тамған - Павлодар өңірінде болып қайтқан.
Фильм жайында телестудияның бас директоры, белгілі жазушы Доқтырхан Тұрлыбек: - Мәшһүр-Жүсіп - қазақ халқына ғана емес, бүкіл түркі дүниесіне танымал тұлға. Әулиелігін, қасиеттілігін, діни қайраткерлігін былай қойғанда, оның қаламгерлігі, публицистикасы мен философиясы - өз алдына бір төбе. Бұл - талай зерттеуге өзек болатын дүние. Мәшһүр-Жүсіп жайлы фильм түсіруді қолға алған бойда біз ең әуелі оның бірнеше мәрте табаны тиген өзбек жеріне барып, Бұқара, Самарқанд, Ташкент қалаларын араладық. Бұл өңірлерде ол діни білімін жетілдіріп, араб, парсы, шағатай тілдерін меңгеріп қана қоймай, батыс пен шығыс ақындарының, ойшылдарының еңбектерімен танысқаны белгілі. Сондықтан да ол өңірлерде бірқатар тұлғалармен кездесіп, әулиенің табаны тиген жерлерді түсірдік. Енді, міне, ғұламаның туып-өскен елі - Ертіс-Баян өңіріне келіп отырмыз. Облыс орталығынан бастап Баян елін түгел аралап, Мәшһүр-Жүсіп кесенесіне барып тәу еттік, Жаңажол ауылындағы мұражайын араладық, халықпен жүздесіп, мол мағлұмат жинадық, - дейді.
Тек бір фильм ғана емес, тағы бір фильм бар ол қасірет исі деп аталады.Ол фильм қазақтардың қалай қиналғаны мен Мәшһүр Жүсіптің өмірі жайлы түсірілген тарихи деректі фильм.

2.2. Ақынның оқу білім тақырыбындағы өлеңдері.
Мәшһүр Жүсіп жаңа мен ескі заман әдебиетінің алтын көпірі іспетті. Аса зерделі жанның асыл қасиетін терең сезілген Мұхтар Әуезов оқу білім шығармаларын ерттеп былай деген Оқу білім туралы жазған шығармаларын былай қойып, басы ашық үлгілерді жазып алып, біздің дәуірімізге жеткізген еңбек Мәшһүрде мол екенін және естен шығармаумыз керек. Сондықтан қазақ жазба әдебиеті мен ауыз әдебиетінің бөлімінде Мәшһүрдің ол түрдегі еңбегіне әрдайым орында баға берілу қажет Мәшһүр заманында кез келген көтерілген мәселе шешімін таба алған көсемдердің ең атақтысы болған.Тек ол заманда емес болашаққа төрт болжам нақты нақты қойған және сол төрт болжамда дәл келген. Яғни әр жазған өлеңдеріде шындылық пен адалдық бар. Жастардың миына сана беретін ой беретін ақыл беретін өлеңдерін оқыған адмдар бірден жаңа өзіне әсер алатыны анық. Неге? Себебі жазған шығармалары басқаларға ұқсамайды, бөлек. Әр сөзі жазылған жүрекке ем бертіндей бір мағына бар. Өзектілік дәл оқу білім тақырыбындағы өзектілікті алатын болсақ, себебі ақынның сол тақырыптарға арнаған өлеңдері адамға ой салатындай ерекше болған деседі. Ең алдымен тоқталатын мәселе ақын оқу білім тақырыптарын толық ашпаған. Яғни өте жасырылып жатқандай аз ғана өлең шығармалары бар. Шынында да, ақынның шығармашылық мұралары - халықтың рухани қазынасы, тәлім-тәрбие өзегі. Ақын бар ойын ел болашағы жастарға арнаған еді. Ұлттық тәрбие ісіне уақыт өз талаптарын, өз өзгерістерін енгізді. Мәшһүр заманында тәлім-тәрбие ісін ең қарапайым элементарлық нәрселерден бастауға тура келеді. Себебі, адамдар жас баладай аңқау, аңғал, тек біреудің жетегінде жүруге бейім болды. Жөн білетін дана азаматтар оларға ақ пен қараның, адал мен арамның, жақсы мен жаманның не екенін айтып көрсетуге борышты болды. Мәшһүр солардың асқар шыңы. Халық ешқашан толас таппаған және таппайтын рухани күресіне адастырмас нысана, жаңылыстырмас бағдар сілтеп бере алатын көреген көсем тұлғаларды әрдайым сусай аңсаған, әрдайым төбесіне көтере құрметтеген. Өйткені ақыл табылмай тұрып ештеңе табылмайды. Ол жетілмей тұрып ар-намыс шыңдалмайды. Ар-намыссыз азамат өзгелердің көсегесі түгілі, өзінің көсегесін көгерте алмайды. Онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл. Бай қазақтардың кешегісі мен бүгінін, болашағын, олардың мінез-құлқын, салт-дәстүрлері мен рухани мәдениетін, оқу-білімін, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі уақыттың түсініктерімен зерделеп айтқанда әулиенің ой барысы қазақтың менталитеті қандай, оған тән кемшіліктерді қалай жоюға болады, не істеу керек ол үшін? Әсіресе, өмірінің соңында дүниеге келген оқу білім тақырыбына арналған шығармалары ой желісі осы мәселелер маңында түйінделеді. Ол шығармаларының астында тәлім мен тәрбие жатқандай. Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен, білім түсінігі көп мəнділігімен ерекшеленеді. Яғни жалпы әулиеміз білім осындай тұстармен ерекшелеген. Жалпы қазіргі таңда білім адамзатқа қаншалықты керек? Білім - қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Білімнің əлеумет өміріндегі ерекше сала сипатына ие болу кезеңі білім мен əлеуметтік тəжірибені ұрпақтан-ұрпаққа өткізу процесі қоғамның тіршілік əрекеттерінен өз алдына бөлініп жəне тəрбие мен оқуды іске асыратын арнайы кəсіби адамдардың пайда болу дəуірінен басталады. Дегенмен, мəдениетке мұралық ету əлеуметтену мен тұлға дамуының қоғамдық құрал-тəсілі ретінде білім адамзат қауымының алғашқы қадамдарымен бірге өмірге еніп, еңбек əрекеттері, ойлау, тіл дамуымен бірлікте шексіз өркениет жолында өз өрісін тауып келеді. Халық қамқоры болған ол бір ғана Жастарға өлеңінде арамдық, зорлықсыз арам жолмен мал табу, өтірік, айла, надандық, арсыздық, ұрлық, көрсеқызар, құмарлық, жамандық, ғайбат, ынсапсыздық, пәлеқорлық, ұятсыздық, ерегіс, екіжүзділік, байлаусыз тұрақсыздық сияқты мінездерді сынай келе, осылардан арылам деген адамға серік болар, адамды тура жолдан адастырмас мінездерді де санамалап көрсетеді, олары-адалдық, сақ жүру, ақылмен іс істеп, ашуланбау, тура мінез, мінін бетке айту, таза ойлау, татулық, уәдеде тұру, білмекке ұмтылу, жалқаулықтан арылу, жақсы білім іздеу, талапшылдық, өнер қуу деп көрсетеді. Мәшһүр Жүсіп жалпы кім? Атақты ақын, ғұлама оқымысты Мәшһүр Жүсіптің көп қырлы талант екені елге мәлім. Қаршадайынан оқыған, оқып қана қоймай, көңіліне мол дүние тоқыған білімдар. Ақынның 1907 жылы үш бірдей кітабы - "Көп жасағаннан көрген бір тамашамыз", "Хал-ахуал", "Сарыарқаның кімдікі екендігі" атты жыр жинағы жарық көрсе, "Миғраж", "Хаятбақшы", "Қорқыт", "Гүлшат-Шеризат" деп аталатын қисса-дастандарын, публицистикалық этнографиялық еңбектерін, халық ауыз әдебиетін жинаудағы қыруар жұмысын атасақ та жеткілікті.
Біз Мәшһүр Жүсіптің ақындығына тоқталсақ, оның нәзік те отты, ойлы өлеңдері халықтың өз ішінен қайнап шыққан талант екенін көрсетеді. Ел ішінің жағдайына жастай қанық ақын ағайын-туыс, бауырдың жан сырын терең жырлайды, нәзік тербейді. Олардың мінез-құлқын салмақты баяндап, сабырлы түйіндейді. Бір қызығы, әрқайсының мінезі әртүрлі, бірі біріне кереғар, күле салуы да жылдам, ренжи салуы да оңай. Енді ақынға сөз берсек, ол:
Аманыңда елжіреп мақтайтын ағайын,
Алыстамай айналып жақтайтын да ағайын.
Ауырыңды жеңіл ғып жоқтайтын да ағайын
Еркелетіп бетіңнен қақпайтын да ағайын, -
десе, бұл күнделікті өзіміз көріп, өзіміз қоян-қолтық араласып жүрген ел тірлігі. Халқымыз "Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол", - дейді. Ағайынның тағы бір мінезіне ашынып, "Туысқан бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды", - деп те ашылады. Қалай болғанда да өзіңнің өскен жұртыңа жетері жоқ.
Өз кезінде Мәшһүр Жүсіп сан-салалы ауыз әдебиеті үлгілерін мол жинағаны, өз замандастарының шығармаларын да хатқа түсіргені көпке аян.
Сонымен толықтап айтқанда, Мәшһүр оқу шығармашылығы-тұнып тұрған нақыл мен философия. Онда автор замана адамының мінез-құлқын терең ашып көрсетеді. Осы жағымсыз қылықтары бүкіл елдің артта қалуының себепшісі екенін баса көрсетеді. Бәрінің себепшісі - надандық. Ақын философиялық ой-толғамдарында Адамда екі түрлі мақсұт бар, оның бірін тән мақсұты,бірін жан мақсұты дейміз. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәшһүр Жүсіп Көпевтің болжамдарының сыры
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы ұлттық таным
МӘШҺҮР - ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ
М. Ж. Көпейұлының өмір мен отты жырлары
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының педогогикалық мұрасындағы отбасы және әйел тәрбиесі мәселелері
Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы психологиялық таным үлгісі
Бес жүз бес сөз
Қазақтың ұлағатты діни ойшылы
АБАЙ ЖӘНЕ МӘШҺҮР ШЫҒАРМАЛАРЫ
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР
Пәндер