ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДІНТАНЫМДЫҚ ЛЕКСИКАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ МӘДЕНИЕТТАНЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
КIРIСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Әр халықтың өзіндік даму тарихы, әдебиеті, мәдени тіршілігі, салт-дәстүрі, діні, ділі, барлығы сол халықтың сөйлеу тілінде көрінеді. Өйткені, тіл - сол халықтың рухани мәдениетінің, өмір сүрген тарихының, және бүкіл жан дүниесінің айнасы болып есептеледі. Сондықтан да В.фон Гумбольдт әр халықтың тілі өмір сүріп тұрғанда оның рухы бар екендігін, ал, рухы өмір сүріп тұрғанда тілі де өлмейтіндігін айтады.
Тіл, мәдениет, өркениет арасындағы тура және толық сәйкестілік бар деген сөз емес. Мәдениет пен өркениет, тілдік факторлардың дамуы, қызметі, мәні қоғамдық деңгейден алып қарағанда біркелкі емес. Ал тіл - өзіне тиісті заңдылықтарға сүйене отырып, пайда болып дамитын формалар жүйесі. Осыған орай тілдің ұлттық, мәдени ерекшелігі сөз мағынасының өн бойында көрініс тапқан. Ол мағынаның денотаттық, коннотаттық, эмпирикалық компоненттерін бойлай орналасады. Олардың құрылымдық көріністері сөздің стилистикалық, грамматикалық, тіркес тудырушы және басқа ерекшеліктерінде де байқалады.
Бірақ ешқандай ұлт өзінің тарихы мен рухани негіздерін білмей өзін-өзі танымайды. Сондықтан да бүгінгі таңда тіл мәселесі тек филологтарды ғана емес, адаммен байланысты барлық мамандық иелерін алаңдатуда. Осыдан келіп тіл мамандарының тілтануға әртүрлі деңгейде талдау, зерттеу, жүйелеу жұмыс бағыттары пайда болуда. Зерттеу жұмыстары тілді бір бөлек, мәдениетті бір бөлек қарастырмай, керісінше, оларды бірлікте, екеуінің арасындағы байланысты анықтауға бағытталуы тиіс. Нәтижесінде күрделі де көп қырлы болып табылатын тіл түрлі саланың зерттеу нысанасы болып табылады.
Еліміз тәуелсіздік алуына байланысты халқымыздың мәдениетін, тарихын, ұлт болып, мемлекет болып қалыптасу барысындағы даму жолын зерттеу - бүгінгі күннің басты мәселесі болып тұр. Және соның ішіндегі ең маңыздыларының бірі - ұлтымыздың тілінің тарихи қалыптасу ерекшелігін айқындау. Ал, қазақ әдеби тілін дамытуға өздерінің зор үлестерін қосқан ақын-жыраулардың шығармашылығын зерттеу - осы бағыттағы әлі де шешімі табылмаған мәселердің түйінін шешуге зор септігін тигізер еді.
Шәді ақын мен Молда Мұса шығармалары тілінің көркемдік қолданыстарын тіл білімінің жаңа бағыттарымен ұштастыра зерттеу жұмыстың маңызын арттырары сөзсіз.
Ұлттық тілдің ең биік сатысы - әдеби тіл екені даусыз, ұлттық әдеби тіл үлгілерін олардың шығармашылығы арқылы жетілдіру - көркем сөз авторларының еншісінде. Шығармалары тек қазақ әдебиеттану ғылымы позициясынан ғана зерттеліп, лингвистикалық тұрғыдан ғылыми талдауға алынбаған ақындар тілінің лексикалық құрамын, көркем тіл құралдарының этнолингвистикалық табиғатын анықтауға үлес болып қосылмақ.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген, әдебиет тарихынан орын аларлық, заманының көрнекті, айтулы акындары болған Мұса Байзақұлы мен Шәді Жәңгіровтың поэзиялық мұрасына этнолингвистикалық ғылыми талдау жүргізудің мәні зор.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жазушының көркемдік әлемі дегеніміз - ол сонымен бірге ұлттық әлем. Сонымен байланысты көркем мәтіннің сөздік (речь) және тілдік жүйесі ұлттық тіл мен ұлттық мәдени дәстүрлерінің заңдылықтарына сәйкес құрылады. Осындай сабақтастықта зерттеуге бағытталған мәтінді талдау шығарманың шын мәніндегі көркемдік мәнін анықтауға көмектеседі. Сондықтан ақындардың дүниетанымы арқылы көркемделген шындықтың тілдік бейнесін зерттеу - этнолингвистикадағы өзекті мәселенің бірі.
Осымен байланысты, Шәді ақын мен Молда Мұса шығармаларындағы дінтанымдық лексиканың тілдік қолданыстағы ерекшелігін және этномәдени-танымдық табиғатын айқындау зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу жұмысымыздың мақсаты - ақынның көркемдік әлемін бейнелеуші - көркем мәтінді этнолингвистика т.б. теориясы тұрғысынан анықтау. Ол үшін мына жайларға назар аударылып, төмендегі міндеттер шешілуге тиіс.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Ақын Шәді ақын, Молда Мұса шығармаларындағы дінтанымдық лексикаға лингвомәдениеттанулық түсінік беру арқылы олардың этнолингвистикалық табиғатын анықтау. Зерттеу барысында қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді жүзеге асыру жоспарлануда:
- Шәді мен Молда Мұса ақындар шығармаларындағы дінтанымдық лексиканы зерттеудің теориялық негіздерін, зерттеудің концептуалды-терминологиялық жүйесін анықтау;
- көркем мәтіндегі Алланың сипаттары мен діни ғибадаттарға байланысты атаулардың танымдық қызметін айқындау;
- көркем мәтіндегі діни рәсімдерге байланысты атаулар мен тылсым күштерге байланысты лексиканың этномәдени сипатын ашу;
- көркем шығармадағы дүниетанымдық бағыттағы лексикаға қатысты паремиологиялық бірліктер мен фразеологиялық тіркестердің лингвомәдени аспектісін айқындау;
- Шәді ақын шығармаларындағы дінге қатысты атауларды интербелсенді әдістер арқылы оқытудың тиімді жолдары көрсету;
- жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес Молда Мұса шығармаларындағы дінтанымдық лексиканың тілдік қолданыстағы ерекшелігін сыныптан тыс оқытудың тиімді жолдарын ұсыну.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі болып лексикология, этнолингвистика мен лингвомәдениеттану салаларындағы ғылыми-теориялық зерттеулер басшылыққа алынды. Жұмыстың ғылыми-теориялық негізі ретінде жалпы тіл біліміндегі, этнолингвистика және лингвомәдениеттаным мәселелеріне арналған еңбектер басшылыққа алынды: В.фон Гумбольдт, Е.М.Мелетенский, В.Я.Пропп, В.Н.Телия, В.А.Маслова т.б. және тілші-ғалымдар Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, Н.Уәли, Р.Шойбеков, С.Жанпейісова, Г.Смағұлова, А.Жылқыбаева, Қ.Ғабитханұлы т.б.
Диссертация жұмысының нысаны: Шәді ақын мен Молда Мұса шығармаларындағы дінтанымдық лексика.
Диссертация жұмысының дереккөздері: Бұл диссертациялық жұмыста:
Шәді ақын мен Молда Мұса шығармалары және теориялық-әдіснамалық еңбектер;
Оразбекова З. Молда Мұсаның әдеби еңбегі атты зерттеу еңбегі;
Сағындықұлы Б. Ғаламның ғажайып сырлары атты еңбегі,
Тұрманжанов Ө. Әдебиет майданы журналында жарияланған мақаласы, (1935, №8). т.б. қолданылды.
Диссертация жұмысының әдістері. Диссертациялық жұмыста алға қойылған мақсат-міндеттерге байланысты баяндау, сипаттау, жүйелеу, салыстыру, жинақтап қорыту сияқты дәстүрлі әдіс-тәсілдерден басқа этнолингвистикалық зерттеу, лингвомәдениеттанымдық талдау үлгілері мен тілдік бірліктерді зерттеу амалдары мен принциптері басшылыққа алынды.
Зерттеудің теориялық мәні мен практикалық құндылығы.
Зерттеуде кең көлемде қамтылған көркем мәтіндегі тарихи-мәденитанымдық кеңістік ұлттың рухани ділі мен этномәдениетін танытады. Көркем мәтіннің тілдік ерекшелігі мен автордың тілдік тұлғасының танымын бір сабақтастықта зерттеу қазақ тіл біліміндегі тіл білімінің жаңа салаларының дамуына септігін тигізеді.
Зерттеу барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдар жоғары оқу орындарының лексикология, көркем мәтін лингвистикасы, стилистикасы, лингвомәдениеттану, этнолингвистика бойынша оқылатын дәрістер мен арнайы курстарды, белгілі бір жазушының шығармасын талдауға арналған семинар сабақтарында кеңінен пайдалануға болады. Ал, практикалық тұрғыдан алғанда, зерттеу барысында Шәді ақын мен Молда Мұса шығармаларындағы дінтанымдық лексиканың тілдік қолданыс деректері, зерттеу нәтижелері, этнос тілі, дүниетанымы мен мәдениетін зерттеу үшін лекцияда қолдануға болады. Сонымен қатар, діни лексикаға байланысты зерттеу жүргізетін студенттер ғылыми жұмыстарында теориялық диссертация сұрақтары мен практикалық зерттеулерді басшылыққа ала алады.
Диссертациялық жұмыстың жарияланымы мен мақұлдануы:
1.Молда Мұсаның шығармасы Ер Шора дастанын оқыту атты мақала республикалық Ізденіс жолы ғылыми, ақпараттық-танымдық журналында (Қызылорда, №2310 наурыз, 2023 ж.)
2.Шәді Жәңгірұлы шығармаларындағы дінтанымдық лексиканың көрінісі. атты мақала Қажым оқулары аясында Әлем мәдениеті контексіндегі білім жүйесінде жалпыадамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселелері атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында (Батыс Қазақстан инновациялық - технологиялық университеті, 21 қазан 2022 жыл) жарияланды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырым:
Диссертациялық жұмыста кең көлемде қамтылған көркем мәтіндегі тарихи-мәденитанымдық кеңістік, Шәді ақын мен Молда Мұса шығармаларындағы дінтанымдық лексика ұлттың рухани ділі мен этномәдениетін танытады.
Шәді ақын мен Молда Мұса шығармаларындағы дінтанымдық лексиканы зерттеудің теориялық негіздерін зерттеудің концептуалды-терминологиялық жүйесі анықталды;
Көркем мәтіндегі Алланың сипаттары мен діни ғибадаттарға байланысты атаулардың танымдық қызметін айқындалды;
Көркем мәтіндегі діни рәсімдерге байланысты атаулар мен тылсым күштерге байланысты лексиканың этномәдени сипаты ашылды;
Көркем шығармадағы дүниетанымдық бағыттағы лексикаға қатысты паремиологиялық бірліктер мен фразеологиялық тіркестердің лингвомәдени аспектісі айқындалды;
Шәді ақын шығармаларындағы дінге қатысты атауларды интербелсенді әдістер арқылы оқытудың тиімді жолдары зерделенді;
Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес Молда Мұса шығармаларындағы дінтанымдық лексиканың тілдік қолданыстағы ерекшелігін сыныптан тыс оқытудың тиімді жолдары ұсынылды.
Зерттеу жұмысында ақындар шығармаларындағы дінтанымдық лексикаға қатысты тілдік бірліктер жинақталып, жүйеленді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеудің мақсаты мен міндетіне байланысты жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДІНТАНЫМДЫҚ ЛЕКСИКАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ МӘДЕНИЕТТАНЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазіргі уақытта өркениетті елдер тіл мен мәдениетте, тілдік және ұлттық сабақтастықта қалыптасқан деректер арқылы этнос ретінде түбегейлі танылуда, лингвомәдениеттану ғылымының өзектілігі ерекше. Осы орайда, тілдік мұра арқылы ұлтты, ел мәдениетін барынша танымал етудің негізгі құралдарының бірі - ұлттық мәдениеттің кілтін аша отырып, ұлттық дүниенің тілдік үлгісін жасау. Оның мағынасы коммуникативті ғана емес, мұрагерлік, танымдық, жариялылық қызметімен де байланысты. Дегенмен, лингвистикалық деректерді тек лингвомәдени аспектіде зерттеу маңызды.
Ал, лингвомәдениеттану құрамдас бөлігі тіл білімі саласына мән бермесе, жоғарыда айтылған қажеттілік, яғни ұлттың толық және шынайы болмысы, әсіресе, өзгелер тарапынан жеткілікті түрде жүзеге аспайды. Нақтырақ айтқанда, тіл мен мәдениеттің сабақтастығын көрсететін тілде бейнеленетін белгілі бір халыққа тән шындықтар, яғни алмастырылмайтын сөздік қор мен олқылықтар олардың ұлттық-мәдени компоненттерінің өзіндік ерекшелігінің тілдік көріністерін анықтау арқылы анықталады. мазмұны.
Қазақтың ғасырлар бойғы тарихын, наным-сенімін, тұрмыс-тіршілігін, шаруашылығын, салт-дәстүрін, мінез-құлқын, адамгершілігін, сұлулығын танытатын энциклопедия ретіндегі тіліміздің өзегі - ұлттық дүниетанымның сақтаушысы, қазынасы қызметі. Осыны негізге ала отырып, қазақ тілінің қатпарларынан мәдениетіміз бен тарихымызды іздестіру, ұлтымыздың адамзат мәдениеті арасындағы орнын айқындау, оның рухани тамырын білу үшін ұлттық тілге терең бойлау - ғылыми тұрғыдан дұрыс жол. Қазіргі тіл білімінің когнитивтік бағыты мен лингвомәдени негіздеріне. Осы тұрғыда, а да мны ң ру ха ни бо лмы сы ны ң қа лы пта су ы нда тіл ме н діннің а тқа ра ты н қы зме ті зо р.
Қазіргі таңда Тіл және мәдениет мәселесіне қатысты көптеген зерттеу еңбектері тілде ұлттық мінезді, ұлттық танымды, ұлттық рухты бейнелеуге негізделген.
Ислам - Алла тағаланың дүние жаратылғалы адамзатқа жолдаған барлық сәлемдемесінің жиынтығы деген сөз. Жаратушы Жаббар иенің пенделеріне сүйіспеншілігі, мейірімі, рахымы, қамқорлығы шексіз. Қаншама халықты игілікке кенелткен ғажап дінді жіберуі осының айғағы. Ислам дінін бір жүз жиырма төрт мың пайғамбар, олардың сан жетпейтін шын тақуа үмметтері ұстанады, келешекте ізгі, адал адамдардың ұстана беретіні және хақ.
Дін - Құдайға табынатын, бас иетін идеологиялық құрылымның бір түрі.
А л егемендік алғаннан кейін барымызды бағалап, жоғымызды түгендеуге кірістік.
Дін - Құдайға құлшылық етіп, бас идіруші идеологиялық қондырманың бір түрі [2].
Дінтанымдық лексикаға ғалымдардың зерттеулерінде әртүрлі дәрежеде қарастырылды. Осыған қатысты А.Байтұрсынұлы: Әр ақын, әр жазушы сөз басын өзінше құрап, өзінше салады. Ол өз білгенінше ойлайды. Сондықтан олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі, сөздікте өзіндік белгісі бар, - дейді. Яғни, ғалымның айтуынша, төл белгі болмаса, суретші де жоқ деп түсінеміз.
Мифологиялық дүниетанымда адамды қоршаған әлем, табиғат, заттар, жұлдыздар, планеталар, жануарлар мен құстар және т.б. - бәрі тірі, жанды, магиялық жағынан өте терең мәнге ие еді. Осындай магиялық тірі әлемдегі жоғары тірі жандар (құдайлар, ата-бабалар рухтары және т.б.) мен қаскөй зұлым күштер (перілер, жындар, шайтандар, албасты және т.б.), табиғат рухтары (жер-су, киесі) осы әлемде өмір сүріп отырған адам тәрізді нақты тіршілік етті. Сонымен қатар бұл сакральды әлемдегі сөздерге нақты магиялық күш тән болды, себебі, олар аталатын нысаналардың магиялық орнын басушылары деп есептеледі. Сөзің магиялық күшіне деген сенім магиялық фольклордың жалбарыну, алғыс, қарғыс, бата, тілек, бақсы сарыны т,б, жанрларының қолданылуына негіз болды.
1.1 Көркем мәтіндегі діни лексиканың тілдік-танымдық сипаты
Жаһандану дәуірі атанған ХХІ ғасырда әрбір ұлттың жеке тұлғасы өзінің ұлттық рухани мұрасын, этникалық мәдениетін сақтап, жаңғырту қабілетіне байланысты болмақ. Халқымыздың тілі, әдебиеті, мәдениеті бүгінгі қазақты өзге халықтардан ерекшелеп қана қоймай, әлемдік кеңістіктегі орнымызды көтеруге әлеуеті бар екені анық.
Шәді ақын мен Молда Мұса шығармаларындағы дінтанымдық лексиканы этнолингвистикалық тұрғыдан жүйелі түрде зерделеу зерттеу жұмысының маңызын арттыра түседі. Қазақ тіліндегі бай рухани мәдениеттің тілдік көріністері - дінтанымдық лексиканы зерттеу Мәдени мұра атты жалпы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде де өзекті болып табылады.
Бүгінгі таңда қазақ тіл біліміне қатысты Тіл және ұлттық мұра, Тіл және мәдениет мәселелері тақырыптарына байланысты көптеген ғылыми-зерттеу еңбектер тілдегі ұлттық сипат, ұлттық таным, ұлттық құндылықтарды тану мен насихаттауға негізделген.
Рухани таным дерегі ретінде тілдегі діни ұғымдар мен түсініктердің айқын үлгілері - дінтанымдық атаулар халықтың дүниені түйсінуінен хабар береді, ұлттың рухани таным-талғамын, ырым-наным, салт-дәстүрін, ұлттық рухты жан-жақты бейнелейді. Сондықтан да қазақ тіліндегі рухани мәдени лексикаға қатысты атаулардың мәнін қарастыру бүгінгі күн талабынан туған, тіл мен таным, тіл мен рухани мәдениет тығыз байланыстарынан туған өзекті мәелелердің бірі деп санауға болады. Бұл зерттеу жұмысының өзектілігі, сол сияқты этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика және т.б. ғылым мен ғылым бағыттары теориялық мәселелерінің ары қарай зерттелуімен де айқындалады.
Құран. Ислам дінінің ереже, уағыздары жазылған діни кітап [2, 544].
Сауабын ол пендеге берер тәңірі.
Дәләлі осы сөздің құранда бар,
Әнғамның сүресінде айтылады (Ш.Ж.).
Бір аятын көтеріп,
Біріне қойып салмағын.
Құранды түгел тауысты,
Ажыратпай жерден бармағын (Ш.Ж.).
Пір, деп айтқан Халқымыз
Қасиетті Құранмен
Діннің ғана егесін (Ш.Ж.).
Қорғаушысы Құранның
Алланың Шеріатанған,
Әлемге Дінді таратқан
Шадияр Әли Әзірет (Ш.Ж.).
Аят - діни Құран сүрелерінің белгілі бір шумағы [2, 80].
Жария қылған дүниеге,
Аят пен Хадис пәрменін.
Ішіне кіріп Қағбаның.
Бір аятын көтеріп,
Біріне қойып салмағын.
Құранды түгел тауысты,
Осы айтылғандар хақында
Қалдырмай берген хабарды.
Аят, Хадис, ләбізден,
Мағынасын оның алған-ды.
Хадис - діни Ислам дініндегілердің ұғымы бойынша Мұхаммед пайғамбардың айтқан қасиетті сөздері, өсиеттері [2, 884].
Жария қылған дүниеге,
Аят пен Хадис пәрменін (Ш.Ж.).
Шырағы бол деп үмбеттің,
Сол жерде айтқан,аңлағын!
Хадистен хабар берер-ді,
Аяны мен Алланың (Ш.Ж.).
Болғанмен қанша күші тіреуленген,
Адамның әрекеті құралмайды.
Хадисі Аплатондай болса дағы,
Бөрібір бір қалыпта тұра алмайды (Ш.Ж.).
Ғибадат. Ислам дінінде бізді және бүкіл жаратылысты жоқтан бар еткен әрі әрқашан бар етіп ұстап тұрған, әртүрлі нығметтер мен жақсылықтар жіберіп, жетілдірген Алла тағаланың әмірі мен тыйымдарын бұлжытпай орындау.
Жетпіс жыл тынбай қылған ғибадатың,
Зәрредей пайда болмай қалды кетіп.
Осындай қылып шайтан лағын,
Ойлайды азғырмақты қайғы-қамын (Ш.Ж.).
Шәді ақын мен молда Мұса шығармаларындағы діни лексиканың этнолингвистикалық аспектілері
Халықтың жалпы рухани өмірін, көп ғасырлық білім беру жүйесін, алғашқы дәстүрін, ұлттық ерекшеліктерін, төл сөздік қорын ұлттық болмыспен тікелей байланыстыруда ерекше орын алатын тіл білімінің бір саласы - этнолингвистика.
Қазақ тілінің этнолингвистикасы туралы академик Ә.Қайдар: Бұл ғылым саласының қазақ тіл білімінде бұрын-соңды арнайы сөз болған емес. Сондықтан бұл біз үшін әрі жаңа, әрі күрделі мәселе болып саналады. Ана тілі байлығының ғасырлар бойы толассыз толығып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бай қазынасын барынша танып-білуді мақсат еткен ғылым саласының бірі - этнолингвистика.
Этнолингвистикалық зерттеу - тіл байлығының этнос болмысының мәдени, рухани дүниесін бейнелейтін мағлұматы бар сөздерін талдап зерделеп түсіндіру деген сөз, осы күні көпшілікке түсінікті бола бермейтін сөздердің арғы қабатында олардың пайда болуы, этнос тұрмыс-тіршілігіне қатысты деректер жинақталған. Мысалы, қазақ тіл білімі ғылымында семантикалық талдауларға, жалпы семантикалық зерттеулерге біршама терең бойлау М.Оразов еңбектерінен басталады. Өткен ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басы қазақ тілі ғылымында семантикалық ізденістердің кең көлемде жүргізіліп келе жатқандығының дәлелі Е.Қажыбеков, Ж.Манкеева, Б.Қалиев, А.Салқынбай, Б.Қасым т.б. және прагматикалық бағыттағы З.Ерназарова, этнолингвистикалық зерттеулердің күретамыры болып келе жатқан Қайдаров мектебі өкілдерінің зерттеулерін атау орынды, өйткені бұл жұмыстардың нысаны сөздің ұғым атауы ретіндегі мәні (сөздік құрам, сөздік, лексика, лексикон, сөзжасам) және сөйлеу бірлігі көлемінде қарастыратын лексикалық семантика саласының негізін құрап отыр.
Адамдардың қоршаған ортадан ғылыми негізі бар ақпараттар мен мағлұматтар алу, оны өз бойына сіңіру, өңдеу, жүйелеу және тілдік қолданыстағы ерекшелігіне өзіндік талдау жасауы таным қызметімен байланысты. Ақын-жыраулар өзін айнала қоршаған ортаны тани отырып, ол жөнінде өзінің көзқарасын тіл арқылы жан-жақты білдіреді. Заттар мен құбылыстардың ерекшелігін өзінше бақылау, әсер алу, сезіну, жадында қалдыру, сөзбен суреттеу, әр түрлі ассоциациялар жасау, т.б. психикалық әрекеттердің нәтижелері жыраулар шығармашылығында көрініс табады.
ХІХ ғасырдағы тілдегі адам факторының рөлін айқындауда, тілдің табиғатын адам табиғатымен өзара сабақтастықта қарау керектігін В.фон Гумбольдт мейлінше анықтап берді. Ғалым тілді негізінен лингвофилософиялық тұрғыда қарастырады. Ғалымның пікірінше, адамның өзін-өзі тануы адамды адам қалпына келтіріп тұрған күш-қуат көздерін анықтау деген сөз. Ал, тіл - адамды адам етуші сондай баспалдақтардың бірі. Адамзаттың рухани шығармашылық мүмкіндіктерін барынша терең көрсететін де, адамды адам ретінде танытатын да - тіл. Тіл - халықтың рухани қуат күші дегенді айта келе Границы языка моей нации означают границы моего мировозрения деген көзқарасынан ұлт пен тілдің біртұтастығын, сонымен қатар ұлт тілшінің ықпал ету қуаты адамзаттың дүниеге қатынасынан әлемді тануына дейінгі аралықта кең көлемде қарамстырылатынын, адам тілімен адам екендігін көрсетеді.
Қанша дегенмен көркем мәтін және көркемдік әлем адамзат арқылы өмірге келді, ендеше онда антропологиялық бастаудың болуы күмәнсіз. Осыған байланысты ғаламның тілдік бейнесі теориясы қалыптасқан. Сондықтан да көркем мәтіндегі әлемнің образы өзін жасаушыға ұқсас болып құрылуы заңды құбылыс. Бұл көркемдік әлемді қамтитын нақты образ - кейіпкерлерге тән. Сондықтан да әрбір автор өзінің образын өз танымына сәйкес жасайды, яғни, өзінің көркемдік антрополиясын жасайды. Осыған байланысты американдық антрополог-ғалымдар мәдени антропология ерекше көңіл аударуды қажет етеді, дәлірек айтсақ, адамды биологиялық және мәдени тіршілік деп қарай отырып, сонымен бірге мәдениетті зерттеудің орталық обьектісі деп бөлу қажет деп санайды (статья Амер.антр.школа, 28-33). Культурная антропология и история культуры деген мақалада Вяч.В.Иванов оны ғылым ретінде, көбінде этнологияның тең мағыналы және мәдениеттің әртүрлі типтерін салыстырмалы түрде зерттеу, әрі оның әлеуметтік түрдегі (таза биологиялық емес) ұрпақтан-ұрпаққа ақпарат беру жолдары деп анықтайды. Осымен байланысты, жазушының көркемдік әлемін, архетиптік ойлау жүйесі көркем мәтіннің ұлттық-мәдени ерекшелігін құрайды. Ал өз кезегінде осы саладағы зерттеулерді дискурста жүргізуді қажет етеді. Олардың ішінде тілдің тарихи-онтологиялық аспектісіне қатысты когнитивтік лингвистика мен тіл табиғатын ұлттық ойлау, ұлттық таныммен тығыз байланыста қарастыратын этнолингвистика бар.
Біздің зерттеуіміздің негізі, негізгі ұстанымымыз осы бағытқа негізделгенін баса айтқымыз келеді. Осы орайда ұлттық мүддеге негізделген таным мен түсінік жеке тілдік құралдар арқылы айқын бейнеленетін көркем мәтіндер тілін біртұтас тұтастықта кең көлемде зерделеу маңызды сияқты.
Жазушының көркемдік санасында қалыптасқан өзін қоршаған шындыққа, уақытқа деген қатынасы, оның түсінілуі мәтін мазмұнында нақты көрінеді. Бірақ жазушы тіл аясынан шыға алмайды, ол осы тіл аясында ойлауы, сезінуі және әрекет етуі тиіс. Себебі ол тілдік құрылымның негізінде ғана өзін әлеммен байланыстырушы нақты сөйлеу фактілерінің жүйесін жасайды. Мысалы, стилистикалық қызметтегі неологизмдер (жеке авторлық қолданыстар, қайталамалар, жаңа сөзжасамдық туындылар т.б.). бірақ осы тілдік жүйені стилистика негізінде құрылымдық тұрғыдан анықтап бергенмен, автордың ішкі әлемімен байланысын, оның тілдік тұлғасын толық түсіндіріп бере алмайды. Себебі, бұл сөйлеу фактілерінің жүйесі, суретшінің тек бір өзіне тән поэтикалық тұжырымдамасы болып табылады. Бұл жазушының тілі, сөзі, стилі ғана емес, бұл - оның тұжырымдамасы (концепциясы).
Ал, осыған орай, бізді қоршаған шындықты жазушының эстетикалық шығармашылық контекст аясында меңгеруі, соның негізінде жасаған виртуалды мәтін жазушыны, ақынды ерекше тілдік тұлға ретінде анықтаушы ауызша көркемдік модель. Ал, оны қалай талдап, анықтаймыз? Біздіңше, оны автордың (тілдік тұлғаның) танымдық сипатын көрсететін кешендік негіздер арқылы анықтаймыз. Мысалы, психолингвистикалық ұстанымдарға сәйкес жоғарыда көрсетілген стильдік құралдар арқылы мәтінде автор - оқырман - тыңдаушы қатынасына назар аударылса, ал, территориялық және әлеуметтік диалектизм, тарихи сөздер, көнерген сөздер (архаизмдер), вариант сөздер, вульгаризмдер және т.б. стильдік қызметін әлеуметтік лингвистика негізінде ашуға болады. Себебі, оны стилистиканың, болмаса тіл мәдениетінің негізінде түсіндіру жазушы мен оның тілі контекстінің табиғатын толық аша алмайды.
Осы тектес зерттеулердің арқауын құрайтын қазіргі тіл білімінде тіл мен таным сабақтастығы тіл мен ойлау бейнесінің тығыз байланыстылығының жалпы заңдылықтары когнитивтік лингвистика негізінде біршама дәлелденді деуге болады.
Нақты айтқанда, ойлау (ия бейнелеу) жүйесіне сәйкес қалыптасқан тілдік модель тілдік жүйеде қалыптасады. Сол негіздегі таным процесінің қозғаушы күші ішкі терең қажеттіліктерді туғызады.
Осындай мәтіндерді тілдің тіл мен таным сабақтасқан ерекше қызметі негізінде талдап зерттеу қызық тіл білімінің жаңа бағыттарымен үндесіп, өзекті мәселелер ретінде сипатталады.
Осы зерттеуде сол тілді қолданушы өмірінің психологиялық ерекшеліктеріне танымдық және қатынас қызмет ретінде ерекше көңіл бөлінді.
Шығыс поэзиясының көп ғасырлық тарихы бар мектебінен тәлім алған қазақ ақындары кезінде шығыс халықтары арасында кең тараған қисса-жикаят, дастан-поэмалардың гуманистік, ағартушылық, идеялармен оқушысын бірден баурап алатын тартымды сюжеттерін өз шығармаларында зор шеберлікпен пайдаланды, соның негізінде қазақ ақындары Шығыс классикалық әдебиетінен алған әсері бойынша мүлдем жаңа шығармалар жазды.
Шәді Жәңгірұлы Шығыс классикалық әдебиеті және қазақ халық ауыз әдебиетінің ең жақсы үлгілері мен дәстүрін идеялық, тақырыптық тұрғыдан да, көріктеу құралдарын қолдану және өлең құрылысы, өлшемі, ұйқасы жағынан да жете үйренген, оны терең меңгерген, соның негізінде көптеген қолтума өлеңдер, терме-толғаулар, дастандар жазған дарынды ақын.
Шәді шығармаларының тіліне талдау жасаудан бұрын біз тіл тарихына байланысты бірқатар жайттарға қысқаша болса да тоқталып өтуді жөн көрдік. Бір кезде араб тілі үстемдік етіп тұрған дәуірде парсы мен түркі тілдерінде сөйлесетін көптеген ғалымдар, ақын-жазушылар өз шығармаларын араб тілінде жазды. Арабтар жаулап алған жерлерде өмір сүріп тұрған, өздері жергілікті түрік тұқымдас халықтардың ішінен шыққан ғалымдар мен жазушылар өз еңбектерін араб тілінде жазғаны мәлім. Ал араб тілінде жазылған шығармалар, кезінде арабтар жаулап алған елдердің барлығына тарап, көпке жайылып кетті. Міне, сондықтан да бұл дәуірде түркі тіліндегі көптеген оқымыстылар мен жазушылар өз еңбектерін араб тілінде жазды.
Көне түркі жазба жәдігерліктерінің тарихын зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуі бойынша бұл кездегі шығармалардың көбі аралас тілде жазылған. Орта ғасырда Алтын Орда мен Мысыр өңірінде жазылған түркі тілдес халықтардың әдеби туындыларының барлығы осындай аралас тілде өмірге келген. Бұл жәдігерліктер оғыз-қыпшақ тілінде, қыпшақ тілі негізінде жазылған. Орта Азия мен Алтын Орда қыпшақтарының тілінде жазылған көне түркі жәдігерліктерін ана тілде жазылып еді, мына тілде жазылып еді деп әр саққа жүгірту ғылым талабына сай еместігі әбден дәлелденді. Өйткені бұлар таза қыпшақ тілінде емес, қыпшақ ру-тайпаларымен қатар отырған оғыз, ұйғыр, қарлуқ тәрізді көптеген түркі тілдерінің негізінде жазылған туындылар еді.
Сондықтан аралас тілде жазылған бұл жәдігерліктер - тарихи тағдырлас түркі халықтарының бәріне де ортақ рухани қазына болып табылады. Осындай аралас тілде жазу салты көпке дейін сақталып келді. Тіпті ХХ ғасыр басында татар, өзбек, қазақ тілдерінде Қазан, Ташкент, Орынбор баспаларынан жарық көрген бірқатар кітаптар, әсіресе, дидактикалық, аңыз-әңгіме түріндегі шығармалардың тілі де осында аралас тілдер болды.
Көне түркі жәдігерліктерінің тіл тарихын қысқаша болса да еске салып өтудегі мақсатымыз - сан ғасырлық тарихы бар Шығыс классикалық әдебиетінің дәстүрін жан-жақты қолданып келген ақын Шәді Жәңгірұлы шығармалары тілінің ерекшеліктерін аңғарту болып табылады.
Шәдінің өлең-жырларын, дастан-поэмаларын тіліне қарай шартты түрде екі топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топқа ақынның Қазан, Орынбор баспаларынан шыққан шығармалары мен тарих-нама деген қолжазба күйіндегі дастаны кіреді, ал екіншісіне - Ташкент лотографиясында басылып шыққан кітаптары енеді.
Бірінші топқа шығармалары қазіргі қазақ тілінде жазылған, онда араб, парсы сөздері аз кездеседі. Оның өзінде араб, парсы сөздері аз кездеседі. Оның өзінде араб, парсы сөздерінің біразы өздерінің фонетикалық бейнесін өзгертіп жіберген, әрі белгілі дәрежед қазақшаланған болып келеді. Мәселен, осындай сөздер тобына ынсап (арабша - инсаф), мәлике (арабша - мәликә) тағы басқалар.
Шәді ақын араб, парсы сөздерін негізінен бұзбай, сол күйінде, араб тілінің орфографиялық ережелеіне сай етіп қолданады. Мәселен, мұндай сөздер тобына таһарәт (тазалық, жуыну), һақ (шындық) сияқты көптеген сөздер жатады.
Ақын Бұхарада оқып, шығыстық білім алды, парсы және шағатай классикалық әдебиетінен сусындап, осы әдебиеттер рухында тәрбиеленеді. Шәді ақынның шағатай мен парсы үлгілі әдебиетінің туындыларымен қатар, Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани, Суфы Аллаяр сияқтылырдың шығармаларын білуі, тіпті жатқа білген болуы ықтимал.
Шәді өз шығармаларын жазғанда оны оқитын адамдардың көбірек болу жағын да сөзсіз есепке алды. Өйткені сауатты, түрлі медреселерде оқып білім алған адамдар қазақ даласынан гөрі, Орта Азиядан көп болатын. Солардың бәріне азды-көпті түсінікті тілде жазу - кітаптарды көп тиражбен бастырып шығаруға мүмкіндік беретін болған, әрі ақынның атағын арттыра түсуге ықпал еткен. Сонымен, Шәді Жәңгірұлы Шығыс әдебиетінен еркін сусындаған, осы әдебиеттер дәстүрін игерген, сол рухта тәрбиеленген, сондай-ақ, араб, парсы тілдерін де білген, қысқасы - Шығыстың мәдениетімен де, тарихымен де таныс болған ғалым, гуманистік, ағартушылық идеяларын жырлаған дарынды ақын. ХХ ғасырдың бас кезіндееліміздің тарихында болған қоғамдық өркендеулер әсерімен оянған, әдебиет майданына келген, кезінде шығыс классикалық әдебиетінің мектебінен оқып, оның көп ғасырлық дәстүрінен тәлім алған, үйренген, гуманистік ағартушылық идеяны жырлаған, жалпы прогреске шақырған қазақ ақындарының бірі - шәді Жәңгірұлы. Шәді өте көп оқыған адам. Ол өзінің туған жерінде, Ташкентте, Бұхарада оқыған. Араб, прасы және түркі тілдеріне жетік болған. Шығыстың бұрын-соңды тарихын, өнер-ғылымын, әдебиетін, ақын-жазушыларын жақсы білген ғалым ақын.
2 КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ ДІНТАНЫМДЫҚ ЛЕКСИКАНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ СЕМАНТИКАСЫ
Еліміздің тәуелсіздік алуы қазақ халқының қоғамдық-саяси өміріне түбірлі өзгерістер алып келді. Тәуелсіздік қоғамның жан-жақты өркендеуі мен ұлттық сананың дамуына, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды жаңғыртуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырлар тоғысында қазақ қоғамында саяси, рухани шиеленіскен кезең болатын. Зерттеушілер атап көрсеткендей, ХХ ғасыр басында отарлық езгідегі қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, мәдениеті мен діни дәстүрін жоғалту қаупі болды. Патшалық Ресей қазақтарды тілі мен дінінен, салт-дәстүрінен айыру арқылы өзге діннің қағидалары мен өзге мәдениеттің құндылықтарын күштеп сіңіре бастады. Осы тұрғыда, діні-ағартушылық ой-сананың орнып, қоғамды ілгерілетуге көзғаушы күш болған жерлердің бірі Сыр өңі болғаны тарихтан белгі.
Өз заманының білімді, парасатты адамдары саналған ишандар мен ахундар Қазан төңкерісіне дейін қазақ елінің өмірінде, ұлттық санасында, тұрмысында діни-ағартушылық ойдың берік орын алуына қызмет етті. Бұл тұлғалар ел іргесін нығайтуға, әлемдік өркениетпен танысуға, ұлттық мәдениеттің дамуына үлес қосты. Мешіт салып, елді имандылыққа, руханиятқа нұрландырды, Шығыс ойшылдарының мұрасын зерттеді. Жазба әдеби және фольклорлық мұраның классикалық үлгілерін қайталай отырып, араб-парсы, түркі-шағатай тілдеріндегі қолжазбаларды таратып, басып шығарды.
Жоғарыда аты аталған ишандар мен ахундардың, ойшылдардың, ғалымдардың, ұстаздардың көпшілігі Сыр бойында дүниеге келген.
Дәстүрлі қазақ исламы дүниетанымдық тұрғыда сопылық философияға сүйенеді, ал имам Гарганма Әбу Ханифа мектебі ұстанған жолды айтатын болсақ, олардың ешқайсысының тамыры адамзат тарихының ең көне дәуірлерінен бастау алған жоқ. Мысалы, сопылық дүниетанымның элементтері мұсылман дінінен бұрын да болған.
Діни тақырып мұрасында ақын-жыраулар әдебиетке, рухани құндылыққа, адамшылық принциптеріне, имандылыққа, алланы сүюін жеткізудің, оны уағыздаудың өзіне лайық түрін тауып, қалыптастырған.
Р.Сыздық еңбектерінде [3] діни сөздердің әдеби тілге енуі және сіңуі ортаазиялық түркі жазба ескеткіштерінің қазақ тіліне тигізген әсері, жемісі саналады. Өйткені ортаазиялық жазба ескерткіштерінің қазақ тіліне тигізген әсері, жемісі саналады. Өйткені ортаазиялық жазба ескерткіштерімен танысу тек мұсылманша сауатты адамдардың еншісіне тиесілі болғаны мәлім. Сондықтан Құран сүрелерін, аят-хадистерін оқыған көзі ашық, сауаты бар ақындардың тіліне діни элементтердің енуі заңды. Тіпті қазақтың сауатты адамдары өздерінің оқығандығын, білімділігін көрсету үшін өзі білетінін өзгелерге жеткізу мақсатында оқыған дүниелерін ұғып-түсінгендерін байқату үшін жаңа сөздерді, дін сөздерін өлеңдеріне енгізуді дәстүрге айналдырған, өйткені өмірлік салттары осылай еді.
Қазақ даласына Құранмен жарыса ортаазиялық жазба түркі әдебиетінің ірі мәтіндері - қисса-дастандар кең таралған. Діни қисса-дастандармен қазақ халқы сол кездің өзінде жақсы таныс болды. Жалпы қарапайым халықтың осы тектес әдебиетпен таныстығы дастандардың ауызша түрде таралуының нәтижесі еді. Ал ауызша таралу кезінде бөтен сөздердің тілге икемделуі жүреді. Кейін келе, бірте-бірте халық арасында қисса-дастандардың бірнеше варианттары пайда болды. Ауызша жеткізудің ерекшелігі де, қисса-дастандардағы, кейбір жекелеген ақындардың жырларындағы, толғауларындағы араб-парсы элементтерінің көп болуының да, олардың көбі діни сөздер болып келуінің де себебі де - осындай жағдайлардан туындайды.
Діни сөздер біздің тілімізге негізінен жазба тіл арқылы енетіндіктен, араб-парсылық төркініндей мазмұны мен тұлғасын сақтайды. Әрине, мұндайда жазу факторының әсері мен басымдығы сезіледі. Ислам дінін уағыздаған, діни канондарды жеткізуші кітаптардан енген сөздер қазақ тіліне ену барысында грамматикалық тұлғалық, кейбір фонетикалық өзгерістері болғанымен, жоғарыда айтып өткендей ақындардың өлеңдеріндегідей түпнұсқалық мағынасы, тұлғасы сақталған.
Шәді ақын өлеңдерінің дені діни тақырыпта жазылған туындылар болғандықтан, діни сөздер жиі қолданылады. Діни лексика элементтері дінді арнайы сөз еткен немесе оны насихаттап, үгіттеген шығармаларда көбірек кездесетіні заңдылық болса, Шәді ақын шығармаларында да сол заңдылық бар.
Шәді ақынның діни тақырыптағы шығармалары - оның діни көзқарастарының жиынтығы, діни танымның нәтижесі.
Діни тақырып жыраулар мұрасы арқылы алғаш көрініс тапқан, бізге жеткен діни сарындағы дидактикалық шығармалар ғана қазақ әдеби тілінің лексикалық қорында діни сздердің өмір сүруін қамтамасыз еткен. Онымен бірге жалпы халық арасына кең тараған, жаппай қолданылған дін тақырыбын қамтыған синтаксистік стильдік құрылымдар, діни лексика негізінде қалыптасқан фразеологизмдер бар. Мұндай құрылымдардың көбі Алла атымен, Құдай есімімен байланыстырылады және әдет-ғұрыпқа орай қалыптасқан.
Діни лексика элементтері көркем стильде, публицистикалық стильде, ғылыми стильде де кездеседі. Олар осыған дейін маркерленген элементтерге жатқызылмады. Бұлай болуы қазақ халқының отырықшы емес, көшпелі өмір салтын кешуінде, Құранды бәрі бірдей оқи алмауында, Құран сүрелерін ауызша жаттап алып, қайталап айтуында жатыр.
Бүгінгі таңда әдеби тіліміздегі діни стиль туралы сөз қозғауды уақыт талап етіп отыр. Себебі, қазіргі әдеби тілде діни лексика элементтері жанданып, белсенді қолдануда; адамдардың санасында, танымында өзгерістер жүруде; ең бастысы, дінге арналған таза ғылыми теологиялық еңбектер, зерттеулер шыға бастағалы діни стильдің нысаны айқындалды; оның қалыптасуына игі әсерін тигізуші алғышарттар жасалуда; діни стил туралы көзқарас жандануда.
Қазақтың ғасырлар бойғы тарихын, наным-сенімін, тұрмыс-тіршілігін, шаруашылығын, салт-дәстүрін, мінез-құлқын, адамгершілігін, сұлулығын танытатын энциклопедия ретіндегі тіліміздің өзегі - ұлттық дүниетанымның сақтаушысы, қазынасы қызметі. Осыны негізге ала отырып, қазақ тілінің қатпарларынан мәдениетіміз бен тарихымызды іздестіру, ұлтымыздың адамзат мәдениеті арасындағы орнын айқындау, оның рухани тамырын білу үшін ұлттық тілге терең бойлау - ғылыми тұрғыдан дұрыс жол. қазіргі тіл білімінің когнитивтік бағыты мен лингвомәдени негіздеріне. Бұл тұрғыда дін мен мәдениеттің дамуында тіл мен діннің алатын орны зор.
Тіліміздегі діни наным-сенімге қатысты сөздер мен сөз тіркестері тіл байлығы ретінде сөз өнерінің өрісін кеңейтпейді, т.б.. Біздің өмірімізде отбасымыз өміріміздің байлығы болып табылады және оның күш-қуатын жинақтауда рөл атқарады. сипаттамалары.
Шәді Шығыс үлгілі әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларын құмарта оқиды. Ол араб, парсы, шағатай тілдерінде жазылған әдеби шығармалармен еркін танысып, солардан көп үлгі-өнеге алған. Шәді ақын өз заманында хикая сияқты парсы тіліндегі өлең жолдарын да көп қолданған.Сөзде сөз жоқ. Бұл ретте басты назар дінге аударылады. Шәді Жәңгірұлының тілінде діни лексика өте көп.
Мы са лы : Бисмиллаһ, Құран, Хадис, ғибадат, па йға мба р, пешене, т.б.
Мұхаммед. Арабтардың діни, саяси, әскери және қоғам қайраткері, ислам дінінің негізін салушысы.
Он сегіз мың әлемге сәруар болған Мұхаммед,
Отыз үш мың асхабқа раһбар болған Мұхаммед, -
Жебірейіл Расулға айтты: Иә, Мұхаммед,
Бір Құдай сәлем айтты сізге шексіз:
Жолына жолбарыстың туын беріп,
Жіберіп жалғыз өзін осы мезет,
Майданға жалғыз барсын Әли шерім.
Тахсин ғыб құдіретімді көрсін менің! (Ш.Ж.).
Фазылыңмен рақым айлап кешіргейсің,
Пәнденің іс, пиғылы бұрыс кетсе.
Ғаламнан он сегіз мың әуел бұрын,
Жаратқан Мұхаммедтің Алла нұрын. (Ш.Ж.).
Пайғамбар.
Нұқнабит пайғамбардай дуа қылып,
Дүниеде дұшпаныңның бәрін қырсаң.
Рүстемдей сахибқыран болсаң батыр,
Залзардай әрбір істе тапсаң ақыл (Ш.Ж.).
Пайғамбар үммәтінің халін көріп,
Қолынан ол пәнденің тұтар келіп.
Көпірден сүріндірмей өткізеді,
Күнәкер пенделері жәрдем беріп.
Ибраһим пайғамбарға Ұлы баба,
Ат қойған Ғалилім деп оған Алла.
Ұл-қыздың мәртебесін нәсіп етіп,
Киелі, қасиетті болған дана.
Ысқақтан көп пайғамбар туып өсті,
Баршасы әулетіне жол көрсетті.
Кезінде игілікті істер жасап,
Бәрі де бұл дүниеден өтіп кетті
Ағзам - аса мәртебелі, ұлы [2, 16].
Әуелі Ағзам Ханифа,
Нұғыман деп қойған нәмдарын.
Жүз мәрте көрген түсінде,
Раббысын АршыАғланың (Ш.Ж.).
Раббысын Аршы Ағланың.
Аспанда Ағзам атанды,
Ажыратып патша жанжалын.
Тақуалы қартық қылар-ды,
Қорқынышын ойлап Тағаланың.
Имам Ағзам бір хажда,
Ішіне кіріп Қағбаның (Ш.Ж.).
Тажалды кейін өлтіріп,
Алғанда дүние жайларын.
Үкімін ұстар барлығы,
Мазхабын ұстар Ағзамның! (Ш.Ж.).
Бабалар салған сара жол
Имам - Ағзам мәзһабы,
Халқымның салт - дәстүрін
Шариғатпен ұштады (Ш.Ж.).
Сол түні көрген Пайғамбар,
Аспанда Ағзам аруағын.
Шырағы бол деп үмбеттің,
Сол жерде айтқан,аңлағын! (Ш.Ж.).
Хазірет Хызыр ладуннан
Білерін барлық халдарын,
Тәлім алған Ағзамнан,
Мәселе етіп кем-тарың (Ш.Ж.).
Сахи.
Бір халықпыз қырғыз, қазақ қатар жатқан,
Жақынбыз бір-біреуге ноғай, сарттан.
Біздің де ішімізде өзгелердей,
Байларымыз, сахилар бар дәулеті артқан (Ш.Ж.).
ПісмілләБісіміллә - бір нәрсеге кірісер алдында айтылатын, Алланың атымен дегенді білдіретін ишарат сөзі (683б).
Бисмиллаһ. Бисмиллаһ - Би сми лләһи р - рахманир - ра хи м сөзінің қы сқа нұсқа сы . Қа си е тті Құра н Кәрімнің сүре ле рі Би сми лләһи р - ра хма ни р- ра хи м сөзіме н ба ста лға н. Қа за қша ма ғы на сы А са ме йрімді А лла һты ң а ты ме н де ге н ма ғы на бе ре ді. Би сми лла һ - Құра н Кәрімнің кілті. Қа си е тті Ләху л - ма хфу зда жа зы лға н, а лға шқы сөз Би сми лла һ. А да м па йға мба рды ң а лға шқы сөзі: Би сми лла һ.
Бісмілләһі Рахманыр-Рахим!
Бір кітап Алты бармақ қойған аты,
Сиярдан алынғантын арғы заты (Ш.Ж.).
Бісміллә деп оң қолын қыз шығарды,
Кесілген қол сау болып бітіп қалды (Ш.Ж.).
Пешене. Діни на ны м бо йы нша әркімге әу е лде н бе лгіле ніп қо йы лға н А лла та ға ла ны ң бұйры ғы .
Жазбаса пе ше не ге , жа ғда й мәлім,
Қа нша ма қи на п жа нды ,қы лға нме н за р (Ш.Ж.).
Рақым.
Шын тілесең жеткізер тілегіңе,
Рақым қылар көтерген білегіңе.
Ұлды беріп, құдайым қызды беріп
Өсіп-өнген тартқайсыз сүреңіне (М.Б.).
Қорыта айтқанда, ақын Шәді төренің қазақша аудармасы болса да араб сөздерін қолданған жерлері өте көп. Сонымен, кезінде түрлі діни мектеп-медреселерде оқып, араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерген, сол арқылы араб поэзиясынан еркін сусындаған, Ислам тарихы мен араб әдебиетін терең білетін қазақтың ғұлама шайыры Шәді төре Жәңгірұлы қазақ көркем сөз өнерін мазмұн мен норма жағынан байыта түсуге өзіндік үлес қосты. Ол шығыс классикалық поэзиясына тән нәзирә дәстүрін жанжақты меңгеріп, қазақ оқырманының талап-тілектеріне сәйкес келетін шығармалар жазды.
Ал, Мұсабек Байзақовтың шығармалары көптеген жылдар бойы назардан тыс қалдырылып келді. Мұның түрлі себебі болса да, соның ішіндегі ең бастысы - кеңестік кезеңде әдебиетті, ежелден келе жатқан көне мұраны таптық көзқараспен баға беретіндігіне байланысты. Әдеби зерттеушілер дінге қатысты қожа, молда, төре т.б. сөздерге тоқталмай, ондай сөздерді айналып өтіп, оларға жоламауға тырысты. Бұндай сөздер үстем тап өкілдері деп немесе дінді насихаттаушылар деп түсіндірілді. Кейінгі жылдардың өзінде Молда Мұсаның өлеңдер жинағы Жазушы баспасында ұзақ уақыт жатып, шықса да, қысқартылған нұсқасы шығарылғаны сондай көзқарасқа байланысты.
Шәді ақынның шығармашылығы қашанда зерттеу нысаны болғанымен, оның өлеңдері рухани-мәдени лексика тұрғысынан мазмұны жағынан жүйеленбеген, қазақ тіл білімінде арнайы зерттелмеген. Сондықтан да Шәді ақын шығармаларындағы рухани лексиканың ұлттық мәдениеттегі қолданыс орнын анықтау зерттеу жұмысының мазмұнын айқындайды.
2.1 Көркем мәтіндегі Алланың сипаттары мен діни ұғымдарға байланысты атаулардың танымдық қызметі
Халықтың қалыптасқан салт-дәстүріне, мәдениетіне сәйкес оның неше түрлі ұғымдарын білдіретін сөздер де әртүрлі тілде өзіндік ерекшелігімен бейнеленіп, оған сай тілдік концептілер жүйесін құрайды. Сондықтан олар осы тіл тобының тұрмыс-тіршілігін көрсетеді және белгілі бір дәрежеде осы мәдениеттің ерекшеліктерін бейнелейді. Осыған байланысты поляк ғалымы А.Вежбицкая дүниенің біртұтас тұжырымы (концептуализациясы) жалпы имплицитті сипатқа ие және әр тілдің ерекшеліктеріне сәйкес қалыптасқан әртүрлі тілдердің түсіндіру сипаты, концептуалды жүйесі біртұтас деп есептейді [4]. Яғни, тілдердің сөздік қорының алуан түрлілігі әртүрлі мәдени қауымдастықтың өзекті құндылықтарына сәйкес келеді. Сондықтан А.Вежбицкая кез келген мәдениетті тілдегі тірек сөздер арқылы зерттеп, анықтауға болатынын алға тартады. Тіл мен мәдениеттің арақатынасын анықтаған кезде бұл әмбебаптық көп жағдайда танылып, жалпы алғанда ғалымның мәдениетті тіл арқылы тану туралы тұжырымы зерттеудің бұл түрінде теориялық-әдістемелік негіз ретінде пайдаланылады. Дегенмен, Мәскеу семантикалық мектебінің көрнекті өкілі Ю.Апресянның дұрыс лингвистикалық талдауда семантикалық ерекшеліктерге тиісті көңіл бөлінбейді деген күдігімен де келісеміз [5].
Сондықтан осы заңдылықтың тілдегі нақты көрінісін, тілдік механизмін, екіншіден, бұл құбылыстың нақты тілдерге, нақты тілдік деректерге сүйенген талдаулары арқылы ерекшеліктерін анықтаудың мәні ерекше. Себебі, А.Шмелев атап көрсеткендей: Бір жағынан, тіл экстралингвистикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz