Халықтық педагогиканы пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің жолдары


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
ӘОЖ (ҒТАМР) 373. 3. 016:811. 512. 122 (043)
ЕРҒАРАЕВА ҰЛДАНА ӘБДРАЙМҚЫЗЫ
Қазақ отбасы дәстүрлері арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мінез-құлық нормаларын қалыптастыру
7М01301 - Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау
7М01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламалары
педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін орындалған диссертация
Ғылыми жетекші:
п. ғ. д., профессор Альмухамбетов Б. А
Қорғауға жіберілді:
Педагогика және психология
институтының директоры
п. ғ. к., доцент Абаева Г. А.
__ « __» 2023 жыл
Бастауыш білім беру кафедрасының
меңгерушісі Жұмабаева Ә. Е. п. ғ. д., профессор
Ғылыми семинар төрайымы А. С. Амирова, п. ғ. д., профессор
Алматы, 2023
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ . . . 5
1 ҚАЗАҚ ОТБАСЫ ДӘСТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ НОРМАЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 9
- Қазақ отбасы дәстүрлерінің педагогикалық-теориялық мазмұны . . . 9
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесінің мәні мен мазмұнына бүгінгі көзқарас . . . 25
1. 3 Отбасында балаларды халықтық дәстүр негізінде адамгершілікке тәрбиелеу42
2 ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ НОРМАЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ЭКСПЕРИМЕНТ МАЗМҰНЫ . . . 52
2. 1 Халықтық педагогиканы пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің жолдары . . . 52
2. 2 Бастауыш сынып оқушыларын халықтық дәстүр негізінде адамгершілікке тәрбиелеуде «Адамгершілік тағылымы» бағдарламасының жобасы, оның мазмұны . . . 64
2. 3 Бастауыш сынып оқушыларын халықтық педагогика негізінде адамгершілікке тәрбиелеудегі эксперименттік- тәжірибелік жұмыстың мазмұны . . . 75
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 88
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 91
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстанның әлемдік білім беру қауымдастығына кірігуі және оның дүние жүзінің жоғары білімді елдерінің қатарында лайықты орын алуға ұмтылысы, заманауи өркениетті сын-тегеуріндері ағымында XXI ғасырдағы жаһандық әлеуметтік сұраныс мәртебесіне ие болатын тұлғаның рухани адамгершілік тұрғыда дамуына қажеттілік артып отыр. Осы тұрғыдан адамзат капиталын, ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуда, қоғамның рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарын сақтауда білім берудің рөлін өзектілеуге бағдарлау Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында көрсетілген. Тұңғыш президентіміздің 2017 жылдың 12 сәуірінде жарияланған «Рухани жаңғыру - болашақ бағдары» мақаласындағы «Ұлттық жаңғыру деген ұғым ұлттық сананың кемелденуін білдіретіндігін, Қазақстан халқының бойларында «ұлттық салт-дәстүрі, тілі мен музыкасы, әдебиеті, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухы мәңгі қалуға тиістігін» ескерсек, бастауыш сынып оқушыларының қазақ отбасы салт-дәстүрі арқылы адамгершілік мінез-құлық нормаларын қалыптастыруын зерттеу қажеттігі арта түседі[1] . Өйткені, тұлғаның қазақ отбасы дәстүрлерін игеру деңгейі құндылық бағдарларға, мәдениетке, адамгершілік мінез-құлық нормаларының қалыптасуына ықпал етеді.
Сондықтан да ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты болып «Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру; тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу барысында жалпы адамзаттық құндылықтарға мән беру; ғылымның ел экономикасына қосатын үлесін ұлғайту» болып табылады [2] .
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында (2 қыркүйек, 2019 ж. ) Шын мәнінде, педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігі жоғары болуымен қатар педагогика саласында жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге бағыт алған, рухани дүниесі бай, шығармашыл тұлға, оның кәсіби шеберлігі әдістемелік жұмыстағы шеберлігімен ұштасып, ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесін таратып жүрген ұстаз ретінде көрінуі шарт екендігі айтылған [3] . Өйткені, кәсіби білікті және шығармашыл ұстаз ғана бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыра алады.
Дей келе, жас ұрпақ интеллектуалды-ақпараттың басымдығы жағдайында адам бірқатар «тұлғалық негізді» меңгеруі керек. Мұндай «негізді» қалыптастырып, игеруге көмек беру - бастауыш сынып мұғалімінің маңызды міндеттерінің бірі, ал оны маңызды бөлшегі ұлттық салт-дәстүр болып табылатын өз халқының мәдени мұраларынсыз тиімді шешу мүмкін болмас еді.
Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам». 2022 жылғы 1 қыркүйек, «Білімді ұлт», «Сапалы білім беру» 2021 жылғы 12 қазандағы ұлттық жобасында көрсетілгендей. Еліміздің басты құндылығы - адам. Бұл - айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру - реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды[4] . Яғни, адамның ұлттық саулығы, ұлттық санасы жақсы болса, эмоционалды-эстетикалық әсері рухани-адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді, соның нәтижесінде эстетикалық әсерленумен қатар тұлғаның адамгершілік мінез-құлық нормаларының қалыптасуы жүзеге асады. Бұл қазақ отбасы дәстүрлері бастауыш сынып оқушысын мектепте адамгершілік мінез-құлық нормаларының қалыптастырудың өзектілігіне назар аударуды талап етеді. Ал бұл болса, өз кезегінде мектептің оқыту үдерісі арқылы бастауыш сынып оқушыларымен мақсатты бағытталған және әдістемелік тұрғыда оқушылардың адамгершілік мінез-құлық нормаларының қалыптастыру міндетін шешуге мүмкіндік берер еді. Жас ұрпаққа адамгершілік, имандылық, ізгілік, еңбек, дене, эстетикалық сондай-ақ, экономикалық, экологиялық, құқықтық, кәсіби және діни тәрбие беру бір-бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте жүзеге асырылуы тиіс. Тәрбие берудің бұл түрлерінің брқайсысының өзіндік мазмұны, өзіндік бағдары, өзіне тән - қызметі бар. Бүгінгі күнде болашақ ұрпақ тәрбиесі ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазынадан нәр алумен ұштастырылып жүргізілуі талап етіледі. Біздің қоғамның тәлім-тәрбие тәжрибесі көп жылдар бойы біржақтылықпен жүргізіліп келді, жалпыадамзаттық құнды игіліктерден оқшауланып, ұлттық тәрбиенің бай мұрасын игеруге көңіл бөлінбеді. Мұның өзі жас ұрпақтың басым көпшілігінің өз халқының тарихын, тілін, дінін, әдет-ғұрып, салт-санасын, ұлттық дәстүрлерін жете білмеуіне әкеп соқты. Халықтық педагогика-көп арналы, қыр сыры мол, күрделі ғылым. Ол ұлттық өмірге немқұрайлы қарайтын жас ұрпақты қазақтың рухани материалдық мәдениетін толық меңгерген, тарихын, әдет- ғұрпы, салт-сана, дәстүр, тәлім-тәрбие, адамгершілік қасиеттерің бойына сініріп, ұлтын сүйетін азамат болып өсуін қамтамасыз етуге тиіс. Халықтық педагогика-тәрбиенің бастауы және қайнар бұлағы ол-тәрбие жөніндегі халықтың білімі мен тәрбиесі. Халықтық педагогика туралы ежелгі ойшылардың, ғалымдардың ойлары бүгінгі зерттеулерде жалғасып келеді. Бұл салада қазақ халқының тәлім-тәрбие мұрасына ерекше мән беріп зерттегендер (біз бұл жерде профессор С. К. Қалиевтың көп жылдық жұмысының нәтижесі ретінде жазылған диссертациялық еңбегін басшылыққа аламыз. «Қазақтардың халықтық педагогикасындағы тәрбилеу мен оқытудың ғылыми-педагогикалық негіздері»/ [5] . Бұл ғылыми еңбекте автор Қазақстанда халықтық педагогиканың өріс алуы мен қанат жаюын бірнеше кезеңдерге бөледі:
І кезең. ұлттық тәрбие, халықтық салт-дәстүрлер туралы алғашқы ойлар мен көзқарастар демократ-ағартушы ғалымдар Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин және XIX ғасырдың екінші жартысындағы ғалым- этнографтар: Э. С. Вульфсон, П. С. Памас, А. Вамбери, А. Левшин, Н. Л. Зеланд, А. Янушкевич, В. В. Радлов, Г. Потанин еңбектерінде көрсетіледі.
II кезең: XX ғасырдың 20-30жж. осы мәселемен арнайы айналысқан А. Диваев, А. Байтүрсынов, C. Торайғыров, М. Дулатов, Н. Құлжанова, М Әуезов.
III кезең: 40-50 жыл үзілістен кейін 1970-1990 жылдары қазақ халқының салт-дәстүріне деген дұрыс көзқарас қалыптасып, бірнеше еңбектер жарық көрді. Осы еңбектердің авторлары: И. Оршыбекова, C. Қалиев, К. Сейталиева, Ә. Табылдиев, C. Ұзақбаева, М. Құрсабаев. Еліміздің егемендік алуымен байланысты ұлы ағартушыларымыздың ( Ш. Уәлиханов Ы. Алтынсарин. А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов т. б) салып кеткен сара жолы, олардың еңбектері ғылыми тұрғыдан зерттеліп бірнеше диссертациялық, докторлық жұмыстар қорғалды. Соңғы жылдары арнайы халықтық педагогиканы зерттеген көршілес мемлекет ғалымдары: Г. Н. Волков, E. Н. Ханбиков, А. Э. Измайлов, Н. С. Сафаров, Раджабов т. б. Қазақстан Республикасы бойынша халықтық педагогиканың жалпы педагогика, психология, философия ғылымдарындағы алатын орны, оның тарихи даму жолын ғылыми тұрғыдан мәнін, мақсатын, мазмұнын, методологиялық негізін ашуда елеулі үлес қосқан көрнекті ғалымдар: Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Қ. Сейсенбаев, Х. Арғынбаев, Н. Сарсенбаев, С. Ұзақбаев, К. Ж. Қожахметова, A. Мұханбаев т. б. Бұл зерттеулерде «Халық педагогикасы» ұғымын әртүрлі мазмұн-мағынада түсіндірген. Оның тәрбиелік ролін анықтау кезек күттірмейтін мәселе. Ал хальқ педагогикасының зерттеу негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, ойындары, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері жатады. Бұл анықтамалардан тәрбие мен оқыту жұмысы халықпен бірге өскен, бірге дамығандығын сан ғасырлар бойы халықпен қатар жасап, оның озық үлгілерін келер ұрпаққа мирас етіп келе жатқанын білеміз.
Соңғы жылдары әлемдік, отандық, ұлттық негізде кеңінен білім, тәрбие беру міндетіне сай Республикамызда ондаған жаңа концепциялар, тұжырымдамалар, бағдарламалар және Заңдар қабылданды. («Білімді ұлт», «Сапалы білім» Ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазанындағы №726 Қаулысы) [6] . Бірақ тәжірибе жүзінде олардың толғымен іске аспай жатқаны анық. Мемлекетіміздің қазіргі жағдайындағы тәрбие жұмысында ғылыми-теориялық негізінің аздығы мен практикалық мұқтаждықтың арасындағы қайшылық айқын байқалады. Осы қайшылықтың шешімін табу бізге диссертациялық жұмысымыздың тақырыбын «Қазақ отбасы дәстүрлері арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мінез-құлық нормаларын қалыптастыру» деп алуға мүмкіндік болды. Мұның бәрі қазақ отбасы дәстүрлері арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мінез-құлық нормаларын қалыптастыруын зерттеудің маңыздылығын өзекті етеді.
Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру үдерісі.
Зерттеу пәні: оқу - тәрбие процесінде халықтық педагогиканың озық салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Зерттеу мақсаты: қазақ отбасы дәстүрлері арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мінез-құлық нормаларын қалыптастыруды теориялық негіздеп, әдістемелік жолдарын көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
- педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді талдау арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мінез-құлық нормаларының мәнін, құрылымы мен мазмұнын анықтау;
- қазақтың ұлттық дәстүрлері арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың компонеттерін, деңгейлері мен көрсеткіштерін анықтау;
- қазақтың ұлттық дәстүрлері арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мінез-құлық нормаларын қалыптастыру моделін дайындау;
Ғылыми жаңалығы: бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мінез құлық-нормаларының мәнін, құрылымы мен мазмұнын анықталды; бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мінез құлық нормаларын қалыптастырудың компонеттері, деңгейлері мен көрсеткіштері айқындалды; бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мінез-құлық нормаларын қалыптастыру моделі дайындалды; бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мінез-құлық нормаларын қалыптастыру әдіс-тәсілдерін көрсетілді.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
- халықтық педаготика негізінде бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу үдерісі тиімді болуы мүмкін, егер де, халықтық педагогиканы озық идеялы негізінде бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің тұтас жүйесі құрылыса.
- педагогикалық ұжымның әрбір мүшесі ұлтың өзіндік ой-санасы халықтың жағдайын есепке алса және ұлттық тәрбие негізінде адамгершілік іс-әрекетке халықтық педагогикаға үйретпесе бастауыш сыныптарда ұлттық дәстүрлерді сабақатарда, сабақтан тыс жұмыстарда пайдалану қарастырылса.
Зерттеудің негізгі идея: халықтық педагогиканың озық дәстүрлері арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде гуманизация бағыты жалпы адамзаттың ұлтаралық және ұлттық бірлікке тірек ету.
Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы саласында басылым көрген тарихшылардың, әлеуметтанушылардың, әдебиетшілердің, ақын- жазушылардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері; Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары мен құжаттары (Конституция, Білім, тәрбие беруге арналған тұжырымдамалар мен бағдарламалар) ; мектеп пен арнаулы орта және жоғары оқу орындарының озат тәжірибелері. Зерттеу кезеңдері: I кезеңде (2022 жылдың екінші жартысы ) зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық, психологиялық, әлеуметттік, оқу- әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды. II кезеңде (2023 жылдың бірінші жартысы) деректі материалдар жинау жалғастырылды. Проблеманың зерттелу деңгейі анықталды. Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру мақсатында мұғалімдермен бірлескен жұмыстың әдістемесі жасалынды. Оның мазмұны мен әдіс тәсілдері педагогикалық тәжірибелік эксперимент жүзінде тексерілді. Эксперимент нәтижелері сұрыпталып өңделді. Қорытынды нәтижелер кестеге түсіріліп, нақтылы тұжырымдар мен нұсқаулар жасалды.
Зерттеудің әдістері: философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау, мектеп құжаттарымен ( ресми материалдар, жоспарлар т. б) танысу, мектептің жұмыс нәтижелерін салыстыру, сұрақ, жауап, әңгімелесу, отбасы дәстүрлерін зерттеу, педагогикалық бақылау, экеперимент, математикалық- статистикалық өңдеу.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: зерттеу проблемасы саласында басылым көрген тарихшылардың, әлеуметтанушылардың, әдебиетшілердің, ақын- жазушылардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері; Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары мен құжаттары (Конституция, Білім, тәрбие беруге арналған тұжырымдамалар мен бағдарламалар) ; мектеп пен арнаулы орта және жоғары оқу орындарының озат тәжірибелері.
Зерттеу базасы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, «Bilim school» мектебі.
Зерттеу жұмысының жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- қазақ отбасы дәстүрлері арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды;
- қазақ отбасы дәстүрлері арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мінез-құлық нормаларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар үлгісі жасалды;
- қазақ отбасы дәстүрлері арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері ұсынылды;
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: бастауыш сынып оқушыларының бойында қалыптасқан ң құнды қасиеттерге арналған «Адамгершілік тағылымы» деп аталатын бағдарламаның жобасы жасалып мектеп тәжірибесіне ұсынылды. Бұл бағдарламаны мұғалімдердің білімдерін жетілдіру курстарында және бастауыш сынып мұғалімдері өз іс-тәжірибесінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- қазақ отбасы дәстүрлері арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды;
- қазақ отбасы дәстүрлері арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мінез-құлық нормаларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар үлгісі жасалды;
- қазақ отбасы дәстүрлері арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері ұсынылды;
Қорғауға ұсынылатын жағдайлар:
- қазақ мектептерінде бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдалану арқылы «Адамгершілік тағылымы» бағдарламасының жобасына сипаттама;
- бағдарламаның негізінде бастауыш сынып оқушыларын адамгершікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктері;
- тұтас педагогикалық процеске бастауыш сынып оқушыларын халықтық педагогиканың озық дәстүрлері негізінде адамгершілікке тәрбиелеудің жалпы әдіс-тәсілдеріне сипаттама.
Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бастауыш білім беру кафедрасындасының мәжілісінде талқыланды.
Жұмыста қарастырылған мәселелер бойынша республикалық ғылыми-әдістемелік журналда 3 мақала жарияланды.
- Халықаралық ғылыми -педагогикалық конференция «ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЗЕРТЕУ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ:ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР». «Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру» тақырыбында 784-788бетте жарияланды.
- Халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ «ULY DALA USTAZY» INTERNATIONAL SCIENTIFIC-EDUCATIONAL JOURNAL «Адамгершілік және саналы тәртіпке тәрбиелеудегі халық педагогикасының рөлі» тақырыбында 12-14 бетте жарияланды.
- Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналы «Мектептің оқу-тәрбиеісінде халық педагогикасын пайдалану» тақырыбында 32-35 бетте жарияланды.
Диссертация жұмысының құрылымы: «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Атаулар мен қысқартулар» деп аталатын құрылымдық элементтерден, кіріспе, екі бөлім және қорытындыдан тұрады.
Жұмыстың соңында қолданылған әдебиет көздерінің тізімі берілген. «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар» деп аталған бөлімдерде зерттеу жұмысын орындау барысында пайдаланылған терминдерді тағайындау мен нақтылауға қажетті анықтамалар, ресми құжаттарға нормативтік сілтемелер келтірілген.
Диссертацияның зерттеу нәтижелерінің сенімділігі, мақұлдануы, тәжірибеге ендірілуі отандық және шет елдік тарихи педагогикалық, психологиялық-педагогикалық еңбектердегі теориялық-әдіснамалық қағидаларды басшылыққа алуымен, тұжырымдарға негізделуімен, зерттеудің мақсатына сай теориялық, эмпирикалық әдіс-тәсілдерді қолдануымен, алынған нәтижелерді қорытындылауымен қамтамасыздандырылды.
Кілт сөздер тізбесі: дәстүр, халықтық педагогика, отбасы тәрбиесі, адамгершілік тәрбие.
I тарау. Қазақ отбасы дәстүрлері арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың теориялық негіздері
- Қазақ отбасы дәстүрлерінің педагогикалық-теориялық мазмұны
Қазіргі еліміздің мәдени, саяси әлеуметтік және экономикалық даму өзгерістері орта және жоғарғы мектептерді демократияландыру, ізгілендіру сайып келгенде, білім беру жүйесінде жас ұрпақты білімді, дарынды етіп тәрбиелеу мен оқытудың сапасын арттырып, жас ұрпақты қоғамдық өмірге даярлау ісінің маңыздылығын көрсетіп отыр. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған қазақ отбасы дәстүрлерінің түрлері сан алуан.
Қоғамымыздың бір бөлшегі отбасы, қоғамдағы экономикалық-әлеуметтік өзгерістер отбасынан көрініс табады. Қоғамымыздағы жаңа әлеуметтік-қоғамдық өзгешеліктер әсерінен отбасындағы психологиялық және моральдық ахуал біртіндеп біртіндеп өзгеріске түседі. Әлеуметтік-қоғамдық жағдайлардан басқа да биологиялық, психологиялық және демократиялық жағдайлар отбасының өзгеріске ұшырауына әсер етеді. Отбасындағы мінез-құлықтар, моральдық құндылықтар бірден өзгеріп, жаңарып кетпейді, сол себепті де бұрыңғы ата-бабаларымыздан қалыптасқан отбасылық психология тұрақты болады.
Қай ғасырда да болмасын адамзат баласының ең бірінші алдына қойған мақсат-мұраты - өзінің өмірінің жалғасы, өзінің тәжірибесін жалғастыратын саналы, салиқалы, салауатты, сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сол себепті, болашағын берік ететін басты фактор ол ұрпақ тәрбиесі.
Алайда біз ата-бабаларымыздың көне тәжірибесін орынды пайдалана алмағандықтан және ұлттық дәстүрлеріміз тұла бойымызға толық сіңірілмегендіктен, біз тәрбие тетігінен айырылып қалудың сәл алдында қалдық. Адам ең алдымен өміртануды және дүниетануды өзінен бастаған жөн. Егер де біз өзіміздің ұлттық салт-дәстүрлерімізді түп-тамырымен дұрыс сезіне алмасақ онда басқа ұлттардыңда салт-дәстүрін құрметтей алмаймыз. Яғни өзге ұлттың жан дүниесін түсіне алмаймыз. Ол үшін ең алдымен, әр жан өзінің ұлттық салт-дәстүрін жете түсініп, бойына сіңіре отырып, қастерлей білуі қажет.
Адамзаттың қоғамдық даму тарихында қалыптасқан оқыту мен тәрбие, оның теориясы мен тәжірибесін жетілдіру барысындағы тәрбиелік және маңызы жайлы Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская, В. Г. Белинский, А. В. Лучаринский, А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий, В. А. Сухомлинский, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. П. Сейтешов, Н. Н. Хан, Н. Д. Хмель, М. Ә. Құдайқұлов, А. А. Бейсенбаева, Қ. К. Жампейісова, В. В. Трифонов, Г. Т. Хайруллиндер өздерінің құнды педагогикалық ой-тұжырымдарын қалдырды.
Бала тәрбиесі қай заманда болмасын ерекше маңызға ие. XXI ғасырдағы түрлі толасыз мәліметтер, қоғамдағы күрделі өзгерістер өмір сүріп жатқан жас жеткіншекті тәрбиелеудің күрмеуі қиын, күрделі мәселелері толасыз. Қазіргі дамыған заманда өріс алған қазіргі заманның тәрбие жүйесіне ұлттық тәрбиемізді бойына дарыту одан да үлкен өзекті мәселе болып отыр. Халқымыздың ғасырлар бойы жинақтап, уақыт терезесінен өткен әр тәрбие тәжірибесінің өзекті бір саласы ол ұлттық дәстүрлер жүйесі құрайды.
Ал енді, «дәстүр» сөзінің шығу тарихына үңілетін болсақ, «тұрақты, орныққан дегенді білдіреді». Бұл сөз латынның «tradition» деген сөзінен аударып алынған. «Бірден-бірге беру, бірден-бірге өткізу» деген мағынаны білдіреді [7] .
1-кесте
Дәстүр ұғымына берілген анықтамалар топтамасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz