Форма қасиеттерін өзгерту
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1. Delphi ортасы туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
1.1. Delphi-де жұмыс істеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2 DELPHI - дің артықшылықтары
1.3. Бағдарлама кодының терезесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
1.4. Визуалды бағдарламалаудың негіздері ... ... ... ... ... ... . 16
2. DELPHI.дiң графикалық мүмкiндiктерi және қолданбалары.
2.1 Canvas объектінің қасиеттері
2.2. Delphi ортасынның графикалық мүмкіндіктерін сипаттайтын программа
3. Электрондық оқулық туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
3.1. Электрондық оқулықтардың қолдануы ... ... ... ... ... .. 18
3.2. Оқытудың компыотерлік құралдарын жасау әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23
4. Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27
4.1. Электронды оқулық қашықтықтан оқытудың бір әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 31
4.2. Оқытудың компьютерлік кұралдарының бір түрі тестілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 35
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
Түйін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .. 66
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 90
АННОТАЦИЯ
Қазіргі кезде қоғамдағы берілгендерді өңдеуде автоматтандырылған жүйені күнделікті қолдану барысында берілгендерді енгізу, сақтау және шығару қажет болды. Дипломдық жұмыстың мақсаты "электрондық оқулық құру". Мұнда Delphi ортасында МФТ пәні бойынша электрондық оқулық құрылған.
АННОТАЦИЯ
В данное время при обработке данных автоматизированной системы используется ввод вывод и хранение данных. Цель дипломной работы "создать электронный учебник". Здесь выполняется создание электронного учебника по УМФ в среде Delphi.
ANNOTATION
In the given time at data processing of the automated system the input a conclusion and storage of the data is used. The purpose of degree work "to create the electronic textbook". Creation of the electronic textbook on EMPH in environment (Wednesday) Delphi here is carried out.
Кіріспе
Бастапқыда компьютер болмаған кезде адамдар барлық есептеу, іс-жұмыстары қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады.Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де бар.Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де қабылдауға болады.Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, біз өзімізге тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді.Дами келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады.
XXI ғасыр елімізде қоғамдық информатикаландыруды - мемлекеттік саясаттың негізгі элементтреінің біріне айналып отыр. Қоғамды информатикаландыру - деп информатиканы елдің экономикалық нығаюын қамтамасыз ететін, ғылыми - техникалық прогресін жеделдетін қоғамдық байлық ретінде жаппай пайдалану және жылдам әрі нақты ақпараттар беруді айтамыз. Қазіргі таңда пайдалануға арналған арнайы программалар мен программалар жабдықтары көптен саналады. Сондықтан да осы зерттеудің өзектілігі ретінде компьютерлік программалық тілдердің ішінде танымал, әрі жетілген түрі болып саналып жүрген Borland Delphi 6.0 программалық тілінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы: тест программалары, кезөкелген пәнді үйрететін программалар және т.б. программалар атқаруға болатынын көрсетіп, ұсынып отырмын. Delphi - дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып ,кейінгі жылдары оның бірте - бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6-нұсқалары жарық көрді.Мысалы, 5-нұсқа 1999 жылы ,6-нұсқа 2001 жылдың мамыр айында жарыққа шықты.5,6-нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Тек ,Delphi 6, оған қоса 1991 жылы жарық көрген ,салыстырмалы арзан, Linex операциялық жүйесінің негізінде де жұмыс істей алады Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуге ұсынылып отырылған кітапқа қарастырылмаған кейбір өзгешіліктер енгізілген.
Бүгінгі таңда электрондық оқулықтар барлық мектеп пәндері үшін жасалуда және ол мемлекеттік, қорытынды емтихандарға дайындалуға көмектесетін мәліметтер қоры ретінде пайдаланылуда. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушымен студентті өз мүмкіндігін есепке ала отырып, пән мазмұнын оқып-үйрену барысында өз бетінше жұмыс істеуіне жол ашады. Бұл кезде олардың сабаққа деген кызығушылық пайда болып, белсенділігі арта бастайды. Оқытушы үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық әдістемелік жүйе және оны әрбір оқытушы өзінің педагогикалық тәжірибесіндегі материалдарымен толықтыра отырып, жетілдіреді. Сонымен бірге, электрондық оқулықты пайдалану оқытушының ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі енбегін жеңілдетеді.
Осы мақсатпен мен өзімнің жұмысымда Delрhі программалау тілінде құрылған тестік программаны пайдаланып дайындаған "Функционалды анализдеу пәнінен электрондық оқулық құру" электрондық оқулығы қазіргі техниканың даму деңгейін қамтып, жүйеде жұмыс істеудің оқу құралы ретінде ұсынып отырмын.
1 Delphi ортасы туралы түсінік
1.1 Delphi-де жұмыс істеу
Delphi програмасын iске қосу үшiн бiз ең алдымен Delphi програмасын орнатуымыз керек. Егер программа орнатылған болса, онда оны әдеттегiдей Iске қосу (Пуск) - Программалар (Программы) - Borland Delphi 6 (R) Delphi 6 командалары арқылы iске қосамыз.
Бұл кезде Delphi 6 программасы iске қосылады.
Бұл программаны iске қосқанда ең алдымен Delphi програмасының негiзгi үш терезесi экранда көрiнедi. Бұл терезелердiң 1-шiсi Delphi ортасының негiзгi терезесі болып саналады. Бұл терезеде стандарты батырмалар, аспаптар панелi бар және Delphi - дің барлық компоненттері орнатылған, ал 2-шiсi Delphi ортасының негізгі формасы (Form1) деп аталады. Бұл формада барлық компоненттер орналастырылады, ал 3-шiсi Delphi ортасының объект инспектор терезесi (Object Inspector). Терезеде кез келген компонеттердің қасиеттері, шрифты, түсі, көлемі және компонеттерді бір-бірімен байланыстырады, тағы басқа қасиеттерін өзгертеді.
Жалпы, ортада программа құруға арналған 4-ші, модуль терезесi де iске қосылады (Unit1.pas). Форма терезесiнiң астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрiнбейдi. Delphi-дiң негiзгi терезесiнiң құрамына мәзiр, аспаптар панелi және компоненттер палитрасы енгiзiлген.
Windows-тағы сияқты Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшiн алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компоненттi тышқан арқылы шертуi мүмкiн. Оның әр iс-әрекетi оқиға шақырады. Яғни, оқиға - программаның жұмыс iстеуi кезiнде объект жағдайының өзгеруi.
Delphi-де әр оқиғаға атау берiлiп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесi арқылы формада орнатылған Button1 компонентiн шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.
Әр объектiге байланысты оқиғалар жеткiлiктi Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны - 35. Олар қасиеттер терезесiнiң Events қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi (қосымшасы) тiркестiрiлiп жазылған. Ол - атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн белгi.
Delphi-де программа (проект) екi бөлiмнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берiлетiн проект файлы (негiзгi модуль) және unit1. pas атауы берiлетiн модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес iс-әрекеттердi орындайтын программа мәтiнi (процедуралар) енгiзiледi. Программа мәтiнiн программалық код деп, терезенi программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп те атайды. Басында ескертiлгенiндей, Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару тәсiлдерi:
форманы жабу (жабу түймесiн шерту);
код терезесiнiң бiр шетi форма астында көрiнiп тұрса, оны шерту.
Терезе белсендiрулi түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгiсi) көрiнедi. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлiнген класс және процедура атауларынан тұрады (1.5-сурет) т.б.
Жалпы, формадан код терезесiне өту және код терезесiнен формаға өту үшiн F12 клавишiн басу жеткiлiктi. (1.5-сурет) көрiнiп тұрғаны - код терезесiне енгiзiлген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура оқиғаны өңдеуiш не оқиғаны өңдеу процедурасы делiнедi. Процедура дайындамасының жазылу түрi:
Procedure атау (Sender : TObject);
сипаттау бөлiмi
begin
процедура денесi
end;
мұндағы Sender параметрi құрылатын процедураның қай класқа тиiстiлiгiн анықтайды. Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код терезесiнде барлық жарияланулардың құрылымын көрiп шығуға болады.
Тақташадағы батырмалар құрамын өзгерту үшін алдымен тақташаны оң жақ тышқан ьатырмасымен шертіп,шыққан терезедегі тақташалар тізімін және олардың статусын өзгертуге болады.
Пиктограммалық батырмалар арқылы негізгі меню жүйесінің маңызды опцияларына тез арада қол жеткізуге болады.Атқаратын жұмыстарына байланысты пиктограммалық батырмалар 6 топқа бөлінген .Әр топ жеке тақташада орналасады және олардың атқаратын жұмысы төменде көрсетілген.
STANDARD тобы
Объектілер репозитариясын ашу
Бұрыннан құрылған файл ашу
Файлды дискіге сақтау
Дискіге жазып барлық файлдарды сақтау
Бұрыннан құрылған прогамманың жобасын ашу
Жобаға жаңа файлды қосу
Жобадағы файлды жою
VIEW тобы
Екпінді жобаның құрамындағы модульдер тізімінен қажетті модулді таңдау.
Екпінді жобаның құрамындағы формалардың тізімінен керекті форманы таңдау
Форманың терезесінен программа кодының терезесіне және одан кері өту
Жаңа форманы құру
DEBUG тобы
Программаны компиляциялау және орындау
Түзету енгізіп жатқан программаның жұмысын уақытша тоқтату
Қадамдық тексеру ішкі программалардың жұмысын бақылау тәртіпте орындайды.
Қадамдық тексеру ішкі программалардың жұмысын бақыламайтын тәртіпте орындайды
CUSTOME тобы
Delphi ортасының құрамындағы анықтама жүйесін іске қосу
DESKTOPS тобы
Delphi ортасының екпінді күйін сақтау
Түзету тәртібіне сәйкестелген терезелерді орнату
Компоненттер жинағы-Delphi-дің негізгі ерекшелігі.Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып,қажетті компонентті тез табуға арналған белгішілерден тұрады.
Компонент деп белгілі - бір қасиеттері бар және форма терезесінде кез келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті атайды. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген,ол топтарды парақтар деп атайды.Компоненттер көмегімен программаның негізгі қаңқасы құрылады.
1.3 Бағдарлама кодының терезесі
Бағдарлама (немесе модуль) кодының терезесі бағдарламаның мәтінін құруға және оны түзетуге арналған. Бұл мәтін арнайы ережелер бойынша құрылып, алгоритм жұмысын анықтайды. Delphi жүйесінде Pascal тілінің ұлғайтылған және дамытылған нұсқасы Object Pascal бағдарламалау тілі қолданылады.
Delphi ортасы іске қосылғанда бағдарлама кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни минималды қажетті кодынан) тұрады:
unit Unit1;
interface
интерфейстік бөлігі
uses
стандартты модульдер
Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics,
Controls, Forms,
Dialogs;
type
TForm1 = class(TForm)
Button1: TButton;
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;
var
Form1: TForm1;
Implementation
орындалатын бөлігі
{$R *.dfm}
end.
Жаңа форманың кодына Delphi ортасы бұл қатарларды автоматты түрде қосып отырады.
Жобаны құру барысында осы кодқа қажетті өзгерістер енгізіледі. Delphi ортасы unit Unit1; және Implementation қатарларының аралығын өзгертіп отырады, ал бағдарламаушыларының жұмыс аумағы - {$R *.dfm} және end қатарлар аралығы.
1.2 DELPHI - дің артықшылықтары
Delphi тілінің артықшылықтары:
1 Қосымшаны өндеу жылдамдығы;
2 Жасалған қосымшаның өнімділігінің жоғарылығы;
3 Жасалған қосымшаның компьютер ресурстарына төмен қажеттіліктерін талап етуі;
4 Delphi ортасына жаңа компоненттер мен құрылғыларды қосу арқылы қосымшаның жұмысын арттыру;
5 Delphi - дің жеке құралдарымен жаңа компонент пен инструмент құрудың мүмкіншілігі.
1.4 Визуалды бағдарламалаудың негіздері
Delphi ортасындағы бағдарламалау екі процестің тығыз әрекеттігіне негізделген: бағдарламаның құруын визуалды (яғни оның Windows терезесін) көрсету мен бағдарлама кодын жазу. Бағдарлама кодын жазу үшін код терезесі, ал бағдарламаны құру үшін Delphi ортасының басқа терезелері қолданылады.
Форма терезесінің мазмұнымен бағдарлама кодының арасында тығыз байланысты Delphi ортасы мұқият бақылап отырады. Мысалы, формада жаңа элемент орналастыру бағдарлама кодының автоматты түрде өзгеруіне себеп болады, керісінше бағдарламаның кодына автоматты түрде орналастырылған кейбір элементтерін алып тастау әрекеттері формадағы сәйкес компоненттердің жойылуына алып келеді.
Бос форма. Жоғарыда айтылғандай, Delphi ортасы жүктелгенде бағдарлама кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни минималды қажетті кодынан) тұрады. Бұл код функционалды толық деп саналады және ол жұмысқа даяр болып тұрады. FileNew Application опцияларын таңдап бағдарламаны іске қосуға болады.
Форма қасиеттерін өзгерту. Модуль деп бағдарламаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды. Әр жаңа форма құрылғанда жаңа модуль де жасалады. Жалпы бағдарлама құрамында көптеген формалар және олармен байланысқан модульдер болуы мүмкін.
Delphi ортасы әр бағдарламаны компиляциалағанда кеңейтілуі PAS, DFM және DCU файлдарын құрады. PAS- файлында бағдарлама кодының терезесіндегі мәтін көшірмесі, DFM-файлында форма терезесінің мазмұн анықтамасы, ал DCU-файлында алдынғы екі файл мәтінінің машина тіліндегі аудармалары орналасады. DCU-файлы компилятор жұмысының нәтижесі, енді компоновщик (біріктіруші) осы файлды өңдейді, нәтижесінде орындалатын немесе жүктелетін EXE-файлы құрылады.
2.Delphi программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері
Delphi ортасы схемаларды, сызбаларды, түрлі иллюстрацияларды экранға шығаратын программаларды неғұрлым қарапайым жолмен құруға мүмкіндік береді.
Графикалық элементтер объекттің үстіңгі жағында шығарылады (формалар немесе Image компоненті), бұған Canvas қасиеттері сәйкес келеді. Объектінің бетіне графиктік элементтерді (түзу сызық, шеңбер және т.б) шығару үшін осы объектінің Canvas қасиетін қолдану әдісін пайдаланымыз.
Мысалы:
form1. Canvas. Restangle (10,10,100,100);
Бет (Холст);
Қарапайым графиктерді шығару әдісінде сурет салуға болатын абстрактты бет (холст) ретінде Canvas қасиеттері қарастырылады. Бұл бет (холст) жеке нүктелерден-пикселдерден тұрады, олардың әр қайсысы көлденең (Х) және тік (Y) координаталар арқылы анықталады.
Қарандаш және қылқалам
Қарапайым графиктерді бет (холст) бетіне салуды қамтамасыз ететін әдістер үшін, қарандаш және қылқалам қолданылады: қарандашты түзулер мен контурларды сызуға қолданады, ал қылқаламды аймақтарды шекаралық контурмен бояуға қолданады.
Графиктерді бетке (холстқа) шығаратын арнайы қарандаш және қылқаламға Pen (қарандаш) Brush (қылқалам) қасиеттері сәйкес келеді, бұлар TPen және TBrush типтерін көрсетеді. Осы объектілердің қасиеттерінің мәні шыарылатын графикалық элементтердің түрін анықтайды.
TPen объектісінің мынадай қасиеттері бар:
Color - түзудің түсі(контуры)
Width -- түзудің қалыңдығы (пиксель бойынша)
Style - түзудің түрі
Pen.Color - қасиетінің мәні ретінде мынадай атаулы тұрақтыларды қолдануға болады (TColor): clBlack, clOlive, clGray, clBlue, clMaroon, clNavy clSilver, clAqua, clGreen, clPurple, clRed, clWhite.
Pen.Style қасиеті мынадай мәндерді қабылдайды:
psSolid - біркелкі түзу;
psDash - пункттирлік түзу, ұзын штрихтар;
psDot - пункттирлік түзу, қысқа штрихтар;
psClear - түзу көрінбейді.
Егер Pen.Width қасиетінің мәні бірден үлкен болса, онда пункттирлік түзулер біркелкі түзулер болып шығады.
Қылқалам (Canvas.Brush) тұйық аймақтарды сызатын және сол облыстарды бояуды қамтамасыз ететін әдіс ретінде қолданылады.Қылқалам объект сыяқты екі қасиетке ие:
Color- тұйық облысты бояйтын түс;
Style -- аймақты толықтыру стилі (типі).
Brush.color қасиетінің мәні ретінде жоғарыда айтылып өткен Tcolor типті атаулы тұрақтыларды қолдануға болады.
Brush.Style қәсиеті мынадай мәндерді қабылдайды:
bsSolid -- біркелкі бояу;
bsClear - облыс болмайды;
bsHorizontal - көлденең штрих;
bsVertical - тік штрих;
bsFDiogonal - ілгері қарай көлбеген диоганалдық штрих.
2.1 Canvas объектінің қасиеттері
Жоғарыда айтып кеткендей, программа орындайтын графиктерді бетке шығару үшін Canvas қасиеті келеді. Canvas объектісінің Pixels қасиетін пайдалана отырып, графикалық беттің кез келген нүктесін қажетті түске бояуға болады. Мысалы (нұсқауы):
Form1.Canvas. Pixels [10,10]:=clRed;
Форманың бетіндегі нүктені қызыл түске бояйды.
2.2 Delphi ортасынның графикалық мүмкіндіктерін сипаттайтын программа
Курстық жұмысымда Дельфидің графикалық мүмкіндіктерін айқын көрсететін программа жазып шықтым. Ол программаның қызметі суретті слайд-шоу түрінде көрсететін мүмкіндігі бар программа. Программа іске қосқанда төмендегідей терезе пайда болады:
Егер 1-ші кнопкаға шертсеңіз программадан шығу әрекеті орындалады. Екінші кнопка алдыңғы суретке көшіреді, ал соңғы кнопка келесі суретке көшіреді.
Егер осы кнопкалардың астындағы суреті бар кнопкаға басаңыз, онда сәйкес суретке көшіріледі.
3.Электрондық оқулық туралы түсінік
3.1 электрондық оқулықтардың қолдануы
Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді пайдаланылуы оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған құралы қызметін аткаруымен қатар, дидактика мен әдістеменің дамуына әсер етіп, оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді. Мысалы, Internet технологияларының кеңінен таралуы қашықтан оқыту әдісінің жедел дамуына мүмкіндік туғызуда. Мулътимедиялық технологияның, компьютерлік графика мен машықтану жүйелерінің дамуы, кәсіби ортадағы іс-әрекетті бейнелейтін виртуал жағдайға "ену" жолымен оқыту әдістемесінің кұрылуына түрткі болды. Ал, компьютерлік желілік машықтандырушы класстардың пайда болуы, іскерлік ойындар мен сайыстар түрінде көп рольді машықтандыру әдістеменің дамуына ықпал жасады.
Қәзіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықгырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Сондықтан біздің мемлекетіміз де коғамның акпараттық мәдениет деңгейін көтеру мәселесінен шеткері кала алмайды. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі білім беру саласын жаңа прогрессшіл бағыттарда жүргізу болып табылады. Қазақстан Республикасының 1997 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы осы істі қолға алудың алғашқы қадамы болды. Мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы арқасында елімізде жоғары оқу орындарының (ЖОО), мектептердің көпшілігі жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталды. Ендігі кезекте осы ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуді жоғары деңгейде меңгеру, оларды қолдану шеңберін кеңейту, т.с.с. мәселелер тұр. Бұл мәселелерді білім беруді ақпараттандыруды одан әрі жетілдіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу процесін электронды оқулық немесе оқытудың компьютерлік құралдарын (ОКҚ) жасау және пайдалану. Мысалы, дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдарды даярлауда оның авторлары мен техникалық жағын орындайтын (безендіру, көбейт, т.с.с.) мамандардың арасында айқын шекара бар. Ал ОКҚ даярлауда оны баспа оқулық ретінде қағазға шығарып, көбейтудің қажеттілігі болмағандықтан, оны жетілдіріп, жаңартып отырудың мүмкіндігі жоғарылайды. Бұл жерде ОКҚ дайындау технологиясынан хабары аз мұғалімдер дидактикалық материалды дәстүрлі құралдар шығару сияқты даярлау жеткілікті деп есептейді. ОКҚ-да дидактика оқу материалымен қоса, программалық өнімнің негізі болып есептелетін алгоритм мен модельдерде де ескерілуі тиіс. Дидактикалық есепті шешуді ақпараттық технология мамандарына жүктеу барысында (программалаушы, безендіруші, мультимедиялық компоненттер жасаушылар) тиімділігі төмен әдістемелік және дидактикалық сауатсыз ОКҚ пайда болады.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі құралдарының бірі компьютерлік дедактикалық программалар (КДП) болып табылады. Бүгінде бақылаушы, оқытушы программалар, программалық тренажерлер, дидактикалық ойындар, гипертекстік жүйелер сияқты КДП кеңінен танымал. Сонымен қатар оқу процесінде сараптау-оқытушы жүйелер мен автоматтандырылған жобалау жүйелері де қолданылуда.
Мұндай программалардың көпшілігінің ортақ кемшіліктері баспа оқулықтың көшірмесі ретінде ұсынылуында, компьютердің иллюстрациялық, тестілік мүмкіндіктерін ғана пайдалануында және берілетін тапсырмалар жүйесінің өте шектеулі болуында. Бұл жағдай студенттің шығармашылық ойлау қабілетін толығымен пайдалануын жүзеге асыра алмайды, яғни оның интеллектуалдық потенциалын дамытпайды.
Бүгінде білім беру саласында компьютерлік дидактикалық програм-малардың соңғы жетілдірілген түрі - электрондық оқулықтарды пайдалану қолға алынған. Электрондық оқулық оқу курсын өз бетінше игеруге мүмкіндік беретш программалық-әдістемелік комплекс. Ол жоғарыда аталған КДП-дан универсалдығымен және оқытушының оқыту процесіндегі іс-әрекетінің кейбір аспектілерін (студентке қажет жағдайда, дер кезінде көмек беру, білім деңгейін дұрыс бағалау, т.с.с.) жүзеге асыра алатын интеллектуалдығымен ерекшеленеді.
Біздін елімізде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни орта, жоғары мектептің және қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар жасалуы керек. Бұл окулықтар қазіргі компьютерлік, коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін қамтамасыз етеді.
Білім берудің кез-келген саласында "Электрондык оқулықтарды" пайдалану оқушылар мен студенттердің танымдық белсенділігін арттырып кана коймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулыктарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осы бағытта "Білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығының" "Білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын" жүзеге асырудағы атқарып жатқан көп салалы жүмыстарының бір сатысы "Электрондык оқулықтар" шығару болып табылады. Бүгінгі танда бұл орталықтан 11 пәннен электрондық оқулықтар жасалып, оқу жүйесіне енгізіле бастады.
Электрондық окулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек:
белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондык оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын;
электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі; зертханалық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан түратын көмекші; аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан түратын тест; материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуын;
электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмүнын қайталамауын, яғни берілетін тақырыпка қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;
белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса онда экранда пайда болатын оң жақ тік, төменгі көлденең жылжыту сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді. Мұның өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен, оңға-солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді;
бір катардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебі, материалды баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетіндей болуы керек;
оқулықты шектен тыс иллюстрациялық, анимациялық түрғыдан көркемдеу пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін, бірақ, кейбір пәндерге, атап айтқанда, физика, химия, биология сияқты пәндерге қатысты процестерді анимациялап көрсету, тіпті, кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін МРЕG, АVІ типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипермәтінді формат арқылы электрондык оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік, әдістемелік деңгейін арттырады.
Электрондық оқулықтың құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұ-нында. Егер оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі құрылымда берген жөн.
1. Мазмүндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график т.с.с. түрінде беріледі. Сонымен қатар мүнда, баспа оқулықта мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сиякты компьютерге тән элементтер орын алуы мүмкін.
2. Схемокурс - оқулық мазмүнын қысқартылған мәтін-график қатынасы түрде бейнелеу. Бүл оқу материалының қүрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы бейнелеу мазмүнды ассоциативті есте сатауда үлкен көмек береді.
3. Өзін өзі бақылаудың тестік жүйесі - оқу материалынын мазмүны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сүрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулыктың ең қызықты бөлігі болуы да мүмкін.
Оқу материалының бүлай үш түрде берілуі, студенттің оку материалын бірнеше рет қайталап шығуы арқылы материалды есте сақтауын жақсартады.
3.2 Оқытудың компыотерлік құралдарын жасау әдістемесі
Компьютерлік оқу кұралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қәзіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақгарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мүғалімдер де жиі айтып келеді. Соңғы кездегі компьютерлердің көптеп қолданысқа енуі бүл щюблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр.
Қәзіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шүғылданып келеді. Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықгырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Үйретуші программа қолданушыға теориялық материалды оқып үйренуді ұсынады. Бұл программадағы есептер мен сұрақтар адам мен машина диалогын ұйымдастыру үшін қолданылады.
Программаның талап ету типі 60 жылдардығы программалық үйретудің тікелей ұрпағы болып табылады, яғни қарапайым компьютерлік немесе автоматтандырылған үйретудің негізгі теориялық негізгі программалық үйрету болады. Қазіргі кезде "программалық үйрету" термині қазіргі кездегі компьютерлік технологиясымен тиісті. Программалық үйретудің негізгі элементі- есептердің тізбектелу ретін түсінетін программа. Көптеген құралдаржүйесі оқытушыларға әртүрлі жауаптар типін қолдана отырып үйретуші және бақылаушы тапсырмаларды құру мүмкіндіктерін береді.
1. Таңдаулы жауап. Үйренушіге тапсырма және дұрыс жауаптар жинағы беріледі. Дұрыс жауабын табу ықтималдығы келесілердің ең кішілеріне сәйкес келеді:
- бірнеше түрлі формада мағынасына қарай қайталануы
- таңдау үшін элемент санын көбейту
- 1-ші дұрыс жауаптың санын 2-ге немесе бірнешеге көбейту.
2. Конструкторлық бөлік жауап. Бұл типтің тапсырмасы мен жауап таңдау және бос конструкторлық арасындағы аралық. Конструкторлық бөлік жауабы оқытушы ұсынғын бөліктерден құралған.
3. Оңай конструкторлық жауап. Бұл типтің тапсырмасы автоматтандырылған үйрету және бақылау үшін қажет болып табылады. Бұл таңдаушы компьютермен өз тілінде байланыс жасауға мүмкіндік береді. Оңай конструкторлық жауап тапсырмасы үйренуші.Оңай конструкторлық жауап. Бұл типтің тапсырмасы автоматтандырылған үйрету және бақылау үшін қажет болып табылады.
Бұл таңдаушы компьютермен өз тілінде байланыс жасауға мүмкіндік береді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz