Кәсіпорынның қаржылық дәрменсіздігінің мәні


КЕАҚ НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ
Әбілханов Айбек Болатбекұлы
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ БАНКРОТТЫҒЫНЫҢ АЛДЫН-АЛА ЕСКЕРТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
7М04116 «Қаржы»
7М041 Бизнес жəне менеджмент дайындау бағыты бойынша
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Экономика ғылымдарының магистрі
академиялық дəрежені алу үшін
Ғылыми жетекші:
Асилова А. С.,
э. ғ. к., қауымдастырылған профессор
Алматы, 2023
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 тарау. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ДӘРМЕНСІЗДІГІНІҢ ТЕОPИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕPІ
1. 1 Кәсіпорынның қаржылық дәрменсіздігінің мәні . . . … . . . 6
1. 2 Кәсіпорынның қаржылық дәрменсіздігінің пайда болу себептері және оны болжау әдістері … . . . . . . 14
2 тарау. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ДӘРМЕНСІЗДІГІН БОЛДЫРМАУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2. 1 Кәсіпорынның қаржылық және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің мүмкіндігі және оның табыстылығы . . . 20
2. 2 Кәсіпорынның шаруашылық-экономикалық жағдайына сипаттама … . . . ………. . 30
3 тарау. Кәсіпорынның дәрменсіздігінің алдын алу шаралары
3. 1 Кәcіпоpын қызметінің қоpытынды қаpжылық коэффициенттеpін талдау және тиімділігін бағалау . . . 39
3. 2 Кәсіпорынның банкротқа ұшырауының алдын алу үлгілері . . . 54
4 тарау. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ДӘРМЕНСІЗДІГІН ЖЕҢУ НЕГІЗІНДЕ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІPУ ЖОЛДАРЫ
4. 1 Кәсіпорын қызметінде банкроттықты болдырмауды жеделдету . . . 76
КІPІСПЕ
Диссертациялық жұмыстың өзектілігі. Қаржы жалпы қоғамдық өнімнің жартысын құра отырып, мемлекеттің қаржылық қуатының көрсеткіші болып табылады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу үдерісінде қалыптаса отырып, олар түпкілікті пайдалануға, яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге және жалпымемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бір бөлігінің ақша көрінісі болып табылады. Қоғамдық өндіріс үдерісінде қаржы ресурстары неғұрлым көп жасалса, соғұрлым ол тиімдірек болады. Сонымен бірге, бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру проблемасын шешу және экономикалық өсудің қарқынын тездету ұлттық шаруашылықта қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды. Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынаста негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
«Кәсіпорынның қаржылық дәрменсіздігі: оның пайда болу себептері және жеңу механизмдері» тақырыбындағы диссертациялық жұмыстың өзектілігі сонда, банкроттықты тек қана кәсіпорынның таратылуы немесе оның жұмысының тоқтатылуы және одан пайда болатын түрлі салдарлардың пайда болуы деп қарамау керек, аталған процесске өз деңгейінде баға беріп, кәсіпорынды сауықтырудың, тиімді менеджментті орнатудың бір жолы деп қарастыруда болып отыр. Өйткені, экономика неғұрлым қарқынды дамыған сайын банкрот кәсіпорындар соғұрлым көбейіп келеді. Сонымен қатар, банкроттық проблемасының өзектілігі қазақстанның экономикасында «төлемқабілетсіздік» мәселесі етек алып келеді, банкрот болған көптеген кәсіпорындардан алынған қаражат құралдарын тиімді қызмет ететін кәсіпорынға бөлу арқылы басқадай кәсіпорындардың экономикасын арттыруға мүмкіндік тудырады.
Диссертациялық жұмыстың тақырыбы өзекті болып табылады, өйткені қазіргі жағдайда кәсіпорынның қаржылық дәрменсіздігінін алдын алу үшін қаржылық жағдайдың тұрақтылығын, төлем қабілеттілігін, өтімділікті және несие қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін көптеген күш жұмсау қажет.
Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты: кәсіпоpынның қаржылық дәрменсіздігінің пайда болу себептері және жеңу механизмдерін жетілдіpу жолдаpын ұсыну.
Осы мақсатқа жету үшін алға келесідей міндеттеp қойылады:
- кәсіпорынның қаржылық дәрменсіздігінің мәнін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық дәрменсіздігінің пайда болу себептері және оны болжау әдістерін қарастыру
- кәсіпорынның қаржылық және экономикалық етудің мүмкіндігін зерттеу;
- кәсіпорынның қаржылық дәрменсіздігін болдырмау жағдайын талдау;
- кәcіпоpынның қызметін талдау және оның дәрменсіздігін жеңу механизмдерін қарастыру;
- кәcіпоpын қызметінің қоpытынды қаpжылық коэффициенттеpін талдау және тиімділігін бағалау;
- кәсіпорынның қаржылық дәрменсіздігін жеңу негізінде кәсіпорын қызметін жетілдіpу жолдаpын ұсыну.
Диссертациялық жұмыстың зерттеу пәні - кәсіпоpынның қаржылық дәрменсіздігінің пайда болу пpоцесіндегі экономикалық қатынастаp жиынтығы.
Зерттеу объектісі - «Zhumabekoff» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайы.
Диссертациялық жұмысты жазуда келесі материалдар: ҚР нормативті-құқықтық заң актілері, қаржы және экономикалық теория жөніндегі оқулықтар, монографиялар, мерзімдік басылымдарда жарияланған мақалалар, Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің мәліметтері қолданылған және Қаржы Министрлігінің, «Zhumabekoff» ЖШС-нің жылдық есебі менстатистикалық мәліметтері пайдаланылған.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы кіріспеден, төрт негізгі бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ДӘРМЕНСІЗДІГІНІҢ ТЕОPИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕPІ
1. 1 Кәсіпорынның қаржылық дәрменсіздігінің мәні
Нақты өмірде банкроттықтың нарықтық экономикадығы атқаратын рөлі жоғары. Оған төмендегідей негіздемелер жасауға болады.
Біріншіден, нарықтық экономика жағдайында банкроттық экономиканы сауықтыру құралы және кәсіпкерлер мен мемлекеттің мүддесін қорғау экономиканы сауықтыруға бағытталғандығынан бастау керек. Екіншіден, банкроттық - нарықтық экономикаға тән объективті экономикалық құбылыс.
Өйткені, пайда табу мақсаты бар кәсіпорындардың қызмет етуінің сипатты белгісі, олардың тұтынудың өзгермелі ортасында өзінің орнын іздеумен болатын, тұтынушылардың талап - тілегімен сәйкес келіп, оларды қанағаттандыруға тырысатыны болып табылады. Шаруашылық жүргізуші субъект аванс ретінде өндіріске ақша қаражатын салады, яғни, табыс алатындығына сене отырып, түрлі бизнестің дамуына жағдай жасайды. Бірақ, күту нәтижесі әр түрлі болуы мүмкін: жағымды немесе керісінше. Басқаша айтқанда, кәсіпорын аз ба көп табыс табуы мүмкін, немесе, ешнәрсе таппауы да мүмкін, осыдан барып, банкроттыққа ұшырайды.
Банкроттық алдын ала анықталған, басқаша айтқанда, нарықтық қатынастарға тән жағдайдың, яғни, кәсіпкерліктің соңғы нәтижесінің жетістігінің анық болмауы, басқа сөзбен айтқанда, тәуекелділіктің болуы. Соңғысы ұдайы өндіріс кезеңдерінің барлығында кездеседі: шикізаттар, материалдарды және құрамдас бөлігі болып табылатын заттарды сатып алудан басталып, оларды өндіріп, дайын өнімді сату кезеңдерінде. Олардың себептері болып: тұтынушылардың төлемқабілетсіздігі, материалдар мен шикізаттарды жеткізіп берушілердің келісім - шарт бойынша міндеттемесін орындамауы, жеткізіліп берілген өнім бойынша төлемнің кешіктірілуі, түрлі себептер бойынша өнімнің сапасыз өндірілуі, басқару персоналдарының сауаттылығының төмен болуы және басқа да көптеген себептер.
Үшіншіден, өтпелі кезең жағдайында банкроттық көптеген проблемаларды шешуге мүмкіндік береді, оның ішінде төлем қабілетсіздігі, өндірістің өсуі сияқты проблемалар, сол үшін, банкроттық ұлттық экономиканы сауықтыратын негізгі тетіктердің бірі болып табылады. Төлемқабілетсіздігі проблемасы ТМД-ның барлық елдерінің басты проблемасына айналған [1] .
Нарықтық экономика жағдайында бакроттықтың атқаратын рөлі ерекше. Ол, экономиканы сауықтандыруға бағытталған мынандай маңызды функциялар атқаруы керек:
- экономикадағы құндық қатынастарды қолдау;
- мүліктер мен қаражаттарды мәжбүрлі түрде алу арқылы меншік құқығын қорғау;
- экономикада бәсекелестік орта тудыруы қажет;
- тиімді меншік иелерін құруы тиіс;
- кәсіпкерлерді тиімді қызметке және бәсекелестік қабілетін күшейтуге итермелеу.
Банкроттықты экономикалық тұрғыдан қарастыратын болсақ, оның өзі екі бағытқа бөлінеді: макроэкономикалық тұрғыдан қарастыру және микроэкономикалық құбылыс ретінде қарастырылады. Макроэкономикалық тұрғыдан қарастыру рынок теориясынан пайда болады, микроэкономикалық - фирмалар теориясы тұжырымдарынан және банкроттықа әкелетін экономикалық себептер мен механизмідерді ашуға негізделген.
Фирма тұрғысынан банкроттық дағдарыс нысаны ретінде қарастырылады. Аталған нысанның өзіндік ерекшеліктері бар. Жалпыға белгілі банкроттық және кәсіпорындағы дағдарыс бір біріне синоним болып келеді; банкроттық дағдарыстың ең төменгі сатысы ретінде түсіндіріледі. өйткені, кәсіпорын түрлі дағдарыстарға ұшырайды (экономикалық, қаржылық, басқару) және банкроттық солардың бір түрі. Мұндай жағдайда банкроттықты қаржылық дағдарыс деп қарастыруға болады, яғни, фирманың ағымдағы міндеттемесін орындай алмауы [2] .
Сонымен қатар, «банкроттық» терминін дәрменсіздік сөзінің синонимі ретінде қарастыруға болады. Дәрменсіздік үш негізгі себептердің салдарынан туындауы мүмкін: 1) менеджменттің дұрыс құрылмауы, 2) жағдайдың төмендеуіне қасақана жеткізу, жасанды түрде жасау, 3) алдын - ала болжамдалмаған, аяқ асты жағдайлардың болуы, дебиторлардың тарапынан алдану. Бірақ, заңнамада алдыңғы екі жағдай қарастырылып, үшінші жағдайға мән берілмеген. Банкроттықпен байланысты тағы бір аспект, ол, банкроттық процедурасы болып табылады. ТМД елдеріндегі осыған байланысты заңнамалар процедураны қайтақұру, тарату (ликвидация) және бейбіт келісім деп үшке бөледі. Қайта құру ішкі басқару және санациядан тұрады, ал, ликвидация конкурстық негізде жүзеге асыру процесіне негізделген.
Осылайша, кәсіпорынның банкроттық механизмін экономикалық тұрғыдан қарастыру, оны қаржылық дағдарыс деп атауға мүмкіндік береді, ал, құқықтық тұрғыдан, кәсіпорынның дәрменсіз танылғанынан кейін ликвидацияның ұйымдық-құқықтық механизмі деп қарастыруға мүмкіндік береді. Аталғандардың бәрі банкроттықтың макроэкономикалық, микроэкономикалық және қоғамдық аспектілері бар, күрделі процесс екендігін білдіреді: кәсіпорын тарапынан қарастырылатын банкроттық, экономика тұрғысындағы банкрготтық және банкроттық - ликвидациялық процесс [31] .
Экономикалық көзқарас тұрғысына сәйкес банкроттықтың мақсаты антикризистік менеджмент әдісін пайдалану арқылы кәсіпорынды қаржылық тұрақтандыру, оның ішінде, өнімнің бәсекелік қабілетін көтеру, табыстылықты көтеру және т. б.
Ұйымдық-құқықтық көзқарас тұрғысынан банкроттық мақсаты банкроттық процедурасын жүзеге асыру [4] .
Экономикалық және ұйымдық-құқықтық механизмдерді бір-бірінен бөліп қарастыру мүмкін емес. Егер, қоғамда банкроттықтықтың ұйымдық-құқықтық механизмі болмаса, онда экономикалық механизм белгілі бір дәрежеде өзінің тиімділігін төмендетуі мүмкін: жетекшілердің психологиясына қарай икемделеді, кәсіпорындар уақытша басқарушылардың қолына өтуі мүмкін. Банкроттық туралы заң жетекішлердің дұрыс қызмет етуіне итермелейді, тығырықтан шығудың жолын іздеуге және нарықтық экономикаға икемделуге мүмкіндік жасайды. Аталған заң нарық жағдайында жоғары класстағы басқарушылардың, жас, белсенді, сауатты, қабілетті жетекішелірдің көбеюуін ынталандырады және күрделі жағдайлардан шығарады. Кәсіпорынның банкротқа ұшрауы, ол, экономиканың банкротқа ұшырауы болып саналмайды. Кейбір кәсіпорындарды емдей отырып, біз жалпы экономиканы емдей аламыз.
Банкроттық мәселесі туралы және ҚР банктік жүйені қайта құру туралы мәлімет алғаннан кейін аудан әкімшіліктері өнеркәсіптік мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына экономикалық және қаржылық жағынан тиімді түрде ықпал етуі мүмкін. Банкроттық реттеу құралы және ол тәжірибелі де істің мәнін жақсы білетін адамдардың қолына түскенде ғана пайда әкеледі.
Банкроттық процессінің шешетін негізгі міндеттері бірнеше түрге бөлінеді. Кәсіпорын терең қаржылық тоқыраудың алдында тұрған, сотқа дейінгі кезеңде кәсіпорын деңгейінде антикризистік басқарудың міндетіне мыналар жатады [5] :
- жаңа өндірістік саясат жүргізу;
- өндірісті технологиялық жаңарту;
- ынталандыруды жоғарылату және кәсіпорынның еңбек өнімділігін арттыру;
- жаңа өткізу саясатын ойластыру;
- басқару құрылымын ұйымдастыруды жетілдіру;
- дағдарыстан шығудың басқа да шараларын ойлап табу.
Банкроттықтың сот кезіндегі процедурасындағы банкроттықтың міндеті:
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын жеткілікті түрде бағалау;
- кредиторлар комитетінің отырысында ұйымдар мен кредиторларды анықтау;
- басқарушының кандидатурасын таңдау және банкроттықтың нақты процедуралық нысанын, бизнес-жоспар, кредиторлардың тізімі, талаптарды қанағаттандырудың кезегі және т. б. бекіту.
Банкроттықтың мазмұнынына толығырақ тоқталатын болсақ, экономикалық және ұйымдық-құқықтық жағынан қарастырғанда бір-бірінен ерекшелігі бар.
Егер, экономикалық жағынан өндірістік, қаржылық және антикризистік менеджмент ретінде қарастырылатын болса, ұйымдық-құқықтық жағынан банкроттық процедурасы: банкроттықты жүргізу мерзімі, конкурстық анықтама, басқаруды қалпына келтіру және т. б. табылады.
Антикризистік басқару ұғымы экономикалық әдебиеттерде көбірек қарастырылған. Сондықтан, екінші топтағы анықтамаға тоқталатын болсақ:
банкрот - дәрменсіздігі сот белгіленген борышкер;
банкроттық - борышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі;
борышкер - заңдарда көзделген тәртіппен өзіне сырттай байқау, банкроттық рәсімдерінің немесе соттан тыс тарату рәсімінің қолданылуына төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі негіз болып табылатын заңды тұлға;
кепілді кредитор - талаптары борышкердің мүлкін кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредитор;
жалған банкроттық - кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыратын мүмкіндігі бола тұрып, кредиторларға тиесілі төлемдерді кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борыштарға шегерім алу, сол сияқты борыштарды төлемеу үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатында борышкер-органның немесе оның мүлкі иесінің сотқа немесе уәкілетті органға өзін банкрот деп тану туралы көрінеу жалған өтініш жасауы;
төлем қабілетсіздігі - борышкердің ақшалай міндеттемелерін және өзге де ақшалай сипаттағы талаптарды орындауға қабілетсіздігі;
дәрменсіздік - сот немесе борышкер мойындаған, кредиторлардың жалақы төлеу жөніндегі талаптарын қоса алғанда, ақшалай міндеттемелер бойынша талаптарын борышкердің толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіздігі;
Жоғарыда келтірілген банкроттыққа қатысты анықтамаларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды, өйткені, дағадарысқа қарсы басқару банкроттың алдында және банкроттық жағдайындағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартпайтын болса олар логикалық жағынан бір-бірімен үйлесіп отырады. Дәрменсіз шаруашылықтың экономикалық механизмі белгілі бір кезеңде (банкроттықтың ресми түрде белгіленген мемлееттік белгілерін қанағаттандыру бойынша) сот шешіміне сәйкес дағадарыстағы кәсіпорынға әсер етудің түрлі мәжбүрлеу нысананда өтетін банкроттықтың ұйымдық-құқықтық механизміне өтеді: сыртқы қадағалау, тарату, конкурстық басқару, сыртқы басқару және т. б.
Банкроттық белгілеріне тоқталатын болсақ, кәсіпорын мен азаматтар үшін банкроттықтың жалпы белгісі - ақшалай міндеттілік бойынша кредиторлардың талабын орындай алмау және міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттемені міндеттеме пайда болғаннан бастап үш ай мерзімінде өтей алмау болып табылады. Азаматтар үшін банкроттықтың тағы бір белгісі, оған тиеселі мүлік бағасының міндеттеме сомасынан төмен болуы. Дәрменсіздіктің негізгі белгісі (банкроттау туралы шешім қабылдау үшін) ағымдағы төлемдердің тоқтатылуы - кәсіпорын үш ай бойына кредиторлардың талабын орындай алмайды [7] .
Болатын қаржылық кризистің белгісі (өндірістің құлдырауы, баланстың қанағаттандырылмауы, бәсекелестік қабілеттің төмендеуі)
Банкроттың алдындағы жағдай
Кәсіпорының қаржылық дағдарысы және оның белгілері (пассивтердің активтерден асып түсуі, төлемқабілетсіздік)
Кәсіпорындардың банкроттығы қаржылық құбылыс ретінде
Банкроттықты экономикалық жағынан қарастыру
Дағдарысқа қарсы басқару
Дәрменсіздіктің заңмен бекітілген белгілері
Кәсіпорынды таратудың соттық прцедурасы, сыртқы басқару, санация және басқа да санкциялар
Кәсіпорын банкроттығы кәсіпорынға деген сот процедурасы ретінде
Банкроттықты ұйымдық - құқықтық тұрғыдан қарастыру
Қадағалау, тарату немесе арбитраждық басқару (сыртқы, конкурстық, оңалту)
Сурет 1. «Банкроттық» туралы ұғым
Ескертпе - дереккөз мәліметтеріне сәйкес автормен құрастырылған [6]
Аталған үш айлық уақыт өткеннен кейін кәсіпорын кредиторлары арбитраждық сотқа шағымдануға құқығы бар. Арбитраждық сот кәсіпорынды банкрот деп тануы үшін, оның келесі белгілері болуы шарт: борышкердің мүлкінің құны оның міндеттемесінің сомасынан төмен болуы немесе баланс құрылымының қанағаттанарлықсыз болуы; мүліктің өтімділік деңгейі кәсіпорынның кредитор алдындағы борышын өтеуге жеткіліксіздігі, кәсіпорынның кредитордың алдындағы қарызын қаражаттың болмауынан өтей алмауы.
Банкроттық борышкердің сотқа өтініш білдіруі негізінде белгіленеді. Банкроттық, сонымен бірге, мәжбүрлі түрде кредиторлардың сотқа шағымданыуының негізінде жүргізіледі. Заң бойынша борышкер өз еркімен сотқа банкроттық деп тану үшін өтініш білдіруі тиіс.
Енді оған қатысты негізгі шараларды атап өтетін болсақ [8] :
- банкроттық туралы өтінішпен сотқа жүгіну;
- өтініштің сотта қаралуы;
- кәсіпорынға қадағалау жасау;
- өтінішті өндіру туралы соттың анықтама шығаруы;
- банкроттық туралы кредитордың өтінішіне борышкердің пікірін рәсімдеу және оны жөнелту;
- арбитражды сотта борышкердің пікірін қарау және борышкердің қарсылығын қарастырудың мерзімін анықтау;
- борышкердің білдірген қарсылығын қарастыру бойынша соттың отырысы;
- банкроттық туралы істі қараудың мерзімін анықтау;
- арбитраждық соттың істің соттық қарастыруға дайындығы туралы анықтаманы алуы;
- сотты қарастыруға дайындық туралы жарлық шығару;
- борышкердің еңбек ұжымының жалпы жиналысын жүргізу;
- банкроттық туралы істі қарау бойынша арбитраждық соттың отырысы.
Жалпы, мұндай механизм жедел әрі объективті түрде кәсіпорынның жағдайын бағалауға, кәсіпорынның дәрменсіздігін танудың критериилерін анықтауға, банкроттықтың, оның ішінде, жалған банкроттықтың алдын алу бойынша шаралар жүргізуге жағдай жасауы тиіс.
Кәсіпорынның дағдарысқа ұшырауының алдын ертерек алуда оған тиісті бақылау жүйесін қалыптастырудың маңызы ерекше. Оның негізгі - бағыттары келесілерді қамтиды [9] :
- негізгі қызметі бойынша өз әріптестерінің, тауарды, өнімді жеткізіп берушілердің, несиегер, банк, өнімді тұтынушылардың кәсіпорынға деген теріс көзқарастарын дер кезінде сезіну;
- қайта ұйымдастыруға байланысты барлық өзгерістер (ұйымдық, кәсіпорынның жабық және ашық бөлімшелері, еншілес бөлімшелері, олардың бірігулері) ;
- тауарды жеткізіп берушілердің жиі және негізсіз алмасулары;
- нарықтың жаңа түрлеріне шығу;
- мәліметтер мен шикізаттарды көтере сатып алу;
- басқа да кәсіпорынның стратегиясындағы құбылыстарды зерделей қадағалап, олардан жедел және тиісті қорытынды шығару.
1. 2 Кәсіпорынның қаржылық дәрменсіздігінің пайда болу себептері және оны болжау әдістері
Шет елдер ғылымында банкроттыққа қатысты бай тәжірибе болғандықтан, соған сәйкес банкроттықты жүзеге асырудың түрлі ережелері қалыптасқан. Ал, банкроттық қағидасы Қазақстанның экономикалық ғылымында әлі де болса құрастырылып бітпеген, қалыптаспаған жағдай.
Аталған ережелерді қалыптастырған авторлар О. Хартман, П. Агион., Дж. Мор және т. б. Бірақ, көптеген әдебиеттерде мұндай ережелердің толық жүйесі келтірілмеген. Сондықтан, банкроттықты жүргізу үшін қандай ережелерді басшылыққа алу қажет екендігін қарастырып өту қажет.
Жеке көзқараспен қарастыру қағидасы. Басқаша сөзбен айтсақ, банкроттықты компанияның таратылуы деп қарастыру міндетті емес, немесе, оның бүкіл активтерін сатып жіберу шарт емес. Жетекшілерді ауыстыру ауыстыру қажет және т. б. Сонымен бірге, банкроттық процедурасы не мақсатпен қозғалып жатқаны есте болуы керек.
Кредиторламен есепті максимизациялау қағидасы. Дұрыс жүргізілген банкроттық компанияның кредиторларына төлейтін төлемдерін жоғарылатуға мүмкіндік бере отырып, жоспарды жүзеге асыруы қажет. Өйткені, банкроттықтың өзі, кредиторлық қарыздың көп болуынан туындайды.
Нақты уәждеме қағидасы. Банкроттықтың туындау мүмкіндігі жеткілікті түрде шындыққа жақын болуы керек. Банкроттық кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін көтеріп отыруды ынталандыру әдісі болуы керек. Сонымен қатар, банкроттық экономикалық кеңістікті тиімсіз жұмыс істейтін өндірушілерден, икемсіз менеджерлер мен меншік иелерінен тазартып отырудың құралы ретінде әрекет етуі қажет.
Әділеттілік қағидасы. Бакроттық процедурасы кредиторларға қатысты белгілі бір дәрежеде әділетті болуы шарт: егер креиторлардың арасында басымдықты жеке немесе заңды тұлғалар болса, онда, банкроттық процедурасы қарыздың қайтарылуы кезінде белгілі бір кезектілікті сақтауы керек [10] .
Компанияны банкрот деп жариялаған кезде барлық қарыздар белгілі бір уақытқа тоқтатылады және мынандай міндеттерді орындайтын аукционер тағайындалады: а) компанияның болашағына қатысты ұсыныстар жинақтау; б) банкрот кәсіпорынның кредиторларының барлығы туралы ақпараттар жинау. Тоқтатылған қарыздар қайтақұрылатын компанияның акцияларымен жарияланады (нақтырақ айтсақ, reorganization rightz, RR) және осы RR- акциялар кредиторлар арасында бірдей мөлшерде олардың салған үлестеріне қарай бөлінеді. Екінші кезектегі кредиторлармен кәсіпорын алдыңғы кезектегі кредитордардың RR - акцияларын сатып алуға мүмкіндік беретін опциондар арқылы есеп айырысады және ол қарызды жаба алатындай болуы тиіс. Үшінші кезектегі кредиторлармен де осылайша есеп айырысады. Ең соңында акционерлерге - компанияның иегерлеріне кезек келеді. Олар соңғы кредиторлардың акциясын сатып ала алады. Соңғы деңгейде RR - акциялары біреуге берілмейтін акцияларға жатады. Осы жерде айта кету керек, акционерлер өз табиғатынан қалдық табыстың иеленушісі болып табылады, яғни, сатылу процедурасынан кейінгі қалған акциялар солардың үлесіне тиеді.
RR - акциялар бөлініп болғаннан кейін кредиторлардың арасында ашық акция жүргізіледі. Мұндай аукциондар барлық кредитоларлардың өз опциондарын жүзеге асыру үшін қажетті қаражаты жеткіліксіз жағдайында болатын жаңадан дамып келе жатқан капитал рыногында маңызды рөл атқарады [11] .
Банкроттықтың келесі қағидасы ірі кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы кезіндегі шығындардың бөлінуі қағидасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz