Әділет органдары қызметінің мазмұны



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. Әділет органдары қызметінің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
ЖЕКЕ ТАПСЫРМА: ҚР Үкіметінің құқықтық құзыреттілігі
2. ҚР-дағы атқарушы билік түсінігі, негізгі белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 12
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

КІРІСПЕ
Мен, Төлеген Әмина, ЮМ-22-1к5 тобының 1 курс студентімін, 05.06.2023 -09.06.2023ж аралығында ОҚУ-нің Заң факультетінің базасында оқу - танысу іс тәжірибесінен өттім.
Іс-тәжірибеден өту барысында:
05.06.2023ж бұл күні іс-тәжірибе жетекшісі Құндыз Жұманова тәжірибеден өту барысын түсіндіріп, іс құжаттарымызды және жеке тапсырма тақырыбын берді. Әрі қарай, жеке тапсырма бойынша мәліметтер жинау, оған байланысты қайнар көздер, нормативтік актілер тізімі таныстырылды.
06.06.2023ж бұл күні іс-тәжірибе жетекшісі Құндыз Жұмановамен бірге Шымкент қалалық Адвокаттар алқасына тобымызбен барып, адвокаттық қызметтің барысымен таныстым.Азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын сотта қорғалуымен танысып барлығын мұқият бақылап, көп мәліметтер алдым.
07.06.2023ж бұл күні күні іс-тәжірибе жетекшісі Құндыз Жұмановамен бірге Мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасында, сот жүйесінің жұмысымен оқып таныстым. Сотқа азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдау, оларды өндіріске алу немесе одан бас тарту, кодификация бөлімі, сот залындағы іс тәртіппен таныстым.
08.06.2023ж бұл күні жетекшіммен бірге жеке тапсырма тақырыбы бойынша университет кітапханасында жұмыс жасадым. Жеке тапсырма тақырыбына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қылмыстық кодексімен және авторлар Ағыбаев А. Н., Алауханов Е.О. Қылмыстық құқық оқулықтарын оқып, қажетті материалдарды жинақтадым.
09.06.2023ж бұл күні іс-тәжірибенің соңғы күні болғандықтан жеке тапсырмамды жетекшіме тапсырып, бірқатар кемшіліктерді толықтырдым, өзімнің іс-құжаттарымдығ күнделігімді толтырдым.
Жалпы алғанда оқу-танысу іс-тәжірибесі мен үшін өте қызықты болды. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексімен, қылмыс пен жаза, олардың ұғымдары мен түрлері, белгілері туралы мәліметтер алып, мамандығыма қызығушылығым арта түсті.

1. Әділет органдары қызметінің мазмұны

Қазақстанда зияткерлік меншік жүйесінің орнығу үдерісі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің орнығып, нығаюымен қатар жүрді.
Жоспарлы экономикадан нарықтық шаруашылық етуге тікелей өту зияткерлік меншік нысандарын пайдаланумен байланысты қатынастарға ықпал етті. 1996 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасының Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы қабылданды.
Аталған Заң зияткерлік меншiк саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастары реттейдi.
Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бөлімінің басты мақсаты - зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, туындылар мен сабақтас құқықтар нысандарына, өнеркәсіптік меншік нысандарына, селекциялық жетістіктерге, интегралды микросызбалар топологияларға құқық қорғауды қамтамасыз ету.
Зияткерлік меншік құқығының бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі актілеріне және басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің негізгі міндеттері:
* Зияткерлік меншік құқығы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы және заңдарымен, ҚР халықаралық шарттарымен, Президент актілерімен, ҚР Үкіметінің тағы басқа нормативтік құқық актілеріне сәйкес жүзеге асырады;
* зияткерлік меншігін қорғау облысында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
* шығарма құқықтарына және сабақтас объектілерінің, өнеркәсіптік меншік объектілерінің (өнертабыс, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, тауар шыққан жердің атауы), селекциялық жетістіктер, топологиялық интегралдық микросхемалар құқықтарын қорғауын қамтамасыз ету;
* селекциялық жетістіктер, топологиялық интегралдық микросхемалар, өнеркәсіптік меншік, авторлық құқтар объектілерін қорғау облысындағы ақпараттық баспалық қызметін ұйымдастыру;
* Авторлық және сабақтас құқықтарын қорғау облысындағы халықаралық келісімдерін орындау және де шығарма пайдаланушылардың авторлық құқық және сабақтас құқықтар нормаларын сақтауына байланысты, мемлекеттік реттеу қарым-қатынасты жүзеге асырады;
* ұжымдық негізіндегі мүліктік құқықтармен басқарушылардың, ұйымдардың қызметінде бақылауын жүзеге асырады;
* авторлық құқықтары және сабақтас құқықтары сұрақтары бойынша азаматтарға және ұйымдарға консультация береді;
* автор қайтыс болған жағдайда жеке мүліктік құқықтарын қорғауын және де жақсы атақ құқығына және атағына заңнамалармен белгіленген авторлық құқығын қорғауын жүзеге асырады;
* мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан авторлық және сабақтас құқықтарын заңсыз пайдалану фактілер туралы, және де ұжым негізіндегі мүліктік құқықтарын басшылыққа алып отырған ұйымдарының қызметі туралы ақпаратты алу және сұрау;
Нарықтық экономика жағдайында зияткерлік меншік құқығы адам мен қоғамның рухани өмірінің негізін құрап, нарықтық қатынастарда тауардың ерекше түрі нысанындағы тауар айналымының объектісі ретінде қалыптасты. Заманның объективті үрдістері, ең алдымен ғылыми-техникалық прогресстің қарқынды дамуы, рухани игіліктер жаратушыларына ғана емес, сонымен қатар, тұтынушыларға жаңа көкжиектерді ашуда. Мемлекет тарапынан Зияткерлік меншік құқығы саласын дамытуға жоғары деңгейде көңіл бөлінуде, өйткені дүниежүзілік қауымдастықтың талаптарына жауап беру, дүниежүзілік сауда ұйымына кіру секілді маңызды мемлекеттік мақсаттарды жүзеге асыруда авторлық және сабақтас құқықтар мен өнеркәсіптік меншік саласындағы құқықтарды қорғау маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Сондықтан, зияткерлік меншік болашақта мемлекет азаматтарының әл-ауқаттылығы деңгейін белгілейтін, құнды ресурс ретіндегі қас маңыздылыққа ие бола бастады.
1996 жылы 10 маусымда Авторлық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды. Осы Заң авторлық құқықтың мемлекет аумағындағы қолдану аясы мен алатын орнын анықтап берді.
Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша мемлекеттік қызметті жүзеге асыру 2001 жылы 29 наурыздан ҚР Әділет Министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетіне жүктелген. Ал, аумақтық Әділет департаменттерінде 2003 жылдан құрылған Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлімдер жұмыс істейді. Олардың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету және халықаралық талаптарға сай дамыту болып табылады.
Әділет департаментінің де зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлімі облыс аумағындағы зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша мемлекеттік қызметті жүзеге асырып келеді. Оның негізгі міндеттері: зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстарды өндіруге қатысу, туындылар мен шектес құқықтар нысандарына, өнеркәсіптік меншік нысандарына, селекциялық жетістіктерге, интегралды микросызбалар топологияларға құқық қорғауды қамтамасыз ету, зияткерлік меншік құқығын қорғау сұрақтары бойынша азаматтарға кеңес беру және ұйымдастыру, авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметінде қолданыстағы заңнама талаптарының орындалуын қадағалау және тексеру, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, зияткерлік меншік саласында ақпараттық-басылым қызметін ұйымдастыру.
Зияткерлік меншікті дамыту үшін ең алдымен осы саладағы құқықты қамтамасыз ету қажет. Осыған орай, ҚР Әділет министрінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Агенттік (қаржы полициясы) Төрағасының және Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің Зияткерлік меншік саласында әділет, қаржы полициясы және ішкі істер мекемелерінің өзара әрекетінің тәртібі туралы біріккен бұйрықтары шеңберінде контрафактілік өнімдерді тарату деңгейін төмендету үшін құқық қорғау мекемелерімен зияткерлік меншік саласында құқық бұзушылыққа қарсы тексеру іс-шаралары жүргізілуде.
Осы бағытта 2011 жылы Әділет департаментімен зияткерлік меншік құқығын қорғау саласы бойынша 36 тексеріс өткізілді. Жүргізілген тексеріс нәтижелері бойынша 27 құқық бұзушылықтар анықталып, 17 әкімшілік істер қозғалды.
Үстіміздегі жылдың 11 айында Әділет департаментімен зияткерлік меншік туралы заңнаманы сақтау пәніне 42 тексеріс өткізіліп, 34 құқық бұзушылықтар анықталып, 29 істер қозғалды.
Тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар шеңберінде құқықтық түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылуда. 2011 жылы облыс аумағында зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында жалпы саны 413 құқықтық насихат жұмыстары өткізілсе, ал 2012 жылдың алғашқы 11 айында 347 құқықтық насихат жұмыстары өткізілген.
Жыл сайын зияткерлік меншік құқығын бұзу фактілері өсіп келеді. Өйткені, зияткерлік меншік объектілерінің ауқымы да заман талабына сай жылдан-жылға еселеп көбеюде. Сондықтан, ғылым, әдебиет және өнер туындыларын коммерциялық негізде пайдаланатын тұлғалардың құқықтық сана деңгейін көтеру - басты мақсаттардың бірі ретінде қала береді.
Зияткерлік меншіктің құқықтарын қорғау біз өмір сүріп отырған ақпараттық ғасырдағы шығармашылықтарды және жаңашылдықтарды ынталандыру мен қолдаудағы басты элемент болып отыр. Тауарлар саудасы және қызмет көрсетулердің жаһандануы егеменді елдердің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық-келісілген талаптарды сақтау мен орындаудың маңыздылығын талап етті. Мұндай халықаралық-келісілген стандарттар ұлттық заңдар мен әкімшілік практикасы үшін негіз бола алатын көптарапты келісімдерде бар.
Қарапайым деңгейде егеменді мемлекеттердің, мысалы, Қазақстан, Германия, Франция және әлемнің басқа тәуелсіз мемлекеттері халықаралық келісімдерге (қол қоюы немесе бекітуі, кіруі немесе сақтауы арқылы) қосылады, себебі оны өз елдерінің мүддесі деп есептейді. Зияткерлік меншік саласындағы халықаралық келісімдерге отырудың жалпы мақсаты шарттарды жасау жөніндегі мемлекет өкілдерінің халықаралық конвенцияларында келісілетін халықаралық тәртіптерінің белгілеуінен тұрады. Қандай да бір шартты бекіту, кіру немесе сақтау арқылы қосылғаннан кейін мемлекет халықаралық заңдарға сәйкес осы шарттың талаптарын сақтауға міндетті. Шарттың талаптарына сәйкес келмейтін мемлекеттің ішкі заңдары немесе тәжірибесі халықаралық стандарттарға сәйкес өзгертілуі тиіс. Бұл жағдайда ішкі заңдардан халықаралық заңдар жоғары болады. Сонымен қатар, шартқа қосылу немесе қосылмау туралы шешім қабылдау құқығына әрбір егеменді мемлекет ие. Бірақ, бас тарту рәсімі сол сияқты келісімнің шарттарына сәйкес өтуі керек.
Халықаралық шарттар кең көлемді, ең төменгі талаптарды орнатады және қатысушы мемлекеттер өз елінің құқықтық мәдениеті мен дәстүрлеріне сәйкес осы талаптарды қамтамасыз етеді. Ол мәселені қатысушы мемлекеттер қалай шешетіні туралы айтып кету қажет. Кейбір жекелеген мемлекеттер үшін қойылған талаптардың орындалуының қалайша қамтамасыз етілетіндігі маңызды емес, оның қаншалықты сапалы орындалып жатқандығы маңыздырақ.
Шарттың талаптарын сақтау мүмкін еместігі, мысалы, заңдардағы ақаулықтар немесе оны тиісті дәрежеде орындауды қамтамасыз етудің мүмкіншілігінің жоқтығы, қаралып отырған шарттың басқа қатысушылары тараптарынан наразылық тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, бұл пайда болған дауларды (мысалы, Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) қатысушы мемлекеттер арасындағы дауларды шешетін орган қызметін атқарады) ықпал ету және кей жағдайларда күш қолдану шараларын қолдану арқылы реттеу үшін осы халықаралық органға жүгінуі мүмкін.

ЖЕКЕ ТАПСЫРМА: ҚР Үкіметінің құқықтық құзыреттілігі
2. ҚР-дағы атқарушы билік түсінігі, негізгі белгілері

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Кез келген мемлекетте Үкімет атқарушы биліктің жоғары алқалық органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасы Конституциясында, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 қазандағы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 24 ақпандағы және 1999 жылғы 6 мамырдағы Конституциялық заңдарымен енгізілген өзгертулер және толықтыруларымен бекітілген. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
ҚР әділет органдарының қызметі: құрылымы, маңызы, мақсаттары мен міндеттері
Прокуратура органдарын қаржыландыру
Қазақстан Республикасының прокуратурасының құрылуы мен даму тарихы
Әділет органдары
Құқық қорғау органдары пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Атқарушы биліктің нормашығармашылық қызметінің құқықтық негіздері
Әділет органдарының актілері
Құқық қорғау органдары туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Пәндер