Менталды арифметика пәні


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі.

Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №119 мектеп-лицейі.

Тақырыбы: «Шапшаң есептеу тәсілі» (Менталды арифметика)

Бағыты : Бастауыш сынып.

Секциясы : Математика.

Жетекшісі: Байленова Айгуль Салимжановна, бастауыш сыныбының мұғалімі.

Орындаған: Төлеген Ақыл Жәнібекұлы, 3 «В» сынып оқушысы.

Алматы қаласы, 2022 жыл

Мазмұны:

Аннотация

Кіріспе 1

Негізгі бөлім 2-3

1. Менталды арифметиканың шығу тарихы, Қазақстан Республикасына енгізілуі3

2. Менталды арифметика арқылы креативтікті қалыптастырудың

ғылыми-әдістемелік сипаты4

3. Менталды арифметика пәнінің сипаттамасы4

3. 1 Теориялық сипаттамасы4

3. 2 Абакус дегеніміз не?6

3. 3 Абакуста қосу, азайту амалдарын орындау7-9

Зерттеу нәтижесі10

Қорытынды 11

Пайдаланылған әдебиеттер13

Қосымша №1. Жобаның презентациясы


Аннотация

Зерттеу өзектілігі: Абакуспен санаудың ерекшеліктерін меңгеріп, содан кейін елестету арқылы ауада екі қолдың көмегімен шапшаң есептеуге дағдыланған оқушы төрт амалды, бес амалды есептерді белгілі бір секунт ішінде шығарады. Оқушы өз бетімен жұмыс жасап, тез шешім қабылдай алатын, өз-өзіне сенімді тұлға ретінде қалыптастыруға менталды арифметиканың маңыздылығы өте зор.

Зерттеу мақсаты: Заманауи білім орталықтарында менталды арифметика пәнінің бала бойындағы креативтікті арттыруға, ойлау қабілетінің дамуына, есте сақтау қабілетін арттыруға тигізетін әсерін ашып көрсету.

Зерттеу міндеттері:

1. Менталды арифметика бойынша әлемдік тәжірибемен танысу және талдау.

2. Менталды арифметика пәнін меңгеру, өз тәжірибесінде қолдану.

3. Менталды арифметика пәнінің математикалық және логикалық ойын екендігін дәлелдей отыра, адамның ойлау және есте сақтау қабілетіне жақсы әсерін анықтап, ұсыну.

Зерттеу болжамы: Егер менталды арифметика пәнін өскелең ұрпақ дұрыс меңгеріп, маңыздылығын түсіне отырып, күнделікті өмірде жиі тәжірибеде қолдануды дағдыға айналдырса, онда олардың ой-өрісі мен сана сезімі дамып, терең ойлау қабілеті мен көшбасшылық қасиеті арта түседі. Өйткені менталды арифметика пәні ақыл-ой өрісінің құндылығын арттырумен қатар, болашақ жеңімпаздарды даярлаудың маңызды бағыты болып табылады.

Зерттеу нысанасы: Менталды арифметика пәні.

Зерттеу кезеңдері:

І кезең - дайындық: тақырыпты анықтау, мақсаты және болжамы,

зерттеу әдістерімен танысу;

ІІ кезең - теориялық: Заманауи білім орталықтарында менталды арифметка пәні бойынша тәжірибесімен танысу және мәліметтер жинақтау, талдау;

ІІІ кезең - іс-тәжірибелік. Оқушылар бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыруда менталды арифметика пәнінің әсерін ұсыну.

ІV кезең - қорытындылау: зерттеу жұмысын жинақтау, диагностиканың көрсеткіштерін салыстыру, қорытындыларды жүйелеу, жұмысты көркемдеу.

Зерттеу жұмысының жаңалығы, өзіндік үлесі:

Жас бүлдіршіндердің белсенділік ахуалын анықтай отырып, менталды арифметиканы меңгеруде креативтік даму ерекшеліктері анықталып, оқытылу әдістемесі қарастырылды.

Ғылыми жобада дамудың теориялық аспектілері қарастырылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығы, мектеп жасына дейінгі балаларды ауызша санауға үйрету әдістемесі жапондық горизонталь арифметикалық Соробан абакусын қолдана отырып, «менталдық арифметика» деп аталады.

Алматы қаласы, Әуезов ауданы,

№119 мектеп-лицейінің 3 «В» сынып оқушысы

Төлеген Ақыл Жәнібекұлының

«Шапшаң есептеу тәсілі (Менталды арифметика) »

тақырыбында жазған ғылыми жобасына

ПІКІР

Төлеген Ақылдың ғылыми жұмысының тақырыбы интеллектуалды және қызықты. Оқушының жас шамасына, қабілетіне байланысты, тақырыпты түсініп оқу оқушы үшін қызықты болды және тез меңгерді. Жинақталған материалдар зерделеніп, қорытылып, талқыланып отырды.

Менталды арифметика туралы ақпараттар әртүрлі еңбектерден жинақталып біріктірілді. Ол үшін ең алдымен менталды арифметиканың тарихымен, пайдасымен, жалпы не үшін керектігі туралы білу шарт екені түсінікті. Жұмыс өте үлкен ұқыптылықпен, мұқият жасалды. Менталды арифметика бойынша материалды зерттеуге арналған жұмысына оны танымдық процестер, пайда болу тарихы ерекше атап өтілді.

Ақылдың еңбегі оқушылардың қызығушылықтарын тудырумен қатар, осы тақырыпты зерттеу жұмыстарымен айналысатын адамдарға көмегін тигізеді деген пікірдемін. Ғылыми кеңестің жоғары бағасына лайық деп санаймын.

Ғылыми жоба жетекшісі : Байленова Айгуль Салимжановна.

Кіріспе

Жас ұрпақтың бойында зияткерлік ерекшеліктерді дамыту, сонымен қатар оқушыны шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасап, тез шешім қабылдай алатын, өз-өзіне сенімді, терең ойлы, кез келген жағдайдан шыға білетін тұлға ретінде қалыптастыру - қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе.

Қазіргі кезде әртүрлі есептеу құралдары мен неше түрлі техникалық жабдықтар пайдаланады. Қазіргі ғылым мен техникада, күнделікті ісімізге компьютерді, калькуляторды пайдаланып жүрген кезде осы тез есептеу әдістерін қолдану қажеті бар ма? деген заңды сұрақ тууы да мүмкін. Тез есептеулер әдісі адамның қоғам өміріндегі мәні орасан зор. Шапшаң есептеу тәсілдері арқылы уақытты үнемдей отырып, логикалық ойлау қабілетімізді жетілдіреміз. Бірақта біз оларға үнемі сүйене бермеуіміз керек. Себебі ғылым мен техниканың жетістіктерінің барлығы да адам еңбегі, барлық жаңалық атаулыны жасайтын адам, сондықтан да қандай техникалық жабдық болмасын адам миынан артық емес. Санай білмей, сандарды қосуды, азайтуды, көбейтуді, бөлуді дұрыс орындай білмей тұрып, сондай-ақ сандардың қасиеттерін және де тез есептеу әдістерін пайдалана алмайтын адамның ақыл-ойы мен адам қоғамының дамуы мүмкін деп ойлауға болмайды. Егер қолыңызда есептеуіш техника, кесте болмай қалса осындай есептеу тәсілдері сізге көмекке келетіні сөзсіз. Ендеше өз мүмкіндігімізді молынан пайдалана білейік дегім келеді.

Сондықтан да бүгінгі осы жобамда келтірген тез есептеудің әдістерінің бірі - менталды арифметиканы екенін дәлелдеймін.

Негізгі бөлім 1. Менталды арифметиканың шығу тарихы, Қазақстан Республикасына енгізілуі.

Менталды арифметика - 4-14 жас аралығындағы балалардың зияткерлік қабілетін дамытуға арналған, ойша есеп жүйесіне негізделген бағдарлама. Негізінен, оның тарихы ежелгі Қытайдағы абакус есептеу құрылғысының пайда болуымен тығыз байланысты. Абакус - қосу, азайту, көбейту, бөлу сияқты арифметикалық амалдарды сандардың орнына моншақтарды пайдалана отырып орындауға арналған құрал. Менталды арифметика бағдарламасының негізі осы абакусты қолданумен сипатталады. Дәл осы құрылғының адам миын шынықтыратын қасиетін байқаған малайзиялық профессор Дино Вонг 1993 жылы UCMAS менталды арифметика бағдарламасын ойлап тапқан. Бүгінгі таңда бұл бағдарлама әлемнің 75 елінде сұранысқа ие болып, UCMAS орталықтары ашылған.

Қазақстанға мұндай орталықтар 2011 жылы келді. Ал 2015-2016 жылдары облыс орталықтарында менталды арифметика курстары ашыла бастады. Қазақстанда UCMAS бағдарламасы жұмыс істеп келе жатқан кезінде біздің жас отандастарымыз халықаралық турнирлерде жүлделі орындарға ие болды.

2016 жылы қазақстандық мектеп оқушылары түрлі халықаралық олимпиадаларда 1236 жүлдені жеңіп алды. Оның ішінде 195 алтын, 367 күміс, 648 қола, сонымен қатар 26 диплом. Жақында Дубайда 57 елден 4 мыңға жуық бала бақ сынаған ХХІ дүниежүзілік менталды арифметика жарысында біздің өнерпаздар жеңістер қазынасын тағы 12 медаль, көптеген күміс және қола жүлделермен толықтырды. Жеңімпаздар қатарында Астанадан «Олар сөйлессін» телешоуының қатысушысы Данияр Құрманбаев пен «Россия-1» телеарнасындағы «Тамаша адамдар» телешоуының қатысушысы Ілияс Тоқтархан бар. Байқаудың Гран-при жүлдесін жеңіп алған өскемендік сегіз жасар Тамерлан Закарьянов менталды арифметикадан әлем бойынша үздік деп танылды.

Мұндай ауқымды жарыстар балалардың бойында ұжымдық рухты, жеңіске деген жігерді, патриоттық сезімді қалыптастырады.

2. Менталды арифметика арқылы креативтікті қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік сипаты.

Креативтік әрекетті жүзеге асыратын субъект - тұлға. Ғылымда ойы ұшқыр, ақылы алғыр типтегі тұлға шығармашылықта мұратына жететіні дәлелденген. Ең бастысы, креативтік тұлғада шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісіне қанағат табу сезімі болуы қажет. К. Г. Юнг осыған байланысты «адам идея, жаңалық аштым деп ойлайды, ал шын мәнінде олар адамды ашады» - деген қорытынды жасаған. Бұл креативтік - адамды дамытып, шебер етіп шыңға көтеретін факторлардың бірі екеніне - дәлел бола алады.

Креативтіктің бұл зияткерлік, дарындылық, талант, қабілеттілікпен қандай да бір дәрежеде байланыста екендігін байқаймыз.

Креативтіктің басты факторларының бірі - мотивация. Сондықтан шығармашылыққа қажет қорды қолдануға дайын әрбір адам қабілетті. Шығармашылықты әуестіктің бір түрі ретінде қарастырады.

Көптеген авторлар шығармашыл дарындылық мәселесін зерттеуде шығармашылық адамның қызметінде тұлғалық фактор жо­ғары рөл атқарады, - деген. Креативтік мөлшерлі үдеріс ретінде танылады, яғни барлық адамдарға тән. Креативтікті жаттықтыруға болады.

3. Менталды арифметика пәнінің сипаттамасы. 3. 1 Абакус дегеніміз не?

Абакус - қосу, азайту, көбейту, бөлу сияқты арифметикалық амалдарды сандардың орнына моншақтарды пайдалана отырып орындауға арналған құрал.

«Абакус» сөзінің түп тамыры ежелгі грек тілінде жатыр. Ежелгі гректер, римдіктер, египеттіктер, үндістер және қытайлар есептеулер жүргізуде абакусты қолданған. Сандар символдармен ауыстырыла бастағаннан кейін абакусты қолдану деңгейі төмендеді.

2400 жылдары Қытайда кең қолданыста болған абакус Крит пен Микен саудагерлері арқылы Америка мен Еуропа аумғына тарала бастады. Қозғалмалы моншақтары бар абакус тарихтағы ең алғаш калькулятор болып саналады. Қазіргі уақытта абакусты мектепке дейінгі жастағы балалардың математикалық зияткерлігін дамыту мақсатында әлемнің әр бөліктерінде қолданады.

Абакус дегеніміз - мақсаты қосу, азайту, көбейту, бөлу сияқты 4 негізгі математикалық амалдарды орындау болып табылатын заманауи калькулятор мен компьютердің атасы.

Вавилондықтардың олжасы болып табылатын абакустың ғасырлар бойы орны зор болды. Крит пен Микеннің сәндік-қолданбалы өнерінде абакустың үлгілері табылған.

Қытайлар қолданатын абакус «пхан» (есептеу тақтасы) немесе «чу суан пхан» (моншақтармен есептеу техникасы) деп аталады. Жапондықтарда абакус «соробан» (есептеу құралы) деп аталады. Орыстарда абакус «счет» деген атаумен танымал.

F:\images.jpg F:\slide_2.jpg F:\slide_2.jpg

Ежелгі абакус үлгілері

Мидың сол және оң жақ жарты шарларының дамуы

Мидың екі жарты шарлары бір-бірін толықтырып тұрады. Екі жарты шарлардың ортасында тығыз жүйке талшықтарынан түзілген жинақталған желі - «Корпус калоссум» орналасқан. Бұл желі мидың оң және сол жақ жарты шарларындағы ақпараттарды үздіксіз жеткізуші көпір. Адам миында 100 миллиардтардан көп ми жасушалары орналасқан. Мида болып жатқан үрдістер және жеке үрдістер тобы жасушалар арасында жаңа байланыстар орнатып, желіде толық қабат түзеді. Орнатылған байланыстар саны көбейген сайын мидың потенциалды күші соғұрлым жоғарылайды.

Егер мидың оң жақ бөлігі көбінесе адамның шығармашылық қабілетіне, сезімталдығына, түстер мен дыбыстарды қабылдауына, қиялына жауап берсе, ал сол жақ бөлігі керісінше логикалық, жүйелі және аналитикалық ойлауларына негізделген. Санды және мәтінді қабылдауға, өлшеуге, баға беруге жауап береді. Мидың бір жақ бөлігі жақсы жұмыс жасайтын адамдар әлсіз жұмыс істейтін бөлігі қажет кезде қиналып, жұмысында үлгермейді.

Жүргізілген көптеген тестілеулер нәтижесінде адам миының сол жақ бөлігі математикалық амалдар, сөйлеу мәнері және анализге жауап береді. Зерттеу нәтижелері адам миының оң жақ бөлігі шапшаңдыққа, елестетуге, түстер қабылдау, көлемге, әуендерге жауап беретінін көрсетті. Мидың сол жақ бөлігі ақпаратты логикалық және сызықты формада өңдеуді, ал оң бөлігі ақпаратқа шығармашылық жағынан қарап суретті әр бөлшектері бойынша емес, толық сурет ретінде елестетуге және өңдеуге жауапты. Сондықтан да қабылдау кезінде адам миының оң жақ бөлігі сол жақ бөлігіне қарағанда тиімдірек және тезірек екенін көрсетті. Себебі сол жақ бөлігі ақпаратты бірден емес ретпен қабылдайды. Қарапайым мысал: адамның түрін оңай есімізге түсіреміз де сол мезетте адамның есімін есімізге түсіруге қиналамыз. Бұл қаншалықты оң жақ жарты шардың оқудағы тиімділін көрсетеді. Тез әрі тиімді оқу процесі үшін мидың екі жақ жарты шарының бірдей жұмыс жасауы тиіс. Олардың арасындағы тепе-теңдік сақталса, бір-бірімен байланысып жүрсе, жеке дағдының жақсаруы байқалады. Оқу жүйесінде мидың екі жарты бөліктері бірдей жұмыс жасауы, мидың жұмыс жасау қабілетін толығымен жоғарылатады. Құстың жалғыз қанатпен ұша алмауы секілді мидың бір бөлігінің оқу үрдісінде тиімді көрсеткіш көрсетпейді.

3. 2. Не себепті 5 пен 12 жас арасындағы балалар?

7 жасқа дейін адам зияткерлігінің дамуы 75%-ға тоқтап қалады. 7 мен 12 жас арасында оның үлесі 95%-ға дейін артады, ал қалған 5%-ы бастапқы салынған фундаментті қалап, біздің кәсіби және жанұялық өмірімізге бағыт бере отырып толтырылады. Екі жарты шардың синхронды жұмыс істеуін қамтамасыз ететін есептегіштермен оқыту 5 пен 12 жас арасындағы балаларды қамтитын оқыту жүйесі болып табылады. 5 жастағы балалар сандарды еркін таниды және оқи алады. Сондықтан санды танитын әрбір бала осы жүйе бойынша оқуды бастай алады.

Әрбір сәби ойлау, көру, эмоция сияқты ми қызметтеріне жауап беретін 100 миллиард жүйке жасушаларымен туылады. Әрі қарай өсуімізге байланысты берілген 100 миллиард жүйке жасушаларына жаңалары қосылады. Жүйке жасушалары синапс деп аталатын кеңістіктермен байланысып, мидың әртүрлі қызметтерін атқаратын кластерлерді құрайды.

Үйрену қабілеті өзінің шырқау шегіне 3 пен 12 жас арасында жетеді және өмір бойы жалғасады. Алғашқы 10 жылда өмір бойы қажет болатын музыка, тілдер, математика сияқты пәндер оқытылады.

Гимнастикада 180 градустық шпагатты жасау 4 пен 12 жас арасында мүмкін. 8-ден жоғары жаста осы нәтижеге қол жеткізу үшін өте көп ауыртпашылыққа төзу керек. Осылайша математиканың егін дәнін 5 пен 12 жас арасында екпесе, 12 жастан жоғары балаларға математиканы үйрету қиын болады.

3. 3. Абакуста қосу, азайту амалдарын орындау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика пәні мұғалімі
Когнитивтік лингвистика және әлемнің тілдік бейнесі
Конгинивті психологияның бастауы
Әлем бейнесі және әлемнің тілдік бейнесі ұғымдары
Когнитивті лингвистика пәні, оның зерттеу объектісі. Когнитивтік лингвистиканың калыптасу тарихы
Жеткіншектік шақта дамудың психологиялық ерекшеліктері
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени сипаты
Жол концептісінің танымдық сипаты және когнитивтік негіздері
Мектепке дейінгі жастағы баланың эмоционалдық саласын дамыту құралдарын қарастыру
Бастауышта математикалық білім беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz