Жер қойнауын пайдалану


Кіріспе«M. S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti» АҚ 2 курс студенті
Аскербеков Құралбай Джаркинбекұлы өндірістік тәжірибе кезінде атқарған жұмыстары туралы
ЕСЕБІ
Мен, Аскербеков Құралбай Джаркинбекұлы, 2023 жылғы «22» мамырдан бастап 2023 жылғы «2» маусымға дейін 2 курс бойынша өндірістік тәжірибені Қазақстан Республикасы Индустрия және инфақұрылымдық даму Министирлігі ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің Жер қойнауын пайдалану құқығын беру басқармасы бағытында жұмыс жасайтын жерде өткіздім. Тәжірибе бойынша жетекшім, ҚПҚ бойынша Жер қойнауын пайдалану департаментінің сарапшысы, Тағайбек Нарман Қайратбекұлы. Практика сарапшысы Тағайбек Нарман Қайратбекұлы деп көрсетуімнің себебі, мансаптық жолымды мемлекеттік қызметтен бастап, білікті заңгерлермен бірлесе отыра болашақ мамандығыма қажетті дағдылар мен машықтарды тәжірибе барысында жетілдіру болды.
Болашақ заңгерге тәжірибе алмасу таптырмас мүмкіндік.
Қарабаев Марат Кәрімжанұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі. Министрлік туралы жалпы ақпаратқа шолу жасап өтейін. Тәжірибе орны туралы ақпараттарға тоқталатын болсам, жалпы көлік және көлік логистикасы, елдің ғылыми-техникалық дамуы, тау-кен металлургия кешені, жергілікті қамтуды дамыту, көлік жасау, көмір, химия, жеңіл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және құрылыс материал өндірісі салаларында басшылықты жүзеге асырады.
Сегіз бағыт-бағдардан тұрады;
- Автомобиль жолдары
- Индустриялық даму
- Көлік
- Азаматтық авиация
- Жер қойнауын пайдалану
- Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
- Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы және қорғаныс өнеркәсіп кешенінін дамыту
- «Адалдық алаңы»
Өндірістік тәжірибенің бірінші күнінде кадрлар бөліміне барып, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфақұрылымдық даму Министирлігіне кіруге рұқсаттама қағазын жасаттым. Әрі қарай мені ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің Жер қойнауын пайдалану құқығын беру басқармасына жолдап, жетекшім ретінде ҚПҚ бойынша Жер қойнауын пайдалану департаментінің сарапшысы, Тағайбек Нарман Қайратбекұлы бекітілді. Жетекшім мені ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің Жер қойнауын пайдалану құқығын беру басқармасы бағытында жұмыс жасайтын басқа сарапшыларымен таныстырып, тәжірибе өту барысында олардың көмекшісі ретінде тағайындады. Басқарма сарапшылары маған тәртіп ережелерін, өздерінің айналысатын қызмет түрлерімен, маған жүктелген міндет пен атқаратын жұмыс түрлерін түсіндірді. Жұмыстармен қатар бір басқармада тәжірибе өтетін практиканттар, студенттермен ортақтасып жасайтын тапсырмалар да беріліп отырды.
Алғашқы күндері сарапшылардың басшылыққа алып жұмыс жасайтын нормативтік-құқықтық актілерімен танысып, шолып шықтым.
Сарапшылардың күн сайын жұмыс жасайтын интернет-платформаларын білу өте қажет болғандықтан берілетін тапсырмаларды орындау барысында керекті бірқатар керекті базаларды маған көрсетіп, түсіндірді. Олардың ішінде мемлекеттік органдардың интернет-порталы, «ЦРМ» (цифрлық жұмыс орны), «e-otinish» және «e-kyzmet» ақпараттық жүйелерімен танысып жұмыс істедім. Мемлекеттік органдардың интернет-порталы ‒ бұл барлық мемлекеттік органдар туралы ақпараттарды қамтитын және олардың өзара бірлесіп жұмыс жасауға, мемлекеттік қызметшілер арасында ақпараттық байланысты орнатуға көмектеседі. Сарапшының тапсырмасымен, интернетпорталдан өзге мемлекеттік органдағы қызметкердің жұмыс телефонын тауып, оған хабарласып, құжаттар бойынша туындаған сұрақтарға нақты жауаптар алдым. Сондай-ақ сарапшы сұраған керек деректерді мемлекеттік органдардың интернет-порталынан іздестіріп тауып отырдым. «Documentolog» базасы мемлекеттік қызметшілерге құжаттармен электронды түрде жұмыс жасауға, сыртқы және ішкі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді екен. База арқылы басшылықтан түскен тапсырмалар бойынша сарапшыға оларды орыс тілінен қазақ тіліне аударуға көмектестім. «ЦРМ» (цифрлық жұмыс орны) бұл виртуалды түрде мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тапсырмаларын орындау барысында, әріптестерімен хат-хабар алмасу арқылы қажетті құжаттарды сұратып, ақпараттар алуға болатын электрондық пошта ретінде жұмыс атқарады. Тәжірибе барысында аталған электронды пошта арқылы мен басқа департаменттермен хат-хабар алмасу арқылы сарапшыларға қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратып, оларға тапсырып отырдым. «E-otinish» бұл жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайтын және өңдейтін жүйе. Сарапшының тапсырмасымен, өтініштерді қарау кезінде азаматтардың өтініште көрсеткен мәселелері бойынша сәйкес НҚА-лерді қарап, оларға талдау жүргізіп, сарапшыға өз жауаптарымды ұсындым. Мәселен, өтініштер арасында ҚР азаматы НҚА-нің белгілі бір баптарын және баптың тармақшаларын түсіндіруге өтініш жіберген болатын, мен ол бойынша қажетті НҚА-ні зерттеп, оның ережелерін мұқият талдап, сарапшыға жеткіздім. «E-kyzmet» ақпараттық жүйесінде министрлікте жұмыс жасайтын әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке мәліметтері тұрады, аталған жүйе арқылы кадр бөліміне электронды түрде жұмыстан сұрану, демалысқа шығу, басқа да жеке сипаттағы сұрақтар қойылады.
Өндірістік тәжірибе кезінде сарапшылармен бірге лицензия беру, лицензияны қабылдаған адамның сенім хаты болу қажет. Лицензияны беріп, сенім хатты алып қаламыз.
Тәжірибе барысында сарапшылардың тапсырмасымен орыс тілінде жазылған құжаттарды қазақ тіліне аудардым. Атап өтер болсам, сараптама қорытындысын орыс тілінен қазақ тіліне аудардым. Құжаттарды орыс тілінен қазақ тіліне аударғаннан кейін сарапшыға көрсетіп, тексертуге апарамын. Олар мұқият тексеріп шыққан соң, ешқандай қателіктер болмаса қолдарын қояды. Қол қойылғаннан кейін, құжаттарды сарапшыға тапсырамын.
ҚорытындыМенің Қазақстан Республикасы Индустрия және инфақұрылымдық даму Министирлігі ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінде тәжірибе өтуім жоғарғы оқу орнында алған теориялық білімімді іс жүзінде қолдана білуге, жаңа қырларымды ашуға, тәжірибелі сарапшылармен бірлесе отырып кәсіби дағдыларым мен қабілеттерімді шыңдай түсуге көп көмегін тигізді.
Тәжірибе өту кезінде, қызмет бағыттарымен, өзім түскен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфақұрылымдық даму Министирлігі ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің ережесімен, атқаратын функцияларымен, олардың басшылыққа алып жұмыс жасайтын НҚА базасын зерттедім. Сарапшылардың күнделікті қолданып, тапсырмаларды орындайтын платформалармен, атап айтқанда мемлекеттік органдардың интернет-порталы, «documentolog» базасы, «ЦРМ» (цифрлық жұмыс орны), «e-otinish» және «e-kyzmet» жүйелері арқылы әр түрлі практикалық тапсырмалармен жұмыс жасауды үйрендім. Сонымен қатар, аналитикалық сыни ойлау қабілетін жетілдіріп, өз позициямды және ұсыныстарымды жеткіздім. Сарапшылар тарапынан қойылатын теориялық және практикалық сұрақтарға нақты әрі ұтымды жауап беру қабілетін дамыттым. Құқықтық мониторинг жүргізу мен заңнамалардың тұрақтылық деңгейі бойынша талдау жүргізу машықтарын игердім.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz