Волонтерлік әрекеттер түрлері және оның ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті

Психология педагогика және әлеуметтік жұмыс кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып: «Әлеуметтік жұмыстағы қайырымдылық, демеушілік, қоғамдық жұмыстағы волонтерлік(Қарағанды облыс) »

Пән: «Әлеуметтік жұмыс теориясы»

6В10201 - «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша

Орындады

СР-21-1к студенті Ж. Ж. Мтсбай

Қарағанды 2022

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
5
КІРІСПЕ:
  1. Әлеуметтік жұмыстағы қайырымдылық, демеушілік, қоғамдық жұмыстағы волонтерлік қызметтің теориялық негіздемелері

1. 1Волонтерлік әрекеттер түрлері және оның ерекшеліктері

1. 2 Қазақстандағы еріктілер қозғалысының даму тарихына жалпы сипаттама

5:

6

6

14

КІРІСПЕ:

2 ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ

2. 1 Қарағанды облысындағы волонтерлер мен еріктілер жұмысының қандай дәрежеде жұмыс жасағанына шолу, зерттеу

2. 2 Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіндегі волонтерлік жұмыстардың сапасын арттыру мақсатында берілетін ұсыныстар

5:

21

21

22

КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
5: 27
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
5: 30

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс нысаны - волонтерлік қызмет.

Курстық жұмыстың мақсаты - әлеуметтік жұмыстағы қайырымдылық, демеушілік, қоғамдық қорлардың жұмысын зерттеу және Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіндегі волонтерлік жұмыстардың сапасын арттыру мақсатында ұсыныстар беру.

Жұмыс мақсатына сәйкес оның міндеттері анықталды:

- Әлеуметтік жұмыстағы қайырымдылық, демеушілік, қоғамдық жұмыстағы волонтерлік қызметтің теориялық негіздемелерін анықтау.

- Волонтерлік әрекеттер түрлері және оның ерекшеліктерін айқындау.

- Әлеуметтік белсенділікті арттыру мақсатында қайырымдылық, демеушілік, қоғамдық іс-шараларды дамыту, зерттеу.

- Қарағанды облысындағы волонтерлер мен еріктілер жұмысына анықтама бере отырып зерттеу, проблемаларды анықтау.

- Әлеуметтік акцияларды өткізу барсыныдағы студенттердің волонтерлік әрекеттерін сараптау.

Қайырымдылық мәселесі көптеген саяси гуманитарлық ғылымдарда зерттелініп келе жатыр. Қайырымдылықтың тамыры ежелгі болғандықтан, ерте заманнан бері қарай атақты ірі ойшыл-ғалымдардың, мемлекет қайраткерлерінің жазған ғылыми еңбектерінде, айтқан нақыл сөздерінде бұл мәселе жан- жақты айтылып, зерттеліп келуде. Әрине қайырымдылық - ол әлеуметтік процесс, институт.

Қайырымдылық грек тілінде «eleemon»-« қайырымды, мейірімді, ізгі ниетті» деген мағына береді, ал шіркеу тілінде ол «Caritabilis» сөзімен айтылып, қайырымдылық мағынасын білдірген. Тертуллиан, Иероним, Августин сияқты христиандар грек тілінен «eleemosyne», яғни біреудің қайғысына ортақтасу, аяушылық білдіру деген сөзді алып қолданған. Ертедегі латын тілінде бұған ұқсас сөз болмаған.

Ағылшын протестант діндарлары 1880 жылы ағылшын тілінде жазылған жаңа ілімнің аудармасын қайта қарап, ондағы «caritas» және «love» деген сөзбен алмастырған, яғни «достық», «махаббат» деген сөздерімен береді. Шындығында алғашқы христиан дінінің іс- әрекеті мен ойы соның дәлелі. Осы тұрғыда алғанда оның қырлары көп, оларды басқа да әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар қарастыруда. Ал социологияға келсек, біз ғылым қайырымдылықты әлеуметтік институт, процесс ретінде қарап, осы құбылысты социологиялық нақтылы зерттеулер арқылы негіздейді. Қайырымдылық мәселесі социологияда ауқымы өте кең жан жақты проблема болғандықтан, оны социологияның бір саласы немесе салалық социология деп те түсінуге болады. Сонымен, қайырымдылық проблемасын зерттеу ғылымының міндеттерінің бірі деген тұжырым жасаймыз. [1]

Волонтерлік қызметтің дамуы мен қалыптасуына алғышарттар өте көп болды. Волонтерлік қызмет қоғаммен, оның орнымен және дінімен бірге дамыды. Кез келген қоғамға ерікті және риясыз көмек идеясы тән болды.

Ерікті, қайырымдылық көмек идеясының өзі өмір салты бір-біріне ерікті, өзара көмек түрінде өмір сүру жағдайларын көтерсе, өз тамырымен қауымдық жолға кетеді.

Бүгінгі таңда «волонтер» және «волонтерлік» ұғымдарының көптеген анықтамалары бар.

Волонтер - бұл тегін жұмыс істей отырып, әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға өз үлесін қосуға ұмтылатын адам.

Волонтерлік қозғалыс әлеуметтік жауапкершілік пен дамыған азаматтық қоғамның жоғары көрінісінің элементі болып табылады.

Волонтер (фр. volontaire ағылш. volunteer, лат. voluntas) сөзбе-сөз аударғанда - ерікті адам. [2]

Ерікті волонтер болу дегеніміз риясыз мейірімділік көрсету, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау, төрт қабырға ішіне қамалып, тағдырына налып отыратын мүмкіндігі шектеулі жандардың қызықты да əсерлі істер мен оқиғалардың ортасында болуы үшін көмектесу, тағдырдың тезімен қиын жағдайға тап болған адамның жанынан табылу, қолынан келгенше сүйеу бола білу деген сөз. Ол екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Ерікті волонтерлер болу үшін адамдарға ниет білдіру, жаны ашып, есіркей білу, ашуды ақылға жеңдіре білу, командада жұмыс жасай білу ғана емес, адалдық, парасаттылық сияқты адамгершілік қасиеттер керек.

Тақырыптың өзектілігін қазіргі кезде әлемде волонтерлікпен шұғылдану үрдісі кең етек жайып келе жатқанмен байлыныстыруға болады. Оған дәлел 1 миллиардқа жуық адамның осы іспен шұғылдануы. Тіпті әлемдік ішкі жалпы өнімнің 2, 5% еріктілер еңбегінің нәтижесі екен.

Көптеген елде пайдасы қоғамға тиетін бұл істің бас-қасында жүргендер жұртшылықтың алғысы мен жылы ілтипатына бөленуде. Өзгеге көмек көрсету үрдісі Қазақстанда да қалыс қалып жатқан жоқ.

Қайырымдылық ертеден қалыптасқан әлеуметтік процесс. Оның философиясы - адам сүюшілік. Қайырымдылық бос жерден, өзінен өзі жеке адамдардың атынан пайда болған процесс емес, онын ұзақ жылғы тарихы бар, адам қоғамының дамуындағы объективтік процесс.

Өркениетті елдердің тәжірибесіне сүйенсек әлеуметтік шаралардың бір саласы - қайырымдылық. Сондықтан да қайырымдылық әлеуметтік қажеттілік болып есептеледі. Сол қажеттіліктен туындаған қайырымдылық шаралары елімізде біртіндеп іске асырыла бастады. Халықтың нарық жағдайындағы ауыр тұрмыстық ахуалдарын жақсарту өмір талабы. Қайырымдылық әлеуметтік ұйымдардың саналы мақсаттық іс- әрекетінде көрініс табатындығымен айқын түсуде. Адам өмірінің екі өрісі: 1. материалдық, бұл шындығын айтқанда адамға ен алдымен азық түлік, баспана, киім кешек және тағы басқалар жағдайлар керек, 2. рухани өмір. Яғни қоғамдағы адамдар бір біріне тәуелді екендігін сезінуі қажет.

Олай болса өркениетті елдерде қалыптасып дамып отырған қайрымдылық әлеуметтік, ғаламдық құбылыс, процесс.

Әлеуметтік қолдау ең алдымен халықтың онсыз өмір сүре алмайтын тобына мақсатты әрі нысаналы сипатта көрсетеді. Әлеуметтік өзгерістер қоғамды ұйымдастыру тәсілі деп қараймыз.

1 Әлеуметтік жұмыстағы қайырымдылық, демеушілік, қоғамдық жұмыстағы волонтерлік қызметтің теориялық

1. 1 Волонтерлік әрекеттер түрлері және оның ерекшеліктері

2020 жыл «Волонтер жылы» деп жариялады. Осы жылы ел аумағында көптеген қоғамға пайдалы іс-шаралар жоспарлануда. Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Бүгінгі таңда елімізде 200 ден астам волонтерлық ұйым жұмыс істейді. Жалпы волонтер дегеніміз кім, оның қызметі қандай ? Волонтер - волонтерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға. Волонтерлік қызмет - жеке және заңды тұлғалардың мүдделерінде өтеусіз негізде жүзеге асырылатын, әлеуметтік бағыттағы ерікті, ерік қалауымен орындалатын қоғамдық пайдалы қызмет. Волонтерлер - жеке тұлғаларға, әлеуметтік топтарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық позицияны қалыптастыру, өзін-өзі ұйымдастыру, әлеуметтік жауапкершілік, өзара көмек көрсету және қоғамда қайырымдылық жасау бағытында жұмыс жасайды. Волонтердің еңбегі ақысыз. Волонтерлер тәжиребе алу, дағдыларды және білімдерді арттыру, дербес қарым-қатынастың қағидаларын білу үшін де жұмыс істейді. Көбінесе волонтерлік қызмет төленетін жұмысқа жол салады, бұл жерде адам өзін жақсы жақтан көрсете алады, өзін әртүрлі қызмет аясында сынап көріп, өмірлік жолын анықтай алады. Волонтерлік акция волонтерлік ұйым және волонтерлер және волонтерлер тобы орындайтын нақты әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндетті шешуге бағытталған іс-шара. [3]

Волонтерлер мұқтаж адамдарға көмек көрсету, азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және сақтау, дене шынықтыруды және спортты дамыту, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жұмыстарды ақысыз орындайды. Мақсаты қоғамда азаматтық ұстанымды, өзін-өзі ұйымдастыруды, әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақ, өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар қоғамға әлеуметтік міндеттерді шешуге көмектесу, волонтерлік қызметті ұйымдастыруға бағытталған азаматтық бастамаларды дамыту және қолдау, халықтың әртүрлі нысаналы топтарымен және санаттарымен өзара іс-қимыл жасауда волонтерлік қызметтің рөлін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру, кеңес беру, ақпарат беру және әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру және жүргізу жатады.

Волонтерлік қызметтің негізгі түрлері - әлеуметтік көмек, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарына, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсетуге қатысу, қарттарға, мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектер үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу, дүлей зілзалалар, экологиялық, техногендік және басқа да апаттар, әлеуметтік шиеленістер, жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдарға, құқық бұзушылықтар құрбандарына, босқындарға және шарасыздан қоныс аударушыларға, сондай-ақ сырттан жасалатын көмек пен қолдауға мұқтаж адамдардың өзге де санаттары мен топтарына көмек көрсетуге қатысу, орталық және жергілікті атқарушы органдарға төтенше жағдайлардың алдын алуға және салдарларын жоюға жәрдем көрсету, хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы Отан соғысы мен оқшау соғыстарға қатысушылардың сүйектерін іздеуге қатысу, қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу, тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтіру мен сақтау үшін мүмкіндіктер жасауға қатысу, білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытуға, білімді танымал етуге, инновацияларды дамытуға қатысу, дене шынықтыруды, спорт пен белсенді демалысты дамыту мен танымал етуге, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, конгресс-көрме қызметіне қатысу, халықтар арасындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу, волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де түрлері болып табылады. [4]

Волонтерлікпен негізінен жастар айналысады (жоғары және орта оқу орындарының студенттері, кәсіптік оқу орындарының оқушылары, мектеп оқушылары) . Олар үшін ең алдымен волонтерлік дегенміміз:

  • Қарым-қатынас аясын кеңейту және жаңа достар табу мүмкіндігі;
  • Бірлескен түрлі іс-шараларға қатысу;
  • Өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі бекіту мүмкіндігі;
  • Таңдалған мамандық, кәсіп бойынша алғашқы қадамдар жасауға бірегей мүмкіндік;
  • Бос уақытты қызықты өткізу.

Еріктілік ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған болуы мүмкін, топта және жеке, қоғамдық және жеке ұйымдарда жүзеге асырылады.

Олар бейресми түрде әрекет ете алады, мемлекеттік және жеке меншік медициналық, білім беру саласындағы немесе әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдарында тегін жұмыс істей алады немесе ерікті ұйымдардың мүшелері бола алады [5] .

Қазақстан Республикасында волонтерліктің дамуы жəне дамудағы проблемаларға тоқталардан бұрын волонтерліктің пайда болуына тоқталайық. Волонтерліктің пайда болуы мен даму тарихына тоқталар болсақ. Волонтер түсінігі əлеуметтік қызмет идеясы ретінде өте ескі түсінік, «социум» түсінігі секілді. Адам тарихында ерікті жəне дүниеқорлық мақсатта емес көмекке ешқашан қоғам қарсы болмаған. Қоғамда əрдайым қоғам игілігі үшін еңбек етуші адамдар болған.

Тарихқа дейінгі кезеңде қоғамда ауылдық жерлерде өмір сүру үшін адамдар бірлесіп өнім жинаған, үй соққан, жол жөндеген. Мүмкін, XIX ғасырда индустрализация, ақша рөлінің жоғарылауы, урбанизацияға қостаушы аутичтілік, анонимділіктер, бір-біріне көмек беру жəне ынтымақтастық секілді құндылықтарды үзді. [6]

1920 жылы бұл құндылықтар қайта пайда болды, ол жеккөрушілікке қарсы дəру ретінде Бірінші Дүние Жүзілік соғыста пайда болды. Сол жазда Австрия, Англия, Германия жəне Швециядан волонтерлар, соның ішінде бұрынғы сарбаздар, Вердуна жанындағы ауылды қайта қалпына келтіру мақсатында жиналды, ол ауыл миллиондаған адам өмірін қиған соғыс зардабынан қираған болатын. Міне осыдан кейін адамзат тарихында халықаралық волонтер лагерінде алғашқы волонтерлік қозғалыс пайда болды, ол қазіргі күнге қызмет етуде. Ол французша атауға ие Service Civil International (Халықаралық Азаматтық Көмек), қысқаша S. C. I. Волонтерлік көмек тез таралды 1920-1930 жылдар S. C. I. жалғастырушылар көбейді. Сол уақытта мұндай ұйымдар түрлі еуропалық елдердің жастарының достық қарымқатынас құру тəсілі ретінде бағаланды. 1929 жылғы қатаң экономикалық крисиз кезінде АҚШтан бастап Болгарияға дейінгі елдер волонтерлік жұмыстарын жұмыссыз жастарды бос жүргізбей əлеуметтік қажет іспен айналыстырып, тегін тамақ пен төсек орынмен қаматамасыз етілуі үшін ұйымдастырды.

Өкінішке орай, бұл халықаралық ұйымдардың идеялары неміс жұмысшы бригадасы Hitlerjugend Arbeitsdienst жəне өзге тоталитарлық елдердегі ұйым əсерлерінен бұрмаланушылыққа ұшырады жəне өзге ағымға бұрылды.

1934 жылы S. C. I. төрт еуропалық волонтерлерді Үндістандағы кедейлерге көмек беруге жіберді. Бұл команда British Volunteer Programme, US Peace Corps, Deutsche Entwiklungsdienst секілді ұйымдардың жəне өзге топтардың бастамашысы болды. Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін жас волонтерлер Еуропаның қайта қалпына келтіруіне қатысты. Олар мынадай проекттерде жұмыс жасады: Варшава орталығын соғу, батыс Еуропадағы қираған қалаларды қайта қалпына келтіру, Югославиядағы Bratsvo-Edinstvo көлік магистралін құруда. Волонтер халықтар арасында достық қарым-қатынас орнауына өз септігін тигізді.

Қырғи-қабақ соғыс кезінде жүрек пен адам санасының «мұздау» қаупі туды. Адамдар волонтер көмегіне суынуы жəне волонтерлік бəсекелестіктің мықты құрал болу қауіптері төнді. Алайда, 1948 жылы құрылған ЮНЕСКО-ның жəне Халықаралық Волонтерлік Ұйымның Координациялық Комитетінің арқасында шығыс жəне батыстағы волонтерлік ұйымдар жұмыстары тоқтап қалмады. 1960 жылдары американдықтар халықаралық СССР, ГДР жəне Венгриядағы волонтерлік жұмыс лагерьлерінде болды, онда нағыз адам алмасу болды, нағыз достық пайда бола бастады. Шығыс волонтерлері де батысқа саяхаттады. Азия, Африка жəне Латын Америкасындағы волонтерлік қозғалыстар құлдықтан құтылғаннан соң пайда болды.

1960 жылдары дамушы елдерге көпжылдық көмек көрсету программасы бастау алды. Міне сонда олардың деполитизацияға үндеуі басталды. Себебі волонтерлерді Қырғи-қабақ соғыста əскер ретінде пайдалануды тоқтату мақсатында, БҰҰ волонтерлер корпусын тағайындады. 1950 жылдарда ЮНЕСКО-дан жергілікті жерлерде АҚШтан, Иорданиядан келген кішігірім волонтерлар тобы жұмыс жасады. Оның мақсаты араб елдерінде жəне Латын Америкасында сауаттылықты ашу. 1970 жылы БҰҰ-ның Волонтерлік бағдарламасы жасалды. Волонтерлік ол көп ұлтты құбылыс. Жапония, АҚШ, Канада, Австралия, Англия, Италия жəне өзге дамыған елдердің пайымдауынша, ерікті іс-əрекет демократия принциптерінің қолдауы мен жеңілдетуіндегі негізгі рөл атқарушылардың бірі ретінде түсіндіреді, ең алдымен, шешім қабылдау процесінде көпшілік азаматтарды тартады. Елдердің үкіметтері ерікті қозғалысқа жан-жақты көмек көрсетеді, түрлі заңдар шығарылады, ерікті қозғалыс бағдарламаларын қабылдайды. Міне солай, Жапонияда еріктілер орталықтарының жүйесі бар, оған жалпыұлттық, преферактуралды жəне муниципалды орталықтар кірді. Жапония Министрлігі волонтерлік жұмыспен айналысуды жүзеге асырумен айналысу негізгі міндеті.

Қазақстанда волонтерлік 1991 жылдан бастап БҰҰ Еріктілер қозғалысы бағдарламасының пайда болғаннан кейін дами бастады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының еріктілер қозғалыс қарарына қаржылай демеуші болды. 1997 қараша айында Қазақстан 100-ге жуық дүние жүзі елдерімен қатар A/RES/52/17 қарарына қол қойып, 2001 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп аталды. Сондай-ақ, Қазақстан Индонезия, Лаос, Маврикия мен Нигер мемлекеттерімен бірігіп 2002 жылдың желтоқсан айында A/RES/57/106 қарарына демеуші болды. Онда былай делінген: « . . . волонтерлік принципі кез келген стратегияның маңызды компоненті, кедейшіліктің азаюы, тұрақты дамуы, денсаулық, төтенше жағдайлардың алдын алу жəне басқару, əлеуметтік интеграция жəне əлеуметтік эксклюзивті жеңу жəне дискриминация». [7]

Ең алғашқы ҮЕҰ Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін құрылды, міне солар алғашқы болып қоғамдағы волонтерлік идеясын көмектің жаңа формасы ретінде, қоғамдық өмірде азаматтық қоғамның араласуы жəне одақ мəселелерін сол одақпен шешу ретінде таратты.

Қазіргі уақытта да волонтерлік сферасы көптеген жетістіктерге жеткеніне қарамай, ол пайда болу кезеңінде, өзіне қызығушылық танытқан барлық мұдделі жақтарды көңіл бөлуін қажетсінеді:

ҮҮЕҰ жəне халықаралық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер жəне бизнес құрылымдар. 2006 жылы 25 шілде Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстандағы азаматтық қоғам 2006-2011 жылдарға арналған дамуының концепциясына» қол қойды. Бұл концепция азаматтық қоғамның ұйымдасуы мен дамуын түрлі коммерциялық емес ұйымдардың ашылумен, мысалға ҮЕҰ секілді ерікті əлеуметті белсенді халықты тартуын қолдайды.

Концепция азаматтық қоғам дамуының маңыздылығын көрсеткен. «Волонтер» немесе «Ерікті» сөздері концепцияда көрсетілмеген, тек қана ортақ бағыт берілген, ол «Елімізде азаматтық қоғамның дамуының жоғарғы сатысы ретінде волонтерлік институттың дамуын алу». Еріктілер - демократиялық елдердегі ең үлкен жұмыс күштері саналады. Соңғы уақытта Қазақстанда көптеген еріктілер ұйымдары құрылды. Алайда көпшілігі тек қағаз жүзінде жұмыс жасайды. Əзірше əлеуметтік жобалар бойынша жұмыс жасайтын бұл ұйымдарды білім, экология немесе мемлекеттік органдар ұйымдастыратын шаралар толғандырмайды. [8]

Ұйымдастырылмаған волонтерлік-бұл достарға немесе көршілерге кездейсоқ және эпизодтық көмек: мысалы, баланы күту, жөндеу немесе құрылыс жұмыстарына көмек көрсету, ұсақ тапсырмалар орындау немесе адамдар жасаған апаттарға жауап беру. Бұл көптеген мәдениеттерде волонтерлықтың басым түрі.

Волонтерлік қызмет - бұл белгілі бір мемлекеттің азаматтары тарапынан халықтың осал топтарына ерікті өтеусіз көмектің кең спектрін қамтитын қоғамдық жұмыс. Адамдардың белгілі бір әлеуметтік қорғалмаған тобын қолдауға бағытталған қайырымдылық немесе өзге де қоғамдық ұйым өз қызметін адам ресурстарынсыз - волонтерларсыз жүргізе алмайды.

Волонтерлік әрекеттің басты мақсаттары:

- Қоғам игілігі үшін қызмет;

- Қандай да бір қаржылай ынталандырусыз жұмыстан моральдық қайтарымдылықты ғана алу;

- Жеке тарту арқылы мотивация беру.

Қазақстанда волонтерлық идеясы алыс уақыттарға, қазақи дәстүрлерде тәрбиеленген азаматтардың мұқтаж жандарға тегін көмек көрсеткен тарихына тереңірек кетеді.

Қазақстандағы волонтерліктің даму проблемаларына келер болсақ. Волонтерліктің де басқа елдердегі сияқты тарихы тереңде жатыр. Бірақ волонтерлікті дамыту жəне қолдау мəселелері əлі де өзекті болып отыр. Бұл əртүрлі себептер мен проблемаларға байланысты:

Бүгінгі шынайлықпен өзекті болып табылатын волонтерліктің заманауи интрепретациясының жоқтығы;

Волонтерлік бастамалардың мемлекеттік деңгейде қолдау таппауы, ал бұл мемлекет халқының арасында этикалық жəне моральдық құндылықтарды қалыптастырудың идеологиялық құралы;

Волонтерлік бастамаларды, халықтың волонтерлік туралы «дұрыс» ұғымын қалыптастыруды жариялаудағы бұқаралық ақпарат құралдарының төмен белсенділігі;

«Волонтерлік қызмет туралы» Заң жоқ, соған сəйкес волонтердің де мəртебесі анықталмаған. Бұл орайда олардың əлеуметтік маңызын ескере отырып еріктілер қызметі туралы жеке заң жобасын əзірлеу өте дұрыс болмақ.

Жалпы, статистиканы қарайтын болсақ, волонтерлер қозғалысы қазіргі таңда Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Егер 2017 жылы 100-ге жуық ұйым белсенді әрекет етсе, бүгінгі таңда 200-ден астам ұйым өздерінің волонтерлік қызметін жүзеге асыруда. Бұдан өзге, жекелеген бастамашылық топтар бар екенін атап өту қажет. Жалпы, біздің мәліметтеріміз бойынша, волонтерлер қозғалысына 50 мыңнан астам адам тартылған. [9]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар ұжымының жұмысын ұйымдастыру
Жастар ҒЗО
Адамзаттың рухани тәжірибесі
Әлеуметтік қызметкердің мүгедектермен жұмысы
Әлеуметтік қызметкердің кәсіби міндеттері
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану пәні
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Мәмілелер жайында
«Жоғары мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бағыттары мен тәрбие жұмыстарын жоспарлау
Қазақстан Республикасында мәдениет саласын дамытудың жалпы пайымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz