Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің қаржыландыру көздері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Коммерциялық емес ұйымдардың жалпы түсінігі және қызметінің ұйымдастырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.1 Коммерциялық емес ұйымдардың жалпы түсінігі мен түрлері
1.2 Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мақсаттары мен негіздері және құқықтық-теориялық негіздері
ІІ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҚАРЖЫСЫ МЕН ШЫҒЫСТАРЫҢ ТАЛДАУ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ .19
2.1. Коммерциялық емес ұйымдар қаржысының мазмұны
және оны үйымдастыру ...19
2.2. Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің
қаржыландыру көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары .27
2.4 Коммерциялық емес ұйымдар болып жіктелуінің құқықтық проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 21
Əлемдік жаһандану процесінің күшеюі адамның бірлесу бостандығына құқығын жаңаша қырынан қарауды талап етеді. Осы себепті коммерциялық емес ұйымдардың (КЕҰ) қызметін құқықтық реттеудің халықаралық тəжірибесін қазақстандық ерекшеліктерді ескере отырып ендіру уақыт талабы. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Ұлт жоспары -- Қазақстандық арманға бастайтын жол мақаласында жаһандық қарама-қайшы əлемде еліміз өзінің тұрақтылығын əрбір ішкі жəне сыртқы сын-тегеуріндерге лайықты əрекет жасай отырып сақтап қалатыны айтылған. Сондықтан да тұрғындарды қоғамдық процестерге кеңінен тарту арқылы азаматтық қоғамды дамытып, демократиялық, саяси жəне экономикалық жаңғыртуларды тікелей іске асыратын коммерциялық емес ұйымдарды құқықтық қамтамасыз етуді зерттеу өзекті мəселе деп айта аламыз.
Елімізді үздік отыздыққа апарар 100 нақты қадамның 97-қадамында коммерциялық емес ұйымдар (азаматтық қоғам институты ретінде) қызметін құқықтық реттеуді жетілдіру азаматтық белсенділікті жандандырып, өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытатындығы, сол арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік туғызатындығы айтылған. Демек тұрғындардың өзіндік ұйымдасуына мүмкіндік беретін коммерциялық емес ұйымдардың қалыптасуы мен дамуына қажетті құқықтық орта қалыптастыру жергілікті өзін-өзі басқаруда маңызды орын алады. Ал, мемлекеттік құрылымы унитарлы болып келетін Қазақстан үшін жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру əлі күнге дейін көкейтестігі жоғары мəселе.
Қазақстан Республикасы 2005 жылы Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау арқылы адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтауда өз алдына міндеттемелер қойған. Оған сəйкес адамның бірлесу бостандығы құқығын Конституция мен азаматтық заңнамада бекіту жеткіліксіз. Тəжірибеде байқағанымыз аталмыш құқықты қамтамасыз ету үшін оның заманауи түсінігін ұғыну, оны реттеу мен оған қойылатын шектеулердің заңдылығын, негізділігі мен өлшемге сəйкестігін зерттеуді қажет етеді. Осыған сəйкес коммерциялық емес ұйымдар қызметін реттеуге бағытталған құқықтық нормалар бірлесу бостандығын жүзеге асыруға кедергі жасауға емес, оны қамтамасыз ету мен шынайы іске асыруға бағытталуы тиіс деген пікірдеміз. Ал бұл өз кезегінде мемлекеттік деңгейде жаңаша заңнама қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының бұрынғы қалыптасқан экономикалық қатынастардан нарықтық қатынастарды құруға көшуі азаматтық айналымдағы барлық ұйымдардың қызмет ету тəртібін елеулі өзгерістерге ұшыратты. Тауар өндіру, жұмыс атқару немесе қызмет көрсетумен бұрыннан айналысып келе жатқан коммерциялық емес ұйым нысандары қазақстандық экономикалық жүйеде өз орнын жоғалтқан жоқ. Сонымен бірге, жүргізіліп отырған реформалар коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық қызметке қатысуының мақсаттарын нақты анықтап беріп, осыған сəйкес оны реттеудің құқықтық тəсілдерін қалыптастырудың қажеттілігін тудырды. Əсіресе, коммерциялық емес ұйымдардың кəсіпкерлік қызметін реттеуде бұл мəселе аса өзектілігін байқатты. Оны жүзеге асырудың шарттары мен тəртібінің зерттелмеуі нəтижесінде тəжірибеде коммерциялық емес ұйымдардың кəсіпкерлік қызметінің ешқандай ерекшелігі жоқ деген түсінік қалыптасқан. Сонымен бірге, тəжірибе жүзінде көптеген коммерциялық емес ұйымдар өзінің құқықтық мəртебесін өзгертпестен өзіне тəн жеңілдіктерді негізсіз пайдалана отырып, коммерциялық ұйымдарға айналғандығын көру қиын емес. Бұл бағытта да зерттеудің өзектілігі нарықтық қатынастар тереңдеген сайын артып келеді.
Уақыт талабына сəйкес мемлекет жəне бизнес-құрылымдармен қатар үшінші секторды құрайтын коммерциялық емес ұйымдардың (үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам ұйымдары) жүйесі өзіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Себебі, соңғы жылдардағы тəжірибеге сүйенсек, бұл сектордың бақылаусыз қызмет атқаруы оның қатысушыларының құқықтары мен бостандықтарының бұзылуының потенциалды қаупін туындатып қана қоймайды, сонымен бірге азаматтық айналымның мемлекет, коммерциялық ұйымдар секілді өзге субъектілерінің де мүдделерінің қанағаттандырылмауына алып келеді. Коммерциялық емес заңды тұлғалар қызметін құқықтық реттеу, оның нысандарының құқықтық жағдайын жетілдіру мен құқықтық қамтамасыз етудің өзектілігін ресми статистиканы қарастыру арқылы байқауға болады. Оған сүйенсек, 2019 жылдың 1 қаңтарында КЕҰ-ның саны 59740-қа жеткен, оның ішінде 4446 жеке мекеме, 8810 қоғамдық бірлестік, 5327 қор, 1336 діни бірлестіктер, 1356 заңды тұлғалардың қауымдастығы, 5263 тұтыну кооперативтері, 362 тұрғын үй кооперативтері, 798 КЕ Акционерлік қоғамдар, 2542 пəтер иелерінің кооперативтері, 7726 өзге де ұйымдар (жалпы ҮЕҰ -- 37986), ал 20754 мемлекеттік мекеме [3]. Осыған байланысты бұл саладағы қоғамдық қатынастарға мемлекет тарапынан тікелей немесе жанама түрде ықпалдың болуы заңдылық. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымдар қызметінің нарықтық сипатын айта отырып, олардың жарғылық ережелер шеңберінде шектелгендігін айтпау мүмкін емес. Мұндай шектеу коммерциялық емес ұйымдар жүйесін құрайтын үшінші сектордың экономика мен əлеуметтік салаға мүмкін болатын тиімді ықпалын əлсіретуі немесе мүлдем жоғалтуы мүмкін. Ал бұл өз кезегінде коммерциялық емес ұйымдар қызметін реттеу үшін, осы нысандағы заңды тұлғалардың түсінігін қайта қарауды талап етері сөзсіз.

Коммерциялық емес ұйымдардың коммерциялық ұйымдардан басты ерекшелігі сол осы ұйымдардың өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысты алмайтыны және алынған табысты қатысушылары арасында бөлмейтіні, жарғылық мақсаттарға жетуге жұмсайтыны. Коммерциялық емес ұйымдардың түрлеріне; Ауылшаруашылық серіктестіктер, Қауымдастық (Одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестіктері, Басқа ұйымдық-құқықтық нысандар (нотариаттық палаталар, адвокаттар алқалары, сауда-өнеркәсіптік палаталар), Коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, Діни бірлестіктер, Қоғамдық бірлестіктер, Саяси партиялар, Тұтыну кооперативі, Қорлар және олардың түрлері:(жеке меншік, корпоративтік қоғамдық, мемлекеттік), Мекеме (мемлекеттік немесе жеке меншік); Ынтымақов С. А ғылыми көзарасы бойынша коммерциялық емес ұйымды құрудың қазіргі кездегі құқықтық тәртібі сипатталып, оларға сәйкесінше тиісті сараптамалар жасалған. Сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарды құру барысында заң талаптарына сәйкес олардың құрылтай құжаттарына, құрылтайшылары мен құрылтайшылардың субъектілік құрамына қойылатын талаптар сараланған. Автордың тұжырымында коммерциялық емес ұйым ол - азаматтық-құқықтық санаттағы ұғым болып табылады және бұл ұғым құқық қолданыс аясында жатыр. Сол себептен де коммерциялық емес ұйым ұғымы құқықтық санат сипатында көрініс тапқан. Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандарының құқықтық жағдайының өзекті мәселелері деп аталды. Бұл бөлім бес бөлімшеден тұрады. Олар мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, тұтыну кооперативі нотариалдық палата толық қанды қарастырып біршама ұсыныстар енгізген.
Мекеме
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Құрылтайшысы басқару, әлеуметтiк-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтердi жүзеге асыру үшiн құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады. Мекеме Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес мемлекет құрған немесе егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілерімен құрылған және тек қана мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мекеме мемлекеттiк мекеме деп танылады. Басқарушылық, әлеуметтiк-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтердi жүзеге асыру үшiн жеке және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар құрған, мемлекеттiк құрылымның бөлiгi болып табылмайтын ұйым жеке меншiк мекеме деп танылады. Осы уйымның жаксы жағы-мекемені тіпті бір адам құра алады. Жеке меншіктік мекеменің мүлкі жедел басқару құқығымен оған бекітіледі.
Қоғамдық бiрлестiк
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн ортақ мақсаттарға жету үшiн азаматтардың ерiктi бiрiгуi нәтижесiнде құрылған ұйым қоғамдық бiрлестiк болып табылады. Жақсы жағына-жататын нәрсе барлық деңгейдегі депутаттыққа кондидаттарды ұсыну мүмкіндігі, сондай-ақ қатысушылардың қоғамдық бірлестіктерді ңқаржы міндетемелері бойынша жауапкершілік көтермеуі қажет. Нашар жағы-тіркеу сәтінде ұйымның кем дегенде 10 мүшесі ҚР азаматтары болуы керек.
Қор
Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтiн, мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым қор деп танылады. Қордың түрлерi құрылтайшылардың құрамына, сондай-ақ қызмет саласына қарай жеке, корпоративтiк, қоғамдық, мемлекеттiк қорлар құрылуы мүмкiн. Қызмет мақсаттарына қарай әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм қорлары және өзге де қорлар құрылуы мүмкiн. Бiр жеке адамның немесе жеке адамдардың - бiр отбасы мүшелерiнiң өзiнiң (өздерiнiң) жеке қаражаттары есебiнен құрған қоры жеке қор деп танылады. Жеке қор, сондай-ақ жеке адамның нотариалды куәландырылған өсиетi бойынша да құрылуы мүмкiн. Бiр заңды тұлғаның немесе бiрнеше заңды тұлғалардың - коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардың осы ұйымдардың қаражаттары есебiнен құрған қоры корпоративтiк қор деп танылады. Бiр отбасының мүшелерi болып табылмайтын жеке адамдардың және (немесе) заңды тұлғалардың - қоғамдық бiрлестiктердiң құрған қоры қоғамдық қор деп танылады. Мемлекеттiк органдардың шешiмiмен құрылған, белгiленген тәртiппен мемлекеттiк меншiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы берiлген; қордың мақсаттары мен мiндеттерiн мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асыратын қор мемлекеттiк қор деп танылады. Жаксы жағы-қорд бір тұлға немесе ұйымның құру мүмкіндігі. Нашар жағы-жарғылық капитал басқарудың күрделі құрлымды, міндетті түрде, ең бастсы-қаржы қызметінде қымбат тұратын аудиторлық тексеру болып табылады.
Тұтыну кооперативi
Мүшелiк негiзде қатысушыларының материалдық және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (пайлық) жарналарын бiрiктiру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi тұтыну кооперативi деп танылады. Селолық тұтыну кооперативтерi тек өз мүшелерiнiң ғана емес, ауылдық жерде тұратын басқа да азаматтардың материалдық және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшін құрылуы мүмкін. Жақсы жақтары-тұтынушы кооперативне заңды тұлғалар да қатыса алады. Нашар жағы-алған табыстар оның мүшелері арасында үлестіре алмайды және жарғылық мақсатқа бағытталады.Материалдық игілікті қанағаттандыруды мақсат етіп қойған ұйым үшін әрине бұл нашар болып табылады.
Дiни бiрлестiк
Рухани қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен бiрiккен азаматтардың ерiктi бiрлестiгi дiни бiрлестiк деп танылады.
Коммерциялық емес акционерлiк қоғам
Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын, кiрiстерi тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға коммерциялық емес акционерлiк қоғам деп танылады. Нашар жағы акцияларды шығару қажет болғандықтан қызметінің алғашқы кезеңі қымбат тұру. Коммерциялық емес ұйымның өзге де ұйымдық-құқықтық нысаны
Коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін. Нотариалдық палаталар, адвокаттар алқалары, сауда-өнеркәсiп палаталары, кәсіби аудиторлық ұйымдар, меншiк пәтер иелерi кооперативтерi және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрыла алады. Заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бiрлестiгi Коммерциялық ұйымдар өздерiнiң кәсiпкерлiк қызметтерiн үйлестiру, сондай-ақ ортақ мүлiктiк және өзге де мүдделердi бiлдiру және қорғау мақсатында өзара шарт бойынша, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдармен бiрлесiп қауымдастықтар (одақтар) нысанында бiрлестiктер құра алады.
Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңды түлға коммерциялык емес ұйым деп танылады.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы қаңтардың 16-сындағы № 142-11 ҚРЗ Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардьщ және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардьщ рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту: заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ коғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушылардың) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда кұрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдык бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанына және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда кұрылуы мүмкін. Бүл ұйымдардың қызметінің мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керісінше қогамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табыдады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақша қорларының, қозғалысын ортақтастыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негізінен олардың ұйымдық-құқықтық нысандары әсер етеді. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар қаржысының, ерекшеліктерін анықтау үшін оның кұрамына кіретін мекемелерді, ұйымдарды, олардың қызметінің сипатын, басқаруды ұйымдастырудың және қаржыландырудың әдістерін ескере отырып зерделеген жөн.
Құрылтайшысы басқару, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.
Меншік нысанына байланысты мекемелер мемлекеттік және жеке меншік мекемелер болып бөлінеді.
Мекемелердің жекелеген түрлерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктері заңнамалық актілермен реттеледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес мемлекет құрған немесе егер заңнамалық актілерде өзгелері көзделмесе, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қала өкімдерінің шешімі бойынша құрылған және тек кана мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп танылады.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі.
Басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар құрған, мемлекеттік қүрылымның бөлігі болып табылмайтьш ұйым жеке менгиік мекеме деп танылады.
Жеке меншік мекеменің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі.
Жеке меншік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің бөлігіндегі ақшамен жауап береді. Ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда мемлекеттік емес мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған үйым қоғамдық бірлестік болып табылады.
Қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің (қатысушыларының) сол бірлестіктерге өздері берген мүлікке, соның, ішінде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ. Өздері мүшелері (қатысушылары) ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттемелері бойынша олар жауап бермейді, ал аталған бірлестіктер өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық жағдайыньщ ерекшеліктері "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін, мүшелігі жоқ коммерциялық емес үйым қор деп танылады.
Қорға оның қүрылтайшылары берген мүлік кордың меншігі болып табылады. Қор жарғыда белгіленген мерзімде қаржы қызметін тексеруді жүзеге асыруға міндстгі. Тексеруді тексеруші немесе аудитор жүзеге асырады.
Мүшелік негізде қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің, мүліктік (пайлық) жарналарын біріктіру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі тұтыну кооперативі деп танылады. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативіне заңды тұлғалар да кіре алады.
Селолық түтыну кооперативтері тек өз мүшелерінің ғана емес, ауылдык жерде тұратын басқа да азаматтардың материалдық және өзгеде қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін күрылуы мүмкін.
Тұтыну кооперативтерінің мүшелері оның міндеттемелері бойынша кооператив мүшелерінің қосымша жарнасының енгізілмеген бөлігі шегінде ортақ субсидиарлық жауаптылықта болады.
Тұтыну кооперативі алған кірістерді оның мүшелері арасында бөлуге болмайды және олар жарғылық мақсаттарға жұмсалады.
Тұтыну кооперативінің мүшелері жинақталып қалған шығынды жыл сайыңғы баланс бекітілгеннен кейін үш ай ішінде косымша жарналар арқылы жабуға міндетті. Бүл міндеттеме орындалмаған жағдайда кооператив кредит берушілердің талабы бойынша сот тәртібімен таратылуы мүмкін.
Тұтыну кооперативтерін, соның ішінде селолық кооперативтерді құкықтық реттеу ерекшеліктері арнаулы заңнамалык актімен реттеледі.
Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін каражаттарту мақсатымен акциялар шығаратын, кірістері тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға коммерциялық емес акционеррлік қогам деп танылады.
Коммерциялық емес акционерлік коғамдардың артықшылықты акциялар, туынды және айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Коммерциялық емес акционерлік қоғамның құрылтай шарты осы шартқа әрбір құрылтайшының немесе оның уәкілетті өкілінің қол қоюы арқылы жасалады.
Жоғарыда аталған коммерциялық емес қызметтің ұйымдарын, мекемелерін және басқаларын нарық жағдайындағы олардың қызметінің сипаты мен қаржыландыру әдістеріне карай шартты түрде үш топқа біріктіруге болады.
Бірінші топқа материалдық өндіріске өте жақын шығындары материалдық емес қызметтер мен игіліктерді өткізуден алынатын түсім ақшадан өтелетін ұйымдар мен мекемелср жатқызылуы мүмкін. Олар "Мемлекеттік кәсіпорьш туралы" занды басшылыққа ала отырып, өздерінің қызметін гиаруашылық-коммерциялық есеп әдісінде жүзеге асырады. Бүл ұйымдардың қызметтері ақыға көрсетіледі. Бұларға ақылы негізде жұмыс істейтін білім беру мен денсаулық сақтау мекемелері, салалық ғылыми-зерттеу институттары, бірқатар шығармашылық мекемелері, ойын-сауық орындары жатады. Бұл эдісті коммерциялық емес үйымдар мен мекемелер пайдаланады. Кәсіпорындар қызметпен байланысты әр түрлі ақшалай шығынндар жасайды: игіліктер мен қызметтерді өткізе отырып, олар түсім-ақша алады; кірістердің шығыстардан асып түсуі қорланымды құрайды. Оларда қаржы материалдық өндіріс кәсіпорындарындағыдай ұйымдастырылады.
Ұйымдардың екінші тобына олардың толық емес шаруашылық есептегі, яғни өзін-өзі өтеу әдісін қолданатын бірқатары жатады. Бүл әдіс ақылы қызмет негізіндегі шаруашылық қызметін ұйымдастыруды қарастырады, бұл қызметтердің бағасы корланымсыз шығыстардың көлеміне қатысты анықталады. Шығындардың өзін-өзі өтеу әдісі мәдени-ағарту қызметі, бос уақытты ұйымдастыру саласында (тұрмыстық, кәсіби мамандықтар мен білім алу жөніндегі, шет тілдерді, мүдделер бойынша ұлттық клубтарды оқып ұйренудің курстары мен мектептері) қолдалынады.
Ұйьшдардың үшінші тобына бюджет қаражаттары есебінен ұсталатын мекемелер мен салалар жатады. Олар көрсететін қызметгер тегін, оларды қаржыландырудың көзі мемлекеттік бюджет болып табылады.
Бюджет мекемелерінің шығындарын қаржыландырудың негізі смета болып табылады. Ол -- қаржы жоспарының айрықша нысаны. Қазіргі кезде бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер шығындардың сметасын жасайды, онда бюджетпен қатынастардың біржақты сипаты, бюджет қаражаттарының ауқымы және оларды шығындардың баптары бойынша бөлу қамтылып көрсетіледі. Сметалық тәртіппен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, мемлекеттік биліктің, мемлекеттік басқару мен қорғаныс органдары, ғылыми, шығармашылық, мэдениет мекемелерінің бІр бөлігі қаржылаңцырылады. Бірқатар мекемелерді сметалық қаржыландыру кезінде шығындарды қамтамасыз етудің қосымша көздері пайдаланылуы, қызметтерді түтынушылардың еңбегі қолдалынады, сондықтан шығындарда әдеттегідей басты орынды еңбекке ақы төлеу алады. Материалдық емес өнім қордаландырылуға жатпайды, оны босалқы қорға айналдыруға болмайды, бірақ оның мекеме, ұйым шығындарының сомасына тең ақшалай бағалауы болады.
Коммерциялық емес сфера мекемелеріндегі қызметтер көрсету (жасау) ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен, өзгеше қаржы қатынастарымен қосарланып отырады.
Бұл қатынастардың бастапқы табыстар мен қорларды алғашқы бөлу мен құру процесінде болмауы оларға ортақ сипат. Сонымен бірге олардың негізінде өндірістік (коммерциялық) емес сала мекемелері мен ұйымдарының қаржы көздері қалыптасады.
Коммерциялық емес қызмет түрлері мен салаларында мынадай қаржы қатынастары қалыптасады:
сала мен бюджет арасындағы қаржыландыру ретінде қаражаттарды алумен жэне кейбір жағдайларда бюджет алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындаумен байланысты қатынастар;
қаржы ресурстарын болумен және орталықтандырумен байланысты жоғарғы және төменгі органдар арасындағы ішкі салалық қатынастар;
шаруашылық жүргізуші субъекгілердің, яғни олардың бөлімшелері арасындағы қаржы қатынастары;
салааралық - түрлі салалардың ұйымдары арасындағы ақша қатынастары;
еңбекке ақы төлеу жөніндегі ұйымдар мен олардың қызметкерлері арасындағы қатынастар;
ұйымдар, мекемелер және олардың тұтынушылары арасындағы (көрсетілген қызметтерге ақы төлеу жөніндегі) қатынастар жэне т.т.
Қызметтің айрықшалықты түрлеріндегі өзара байланыстардың тым қысаң анықтықты сипаттайтын қатынастардың қалыптасуы мүмкін, мысалы:
қоғамдық ұйымдар мен олардьщ мүшелері арасында жарналарды -- кіру және мүшелік жарналарды төлеу, сондай-ақ осы ұйымдардың мүшелеріне белгілі бір жетістіктер мен қызмет нәтижелері үшін көтермелеулік сипаттағы төлемдер бойынша;
коммерциялык ұйымдар мен олардың демеушілері арасында ұйымның, қызметін қолдап отыру үшін материалдық және ақшалай нысандарда қаражаттар беру жөнінде;
сақтық компанияларында ұйымдардың белгілі бір контингентінің (әскери қызметшілердің, күш ведомстволары мен салық службалары қызметкерлерінін және т.т.) қарым-қатынастары;
сондай-ақ белгілі бір шарттардағы кредит қатынастарының болуы мүмкін.
Аталынған қаржы катынастары ақша қорларын қалынтастыру, болуды және пайдалануды білдіреді, оларды мынадай негізгі топтарға біріктіруге болады:
ұйымдар мен мекемелердің пайдалану қызметін камтамасыз ететін қорлар;
күрделі жұмсалымдар қорлары;
көтермелеу және ынталандыру сипатындағы қорлар;
қызметкерлер мен контингенттерге (мысалы, оқу орындарындағы оқушыларға, емдеу мекемелеріндегі ауруларға) қызмет көрсетушілердің материалдық, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық мұқтаждарын канағаттандырумен байланысты қорлар;
негізгі қызметі дамыту қорлары.
Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi:
1. Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшiн коммерциялық емес ұйымдардың:
1) заңдарда белгiленген тәртiппен банктерде шоттар ашуға;
2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұйымның толық атауы бар мөрi, мөртабаны және бланкiлерi, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тiркелген эмблемасы (нышаны) болуына;
3) меншiгiнде немесе оралымды басқаруында оқшауланған мүлкi, сондай-ақ дербес балансы немесе сметасы болуға;
4) мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды иемденiп алуға және жүзеге асыруға;
5) егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, басқа заңды тұлғалар құруға;
6) филиалдар мен өкiлдiктер ашуға;
7) қауымдастықтар мен одақтарға кiруге, сондай-ақ олардың қызметiне қатысуға;
8) жарғыда көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;
9) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Коммерциялық емес ұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;
2) белгiленген тәртiппен салық және бюджетке төленетiн басқа
да мiндеттi төлемдердi төлеуге;
3) өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен (мекемелердi қоспағанда) жауап беруге;
4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкте болуға мiндеттi.
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
Өндірістік емес сферада коммерциялық негізде жұмыс істейтін тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) қатар коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдардың үлкен бөлігі жұмыс істейді.
Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық, емес ұйым деп танылады.
Коммерциялық, емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы қаңтардың 16-сыңдағы № 142-П ҚРЗ Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардың рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту: заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушылардың) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық, емес ұйымдар қызметінің мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдардың қызметінің мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керісінше қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақша қорларының қозғалысын ортақтастыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді.
Коммерциялық емес қызмет түрлерi мен салаларында мынадай қаржы қатынастары қалыптасады:
− сала мен бюджет арасындағы қаржыламдыру ретiнде қаражаттарды алумен және кейбiр жағдайларда бюджет алдындағы қаржылық мiндеттемелердi орындаумен байланысты қатынастар;
− қаржы ресурстарын бөлумем және орталықтандырумен байланысты жоғарғы және төменгi органдар арасындағы iшкiсалалық қатынастары;
− шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, яғни олардың бөлiмшелерi арасындағы қаржы қатынастары;
− салааралық -- түрлi салалардың ұйымдары арасындағы ақша қатынастары;
− еңбекке ақы төлеу жөнiндегi ұйымдар мен олардың қызметкерлерi арасындағы қатынастар;
− ұйымдар, мекемелер және олардың тұтынушылары арасындағы (көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу жөнiндегi) қатынастар және т.б.
Қызметтің айрықшалықты түрлерiндегi өзара байланыстардың тым қысаң анықтықты сипаттайтын қатынастардың қалыптасуы мүмкiн, мысалы:
−қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелерi арасында жарналарды -- кiру және мүшелiк жарналарды төлеу, сондай-ақ осы ұйымдардың мүшелерiне белгiлi бiр жетiстiктер мем қызмет нәтижелерi үшiн көтермелеулiк сипаттағы төлемдер бойынша;
−коммерциялық ұйымдар мен олардың демеушілерi арасында ұйымның қызметiн қолдап отыру үшін материалдық және ақша нысандарына қаражаттар беру жөнiнде;
−сақтық компанияларында ұйымдардың белгiлi бiр контингентiнiң (әскери қызметшiлердiң, күш ведомствалары мен салық службалары қызметкерлерiнiң және т.б.) қарым-қатынастары;
−сондай-ақ белгiлi бiр шарттардағы кредит қатынастарының болуы мүмкiн.
Аталынған қаржы қатынастары ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды бiлдiредi, оларды мынадай негiзгi топтарға бiрiктiруге болады:
−ұйымдар мен мекемелердің пайдалану қызметiн қамтамасыз ететiн қорлар;
−күрделi жұмсалымдардың қорлары;
−көтермелеу және ынталандыру сипатындағы қорлар;
−қызметкерлер мен континенттерге (мысалы, оқу орындарындағы оқушыларға, емдеу мекемелерiндегi ауруларға) қызмет көрсетушiлердiң материалдық, және тұрмыстық мұқтаждарын қанағаттандырумсн байланысты қорлар;
−негiзгi қызметтi дамыту қорлары.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негізінен олардың ұйымдық-құқықтық нысандары әсер етеді. Сондықтан коммерциялық, емес ұйымдар қаржысының ерекшеліктерін аныктау үшін оның күрамына кіретін мекемелерді, ұйымдарды, олардың қызметінің сипатын, баскаруды ұйымдастырудың жөне қаржыландырудың әдістерің ескере отырьш зерделеген жөн.
Коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық қызметiн жүргiзудiң әдiстсрi сметалық қаржыландыру (көрсетiлген қызметтер мен игiлiктердiң өтеусiздiгi кезiнде) және шаруашылық есеп пен өзiн-өзi өтеу негiздерi (өтеулiгi көзiнде) болып табылады. Рынок жағдайында ұйымдардың көбiсi коммерциялық есеп негізінде көшуде -- көрсетiлетiн қызметтердi сұраным бағасы бойынша сатады, өздiгiнен даму үшiн жеткілікті қорланым жасайды.
Сметалық қаржыландыру -- меншiктi табыстары жоқ ұйымдар мен мекемелердiң шығыстарын жабу үшiн мемлекеттiк бюджеттен ақша қаражаттарын беру. Өндiрiстiк емес мекемелердi үстауға жұмсалатын бюджеттен қаржы бөлудiң көлемi, мақсатты 6ағыты және оны бөлу шығыстардың сметасымен анықталады. Сметалық тәртiппен бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерi, мемлекеттік билiктiң, мемлекеттiк басқару мен қорғаныстың органдары, ғылыми, шығармашылық, мәдениет мекемелерiнiң бiр бөлiгi қаржыландырылады. Бiрқатар мекемелердi сметалық қаржыландыру кезiнде шығындарды қамтамасыз етудiң қосымша көздерi пайдаланылуы, қызметтердi тұтынушылардың жарналары мен төлемдерi бағытталуы мүмкiн. Ақша қаражаттары бюджеттен қаржы бөлуге сәйкес берiледi және мекеменiң қаржы жоспарында - шығыстардың сметасында қамтып көрсетiледi, негiзгi капиталдарды, материалдық босалқы қорларды сатып алуға, қызметтердi төлеуге, жалақы беруге, басқа шаруашылық мұқтаждарға жұмсалынады. Мекемде шаруашылық немесе коммерциялық қызметтен алынатын табыстар болса, олар дербес кiрiс-шығыс сметасын жоспарланады және айрықша тәртiппен пайдаланады.
Сметалық қаржыландыру бюджеттiң қаражаттарын пайдалануды атаң қадағалайды, тек баптардың бслгiлi бір шеңберi тұрғысында ғана оларды қайта бөлуге шамалы мүмкіндiктер бередi. Бюджет қаражаттарын жұмсауға мекемелердi қаржыландыруды жүзеге асыратын қаржы органдары тарапынан бақылау қойылған.
Шаруашылық жүргiзудiң шаруашылық-коммерциялық есебi шығындарды материалдық емес қызметтер көрсету мен игiлiктердi сатудан түскен түсiм-ақшадан өтелетін мекемелер мен ұйымдарда қолданылады. Бұл ұйымдардын қызметтерi ақыға көрсетiледi. Бұларға ақылы негiзде жұмыс iстейтiн бiлiм беру мен денсаулық сақтау мекемелерi, салалық ғылыми-зерттеу институттары, бiрқатар шығармашылық мекемелерi, ойын-сауық орындары жатады. Бұл әдiстi коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердiң кәсiпорындары пайдаланады. Олар қызметпен байланысты әр түрлi ақшалай шығындар жасайды: игiлiктер мен қызметтердi өткiзе отырып, түсiм-ақша алады; кiрiстердiң шығыстардан асыл түсуi қорланымды құрайды. Бұл кесiпорындарда қаржы материалдық өндiрiс кәсiпорындарындағыдай ұйымдастырылады.
Шығындардың өзiн-өзi өтеу әдiсi ақылы кызмет негiзiндегi шаруашылық қызметiн ұйымдастыруды қарастырады, бұл кызметтердiң бағасы қорланымсыз шығыстардың көлемiне қатысты анықталады. Бұл әдiс мәдени-ағарту қызметi, бос уақыты ұйымдастыру саласында (тұрмыстық, кәсiби машықтар мен бiлiм алу жөнiндегi, шет тiлдердi, мүдделер бойынша ұлттық клубтарда оқып -- үйренудiң курстары мен мектептерi) қолданылады.
Нсгiзiнен коммерциялық емес қызмет коғамдық тауарлар, игіліктер мен қызметтердi өндiру және олармен қамтамасыз етудiң қажеттiгiмен айқындалады. Қоғамдық тауарлардың белгiлi бiр тұрлерiн ондiрудi едәуiр ауыс пайдасымен байланысты мемлекет өзiне алады.
Коммерциялық емес мекемелер, ұйымдар қызметiнiң материалдық негiзi өндiрiстiк емес арналымдағы капиталдар болып табылады, олардың натуралдық және ақша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz