Негізгі құралдарды кайта бағалау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ - АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚОСТАНАЙ

ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

"Қаржылық есеп" пәні бойынша курстық жұмыс»

ТАҚЫРЫБЫ: Қызмет етіп тұрған кәсіпорынды мысалға ала отырып, негізгі құралдарды бағалау, амортизациясы, түгендеу және есептен шығару.

Орындаған: 3 курс студенті

Омарова Анель Болатовна

Мамандығы: 0518000 Есеп және аудит (салалар

бойынша)

Жетекшісі: Аленова Сауле Тасболатовна

Қорғау күні: бағалау:

Костанай 2022 ж.

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Негізгі құралдарды бағалау: қаржылық есепте көрсету . . . 4

2. Өндірісті дамыту стратегиясына сәйкес амортизациялау саясатын әзірлеу . . . 11

3. Негізгі құралдардың инвентаризациясы . . . 21

4. Негізгі құралдарды есептен шығару . . . 27

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 34

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Менің жазғалы отырған курстық жұмысымның тақырыбы «Қызмет етіп тұрған кәсіпорынды мысалға ала отырып, негізгі құралдарды бағалау, амортизациясы, түгендеу және есептен шығару».

Осы жұмысымда ЖШС «АДАЛ - ЭНЕРГИЯ» мысалға алу арқылы менің көздеген ең негізгі мақсатым теориялық және практикалық тұрғыдан негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды зерттеу, сондай-ақ оларды есептен шығару, түгендеу және амортизациясын талдау. ЖШС «АДАЛ - ЭНЕРГИЯ». Орналсқан жері Қостанай қаласы, М. Дулатова көшесі, Строение 150.

Бухгалтерлік есеп экономикалық талдау жүргізу үшін ақпарат көзі болып табылады. Негізгі құралдардың жай-күйі мен пайдаланылуын талдау, ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін бағалауда түйінді мәнге ие. Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігі коммерциялық қызметтің негізгі компоненттеріне әсер етеді: өндіріс пен сату көлемі, өндірістің өнімділігі мен еңбек сыйымдылығы, бірлік құны, таза пайда, кірістілік және қаржылық тұрақтылық. Негізгі құралдардың айрықша ерекшелігі - оларды өндіріс процесінде бірнеше рет пайдалану. Олар бірте-бірте тозады және белгіленген нормалар бойынша амортизацияны есептеу арқылы олардың нормативтік қызмет ету мерзімі ішінде бастапқы құнын өндіріс шығындарына ауыстырады. Негізгі құралдардың құны көбінесе ұйым мүлкінің жалпы құнының едәуір бөлігін құрайды және оларды ұзақ уақыт бойы ұйымның қызметінде ұзақ уақыт пайдалануына байланысты негізгі құралдар қызметтің қаржылық нәтижелеріне әсер етеді. Осы себептерге байланысты негізгі құралдардың түсуін есепке алу тәртібі, олардың құнын ұйымның шығыстарына жатқызудың мүмкін нұсқалары, олардың шығуын, жалға алуды, жөндеуді, қайта құруды көрсету тәртібі туралы мәселелер өте маңызды. Негізгі құралдарды есепке алудың жоғарыда аталған өзекті мәселелері, олардың теориялық, әдіснамалық және практикалық маңыздылығы зерттелетін мәселенің өзектілігін көрсетеді.

1. Негізгі құралдарды бағалау: қаржылық есепте көрсету.

Негізгі құралдарды кайта бағалау .

Негізгі құралдардың баланстық құнын әділетті (нарықтық) деңгейге жеткізу максатында, ЖШС «АДАЛ - ЭНЕРГИЯ» белгіленген уақытта, жыл сайын есепті жылдың соңына қарай негізгі құралдар нысанына қайта бағалау жүргізуге міндетті. Нәтижесінде есеп пен есептілікте негізгі құралдардың есебі ағымдағы баға бойынша жүргізілетін болады.

Қайта бағалау екі түрлі тәсілмен жүргізілуі мүмкін:

Бірінші тәсіл бойынша бастапқы сома мен жинақталған амортизация сомасы бір денгейлі коэффициентке көбейтіледі.

Мысалы: ЖШС «АДАЛ - ЭНЕРГИЯ» негізгі құралдың баланстық сомасы = 300 000 теңге, пайдалы қызмет ету мерзімі 6 жылға тең, бір жылдық амортизация нормасы 100% : 6ж = 16, 667%, негізгі құралды екі жыл пайдаланғанда жинақталған амортизация сомасы = 133 336 теңге. Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдың ағымдағы бағасы 360 000 теңге болды.

Баланстық бағасының көбею коэффициентін анықтаймыз:
360 000 : 300 000 = 1. 2

Амортизация сомасын анықтау үшін алынған коэффициентті қолданамыз. Жинақталған амортизациялык сома 133 336 х 1. 2 = 160 000 теңгені құрайды.

Осы жағдайларға байланысты негізгі құралдың бастапқы сомасы 360 + 160 = 520 мың. тг

Негізгі құралды келесі жылдары пайдаланғанда (қалған 4 жылда) амортизация сомасы 520 000 теңгеден жылына 16, 667% көлемінде есептеледі.

520 000 х 16, 667% = жылына 86 668 теңге

Екінші тәсіл бойынша, тек қана негізгі құралдың баланстық бағасы қайта бағаланады, негізгі құралдың пайдалы қолдану мерзімі қайта есептеледі (яғни амортизация нормасы) және амортизацияны есептеу жаңа көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Мысалы : (Нәтижесін салыстыру мақсатында алдыңғы мысалды талдап көрелік) . Негізгі құралдың баланстық сомасы = 300 000 теңге, пайдалы қызмет ету мерзімі 6 жылға тең, бір жылдық амортизация нормасы 100% : 6ж = 16, 667%, негізгі құралды екі жыл пайдаланғанда жинақталған амортизация сомасы = 100 000 теңге. Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдың ағымдағы бағасы 360 000 теңге болды.

Пайдалы қолданылатын жаңа мерзімі - 4 жыл (6 жыл - 2), амортизация есептеу нормасы - 100% : 4ж = 25%.

Негізгі құралды келесі жылдары пайдаланғанда (қалған 4 жылда) амортизация сомасы 360 000 теңгеден жылына 25% көлемінде есептеледі.

360 000 × 25% = жылына 90 000 теңге

Негізгі құралдарды қайта бағалау бойынша төмендегі бухгалтерлік проводкалар жасалады:

Рет №№
Операциялар мазмұны
Шоттар корреспонденциясы
Дебет
Кредит
Рет №№: 1.
Операциялар мазмұны: Қайта бағалаудың нәтижесінде көбейген негізгі құралдардың баланстық құны.
Шоттар корреспонденциясы: 2410
5520
Рет №№: 2.
Операциялар мазмұны:

Қайта бағалаудың нәтижесінде кеміген негізгі құралдардың баланстық құны:

- резервтік соманың шеңберінде негізгі құралдарды қайта бағалаудың теріс таңбалы айырма сомасына

-теріс таңбалы айырма сомасының қалдығына

Шоттар корреспонденциясы:

5520

7420

2410

2430

Негізгі құралдардың есебі ҚЕХС / IAS 16 және ҰҚEC №2 сәйкес «Негізгі құралдар» жүргізіледі. Келісілген құжатта негізгі құралдар (ғимараттар, үйлер және жабдықтар) - бұл материалдық активтер. Олар:

а) компания немесе тауарлы-материалдық қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалғa беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін колданылады;

а) бір кезеңнен астам уакыт ішінде колданылуды болжайды.

ЖШС «АДАЛ - ЭНЕРГИЯ» - дағы жабдықтармен қамтамасыз ету бұл баланста өзінің сипатын керсетеді, оның құрамында құрылғылар, материалдар, басқа да керек заттар бейнеленеді.

Негізгі қаражаттын объектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі белгіленеді, бұл:

а) компания активті пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең;

ә) компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны. Басқаша айтсақ, негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық пайдасын алу болжанатын кезең.

Негізгі құралдардың объектісі мынандай жағдайларда актив ретінде мойындалады:

а) компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда алады деп сендіруге болатын болса;

а) активтің өзіндік құны сенімді бағаланса.

6 “Негізгі құралдар есебі” БЕС мен 16 “Негізгі құралдар” ҚЕБХС-на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады.

- бастапқы құн немесе өзіндік құнмен - активті немесе ғимаратты алуға сол сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе төленген ақшалай қаражаттың немесе оның баламасының сомасы;

- ағымдағы құнмен - белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарқтық баға бойынша негізгі қаражаттық құны;

- өткізу құнымен (әділ бағаның) - мәмілеге дайын және жақсы хабардар тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға болатын сома;

- жойылу құны - шыққан шығынды тастап пайдаланылған
мерзім соңында субъект актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе сынған қалдықтардың қосалқы бөлшектерінің көзделетін бағасы;

- амортизациялық құнмен - жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құнның орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтін өзіндік құны;

- баланстық құнмен - тозу және баға түсуден жинақталған залал сомасын алып тастағанда бухгалтерлік баланста актив мойындалатын сома. Баға түсуден болатын залал - активтің баланстық құны оның орнын толтыратын құннан артқан сома.

- әділдік құн - бұл «осындай операцияны жүзеге асырғысы келетін, білікті және тәуелсіз жақтар арасында, активті белгілі бір сомаға айырбастау».

- активтің орнын толтыру сомасы - бұл «активті болашақта қолдану мүмкіндігін, ұйым үшін активтін құны немесе оны сату жағдайында орнын толтыратын сомасы».

Мысалы. ЖШС «АДАЛ - ЭНЕРГИЯ» - да станоктар бар, оларды 200 000 теңгеге сатуға болады, есепке сүйенсек, зауытта станоктарды ары карай қолданудағы экономикалық пайда 350 000 теңгені құрайды. Бұл станоктардың қалған пайдалы қолдану мерзіміндегі құны болып саналады. Осылайша, олардың орнын толтыру сомасы 350 000 теңге болады.

- тарату құны - «активтің шығу кезеңінде, оны есептен шығарғаннан кейінгі күтілетін шығындар немесе оның пайдалы қолдану мерзімінің соңында ұйым алатын таза сомасы». Бұл жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың объектілерін тарату кезіңде қосалқы бөлшектер, темір, қалдықтардың құны. Тәжірибеде активтін тарату құны әдетте айтарлықтай көп емес, сондықтан амортизациялық соманы есептегенде аса манызды емес. Мұндай жағдайларда, тарату құны нөлге келтірілуі мүмкін».

Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар амортизациясы - бұл «активті пайдалы қолдану мерзімі кезінде, оның амортизациялық құнын жүйелі түрде бөлу».

Мысалы. ЖШС «АДАЛ - ЭНЕРГИЯ» өзіндік құны 260 000 теңге тұратын жабдық сатып алды, оның бес жылдан кейінгі тарату құны мөлшермен 20 000 теңге. Онда машинаның амортизациялық құны 240 000 теңгені құрайды, ал 10 жыл ағымында жыл сайын амортизация сомасы 24 000 теңгені құрайды.

- құнсыздану есебінен болатын шығындар активтін баланстық құны оның орнын толтыру сомасынан асатын сома.

Бастапқы танылғаннан кейін, жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісінің активтері ретінде, құнды кемітуден кейінгі шығындар мен тозуды шегергенде, қайта бағалау күніне сай, қайта бағалау құны (әділдік құн) бойынша ескерілуі тиіс.

Негізгі құралдарды бастапқы құнға келтіру мақсатында белгілі бір күні тіркелген бағаларға сәйкес, ұйым басшылығы күшіне енген заң бойынша мүлікті қайта бағалауға құқығы бар, оның нәтижесінде, негізгі құралдар, бухгалтерлік есеп пен есеп беруде ағымдағы құн бойынша айқындалады.

Негізгі құралдарды қайта бағалау - тікелей қайта санау түрде немесе бекітілген нарық бағаларының ресми индексациясы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Ресми түрде бекітілген нарық бағалары бойынша тікелей қайта санау әдісі - ең оңтайлы әдіс болып саналады. Мүліктің нарықтық бағасын білу үшін, арнайы лицензиясы бар бағалаушыны шақыруға болады.

«Салық пен бюджетке салынатын міндетті және баска да төлемдер» ҚР Кодексінің 73-бабында, сонымен қатар, кодексте қарастырылған мәмілелер бойынша бағаларды дұрыс қолдануда салық қызметінің органдары енгізген бақылау және салық салу мен салық міндеттемелерінің объектілерін тузету.

Негізгі құралдарды бастапқы құнына келітру мақсатымен шаруашылық жүргізуші субъект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес қолданыста жүрген заңдарга орай (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж. 22 сәуір №220-1 Қаулысы мен Қазакстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттіктің 2002 ж. 3 сәуірдегі №03-la-8 «Негізгі құралдардың құның арттыру индекстері туралы» қатынас хаты) объектілерде қайта бағалау өткізіледі, оның нәтижесінде негізгі құралдар есепте және есеп беруде ағымдағы құн бойынша көрсетіледі. Бухгалтерлік есепте қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың 12 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісті баланстық шоты бойынша тікелей бастапқы құнын арттырады және бір мезгілде 541 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан болатын қосымша төленбеген капитал» 54-бөлімшенің баланстық шоты бойынша керсетіледі.

Осы қатынас хатқа сәйкес, жазу мерзімі аса көп емес, сондай-ақ едәуір тозу дәрежесі бар негізгі құрал объектілерінің бастапқы индекстерін белгілегенде негізгі құралдардың қызмет ету мерзіміне байланысты индексті төмендету әдістемесі колданылады. Бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша тозу дәрежесі бар негізгі құрылғылардың құнын ұлғайтудан алынған бастапқы индекстері 30%-дан кем тозу дәрежесі - 1-графадан, 31-50% тозу дәрежесі - 2-графадан, 51-ден 64% дейінгі тозу дәрежесі - 3-графадан,
65-тен 79%-ға дейінгі тозу дәрежесі - 4-графадан, 80-нен жоғары тозу дәрежесі 5-графадан алынады.

Мысалы : Үйдің бастапқы құны 5 300 800 теңге, есептелген тозу сомасы 2 120 320 теңге, тозу дәрежесі 40%. 2-графадағы коэффициенттерді қолдана отырып қайта есептейік:

  • Ағымдағы құн 5 300 800 теңге × 1, 054 = 5 587 043 теңге.
  • Тозу сомасын түзетейік 2 120 320 теңге × 1, 054 = 2 234 817 тенге.
  • Бастапқы құнды қайтадан бағалау сомасы:

2412 «Үйлер» шот дебеті
5520 «Негізгі құралдарды артық бағалаудан түскен қосымша
төленбеген капитал» шот кредиті
5 300 800 теңге - 5 587 043 теңге = 286 243 теңге.

  • Тозуды қайта бағалау:5520 «Негізгі құралдарды артық бағалаудан түскен қосымша төленбеген капитал» шот дебеті2422 «Үйдің тозуы» шот кредиті2 234 817 теңге - 2 120 320 теңге = 114 497 теңге.

№6 «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, активті пайдалану шамасына қарай қайта бағалау сомасы амортизация есептеу тәсілінде қолданылуға сәйкес айқындалатын мөлшердегі бөлінбеген табысқа ауыстырылады.

Құнды ұлғайту сомасы (актив құнының өсуі) :

(300 800 теңге - 5 587043 теңге) - (2 234 817 теңге - 2 120 320 теңге) = 171 746 теңге.

Артық бағалаудың барлық сомасы тек активтін себебіне қарамастан істен шыққан сәтінде ғана бөлінбеген табысқа көшіріледі. Мұндайда мынандай жазба түседі:

5520 «Негізгі құралдарды артық бағалаудан түскен қосымша
төленбеген капитал» шот дебеті

5610 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залал) » шот кредиті - 171 746 теңге.

2. Өндірісті дамыту стратегиясына сәйкес амортизациялау саясатын әзірлеу.

Негізгі құралдардың амортизациясы, құнсыздануы есебі.

Амортизация - тозуды қызмет ету мерзімі бойынша активтің амортизацияланған құнын жүйелі болу түрінде құнмен керсету (мүліктің ұсталу, тозу дережесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету) . Амортизацияланатын құн дегеніміз - бастапқы құн мен пайдалы қызмет мерзімі соңында пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынықтардың, қалдықтардың түскен кезде болжанатын бағасы арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар мөлшер бойынша атқарылады және әрбір есепті мерзім үшін шығын есебінде мойындалады, танылады.

Мөлшер (норма) - амортизациялық аударымдардың негізгі құралдардың орташа жылдық бағасына шаққандағы жылдық сомасының қатынасы.

Heгізгі құралдар бойыша есептеу қайтадан пайдалануға берілгендеріне байланысты, ал істен шыққандары бойынша - бұл қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына толықтай көшіріліп, берілген айдан кейінгі немесе соңғы айдын алғашқы күндерінде доғарылады.

Қайта құру мен техникалық қайта жарақтану уақытында олар мүлдем тоқтатылған және негізгі құрал - жабдықтарды тоқтатып қойған жағдайда амортизацияны есептеу жүргізілмейді.

Жалға алынған негізгі құрал-жабдықтар бойынша амортизацияны есептеуді жал шарты формасына және шарт талаптарына сәйкес жалға беруші немесе жалға алушы атқарады.

16 ҚEXC/IAS «Heгізгі құралдарына» сәйкес амортизацияны есептеу үшін мынадай тәсілдер ұсынылады.

Негізгі құралдардың пайдалы қызмет көрсету мерзімін анықтау қиынға соқса, жыл сайын құнсыздануға тест жұмыстарын жүргізу қажет, оны лицензиясы бар бағалаушы жүргізуі тиіс.

Егер ұйым бір кезеңнен артық қолдану мақсатымен ірі қосалқы бөлшектерді немесе резервтік құрал-жабдықтарды сатып алған болса, онда оларды негізгі құралдар деп санауға болады.

Егер бір объектінің құрамдас бөліктері әртүрлі пайдалы қызмет көрсету мерзімінен тұрса, онда ол жағдайда, оларды әртүрлі бөліктерге бөлу қажет және әр бөлікті жекелеген түрде ескеру қажет. Мысалы , ұшақ және оның қозғалтқыштары жекелеген, тозылатын активтер ретінде қабылдануы тиіс, өйткені олардың пайдалы қызмет көрсету мерзімі әртүрлі.

Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтардың объектілері өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт бойы қызмет етіп, уақыт өткен сайын тозады және амортизациялық аударымдар жолымен қайта құрылған өнімге өздерінің құндарын аударады. Тозу - физикалық және моральдық сипаттардың жойылу үрдісі.

Физикалық тозу жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар объектілерін қолдану және сыртқы факторлардың әсерінің нәтижесінде пайда болады.

Моральдық тозу активтердің заманауи ғылымның дамуы мен техниканың талаптарына сәйкес келмеуінің нәтижесіндегі үрдіс болып келеді.

Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар объектілерінің амортизациясы - активтің пайдалы қызмет ету мерзімі кезеңінде, активтін амортизациялық құнының жүйелі түрде бөлінуі, соның нәтижесінде, объектінің құны пайдалы қызмет ету мерзімі өткен сайын есептен шығарылып отырады, экономикалық пайданы тұтынуға байланысты шығындар есебінен жүзеге асырылады. Активтер амортизациясы актив қол жетімді болған кезеңнен бастап есептелінеді және егер актив белгілі бір уақытқа дейін іске қосылмаған жағдайға қарамастан, оның істен шыққан уақытына дейін жалғасады.

Мысалы , 2019 ж. қантарыңда ЖШС «АДАЛ - ЭНЕРГИЯ» жаңа жабдықтар сатып алды және ақпан айында жабдықты құрастыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жабдықтармен жұмыс жасау үшін ұйым жұмыскерлері екі айға оқуға жіберілді. Жаңа жабдық сәуір айында іске қосылды. Амортизация ақпан айынан бастап, яғни жабдық қол жетімді болған кезеңнен бастап есептелінеді.

Негізгі құралдардың амортизациясын есептегенде, келесі талаптарға сүйену қажет:

  • объектінің амортизациялық құны жүйелі түрде пайдалы қызмет ету мерзімінде есептен шығарылуы тиіс;
  • қолданылатын амортизация тәсілі, объектіде бекітілген, ұйымның экономикалық пайданы тұтыну үрдісін айқындауы қажет;
  • әр кезең бойынша амортизациялық аударымдар шығындармен танылуы тиіс, тек басқа активтердің баланстық құнына енгізілген жағдайды ескермегенде.

Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектілерінің әр маңызды бөлігі жекелей амортизациялануы тиіс.

Бірақ активтердің айтарлықтай бөлігі біркелкі пайдалы қызмет ету мерзімінен тұрады және амортизация әдісінің амортизация бойынша шығындарды есептеу мақсатымен бір топқа бірігуі ықтимал.

Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектілерінің қалдық құны, амортизация әдісі және жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектілерінің пайдалы қызмет ету мерзімі әр есеп беру жылының соңында қайта қаралуы тиіс. Егер күтілетін нәтижелер алдыңғы бағалардан айырмашылығы болса, алынған айырмашылық ҚЕХС (IAS) 8 «Есептік саясат, бухгалтерлік бағалаудағы өзгертулер мен қателер» бухгалтерлік бағалауға қатысты болуы тиіс.

Амортизацияны есептегенде келесідей әдістер қолданылады:

а) құнды есептен шығарудың түзу сызықты немесе бірыңғай әдісі;

ә) өнім сомасының әдісі (жасалған жұмыс көлеміне үйлесімді түрде құнын есептен шығару немесе өндірістік әдіс) ;

б) қалдықтың кему әдісі.

Әртүрлі жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектілеріне әртүрлі әдістер қолданылуы мүмкін.

ЖШС «АДАЛ - ЭНЕРГИЯ» таңдаған амортизацияны есептеу әдісі есептік саясатпен анықталуы тиіс және тізбектелген түрде бір есептік жылдан екінші есеп беру жылына дейін қолданылып отыруы тиіс, тек активтерден болашақта экономикалық пайданы алу жағдайларын ескермегенде.

Амортизацияны есептеу қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген уақытта және техникалық қайта жабдықтау жағдайында жүргізіледі. Жалға берілген негізгі құралдардың амортизациясы жалға берушімен немесе жалға беру шартына сәйкес және шарт талаптарына сәйкес жалға алушымен жүргізілуі мүмкін.

Құнды біркелкі (тура сызықты) тәсілмен есептен шығару тәсілі - объект құны ай сайын тең сомамен есептен шығарылады.

Мысалы : 95 760 компьютер алынды, қызмет мерзімі 5 жыл, болжанатын жойылу құны 1850.

Амортизацияны тура сызықты тәсілмен есептеу бойынша шығарылған есеп:

Есепті кезең
Бастапқы құн
Жойылу құны

Амортиза-

цияланатын құн

Қызмет мерзімі

Амотриза-

ция нормасы

Жылдық амортиза-

ция

Есепті кезең: 2018
Бастапқы құн: 95 760
Жойылу құны: 1850
Амортиза-цияланатын құн: 93 910
Қызмет мерзімі: 5
Амотриза-ция нормасы: 20%
Жылдық амортиза-ция: 18 782
Есепті кезең: 2019
Бастапқы құн: 95 760
Жойылу құны: 1850
Амортиза-цияланатын құн: 93 910
Қызмет мерзімі: 5
Амотриза-ция нормасы: 20%
Жылдық амортиза-ция: 18 782
Есепті кезең: 2020
Бастапқы құн: 95 760
Жойылу құны: 1850
Амортиза-цияланатын құн: 93 910
Қызмет мерзімі: 5
Амотриза-ция нормасы: 20%
Жылдық амортиза-ция: 18 782
Есепті кезең: 2021
Бастапқы құн: 95 760
Жойылу құны: 1850
Амортиза-цияланатын құн: 93 910
Қызмет мерзімі: 5
Амотриза-ция нормасы: 20%
Жылдық амортиза-ция: 18 782
Есепті кезең: 2022
Бастапқы құн: 95 760
Жойылу құны: 1850
Амортиза-цияланатын құн: 93 910
Қызмет мерзімі: 5
Амотриза-ция нормасы: 20%
Жылдық амортиза-ция: 18 782

Тозғандардың жинақталған тізімдемесі:

Есепті кезең
Бастапқы құн
Жылдық амортизация
Жинақталған тозу сомасы
Баланстық құн 2-топ - 4-топ
Есепті кезең: 1
Бастапқы құн: 2
Жылдық амортизация: 3
Жинақталған тозу сомасы: 4
Баланстық құн 2-топ - 4-топ: 5
Есепті кезең: 2018
Бастапқы құн: 95 760
Жылдық амортизация: 18 782
Жинақталған тозу сомасы: 18 782
Баланстық құн 2-топ - 4-топ: 76 978
Есепті кезең: 2019
Бастапқы құн: 95 760
Жылдық амортизация: 18 782
Жинақталған тозу сомасы: 18782+18782=37564
Баланстық құн 2-топ - 4-топ: 58 196
Есепті кезең: 2020
Бастапқы құн: 95 760
Жылдық амортизация: 18 782
Жинақталған тозу сомасы: 37564+18782=56345
Баланстық құн 2-топ - 4-топ: 39 414
Есепті кезең: 2021
Бастапқы құн: 95 760
Жылдық амортизация: 18 782
Жинақталған тозу сомасы: 56345+18782=75128
Баланстық құн 2-топ - 4-топ: 20 632
Есепті кезең: 2022
Бастапқы құн: 95 760
Жылдық амортизация: 18 782
Жинақталған тозу сомасы: 75128+18782=93910
Баланстық құн 2-топ - 4-топ: 1 850

Өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктер енгізу түзету мен негізгі құрал-жабдықтарды жаңартуға қызығушылықты арттыру үшін қаржылық жағдай жасау мақсатымен субьектілер амортизацияны тездетіп есептеу, сандар (кумулятивті тәсіл) сомасы бойынша құнды есептен шығару, кемітілген қалдық тәсілдерін қолдана алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдарды бағалау
Банктің негізгі құралдары мен операцияларды ұйымдастыру және олардың есебі
Ақшаға негізгі құралдарды сатып алу
Мемлкеттік мекемеде негізгі құралдарды бағалау
Нөгізгі құралдардың есебі
Негізгі құралдар, олардың жіктелуі және бағалануы
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Негізгі құралдардың аналитикалық есебі
Машиналар мен құрал-жабдықтарды бағалаудың табыстық әдісі:таза табысты дисконттау әдісі,тең нәтижелі аналог әдісі
Негізгі құралдар объектілері шаруашылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz