Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттігі ... ... ...
1.1. Кассациялық сатыда істі қарау мерзімдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
1.2. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қарау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Істі қараудың шектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1.Талап арыз беру арқылы азаматтық істі қозғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
2.2.Аппеляциялық және кассациялық сот өндірісіне қатысуы ... ... ... ... ...
2.3 АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНЫҢ МӘНІ НЕДЕ? ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4. ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ: ТӨРЕЛІК ЖЫЛЫ АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ СОТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5. Кассациялық Төрелiк сот ... ... ... ... ... ... ... ..
2.6. ШАҒЫМ ЖАСАУ ... ... ... ... ... ... ... ..
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе.
Жоғарғы соттың пленумінің қаулысына "Азаматтық істерді кассациялық тәртіпте қайта қарауға тәжірибесі туралы" белгіленеді: кассациялық шағымдар мен наразылықтарды қарай отырып екінші инстанциялық соттар, соттың қаулылардың заңдылығы мен негізділігін тек көре отырып үлкен жүмыс атқарады және азаматтық құқық қатынастарда заңдылықгың нығайтылуына әділеттіктің орнатылуына ықпал етеді[4].
Менің бұл тақырыпты таңдау себебім: қазіргі таңца I-инстанциялық соттардың қаулылары заңдылықтың өрескел бұзылуы, азаматтардың конституциялық құқығының шектелуі соттардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерді қараудан бұзылып жоғарғы тұрған сотпен қайта қаралуы орын алады. Өткен жылы республика бойынша Аппеляциялық және бақылау тәртібімен 6704 сот шешімі бұзылды және өзгертілді. Соның ішінде 2251 сот шешімі прокурорлардың араласуымен бұзылған және өзгертілген. Тек бас прокуратураның бақылау тәртібімен бір жыл ішінде соттардың 101 заңсыз шешіміне наразылық келтірілді. Оның 98-і қаралып, 88-і қанағаттандырылды. Бұзылған және өзгертілген сот шешімдері Шығыс Қазақстан облысы сотында қомақты болып отыр. Бұл облыста 514 шешім, Қарағанды облысында - 503, Маңғыстау облысында - 234, Солтүстік Қазақстан облысында - 303, Алматы қаласында - 359 шешім бұзылған және өзгертілген. Азаматтық істерді қараудың мерзімін сақгаудың жағдайы жақсармай отыр. 6241 істі қараудың белгіленген мерзімі бұзылған, 2415 істі қарау үш айдан артық уақытқа тоқтатылған. Ал кейбір азаматтық істер соттардың кінәсінен жылдар бойы сөзбүйдаға салынып, қақпақылға түсіп отырған.
Жоғарғы соттың шаруашылық істер бойынша алқасының жұмысын қанағаттанғысыз деуге болады. Тек өткен жылдың өзінде Жоғарғы соттың президиумы осы алқаның 25 қаулысын негізсіздігі үшін бұзған[5].
Осы жоғарыда келтірілген статистикалық мәліметтер негізінде сот жүйесінің екінші сатыдағы өкілеттігі шегінде бұл істердің қаралу тәртібіне тоқталайық.

Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу

Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттігі
Іс кассациялық тәртіппен қаралғаннан кейін келіп түскен кассациялық шағымды қарау тәртібі
1. Белгіленген мерзімде немесе өтіп кеткен мерзім қалпына келтірілгеннен кейін берілген кассациялық шағым кассациялық сатыдағы сотқа істі басқа шағымдар бойынша қарағаннан кейін келіп түскен жағдайда, сот мұндай шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдауға міндетті.
2. Егер мұндай шағымды қараудың нәтижесінде кассациялық сатыдағы сот бұрын шығарылған кассациялық актінің заңсыздығы немесе негізсіздігі туралы тұжырымға келсе, онда оның күші жойылып, жаңа сот актісі шығарылады.
1) апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымын - өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдыруға;
2) апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымының күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және егер кассациялық саты апелляциялық сатыдағы соттың жіберген қателіктерін түзете алмаса, істі бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сотқа судьялардың өзге құрамында жаңадан қарауына жіберуге құқылы. Кассациялық сатыдағы сот қандай да бір дәлелдемелердің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы мәселелерді, сондай-ақ істі жаңадан қарау кезінде қандай шешімнің шығарылуға тиіс екені туралы алдын ала шешуге құқылы емес;
3) апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымының толық немесе бір бөлігінде күшін жоюға және осы Кодекстің 247, 249-баптарында көзделген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға не арызды қараусыз қалдыруға;
4) бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырып, апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымының күшін жоюға;
5) егер іс бойынша дәлелдемелерді жинау немесе қосымша тексеру талап етілмесе, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот істің мән-жайын дұрыс және толық анықтаса, бірақ материалдық құқық нормаларын қолдануда қателіктерге жол берілсе, істі жаңадан қарауға жіберместен, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, қаулыны өзгертуге немесе жаңа қаулы шығаруға құқылы.
Кассациялық сатыда істі қарау мерзімдері
-Кассациялық қараудың нысанасы
-Кассациялық сатының сот актілері
Кассациялық сатының қаулысында:
1) қаулының шығарылған күні мен орны;
2) қаулы шығарған соттың атауы мен құрамы;
3) кассациялық шағым немесе наразылық берген тұлға;
4) шағым жасалған апелляциялық қаулының, кассациялық шағымның немесе наразылықтың және оларға берілген жазбаша пікірлердің, кассациялық сатыда істі қараған кездегі қатысушы тұлғалар түсініктемелерінің қысқаша мазмұны;
5) соттың тұжырымдар жасауына алып келген дәйектер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;
6) кассациялық шағымды немесе наразылықты қараудың нәтижелері бойынша тұжырымдар көрсетілуге тиіс.
Кассациялық шағым, наразылық бойынша кассациялық сатыдағы сот апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы мен ұйғарымының заңдылығы мен негізділігін тексереді.
Кассациялық сатыдағы сот кассациялық шағым немесе наразылық бойынша істі ол келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде қарауға тиіс.
Іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің сот отырысына келмеуінің салдарлары
Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің сот отырысына келмеуі істі қарауға кедергі болып табылмайды.
Кассациялық шағымды немесе наразылықты қарау тәртібі
1. Төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай істің, кімнің шағымы немесе наразылығы бойынша және қандай соттың қаулысына, ұйғарымына орай қаралуға жататынын хабарлайды. Істі сот талқылауына дайындау бөлігінде сот осы Кодекстің 180, 189-баптарын басшылыққа алады.
2. Кассациялық сатыдағы соттың отырысына іс бойынша қорытынды беретін прокурор міндетті түрде қатысады.
Мемлекет басшысы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы күндерінен бастап құқықтық саясатты өзінің жеке бақылауына алды.
Осы бір қиындығы көп жұмысқа нәтижесінде еліміздің негізгі заңдары (ҚР Конституциясы, Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Қылмыстық-атқару кодекстері және басқалары) қабылданған Құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы (1994 ж.) тұғыр болды. Өзін өзі толық ақтаған бұл тұғыр еліміздің құқықтық жүйесіндегі түбегейлі өзгерістерді бастаған, 2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты тұжырымдамасын өмірге әкелді. Оны іске асырудың басты міндеті құқықтық жүйені дамытудың негізгі бағыттарын айқындау ғана емес, сонымен бірге 2010 жылға дейінгі кезеңде әлеуметтік-экономикалық және саясат салаларындағы реформалармен құқықтық саясаттың үйлесімді жүргізілуін қамтамасыз ету болып табылды. Тұжырымдама азаматтық процессуалдық заңнаманы одан әрі дамытуды көздейді. Осы мақсатта істердің соттылығын анықтаудың қазіргі қолданыстағы принципі ерекше субъектілік пәндік принциптеріне өзгертіліп, сот ісін жүргізу тәртібін жеңілдету саласы кеңейтілді, азаматтық істер бойынша басы артық жалаң іс жүргізу жойылатын болады. Азаматтық іс жүргізу заңнамасын жаңарту "диспозитивтік және жарыспалылық принциптеріне жаңа мазмұн қосатын" бағдарламалық талаптарға сай жүзеге асырылады, ол жеке-меншікке қол сұқпаушылықты, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігін, азаматтық іс жүргізуге қатысушыларды мемлекеттің өз бетінше араласуынан қорғайтын диспозитивтік бастамалардың дамуын қамтамасыз етуге міндетті. Аталған принциптердің жаңа мазмұны өз кезегінде, соттың белсенді рөлі, объективті ақиқат, процессуалдық үнем сияқты принциптердің арақатынасы мен мазмұнын айқындап береді.
Заңда көрсетілген талап сомасының анықтауда мынадай жағдайларға сүйенеді: біріншіден бұл категориядағы істердің ереже бойынша жай істердің болуы, екіншіден: істің тез шешілуі, үшіншіден: қаржы қатынасы бойынша, апелляциялық сотта істің жүргізілуінің ауыр болуы, төртіншіден - шағымдану шығындардың өндіріп алу соммасына жоғары болуы, бесіншіден - кем бағалы істердің апелляциялық соттарда алынып тасталуы, үлкен талап сомасы бар істерді шешу үшін, көбірек мүмкіншіліктер туындайды.
Апелляциялық шағымдану құқығының субьектілеріне жақтар, яғни талапкер мен жауапкер. Апелляциялық шағымданудың басқа да субьектілері ретінде үшінші жақтар дау негізі бойынша талапкер коя алады (ҚРАІЖК-нің 332 бабы). Үшінші жақтар соттың бірінші инстанциясының мәжілісіне қатыспаса да, шағымдана алады. Апелляциялық шағымның субьектісіне жақтардың жоғары да көрсетілген қатысушылар мен үшінші жақтардың құқық қолданушылары да жатады. Іске қатысу үшін құқық қолданушылардың ереже бойынша нақты құжаттары болуы қажет және ол заң жүзінде расталуы керек. Сонымен қатар сот шешіміне апелляциялық шағымдану құқығын сот өкілдері де иемденеді. Бұл кұқық арнайы сенімхат арқылы жүзеге асырылады және бұл талаптардың заңды өкілдерге қатысы жоқ. Олар арнайы сенімхатсыз-ақ процессуалдық әрекеттерді соның ішінде шағымданудың апелляциялық тәртібін қолдана алады.
Апелляциялық шағымдану толық немесе бір бөлігіне беріледі. Егер шағымдану бір бөлігіне ғана көрсетілетін болса, шағымды міндетті түрде қай бөлігіне берілетіндігі көрсетіледі. Апелляциялық шағымданудың соңғы сатысы болып мемлекеттік баж салығының төленуі. Осыған байланысты апелляциялық шағымдану кезінде мемлекеттік баж талап-арыз сомасынан жоғары немесе тең болуы керек .
Апелляциялық шағымданушы жоқ занда көрсетілген ретте сотқа депозит (кепіл) енгізу керек. Егер апелляциялық сот шағымды қанағаттандырса, кепіл енгізуші жақ қа қайтарылады. Егер шағым қанағаттандырылмаса, кепіл мемлекеттік қазынаға аударылады.
Жарыспалық қағидасына сәйкес дәлелдемелерді негізгі ауыртпалық жақтарда болуы қажет, өйткені мән-жайнын жақсы біледі. Сот сайыстану қағидасы бойынша дәлелдемелер жинамайды Егер апелляция толық болатын болса, онда апелляциялық сот инстанциясында соттың бірінші инстанциясында қаралған дәлелдемелерге қосымша жаңа дәлелдемелердің барлығы ұсынылады.
Соттың апелляциялық инстанциясының істерді қарау шегіне соттың бірінші инстанциясының шешімді тексеру жүргізетін аумағы жатады.
Апелляция инстанциясында іс қарау нысанасы- Апелляциялық шаєымдар, наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдаєы сот істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша істің нақты мән-жайы анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын тексереді (347 бап) Соттың апелляциялық инстанциясы соттың бірінші инстанциясының шешімін тексеруде тиісті процессуалдық өкілеттілікке ие болады. Апелляциялық сот инстанциясында істі қарауды коллегиялды үш кәсіби судьялардың қатысуымен, ал кейбір жағдайларда судьяның қатысуымен қаралатындығын айтуға болады.
Апелляция - мен Аппеляциялық айырмашылығы, яғни апелляциялық сотта істің қаралу кезінде дәлелдемелер зерттеліп жаңа шешім шығарылады. Ал Аппеляциялық инстанцияда іс қарау кезінде жаңа дәледдемелер мен жағдайлар пайда болса, шешім құші жойылып іс соттың бірінші инстанциясына жаңадан қаралуы үшін жіберіледі. Сот апелляциялық тәртіп бойынша істі қарап шығып, өзінің қаулысы арқылы мынадай құқықгары бар:
- шешімді өзгеріссіз қалдыруға шағымды қанағаттандырмауға;
- шешімнің немесе толық бір бөлігінің құшін жойып соттың
бірінші инстанциясына жаңадан қайта қарауға жіберуге;
- шешімнің толық немесе бір бөлігінің құшін жойып,
өндірісті іс бойынша тоқтатуға немесе арыздың
қарастырмауға;
- іс бойынша жаңа шешім шығаруға құқығы, өкілеттігі бар.
Сонымен апелляциялық сот инстанциясының қаулылары, шешім және ұйғарым түрінде шығарылады екен. Шешім түрінде тек істі негізінен қарап, жаңа шешім шығарғанда; ал ұйғарым түрінде аппеляциялық инстанция істі бірінші инстанцияға қайтарған кезде, істі тоқтатқанда, бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырған жағдайда жеке шағымды қарастыру нәтижесінде, ұйғарым түрінде толтырылады.

Істі қараудың шектері
1. Істі кассациялық тәртіппен қараған кезде сот істе бар материалдар бойынша шағымның, наразылықтың дәлелдері шегінде бірінші және апелляциялық сатының сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді.
2. Кассациялық сатыдағы сот мәлімделген талап қоюдың шегінде бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарға дәлелді себептермен табыс етілмеген жаңа дәлелдемелерді зерттейді.
Елбасы 2012 жылдың 20 ақ панында Істерді қ араудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сенім дең гейін арттыру жә не сот тө релігінің қ ол жетімділігін қ амтамасыз ету мә селелері жө ніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң намалық актілеріне өзгерістер мен толық тырулар енгізу туралы Заңға қол қойды.
Осы заң мен сот процесінің сатылары елеулі, түбегейлі реформаланды.
ҚІЖК-гі (сәйкесінше АІЖК-гі) тү зетулер республикамыздың сот жүйесін одан ары дамытуғ а бағ ытталғ ан, жергілікті соттардың азаматтардың қ ұ қ ық тарын тиімді қ орғ аудағ ы рө лін арттыруғ а, азаматтардың сот тө релігіне қ ол жетімділігі бойынша сот рә сімдерін оң айлатуға және судьялардың тәуелсіздігін күшейтуге көзделген.
Яғни, соттар сот ісін жү ргізуге тартылғ ан жү здеген азаматтың мұ қ таждық тары мен сұ рауларына барынша жақ ын болуы үшін, жергілікті жерлерде сот қателіктерін шұғыл тү зету, облыстық соттардың әлеуетін толығырақ пайдалану мақсатында.
Кассациялық сатыда істі қарау одан ары Жоғарғы сотқа жүгіну үшін міндетті шарт болды.
Заң бойынша облыстық соттардың құрылымы екі сот сатысынан тұрады: апелляциялық - заңды күшіне енбеген сот актілеріне шағ ымдану бойынша, және кассациялық - заң ды күшіне енген сот актілерін қайта қарау бойынша.
Апелляциялық сот талқылауы - маңызды бөлігі сот. Ресей заңнамасына сәйкес, бұл жалпы юрисдикция, төрелік соттар жүзеге асырылуы мүмкін. апелляциялық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен Атап сот орындарының ерекшелігіне байланысты енгізуі, бар. олардың міндеттерді ерекшеліктері қандай? Қандай сот мекемелері апелляциялық сот ісін басты рөл атқарады?
Талап арыз беру арқылы азаматтық істі қозғау
Азаматтық іс жүргізу бойынша талап қою арызының мазмұнына тоқталар болсақ, талап арыз сотқа ауызша түрде қойылмайды тек заң жүзінде жазбаша немесе электрондық форматтарда қойылады. Азаматтық іс жүргізу бойынша талап арызда көрсетілуі тиіс талап арыз қай облыстың немесе қай ауданның сотына беріліп отырғаны, сонымен қатар талап қоюшы тұлғаның жеке басын кәуландыратын құжаттар оның тұрғылықты жері, сондай-ақ талап қоюшы жеке тұлға емес заңды тұлға болған жағдайда міндетті түрде оның мекен-жайы яғни тұрған жерін және салық төлеуші тіркеу номер және де банктік реквизиттер, тағыда айта кетеін жайт талап қоюшының заңды өкілі болған жағдайда ол туралы барлық тиісті ақпараттар көрсетілуі тиіс. Жауапкердің толық аты-жөні, туған күні мен айын, қай жерде тұратындығын міндетті түрде көрсетуі тиіс, егреде жауапкер заңды тұлға болған жағдайда заңды тұлғаның атауы және мекен-жайымен, салық төлеудегі тіркеу номері көрсетілуі керек.Талаптың мазмұнындағы айрықша орын алатын жағдай, талап қоюшы өзінің құқықтық даудың мәнің немесе өзіне қандайда бір зардаптың келгенің және жауапкердің тарапынан заңды мүддесіне қайшы келген жағдайды айқындап жазуы тиіс. Сондай-ақ талап бағалануға жатса талаптың құн, сонымен қатар талап қою арызымен қоса беріліп жатқан іс үшін маңызы бар құжаттар тізімі. Сонымен қатар істі шешуге керек, заңға қайшы алынбаған қандайда бір дәлелдемелер болуы мүмкін. Осы тұрғыда прокурор азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері үшін, сонымен қатар мемлекет пен қоғам үшін жарияланған арызда белгілі бір құқықтың бұзылғандығы немесе құқықтық даудың туындағаны туралы негіздеме, сонымен қатар тағы айта кететін жағдай заңға және өзгеде нормативтік актілерге байланыс болуы керек. Талап арызда яғни прокурордың міндетті түрде талапты құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұлғалардың қоймау себебі айқындалуы тиіс. Мәселен айтар болсақ тұлғаның іс-әрекеттке қабілетсіз болуы деген секілді бұл жағдайда арызда тағыда бір құжаттар болуы тиіс ол тұлғаның талап қоюға прокурор арқылы істі қарауға келісім беретіндігін растайтын құжаттар. Талап қою арызына талап қоюшы қол қояды немесе оның өкілі болып табылатын тұлға қол қоюды. Егер талап қою арызы жазбаша түрде жасалмаған жағдайда, яғни электрондық форматта болса талап қоюшының қолы электронды сандық қолымен куәландырады. Сонымен қатар талап арызбен қатар мынандай құжаттар өткізілуі мүмкін, тарпатардың санына қарай яғни жауапкер мен үшінші тұлғалардың саны бойынша талап-арыз көшірмелері, міндетті түрде баж салығын төлегенін растайтын құжат дегенменде мемлекеттік баж салығынан прокурор сотқа талап қою арызымен жүгінген кезде өтелмейді. Қандайда бір құқықтық дауды туғызған нормативтік-құқытық актінің мәні, талап-арызда тиісінше көрсетілмеген жағдайда, талап қоюшы кейінге қалдырған жағдайда істің мерзімін ұзарту, сонымен қатар со шығындарын төлеуден бостау жағдайлары мен оның мөлшерін азайту, талапты қанағатаныдыру және дәлелдерді талап ету және басқада өтініштер.
2.2. Аппеляциялық және кассациялық сот өндірісне қатысуы
Прокурор азамттық іс жүргізу барсында бірінші сатыдағы соттардан бөлек аппеляциялық және кассациялық, сонымен қатар қадағалау тәртібі бойынша сот процесінде мемлекеттің мүддесін білдіре отыра қатысады. Аппеляция және кассациялық сот процесінде сот процесіне төрағалық етуші қандай сот шешімі бойынша және тараптардың қайсының өтініш бойынша, сонымен қатар ұсынуы және наразылығы бойынша процес қайтадан қаралып жатқанның және сот хатшысы сот процесіне кімдердің қатысып жатқанның хабарлаудан кейін сот процесі басталады. Прокурор процесте Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының Азаматтық Процестік Кодексіне, сонымен қатар басқада нормативтік заң актілеріне сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау
Сот билігі және оның ұғымы
Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Қазақстандағы сот жүйесі, судьялар мәртебесі
Апелляциялық саты сотының қаулылары мен ұйғарымдарына шағымдар, наразылық білдіру құқығы
Адвокаттың азаматтық-құқықтық дауларға қатысуы
Прокурорлық қадағалау туралы жалпы түсінік. Азаматтық іс бойынша прокурордың қадағалаудың бағыттары
АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ САТЫДАҒЫ СОТТЫҢ ӨКІЛЕТТІЛІКТЕРІ
Сот бұйрығын шығару
Пәндер