Брахман діні



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Бөж тақырыбы: Үнді діндері тарихы.
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Үндінің ұлттық діндері
Брахман діні
Индуизм
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Үндістан - Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан - өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол - терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі.

Ол - "барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған" (Үндістанның "Халықтың жан жүрегі" мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі. Үндістан Республикасы -- Үнді мұхиты алабында, Гималай тауларынан оңтүстікке қарай Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азия елдерін Еуропа және Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе жолдарының торабында жатыр. Батыс жағалаулары Араб теңізінің, шығыс жағалаулары Бенгал шығанағының суларымен қоршалған. Аумағы 3,3 млн. км² (Лаккадив, Андаман және Никобар аралдарын қоса есептегенде). Астанасы -- Дели (Нью-Дели) қаласы. Халқы 1 млрд. 33 млн. (2001), оның 72%-ы шығу тегі жағынан үнді-арийлер, 25%-ы дравидтер (негізінен оңтүстікте тұрады), 3%-ы -- моңғол тектестер.

Халқының 910 бөлігін ірі ұлттар: хиндустандықтар (31%-дай), бихарлықтар, бенгалдықтар, телугулар,маратхилер, тамильдер, гуджараттар, малаялилер, каннара, ориялар, пенджабдықтар, раджастхандар,ассамдықтар, кашмирліктер, т.б. құрайды.
Діни құрамы:

индуизм дініне табынатындар -- 80,3%;
мұсылмандар -- 11%;
мәсіхшілік дініндегілер -- 4%-дай;
сикхтар -- 2,8%, т.б.

Үнді халкында қандай да бір діни ағымдар болмасын олардың барлығының ортақ көзқарасы: кайта туу және әрбір жеке адам өз жолдарымен күнәларын жеңілдетуді іздейді. Әрбір адамның тағдыры өз қолында деген пікір бар. Ерте дәуірден бастап әр түрлі діни көзқарастар, ритуалдар Веда деген салтанатты өлеңдер мен жалбарыну өлеңдері, ритуалды құрбан шалу түрлерінің киелі жинақтарында бар. Ведалар дегеніміз -- діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу негізінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Веда б.з.д. II мың жылдықтарда және б.д.д.1 мың жылдарында құрастырылған төрт бөлімнен тұратын жинақтар. Ең маңыздысы Ригведа симхат, 1028 гимдерінен құрастырылған. Бұл жинақта құдайлардың іс-әрекеттері, қызметтері, өзара бір-бірімен қатынастары туралы айтылады. Ригведада әр түрлі мифтер, образдар, сюжеттер бар. Ригведа бойынша, ең басты құдай - Аспан Дьяус қүдайы, қүдайлардың кесі, оның йелі - Жер Притхива қүдайы. Барлық қүдайлар осы екі қүдайдан тарады дейді. Ең атақты қүдайдың бірі - Индра әлемді үстап түрған, жындарға қарсы, данышпан және батыр, жылы мен жарықтың, жауын мен дауылдың қүдайы. Оның ерлігіне арналған 250 гимн бар. Тағы да, үй мен отбасының, бақыт пен денсаулықтың қүдайы - Агни. Оған арналған Ригведада 200 гимн бар.

Екінші жинақ Самаведа Бахрам - Самхит, 1549 түсіндіретін өлең, әр түрлі мифологиялық әңгімелер және әр түрлі гимндердің варианттарынан тұрады. Үшінші жинақ кітабы - Яджурведа Араньяка -- Орман кітабы, 2000-дей гимннен тұрады, брахманға тән ритуалдардың орнына, сол құдайларды іштей сыйлап құрметтеу, олар туралы ойлап-толғану сияқты көзқарас. Ең соңғысы, төртіншісі -- Атхарваведа (731 жалбарыну өлендері бар), немесе Упанишадта деп те атайды. Упанишадта бойынша дәстүрлі касталарды қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқылы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады.
Ұлттық халықтың діндері әр түрлі ру-тайпаның діндерінің араласуы мен дамуы арқасында, таптық қоғамның шығуына байланысты ұлттык мемлекет діндері шығады. Ол діндер сол ұлттың шекарасынан шығып кетпейді, немесе баска ұлттарға тарамайды. Үнді халқының діні басқа ұлттарға қарағанда терең де әр алуан болып тараған. Үнді халықтарының діңдері: брахманизм, индуизм, сикхизм.

Брахман діні - бар әлемнің генетикалык, түп негіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Бірінші түрі қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі жеке түрлі болады.

Брахман діні біздің жыл санауымызға дейінгі X-VII ғасырларда дін түрінде қалыптасты. Оған көне үнділер қоғамының Харапп өркениеті кезінен (б.э.д. екі мыңыншы ж.ж.) төрт түрлі каста мен варналарға (адамдардың тобына) жіктелуі негіз болды. Олар былайша жіктелді: брахмандар - дін басшылары кастасы; кшатрий - әскери ақсүйектер варнасы; вайшья

- диқандар, майдагерлер мен бақалшылар варнасы және шудра - қоғамдық меншіктен аласталған, өзінен ілгергілерге қызмен етуші ең төменгі варна.
Осылардың ішіндегі брахмандар ең жоғарғы каста саналады. Оларды брахмандыққа жеті жасынан баулыды. Ержетіп, кәміл брахман болғанға дейін төрт есею жолынан - ашрамнан өтуге тиіс болды. Бірінші сатысы шәкірттік кезеңі болды. Осы уақытта ол ғұрыптарды жетік меңгеруге, Ведалар мәтіндерін жатқа айтатын дәрежеге жетуі тиіс. Осыдан соң ол брахман танылып гаста аталатын екінші кезеңге өтті. Бұл кезеңде жас брахман құрбандық шалу рәсімдерін орындауы, үйреніп, бала келтіруге тиіс болды. Бірініші кезекте ұлды болып, өзіне ізбасар даярлау талап етілді. Үшінші кезең - вана-праста аталды. Бұл кезеңде брахман көптен, молшылықтан қол үзіп, араньяка кітабымен танысып, аса күрделі философиялық жүйені меңгеруге беріледі. Соңғысы - тақуалық кезең.

Брахманның алдына мынадай төрт міндет қойылады: шын мәніндегі брахман болу; өзін барлық талаптар дәрежесінде ұстай білу; оқып, білім жинау және оқымыстылығымен жарқырап көріне білу; адамдарға жәрдемге келу. Брахмандардың қасиетті кітаптары орман паналаған тақуаларға арналған Араньяки кітабы - орман кітаптары мәтіндерімен толықтырылады. Яғни, Ведалар үнемі толығып отырады. Біздің жыл санауымызға дейінгі VI ғасырдан бастап брахмандардың қасиетті кітаптарынан табиғат құпияларын, сиқырымен ғұрыптардың мәнін түсіндіру мәселелері кеңірек көріне бастайды. Брахманизмнің бас құдайлары - жаратушы-құдай Вишвакарман және самұрық-құдай Праджапати. Вишвакарман - барлығының жаратушысы, ең бірінші пайда болған құдай, аспан мен жерді жаратушы, өзі бастапқы судан пайда болып, баршаға болмыс сипатын берген. Праджапати алтын жұмыртқаны жарып шығып, әлемді тұңғыш жаратушы. Осылайша әлемнің екі жаратушысы болуын брахманизм Вишвакарман Праджапатидің бір сипаты дегенмен түсіндіреді.

Брахман түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Олар: дін қызметшісі; әлемді жаратушыны мадақтау дұғалары; абстрактілі жасампаздық бастау және Брахма жаратушы-құдай. Діни-мифологиялық аңыз бойынша, Бархманың жаратылуы мынадай тізбекпен келеді: бастапқы хаос - су - алтын шапақты тұқымды - Брахма. Брахма тұқым - жұмыртқаны қақ жарып, жоғары бөлегінен аспанды, төменгісінен жерді жаратады. Ол сонымен қатар бес табиғат құбылысын - отты, суды, топырақты, ауаны, эфирді жасайды, жылдыздарды туғызып, тауларды көтереді, теңізді толтырады. Осыларды жаратып болған соң, ол дүниеге перілерді, жануарларды, жәндіктер мен өсімдіктерді келтіреді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨНЕ ҮНДI ФИЛОСОФИЯСЫ. УПАНИШАД РӘСIМI. ВЕДАНТА ЖҮЙЕСI
КӨНЕ ҮНДI ФИЛОСОФИЯСЫ ТУРАЛЫ
Философия және индуизм философиясы
Үнді діни философиясындағы астика және настика ағымыдары
Индуизм философиясы
Үнді мен Қытай философиясының дамуы
Буддизм ілімі
Ежелгі Үнді мәдениеті жайлы
Ежелгi Үндi философиясы туралы ақпарат
Үнді философиясы мәдениеті
Пәндер