Қазақ қоғамындағы заңгердің рөлі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ қоғамындағы заңгердің рөлі
Мектеп түлектері арасында сұранысқа ие мамандықтардың бірі ‐ заңгер. Әлемдегі бүкіл осы маман иес әрбір тұлғаның құқығының аяққа тапталмауын реттейді, мемлекетте әділдік орнауын және әлеуметтік теңдіктің сақталуын қадағалайды. Онымен қоса олар мемлекеттік жүйе мен мемлекеттік органдар жұмысына да ықпал етеді. Менің ойымша, біздің елімізде қоғам мен адамдар арасында қарым‐қатынас бар болса, онда бұл мамандық қашанда сұранысқа ие болады. Онымен қоса қазіргі кездегі түрлі өзгерістер мен өмірлік жағдаяттардың алуан түрлілігіне байланысты Жаңа Қазақстанға заңгерлер сөзсіз қажет.
Заңгер - құқықтану бойынша жоғары оқу орнын бітірген маман, заңды қолданып жұмыс жасайтын және құқық ғылымдарын зерттейтін тұлға. Бұл мамандықтың иесі атану үшін тек қана диплом емес, адами, тұлғалық, рухани қасиеттері де ауқымды рөл атқарады. Заңгерлер үнемі адамдармен жұмыс атқарады және олардың мәселелерін шешуге ат салысады. Олардың басты талабы: қандай да жағдай болмасын, әділетті шешім мен мәселенің зардабын барынша азайту болып табылады. Мақсатты қоя алу және оған жету жоспарын құру, еңбекқорлық, бірнеше істі бір уақытта орындай алу, адамдармен тез тіл табыса алу, жинақылық, өзі жасаған іс‐әрекеттері мен сөздеріне жауап бере алу, әр басқан қадамын аңдып басу, табандылық, заңды түсіну мен дұрыс пайдалана алу, аналитикалық ойлау қабілеті, әрдайым оқуға деген ұмтылыс және сабырлылық заңгердің бойында үйлесім табуы - бұл міндет. Заңгер боламын - деп жүрегінің қалауымен әрекеттенген жандар бүкіл әлемді жақсы жаққа өзгертуге, елдің қауіпсіздігін сақтауға және өз ісінен барынша ләззат алуға әрекеттенеді.
Заңгерлердің жұмысы сан қырлы, себебі әрбір мемлекеттік басқармада, жеке кәсіпкерлікте, сараптамалық ұйымда, өндірісте, шет елдік серіктестікте өз орнын таба алады. Жеке кәсіпкерліктегі заңгер түрлі акттар, нормативті құжаттар талапқа сәйкес жасап және кәсіптің заңға сәйкес жұмыс атқаруына, алдағы ісіндегі ықтимал қауіптерді анықтау мен жою арқылы құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге жауап береді. Сараптамалық ұйымда юрисконсульт болып, әр келген клиентке заң тұрғысында кеңес айтып, құжаттарға сараптама жасап, келісім‐шарттардың растығын дәлелдейді. Өндірісте заңгерлер әрбір тауардың заңды нормаларға сәйкес келуін, алып‐сату жөніндегі құқықтың және тұтынушының құқығы бұзылмауын қадағалайды. Негізінен диплом бойынша заңгерлер мемлекеттік қызметте жұмыс жасайды. Ең танымал заңгерлік кәсіптердің өкілдері құқық қорғау органдарында, атап айтқанда прокуратура, тергеу комитеттері, ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер министрлігі, сыртқы барлау органы, мемлекеттік күзет орталығы, төтенше жағдай министрлігі,жемқорлыққа қарсы органдар, адвокатура, полиция, кеден, көші‐қон қызметі, сот пен есірткі айнылымын бақылау. Жұмыс орны мен лауазымына сай әр заңгердің құқық қорғау органдарының қызметкерлері келесі функциялардың біреуін немесе бірнешесін орындай алады.
Біріншіден, заңгерлік көмек көрсету немесе адвокат, нотариус пен заң кеңесшісінің қызметі. Адвокатура ‐ мемлекет кепілдік берген және ҚР Конституциясында бекітілген адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуды жүйеге келтіруге арналған орган. Қылмыстық істер бойынша кәсіби қорғауды тек қана адвокаттар жүзеге асыра алады. Олар сот отырысында өз қамқорлығындағы тұлғаны ата заң алдында қорғайды. Ал заң кеңесшісі болса, адвокат секілді білікті заң көмегін ұсынады, бірақ қылмыстық істе қорғаушы ретінде сот отырысына қатыса алмайды. Адвокат пен заң консультанты мемлекеттік қызметкер және жеке кәсіпкер болып бөлінеді. Нотариат ‐ нотариаттық іс‐әрекеттер жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету жөніндегі құқықтық институт. Нотариус ‐ заңды куәгер. Бұл маман иелері тек қана даусыз мәміле мен құжаттарды ғана бекітеді. Бүгінгі таңда бұндай мамандар тапшы, себебі әр адамға заңды көмек күнделікті өмірінде қажет.
Екіншіден, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этика ұғымы және оның заты
ЗАҢГЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ
Мамандықтың пәндер каталогы
Заңгерлердің кәсіптік этикасының ерекшеліктері
Ежелгi Римнің саяси ой-санасы
Этика ұғымы және оның заты туралы
Құқық және құқықтық сана
Қылмыстық іс жүргізудегі сот бақылау институтының қалыптасуы мен дамуы
Құқықтық тәрбие туралы
Заңгердің кəсіби психологиялық қабілеттерінің бағасы мен кəсіби сапасының психологиялық құрылымы
Пәндер