Тұлғаның қасиетін сипаттайтын қатынас


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Тұлға және топ.
Орындаған: Алдиярқызы Шынар.
Группа: МС-22-14к1
Қабылдаған: Айменова Жанар.
ШЫМКЕНТ 2022
Жоспар:
1. Тұлға туралы түсінік;
2. Жеке тұлға құрылымы;
3. Топ туралы түсінік;
4. Топтардың бөлінуі;
5. Қорытынды;
6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
Қазіргі таңда тұлға - психологиядағы ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салайық.
Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
Адам индивид болып туылады, тұлға болып қалыптасады. Егер адам
өзіндік санаға ие болып өз бетінше жаңғыртушы іс-әрекет орындауға қабілетті болса, онда ол адамды «тұлға» дейміз. Тұлғаның психологиялық құрылымына оның мінезі, қабілеттілігі, темпераменті жатады. Оның қалыптасуына тек қана педагог, ата-ана ғана емес қоршаған орта, айналасындағы араластын адамдардың да әсері баршылық.
Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды. Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды. Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану. бағдар және т. б. ) түрліше қарастырады.
Сонымен тұлға - бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.
Жеке тұлға дегеніміз - қоғам мақсатына сай, ойлау-сөйлеу қабілетінің арқасында саналы әрекет, қарым-қатынас жасайтын, рухани құндылықтарды бойында жинаған, тәрбие, білім, мәдениет, дүниетаным, рухани зерделілік, мінез-құлық ерекшеліктерімен дараланатын адам.
Темперамент дегеніміз - адамның жүйке қызметінің қасиеттерінен көрінетін, мінез - құлқының импульсивті динамикалық көрінісінің жалпылама сипаттамасы.
Холерик темпераменті
Бұл типтің өкілі аса қозғыштығымен, соған орай мінез - құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик қарым - қатынаста - күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс - әрекетте - пысық. Холериктер жұмысты үзіп - үзіп істегенді ұнатады. Олар айналысқан іске жан - тәнімен беріледі. Осы жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады, кедергілерді жеңіп, мақсатына жетеді. Қайрат - жігері мұқалы, өз мүмкіндігіне сенімсіз болса, еңсесі түсіп, еш нәрсеге мойны жар бермей қояды. Оның жүйке қызметінің бір қалыпты тепе - тең емектігінен болады. Бұл жөнінде И. П. Павлов былай дейді: «Байсалдылығы жоқ қажырлы адам кез келген іске барлық күш жігерімен кіріседі де содан соң тез шаршап қалады, кейіннен зауқы аумай қояды . . . »
Сангвиник темпераменті
Бұл темпераменттің өкілін И. П. Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Бірақ ол тек қызғылықты іспен айналысқанда ғана осындай күйде болады. Мұндай іс жоқ кезде ол жабыраңқы, сылбыр жүреді.
Сангвиник қимыл қозғалыста - белсенділік, өмір жағдайының өзгеруіне жеңіл бейімдеушілік тән. Ол адамдармен тез тіл табысып, шүйіркелесе кетеді, жатырқамайды. Ұжым ішінде сангвиник көңілді ақ жарқын, іске бар ықыласымен кірісетін, әуесқой адам. Осылай жалындап тұрғанымен іске зауқы болмаса, яғни күнделікті күйбеңі, төзімділікпен ерінбей - жалықпай істеуді қажет ететін жұмыс тап болғанда суынып қалады.
Сангвиникте эмоция тез пайда болып, тез өзгереді. Сангвиник ойға жүйрік, өткір тілді, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді келеді. Әр түрлі көп қырлы жұмысты нәтижелі атқарады.
Флегматик темпераменті
И. П. Павловтың сипаттауынша, бұл барлық уақытта байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және төзімді, еңбекқор адам. Жүйке жүйесінің тепе - теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдай да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді.
Қозу үрдісін бәсеңдететін күшті тежелу оның ырықсыз қимыл - қозғалыстары болып, ұсақ - түйекке алаңдатпай жүйелі жұмыс істеуге, бірқалыпты өмір сүруге жағдай жасайды, флегматик ұзаққа созылатын, бірақ күшті сарқып алмайтындай жұмысты жақсы атқара алады (шыдамды, зейінді, орнықты) . Флегматик - салмақты адам, ол үшін босқа сарп етпейді, бастаған істі аяғына жеткізеді. Ол бөспелікті сүймейді. Жұртпен қарым - қатынасы да бір сарынды жүріп жатады. Баяулық пен селқостық - флегматиктің осал жағы. Селқостық оның стереотиптерінің оралымсыздығынан мінез - құлқының оңтайлы еместігінен, жаңа жағдайға тез үйлесе қоймайтындығынан жақсы байқалады. Дегенмен, бұл қасиет мінездің тұрақтылығын көрсетеді, істі аспай - саспай тыңғылықты аяқтауға мүмкіндік береді. Флегматиктер ұзақ уақыт жұмыс істеуге сабырлық пен әрекет етуге төзімді болады.
Меланхолик темпераменті
Бұл типтің өкілдері аса сезімтал соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық, қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады.
Қозу және тежелу үрдістерінің әлсіздігі бұлардың бір - бірімен тең келмеуі, кез келген күшті әсер меланхоликтің қимыл қозғалысын баяулатып, онда шектен тыс тежелу туғызады. Меланхоликті әлсіз тітіркендіргіштер де мазалайды, одан да зор әсер алады, сондықтан да ол ұсақ - түйектің бәріне де қатты мұңаяды немесе қатты қуанады.
Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер өзін жақсы ұстайды, жұртпен қарым - қатынасқа түсіп, алған ісін нәтижелі орындай алады, кедергіледі жеңіп, табандылық көрсетеді.
Темперамент адамның белсенділік сипатынан, мінез - құлықтың түрлі қалпынан үнемі өзгерістегі сыртқы ортаға бейімделе алу жағдайынан көрініп отырады.
Тұлға - бұл шынайы жоғары интегративтік, бұзылмайтын біртұтас жүйе. Тұлғаның қалыптасуындағы орталық бөлім болып - адамның мотивациялық аймағының, яғни оның талаптарының, тілектерінің, ұмтылыстарының және ниеттерінің дамуы саналады. Қажеттіліктер қанағаттанылуы керек, ал бұл оларды қанағаттандыратын амалдарды іздеуге және табуға бағытталған әдістер мен құралдардың пайда болуын және оларды жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан мотивациялық сфераның дамуына байланысты баланың танымдық қабілеттерінің, оның дағдыларының, қолынан келетін істерінің, әдеттері мен мінезінің дамуы жүзеге асырылады.
Адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін шынайы қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, онымен қатынас жасай білуі керек Осындай бейімделудің құралы болып - адамның уайымдары саналады. Олар адам қажеттілігінің қанағаттанылуының деңгейін ерекше әсерлі түрде көрсетеді. Уайымдар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынастарға бейімделуінің бастапкы құралы болып, кейінірек өзіндік мағынаға ие болады және адам қажеттілігін сезіне бастайтын психологиялық шындық түрінде көрінеді. Осылайша адамның психологиялық дамуына шексіз мүмкіндік тудыратын қанықпайтындай көрінетін қажеттіліктер пайда болады. Тұлғаның қалыптасуындағы қажеттіліктерді жете түсіну үшін баланың өмір үрдісінде пайда болатын және дамитын жаңа әлеуметтік қажеттіліктерді ескеру қажет.
Тұлғалық қасиеттердің қалыптасуы топтың қандай қасиеттеріне тәуелді, екіншіден, топтың психологиялық сипаты оны құрайтын адамдардың жеке қасиеттеріне қалай тәуелді екенін анықтау мәселесі туындайды.
Тұлғалық қасиеттерді әлеуметтік психологияда жүйе түрінде қарастырады. Жүйелік зерттеулермен А. Н. Леонтьев еңбектерінен таныспыз. Тұлғаны жүйелік қасиет деп қарастыра отырып, ол тұлғаны қолдауды ұсынады.
Петровский тұлғаның топқа қабылдану проблемасы қарастырыған.
Коломинский бойынша, әр топтың өзіндік ерекшелігі бейнесі (лицосы) бар деген ұйғарымда болған.
В. С. Мерлин бойынша, ұжымдағы өзара қарым-қатынас сипаты, тұлғаның осы ұжымға тән қасиеттерінің қалыптасуына себеп болады, деген. Бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынаста болатын тұлғалар үшін оның әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін бірлескен іс-әрекетте және қарым-қатынаста көрініс береді деп қарастырамыз.
В. С. Мерлиннің тұлғалық тұжырымдамасын қарастыратын болсақ, тұлғаның психикалық қасиеттерін адамның қоғамдық еңбектегі қызметімен байланысты - деп түсіндіреді яғни адамның мінезін сипаттау үшін оның қызметтегі объектіге деген көзқарасын сипаттау жеткілікті.
Топ - әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т. б. болуы мүмкін.
Адамдар психологиялық проблемаларды басқа адамдармен қарым-қатынаста және қарым-қатынаста сезінеді, өйткені бұл жерде басқалармен эмоционалды қарым-қатынастың негізгі психоәлеуметтік қажеттілігі бұзылады. Топ нақты әлеуметтік қатынастардың зертханалық моделі ретінде әрекет етеді. Зертханалық, өйткені психотерапевтік топта сөзсіз қабылдау (ізгілік), сенім және психологиялық қауіпсіздік атмосферасы жасалады, бұл жеке тұлғаның проблемалық аспектілерін және олармен жұмыс істеу үшін мінез-құлықты ашуға мүмкіндік береді (психологиялық қорғаныстың көрінісі үшін негіздер жойылады), сондай-ақ топтың адамға әсер етуінің әлеуметтік-психологиялық механизмдерінің максималды әсері үшін арнайы жасанды жағдайлар жасалады.
Топ өзін-өзі ашуға және өзгертуге қолайлы эмоционалды атмосфераны жасайды, бұл сублимацияланған жағымсыз сезімдерді (мазасыздық, депрессия) ашуға көмектеседі, оған қазірдің өзінде бейімделу ("зиянды" бейімделу) дамыды. Шартсыз қабылдау атмосферасы ұзақ уақыт бойы аулақ болған немесе репрессияға ұшыраған нәрсені қабылдауға күш береді: жағымсыз немесе әдеттен тыс нәрсе көрсетуден қорқу жоғалады. Дамушы қатынастарды талдау белгілі бір сезімнің қалай пайда болатынын және оның жеке адамды қалай ұстайтындығын түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әр топта жасырын қақтығыс аймағы пайда болады, онда қатысушылар оны білдіруге әлеуметтік тыйым салатын сезімді білдіруге деген құлшынысты дамытады. Бұл жағдайда (топ 5-7 адамнан құралған кезде), кем дегенде, бір эмоционалды импульстің көріну шегі басқаларға қарағанда төмен болады. Өсіп келе жатқан шиеленіс жағдайында топтың мұндай мүшесі триггер факторы (триггер) рөлін атқарады және басқаларға олардың барлығына ортақ сезімдерін көрсетуге мүмкіндік береді (немесе оларға тән мінез-құлық үлгісін білдіруге) . Бұл топтық құбылыс бастапқы әрекеттің сиқырлы сылтауы ретінде белгілі:"ол бірінші болып басталды".
Топтарда талқылау үшін бірлескен тақырыптар құрылады, оның негізінде ассоциативтік процесс жатыр: біреуі бір нәрсе айтты, екіншісі айтылғанның бір жағын дамытты, үшіншісі осыны нақтылады, төртіншісі айтылғанның екінші жағына назар аударды және т. б. мұндай талқылау процесінде барлық қатысушылар үшін ортақ проблемалық алаң туындайды, онда әркім өздері үшін маңызды мәселені басқа адамдардың қатысуымен пысықтауға, олардан қолдау алуға мүмкіндік алады. Кейбір тақырыптар жеке қатысушыларға қауіп төндіретін сияқты. Мұндай тақырып зертханалық жағдайда талқылана бастағанда, адам бұл проблемалық тақырыпты шешуге болатындығын, оны кем дегенде талқылауға болатындығын көре алады.
Топтарда мінез-құлық нормалары мен ішкі сенім жүйелері өзгертіледі. Әдетте адамдар өздерінің нанымдарын ұстануға және әдеттегі мінез-құлық үлгілерін сақтауға бейім. Зертханалық топта нормалар мен сенімдер талқылануы мүмкін, бұл адамның бір нәрсені қабылдауының және екіншісін қабылдамауының себептерін көруге мүмкіндік береді. Сол уақытта, қатысушылар өздері үшін, неге сол немесе өзге адам керек сол немесе өзге де норма (мінез-құлық үлгісін) және ұстануға үлгі, қабылданған көпшілік. Мұндай ақпарат алмасу эго-синтоникалық позицияны өзгертуге мүмкіндік береді ("менің сенімдерім ең дұрыс, өйткені менде дұрыс емес сенім болмайды") эго-дистоникалық (көзқарастарыма сыни көзқарас), бұл кейінгі өзгерістердің негізі болып табылады. Топта сіз нақты қарым-қатынастағы маңызды адамдармен ұқсастығы бар ерекше маңызды қатысушыларды немесе шындықта ашылатын адамдардың прототиптерін таба аласыз (немесе ашылмауы керек) . Топтағы бұл адамдар өткен немесе қазіргі қатынастардың әртүрлі аспектілерімен және осы қатынастардың нақты серіктестерінің прототиптерімен резонанс жасай бастайды, нақты адамдарға деген қатты сезімдер тобының осы мүшелеріне проекция дамиды. Топ жағдайындағы Проекция шектен тыс сезімдер туралы хабардар етеді және оларды зерттеуге, қабылдаушы топтың қауіпсіз жағдайында осындай сезімдермен жұмыс істеу тәсілдерін табуға мүмкіндік береді.
Қарым-қатынас «топ», «ұжым» деген ұғымдармен тікелей байланысып жатады. Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат-мұратына жете алмайды, сондықтан ол ылғи да басқалармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс. Мұндайда адам ылғи да топпен бірге өмір сүретіні белгілі. Ал, топтың сан алуан түрлері бар. Мәселен, мұның бірі - нақты (реалды) топтар. Бұл - ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт ішінде, бір-бірімен қоян-қолтық араласып, іс-әрекетке түсетіндер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz