Қалибек Деріпсалдиннің өмірбаяны



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Қалибек Деріпсалдиннің өмірбаяны мен шығармашылық жолы ... ... ... ...4
1.1 Қалибек Деріпсалдиннің өмірбаяны ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Қ.Деріпсалдиннің музыкалық шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 6
2.Қ.Деріпсалдиннің музыкалық шығармашылығындағы туған жер тақырыбы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1.Туған жер тақырыбы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.2. Сазгердің әндер жинағы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Пайдаланылған әдебиетер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Тәрбие және білім бағдарламасының Рухани жаңғыру аясында Отаным-тағдырым апталығы барысында мектепшілік ән байқауы өтті. Сол байқауда Отан, туған жер тақырыбында әр сыныпқа ән айту тапсырылды. Ал біздің музыка пәнінің мұғалімі әндер қайталанбас үшін, жергілікті сазгерлердің туындысын іздеуді ұсынды. Мәліметтерді іздестіру барысында Қалибек Деріпсалдиннің Өрімталдар жыры атты әні бар екендігін білдім. Көпшілік назарына ұсынғанда жергілікті сазгер, әншілердің шығармашылығын біздің оқушылар біле қоймайтындығын анықтадым. Сондықтан бұл кісінің шығармашылығы өзімнің де қызығушылығымды оятты.
Қалибек Деріпсалдин-Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, әнші-композитор. Оның есімі республика жұртшылығына көптен таныс.
Енді өзімнің зерттеу жұмысымның мақсаты мен міндеттеріне тоқталып өтсем:
Мақсаты: Сазгер-әнші Қалибек Деріпсалдиннің музыкалық шығармашылығын зерттеп, өлкеміздің мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесін көрсету.
Міндеттері:
- Қалибек Деріпсалдиннің өмірбаянын зерделеу;
- Қалибек Деріпсалдиннің музыкалық шығармашылығының ерекшеліктерін анықтау;
-Қалибек Деріпсалдиннің туған жер тақырыбына арналғаншығармашылығын зерттеу.
- Сазгердің әндер жинағымен танысып, талдау жасау.
Зерттеу әдістері:Зерттеуде ғылыми айналымға түскен деректерді талдауда- жүйелеу, топтастыру, қорыту, т.б. әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының обьектісі: Қалибек Деріпсалдиннің шығармашылығы.
Жұмыстың құрылымы: жұмыс негізгі бөлімінен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімен тұрады.

1. Қалибек Деріпсалдиннің өмірбаяны мен шығармашылық жолы
1.1 Қалибек Деріпсалдиннің өмірбаяны
Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының халыққа білім беру ісінің үздігіҚалибек Деріпсалдин 1953 жылы қаңтар айының 10-ында Қостанай облысының бұрынғы Батпаққара ауданында (қазіргі Амангелді ауданы) қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Дербісалды Жұмабайұлы колхозда завхоз болып, кейіннен сиыр бағатын бақташы болып істеген. Әкенің балаға берер ең жақсы сыйы - ол тәрбие дейді өмір көрген үлкендер. Дербісалды ақсақал өнерден қаражаяу қалмаған жан. Домбыра шертіп, кейде аяқастынан өлең шумақтарын шығарып жіберетін өнері болған. Сонымен қатар ол қара күштің иесі атанып, белдескен адамның жауырынын жер иіскететін балуан болған кісі. Анасы Мағия Досмағанбетқызы Торғай мен Амангелді аудандарындағы алғаш құрылған колхозаралық филармония мен театр ұжымында әнші болған. Бұл ұжымға Торғай-Қостанай өңірлеріне есімі жақсы таныс халық ақыны Нұрхан Ахметбеков жетекшілік еткен. Осындай өнерлі жанұяда өсіп, өнер тарландарының көзін көрген Қалибек ән әлеміне жалпы өнер деген құдіретке құштар болады.
Қазақта ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің деген сөз бар. Сондай-ақ өмірде көргені мен түйгені көп көреген халқымыз Ақындық, әншілік өнер әкенің қанымен, шешенің сүтімен бітетін қасиет деп жатады. Рас та болар. Бала Қалибек жас шағынан ән мен күйге құштар болып, оның бесігіне бөленіп, санасына сіңіріп өседі. Оның бала күнінде туған анасынан бір елі қалмағаны әуезді әуенге құштарлығын біл - - дірсе керек. Сол кезеңдерді көздері - - мен көргендер Деріпсалдин Қалибектің елді мекендер - - ге техника таңдамай, ол болмағанда ат ар - бамен, қыста ат шанамен қатынап концерт беретін Мағия анасымен бірге жүргенін жыр қылып айтады.
1960 жылы Қалибек Амангелді орта мектебін ойдағыдай аяқтап, 1973 жылы Жамбыл қаласындағы мәдени-ағарту училищесін қызыл дипломмен тәмамдайды. Сазды әуенге бала күнінен ғашық болған Қалибек Деріпсалдин мектеп қабырғасында жүргенде саз аспаптарында шебер ойнады. Әсіресе ол қазақтың киелі қара домбырасында, гармон, баянда және басқа да аспаптарда ойнағанда жұртты ерекше күйге бөлеп, олардың жандарын тебірентіп жіберетін. Сонымен қатар, Қалибек Деріпсалдин мектеп қабырғасында жүргенде өзінің Лениншіл атты алғашқы күйімен республикалық оқушылар байқауында лауреат атанға - нын айта кеткен ләзім.
1970 жылдан бастап Жамбыл облыстық филармонияның Алатау эстрадалық ансамблі құрамында өнер көрсетеді.
1972 жылы Қазақ КСР-нің 50 жылдығын мерекелеу күніне байланысты Жамбыл облысы, Жуалы ауданының Қызғалдақ ансамблі құрамында Мәскеу қаласында өнер көрсетеді.Жалпы Қ.Деріпсалдин, өзінің өнердегі еңбек жолын Торғай филармониясынан бастаған.
1973 жылы Арқалық қаласының Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде ән-күй пәнінен сабақ бере жүріп, Шертер фольклор-этнографиялық ансамблінің құрамында жұмыс істеген.
Аталмыш мектепте Қалибек Деріпсалдиннің жетекшілігімен Балауса ән-би ансамблі, Арқалық қалалық мәдениет бөлімінде Торғай толғауы халық аспаптар ансамблі құрылады.
Сонымен қатар, 1980 жылы Торғай облысының Қима аудандық мәдениет бөлімін басқарып, осында Гүлдәурен халық аспаптар ансамблін құрады. Ансамбль қысқа мерзім аралығында облыстық фестивальдің лауреаты атанды. Осы жылы Қалибек Деріпсалдинге ерен еңбегі үшін, Қазақстан Республикасының халыққа білім беру ісінің үздігі атағы беріледі. Ал 1988жылы Қазақстан Композиторлары VIII съезінің делегаты болып сайланды.
2007 жылы Л.Н Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетіне оқуға түсіп, 2010 жылы Музыкалық білім мамандығын алып шығады.
Жерілікті композитордың отбасына тоқталып өтсем, екі баланың әкесі. Жалғасбек, Мирасбек, Аружан және Нұрдаулет есімді немерелері өсіп келеді.

1.2 Қ.Деріпсалдиннің музыкалық шығармашылығы
Қалибек Деріпсалдин жас сазгер ретінде алғашқы өнер жолын Жамбыл облыстық филармониясының Алатау эстрада ансамблінен бастайды. Сол кезде атағы дүрілдеп бүкіл одаққа танылған өнер ұжымында қызмет істеу жас Қалибекке көрсетілген үлкен құрмет еді. Осы құрмет оны 1972 жылы Мәскеу қаласында Қазақ ССР-інің құрылғанына 50 жыл мерекесі құрметіне облыстық Жуалы аудандық Қызғалдақ халықтық ансамблінің құрамында өнер көрсетуіне жетеледі. Ол әсем әндерімен жаныңды тербететін шебер орындаушы ғана емес, өзі жазған сазды әуенімен көңіл күйіңді көкке көтеретін сырлы сазгер.
1970 жылдан бастап Жамбыл облыстық филармонияның Алатау эстрадалық ансамблі құрамында өнер көрсетеді.
1973 жылы Арқалық қаласының Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде ән-күй пәнінен сабақ бере жүріп, Шертер фольклор-этнографиялық ансамблінің құрамында жұмыс істеген.
Аталмыш мектепте Қалибек Деріпсалдиннің жетекшілігімен Балауса ән-би ансамблі, Арқалық қалалық мәдениет бөлімінде Торғай толғауы халық аспаптар ансамблі құрылады.
Сонымен қатар, 1980 жылы Торғай облысының Қима аудандық мәдениет бөлімін басқарып, осында Гүлдәурен халық аспаптар ансамблін құрады. Ансамбль қысқа мерзім аралығында облыстық фестивальдің лауреаты атанды. Осы жылы Қалибек Деріпсалдинге ерен еңбегі үшін, Қазақстан Республикасының халыққа білім беру ісінің үздігі атағы беріледі.
Қалибек Деріпсалдин 1982 жылы Аманкелді аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарып, осы жерде Торғай толқыны халық аспаптар ансамблін құрады.Ансамбль республикада ғана емес, шет елдерде де танымал болды. Осы уақытта Аманкелді ауданының Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте Көктем гүлі атты ән-би ансамблін құрады. Ансамбль қысқа мерзім аралығында аудандық және облыстық байқаулардың лауреаты атағын алып та үлгерді.
1984 жылы Алматы қаласында өткен Кенен Әзірбаевтың 100 жылдығын мерекелеу күніне арналған қыл қобызшылар сайысында республиканың 19 қобызшысы арасында 1-орынды иеленді.
Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы дейді халық даналығы. Мен танымал әншімін, сазгермін деп сыздауды білмейтін Қалибек өзін өнерге, адамгершілікке, музыка аспаптарының тілін терең меңгеруге үйреткен ұстазы, белгілі музыкант Аманбай Мұқышев ағайын аузынан бір тастамайды. Айт - са айтқандай, шынында да осы кісі Қалибек - - Деріпсалдинніңән айту өнерін шыңдап қана қой - - - - май, оның әуезді әуен, әсем әндер шы - - - - - - - ға - ру қа - бі - летінің оянуына үлкен ық - пал ет - - - - - - кен ұлағатты ұстаз. Сондықтан Қалибек - жүрген ортасында Аманбай Мұқышев ағайын өнердегі мықты темірқа - зы - ғы еке - нін мақтанышпен айтып жүре - ді.
Ал енді, Қ.Деріпсалдиннің кәсіби өнердегі ұстаздары: композитор Бақытжан Байқадамов,күйші-композитор Нұрғиса Тілендиев, ақын композитор Әсет Бейсеуовты атауға болады.
Музыкалық шығармашылықпен айналысып жүріп, Қ.Деріпсалдинкөптеген шәкірттер тәрбиелейді. Олар: Жанат Темирова,Азамат Мұқатов,Жарқынбек Деріпсалдин т.б.
Сонымен, Қалибек - Деріпсалдинніңөмірдегі еңбек жолына те - реңірек үңіл - сек, оның 1973 жылы туған өңірі Торғай облысына оралып, Арқалық қаласының Ш.Уәлиханов атындағы ор - та мектепте ән сабағының оқытушысы болып жұмыс істегенін көреміз. Жоғарыда айтып кеткендей, ұстаздықтан қол үзбей, ол сонымен қатар қалалық Шертер фольклорлық-этнографиялық ансамблінің құрамында қызмет істейді. Мектепте Балауса ән-би ансамблін құрады. Арқалық қалалық мәдениет бөлімінің жанынан Торғай толғауы атты халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етеді. Ұстаздық жолындағы істеген еңбегі зая кетпеді. Оған Қазақ ССР-інің оқу-ағарту ісінің озық қызметкері атағы беріледі. Нағыз елжанды азамат, сазгер-әнші, өнер қайраткері Қима аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып істеген жылдары (1980-1982) Гүлдәурен, туып-өскен жері Амангелді ауданында істеген жылдары (1982-1987) аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі бола жүріп, Торғай толқыны атты халық аспаптар ансамблін құрады. Осылай оның бастамасымен құрылған өнер ұжымдарында Торғай өңіріне танымал таланттар тоғысып, бұл ұжымдар облыс және республика көлеміне кеңінен танымал халық аспаптар ансамбльдеріне айналды. Бұл Қалибек Деріпсалдиннің шығармашылығындағы және өнер жолындағы ауыз толтырып айтатын жетістігі еді. Осындай игі істерімен көзге көрінген ол 1988 жылы Қазақстан композиторларының VІІІ съезіне делегат болып сайланды. Осы съезд өткеннен кейін оның Алматы қаласында Ш.Қалдаяқов атындағы концерт залында тұңғыш жеке шығармашылық кеші өтеді. ҚалибекДеріпсалдинніңқалың тыңдармандары бұл кешті оның танымал қазақ композиторларының алдында берген есебі деп санады. Сол жолы қазақ музыка өнерінің небір саңлақтары торғайлық өнерпаздың талантына тәнті болып, оның шын мәнінде композитор екеніне көздерін жеткізеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдегі қазақ әдебиеті және әдеби байланыс
Ахмет Байтұрсынов өмірі туралы
Әдеби байланыс: Х.Оралтай және Қ.Шабданұлы шығармалары
Қаныш Имантайұлы Сәтпаев-қазақтың ұлы данасы
Әдеби байланыс. Хасен Оралтай және Қажығұмар Шабданұлы
Рамазан Елебаевтың Жас қазақ әнін зерттеу
Мемлекеттік тапсырыспен және тапсырыстан тыс шыққан кітаптар
Әдеби байланыс Хасен Оралтай және Қажығұмар Шабданұлы шығармашылығы
Қаһарман Қалибек
XX ғасырдағы қазақ мәдениеті
Пәндер